Ақмола облысында шетелдік көліктерді заңсыз рәсімдеген бұрынғы полиция қызметкері жауапқа тартылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі/видеодан скриншот

Қылмыстық істі қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Тергеу материалдарына сәйкес, жалған төлем және есеп айырысу құжаттарын пайдалана отырып, 55 көлік заңсыз есепке қойылған.
Бастапқы тіркеу үшін алым төленбегендіктен мемлекетке 401,3 млн теңге мөлшерінде залал келтірілді.

"Қылмысты ұйымдастырушы топ Ақмола облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы аға инспекторымен бірігіп, 2020 жылғы желтоқсан мен 2022 жылғы қаңтар аралығында тиісті төлемдерді төлемей, электронды өтінімдерді бекіту, жалған төлем құжаттарын пайдалану арқылы шетелден әкелінген көліктерді жаппай бастапқы тіркеуді ұйымдастырған", — делінген хабарламада. 

  • Қарағанды облысында шенеуніктер жоқ жолды жөндеуге 328 миллион теңге жұмсамақ болған
  • Таразда аурухана басшылары 758 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды

Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты. 

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті білім беру саласы қызметкерлерінің аса ірі мөлшердегі ұрлығын анықтағанын жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.