Бағдарламасы 2017 жыл мазмұны № Бөлімнің атауы бет 1



жүктеу 2.1 Mb.
бет2/10
Дата26.08.2018
өлшемі2.1 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму сараптамасы
Қалада мемлекеттік және салалық бағдарламалар жүзеге асырылуда, оның ішінде:

  1. Өнеркәсіп саласында:

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы «Ер-Тай» ЖШС байыту фабрикасын жаңғырту және кеңейту жобасы; 2017 жылы АТП, манометрлермен тіркеу құралдарын өндіру бойынша «ИнКазИнжиниринг» ЖШС жобасын іске асыру жоспарлануда;

  1. Білім беру саласында:

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалалық бюджеттен 2 жалпы білім беретін орта мектеп пен «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы қаржыландырылады;

  1. Мемлекеттік тіл және басқа тілдер саласында:

2011-2020 жылдарға арналған ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалада мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар ұйымдастырылуда;

  1. Ақпараттандыру саласында:

2013 - 2019 жылдарға арналған ҚР «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын жергілікті атқарушы органдарда электронды үкімет орнату бойынша ақпараттық жүйелердің ауқымы кеңеюде;

  1. Ішкі саясат саласында:

2013 - 2017 жылдарға арналған ҚР Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл сайын аталған тақырып бойынша іс-шараларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріледі;

  1. Құқық қорғау қызметі саласында:

2014 - 2020 жылдарға құқық қорғау қызметі жүйесінің одан әрі жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қалалық ішкі істер бөлімінің қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылады;

  1. ТҮКШ саласында:

Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2015 жылы көмірмен жанатын қазандық салумен АСАБ (РНС) және АСАС (СПСВ) қайта жаңғыртуды қаржыландыруға облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылды;

  1. Жұмыспен қамту саласында:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы 43,8 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

1 бағыт бойынша:

  • 13 307,0 мың теңге (ОБ (кәсіптік білім беру) – 6 654,0 мың теңге, ОБ (қайта даярлауға) – 3 698 мың теңге, ЖБ – 2 955 мың теңге);

2 бағыт бойынша:

  • жаппай кәсіпкерлікті дамытуға – жалпы шағын несие соммасы 56 752 мың теңге;

3 бағыт бойынша:

  • әлеуметтік жұмыс орындарына, барлығы – 5 870,5 мың теңге (РБ – 4 403 мың теңге, ЖБ – 1 467,5 мың теңге);

  • жастар тәжірибесіне, барлығы – 4 527,5 мың теңге (РБ – 681 мың теңге, ЖБ – 3 846,5 мың теңге);

  • қоғамдық жұмыстарға – 20 091 мың теңге (ЖБ);

  1. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде 2015 жылдың 23 қыркүйектегі облыстық маслихаттың шешімімен бекітілген Приозерск қаласының 2016-2020 жылдарға арналған кешенді даму жоспары 2016-2020 жылдарға арналған қаланың даму бағдарламасына біріктірілді.

Бұрын өңірлерді дамыту бағдарламасына кірген «Қол жетімді баспана 2020» бағдарламасы шеңберінде, 2014 жылы Достық, 1 көшесі бойынша 24 пәтерлі тұрғын-үйдің құрылысы басталды, қаланың әлеуметтік экономикалы дамуының кешенді жоспарының аясында 3 тұрғын-үйді Достық, 29, Весенняя, 1 және Косманавтов, 1 көшелері бойынша қайта жаңғырту жұмыстары басталды, Достық, 24 көшесі бойынша 24 пәтерлі тұрғын-үйінің ИКИ жеткізумен құрылысына 2015 жылы бөлініп, республикалық және облыстық бюджеттердің нақтылануында қаражаттар қайта алып тасталды. Достық, 29, Весенняя, 1 және Достық, 1 көшелеріндегі тұрғын-үйлер құрылысының аяталуына 2017 жылы қаражат бөлінді.

Бұрын өңірлерді дамыту бағдарламасына кірген «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде сумен қамтамасыз ету жүйесімен суқақпаға қайта жаңғыру жұмыстары жүргізілді; кәріз ағындарының тазарту құрылыстарын жаңарту жұмыстары басталды; 2015 жылы АСАБ (РНС) және АСАС (СПСВ) қайта жаңғыртуға ЖСҚ әзірлеу жалғасын тапты; 2017 жылы АСАБ (РНС) және АСАС (СПСВ) қайта жаңғыртуды бастауға РБ қаражат бөлінді.



  1. Кәсіпкерлік саласында:

"Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде қала кәсіпкерлерімен жобаларды несиелендіруге және несие пайызының мөлшерслемесін субсидиялау бойынша құжаттар тапсырылуда.

1-Бағыт. Экономика

Туризм

Приозерск қаласы қолайлы географиялық жағдайға ие, Алматы-Екатеринбург республикалық магистралінен 6 шақырым жерде орналасқан. Аймақтағы туризмді дамытудың алғышарттары бірегей тоғанның – Балқаш көлінің болуы, сонымен қатар республикалық магистральдің, темір жолдың және Камбала аэродромының жақын орналасуы болып табылады.

Қалада 4 қонақ үй (194 жатын орын), 17-ден астам қоғамдық тамақтану орындары бар. «Сары-Арқа» «Кешенді дамыту орталығы» мемлекеттік қорының «Балқаш» емдеу сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

«Гранд Құрылыс» ЖШС-нің «Балқаш көлі жағасында пирс, рекреационды-сауықтыру демалыс аймағының құрылысы» инвестициялық жобасы әзірленді. Жобаны іске асыру мерзімі – 2016-2019 жылдар. Жоспарланған жобаның қуаттылығы жазғы уақытта 280-300 адамды құрайды. Жобаның құны – 569,2 млн. тенге.

2017 жылы туризм аясында ЖК Абильдиновамен «Гранит» қонақ үй кешенінің инфрақұрылымын қайта құру және дамыту жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның жалпы соммасы 90 млн. теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер 50 млн. теңгені құрайтын қарыз қаражатын алды.

Аймақтағы туризмді дамытудың негізгі бағыттары жағажай туризмі (Балқаш көлі), спорттық туризм (жаяу жүргіншілер), мәдени-танымдық туризм және іскерлік туризм болып табылады.

Қалаға келушілердің саны қалаға қатынайтын қонақтарға жатын орынмен қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметтердің көлемімен сипатталады. 2016 жылы жатын орынмен қамтамасыз етілген демалушылардың саны 1067 адамды құрады, яғни 2015 жылдың көрсеткішінен 52,2 %-ға жоғары (701 адам) және 2014 жылдың көрсеткішінен 40,4 %-ға жоғары (760 адам).

2016 жылы ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген демалушылардың саны 639 адам, яғни 2015 жылдың көрсеткішінен 4,2 %-ға жоғары (613 адам) және 2014 жылдың көрсеткішінен 15,9 %-ға төмен (760 адам).

2016 жылы резидент еместердің саны 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 4,6 есе көбейіп 428 адамды құрады (2015 ж. – 88 адам).

2016 жылы берілген төсек орынның саны 5349 бірлікті құрады, яғни 2015 жылдың көрсеткішінен 48,3 %-ға жоғары (3607 төсек орын) және 2014 жылдың көрсеткішінен 82,9 %-ға жоғары (2924 төсек орын).

2017 жылдың 1 жарты жылдығында жатын орынмен қамтамасыз етілген демалушылардың саны 339 адамды құрады, яғни 2016 жылдың көрсеткішінен 48,6 %-ға төмен (660 адам).

Жатын орынмен демалушыларды қамтамсыз етудің төмендеу себебі, «Причал» қонақ үйінің жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты болып табылады.



Кесте 1.
2014- 2016 жж. туризмнің дамуының динамикасы


Көрсеткіштің атауы

2014 жыл (нақты)

2015 жыл (нақты)

2016 жыл (нақты)

2017 жыл (баға)

Жатын орын саны, бірлік.

4

4

4

4

Толтыру мүмкіндігі, %

3,7

3,6

6,5

4,1

Жатын орынмен қамтамасыз етілген демалушылардың саны:

760

701

1067

792

Резиденттер, адам.

760

613

639

713

Резидент еместер, адам.

-

88

428

79


Туризмді дамытудың SWOT -сараптамасы





Оң әсер

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) аймақтың бай табиғи-климаттық жағдайының қолайлығы (туристерді қабылдау үшін рекреационды емдеу-сауықтыру рәсімдерін жүзеге асыру, жазғы және қысқы балық аулауды ұйымдастыру, аң аулау, шаңғы тебу, жаяу серуендеу мүмкіндігі бар);

2) облыстың пайдалы географиялық жағдайы: негізгі көлік дәлізі (Астана-Алматы);


Әлсіз жақтары:

1) туризм индустриясында білікті жергілікті қызмет көрсету персоналының жетіспеушілігі (бағыттаушылар, аудармашылар және қызмет көрсетуші персонал);

2) туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

3) күрт континенталды климат, жылдың көп уақытында ауа температурасының төмен болуына байланысты туризмнің кейбір түрлері үшін маусым өте қысқа болып табылады.


Сыртқы ота

Мүмкіндіктер

1) туризм саласындағы маңызды экономикалық әлеует;

2) Қазақстанда EXPO-2017, Универсиада сияқты маңызды іс-шараларды өткізу;

3) «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде туризм саласындағы жобаларды іске асыру;

4) өңіраралық қатынастарды орнату.


Қауіптер

1) туристік ағынның динамикасына әсер ететін жаһандық қаржылық мемлекеттің тұрақтылығы;

2) туристердің шығыс туризміне сұраныстың артуы; 3) облыстың туристік өніміне ұқсас, дамып келе жатқан туристік бағыттардан түсетін ұсыныстардың өсімі.


Туризмді дамытудың өзекті мәселелері

  • туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы;

  • экологиялық туризмді дамытуда жергілікті тұрғындардан білікті қызмет көрсету персоналының тапшылығы (бағыттаушы және қызмет көрсету персоналы);

  • туристік нысандардың туристік өнім мен қызмет сапасының төмендігі мен қымбаттылығы;

  • өңірдің туристік өнімінің танымдылығы және бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісінің негізгі салалары - тау-кен, электр энергиясы, сумен жабдықтау, кәріз су жүйелері мен қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау болып табылады.

2016 жылда қала аумағында 4 090 млн.теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірділді.

2014 жылдан бастап аймақтағы өнеркәсіптік өндірістің физикалық көлем индексі бойынша келесі өсу динамикасы байқалды:

- 2014 жылда ФКИ 149,2% құрады;

- 2015 жылда - 117,7%;

- 2016 жылы - 65,4%-ға дейін төмендеуі;

- 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша - 156,5%.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 2016 жылдағы ФКИ-нің төмендеуі себебі, «Ер-Тай» ЖШС кәсіпорнында руда құрамында қорғасын концентратының төмендеуіне байланысты.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемінің құны бойынша:

2016 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4090 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 34,6% -ға төмендеді;

- 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 49,2% артып, 2732,2 млн. теңгені құрады;

- 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 17,7% -ға өсіп, 2 878,1 млн. теңгені құрады.

- 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 34,6% -ға азайып, 4 090 млн. теңгені құрады.

- 2017 жылдың басынан (қаңтар-қыркүйек) 4000,6 млн. теңге немесе 2016 жылға қарағанда 162,9%.

Өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылы 553-тен 2016 жылы 557-ге дейін немесе 0,7% -ға өсті.



Кесте 2.

Приозерск қаласының өнеркәсіптің негізгі көрсеткіштері


р/б№

Көрсеткіш

Өлш. бірлігі


2014

2015

2016

2017

9 айы

1

Өнеркәсіп өндірісінің өнімдердің көлемі

млн. теңге

2 932,2

2 878,1

4090,0



4000,6

2

ФКИ

%

149,2

117,7

65,4

156,5

3

Жалпы облыстық өнеркәсіптік өндірісіндегі қалалық өнеркәсіп өнімінің үлесі

%


0,2

0,2

0,2


0,2



Сурет 1. Приозерск қаланың өнеркәсіптік өндірісінің құрылымы.
Егер қаланың өнеркәсіптік өндірісінің құрылымын қарастырсақ, онда 2014-2016 жылдар аралығындағы талдау кезеңінде:

- кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 20,7 пайызға өсіп, 61,5 пайызға дейін өсті;

- 2016 жылы электр энергиясын, газды, бу беруді және ауа баптаудың үлесі 2014 жылмен салыстырғанда 16,4% -ға төмендеді;

- өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1,7% -ға төмендеді;

- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау саладағы үлесі 2016 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 2,7% -ға төмендеді.

2017 жылғы 9 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4 000,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

- кен өндіру өнеркәсібінің үлесі - 74,2%;

- электр энергиясын, газды, бу беруді және ауа баптау салаларының үлесі - 15,8%;

- өңдеу өнеркәсібінің үлесі - 4,0%;
- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау - 6,0%.
Тау-кен өнеркәсібі



Тау-кен өнеркәсібінде 2010 жылдың маусым айынан бастап «Ер-Тай» ЖШС-нің кен-байыту фабрикасы түрлі-түсті кендерді өндіру және өңдеу жұмыстарын жүргізеді.

2014 жылдан 2016 жылға дейін өңделген түсті рудалардың құндық мәнде 2 есеге немесе 1197,0 млн.теңгеден 2342,2 млн.теңгеге дейін өсті. 2016 жылы аталған кәсіпорын концентраторды модернизациялау және кеңейту үшін жабдық сатып алу үшін 251,5 млн.теңге сомасына инвестиция салған болатын.

2017 жылдың қазан айы жағдайы бойынша «Ер-Тай» ЖШС қызметкерлерінің саны 215 адамды құрады.

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі:



- 2014 жылға - 1197,0 млн. теңге немесе 2013 жылға 11,6%;

- 2015 жылға - 1334,2 млн. теңге немесе 2014 жылға 11,5%;

- 2016 жылға - 2342,2 млн. теңге немесе 2015 жылға 75,6%;

- 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында - 2 968,3 млн. теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 95,4%.
Электр энергиясын, газды және суды өндіру және тарату

Өнеркәсіп пен қаланың жетекші кәсіпорындары «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК және «Жезқазғанэнергосбыт» ЖШС болып табылады.



«Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК бойынша, 2014-2016 жылдар аралығында өндіріс көлемі 902,1 млн.теңгеден 1 121,1 млн.теңгеге дейін өсті. Үш жылдық кезеңде «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК 3,1 млрд.теңге инвестицияларды бөлген болатын.

Өңдеу өнеркәсібі

Қаланың экономикасын диверсификациялау шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптегі қорғасын кенін өңдеуге арналған Приозерск кен байыту фабрикасын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні қаланың өңдеуші өнеркәсібі азық-түлік өнімдерін өндіруге және машиналарды өндіру салаларында мамандандырылған.

2016 жылы қаланың жалпы өндеу өнеркәсіптік өндірісінің үлесі 3,5% -ды құрады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте өндірілген өндеу өнеркәсіптік өндірісінің өнім көлемі 161,8 млн.теңгені құрады.



Кесте 3.


Өңдеу өнеркәсібінің негізгі экономикалық көрсеткіштері


Көрсеткіштің атауы

Өлш. бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек

Өндірілетін өнім көлемі

млн. теңге

148,7

106,3

131,5

161,8

ФКИ

%

169,0

38,9

194,9

66,1

Жалпы облыстық өндеу өнеркәсіптік өндірісінің қалалық өнеркәсіп өнімінің үлесі

%


5,1

3,7

3,5

4,0


Жергілікті мазмұнды арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат

Приозерск қаласында қазақстандық қамтуды мониторингілеу үшін 2 кәсіпорын мен 3 ЖК анықталды: «Приозерск Строймастер» ЖШС, «Тұрғын үй-коммуналдық реформалау басқармасы» КМК, ЖК Кобенов , ЖК Жданова , ЖК Григорьева.

2014 жылы қала кәсіпорындарын сатып алудағы қазақстандық қамтудың деңгейі 95,3% -ды құрады. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 2014 жылы 780,9 млн.теңгені құрады.

2015 жылдың қорытындысы бойынша қала кәсіпорындарымен сатып алудың жалпы көлемі 535,0 млн. теңгені құрады, қазақстандық қамту үлесі - 96,1%.

2016 жылы қала кәсіпорындары жалпы сомасы 573,7 млн.теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден 561,9 млн.теңге немесе қазақстандық қамтудың 97,9%.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қаланың кәсіпорындары 263,2 млн.теңгеге тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алды, оның ішінде отандық тауар өндірушілерден - 259,8 млн. теңге немесе қазақстандық қамтудың 98,7% -ы 2016 жылға дейінгі кезеңге сай 23,1% өсті.

Кәсіпорындар мен ШОБ субъектілерін 2017 жылға сатып алудағы қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық үлесті дамыту және арттыру үшін өңір экономикасының дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады, кәсіпорындардың қызметтерін мониторинг және бақылау жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Жергілікті өндірушілер мен кәсіпкерлерді дамыту және қолдау мақсатында жыл сайын қаламыздың ірі кәсіпорындар, ШОБ өкілдерімен кеңес семинар өткізіледі.

2017 жылы аймақтың қаланың ірі кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін өткен жылдың деңгейінен кем емес деңгейде арттыру жоспарланып отыр.


Өнеркәсіп өндірісінің өсуіне қол жеткізуге арналған SWOT-сараптама




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1. Суды және жылуды өндіру мен бөлудің айтарлықтай экономикалық әлеуеті.




Әлсіз жақтары:

1.Шектеулі жер ресурстары.

2.Өнеркәсіптің дамуын шектейтін энергия тапшылығының өсуі және желілердің жоғары тозу деңгейі.

3. Шағын бизнес субъектілерінен өнеркәсіп саласындағы жобалардың болмауы.

4.Өнеркәсіп саласында қызмет ететін шағын кәсіпкерліктің және қаланың дара кәсіпкерлері белсенді кәсіпкерлердің жалпы санынан 1% -ы құрайды.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1.Өнеркәсіп секторында жоспарланған инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде экономикалық даму әлеуетін арттыру.




Қауіптер

1.Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жылжымайтын мүлік объектілерінің ликвидсіз және Приозерск қаласының кәсіпкерлерінің екінші деңгейлі банктердің кепілдік мүліктеріне төмен бағалауына байланысты өнеркәсіп саласындағы жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқтығы.




Өнеркәсіптің дамудың өзекті мәселелері

  • қолданыстағы өндірістік қуаттарды толық емес пайдалану;

  • жабдықтардың тозуы және ескірген технологияларды пайдалану деңгейі;

  • маркетингті және басқаруды қолданудың төмен деңгейі;

  • жұмыс мамандықтары бойынша білікті мамандардың және инженерлік-техникалық қызметкерлер тапшылығы.


Инвестициялық іс әрекеттері
Өңірдің дамуы негізінен инвестициялық ағындарды тарту үшін қаншалықты қолайлы жағдайлар бар болғанына байланысты. Осындай қолайлы ортаны қалыптастыру бизнес-үдерістерге арналған жоғары тиімді инфрақұрылымды, оның дамуына жәрдемдесетін мемлекеттік органдардың өнімді жұмысынан, сондай-ақ бизнесті дамыту үшін жаңа ресурстарды іздейтін жергілікті компаниялардың және кәсіпорындардың қызметінен тұратын жоғары тиімді инфрақұрылымды құратын компаниялар нарығында болуына байланысты.

2014-2016 жылдар аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 7,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 2016 жылы 1,2 млрд. теңге инвестицияланды, бұл 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 34,3%.

Бұл азаю әскери техника паркін салу, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жобасын іске асырумен, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты.

2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3 534,7 млн. теңгені немесе 2013 жылы 71,2% -ды құрады.

2015 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 65,9% -ға (2396,4 млн. теңге) дейін төмендеді.



2016 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 49,2% -ға дейін төмендеп, 1 232,3 млн. теңгені құрады.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Приозерск қаласының Кешенді даму жоспарын жүзеге асыру шеңберінде бюджеттік инвестицияларды инвестициялау есебінен негізгі құралдарға салынған инвестицияларды азайту, сонымен бірге Әскери техника паркін салу аяқталды.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1,077,3 млн. теңгені немесе 109,9% құрады.

Дағдарыстың көрінісіне байланысты әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды салуға және жөндеуге арналған қала бюджеті қысқартылды.




Сурет 2. 2014-2016 жылдар аралығындағы және 2017 жылдың 9 айы бойынша

негізгі капиталға инвестициялардың өзгеру динамикасы.

2014-2016 жылдар арасындағы және 2017 жылдың 9 айы ішіндегі негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көзі бюджеттік қаражат болып табылады (Приозерск қаласының Кешенді даму жоспарын іске асыру есебінен республикалық қорлардың ең үлкен үлесі). 2016 жылы олардың жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 54% -ды құрады.



Кесте 4.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі құралдарға инвестициялар



Көрсеткіштің атауы

Өлш. бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек

Бюджет қаражаты

млн. теңге

3 440,4

1 112,2

971,6

945,2

Жеке қаражаты

млн. теңге

94,3

1 214,2

260,7

132,1

Несие қаражаты

млн. теңге

-

70,0

-

-

Шетелдік қаражаты

млн. теңге

-

-

-

-

Барлығы

млн. теңге

3 534,7

2 396,4

1 232,3

1 077,3

Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің Қарағанды облысы бойынша статистикалық департаменті

Инновациялық даму

Мемлекеттік инновациялық саясаттың негізгі міндеттері дәстүрлі салалардың технологиялық артта қалуын төмендеуі және білім экономикасында жаңа бағыттарға негіз қалау болып табылады.



2016 жылдың қорытындысы бойынша қаланың 11 кәсіпорнында инновациялық қызметтің статистикалық мониторингі жүргізілді, инновацияларды 1 кәсіпорын көрсетті. Қызметтің үлесі 9,1% -ды құрады (облыстық деңгей - 10,6%).

Кәсіпорындардың көлеміндегі инновациялардың белсенділігі орта кәсіпорындар үшін - 25% (4-тен 1 кәсіпорын) байқалады.

2016 жылы инновациялық өнімдердің көлемі жоқ.

Инновациялық қызметтің деңгейін, сондай-ақ өндірілген инновациялық өнімдердің көлемін арттыру мақсатында аймақта жоғары технологиялық инновациялық жобаларды табу үшін жұмыстары жалғастыруда.

Инновациялар мен инвестицияларды дамытудың SWOT- сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) Табиғи ресурстардың қолжетімділігіне байланысты (Балқаш көлі, «Бетпақ-Дала» даласы) аймақтың инвестицияларға деген

жоғары тартымдылығы.


Әлсіз жақтары:

1) Өнеркəсіпте жоғары технологиялық жəне ғылымды қажет ететін өнімдерді өндіру үшін өндіріс орындары жоқ;

2) Инвестицияларды тарту үшін бәсекелеске төмен қабілетті жағдайлар (әлсіз дамыған инфрақұрылым);

3) Инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымның дамымауы (арнайы аймақтар, қаржылық, банк, ақпараттық-талдамалық, консалтингтік, көлік және т.б.)




Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) өңіраралық байланыстарды орнату;

2)«Инвестор - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау.


Қауіптер

1) экономикалық өсудің жалпы төмендеуі

әлем және геосаяси тұрақсыздықтың өсуі;

1) мемлекетіміздің ресурстық базаның азайғандығына байланысты инвестициялық тартымдылықтың жоғалуы байланысты.




Иновациялары мен инвестициялардын өзекті мәселері

  1. мемлекетіміздің ресурстық базасының азайғандығына байланысты инвестициялық тартымдылықтың жоғалуы;

  2. қала аумағындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың жоқтығы.

Агроөнеркәсіптік кешен
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымында тұрақты өсу қарқыны байқалады. 2014 жылы 62,2 млн.теңге құрап, 2013 жылмен салыстырғанда (57,7 млн.тг) - 7,8% өсті, 2015 жылы 105,8 млн. тг құрап - 2014 жылмен салыстырғанда 70,1% ұлғайды , 2016 жылы (115,4) 9,1% артты, 2017 жылың 9 айдағы көрсеткішінде 10,2% өсу қарқыны байқалады, былтырғы жылмен салыстырғанда. 2014 жылы нақты көлем индексі -106,1% құрады, 2015 жылы – 108,8%, 2016 жылы – 103,2%, ал 2017 жылдың 9 айында 100,5% болды.

Кесте 5.

Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы бойынша негізгі экономикалық көрсеткіштері

Атауы

Өлшем бірлігі

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

Қаңтар-қыркүйек 2017 ж.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы, оның ішінде:

млн. теңге



62,2

105,8

115,4

101,6

Өсімдік шаруашылығының өнімі

6,8

23,1

20,3

23,0

Мал шаруашылығының өнімі

55,4

82,7

95,1

78,6

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі, былтырғы жылға %, оның ішінде:

%


107,8

170,1

103,2


100,5

Өсімдік шаруашылығының өнімі

95,8

339,7

104,3

100,3

Мал шаруашылығының өнімі

109,5

149,3

102,8

100,5

Ауыл шаруашылығы дамуында негізгі басымды бағыты мал шаруашылығы болып отыр, ол ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымының 82,4% құрады (2016 жыл).

Осы кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсу динамикасы байқалды. 2017 жылдың 9 айында тірі салмақта сойылған малдың барлығы 45,0 тоннаға жетті немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен 116,6% (2016 - 49 тонна, 2015 жылы - 47,1 тонна, 2014 - 34 , 5 тонна), 2016 жылы сауылған сүт көлемі - 620,1 тонна (2015 ж. - 653,2 тонна, 2014 ж. - 641 тонна, 2017 жылдың 9 айында 396,8 тонна), жұмыртқа өндірісі - 144,3 мың дана (2015 ж. - 103,2 мың бірлік, 2014 жылы - 133,9 мың дана, 2017 жылдың 9 айында 90,5 мың дана құрады). Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ұлғайту агроөнеркәсіп кешенінің мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жүйелі жұмысына ықпал етті.

Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сатудың артуы,


мемлекет тарапынан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылды.

Қала аумағында 2011-2015 жылдар аралығында «Сыбаға» бағдарламасы аясында 3 инвестициялық жоба және «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 9 жоба жүзеге асырылды.

2014 жылы 31 желтоқсанда «Гранд Құрылыс» ЖШС «Сыбаға» бағдарламасымен мал шаруашылығын дамытуға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 17,4 млн. теңгеге 48 бас асыл тұқымды мал алуға 7 жыл мерзімге несиелік қаражат алды.

2014 жылы жеке кәсіпкер Еспенбетов Ж.О. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша мал шаруашылығын дамыту және бордақылау алаңын ашу үшін 1,5 млн. теңге көлемінде микрокредит алды.



2014 жылы құс шаруашылығын дамыту үшін, жеке кәсіпкер Кобеновқа О.Ш. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 2,4 млн. теңге сомасына микрокредит берілді.

2015 жылы мал шаруашылығын дамытуға «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша жеке кәсіпкер Бостановаға К.К. 3,0 млн. теңге несие берілді. Сол несиеге 16 бас ірі қара мал сатып алды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша ЖК Жүсіпова бордақылау алаңын ашу үшін 3,0 млн. теңге несие берілді. Бұл сомаға 25 бас ірі қара мал сатып алынды.

2016 жылы ауыл шаруашылығын дамытуға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 2 бағыты арқылы үш жобаға (ЖК Сейсов, ЖК Шәкәржан, ЖК Керімқұл) ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға 8 млн. теңге көлемінде төмен пайызбен несие бөлінді.

Сондай-ақ, ЖК Гончарук шағын-құс фабрикасын және жылыжайды ашу үшін 1,6 млн. теңге алды.

2017 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мал мен өсімдік шаруашылығын дамытуға 5 жобаға 24,4 млн. теңге төмен пайызбен несие берілді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында отандық тауар өндірушілер ауыл шаруашылығында мал шаруашылығы толықтай дамып келеді және қаламыздың тұрғындарын жергілікті экологиялық таза өнімдерімен қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдері жалпы шығарылымы артып келеді.



Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері:

  • мал шаруашылығын дамыту үшін ауыл шаруашылық жерлерінің жоқтығы;

  • ауыл шаруашылығының әлеуеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, бұл қаладағы ауыл шаруашылығының басты мәселесі болып табылады.

  • мал шаруашылығы объектілерінің жетіспеушілігі (шағын және орта шаруашылықтарда қаражаттың жетіспеушілігінен мал шаруашылық алаңдарын салу және қайта құру мүмкіндігі жоқ);

  • қала халқының қажеттіліктері үшін азық-түлік қорын сақтауға көкөніс қоймасын қайта жабдықтау қажет.

Мәселелік үрдістер жүйелік тәуекел факторларымен байланысты, оның ішінде:

  • шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қауымдастырылған тетіктері мен нысандарының болмауы;

  • аграрлық сектордағы құрылымдық реформалар үшін қаржы ресурстарының жоқтығы;

  • қаржы институттарының ауыл шаруашылық жобаларына инвестиция салудан бас тартуы.


АӨК өндіріс өнімі көлемінің өсіп жетуіне SWOT-сараптама





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда мемлекет тарапынан қолдаудың өсуінің оң динамикасы;

2) мал санының көбеюі.


Әлсіз жақтары:


1) Қазақстандағы мал шаруашылығы секторы айтарлықтай, бірақ әлеуеті толық дамымаған,

2) шаруашылық малдарын ұстап бағу кезінде еңбек қарқындылығына байланысты мал шаруашылығымен айналысуға мүдделі тараптардың төмен деңгейі;

3) ауыл шаруашылығына инвестициялар салудың төмен үлесі;

4) арнайы жайылымдардың болмауы;

5) жемшөп базасын ұйымдастыру және жинау;

6) әлеуметтік павильондардың болмауы.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру арқылы мемлекеттік қолдау көрсету;

2) тиімді географиялық орналасуы Астана-Алматы республикалық тас жолынан 6 шақырым жерде орналасқан.

Қауіптер

  1. заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының жоғары құны;

  2. жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы;

  3. табиғи ортаның, өсімдіктердің, жануарлардың, балықтардың, жәндіктердің паразиттік түрлерінің ластануы.

Агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелері:

  • мал шаруашылығын дамыту үшін ауыл шаруашылық жерлерінің жоқтығы;

  • мал шаруашылығы объектілерінің жетіспеушілігі (шағын және орта шаруашылықтарда қаражаттың жетіспеушілігінен мал шаруашылық алаңдарын салу және қайта құру мүмкіндігі жоқ);

- қала халқының қажеттіліктері үшін азық-түлік қорын сақтауға көкөніс қоймасын қайта жабдықтау;

Мәселелік үрдістер жүйелік тәуекел факторларымен байланысты, оның ішінде:

  • шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қауымдастырылған тетіктері мен нысандарының болмауы;

  • аграрлық сектордағы құрылымдық реформалар үшін қаржы ресурстарының жоқтығы;

  • қаржы институттарының ауыл шаруашылық жобаларына инвестиция салудан бас тартуы.


Кіші және орта бизнес
Қаланың белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігі сауда, автокөліктерді, тұрмыстық заттар мен жеке заттарды жөндеу, сондай-ақ құрылыс, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуге маманданған. Қазіргі уақытта қаладағы жағдай кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыруымен сипатталады.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Приозерск қаласында 686 шағын және орта бизнес субъектісі бар, бұл 2016 жылға қарағанда 106,2 % -ға көп (646 бірлік). 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40,2 % артып, 684 бірлікті құрады.



ШОБ құрылымында жұмыс істейтін субъектілердің ең үлкен үлесін үлесін 89,3% -ды жеке кәсіпкерлер құрайды, шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың үлесі - 9,6 %, шаруа қожалықтары орташа есеппен - 1% құраса, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың үлесі жалпы ШОБ субьектілерінің 0,3 % құрайды.

Шағын және орта бизнесті жандандыру, жаңа өндірістердің өнім шығару көлемі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі нәтижесінде 2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде ШОБ көлемі 0,6% -ға (2,171 млн. теңгеден 2,185 млн. теңгеге дейін) өсті. 2015 жылды 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,5% артып, 2 173,7 млн. теңгені, ал 2016 жылды 2015 жылмен салыстырғанда 0,5% өсті. 2017 жылғы 9 айда ШОБ өкілдерінің шығарған өнімдері (жұмыстары мен қызметтері) өндірісі 1 387 млн. теңгені немесе 2016 жылғы тиісті кезеңнің 17,8% -ын құрады.

Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2014 жылдан 2016 жылға дейін 2,6% -ға (1011 адамнан 1037 адамға дейін) өсті. 2016 жылды 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,4 % артып, 1045 адамды құраса, ал 2015 жылды (1031 адам) 2014 жылмен салыстырғанда 2,0 % өсті.

2017 жылғы 9 айда ауыл шаруашылық саласында жұмыс істейтіндердің саны 1049 адамды құрады немесе 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегі 101,1% құрады.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Моноқалаларды, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты аясында жалпы құны 130 млн. теңгегені құрайтын екі жоба жүзеге асырылды, оның ішінде бір жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан несиеге кепілдік беру туралы келісімге ие болды.

Жыл сайын «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен «Бизнес-Кеңесші» жобасын іске асыруға мақсатында, жаңадан кәсібін бастайтын кәсіпкерлерге сертификаттар алу арқылы семинар-тренингтер өткізіледі. Мақсат – тұрғындарды бизнес-идеяларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік органдарда кәсіпкерлікті рәсімдеу, кәсіпкерліктің құқықтық базасы, салық төлеу, несие алу және бизнес-жоспарлар құру туралы оқыту.

2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында екі жоба жүзеге асырылды:

1. «Қайсар» ЖШС базасында қолданыстағы қоймаларды кеңейту. Жобаның құны - 70,0 млн. теңге. Кәсіпорын «ForteBank» АҚ-нан «Моноқалаларды, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты аясында қаржыландыру бойынша қолдау тапты.

2. «Жанар-жағармай материалдарын сату және сақтау жөніндегі қызметті кеңейту» - «Қайсар» ЖШС айналым қаражатын ұлғайту. Жобаның көлемі 60,0 млн. теңге. Кәсіпорын «ForteBank» АҚ-нан «Моноқалаларды, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты аясында қаржыландыру бойынша қолдау тапты және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан несиеге кепілдік беру туралы келісімге ие болды.

2016 жылы осы бағдарламаға сәйкес 1 инвестициялық жоба іске асырылды:

1) «Қайсар» ЖШС - «Жанар-жағармай материалдарын сату және сақтау жөніндегі қызметті кеңейту». Жобаның құны - 70,0 млн. теңге. 2016 жылы Үйлестіру кеңесі жобаны мақұлдады және кәсіпорын «ForteBank» АҚ-нан «Моноқалаларды, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендердің кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағыты аясында қаржыландыру бойынша қолдау тапты



2017 жылы осы бағдарлама бойынша 2 инвестициялық жоба іске асырылды:

1) ЖК Абилдинова «Гранит» қонақ үй кешенінің инфрақұрылымын қайта құру және дамыту жобасы (несие соммасы 50 млн. теңге);

2) «Қайсар» ЖШС - «Жанар-жағармай материалдарын сату және сақтау жөніндегі қызметті кеңейту». Жобаның көлемі 60,0 млн. теңге.

Бұл жобалар «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

ШОБ дамуының SWOT - сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) қолайлы географиялық жағдайға ие, Балқаш көлінің жағасында және Астана-Алматы республикалық авто жолының орталығында орналасқан;

2) «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша салалық шектеулердің болмауы;

3) қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің және кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсету жүйесін қол жетімділігі;

4) елеулі кәсіпкерлік әлеует және оны одан әрі дамыту үшін жағдайлар

Әлсіз жақтары:

1)өндірістік бағыттағы ШОБ субьектілерінің болмауы (шағын сызықтар);

2)Приозерск қаласының (5,454 га) шектеулі жер ресурстары, бұл бизнесті толықтай дамытуға мүмкіндік бермейді;

3)бастапқы капиталдың және тиімді кепілдіктің болмауы;

4)облыс орталығынан (530 шақырым) алыс қашықтыққа орналасуына байланысты екінші деңгейлі банктер қаланың кәсіпкерлерінің кепілге салынған мүлкін төмен бағалап, несие беруден бас тартады;

5) қалада екінші деңгейдегі банктердің болмауы («Халық Банкі» АҚ қоспағанда).





Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну арқылы қаланың индустриясын әртараптандыру;

2) мемлекеттік бизнесті қолдау бағдарламалары үшін құралдардың кең спектрінің болуы;

3) шағын және орта бизнесті қолдауға арналған инфрақұрылымды одан әрі дамыту;

4) бизнестің әрі қарай дамуы үшін бос орындардың болуы;

5) мемлекеттік бағдарламалардың есебінен оқу бағдарламаларына қатысу арқылы кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мүмкіндігі.





Қауіптер

1) мемлекеттің қаржылық қолдауының төмендеуі;

2) ғылыми ұйымдардың инновациялық әзірлемелерін беру қиындықтары;

3) шағын бизнестің экономикалық өзгерістерге сезімталдығының жоғары болуы;

4) ДСҰ-на кіруге байланысты халықаралық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі.


ШОБ дамуының өзекті мәселелері

- екінші деңгейлі банктердің Приозерск қаласының кәсіпкерлерінің кепілдік мүліктерінің төмен бағалауына және жылжымайтын мүліктің нашарлығына байланысты шағын және орта бизнес субъектілерінің өнеркәсіп саласындағы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жоқ;

- кəсіпорындардың бірінші жұмыс жылы айналым қаражатын толықтырып алу үшін қосымша қаржылық қолдау көрсету мәселесін шешу талап етіледі;

- өңдеуші өнеркәсіпке байланысты жобаларды несиелеуде екінші деңгейдегі банктерден жиі бас тартуы, оған қарағанда жылжымайтын мүлікті, көлік, бөлшекті саудаға арналған жобаларды несиелеуді қатты мән беруі;

- CT-KZ сертификаттарын алу рәсімін жеңілдету мәселесін шешу қажеттілігі;

- шағын және орта кәсіпорындардың сыртқы нарыққа шығуының қиындығы;

- шағын және орта бизнесті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелері.
Сауда
Сауда – экономикалық қызметтің негізгі салаларының бірі болып табылады. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша қалада сауда қызметінде 155 нысан бар, оның ішінде 124 сауда нысаны, 21 қоғамдық тамақтану нысаны және 1 орталық базар болып табылады.

2014 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде бөлшекті тауар айналымы 1 677 млн. теңгеден 1999,3 млн. теңгеге немесе 19,2% -ға өсті.

Кесте 6.
2017 жылы бөлшекті тауар айналымының көлемі 1710,5 млн. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың

9 айы бойынша

Бөлшек тауар айналымы, млн теңге

1 677

1 705,1

1999,3

1262,96

Бөлшек тауар айналымы көлемінің негізгі бөлігін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын және нарықта саудамен айналысатын жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.

2014-2016 жылдары 14 жаңа сауда және қызмет көрсету нысандары пайдалануға берілді. Олардың ішінде: 2014 жылы 5 нысан пайдалануға берілді және 2015 жылдың 10 айы бойынша 5 нысан пайдалануға берілді.

2016-2018 жылдары ШОБ субьектілерімен 110 млн теңгені құрайтын 7 жаңа және реконструкцияланған сауда және қызмет көрсету нысандарын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

2019-2020 жылдары ШОБ субьектілерімен 63,5 млн. теңгені құрайтын 7 жаңа сауда және қызмет көрсету нысандарын пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Сауда-саттықтың өсуіне қол жеткізудің SWOT- сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) жоғары кәсіпкерлік қызмет;

2) бәсекелестіктің жоғары қарқындылығы;

3) нарықта жүзеге асырылатын тауарлы өнімдердің жоғары қанықтылығы;

4) заманауи сауда нысандарын енгізу.

Әлсіз жақтары:

  1. қоймалық және логистикалық инфрақұрылымның жеткілікті түрде дамымауы;

  2. тұтыну нарығындағы аумақты көгалдандыру мен инфрақұрылымның жеткілікті түрде дамымауы, автотұрақ және велотұрақтың болмауы;

  3. хылықтың әлсіз топтарына бейімделген тұтыну нарығындағы кәсіпорын санының аздығы (пандус, мүгедек арбасының тұрағы және т.б.);

  4. тез және сапалы түрде азық-түлікпен тамақтандыру қызметі аумақтық және бағалық жағынан қолжетімділігі жеткілікті түрде қамтамасыз етілмейді.

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы;

2) сауда-саттық саласында қызмет көрсету бойынша даму байқалады: заманауи технологиялар, тауарлық қызмет көрсету нысандары мен әдістері (қашықтыққа арналған сауда және интернет-сауданы дамыту және жетілдіру);

3)кәсіпкерлік қызметтің өсу әрекеттері.

Қауіптер

1) заманауи тауарлық жабдықтың қымбаттылығы;

2) сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қолдау;

3) әлемдегі экономикалық өсудің жалпы төмендеуі және геосаяси тұрақсыздықтың өсуі.



Сауда-саттықты дамытудың өзекті мәселелері

- сауда қызметін реттеу саласында әлсіз заңнамалық қолдау;



- ішкі сауда инфрақұрылымын дамытудың төмен деңгейі (заманауи көліктік-логистикалық орталықтардың жоқтығы);

- қалада екінші деңгейлі банктердің жоқтығы («Халық банкі» АҚ қоспағанда);

- Приозерск қаласы пайдалы географиялық жағдайға ие, Астана-Алматы республикалық автожолдан 6 шақырым жерде орналасқан. Бұл қызмет секторында ШОБ дамытуға мүмкіндік береді (жол бойындағы бизнес, қонақ үй қызметтері, қызмет көрсету станциялары және логистиканы дамыту).
Бәсекелестікті дамыту

Қалада бәсекелестікті дамыту үшін кәсіпкерлік қызметті дамыту және бәсекелестік ортаны жақсарту үшін қажетті инфрақұрылымды құру бойынша шаралар қабылдануда.



Қаланың ішкі нарығын қанықтыру мақсатында жылжымалы сауда және жол бойындағы саудалар ұйымдастырылып, тұрақты түрде ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Жамбыл облысы Шу қаласынан және Қарағанды ​​облысының Шет ауданынан жергілікті тауар өндірушілер мен кәсіпкерлердің қатысуымен апта сайынғы жәрмеңкелер ұйымдастырылып отырады. Аталған жәрмеңкелерде келесі азық-түлік өнімдері төмен бағамен сатылады: сиыр еті, көкөніс, жеміс-жидек, азық-түліктік емес тауарлар.

Қалада шағын және орта бизнестің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында қаланың әкімдігі жанындағы шағын кәсіпкерлік бойынша Сараптама Кеңесі жұмыс істейді. Сонымен қатар, адал бәсекелестіктің артықшылықтарын түсіндіру мақсатында, жергілікті атқарушы мекемелердің, бизнес өкілдерінің, кәсіпкерлер Кеңесінің, Орталық Қазақстан Ассоцияциясы кәсіпкерлері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бұл тақырып бойынша материалдар қалалық газет беттерінде жарияланады.


2- Бағыт. Әлеуметтік сала



Білім беру
Мектепке дейінгі білім

Приозерск қаласында мектепке дейінгі білім мекемесінің саны 5 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 балабақша және 2 шағын орталық. 2014 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 98,8%, 2015 жылы 98,8 %, 2016 жылы 98,8%, 2017 жылы 99,3% құрайды.





Сурет 3. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқумен қамту

2015 жылы 200 орынға арналған жаңа «Балақай» балабақшасы ашылды.

Мектепалды даярлық жасындағы балалар 100% мектепалды даярлықпен қамтылды.

Саланың маңызды мәселесі – білікті мамандардың тапшылығы.

Оқыту тілі қазақ тіліндегі мектепке дейінгі ұйымдарда орыс тілінде оқыту жүргізіледі, балабақшалардың 83,3 % -да жергілікті бюджеттен штатқа енгізілген ағылшын тілі мұғалімдері ағылшын тілін оқытады.

«Айналайын» балабақшасында мектепке дейінгі білімнің сапасын арттыру үшін дәстүрлі әдістермен қатар М.Монтессори әдісінің элементтері қолданылады, инклюзивті білім беруді енгізу, денсаулық сақтау мәселесі туралы эксперименттік жұмыс ұйымдастырылды.



Орта білім беру.

Приозерск қаласының аймағында 2 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның ішінде №1 ОМ қазақ тілінде, №2 ОМ аралас тілде оқытылады. Барлық оқушылар саны -1830 адам. Қала мектептеріндегі мұғалімдер саны – 160. Мектепте орыс тілінде беретін орыс тілі пәнінің мұғалімі және математика пәнінің мұғаліміне сұраныс сақталады. Мектептерде оқу кабинеттерімен қамтылған: физика –100 %, химия – 100 %, биология – 100 %. Мектептер мультимедиялық кабинетпен, жоғары технологиялы құрылғымен жарақтандырылған.

Мектептерде оқушылады тамақтандыру ұйымдастырылған. Жыл сайын көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін бюджетте қаражат қарастырылады. 2014 жылы аталған категориядағы 365 бала тамақпен қамтылған, 2015 жылы 393 бала, 2016 жылы 221, 2017 жылы 9 айда 201 бала қамтылған.



Сурет 4. Көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін ыстық тамақпен қамту
Көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балалардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Қала мектептерінде видеобақылау жүйесімен қамтылған, жылуды есептеу, ыстық жзәне суық сумен жабдықтау құралы орнатылған.

«Айналайын» балабақшасы инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. №2 ОМ инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша тәжірибелік алаң болып бекітілді.

Қазіргі уақытта мектепте 40 оқушы (жалпы оқушылар санынан 9 % ), оның ішінде 4 (0,5%) мүгедек бала инклюзивті білім беру бойынша білім алады. Қазіргі уақытта 20 сыныпта 43 мұғалім жұмыс істейді.

Мектепте тәжірибелік алаң мақсаты мен міндетін жүзеге асыру үшін психолог- педагогикалық қызметін сүйемелдеу үшін мектептік псхолог-педагогикалық консилиум құрылды.

Сүйемелдеу қызметі жеті мамандардан тұрады: инклюзивті білім беру бойынша директордың орынбасары, арнайы білім беру, екі орыс тілінде және қазақ тілінде жүргізетін дефектолог-педагог , екі орыс тілінде және қазақ тілінде жүргізетін педагог- психолог, әлеуметтік педагог, денешынықтыру нұсқаушысы.


Білім беруді дамытудың SWOT-сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) қалада мектепке дейінгі жастағы балалардың қамтуының өсуі

(1-6 жас 91,5%- ға дейін );

2) МДҰ-да ағылшын және орыс тілін енгізу - 83,3 %.




Әлсіз жақтары:

1) білім мекемесінде кадрлардың тапшылығы;

2) орта мектептерде компьтерлерлік парктің төмендігі.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен еркін қамтылу мүмкіндігі.




Қауіптер

1) мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу үшін демографиялық үдеріске (туудың өсуі) байланысты кезектің өсуі;

2) еңбек нарқына байланысты мамандардың болмауы.



Білім бойынша өзекті мәселе

- орыс тілінде оқытатын химия пәнінің мұғаліміне тапшылығы.




Денсаулық сақтау
Қала аумағында 2 дербес медициналық ұйымдар: "Приозерск қаласының орталық ауруханасы" КМК және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі Приозерск Әскери госпиталі жұмыс істейді. Тұрғындарға медициналық көмекті жүзеге асырады, тәулік бойы жұмыс істейтін 40 төсекке арналған стационар 10 төсекке күндізгі стационар, консультативтік-диагностикалық емхана қуаттылығы бір ауысымда 200 адам қабылдайтын, қала және Сарышаған кентіне жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесінен тұратын екі фельдшерлік бригадалар, шұғыл медициналық көмек бекеті.

"Приозерск қаласының 2014-2017 жылдарға арналған қатерлі ісіктерден өлім 42,2% өсу үрдісі байқалады. 2014 жылы қатерлі ісіктерден 5 өлім жағдайы тіркелді, 2015 ж. 4 жағдай тіркелді, 2016 жылы – 6 жағдай. 2017 жылы 9 айында 7 жағдай тіркелді.

Қатерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіш құрайды:

- 2014 жылы 37.4% 100 мың халыққа шаққанда, бұл деңгейі облыстық деңгейден төмен 34,5% (108,4%);

- 2015 жылы өлім-жітім көрсеткіші төмендеді 30.0 % 100 мың халыққа шаққанда, бұл деңгейі облыстық деңгейден төмен 69,3% - і (97,7);

- 2016 жылы 100 мың халыққа, 45.3% тіркелді, бұл деңгейі облыстық деңгейден 54,2% (98,9) төмен 100 мың халыққа шаққанда.

- 2017 жылы 9 айындағы көрсеткіш 53.2% - ға көтерілді.

2017 жылдың 9 айға ұқсас кезеңімен салыстырғанда қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші 26,7 % - ке төмендеп, 53.2% құрады 100 мың тұрғынға шаққанда (9 ай 2016ж.– 72,6 % - ке (100 мың халыққа шаққанда).



Сурет 5. Онкологиялық аурулардың өлім – жітім 100 мың халыққа шаққанда
Соңғы 4 жылда 2014-2017 жылдар аралығында ана өлімі қаламызда тіркелген жоқ.

2014-2016 жылдар аралығында нәресте өлімі 51,8% төмендеді.

2014 жылы бала өлімінің 5 жағдай тіркелді, 2015 жылы бала өлімінің 2 жағдайы тіркелді, 2016 жылы бала өлімінің 3 жағдай тіркелді, 2017 жылдың 9 айында бала өлімінің 1 жағдай тіркелген.

Бала өлімі құрады:



  • 2014 жылы 18,9% 1000 тірі туылғандар шаққанда, яғни облыстық деңгейден 112,3% (8,9%) жоғарыланған;

  • - 2015 жылы 7,5% 1000 тірі туылғандар шаққанда, яғни облыстық деңгейден 12,2% (8,55%) төмендеген;

  • - 2016 жылы 9,1% 1 000 тірі туғандарға шаққанда, яғни облыстық деңгейден 12,3% - ға (8,1%)жоғары;

  • 2017 жылы 9 айында 4,1% - ға 1000 тірі туғандарға шаққанда, бұл деңгейі облыстық деңгейден төмен 44,5% (7,4%);

Нәрестелердің өлім-жітімі 2017 жылдың 9 айын 2016 жылымен салыстырғанда 54,9% төмендеді, 1000 тірі туғандарға шаққанда (2016 ж. – 9,1) 4,1 құрайды.


Сурет 6. Нәрестелер өлім – жітімі 100 мың халыққа шаққанда
Талдау көрсеткендей, 2014-2016 жылдары байқалады сырқаттанушылық және АИТВ-78,6%.

АИТВ-инфекция шалдығуы:

- 2014 жылы 0,014 % (1 жағдай) 100 мың халыққа шаққанда құрайды

- 2015 жылы 0,012 % (1 жағдай) 100 мың халыққа дейін төмендеді

- 2016 жылы 0,025 % (2 оқиға) 100 мың халыққа дейін өсті

- 2017 жылы 9 айдың көрсеткіш 0,014 % (1 жағдай) 100 мың халыққа шаққанда құрайды.

2016 жылдан бастап Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау "Денсаулық" 2016-2019 жылдарға арналған, оның мақсаты денсаулықты нығайту, азаматтардың дамуын қамтамасыз ету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қала бойынша 2014 - 2017 жылдарға арналған 42,9 % және 38,5 % ОМҚ көрсеткішінің өсуі қамтамасыз етілуде.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші қала бойынша:

- 2014 жылы 20,21 (27 дәрігер) құрады, орта медициналық қызметкерлермен – 57,6 (77 ҚМЖ);

- 2015 жылы – 21,8 (28 дәрігер) және 64,6 (87 ОМҚ);

- 2016 жылы – 23,4 (31 дәрігер) және 71,7 (95 ОМҚ);

- 2017 жылы 9 ай ішінде 28,9 (38 дәрігер) және 79,8 (105 ОМҚ) тиісінше.

Медициналық жабдықпен жарақтандырылуы және медициналық мақсаттағы бұйымдармен мемлекеттік медициналық ұйымдарды 52,25% құрады, бекітілген ең төменгі нормативіне (ескере отырып, тозу).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет