Журналистер қаржы министрі Мади Такиевтен егер елтаңбаны өзгерту туралы шешім қабылданса оған қанша ақша кететінін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Тілшілер мұндай сұрақты үкімет отырысынан кейінгі брифингте қойды. 

“Елтаңбаны ауыстыру біраз уақыттан бері талқыланып жатқанын білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда осы мәселені талқылауды ұсынды. Ол қоғам оны қолдаса ары қарай талқылау керегін айтты. Осы мақсатта арнайы комиссия құрылып, мәселені егжей-тегжейлі қарастырады. Оң шешім қабылданса шығындарға қатысты басқа сұрақтарды сол кезде қараймыз”, — деп жауап берді Такиев. 

  • "Мақта өңдеп, зауыт-фабрика ашайық": Жазира Байырбекова елтаңбаны алмастыру туралы ойын бөлісті
  • Қазақстанда мемлекеттік туды балкондар мен үй-жайларға ілуге ​​рұқсат етілмек

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайда елтаңбаны өзгерту мәселесін қарауды ұсынған еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.