«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама



жүктеу 71.19 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі71.19 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурсқа хабарлама
«Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, 070019, Өскемен қ., Бурова к., 63, анықтама телефоны: 8-(7232)-24-08-21, e-mail:d.kirpb.vko@mid.gov.kz «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) С-О-5 санаты – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, өкімдерін, кіріс құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын және кешенді бағдарламаларын әзірлеу және орындау. Өнеркәсіп саласының бақыланатын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: геология, таукен өндіріс өнеркәсіптігі, құрылыс, металлургия, пайдалы қазбаларды байыту саласында техникалық білім.

2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) С-О-5 санаты – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, өкімдерін, кіріс құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын және кешенді бағдарламаларын әзірлеу және орындау. Өнеркәсіп саласының бақыланатын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: таукен өндіріс өнеркәсіптігі, маркшейдерлік іс саласында техникалық білім

3. Салааралық қадағалау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы, (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне) С-О-5 санаты – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылауды қамтамасыз ету. Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, өкімдерін, кіріс құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын және кешенді бағдарламаларын әзірлеу және орындау. Өнеркәсіп саласының бақыланатын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы білім: құрылыс, таукен ісі, энергетика, пайдалы қазбаларды байыту, механика, геодезия мен картография, сумен жабдықтау, суды бұру және су ресурстарын қорғау, көтергіш – транспорттық машиналар мен жабдықтар, ақпараттық жүйелер саласында техникалық білім.

4. Тау-кен техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83282 теңгеден 112430 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Жоғары тұрған органның тапсырмаларын, басшылықтың бұйрықтарын, тапсырмаларын, өкімдерін, кіріс құжаттардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс жоспарларын және кешенді бағдарламаларын әзірлеу және орындау. Өнеркәсіп саласының бақыланатын қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау қызметін жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: таукен ісі немесе таукен электромеханика немесе маркшейдерлік іс немесе пайдалы қазбаларды байыту саласында техникалық білім.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптары;

3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары;

5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде Өскемен қаласы, Буров көшесі 63, мекен – жайына ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ -де өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Жұмыстың айқындылығын қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссиясының отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. 

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Жалпы конкурс "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы №12 бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет