«Б» корпусыныѕ бос жјне уаќытша бос мемлекеттік јкімшілік лауазымдарєа орналасуєа жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру



жүктеу 74.58 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі74.58 Kb.
түріКонкурс





№ исх: 16-01-15/255 от: 29.06.2017

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

    


Жұмыс уақыты: сағат 09-00- ден 18-30- ға дейін

Түскі үзіліс: сағат 13-00- ден 14-30- ға дейін

Еңбек ақысы:


Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

С-О-5

83 282

112 431

I. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

160012, Шымкент қаласы, Н.Төреқұлов көшесі, №712 үй, телефон/факс: 8(7252) 41-30-97, 41-32-87, электрондық пошта мекен-жайы: z.suleimenova@mz.gov.kz

  1. Бас маман, С-О-5 санаты, 5 бірлік.

Функционалдық міндеттері:

Өз құзырлығы шегінде дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Өз құзырлығы шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттардың сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының аумағына дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы кіргізуге қорытындылар (рұқсат құжаттарын) беру, ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар бағасын мемлекеттік реттеуге қатысу, дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласында, сонымен қатар денсаулық сақтау саласында есіртік құралдарының, психотропты заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау, дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау, Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік құралдар мен медициналық сипаттағы бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалауға мемелекеттік бақылау жасау, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік құралдардың тиімді қолданылуына бақылау жасау, денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың қолданылуына бақылау жасау, Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік құралдардың, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың кіргізілуін (шығарылуын) келісу, фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру туралы куәлік беру, биологиялық белсенді заттардың, медициналық сипаттағы бұйымдардың клиникалық алды (клиникалық емес) зерттеуін жүргізу құқығына сынақ зертханаларын аккредиттеуге қатысу, дәрілік құралдар, медициналық сипаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қауіпсіздігі мен сапасын сараптау және бағалау бойынша монополиялық қызметті жүзеге асыратын сынақ зертханаларын аккредиттеуге қатысу, тиісті фарматевтикалық тәжірибелерге сәйкестігіне фармацевтикалық тексеру жүргізуге қатысу, дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға қатысу, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексімен белгіленген тәртіпте әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғау, Заңнамамен белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік қызметтерді қарастыру, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметтің жеке түрін тоқтату бойынша шаралар қолдану.



Қазақстан Республикасының заңнамасында қаралған басқа функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім;

- денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласы бойынша (фармация)


Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).


Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін 7 жұмыс күні ішінде).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.



Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмелерін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) әңгімелесу басталғанға дейін құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет