Баѓдарламаныњ маќсаты: білім берудіњ жања дењгейлерініњ єр кезењде кµшуіне жаѓдай жасау, жања аќпараттыќ технологияларды енгізе отырып, оныњ тиімділігі мен сапасын арттыру



жүктеу 80.11 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі80.11 Kb.
түріБағдарламасы


41 орта жалпы білім беретін мектеп


БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры:

Ихсанова В.Қ.

2008-2011 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру

БАҒДАРЛАМАСЫ

Орал. 2009.

1. Бағдарламаның төлқұжаты:


    1. Бағдарлама жетекшілері: Мектеп директоры – Ихсанова В.Қ.

    2. Бағдарламаны жасақтағандар: №41 орта жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдері.

    3. АКТ-ны оқу-тәрбие процесіне енгізу

  • Электронды құжаттар айналымы жүйесі енгізіледі.

  • Материалды-техникалық және ақпараттық бағдарламаны жаңартудағы бағдарламаның әзірлігі тексеріледі.

  • Мультимедиялық кластар ұйымдастырылады.

  • Ақпараттандыру үрдісінде оқу-әдістемелік әдебиеттер жинақталады, дайындалады.

  • АКТ сабақта қолданылады.

    1. Бағдарлама мақсаты. Мектептің білім беру орталығын ақпараттандыру, білім беру деңгейін көтеру.

    2. Бағдарлама шешімі.

  1. Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігі құрылады.

  2. Педагог кадрлардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық орталық бағдарламасы бойынша көтеру.

  3. Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігі арқылы мектеп пен отбасыны өзара байланыстыруға жағдай жасалады.

  4. Кешенді компьютерлеу және мектептің жергілікті желісі дамытылады.

  5. Оқушылардың білім беру үрдісінде қазақстандық және дүниежүзілік ақпараттық білім алуын және электронды қорларды дамытуы басшылыққа алынады.

  6. АКТ-ны оқу-тәрбие және басқару процесінде жаңалау.

  7. Қашықтықтан оқу түрлерін пайдалануға жағдай жасау.

    1. Бағдарламаны жүзеге асырудың уақыты мен кезеңдері.

    2. Бағдарламаның негізгі орындаушылары: мектеп әкімшілігі, пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, кітапханашы, пән мұғалімдері, мектеп командасы.

    3. Қаржы көздері: республикалық, облыстық, жергілікті бюджет, демеушілердің көмегі, бюджеттік емес не басқа тәсілдер.

    4. Бағдарламаны жүзеге асыруда күтілетін нәтижелер.

  • Мектептің бірыңғай білім беру кеңістігін құру.

  • Оқу үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану есебінен білім беру сапасын көтеру.

  • Мектептің ғылыми-педагогикалық потенциалын тиімді қолдану, дамыту, сақтау.

  • Ақпараттық технология негізінде білім берудің сапалы жаңа деңгейіне кезеңмен көшуіне жағдай жасау.

    1. Бағдарламаның орындалуын бақылауды ұйымдастыру.


2. Түсінік хат.

Бізді қоршаған әлім – ақпарат әлемі. Адам ақпараттық қоғамда өмір сүреді. Ақпаратты игеру негізінде әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды тиімді әрі сенімді құруға болады. Ақпаратты табуда уақытты үнемдеудегі ептілік – қоғаның өмірлік қажеттілігі.

Ақпарат білім беру жүйесін реформалаудағы маңызды механизм, сапаны көтеруге бағытталған, білім берудегі негізгі тиімділік болып табылады.

Білім беру салаларында ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін, мазмұнын өзгертуге жол береді.

Ақпараттандыру бағдарламасы – бұл мекктептің оперативті білім беруінің барлық түрлерін қамтитын шаралар кешені.

Бағдарламаның негізгі идеясы – оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың компьютерлік сауаттылығын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану. Бағдарламаны жүзеге асыру 2008-2011 жылдарға есептелген.

Бағдарламаның құрылу себептері:


  1. АКТ-ны білім беру жүйесіне енгізу - білім беру жүйесіндегі қажеттілік, қызығушылық, әлеуметтік сұраныс, білім беру үрдісі мен қоғамның негізгі топ қатысушыларының жан-жақты білімге деген, білім беру жүйесіне деген қажеттілігі.

  2. Техникалық пайдалану, оқудың құралы, қатысушыға ақпаратты таратуды пайдалануға, қатысушы мен мұғалімнің байланыс жүйесі, білімді тексеру, өзіндік сабақтар, ақпаратты құжаттау және өңдеуді толық жетілдіру.

  3. АКТ-ны қолдануға пиедагогикалық және басшы маандарды оқытуға міндетті.

  4. Жұмыс кезінде құрылғыларды ұйымдық қамту, қызмет көрсету, жұмыс қабілетті жағдайда ұстау, жаңарту мен уақытылы ауыстырып отыру қажеттігі.

Бағдарламаның мақсаты: білім берудің жаңа деңгейлерінің әр кезеңде көшуіне жағдай жасау, жаңа ақпараттық технологияларды енгізе отырып, оның тиімділігі мен сапасын арттыру.

Мақсаттың жүзеге асырылуына келесі тапсырмалар бағытталды:



  1. Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігін құру.

  2. Ақпараттық-коммуникациялық жете білу бағдарламасы негізінде мектеп мұғалімдерінің біліктілігін көтеру жұмыстарына жағдай жасау.

  3. Мектептің бірыңғай ақпараттық кеңістігі арқылы отбасы мен мектеп арасында өзара қарым-қатынасты байланыстыруға жағдай жасау.

  4. Мектепті кешенді комьютерлендіруге және мектеп жүйесінің жергілікті дамуына жағдай жасау.

  5. Мектеп оқушыларының Қазақстан және әлемнің ақпаратты білім жүйесімен электронды даму процестерін пайдалануды қамтамасыз ету.

  6. Тәрбие мен оқу және басқару жүйесінде АКТ интеграциясына жағдай жасау.

  7. Оқытудың дистанциялық түрінің пайда болуына жағдай жасау.

  8. Оқу кабинеттерін үшін компьютерлік құрылғылармен жабдықтау.

Күтілетін нәтиже:

  • Мектептің бірыңғай білім кеңістігін құру.

  • Тәрбие білім жүйесінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалана отырып, білім сапасын көтеру.

  • АКТ негізінде мектептің білім басқару жүйесінің сапасын көтеру.

  • Мектептің ғылыми-педагогикалық потенциалын дамыту, тиімді пайдалану және сақтау.

  • Оқушылардың өзін-өзі тану мүмкіндігі.

  • Ақпараттық технологияның негізін пайдалана отырып, сапалы деңгейіне көшу.


3. №41 орта жалпы білім беретін мектебінің ақпараттандыру

деңгейінің ағымдағы жағдайы.
Мектеп Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 4 шағын аудан, 15/1 үйде орналасқан. Жалпы орта білім беретін мекемеде 20 оқу бөлмесі, 1 компьютерлік бөлме, 1 мультимедиялық бөлме, 1 спорт залы, тренажер залы, кітапхана, акт залы бар. Әдістемелік бөлме, химия, физика, биология, интерактивті бөлмелер компьютерлермен жабдықталған.

Мектепте 687 оқушы дәріс алады.

Педагогикалық ұжымның құрамында 66 оқытушы.

№41 орта жалпы білім беретін мектеп білім беруді ақпараттандыру мәселесімен 2008 жылдан бері жұмыстанып келеді.

«Компьютерлік сауаттылық» деп аталатын бірінші кезеңде келесі мәселелер шешімін тапты:


  • АКТ құралдарымен мектепті жабдықтау.

  • Педагогикалық кадрларды дайындау.

Бұл екі мәселенің 60 пайызы шешілді. Қазіргі таңда мектеп төмендегі техникалық базамен қамтылған:

Мектептің техникалық жабдықталуы:

а) 1 компьютерлік класс: 11 компьютер, 1 принтер.

ә) 1 мультимедиялық класс: 17 компьютер, 1 принтер, 1 сканер, 1 мультипроектор.

б) Химия, биология, физика, интерактивті бөлме, әмбебап бөлме: 4 компьютер, 4 интерактивті тақта, 4 мультипроектор.

в) 2 теледидар, DVD ойнатқыш, бейнемагнитофон, музыкалық орталық.

Пәндерді оқытудағы электронды әдістемелік материалдар:

а) 61 пәндік электронды оқулықтар.

ә) Пән бойынша мұғалімдердің электронды көрнекі құралдары.

2009 жылғы педагогикалық ұжымның АКТ-ны меңгеру деңгейі:




Екінші кезең: «Жекелеген пәндерді оқытуда АКТ-ны пайдалану». Бұл кезең кезінде төмендегі мәселелерді шешу қарастырылды:



  • Жеке пәндерді оқытуда АКТ-ны пайдалану.

  • Мектептің білім беру орталығын электронды материалдармен жабдықтау.

  • Оқу кабинеттерін компьютерлермен жабдықтау.

Білім беру жүйелерінің тиімділігін, оқытудағы жеке бағыт-бағдардың жүзеге асуын, жоғары деңгейлі білім беру жүйесін арттыру үшін АКТ түрлері, әдістері, қолдану тәсілдері туралы мәселелер пед.кеңестерде, бірлестік отырыстарында қаралды.
Үшінші кезең: «Бірыңғай телекоммуникациялық желі құру».

  • Мекеменің бірыңғай желісін құру.

  • Пәнаралық интеграция.

  • Жаңа ақпараттық технологияны оқу жүйесінде қолдануға, білім кеңістігін басқаруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру және есептеуіш құралдарымен мектепті алдын-ала жабдықтау.

  • Жаңа ақпараттық технология және желілік ақпараттық технология, оқу бағдарламалары негізінде білімнің жаңа сапасын арттыру.

  • Оқу үрдісінде АКТ-ны енгізу және оны дамыту жүйесі.

4. Бағдарламаның жүзеге асырылуы.


Мектепті ақпараттандыру барысында мына жобаларды іске асыру керек:

1-жоба. «Кабинеттер».

Мақсаты: оқу кабинеттерін материалдық техникалық базамен жабдықтау.

Міндеттер:

1. Кабинеттерді интерактивті жүйелермен, электронды оқулықтарға арналған сейфтермен, проекторлармен жабдықтау.

2. Компьютерлі және ұйымдастыру ісі техникасымен жабдықтау.

3. Мектептің жергілікті желісін кеңейту.

4. Оқыту барысында комьютер құрылғыларының пайдаланудың тиімділігі мен сақталуын қамтамасыз ету.

5. Әдістемелік бағдарлама материалдарымен жабдықталу.


2-жоба. «АКТ-ны көтеру – мұғалім құзіреттілігі».

Мақсаты: АКТ-ны енгізуге байланысты ұжымдағы ұйымдастыру жұмыстары.

Міндеті:

  1. «Мектепті ақпараттандыру» бағдарламасы бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдердің шығармашылық тобын құру.

  2. «Базалық педагогикалық АКТ қажеттілігі» бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруді ұйымдастыру.

  3. АКТ-ны пайдалану туралы ұжымға семинарлар, мастер-класс сабақтарын өткізу.


3-жоба. «Мектеп сайты».

Мақсаты: Мектептің толық сайтын жасап, оған оқу жүйесіндегі және одан тыс адамдардың кіру мүмкіндігін ашу.

Міндеті:

  1. Сайттың жұмысына жауапты мұғалімдер мен оқушылардың тобын құру.

  2. Оқу процесінде қатысушылардың интерактивтік байланыс мүмкіндігін қамтамасыз ету.

  3. Бәрі қарайтын ақпараттың үнемі жаңартылуын қамтамасыз ету.

  4. арнайы код пен пароль арқылы ашылатын қызметтік ақпаратты орналастыру.


4-жоба. «Жаңашыл ата-ана».

Мақсаты: АКТ-ны көтеру – ата-аналардың құзыреттілігі.

Міндеті:

  1. Ата-аналарды мектептік білім жобасына, олимпиадаға, жарыстарға, мектеп сайтын көтермелеуге тарту.

  2. Мультимедия техникасын, бейнефильмдерді пайдалану арқылы «Мектепті ақпараттандыру бағдарламасы» бойынша мектептің жұмысы туралы ата-аналарға презентация өткізу.

  3. АКТ-ды пайдаланып, конкурс, олимпиада, білім туралы жобаға қатысудың маңызы туралы ата-аналарға кеңес беру.




  1. Бағдарламаны жүзеге асыруда бағалау жүйесі.

Бағдаралманы жүзеге асыруда оның мазмұны мен оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сапалы өзгерістер болады деп үміттенеміз.

«Мекетепті ақпараттандыру» бағдарламасын орындау мынадай нәтижелерге қол жеткізеді:



  1. Оқушылар үшін ішкі және кең көлемдегі Қазақстандық ақпараттық мүмкіндіктерге шығуды ұйымдастыру шарттарын жасау.

  2. АКТ-ны тәрбие және оқу жүйесінде әртүрлі методикалық әдіс-тәсілдерін қолданатын педагогтар санын көбейту.

  3. Қазіргі компьютерлік техника мен электронды материалдармен жабдықтауды күшейту.

  4. АКТ-ны өзінің жобалық зерттеулерінде пайдаланатын педагогтар санын көбейту.

  5. Белсенді жұмыс жасайтын мектептің сайтын ашу.

  6. Бірыңғай жергілікті желі құру.

  7. Электрондық құжаттар айналымында жұмыс жасайтын, ақпараттық басқару жүйесі жұмысын реттеу.

  8. Оқу-тәрбие жұмысында АКТ-ны белсенді енгізген педагог кадрларды марапаттаудың қалыптасқан жүйесін енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет