Бағамдық саясаттың операциялық бағдары ретінде мультивалюталық қоржынды енгізу туралы



жүктеу 14.19 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі14.19 Kb.


Бағамдық саясаттың операциялық бағдары ретінде

мультивалюталық қоржынды енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 2 қыркүйектен бастап бағамдық саясаттың операциялық бағдары ретінде АҚШ долларынан, еуродан және Ресей рублінен тұратын мультивалюталық қоржынның құнын пайдалануға көшті.

Қазақстан Республикасында мультивалюталық қоржынды енгізудің мақсаты бағамдық саясатты жүргізу кезінде операциялық бағдардың өзгеруі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 3 валюта – АҚШ долларының, еуро мен Ресей рублінің динамикасына сүйенетін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық қоржынның құнын белгілеумен қатар теңгенің АҚШ долларына, еуро мен Ресей рубліне қатысты ресми бағамдарын бұрынғы режимде белгілеуді жалғастырады.

Мультивалюталық қоржын құрылымы мынадай тепе-теңдікте айқындалады: АҚШ долларының үлесі – 70%, еуро – 20%, Ресей рублі – 10%. Мультивалюталық қоржынның құны теңгенің АҚШ долларына, еуроға, Ресей рубліне қатысты айырбастау бағамдарының берілген күнгі орташа алынған геометриялық шамасы сияқты есептелетін болады.

Теңгемен көрсетілген мультивалюталық қоржынның ресми құнын есептеу үшін қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында сағат 11-00 жағдай бойынша қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа алынған биржалық бағамы, сағат 15-00 жағдай бойынша АҚШ долларына қатысты кросс-бағамын пайдалана отырып есептелген теңгенің еуроға және Ресей рубліне қатысты бағамдары пайдаланылады. Операциялық бағдар ретінде мультивалюталық қоржынның құны тұрақты түрде әрбір күні және KASE-дегі сауда-саттықтың әр сессиясының қорытындылары бойынша есептелетін болады.



Ақша нарығының дамуына, сауда ынтымақтастығының кеңеюіне және халықаралық есеп айырысуларда ұлттық валюталардың пайдаланылуына қарай мультивалюталық қоржынның құрылымы мультивалюталық қоржынның құрамына кіретін валюта үлестерін өзгерту, сондай-ақ басқа елдердің валюталарын енгізу арқылы тиісінше қайта қаралатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет