Бағдарлама Қр білім және ғылым министрінің №425 бұйрығы. 05. 07. 2016, ҚР Үкіметінің 13. 05. 2016 жылғы №292-ші шешімінің жаңа редакциядағы Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты (мжмбс)



жүктеу 140.49 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі140.49 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК


БЕКІТЕМІН

Журналистика және саясаттану

факультетінің деканы

___________________Қ.Ө.Сақ
«28» маусым 2018 ж.
«6М050400 – журналистика» мамандығы бойынша
ТҮСУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрінің № 425  бұйрығы. 05.07. 2016, ҚР Үкіметінің 13.05.2016 жылғы №292-ші шешімінің жаңа редакциядағы Мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) (28.08.2012; №1080). негізінде әзірленген.
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, хаттама № 11 «27» маусым 2018 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ А.А. Бейсенқұлов «__» _______2018 ж.

Баспасөз және баспа ісі кафедрасының мәжілісінде ұсынылды, хаттама № 10 « 27 » маусым 2018 ж.


Кафедра меңгерушісі __________А.О.Есдаулетов «____» ________2018 ж.

Түсу емтиханы бағдарламасының мазмұны
1. Түсу емтиханын өткізудің мақсаты мен міндеттері

«6М050400-Журналистика» мамандығы бойынша түсушілер үшін емтихан мамандық бойынша ҚР МЖМБС, типтік оқу жоспарында көрсетілген мерзімінде өткізіледі. Магистратураға түсушілер мамандық бойынша емтиханды оқу жұмыс жоспары мен барлық талапқа сай тапсыру керек.



Түсу емтиханның мақсаты мамандық бойынша түсушілердің білімдерін анықтау; теория жүзінде алған білімін тәжірибеде нақты және анық қолдануға, қоғамның өзекті мәселелерін талдауға қабілетті болуын бағалау.

Түсу емтиханның міндеттері түсуші бакалаврлардың құзыреттілік деңгейін анықтау. Ол үшін:

- магистратурада оқу үшін негізгі талаптарына сай бакалаврлардың дайындық деңгейлерін анықтау;

- мамандық бойынша бекітілген бағдарламасына сай пәндері бойынша бакалаврларды дайындау деңгейін бағалау;

- түсушінің магистратурада оқу үшін қажетті білімін бағалау.

Түсушілер емтиханда интегративті жауап берулері, әртүрлі оқу пәндерін оқу барысында алған білімдерін, сонымен қатар сараптама мен баға беру қабілеттерін көрсету қажет.
2. Түсу емтиханының формасы мен өткізуін ұйымдастыру

«6М050400-Журналистика» мамандығы бойынша түсу емтихан міндетті және элективті компоненттер пәндері бойынша емтихан сұрақтарынан тұратын билеттер бойынша ауызша жауап беру арқылы кешендік емтихан түрінде жүргізіледі.

Түсу емтиханға қатысуға бакалавр бойынша оқу жоспарын барлық жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламалары бойынша толық оқу үдерісін аяқтаған бакалаврларға рұқсат беріледі. Оқу үдерісінің аяқталуының негізгі критерийі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 17 маусымда №261 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім берудің стандарты талаптарына сай оқудың теориялық, оқу және кәсіби практика бойынша қажетті мөлшерін игергені болады.

Түсу емтиханын өткізу үшін мамандық бойынша мемлекеттік қабылдау комиссиясы құрылады. ЖОО басшысының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссия құрамына кафедра меңгерушісі мен профессорлар, доценттер, жоғары білікті мамандардан құрылған комиссия мүшелері кіреді.

Түсу емтихан бағдарламасына кіретін пәндер құрамы мен сұрақтар мазмұны жыл сайын жаңартылады және кафедра отырысында бекітіледі.


3. П ЕНУ 48-14 ережесіне сәйкес білімді бағалау критерийлері


Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Мемлекеттік аттестация комиссиясының мүшелері баға қойғанда мынаны басты назарға алуы керек:

- «өте жақсы» бағасы мына жағдайда қойылады:

1) тек теориялық мәнін ғана ашпай, оған тәжірибеден мысал келтірсе;

2) аталған мәселе бойынша өзінің пікірін білдірсе;

3) мәселенің дамуы мен тарихына талдау жасаса;

4)МАК мүшелерінің қоятын сұрақтарының барлығына толыққанды жауап берсе.

- «жақсы» бағасы мына жағдайда қойылады:

1) тек теориялық мәнін ғана ашпай, оған тәжірибеден мысал келтірсе;

2) аталған мәселе бойынша өзінің пікірін білдірсе;

3) аталған мәселе бойынша нормативті әдебиеттерге талдау жасаса;

4) МАК мүшелерінің сұрақтарына нақты талдау жасаса;

- «қанағаттанарлық» бағасы мына жағдайда қойылады:

1) тек теориялық мәнін ғана ашып, оған тәжірибеден мысал келтірмесе;

2) аталған мәселе бойынша өзінің пікірін білдірмесе;

3) аталған мәселе бойынша нормативті әдебиеттерге талдау жасамаса;

4) МАК мүшелерінің сұрақтарына нақты талдау жасамаса;

5) барлық сұрақтарға толық жауап бермесе;



- «қанағаттанарлықсыз» бағасы мына жағдайда қойылады:

1) теориялық және тәжірибелік мәнді ашпаса;

2) мәселенің даму тарихы мен маңызын білмесе;

3) әдебиетке талдау жасай алмаса;

4) қойылған сұрақтарға жауап бере алмаса.
4. Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

1. Журналистикаға кіріспе

2. Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен функциясы

3. Қазақ журналистикасының тарихы

4. БАҚ заңнамасы және этика

5. Телерадиожурналистика

6. Публицистикалық шығармашылық негіздері

7. Интернет журналистика және жаңа медиа

8. БАҚ-тың тілі мен стилі

9. Шетел журналистикасы.


5. Әрбір пән бойынша тақырыптар тізімі және әрбір тақырыптар бойынша сұрақтар тізімі
1. Журналистикаға кіріспе

Бұл пән негізінде журналистика жөніндегі ұғымдар, тұжырымдар, ғалымдар пікірлері мен ғылыми теориялық анықтамалары қамтылады. Журналистиканың маңызы, міндеті, қоғамды қамту аумағы жөнінде тақырыптар айтылады.



  1. Қазақ журналистикасы ғалым - зерттеушілерінің еңбектері;

  2. «Жас алаш» газетінің тарихы мен бүгіні;

  3. Қазақ спорт журналистикасы.

  4. Кеңес дәуіріндегі саяси қуғын-сүргін зардаптары және бұқаралық ақпарат құралдары;

  5. «Егемен Қазақстан» газеті тарихынан;

  6. Отандық ғылыми-танымдық журналистика: даму тенденциялары;

  7. Қазақстандағы демография, көші-қон мәселелері және бұқаралық ақпарат құралдары.


2. Қазіргі журналистиканың жанрлық пішіндері мен функциясы

Бұл пәнде журналистиканың жанрлары мен пішіндері және олардың функциялары қамтылған.



  1. Ақпараттық жанрлар жүйесі;

  2. Сұхбат жанрының ерекшелігі;

  3. Көркем публицистикалық жанрлар жүйесі;

  4. Публицистиканың талдамалы жанрлары;

  5. Қазақстан баспасөзі, олардың бүгінгі жіктелісі.

  6. Журналистік зерттеу;

  7. Қазақ сатирасының даму ерекшелігі;

  8. Қазақ фотожурналистикасы. Тарихы мен бүгінгі жағдайы;

  9. Бұқаралық ақпарат құралдары және Қазақстандағы этносаралық қатынас мәселелері.


3. Қазақ журналистикасының тарихы

Пән қазақ журналистикасының пайда болуы, қалыптасуы, дамуын кезең-кезеңге бөліп қарастырады.



  1. «Дала уалаятының газеті» тарихынан;

  2. «Түркістан уалаятының газеті» тарихынан;

  3. Алашорда қозғалысы және оның баспасөзі;

  4. Жүсіпбек Аймауытов – журналист, публицист;

  5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ баспасөзі және майдандық қазақ газеттері;

  6. Қазақ радиожурналистикасы тарихынан;

  7. Түркістан Республикасында шыққан қазақ басылымдары;

  8. «Ақиқат» журналы тарихынан;

  9. «Айқап» журналы. М.Сералиннің журналистік қызметі;

  10. «Қазақ газеті», «Серке», «Қазақстан» басылымдары;

  11. «Ұшқын», «Еңбек туы» басылымдарындағы жер мәселесі;

  12. «Қазақ әдебиеті» газеті тарихынан.


4. БАҚ заңнамасы және этика

Бұл пәнде БАҚ туралы заң, құқықтық нормалар және журналистердің кәсіби этикасы жайлы тақырыптар қамтылады.

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы, БАҚ туралы заңы, демократиялық құқықтар және сөз бостандығы.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәдениет, өнер мәселелері.

3. Бұқаралық ақпарат құралдарында парламент жұмысының көрсетілуі.

4.Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңы және БАҚ.

5.Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер.
5. Телерадиожурналистика

Телерадиожурналистика пәнінде телебағдарламалар, радио бағдарламалар, олардың жанры, ерекшелігі, тілі, стилі, өзіндік табиғаты т.б. тақырыптар қамтылады.



  1. Қазақ телерадио арналарындағы авторлық бағдарламалар ерекшеліктері;

  2. Теле және радиохабарлар жасау технологиясы;

  3. Қазіргі қазақ медиасы. «24kz», «Білім және Мәдениет» арнасы.

  4. Журналистің сөйлеу мәдениеті;

  5. «Айтуға оңай» телебағдарламасының негізгі бағыты.

  6. Қазіргі радио жанрлар;

  7. Тікелей эфирдің ерекшелігі;

  8. Телерадиорепортаж: ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  9. Қазіргі телевизия тілі мен стилі: стандарттары мен ерекшелігі;

  10. Телерадиохабардың қоғамдық мәні;

  11. Балаларға арналған бағдарламалар. «Балапан» телеарнасы.

  12. Телеочерк жанрының қазақстандық телеарналардағы көрінісі.

  13. «Хабар» телеарнасындағы экономикалық бағдарламалар.

  14. Қазақстандық телеарналардағы ток-шоу.


6. Публицистік шығармашылық негіздері

Бұл пәнде ұлттық журналистиканың негізін салушы өкілдері, публицистердің еңбектері, өзінідік ерекшеліктері қамтылған.



  1. Шоқан, Ыбырай, Абай публицистикасы.

  2. Бейімбет Майлин – журналист, публицист;

  3. Мұхтар Әуезов – журналист, публицист;

  4. Тұрар Рысқұлов – публицист, редактор;

  5. «Қазақ» газеті. Ахмет Байтұрсыновтың редакторлық және публицистік қызметі;

  6. XX ғасырдың II жартысындағы көрнекті қазақ публицистері;

  7. «Еңбекші қазақ» басылымындағы С.Сейфуллин публицистикасы және тіл мәселесі;

  8. Міржақып Дулатов – журналист, публицист;

  9. Мұстафа Шоқайдың публицистикасы;

  10. Әлихан Бөкейханұлының редакторлық және публицистік қызметі.


7. Интернет журналистика және жаңа медиа

Интернетжурналистика пәнінде ғаламтордың ерекшелігі, онда ақпарат таратудың маңызы, орыны, артықшылығ мен кемшілігі, ондағы бағдарламалар жанры, стилі т.б. тақырыптар қамтылады.



  1. Интернетте ақпарат тарату тәсілдері;

  2. Қазақстандағы саяси партиялар, қозғалыстар және бұқаралық ақпарат құралдары.

  3. Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері;

  4. Шет елдердің және республикамыздың ақпарат агенттіктері. Олардың мақсат-міндеттері;

  5. Қазақстандық интернетжурналистика;

  6. Бұқаралық ақпарат құралдары және ұлттық идея.


8. БАҚ-тың тіл мен стилі

Бұл пән БАҚ-тың тілдік стилдік ерекшелігін, оның журналистика үшін маңызын, стиль табиғатының заңдылықтары, БАҚ тілінің таза әрі ұғынықты, тілдік нормаларға сай болуын қарастырады.



  1. Газеттің тілдік стилдік ерекшеліктері;

  2. Қазақстандағы қазіргі салалық баспалар мен басылымдар.

  3. Дін, имандылық, адамгершілік мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында.

  4. Әдеби редакциялаудың мән-маңызы мен талаптары;

  5. Қазіргі әдебиет мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында.

  6. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы халқымыздың тарихи тұлғалары.

  7. Қазақстандағы ономастика мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында.


9. Шетел журналистикасы

Шетел журналистикасы пәнінде әлемдік журналистиканың тарихы, әлемдік негізгі БАҚ-тардың пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы тақырыптары қамтылған.



  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында жаһандану және ұлттық құндылық мәселелері.

  2. Халықаралық терроризм бұқаралық ақпарат құралдарында.

  3. Трансұлттық БАҚ (Р. Томсон, А.Шпрингер, Р.Мердок, Р.Максвелл);

  4. Қазіргі жаһандану кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері;

  5. «Euronews», «FoxNews», «Bioomberg», «CNN» және басқа да әлемдік ақпараттық арналар;

  6. Әлемдік мегамедиакомпаниялар тәжірибесі.



  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:




  1. Ворошилов В.В. Журналистика: Учебное пособие. СПб, 2010.

  2. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики. М., 2008.

  3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику. Алматы, 2003

  4. Корконосенко С.Г. Основы журналистики. М.,2001;.

  5. Жилавская И. В. Медиа-поведение личности. Матер-иалы к курсу. Учебное по-собие. — М.: РИЦ МГГУ им. М.А. Шолохова, 2012. — 91 с.

  6. Балақаев М., Сыздықова Р.,Жанпейісов Е. Қазақ әдеби тілінің тарихы. А.- 1968. 130 б.

  7. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. А.- 1971.

  8. Исаев С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. А, - 2008. – 624 б.

  9. Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. А. – 1963.- 37 б

  10. Гуревич С.М. Экономика отечественных СМИ. Учебное пособие для вузов. М., 2009.
  11. Гуревич С. М. Основы научной организации журналистского труда. М., 1987.


  12. Иваницкий В.Л. Бизнес-план редакции. Рабочая тетрадь главного редактора. Часть 1. Теория. Часть 2. Практика. М., 1999.
  13. Грабельшиков А.А. Средсва массовой информации глазами экономиста. М., Медиамир, 2010.


  14. Ворошилов В.В. Менеджмент СМИ: Конспект лекций. М.: Изд-во Михайлова А.А. М., 2000.

  15. Абова Е. Региональная пресса: проблемы менеджмента. М., // Права человека. 2001.
  16. Котлер Ф., Армстронг Г., Сондерс Д., Вонг В. Основы маркетинга. 4-е европейское издание. Вильямс, 2009.


  17. Мескон М. және т.б. Основы менеджмента. М., Дело Год, 1997.

  18. Шындалиева М.Б.Журналистикадағы менеджмент пен маркетинг.- Алматы: Эверо, 2015

  19. Ворошилов В.В. История журналистики зарубежных стран. Конспект лекций. М., 2000.

  20. Зарубежная печать: Западная Европа, Северная Америка, Азия, Дальний Восток. М., 1973.

  21. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги и власть? А., 1997.

  22. Нода Л.П., Тохтахунова З.К., Рожков А.В. История мировой журналистики., А., 1997.

  23. Беглов С. И. Британская печать на исходе века. М., 1995.

  24. Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. Әлем баспасөз тарихынан. А., 1998.

  25. Қ.Сақ. Алаш мұрасы. А., 2014 ж.

  26. Бекниязов Т. Халықаралық журналистиканың дамуы. Алматы., 2003.

  27. Тұрсын Қ. Масс-медиа. Алматы: «Қазақ университеті». 2002.

  28. Журналистика в США: время перемен. 1996.

  29. Тұрсын Қ. Масс-медиа. Алматы: «Қазақ университеті». 2002.

  30. Шындалиева М.Б. Шетел журналистикасы. - Астана. Фолиант, 2013.

  31. Шындалиева М.Б. Азия елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары. Астана, 1998.

  32. Кенжебаев Б. Қазақ баспасөзі тарихынан мәліметтер.А.,1956.

  33. Кенжебаев Б.Қожакеев Т.Қазақ баспасөзі тарихынан.А.,1962

  34. Амандосов Т.С. Верныйдағы тұнғыш большевиктік қазақ газеті. А.,1959.

  35. Бекқожин Қ. Қазақ баспасөз тарихының очеркі А.,1981.

  36. Сұбханбердина Ү.Дала уалаятының газеті А.,1988,1991,1994,1996.

  37. Сұбханбердина Ү. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш».А.,1993.

  38. Сұбханбердина Ү., Дәуітов С. «Айқап».А.,1995.

  39. Омашев Н. Қазақ журналистикасы.А.,1993.

  40. Омашев Н. Ақпарат әлемі , 1,2-томдар, Алматы, 2006

  41. Қазақ журналистикасы, 1, 2, 3- томдар, Алматы, 2008

  42. Красноармейская газета Ленинградского фронта «Отанды қорғауда» за 1942-1945гг. - Алматы, 2008.

  43. Бекхожин Х., Матвиенко С., Қозыбаев С.Очерки истории казахской журналистики.А.,1991.

  44. Жилавская И. В. Медиа-поведение личности. Материалы к курсу. Учебное пособие. — М.: РИЦ МГГУ им. М.А. Шолохова, 2012. — 91 с.

  45. Аллаберген К., Нускабайулы Ж., Уразаев Ф. История казахской журналистики (1870-2008гг.)-Алматы:Билим,2010.

  46. Козыбаев С.К. Фронтовая печать Казахстана. -Алматы:Экономика,2010.

  47. Козыбаев С.К. Журналистика Казахстана. Энциклопедия.- Алматы:Экономика,2006.

  48. Конституция РК от 30 августа 1995 года. Статьи 1, 6, 12, 20, 26.

  49. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Статьи 19, 20, 21, 33-35, 188, 191.

  50. Закон РК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года

  51. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях. Статьи 342-344, 348-350.

  52. Инструкция по учету средств массовой информации и информационных агентств утверждена Приказом Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 3 сентября 2001 года №175.

  53. «Правила учета иностранных средств массовой информации, распространяемых в Республике Казахстан» утверждены Постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2002 года №843

  54. Уголовный Кодекс Республики Казахстан (извлечения)

  55. Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

  56. Законодательство и практика СМИ Казахстана. Ежемесячный республиканский информационно-аналитический бюллетень,

  57. Закон Республики Казахстан «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6-1 (с изменениями, внесенными Законом РК от 09.07.2004 г. № 586-II), статьи 5-10, 13-16, 18-19, 25, 26, 28-33, 34-42, 48-49.

  58. Ампилов В.А. Современный газетный очерк. Минск. 1972

  59. Бельчиков Ю.А., Панюшева Н.С. Трудные случаи употребления однокорневых слов русского языка: Словарь-справочник. М.: 1968

  60. Бекасов Д.Г. Корреспонденция, статья – жанры публицистики. М.:1972

  61. Беневоленская Т.А. Проблемы современного газетного очерка. М.:1969

  62. Вакуров В.Н., Кохтев Н.Н. Практическая стилистика русского языка. Функциональные стили. М.: МГУ, 1982

  63. Стилистика сегодня и завтра. М., Медиамир. 2012

  64. Тошович Б. Интернет-стили.\\. Стилистика сегодня и завтра. М., Медиамир. 2012.- С.181-187

  65. Қозыбаев С., Рамазанова А., Аллаберген Қ. Әлем баспасөз тарихынан. А., 1998.

  66. Бекниязов Т. Халықаралық журналистиканың дамуы. Алматы., 2003.

  67. Тұрсын Қ. Масс-медиа. Алматы: «Қазақ университеті». 2002.

Телерадио және қоғаммен

байланыс кафедрасының меңгерушісі ______________ А.А. Бейсенқұлов


Баспасөз және баспа ісі

кафедрасының меңгерушісі _______________________А.О.Есдәулетов




* - Өзгеріс енгізілетін бағдарлама бөлімінің атауын(құрылымдық элемент) және нөмірін көрсету керек. Егер өзерістер мен толықтырулар енгізілмесе, «Бағдарлама кафедра отырысында қаралып еш өзгеріссіз мақұлданды» деген жазба болу керек.


ЕҰУ Ф 703-11-15. Мемлекеттік емтихан бағдарламасы. Екінші басылым.



Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет