Б. З. Бюжеева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Аймақтану және әлемдік экономика



жүктеу 96.02 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі96.02 Kb.

Б.З.Бюжеева,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің

Аймақтану және әлемдік экономика

кафедрасының доценті, т.ғ.к.

ХХІ ғасырдың басындағы Қытай экономикасы: дамуы мен болашағы
Әлемдік жаһандану үрдісіне сай ХХІ ғасырдың басында да Қытай елі өз экономикасын дамытуға бар күш-жігерін жұмсады. Экономика саласында етек алған көптеген жағымсыз себептерге қарамастан, Қытайдың жалпы ішкі өнім көлемі ХХІ ғасырдың басында 11,7 трлн. юаньға (+9,1%) жетті. Ел экономикасының дамуында өзіндік шешімін іздеген мәселелер де жеткілікті еді. Алайда, шетелдік қаржы салымына деген қажеттіліктің жылдан жылға арта түсуі, Қытай экономикасының тез қарқынмен дами түсуінің әсері. Шетелдік қаржы салымы шын мәнінде Қытай экономикасының негізгі қозғаушы күшіне айналды.

2003 жылы негізгі қорларға қаржы салымының өсуі 26,7 пайызға жетті, ал өндіріс құралдарына бағалардың артуы 2,2 пайыз болса, таза өсім 24,5 пайызды құрады. 120 мыңнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар құрылды (+11 мың). Жоспарлы қаржы салымының көлемі 3,8 трлн.юаньды (+54,7 пайыз) құрады. 2003 жылдың ортасында қаржы салымының өсімі ең жоғары деңгейге жетіп, 32,8 пайызын құрады [1]. Тек мемлекеттің кейбір шектеулі саясаты салдарынан осы кезде біраз бәсеңдеушілік те байқалған болатын.

Қытай елінің сыртқы саудасы да 2000-2004 жылдар аралығында өте тез қарқынмен өсе түсті. Сыртқы сауда көлемі 851,2 млрд долларды (+37,1 пайыз) құрады. Сыртқа өнім шығару 438,4 млрд доллар (+34,6 пайыз) болса, сырттан өнім әкелу 412,8 млрд долларға (+39,9 пайыз) жеткен еді. Соның негізінде жағымды сауда 25,5 млрд доллар болды. Ғасыр басындағы өнеркәсіп өндірісінің өсімі - кеңею негізінде және ресурстарды пайдаланудың артуы нәтижесінде қамтамасыз етілді. Қытайдың жалпы ішкі өнімі дүниежүзілік жалпы ішкі өнімінің төрт пайызын құрады. Өнеркәсіп өндірісі тез қарқынмен өсуде. Әсіресе, электроника өндірісі мен ақпарат құралдары, тасымалдау құралдары, электроника және аппараттар жинағы, металлургия мен химиялық өнеркәсіп салаларында өндіріс тез қарқынмен дамыды. Ал қызмет көрсету саласы салыстырмалы түрде баяу жетілуде.

Бірқатар салалардың тиімсіз тез дамуы орын алуда. Ол негізінен металлургия өнімі, алюминий және цемент өндірісіне қатысты. Осы бағыттар бойынша Қытай әлемде көшбасшы орнын алуда, бірақ оларды өндіру құрылымы тиімсіз, өндірістік қуаттар болжамалы сұраныстан асып өсті, сапа мәселесі, энерго-шығындар және қоршаған ортаның ластану мәселелері әлі шешімін тосуда. Энергоресурстар мен тасымалдау салаларында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болмауы байқалды. Соған орай экономика құрылымының реформасы іске асуда; экономиканың өмір сүру мүмкіндіктері де өсуде: 46 мың км жаңа тас жолдары салынды, 1164 км жаңа темір жолдар пайдалануда; экономиканың мемлекеттік емес секторларының дамытуға салынған қаржы салымдар (ұйымдық және жеке) 22,9 пайызға өсті.

Елдің батыс бөлігін пайдалану белсенді түрде жүзеге асуда; елдің солтүстік шығыс ескі индустриалды базасын жаңғырту стратегиясы іске қосылды. Батыс аудандарындағы 3,37 млн. га жер егін салуға қайтарылды; 3,77 млн. га орман қоры қайта жанданды, 6,67 га көлемі бар жерлерді құмға айналдырмау үшін жұмыстар басталды, батыстан шығысқа қарай 8 млн кв электр энергиясының көшірілуінің қуаты көбейтілді; 4200 жаңа тас жолдары салынды; 8,6 млн шаруа жанұяларымен сумен қамтамасыз ету шаралары жақсартылды; 30 мың шаруа жанұялары газды пайдалана бастады [2].

Белсенді түрде ғылыми, техника, білім, денсаулық сақтау және тағы басқа қоғамның әлеуметтік өмірінің жақтары дамыды. Қоршаған ортаны қорғау дамудың жаңа қарқынына ие болды. Яғни, белгіленген реформа мүмкіндігінше жоспарлы түрде жүзеге асуда. Сыртелдермен байланысты нығайту үшін ашық есік саясаты кеңінен жұмыс жасауда. Мемлекеттік кеңестің құрамының өзгерісі қолға алынып, төменгі деңгейдегі құрылымдық өзгерістер тұрақты түрде жүргізілуде.

ХХІ ғасырдың басындағы Қытай экономикасының дамуы жеткен жетістіктермен ғана шектелмей, әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстардың нәтижелі болуына үлкен мән беруде. Сол ретте, Қытай үкіметі болашақ дамудың негізгі міндеттерін айқындады:

1) шаруашылықтағы төменгі құн көлемін көтеруге бағытталған бірқатар кешенді іс-шараларды ұйымдастыру, негізгі астық дақылдарын өндіру саласын күшейтіп, оны сақтау; шаруалардың бір жылғы төменгі құн деңгейін 5 пайызға көтеру. Ауыл шаруашылығының өндірісінде ғылыми зерттемелер мен технологияларды кең қолдану; ауылдарда ауылшаруашылық емес өндірістерді дамыту. Ауылшаруашылығындағы экономикалық біліктілікті дамыту, «тамақ өнімдерінің қоғамдық қауіпсіздігі жоспарынң тәжірибеде іске асыру. Ауылдардағы кәсіпорындардың реформаларын белсенді түрде жүргізу, кіші қалалар мен ауылдарды, уездерді дамыту. Үкіметтің қолдауымен өтетін ауылдағы құрылыстар бойынша арнайы төлемдермен қамтамасыз ету. Ауылда салық реформасын кеңейту: ауылшаруашылық өндірістерінде салықты азайту, арнайы салықтарды жою, тек темекі жапырақтарын өндірісін ғана қалдыру керек. Ауылшаруашылығына бейімделген жерлердің ауыл шаруашылық емес жерлерге көшіру жоспарларын қатаң түрде бақылауды ұйымдастыру керек.

2) мемлекеттік қаржылық қарыз міндеттерін тиімді түрде пайдалану: бөлінген қаражат экономика құрылымын жақсартуға бағытталсын. Макроэкономикалық саясатының тұрақтылығын, тәртібін сақтау керек; ішкі сұранысты қолдайтын қаржы көмегінің бағытын сақтау қажет және экономикалық өрлеуге мүдделікті арттыру.

- Қаржы салымының негізгі бағыттары: ауыршаруашылық өндірісін дамытуға, ауылдағы ауылшаруашылық өндірісінің базаларын құруға бағытталған жоспарларды іске асыруға; қала мен ауылдың дамуын қамтамасыз ету болсын.

- Әлеуметтік даму шараларына қатысты жалпыға бірдей денсаулық сақтауды, білім беру жүйесін қаржыландыруды көбейту; үйлестірілген экономикалық және әлеуметтік дамуды қамтамасыз ету, елдің батыс бөлігін дамытуды және елдің солтүстік-шығысындағы ескі индустриялық базаны қолдау; аймақтардың үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету; қоршаған ортамен экологияны қорғау және қолдау; адам және табиғаттың тепе-тең түрде дамуын бақылау.

- Цинхай-Тибет темір жолының негізгі тармағының құрылысын аяқтау, қосымша тармақтың 647 км-дегі құрылысын іске асыру, оңтүстік өзендерін солтүстікке қарай көшіру жоспары бойынша жұмыстарды тездету; уәделенген мерзім ішінде басталған құрылысты аяқтау, олардың сапасын, жылдамдығын бақылау. Сонымен бірге батыстың газын елдің шығысына қарай тасымалдауды жүзеге асыру керек; батыстың электр энергиясын шығысқа қарай 8,2 млн. квт-қа дейін энергетикалық қуатын күшейту.

3) өндіріс құрылымын реформалау; тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Индустриализацияның жаңа міндеттеріне сәйкес өндіріс құрал-саймандарын жақсарту негізге алынсын. Темір жол арқылы ақпараттарды тасымалдауды жақсарту, экологиялық түрде таза құрал-жабдықтарды өндіру керек, жанармайды пайдаланатын газ құбырларын өндіру керек және гидростанциялар үшін ірі көлемді құрал жабдықты өндіру керек.

Таскөмір өндірісінің ірі базасын құруды тездету керек; көмірмен қамтамасыз етуді көбейту керек; электрлік байланыстардың құрылысын жалғастыру керек. Энергетикалық байланыс құрылысы жұмыстарын күшейтіп кепілденген қауіпсіз электроэнергиямен қамтамасыз ету қажет. Мұнай мен мұнай өнімдерінің өндіруі мен сырттан тасымалдауын жеделдетуге көңіл бөлу, мұнайдың мемлекеттік стратегиялық қорларының құрылуын тездету керек. Нарықтық заңдылықтарға сәйкес тас көмір, электроэнергия мұнай және тағы басқа ресурстардың ұсынысы мен сұранысының ара-қатынасын қамтамасыз ету қажет.

4) ел тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсартып, талаптарын іске асыру керек. Қаржы саясатының іске асуын жалғастыру, несие ресурстарымен қолдау көрсету керек. Тұрғындардың қолдарының бос болмауына өндірістің барлық ауыр салаларын жаңғырту керек, қызмет, транспорт, саяхат индустриясының дамуын жетілдіру, сауда, қоғамдық тамақтану, транспорт сияқты салаларды жақсартуға тиіспіз. Сонымен бірге денсаулық сақтау, қалалардың қоршаған ортаның дамуын жақсартып, демалыс орындарының, саяхат, білім, біліктілікті жоғарлату, мәдениет, дене шынықтыру, информатика т.б. салалардың дамуын тездету қажет. Қолдың бос болмауын қызмет көрсету салаларында жүзеге асырып, жұмыстан айырылған тұлғаларын біліктілігін қайта құру және білімінің сапалы болуын ұйымдастыру керек, мамандылық бағытын таңдауға көмектесу қажет. Жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа қабылдауын ұйымдастыру керек. Сұраныстың саласын және құрлымын дамыту керек, ауылшаруашылық өнімдерінің тауар айналымын жоғарлатуға қатысты іс-шарлар ұйымдастыру, коммерциялық байланысты нығайту. Төменгі және орташа бағамен әкелінетін күнделікті тауар тасымалын жақсарту керек.

5) қаржы өнімдерін жоғарылатып, шығындарды азайту, қаржы жүйесін тұрақтандыру. Салық жинауды күшейту; қаржы шығындарын бақылау.

Ақша саясатын дұрыс қолдану, несие беру мөлшерін бақылау, несие беру құрылымын өзгерту, коммерциялық банктердің құрылым реформаларын тездету; қор нарығының дамуын жетілдіру, қаржыны бақылауды күшейту, қаржы дағдарыстарында тұрақтылықты қамтамасыз ету, юаньның алмастыру бағамының жүйесін жаңартып отыру, оны дұрыс деңгейдегі бағаммен сақтай отырып жүзеге асыру керек.

6) аймақтардың экономикалық дамуын жүзеге асыру, елдің батыс бөлігін дамыту саясатын іске асыру; көпмерзімді ірі көлемді жобалар мен кіші көлемді жобалардың батыс бөліктегі арақатынасын орнату; уездер арасындағы жол құрылыстарына қаржы салымын салуды тездету; адамдар және жануарлар үшін ауыз су мәселесін шешу; аэротұрақтардың елдің батыс бөліктеріндегі құрылыстарын тездету; батыс бөліктері үшін мамандар даярлау.

Елдің солтүстік-шығыс бөлігінің ескі индустриалды тірегін қайта салу стратегиясын жүргізу; болат, автокөлік жасау, мұнай, химия салаларын дамыту; елдің шығыс бөлігіндегі халықаралық нарықтағы өз бәсекелестік мүмкіндіктерін өндірістің технологиялық деңгейін жақсарту арқылы жоғары деңгейге жеткізу.

7) сыртқы сауданың өсуін, шетелдік қаржысалымын дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету. Көпжақты нарықты дамыту стратегиясына сәйкес өнімді сыртқа шығаруды ұлғайтып, маңыздылығын арттыру керек, өнімді сыртқа шығару кезіндегі салықты қайтару тәсілдерін жаңарту, маңызды тауарлар мен технологияларды сырттан әкелуді ұйымдастыру, барлық кәсіпорындар үшін өзіндік сыртқы сауданы жүзеге асыру керек.

Ішкі дамуды және сыртқы сауданы бірлесіп іске асыру, шетелдік қаржы салымдарының тартылуын бағалау, әсіресе жоғары сапалы технологияларды әкелетін кезде; тәжірибесі, қуаты бар мамандарды тарту; өнімді сыртқа шығаруға бағытталған кәсіпорындардың құрылуын бағалау; Қытай шеңберіне сәйкес барлық шекаралас елдермен экономикалық қауымдастықты күшейту.

8) ұзақмерзімді даму стратегиясын, қалай да іске асыру, сол арқылы үйлестірілген экономикалық және әлеуметтік, адамдар мен табиғат ресурстарына сәйкес дамуды қамтамасыз ету; сонымен бірге экономикалық мәселелерді шешу. Ірі қалалардың және ауылдардың ластануын алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізу керек; экологиялық таза электроэнергияны енгізу қажет. Суды үнемдеу, электроэнергияны үнемдеу мәселелерін енгізу; экономикалық технологияларды енгізу. Әсіресе, келесі аталатын ресурстарды үнемдеуді іске асыру керек; қара металлургия, түсті металлургия, электроэнергетика, мұнай химиясы, құрылыс материалдарын өндіру, қағаз өндіру. Үкіметтің бала туу саясатын ұстану, бала туу деңгейін төмендету, тұрғындардың өмір деңгейін көтеру.

Ғылыми-техникалық тәрбиені жалғастыру, қоғамның көпжақты дамуын қолдау. Басты ғылыми зерттемелерді және жоғары технологиялардың зерттемесін күшейту; ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізуге мүдделікті арттыру.

Экономикалық реформа саласы бойынша: экономикадағы дағдарыстарды шешу үшін жоспарланған жетістіктерге жету; экономикалық жүйе реформасын жүзеге асыру тұжырымдамасының жұмыстарын тездету; билік жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастыру, мемлекеттік кәсіпорындардың акциялау жүйесін реформалау; компаниялар мен ірі компанияларға дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке түсу мүмкіндігіне қарай қолдау көрсету; электроэнергетикадағы реформа тәсілдерін жаңарту, сонымен қатар электробайланыс, азаматтық әуе қызметін, пошта байланысын реформалау, темір жол тасымалы саласындағы реформа жобасын құру; нарықтық механизмдерді су, газбен қамтамасыз ету үрдісін тездету.

Ұжымдық экономиканың көпжақты түрлерін дамыту; экономикалық қоғамдық емес түрлерінің дамуын қолдау және түзету; экономикалық, қоғамдық емес түрлерінің нарықтық қатынастарға ену жағдайларын жасау, қаржы салу, салық, жер пайдалану бойынша сыртқы саудаға қатысу; әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуын тездету.

Қаржы саласында реформа жүргізу; қаржы нарығын дамыту, тікелей қаржы салу салмағын көтеру; Қытай Банкі және Қытайдың құрылыс Банкінің акциялануын іске асыру және ауылдық несие кооперативтерінің реформаларын жалғастыру; кәсіпорындардың қарыздық міндеттерін басқаруды жақсарту.

Қаржы салу жүйесін реформалау; қаржы салымдарының көлемін тиімді деңгейде ұстау; мемлекеттің қатысуымен қаржы салымын салу объектілері бойынша олардың дұрыс бағытының деңгейін көтеру, шешім қабылдаудағы жан-жақтылығы мен оларды іске асырудағы жауапкершілік жүйесін анықтау.

Баға құру жүйесін жаңартып отыру, электроэнергиядағы бағаны құрудағы болатын шиеленістердің алдын алу; азаматтық әуе қызметінде бағаны құру реформасын жүргізу; дәрі-дәрмектердің бағасын түсіру; суға деген баға реформасын жүргізу; суды үнемдеу қағидасын және оны реформалауда барлық әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерін негізге алуға болады.

Бидай мен мақта айналым жүйесінің реформасын жалғастыру; мемлекеттің кәсіпорындардан бидай өнімдерін сатып алу тәсілдерінң реформасын тездету.

Әлеуметтік қорғаныс пен кепілдік жүйесін жақсарту, Ляонин провинциясындағы өткен тәжірибені жалпыға жариялау және оны тағы 2 провинцияға, Хэйлунцзян және Цзилинге тарату. Кәрілік бойынша сақтандыру жүйесінің жаңартылуын жалғастыру; еңбек мүгедектері мен нәрестелерді сақтандыру жүйесін енгізу. Барлық жағдайларға ие аймақтарда өмір сүру деңгейі төмен ауылдар үшін кепілдікті беру жүйесін құруды бастау.

Нарықтық жүйені бақылау жүйесін жаңарту; сапалы бақылау жүйесін жақсарту; сапасыз тауарлар, контрабандалық тауарлар және шекарадағы контрабандамен және де адам өміріне, денсаулығына қауіпті тауарлармен күресті күшейту; ауылдық жерлердегі жағдайды бақылауды, сонымен бірге оқу, электроэнергия бағаларын бақылауды орнату, өндірістегі қауіпсіздік техникасын қолдануды күшейту; ғылым жүйесін реформалауды жалғастыру негізгі қытайлық қағидаға айналған болатын.

Қытай елінің алға қойған мақсаттары шын мәнінде жүзеге асуда, оған Қытайдың экономика саласындағы жылдан-жылға жетіп жатқан жетістіктері куә. Ең бастысы болашақ дамуда өмірдің еш қыр-сыры үкімет бағдарынан шет қалмай мүмкіндігінше жан-жақты қамтылуы халықтың келешекке деген сенімділігін арттыра түскен.


---------------------------------------

1.Wong S.L., Dr. Sun W.B. The characterіstіcs of entrepreneurs іn Hong Kong and maіnland Chіna: a comparatіve study. Block Grant Earmarked for Search, -July 2006.-Р.23.

2. Sun W.B., Fong M.H.W., (eds.), PRC 2000 Economіcs Blue Book (Englіsh edіtіon). -Hong Kong, Centre of Asіan Studіes, The Unіversіty of Hong Kong. -2001.-Р. 508.
* * *

В статье автор показывает экономический рост в КНР в начале XXI века. Рассматривается перспективные направления социально-экономической реформы для обеспечение стабильного экономического роста и избрание путей преодоление экологических и ряд очень острых проблем.


* * *
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет