Б. М. Мырзабаева (қолы) (аты-жөні)



жүктеу 2.21 Mb.
бет11/14
Дата29.08.2018
өлшемі2.21 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырыбы: Тәуелсiз Қазақстан Республикасының даму бағыттары.

Дәрістің мазмұны:

1.Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тартылуы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңының қабылдануы.

3.Жаңа Конституцияның қабылдануы.

4.Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.
1.Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының тартылуы.

Тәуелсiз мемлекет, егемендi ел болуымен байланысты Қазақстан Республикасы алдына Азия, Тынық мұхит аймағы, Европа елдерi және АҚШ-пен халықаралық байланыста өрiстету жаңа тұрғыдан қойыла бастады. Шет мемлекеттермен байланыс екi жақтыңда экономикалық тиiмдiлiк мүддесiн ескеруге және мемлекеттiк бақылаудың негiзiнде iске асырылуы қажет болды. Бұл бағытта ескi “Жiбек жолының” маңызы өте зор болды. Қазақстан Республикасы дамыған басты капиталистiк мемлекеттер – АҚШ, Жапония, Франция және Англия т.б. мемлекеттермен экономикалық байланысты өркендетуге айрықша көңiл бөлiнуде. Бүгiнгi таңда қазақ-американ мәдени практикумы, АҚШ-пен өзара бiрiгiп құрған кәсiпорындар және бизнес клубтар т.б. жұмыс iстейдi. Экономикалық ынтымақтастық туралы шарттарға iс жүзiнде Шығыс және Батыс Еуропаның барлық мемлекеттерiмен, арабтық Шығыс елдерiмен, Үндiқытаймен, Корей түбегiмен, Түркиямен, Иранмен және Пәкiстанмен қол қойылды. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы шеңберiнде көрсетiлген елдермен ынтымақтастық табысы жүзеге асырылды.

Шетелдік инвестиция тарту жағынан Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ ТМД елдерінің бестігіне тұрақты түрде кірді. Президент инвесторлардың алаңсыз жұмысына жағдай жасайтын жарлыққа қол қойды. Оның өзге елдердегі заңдылықтардан бір мысқыл да кем болмауы қатаң қадағалануда. Алайда маңдайынақазақстандық белгі жапсырылған өз тауарларымызды шетке молынан шығармайынша нарық қыспағынан құлан-таза құтыла алмаймыз. Бір қуанарлығы, өз инвесторларымыз да қазақы намысқа басып, біраз шаруаның тігісін жатқызып, төбе көрсетіп келе жатыр. Сондай қазақ кәсіпкерлерінің алғашқы қарлығашы – Сеймар концерні. 1991 жылы коммерциялық фирманың негізінде құрылған шағын ұжым бірнеше жылдан соң консорциум болып ұйымдасты. Құрамында бірнеше кәсіпорны бар бірегей кәсіпорын «Сеймар-Грейн» фирмасы дәнді дақылдарды, құрама жем мен сортты күріш жармасын экспортқа шығарады. Мұндай көрсеткішке сеймарлықтар қолы қысқа мерзімде жетті. Құдайға шүкір, осындай отандық кәсіпкорындар қатары қазір көбейіп жатыр.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк заңының қабылдануы.

1993 жылғы қаңтардың 28-i Қазақстанның тарихына оның тұңғыш демократиялық Конституциясының туған күнi ретiнде ендi. Ол жаңарған республика халқына, оны мекендейтiн барша жұртқа, олардың бақытты болашағы, келiстi келешегi үшiн бағдар беретiн негiзгi құжат-азат елдiң Ата Заңы.

Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды. Оның құрамдас бөлімі – еліміздің қоғамдық даму ерекшілігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау.

Конституцияның 3-бөлімі мемлекет, оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. 4-бөлімі Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі ұстанымдары:


    • Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық;

    • Халық игілігін көздейтін экономикалық даму;

    • Қазақстандық патриотизм;

    • Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу.

Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының кiрiспесiнде былай делiнген: «Бiз, Қазақстан халқы, дүниежүзiлiк қоғамдастықтың ажырамас бөлiгi бола отырып, қазақ мемлекеттiлiгiнiң бұлжымастығын негiзге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi, өзiмiз үшiн және өз ұрпақтарымыз үшiн лайықты өмiрдi қамтамасыз етудi қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңымыздың алғашқы бөлiмiнде конституциялық құрылыстың негiздерi баяндалған. Онда Қазақстан Республикасы (Қазақстан)-демократиялық, зиялы және бiртұтас мемлекет екендiгi, оның жерiнiң тұтастығы мен бөлiнбейтiндiгi және оған қол сұғуға болмайтындығы жазылған.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң басшылығмен және тiкелей қатысуымен әзiрленген елдiң жаңа Конституциясын қабылдау жөнiндегi республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

3.Жаңа Конституцияның қабылдануы.

Жаңа Конституцияны қабылдауды бiлдiрген 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумның оң қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың дұрыстығын тағы да дәлелдеп бердi.

Заңымызда республиканың экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті құқықтар беретін көкейкесті мәселелерді шешу ескерілді. Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Ерекшеліктері: Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды; Парламент екі палаталы болды: Сенат және Мәжіліс. Депутаттар саны 177-ден 114-ке қысқартылды; Жалпы және төрелік соттар жүйелері біріктірілді. Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді. Олардың қызметіне араласуға жол берілмейді, тек Конституция мен заңға бағынады.

Билік тармақтарына, мемлекеттік лауазым иелеріне конституциялық құқықтарды бұзуға жол берілмейді. Қазақстан мемлекеті ұлтына қарамастан барлық азаматтардың мүддесін қорғайды. Республикада қос азаматтыққа жол берілмейді.

Мемлекет құру iсi-үздiксiз процесс, ол мемлекет қанша өмiр сүрсе, сонша уақыт жүргiзiле бермек. Әлбетте өмiрдiң өзi оған өзгерiстер енгiзудi, соның iшiнде конституциялық өзгерiстер енгiзудi талап етуi ықтимал. Бiрақ бiр мәселенiң басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы өзi өмiр сүрген жылдардың iшiнде өзiнiң өмiршеңдiгi мен тиiмдiлiгiн дәлелдедi, оның басты қағидалары бүгiн де көкейкестi қалпында қалып отыр. «Қазақстан 2030» стратегиясында атап көрсетiлген: «Аса ауыр жағдайларда жинақталған мемлекеттiк құру, саяси және оның дамуы туралы бiлiм-бiлiгiмiз», қазақстандықтардың төзiмдiлiгi мен түсiнушiлiгi бiзге қосымша күш-қуат пен сенiмдiлiк үстейдi.

4.Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.

Елiмiздiң Қарулы Күштерiн құру iсi Президент Н.Ә.Назарбаевтiң есiмiмен тiкелей байланысты екендiгi жақсы мәлiм. “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру туралы” Елбасының 1992 жылғы 7- шi мамырдағы Жарлығы тәуелсiз Қазақстан Қарулы Күштерi құрылысының бастауы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылғы 7 мамырда қол қойған жарлығында:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын басшылыққа алып, қорғаныс саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қажеттігіне сүйеніп, Қарулы Күштер мен шекара әскерлері жайында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына қатысушы – Мемлкеттер басшылары кеңесінің келісімінде қуатталған дербес Қарулы Күштерін жасақтағанын еске алып, қаулы етемін – деді.

Қазақстан Қарулы Күштердi құрумен қатар Елбасшылығы мемлекеттiң әскери қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн саяси-дипломатиялық сипаттағы шараларды жүзеге асырды.

Әскери саясаттың тиiмдi шараларын жасаумен жүзеге асыру аймақтағы қауiпсiздiктi нығайтудың және елiмiздiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң маңызды факторларының бiрi болып табылады.

Қарулы Күштерді және еліміздің басқа да әскери құрылымдарын жауынгерлік қолдануға неғұрлым тиімді дайындауға, күнделікті жауынгерлік даярлықтың үйлестірілген және мақсатты процесін ретке келтіруге, әскери инфра-құрылымды барынша кең пайдалануға мүмкіндік береді. Қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы пайдалануды және бақылауды қамтамасыз ету де аса маңызды болып табылады.

Еліміздің барлық аумағында әуе кеңестігін тиімді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тиісті топтарын өрістету және олардың жауынгерлік кезекшілік жүйесін жетілдіру жүзеге асырылып жатыр.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Қазақстан экономикасына шет елдер инвестицияның тартылуы және оның пайдасы мен зиянын қалай түсінесіз.

  2. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Конституциясының маңыздылығы қандай.

  3. Жаңа Конституцияның қабылдануы.

  4. Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру аумақтық тұтастық пен тәуелсіздіктің кепілі.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. К. Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 257-262 б.б.

  2. Х. Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995 ж. 231-244 б.б.

  3. «Егемен Қазақстан» газеті 1997 ж.

  4. Ч. Мусин «Қазақстан тарихы» А; 2003 ж. 328-356 б.б.


6. Практикалық сабақтың жоспары.



Тақырып

Практикалық сабақтың мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1.

Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан

1. Тас дәуірінің кезеңдері, еңбек құралдары, шаруашылығы.

2. Қола дәуірінің кезеңдері.

3. Қола дәуірінің мәдениттері: Андронов және Беғазы-Дәндібай.


1

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 24-36 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 17-30 б.б.



2.

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.

1. Сақ, сармат тайпаларының орналасқан жері. Саяси тарихы.

2. Қаңлы мемлекеті, оның территориясы.

3. Үйсіндер, оның шығу тегі.

4. Ғұндар.Ұлы қоныс аударуы, саяси тарихы.



2

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 44-77 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер, А; 1994ж. 30-54 б.б.

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 349-361 б.б.


3.

Ерте ортағасырлық мемлекеттер.

1. Түрік қағанатының құрылуы.

2. Түргеш қағанаты. Территориясы, ішкі сыртқы жағдайы.

3. Қарлұқ мемлекеті. Саяси тарихы.

4. Оғыздар. Қоныстануы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

5. Қимақтар. Қимақ қағанатының құрылуы, территориясы.


3

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 91-104 б.б., 112-117 б.б.

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 296-332 б.б.

«Қазақ тарихы» 2004ж. №2 47-53 б.б.


4.

Кейінгі ортағасырлық мемлекеттер.

1. Қарахан мемлекеті, этникалық құрамы, шаруашылығы.

2. Қарақытайлықтар, саяси тарихы.

3. Қыпшақтар. Этникалық құрамы, қонысы.

4. Найман, Керей, Жалайыр ұлыстары. Саяси тарихы.



4

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы»,А;2004ж.

105-112, 118-124 б.б.

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 398-434 б.б.


5.

Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәденитеі.

1. Ұлы Жібек жолы, оның Қазақстандық тармақтары мен бөліктері.

2. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан қалалары.

3. Түркілердің наным-сенімдері.

4. ІХ-ХІІ ғ.ғ. ғалымдар мен ойшылдар, олардың еңбектері.



5

«Қазақстан тарихы» І-ші том. А; 1996ж. 349-361, 454-462 б.б.

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 78-85, 125-144 б.б.

«Қазақ тарихы» 2004ж. №2, 47-53

б.б.


6.

Монғол дәуіріндегі Қазақстан.

1. Монғол мемлекетінің құрылуы, Шыңғысхан.

2. Ұлыстар, территориясы, этникалық құрамы.

3. Ақ Орда, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.

4. Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай Ордасы.



6

Ә.Әбдәкімұлы «қазақстан тарихы» А; 1997ж. 88-92 б.б.

«Қазақ тарихы» 1997ж. №1, 45б.



7.

Қазақ хандығының құрылуы. (XV-XVI ғ.ғ.)

1. Қазақ хандығының құрылуы, Керей мен Жәнібек хандар.

2. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы.

3. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.


7

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 236-251 б.б.

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А,1995 ж. 67-68 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994 ж. 159-162 б.б.


8.

Қазақ-жоңғар қатынастар.

1. Жоңғар хандығының құрылуы және олардың қазақ жеріне басып кіруі.

2. Қазақ жасақтарының құрылуы, олардың азаттық үшін күресі.

3. «Аңырақай», «Қалмақ қырылған» шайқастары.


8

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 281-292 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994 ж. 162-163 б.б.



9.

Қазақстан Ресей мемлекетінің боданы.

1. Қазақстанның Ресей империясының қол астына түсуінің басталуы.

2. Қазақ билеушілерінің Ресей протектаратын қабылдануының тарихи алғы шарттары.

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың патша үкіметімен дипломатиялық байланысы.


9

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» дәріс курсы І, А;2004ж. 292-298 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994 ж. 162-163 б.б.



10.

XVIII ғ-дың орта кезеңіндегі Қазақстанның саяси және экономикалық жағдайы.

1. Қазақстанның Ресей империясы құрамына енуінің нәтижесі қортындысы.

2. Абылай ұстанған ішкі-сыртқы саясат.



10

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 299-308, 320-334 б.б.

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 76-82 б.б.

«Қазақ тарихы» жур. А; 1994 №1.


11.

XVIII ғ-дың екінші жартысындағы Қазақстан.

1. Кіші жүз жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістер.

2. Бөкей хандығының құрылуы.

3. Ресейдің қазақ жеріне жүргізген отаршылдық саясаты.


11

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 335-342 б.б.

Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А;2003ж. 147-155 б.б.



12.

ХХ-ғасырдың басындағы Қазақстан

1. ХХ-ғасырдың басындағы өлкедегі жалпы ахуал.

2. 1905-1907 жылдардағы революциялық оқиғалар.

3. Бірінші Дүниежүзілік соғыс, оның Қазақстанға әсері.

4. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы.

5. Қазақ АКСР-інің құрылуы, ЖЭС-ке көшуі.


12

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 25-37, 376-378 б.б.

«Қазақстан тарихы» очерктер А; 1994 ж. 162-163, 171-173 б.б.



13.

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.

1. Германияның КСРО-ға шабуылы.

2. Брест, Мәскеу, Ленинград, Сталинград үшін шайқаста қазақстандықтардың ерлігі.

3. Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы әскери өнеркәсіптік кешендердің дамуы.


13

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 77-117 б.б.

Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А;2003ж. 252-259 б.б.



14.

1960-1980 жылдардағы Қазақстан.

1. Тың және тыңайған жерлерді игеру, қоғамның саяси өмірі, өнеркәсіптегі жағдай.

2. Әлеуметтік дамудың қайшылықтары мен қиыншылықтары.

3. Шаруашылық реформалар және оның нәтижелері.


14

Х.Маданов «Қазақ халқының арғы-бергі тарихы» А; 1995ж. 188,198, 200 б.б.

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 169-179 б.б.



15.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет.

1. Әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің дағдарысы.

2. Кеңес Одағының ыдырауы.

3. ТМД елдерінің құрылуы.

4. Тіл туралы заңның қабылдануы.

5. Ұлттық валюта тенгенің айналымға енуі, нарықтық экономикаға көшу.


15

К.Аманжолов «Қазақстан тарихы» А; 2004ж. 209-218 б.б.

Ч.Мусин «Қазақстан тарихы» А;2003ж. 328-356 б.б.




7. Пәнді оқытудағы әдістемелік нұсқау.

Практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқау.

1. Тақырыбы: Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан

Мақсаты: Алғашқы қауымдағы адам баласының өсіп-өнуінің, кісілік жолға түсуінің бастапқы сатыларын толығымен меңгеру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

  2. Жебелі садақ пен бумерангтың пайда болған кезеңі.

  3. Орта палеолит дәуірінің ең көне тұрағы.

  4. Келтиминар мәдениетінің хранологиясы.

  5. Андронов мәдениетінің басты ерекшілігі.

  6. Батыс Қазақстандағы Андронов мәденитеінің ескерткіштері.

  7. Қола дәуірінің Орталық Қазақстанда табылған қоныстары.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стөл. Дәрісте семинар сабағында қаралған сұрақтар бойынша ашық әңгіме ұйымдастыру.

  1. Тақырыбы: Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.

Мақсаты: Қазақстанды мекендеген тайпалардың темірді ашу, оны кеңінен қолдану кезеңдерін ашып көрсету.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ерте сармат дәуірінің хранологиясын ата.

  2. Полихромдық стильдің жасалу техникасын ажырат.

  3. Темір дәуірінде Орталық Қазақстанда мекендеген тайпалар.

  4. Аңдық стильді қалай түсінесің.

  5. Оңтүстік Қазақстанда таралған темір дәуірінің мәдениеті.

  6. Сақ тайпаларының Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде табылған қоныстары.

Әдістемелік нұсқау: Оқылған дәріс бойынша жарыс сөз ұйымдастыру. Көрнекті құралдарды пайдалану арқылы студенттердің ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Тақырыбы: Ерте ортағасырлық мемлекеттер.

Мақсаты: V-VI ғасырларда Қазақстан территориясында өмір сүрген феодалдық мемлекеттердің қалыптасуының алғы шарттарымен таныстыру және әр мемлекетке тереңірек тоқталу.

Негізгі сұрақтары:

  1. Батыс Түрік қағанатын билеген түріктің шыққан тайпасы.

  2. Қарлұқ бірлестігінің билеушісінің титулы.

  3. Түркілердің тегі туралы деректер мен зерттеулер.

  4. Түркеш мемлекетінің құрылуы, саяси тарихы.

Әдістемелік нұсқау: Оқылған дәріс бойынша жарыс сөз ұйымдастыру. Әр студенттің жеке ойын тыңдау, оған сараптама беру.

4. Тақырыбы: Кейінгі ортағасырлық мемлекеттер.

Мақсаты: Ортағасырлық мемлекеттер туралы мәліметтер бере отырып, студенттердің өз беттерінше дайындалу қабілеттіліктерін арттыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хранологиясы.

  2. Қарлұқтар құрамында болған 9 тайпаны ата.

  3. Қарахан мемлекетінің 2-ге бөлінуінің себебі.

  4. Қарахан хандығында қабылданған діннің түрі.

  5. Қыпшақ мемлекетінің араб деректеріндегі атауы.

  6. Керей мемлекетінің құлауына әсер еткен тарихи жағдай.

Әдістемелік нұсқау: Берілген тақырыптық рефераттар бойынша студенттерді тыңдау, сұрақтар арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту. Екі топқа бөліну арқылы жарыс сөз ұйымдастыру.

5. Тақырыбы: Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстанның экономикасы мен мәденитеі.

Мақсаты: Ұлы Жібек жолының Қазақстандық қалаларға тигізген әсерін, пайдасын, басты сауда көзі болғандығын ұғындыру.

Негізгі сұрақтары:

  1. Ұлы Жібек жолымен алғашқы сауда байланысының жасалған кезеңі.

  2. Нефрид жолын ата.

  3. Исфиджабқа жақын жерден табылған жер асты храмы.

  4. «Қорқыт ата» кітабын тұңғыш зерттеуші ғалым туралы мәлімет.

  5. Руна жазуын тұңғыш оқыған турколог ғалым.

Әдістемелік нұсқау: IX-XII ғасырлар аралығында өмір сүрген ғалымдар туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың ой-өрісін дамытуға бағыт беру.

6. Тақырыбы: Монғол дәуіріндегі Қазақстан.

Мақсаты: Монғол шапқыншылығының Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың өмір сүру деңгейлеріне тигізген ауыр зардасын ашып көрсету.

Негізгі сұрақтары:

  1. Шыңғыс ханның Жетісуға жорық жасаудағы мақсаты.

  2. Қазақстандық монғолдардан қорғанған қалалар туралы мәлімет.

  3. Шыңғыс хан бөліп берген ұлыстар.

  4. Алтын Ордадағы ең жоғарғы атқарушы орган қалай аталады.

Әдістемелік нұсқау: Дөңгелек стол. Үш топқа бөліну арқылы сұрақ-жауап түрінде, берілген тақырып туралы мәліметтер алу.

7. Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы. (XV-XVI ғ.ғ.)

Мақсаты: Қазақстан жерінде құрылған алғашқы қазақ хандығының қазақ елділігін танытудағы алғашқы қадамдары туралы мәліметтер беру арқылы студенттердің ұлттық сезімін ояту.

Негізгі сұрақтары:

  1. Моғолстан ханы Есен-Бұғаның Шу мен Талас бойын қазақ хандығына бөліп берудегі мақсаты неде.

  2. XV ғ. аяғында Қазақ хандығының ұзаққа созылған күресі нәтижесінде, қандай қалалар хандықтың құрамына кірді.

  3. Әбілхайыр ханнан Керей мен Жәнібектің бөлініп шығуының себебі.

  4. Керей мен Жәнібектің хандық құрған кезеңдері, қазақ хандығының территориясы.

Әдістемелік нұсқау: Алдын-ала берілген тақырыптық реферат бойынша студенттердің ой-пікірлерін тыңдау арқылы олардың өзіндік пікірлерін ортаға салу.

8. Тақырыбы: Қазақ-жоңғар қатынастар.

Мақсаты: Қазақ-жоңғар соғысында ерлік көрсеткен қазақ батырлары жайында мәліметтер бере отырып, студенттердің патриоттық сезімін ояту.

Негізгі сұрақтары:

  1. ХVIII ғ. Қазақ хандығына қауіп төндірген кімдер.

  2. 1723 ж. жоңғардың 70 мың әскерін қазақ жеріне бастап әкелген қоңтайшы.

  3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған қазақ өлкесі.

  4. 1726 ж. «Қалмақ қырылған» шайқасы болған жер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет