Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары



жүктеу 79.65 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі79.65 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму


министрінің

2016 жылғы «___» ___________


№ _______ бұйрығына
1-қосымша

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары

1. Жалпы қағида
1. Осы Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізаттарды әкетуге ниетті тұлғалармен уәкілетті органмен бекітілген тізімде тұрған барлық бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу тәртібін анықтайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;

4) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.



2. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізаттарды әкетуге ниетті тұлғалармен бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды алу тәртібі
3. Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізаттарды әкетуге ниетті тұлға (бұдан әрі – өтінім беруші) қосымшадағы нысан бойынша, уәкілетті органмен бекітілген бағалы металдар өндіру субъектілерінің тізіміне сәйкес бағалы металдар өндіру субъектілеріне хабарламаны және уәкілетті органға бағалы металдар өндіру субъектілерінің хабарламаны алған күні туралы белгі қойылған хабарламаның көшірмесін жібереді.

Өтінім иесі хабарламада мынадай ақпараттарды көрсетеді:

1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғалар үшін), атауы, орналасқан орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғалар үшін);

2) құрамындағы бағалы металдары көрсетілген құрамында бағалы металдары бар шикі зат тауарының түрі;

3) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарының жалпы салмағы;

4) құрамында бағалы металдары бар шикі зат тауарының сапалық сипаттамасы (ылғалдылығы, өндіріс кезіндегі сыныптың құрамы, бағалы металдардың және басқа да заттар мен химиялық элементтердің құрамы).

Хабарламаға құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының сапалық сипаттамасын растайтын құжаттар тіркеледі. Бұл құжаттар хабарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

4. Өтінім иесі хабарламасының қосымшадағы нысанға сәйкес болмаған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінім иесіне оны қарастырусыз қайтарады..

Қарастырудан себебі көрсетілген бас тартуды алған өтінім иесі ескертулерді жойғаннан кейін хабарламаны қайта жібереді.

5. Өтінім иесі хабарламасының қосымшадағы нысанға сәйкес болған жағдайда бағалы металдар өндіру субъектісі хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім иесіне және уәкілетті органға өтінім иесінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын толық немесе бөлшектелген көлемде өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсатында қабылдауға мүмкіндігі бары туралы ақпаратты (бұдан әрі – ақпарат) немесе өтінім иесінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуын (бұдан әрі – бас тарту) жібереді.

6. Бас тарту үшін негіздеме болып мыналар табылуы мүмкін:

1) өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық мүмкін еместігі, оның ішінде құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалардың және бағалы металдардың құрамының шекті мәнінің сәйкессіздік саны;

2) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының ұсынылған көлемін өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттың жоқтығы немесе жеткіліксіздігі;

3) руданы, концентраттарды және түсті металдардың күлдерін, құрамында бағалы металдары бар түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін өңдеудің экономикалық мақсатқа сай еместігі.

7. Бағалы металдар өндіру субъектілерінің бас тартуы ұсынылған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды болады..

3. Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу тәртібі
8. Өтінім иесі хабарламасының қосымшадағы нысанға сәйкес болған жағдайда және бағалы металдар өндіру субъектісімен уәкілетті органмен белгіленген шарттардың біреуі орындалмаса, уәкілетті орган бағалы металдар өндіру субъектісімен хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім иесіне және бағалы металдар өндіру субъектісіне осындай бас тартудың бары туралы растаманы жібереді.

9. Уәкілетті органнның растамасында бағалы металдар өндіру субъектісімен орындалмаған уәкілетті органның белгіленген шарты көрсетіледі.

10. Бағалы металдар өндіру субъектісінің бас тартуы бар уәкілетті органның растамасы ұсынылған күннен бастап ағымдағы күнтізбелік жылдың соңына дейін жарамды болады.

Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу қағидаларына


қосымша

Нысан


____________________________________

____________________________________

____________________________________

бағалы металдар өндіру субъектісінің атауы

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________,



тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғалар үшін), атауы, орналасқан орны, заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Қазақстан Республикасының аумағынан мынадай шикізатты әкетуге ниетім бар

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



бағалы металдардың құрамын көрсетілген құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының түрі
Жалпы салмағы __________________________________________________

құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының жалпы салмағы
және мынадай сапалық сипаттамалары бар (растаушы құжаттар қосымшада келтірілген):

________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________,

құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларының сапалық сипаттамалары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы
29 наурыздағы № 295 бұйрығымен бекітілген Бағалы металдарды өндіру субъектілерінен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алу, сондай-ақ бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін шарттарды белгілеу туралы қағидасына сәйкес, Қағидамен белгіленген мерзімде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуды ұсынуды сұрайды.
Қосымша:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сапалық сипатын растайтын қосымша құжаттардың тізімі


________________________________________

________________________________________

________________________________________

________________________________________



тегі, атты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

МО
__________________________



күні, қолы

Хабарламаны қабылданы туралы белгі:
___________________________________________________

қабылданған күні, тегі, атты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму
министрінің

2016 жылғы «___» ___________


№ _______ бұйрығына
2-қосымша

Бағалы металдар өндіру субъектілері үшін
шарттар


1. Жалпы қағида
1. Осы Бағалы металдар өндіру субъектілері үшін шарттар (бұдан
әрі – Шарттар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы
14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы
2-тармағына сәйкес әзірленген және шарттардың бағалы металдар өндіру субъектілерімен орындалмауы Қазақстан Республикасының аумағынан құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын әкетуге ниеті бар тұлғаның (бұдан әрі – өтінім беруші) құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуын растайтынын белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);

2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

3) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;

5) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.



2. Бағалы металдар өндіру субъектілерімен орындалмауы өтінім берушінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуының барын растайтын шарттар
3. Бағалы металдар өндіру субъектілерімен орындалмауы өтінім берушінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуының барын растайтын шарттар болып мыналар табылады:

1) уәкілетті органмен бағалы металдар өндіру субъектісі өтінім иесінің хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінім иесінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын толық немесе бөлшектелген көлемде өңдеу және (немесе) аффинаждау мақсатында қабылдауға мүмкіндігі бары (бұдан әрі – ақпарат) немесе өтінім иесінің құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы туралы ақпаратты алуы;



2) өтінім берушінің хабарламасына ақпараттың сәйкестігі.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет