Қарағандыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевқа қатысты сот басталды. Іс бұзақылық бабы бойынша қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынды (күдікті Нұрболат Дәкебаев)

Зардап шеккен азамат моральдық және материалдық шығынды өтеуге 5 миллион талап етіп азаматтық арыз түсірген.

Оқиға қаңтар айының аяғында болды. 36 жастағы Нұрболат Дәкебаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты. Шақыртуға келген бригаданың көлігі подьездің алдын көлегейлеп, жүргіншілер жолын жауып тастаған. Ескерту жасамақ болған жүргізуші қөліктен шығып, күдіктімен дауласқан көрінеді. Ақыры таяқ жеп жатқанын фельдшер тастапаға түсіріп алыпты. Аталған видео желіге тараған соң, күдікті бой тасалаған.

Бірнеше күннен кейін қыстақтан ұсталған соң, жүргізуші оны кешіретінін мәлімдеген. Күдікті тергеу мен сот кезінде тергеу абақтысында болады. Ал зардап шеккен жүргізуші алған жарақаттары ауыр екенін растау үшін қосымша сараптама жүргізуді сұрап отыр. Сонымен қатар моральдық және материалдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп, адвокат та жалдаған.

"Бейнежазбада Нұрболатты кешірем дегені оның жеке шаруасы, ол адам ретінде рухани тұрғыда кешірдім дегені. Ал денсаулығына келген залалды өтеу — бөлек әңгіме. Оның мұрнына екінші рет ота жасалады. Яғни соққы өте ауыр болған”, – дейді адвокат Бағдат Хасенов. 

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. Кейіннен күдікті ұсталып, екі айға қамауға алынған болатын.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.