Бағдарламасы 2017 жыл мазмұны № Бөлімнің атауы бет 1



жүктеу 2.1 Mb.
бет1/10
Дата26.08.2018
өлшемі2.1 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Приозерск қалалық мәслихаттың

2017 жылы 25 желтоқсандағы

XVII сессиясының № 17/148

шешімімен бекітілген





ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ

БАҒДАРЛАМАСЫ

2017 жыл


rectangle 25МАЗМҰНЫ



Бөлімнің атауы

бет

1

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

3-9

2

АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

10-64

3

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ МЕН ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

65-84

4

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

85-91


1. Паспорт


Атауы

Приозерск қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы

Өңдеуге арналған негіздеме

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 шілдесіндегі № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау Жүйесі туралы» Жарғысы;

2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 4 наурызындағы № 931 «Қазақстан Республикасының дамуының Стратегиялық жоспарын, елдің территориялық – кеңістікті дамуы болжамды сызбасын, мемлекеттік бағдарламаларды, территорияларды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын өңдеу, іске асыру, мониторингтен өткізу, бағалау мен бақылау ережелері туралы» Жарғысы;



Приозерск қаласының

негізгі сипаттамалары

Приозерск қаласы Сары-Шаған полигонының әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету орталығы болып табылады. 1956 жылғы 30 шілдеде ӘШҚҚ сынақ полигонын салу және № 10 білім беру мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастыру туралы тарихи құжаттар қабылданды. Осы жағдай Сары-Шаған полигонының орталығы ретінде жаңа қаланың салынуына себеп болды. 1963 жылғы желтоқсан айында Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Өкімімен Көктас кенті облыстық маңызы бар Приозерск қаласына айналды.

Оның негізгі өндіріс салалары жылу энергиясы мен ауыз суды және түсті металл кендерін өндеу болып табылады. Приозерск қаласы «үшінші деңгейдегі» шағын қалалар санатына жатады және туристік саланы дамыту арқасында, экономикалық дамудың және тұрғындар санының өсуінің перспективасына ие.



Бағыттары

1 бағыт. Экономика

2 бағыт. Әлеуметтік сала

3 бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

4 бағыт. Инфрақұрылым

5 бағыт. Экология және жер ресурстары

6 бағыт. Мемлекеттік қызметтер




Мақсаттары

Экономика:

- экономикалық өсу орталықтарын дамыту;

- өндіруші өнеркәсіптің әртараптандырылуы және бәсекеге қабілеттілігі;

- өңірдің инвестициялық тартымдылығы;

- агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі;

- бизнес-ортаны жақсарту.



Әлеуметтік сала:

- білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- жастардың аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытуға қатысуын қамтамасыз ету;

- бұқаралық спортты және дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

- есірткіге қарсы иммунитетті жақсарту;

- жұмыспен қамту және азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігі;

- мәдени кеңістікті қамтамасыз ету;

- дене шынықтыру мен спортты дамыту;

- туристік саланы дамыту;

- ұлт бірлігін қамтамасыз ету қазақстандық отансүйгіштікті нығайту;

- аймақтағы тілдің үштұғырлығын дамыту.

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп:

- тұрғындардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету;



- төтенше жағдайларда, апатта, табиғат апатында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Инфрақұрылым:

  • тұрғын үйлердің қол жетімділігін қамтамасыз ету;

  • байланыс және коммуникация қызметтірінің сапасын арттыру;

  • экономикалық кеңістіктің арақатынасын жақсарту;

  • тұрғындарды тиісті деңгейдегі коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету.

Экология және жер ресурстары:

  • экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызметтер:

  • мемлекеттік қызметтерге қол жетімділік, олардың уақытында көрсетілуі.

Нысаналы индикаторлар

Бағыты: Экономика

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

  • Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындары мен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер);

  • Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындары мен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес);

  • Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі;

  • Орналастыру орындарында көрсетілген қызметтер көлемі.

Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіптік өнім шығарудың нақты көлем индексі,%;

  • Қосымша есептеулерді есепке ала отырып өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі, млн. теңге;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік өндірісінің өнеркәсіптік көлемі, млн. теңге;

  • Тау-кен өнеркәсібі өнімін шығарудың және карьер барлаудың нақты көлем индексі. %;

  • Тау – кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі, млн. теңге;

  • Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлем индексі. %;

  • Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млн. теңге;

Агроөнеркәсіптік кешен

  • Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі,%.

  • Ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының ұйымдастырылған шаруашылықтардағы үлесі ІҚМ %, ҰММ %.

  • Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі, ІҚМ %, ҰММ %.

  • Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі,%.

Шағын және орта бизнес, сауда

  • Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі, %

  • Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі, %

  • Жаңа сауда объектілерінің ашылуы, барлығы: бірлік

  • оның ішінде 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілері, бірлік

Инновациялар мен инвестициялар

  • Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны, %

  • Негізгі капиталға жалпы инвестиция көлеміндегі сыртқы инвестициялар үлесі, %

Бағыты: Әлеуметтік сала

Білім

  • Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны, бірл.;

  • Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі,%;

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы,%;

  • Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %;

  • оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен,% ;

  • Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, %;

  • Жаңа модификациялы кабинеттері бар мектептер үлесін арттыру (химия, физика, биология, мультимедиялық кабинеттер), %;

  • 1 компьютерге оқушы санын азайту, адам;

  • Жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагогика қызметшілерінің, педагогтардың жалпы санынан, үлесі, %;

  • Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестер үлесін арттыру, %;

  • Мектепке және мектептен жайлы әрі сапалы тасымалдаумен қамтылған оқушылар үлесі, тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан, %;

  • Ресурс орталықтары - «тірек мектептер» саны (шағын жинақты мектептер үшін), %;

  • Даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивтік оқытумен қамтылған балалар үлесі, %;

  • Көптілді мектептер саны, %;

  • Балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру, %;

  • Білім беру ұйымдарының жалпы санынан инклюзивтік білім беруге жағдай жасаған ұйымдар үлесінің артуы, %;

  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге беру, асырап алу, бірілік;

  • Республикалық және облыстық деңгейдегі интеллектуалды олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының, жүлдегерлерінің саны, бірлік.

Денсаулық сақтау

  • Ана өлім-жітімділігін төмендету, 100 мың тірі туғандарға шаққанда;

  • Нәрестелер өлім-жітімділігін төмендету, 1000 тірі туғандарға шаққанда;

  • Онкологиялық аурулардан өлім-жітімділікті төмендету, 100 мың адамға шаққанда;

  • 15-49 жас аралығындағы топтарда АҚТҚ инфекциясының тарауын тежеу, 0,2 – 0,6 шоғырланған саты шамасында,%;

  • Дәрігерлер саны (10 мың адамға шаққанда);

  • ОМП саны (10 мың адамға шаққанда);

  • Есірткіні мөлшерінен тыс тұтынуына және есірткіге тәуелді болуына байланысты есірткілік есепте тұрғандар санының төмендеуі %;

  • Диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар санының төмендеуі, оның ішінде:

- әйелдер %;

- кәмелетке толмағандар %;



  • Диспансерлік есепте тұрған, ремиссиясы 2 және одан астам жыл болған адамдардың есірткіге тәуелді және жалпы диспансерлік есепте тұрғандар арасындағы үлесі 2020 жылы,%.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

  • Жұмыссыздық деңгейі,% ;

  • Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі,%;

  • Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі, %;

  • Әйелдер жұмыссыздық деңгейі, %;

  • жастар жұмыссыздық деңгейі, %;

  • Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны, адам;

  • Құрылған орындар саны, жергілікті;

  • оның ішінде; жергілікті;

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі, %;

  • Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған ШАК алушыларының жалпы санынан жұмысқа орналасудың белсенді түрлеріне қатысатын ШАК алушыларының үлесі,%;

  • Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде),%;

  • Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі, %.

Мәдениет

  • Мәдениет ұйымдарына 1000 адамға шаққандағы келушілердің (келу) орташа саны:

- кітапхана, адам;

- мәдени-демалыс мекемелері, адам.



Дене шынықтыру және спорт

  • Дене шынықтыру және спортпен айналысатын халықты қамту 2020 жылдары, %;

  • 7-18 жас аралығында спорт мектептерінде айналысатын балалар мен жасөспірімдер, спорттық клубтардағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны, %.

Үш тілді дамыту

  • Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, 2020 жылы %;

  • Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %;

  • Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %.

Ішкі саясат

  • Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасына оң баға беретін халық үлесінің артуы, %;

Жастар саясаты

  • Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі, %;

  • Жұмысқа орналастырылған жастар саны, адам.

Бағыты: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

  • ЖКО қайтыс болғандардың санын төмендету (100 зардап шеккенге), %;

  • Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %;

  • Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы,%;

  • Бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %;

  • Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған қылмыстардың үлес салмағы,%;

  • Мүліктік қылмыстардың үлес салмағы,%;

  • Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жасалған қылмыстық теріс қылықтар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар санының ұлғаюы, бірл.;

  • Тіркелген жалпықылмыстық қылмыстар санынан есірткі қылмыстар үлесінің төмендеуі,%;

  • Алынған есірткі құралдардың мөлшері, кг;

  • оның ішінде героин, кг;

  • Анықталған есірткі өткізумен байланысты немесе есірткі өткізу мақсатында жасалған қылмыстардың есірткі қылмыстардың жалпы санынан үлесі,%;

  • Төтенше жағдайға қарсылық көрсету бойынша инфрақұрылымның қамтамасыз етілу деңгейі,%.

Бағыты: Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация

  • 100 адамға тіркелген ғаламтор абоненттерінің саны, мың.бірлік;

  • Жоғары жылдамдықты ғаламторды пайдалануға тіркелген абоненттердің саны, мың.бірлік;

  • Сандық сауаттылық деңгейі, %.

Құрылыс

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, %;

  • Тұрғын ғимараттарын пайдалануға енгізу, жалпы алаңның шаршы метрімен (шаршы метр);

  • Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі,%.

Жолдар және көлік

  • Жақсы жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі, %;

  • Жолдарды салу және қайта құру, км;

  • Автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеу, км;

  • Автокөлікті жолаушылар қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің бөлігі, %.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

  • Күрделі жөндеу талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету, %;

  • Қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік:

- сумен жабдықтау, %;

- су бұрумен жабдықтау, %;



  • Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

- жылумен жабдықтау,%;

- электрмен жабдықтау ,%.



Бағыты: Экология және жер ресурстары

  • Стационарлық бастаулардың атмосфералық ауаға ластаушы заттардың қысқартылуы, млн. тонна;

  • Тұрғын халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен қамту, %;

  • Контейнерлік алаңшаларды жайластыру, бірлік;

  • Контейнерлер паркін жаңғырту, бірлік;

  • Қоқыстасығыштар паркін жаңғырту, бірлік;

  • Қоқысты санитарлық сақтау, %;

  • Санитарлық ережелер талаптарына сәйкес келетін ҚТҚ полигондарының үлесін ұлғайту, %;

  • Қалдықтардан «жасыл» энергияны өндіру үлесі,%;

  • Қайта ұқсатылған қалдықтар үлесі, %;

  • Бөлектеп жинауды қолдана отырып орама материалдар, қағаз және шыны үлесін жеткізу %;

  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту, %;

  • Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы), %;

  • Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) %.

Бағыты: Мемлекеттік қызмет көрсету

  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мерзімін бұзу санын төмендету, %.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық, жергілікті бюджет және инвесторлардың өз қаражаты.

Қаржыландыру көлемі:


- 2016 ж. –851,6 млн. теңге:

республикалық бюджет –592,1 млн. теңге;

облыстық бюджет –131,1 млн. теңге;

жергілікті бюджет –128,49 млн. теңге.

инвесторлардың өз қаражаты –0 млн. теңге;
- 2017 ж. –1021,6 млн. теңге:

республикалық бюджет –100,8 млн. теңге;

облыстық бюджет –584,1 млн. теңге;

жергілікті бюджет –286,73 млн. теңге.

инвесторлардың өз қаражаты –50,0 млн. теңге;
- 2018 ж. –903,8 млн. теңге:

республикалық бюджет –386,9 млн. теңге;

облыстық бюджет –188,6 млн. теңге:

жергілікті бюджет –328,3 млн. теңге.

инвесторлардың өз қаражаты –0 млн. теңге;
- 2019 ж. –349 млн. тенге:

республикалық бюджет – 6,1 млн. теңге;

облыстық бюджет –16,3млн.теңге;

жергілікті бюджет –318,55 млн. теңге.

инвесторлардың өз қаражаты –8 млн. теңге;
- 2020 ж. –437,7 млн. теңге:

республикалық бюджет – 3,1 млн. теңге;

облыстық бюджет – 13,8 млн.теңге;

жергілікті бюджет – 337,76 млн. теңге;

инвесторлардың өз қаражаты –83,0 млн. теңге.



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫҢ ТАЛДАУЫ
Приозерск қаласы Сары-Шаған полигонының әкімшілік, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету орталығы болып табылады. 1956 жылғы 30 шілдеде ӘШҚҚ сынақ полигонын салу және № 10 білім беру мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастыру туралы тарихи құжаттар қабылданды. Осы жағдай Сары-Шаған полигонының орталығы ретінде жаңа қаланың салынуына себеп болды.

1963 жылғы желтоқсан айында Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңес Президиумының Өкімімен Көктас кенті облыстық маңызы бар Приозерск қаласына айналды.

Сары-Шаған зерттеу полигонының жұмысы қорғаныс тематикасы бойынша және ғылыми-зерттеу жоспарына, сынақ жұмыстарын жүргізу, Жақтар әскерлерінің нақты ракеталарды ұшырудың тактикалық оқуларына, әскери техниканы пайдалану және қаруды жөндеуіне сәйкес жүргізіледі.

Полигонның іс-қимылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне жақсы әсер етеді. Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің әскери қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қаланың тұрақты тұрғындар санын қамтамасыз етеді.

Қала аумағында Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдері орналасқан. ҚРҚМ гарнизоны ракеталарға қарсы тақырыптарға байланысты ғылыми жұмыстарды жүргізеді. Тұрақты түрде жоспарланған қарулар сынақтарын жүргізеді. Осымен, Приозерск қаласы РФ ҚМ жалға алған Сары-Шаған полигонын және ҚР ҚМ-ның әскери гарнизонының әскери қызметкерлерімен олардың отбасыларын коммуналдық, әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етеді.

Қала аумағы 5 452 га құрайды. 2017 жылғы 1 мамырына қарағанда қала тұрғындарының саны 13 228 адам болды, олардың ішінде мектепке дейінгі жастағы балалар саны - 1755 адам (13,3 %).

Приозерск қаласы Сары-Шаған полигонының әкімшілік орталығы болғандықтан, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдері қаланы құрайтын кәсіпорындар болып табылады. Өндірістің ірі салалары дамымаған. Өндірістік өнімді тау-кен өнімдерін қайта өңдейтін ЖШС «Ер-Тай», жылу энергиясын және ішетін суды "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру" КМК-сы өндіреді.

Ауыл шаруашылығының потенциалы, мал жайылатын және егін егетін жердің жоқтығына байланысты елеулі емес. Ауыл шаруашылығында шаруалардың ұсақтығынан және жер тапшылығына байланысты ірі-көлемдегі селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарын жүргізуге және қазіргі заманғы технологиялар, механикаландыру және автоматтандыру процестерін жүзеге асыруға мұрсат бермейді.

Оған қарамастан, кейінгі бес жыл аралығында кіші және орта бизнестің белсенді субъектілерінің саны тұрақты түрде өсуде.

Шағын және орта бизнес қаржылық, өндірістік, ғылыми, басқа да салаларда дамымаған.

Тұрғын-үй құрылыс саласының дамуының негізгі ішкі факторы - қала тұрғындарының кірістері ықпал етеді, өйткені тұрғын-үй құрылысы негізінде тұрғындардың өз қаражат есебінен жүргізілетіні болып табылады.

Қаладағы әлеуметтік – мәдени объектілерінің салынуы мемлекет қаражатынан жүргізіледі.

Қала аумағында 5 мектепке дейінгі тарбие беру мекемесі, олардың ішінде 1-і 2015 жылы ашылған, 1 шағын орталық, 2-і жалпы білім беру мектебі және 1 қосымша білім беретін мекеме- балалар және жасөспірімдер шығармашылығы "Достық" орталығы.

Одан басқа, Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігінің жалпы білім беру мектебі және бала бақшасы қызмет көрсетеді.

Мәдениет саласының ағымдағы және перспективалық проблемаларының арасында келесілерді айта кету керек:

- біріншіден, қалалық мәдениет үйінің жоқтығынан қала тұрғындарына мәдениет мекемелеріне қол жетілімдік шектелген;

- екіншіден, мәдениет саласының материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, мамандандырылған кадрлардың тапшылығы.

Тіл мәселесіндегі ағымдағы және перспективалық проблемалар арасында келесілер басымды:



Қаланың аумақтық-кеңестік дамуының түйіткілдігі – жер қорларының жоқтығы, қала аумағының аздығы - барлығы 54 ш.км.

Нарықтық экономика жағдайында аумақтың жалпы даму үрдісімен байланысты әлеуметтік-демографиялық және экологиялық факторларды есепке ала отырып, қаланың ұзақ мерзімді болашақта кешенді деңгейін анықтау мақсатында қаланың бас жоспары әзірленді.


Экономикалық өсім орталықтарының дамуы
Аумақтардың 2020 жылдарға дейін даму жоспары аясында Приозерск қаласы «үшінші деңгейдегі» - шағын қалаға жатқызылады және қалада туристік саланың дамуына байланысты экономикалық дамуы мен халық санының өсу перспективасы бар.

Приозерск қаласы географиялық жағынан тиімді жағдайда, Алматы-Екетеринбург республикалық көлік жолынан 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Аумақта туризмді дамытудың алғышарттары біріңғай суайдын – Балқаш көлінің болуы, республикалық автотрассаға, теміржолға, Камбала әуе жайына жақындығы болып табылады.

Приозерсктің жағымды экологиялық жағдайы, табиғи ресурстардың болуы (бірегей Балқаш көлі), теміржол мен автомобиль трассасына жақын орналасуы туризмнің арнайы түрлерін дамыту үшін бағалы ресурс болуы мүмкін. Ұзақ уақытты болашақта Приозерск тарихи және рекреациялық туризм орталығына айналу әлеуеті бар.

Жалақының өсуі мен халықтың сатып алу қабілетінің жоғарлауына байланысты қызмет саласында біртіндеп шағын бизнес ұлғаюда. Қазіргі уақытта Приозерск салыстырмалы қанағаттандырылған күйде қонақ үй, сауда және өзге де қызметтермен қамтамасыз етілген және олардың дамуы жалғасуда.

Қала аумағында әскери горнизонның орналасуы қызметке деген сұранысты арттыруға септігін тигізеді.

Туризм инфрақұрылым объектілерін дамыту жергілікті экономиканы өсу мен әртараптандырудың негізгі қозғалтқышы болуы мүмкін. Аталған саланың дамуы өзімен қоса қонақ үй шаруашылығы, қоғамдық тамақтану, АЖҚС, ТБС, тасымалдау мен логистика, маркетинг сияқты қызметтер мен біліктіліктерге сұранысты жоғарлатады, бұл өз кезегінде жергілікті еңбек нарығын әртараптандыруға жағдай жасайды. Жаңа технологиялардың келуі Приозерскте табыстың жалпы деңгейін жоғарлатады. Республикалық автомобиль мен теміржол жолдарына жақын орналасуы туристтерді әкелуді қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта «қырғи-қабақ соғысы» нысандарына сұраныс артуда, бұл өз кезегінде отандық және шет ел туристтерінің Приозерскке ағылуына жағдай туғызады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет