Бағдарламасы 1-сабақ. Мақсаты : өз көңіл-күйін өзі реттеуге үйрену, өзіне деген сенімділікті, рефлексияны дамыту



жүктеу 66.52 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі66.52 Kb.
түріБағдарламасы

Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуда жүргізілетін

«ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕУ МОТИВАЦИЯСЫН ДАМЫТУ»

5-сынып оқушыларына арналған

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ



1-сабақ.

Мақсаты: өз көңіл-күйін өзі реттеуге үйрену, өзіне деген сенімділікті, рефлексияны дамыту,

Құралдар: жұмсақ ойыншық қоян, 3стакан су, ақ қағаз беттері, түрлі-түсті қарындаштар.

  1. Балаларды жұмсақ қоянмен таныстыру. Қоянның үш көңіл-күйі туралы айту: жақсы көңіл-күйі - таза су сияқты, басына жақсы ойлар келгенде күн сияқты жалтылдап сәуле шашады (ішіне жылтылдақтар салу), ал жаман ойлар келгенде, көңіл-күйі жаман болғанда, өкпелегенде оның ойы жаман кір суға ұқсас болады (суға қара бояуды араластырады).

  2. Талдау:

  • Сендердеде сондай көңіл-күйі болды ма?

  • Сонда сендер не сезіндіңдер?

  • жаман көңіл-күйі қашан кетеді деп тосып отыру керекпе?

  • Кетіру үшін не істеу керек?

Жүргізушінің құпияны ашып көмектесуі: ол үшін жақсы нәрсе туралы ойлау керек. Тағы бір құпия - көңіл-күйді суретте күн сияқты немесе жаңбырдай салып көрсетуге болады.

  1. Ойын «Менің әр түрлі ойымды сөзсіз іс – қимылмен көрсетіп берші» : «мен істей алмаймын, қолымнан келмейді», «мен қорқамын», «менің қолымнан келеді» т.с.с.

  2. Тапсырма: қоянды жақсы және жаман көңіл-күйінде салып көрсетеміз.

Суреттерді талдау.

5.Рефлексия. Қорытынды.



2-сабақ.

Мақсаты: жаман ойдан арылу, өзгерту жаттығулары, өмірлік қиын жағдайлардан шығу жолдарын іздеу.

Құралдар: сындыратын зат - ескі қалам, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, қарындаштар.

  1. Эмоционалды көңіл-күй қалыптастыру «Бір-бірімізге көңіл-күй сыйлайық (күлкі сыйлау)».

Жүргізуші: күлімдеп тұрып мұңайуға болама? Сендер мұңаятын бір нәрсе ойлап күлімдеңдерші.

  1. «Қоянның бір күні» туралы әңгіме оқу: Қоян тоғайда өзінің ата-анасымен тұрып жатты. Оның жағдайы жақсы болатұғын. Бір күні әкесін көрші ауылдағы таныстары жеміс жинасуға көмектесуге шақырды. Әкесі кеткен соң шешесі ауырып ауруханаға түсті. Қоян үйде жалғыз қалды. Ал атасы мен апасының шаруадан қолдары тимеді, оған таң қалатын ештеңе жоқ, қоянның әке-шешесі жоқ қой, атасы мен апасы көп уақыт бөле алмады қоянға. Содан қоян өзін жалғыз, ешкімге керек жоқтай сезінді.

Талдау: жағдайды қалай өзгертуге болады?

  1. Тәжірибе жасау: жүргізуші бір затты сындырып (мысалы қаламды), балаларға сұрақ қояды:

  • Қалам қайтадан бүтін бола алады ма?

  • Егер көп уақыт тоссам ше?

  • Егер айқайласам ше?

  • Егер бақырып жыласам ше?

Қорытынды: болған істі өзгерту мүмкін емес, бірақ оған деген көзқарасымызды өзгертуге болады.

Балалардың мысалдарын, ойларын тыңдау.



  1. «Қоянға сыйлық» - балалар әр түрлі қағаздан символдық жүрек, гүл қиып береді.

  2. Сыйлықты жақсы тілек айтып беру.

  3. Рефлексия.

  4. Қорытындылау.

3-сабақ.

Мақсаты: Өзін-өзі бағыттау әдістеріне және өз бойындағы сенімділікті нығайтуға баулу.

Құралдар: ақ қағаз беттері, түрлі-түсті қарындаштар, қаламдар.

Өткен сабақтағы материалды еске түсіріп қайталау. Ондағы алған білімдерін пайдалана алды ма соны сұрау.



  1. Ойын-жаттығу «қоқыр салатын шелек»: балалар бір бет қағазға «менің көңіл-күйім жаман», «мен өзімді аяймын» деген, т.с.сияқты сөздерді жазады. Сонан кейін оны дауыстап оқып, сұрақтарға жауап береді:

  • Ол қандай ойлар?

  • Олар керекпе?

  • Олар бізге көмектесе ме?

  • Онда несін сақтаймыз?

Жүргізуші: кедергі жасайтын, керек жоқ болса біз оларды сақтамай «Бұл ойлар маған кедергі жасайды, олар маған керек жоқ!» деген сөзбен мыжып-мыжып қоқыс шелегіне лақтырып тастаймыз.

  1. Релаксация техникаларына үйрену.

Сонымен біздің қоян жаман көңіл-күйді жақсы көңіл-күйге ауыстыра алады екен. Қалай дейсіңдер ғой? Ол бойын босаңсыта алады екен. Келіңдер сендерде үйреніңдер.

Орындыққа жайғасып отырыңдар, қолдарыңды тізелеріңе бос қойыңдар, иықтарыңды түсіріңдер, бастарыңды сәл ғана төмен түсіріңдер.Көздеріңді жұмыңдар.



  • Сендер бір қиын жағдайды жеңдіңдер деп ойлаңдар. Сендердің кеуделеріңді мақтаныш кернейді.

  • Сендер сүйсініп, іштеріңнен «Мен жеңдім» деп айтып отырсыңдар.

  • Сендер қиындықтанда мықты екендіктеріңе шаттанып, сүйсініп отырсыңдар.

  • Сендер іштеріңнен «Мен өзімді – өзім ұстай аламын, қиындықты жеңе аламын» деп айтып отырсыңдар.

  • Ол сөздерден сендердің кеуделеріңде күш оданда көбейіп, ыйықтарың түзеліп, бастарың мақтана жоғары көтеріліп, өсіп бара жатқандайсыңдар.

  • Ал ақырын көздеріңді ашып, «мен өзімді басқара аламын, қиындықты жеңе аламын» деп үш рет айтыңдар.

Талдау:

  • Кім өзін босаңсытып үйренді, релаксация кімде жақсы болды?

  • Кімде болмады?

  • Неге болмай қалды?

Қорытындылау, аяқтау.

4-сабақ.

Мақсаты: «Таңдау деген не?» деген сұраққа жауап іздеп табу, таңдауды қалай дұрыс жасауға болатынына үйрену.

  1. Эмоционалды оң көңіл-күй орнату мақсатында «хи-хи, ха-ха» ойынын өткізу.

  2. Жргізуші сұраққа жауап арқылы өткен сабақтардан не түсінгендіктерін байқайды:

  • Көңіл күйдің қандай түрлері болады?

  • Олар неге ұқсайды?

  • Жаман көңіл-күйді қалай жақсартуға болады?

  • Кім жақсарту әдістеріне үйренді?

  • Кімде қызықты оқыйғалар болды, айтып бере аласыңдар ма?

  1. Қоян туралы әңгіме: Сонымен қоян тоғайдағы мектепте оқып жүреді. Бір күні ол мектептен үйге келіп даладағы капусталарды жыйнауға кірісіп кетеді, сабақты кейін істеймін деп ойлайды. Ал кейін ол ұшталмаған қарындаштарын көріп соны ұштайды. Ұштап болған кезде бауыры келеді, ол біраз бауырымен ойнайды. Ойыны қанып болғанда кеш болады, тіпті ұйықтайтын уақытта болып қалған екен. Сабақ істеуге кеш болғандықтан ол ұйықтауға кетеді.

  2. Талдау:

  • Қоян сабақ орындаудың орнына не таңдады?

  • Неше рет ол сабақты таңдамай ысырып тастады?

  • Ол үшін не маңызды болды: сабақ па әлде капуста ма,сабақ па әлде қарындаштар ма, сабақ па әлде бауырымен ойнау ма?

  • Таңдау дегеніміз не болды?

  • Мектепте не болады?

  • Қоян өзінің таңдауына өкіне ме?

Қорытындылай келе жүргізуші балаларды бір істі істер алдында артынан не болатынын ойлану керектігіне жетелеп әкеледі.

Үй жұмысы үшін қоян қандай баға алады деп ойлайсың?

Қоянға қандай ойлар дұрыс таңдау жасауға көмектеседі?

5. Жүргізуші дәптерге ереже жазуға ұсынады:



Таңдау жасай отыра, «артынан не болады?» деп ойлан!

6.Талдау.

Кейін не болады, егер.....

Ойыншықтарды, кітаптарды күтпесе?

Үй жұмысын істемесе?

Басқаларды өкпелетсе?

Мұндайды болдырмауға бола ма?

7.Менің күн тәртібім.

8.Рефлексия. Аяқтау.

5-сабақ.

Мақсаты: өз іс-әрекетін талдауға баулу, өзін иландыру(самовнушения) тренингі.

Құралдар: музыкалық қолдау.

Релаксация жасап үйрету «Ойша бейнелеу»: (баяу музыка қосылады)

Орындыққа жайғасып отырыңдар, қолдарыңды тізелеріңе бос қойыңдар, иықтарыңды түсіріңдер, денелеріңді бос ұстаңдар. Көз алдарыңа ақ экранды елестетіңдер. Онда үш қорапшаның суретін ойша салыңдар: бірінші қорапша үлкен - ол сендердің тілектерің; екінші қорапша одан кішірек – ол сендердің таңдауларың. Үшінші қорапша кішкентай – ол сендердің таңдау жасағаннан кейінгі алғандарың.



  • Енді үлкен қорапқа сендер 2.3 - тілектеріңді салыңдар;

  • Орташа қорапқа сол тілектерден таңдап алғаныңды сал;

  • Ал кішкентай қорапшада сендердің таңдау жасағаннан кейінгі нәтижесінен алғандарыңды көз алдарыңа елестетіп бейнелеп көріңдер.

Баяу көзімізді ашамыз.

Ойын-жаттығу «Қай қораптан екенін тап».

  • Тапшы, тілек және оның нәтижесі қай қораптан алынған?

  • Көп балмұздақ жеді

  • Үй шаруасын орындау үшін кинодан қалды.

  • Екілік алды.

  • Тісім қатты ауырып тұр.

Жаттығу

Ішіңнен «Мен істей аламын» деп қайталап, бір аяқпен тұрып екінші аяқпен ауада өз атыңды жазу.

«Мен істей аламын» деп қайталап, оң қолыңмен ішіңді, сол қолыңмен басыңды сыйпа.

«Мен істей аламын» деп қайталап, қолыңмен атыңды ал бір аяғыңмен фамилияңды жазып көр.

Жаттығу аяқталған соң жүргізуші сұрақтар қояды:


  • Барлықтарыңа жаттығуды жасау оңай болды ма?

  • Барлығы дұрыс істелу үшін не керек?

  • «Мен істей аламын» деп айту және оған сену жеткілікті ме?

  • Ендеше тағы не қажет?

Қорытынды: бір нәрсеге қол жеткізу үшін оның болатынына сену керек және оған жақсы істермен, күшпен, жаттығулар арқылы арқылы ғана жетуге болады.

Рефлексия.



Аяқтау (үйде дұрыс таңдау жасап үйренуді жалғастырамыз).

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет