Бағдарламасы 2017 жыл мазмұны № Бөлімнің атауы бет 1



жүктеу 2.1 Mb.
бет3/10
Дата26.08.2018
өлшемі2.1 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Денсаулық сақтауды дамытудың SWOT-сараптамасы



Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) медициналық көмектің қол жетімділігі.



Әлсіз жақтары:

1) физикалық және моральдық тұрғыдан медициналық жабдықтардың ескіруі;

2)жас мамандардың жұмыс істеуі үшін ынталандырудың төмендігі;

3) тар мамандығы бойынша дәрігерлердің тапшылығы;

4) ұсынылатын қызметтердің төмен сапасы.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) мемлекеттік бағдарламалар;

2) жаңа технологиялар;

3) қазіргі заманғы фармакология саласы.



Қауіптер

1) әлсіз дайындау және жеткіліксіз білім деңгейі дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлер.




Денсаулық сақтаудың өзекті мәселелері

– дәрігерлер мен профилдік мамандардың дефициті;

– аурухананың материалдық-техникалық жабдықталуының жеткіліксіз деңгейі, бұл аурудың уақытында диагностикасын төмендетеді.

Халықты әлеуметтік қорғау.

Приозерск қаласындағы халықтың әлеуметтік осал топтарына келесі әлеуметтік көмек түрлері көрсетіледі: атаулы әлеуметтік көмек; тұрғын-үй көмегі; 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар; жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша үйде тәрбиеленіп, оқытылатын мүгедектігі бар балаларға шығындардың орнын толтырту бойынша әлеуметтік көмек; мүгедектерді оңалтудың өтемдік (қосалқы) құралдармен қамтамасыз ету; егде жастағы адамдар, мүгедектер мен мүгедек балаларға үйден қызмет көрсету; 1-ші топтағы мүгедектерге көмекшілер беру; бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды бейімдеуде әлеуметтік көмек көрсету.

Әлеуметтік қорғау бағдарламаларын қаржыландыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Қалада 2017 жылдың 1 қаңтар жағдай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 14 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 49 адам есепке алынды, бұл 2014 жылға қарағанда 55 адамға немесе 52,9%-ға аз (2014 жылы - 23 отбасы, оның ішінде 104 адам; 2015 жылы 15 отбасы,оның ішінде 68 адам).

Қалада 2017 жылдың 9 айы ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 19 адамнан тұратын 4 аз қамтылған отбасы есепке алынды, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30 адамға немесе 61,2% -ға аз (2016 жылдың 9 айы ішінде - 14 отбасы, оның ішінде 49 адам).

2014 жылдан 2016 жылға дейінгі тіркелген кедейлік деңгейі 0,7 пайыздық тармаққа (0,8% -дан 0,1% -ға) төмендеді.





Сурет 7. Кедейлік деңгейі
Аз қамтылған азаматтардың санының төмендеуі жұмыспен қамту саласындағы белсенді саясатына, еңбек нарығында еңбекке қабілеті бар мұқтаж адамдарды ынталандыруға және еңбекке тартуға, халықтың кірістерінің өсуіне (зейнетақылар мен жәрдемақылардың өсуіне, еңбекақы төлеуге), жеке ісін ашу үшін материалдық көмек көрсетуге, шағын несиелер беруге, халықтың жасырын табысын анықтауға байланысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мүгедектер мен қарт адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсететін 2 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, ал 1 әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді. 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда қызмет көрсететін адам саны 4 адамға көбейді (2014 жылы - 17 адам: 13 ересек және 4 бала; 2015 жылы - 18 адам: 13 ересек және 5 бала; 2016 жылы 22 адам: 16 ересек және 6 бала; 2017 жылдың 9 айы ішінде - 21 адам: 14 ересек және 7 бала).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде есепте тұрғандар: 2014 жылы - 216 мүгедек, 2015 жылы - 220 мүгедек, 2016 жылы - 239 мүгедек, 2017 жылдың 9 айы үшін - 241 мүгедектер, оның ішінде І топтағы мүгедектер - 25, II топтағы мүгедектер - 95, ІІІ топтағы мүгедектер - 87, мүгедек балалар - 34. 2014 жылмен салыстырғанда мүгедектер саны 25 адамға артты.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту шығындарын өтеу үшін 2015 жылы 66,1 мың теңге жұмсалды. 2014 жылмен салыстырғанда 52,9 мың теңгеге (2014 жылы - 80,0 мың теңге), 2016 жылы - 56,4 мың теңгеге, 9 айға 2017 - 75,3 мың теңгеге дейін азайған.

2015 жылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, жергілікті бюджеттен 954,5 мың теңге және республикалық бюджеттен 201,9 мың теңгеге гигиеналық өнімдермен (жөргектермен, зәр қабылдағыштармен) 22 мүгедек қамтамасыз етілді; 2014 жылмен салыстырғанда мүгедектер саны 2 адамға артты (2014 жылы - 967,7 мың теңгеге 20 мүгедек). 2016 жылы жергілікті бюджеттен 1240,5 мың теңге және республикалық бюджеттен 1192,5 мың теңгеге 21 мүгедек қамтамасыз етілді, 2017 жылдың 9 айы бойынша жергілікті бюджеттен 1383,5 мың теңге және республикалық бюджет қаражатынан 1017,5 мың теңгеге 25 мүгедек қамтамасыз етілді.

1 топтағы мүгедектерге арналған жеке көмекшілердің көрсеткен қызметтері төленді (2015 жылы - 3/84,2 мың теңге, 2016 - 6/559,3 мың теңге, 2017 жылдың 9 айы бойынша - 6/774,3 мың теңге).

Бұдан басқа, жыл сайын қала бюджетінде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша материалдық көмек төлеу көзделген. 2015 жылы бұл төлемдерді төлеуге 7 505,0 мың теңге жұмсалды. 2014 жылмен салыстырғанда төлемдер сомасы 1 165,0 мың теңгеге (2014 жылы - 6 340,0 мың теңге, 2016 жылға - 8 748,1 мың теңге, 2017 жылдың 9 айында - 7 666 теңге, 4 мың теңге). Бұл қаражат Ұлы Отан соғысының қатысушыларына коммуналдық қызметтерін өтеу, мерекелік және есте қаларлық күндерге материалдық көмек беру, қиын өмірлік жағдайға байланысты қосымша әлеуметтік төлемдерді төлеу, әлеуметтік маңызды аурулармен (онкологиялық аурулармен) ауыратын азаматтарға материалдық көмек көрсету, құрт ауруымен (туберкулез) ауыратындарға әлеуметтік пакетті сатып алу үшін пайдаланылды.

Қазақстан Республикасында 2012-2018 жылдарға арналған Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 1 және 2 кезеңдерін жүзеге асыру шеңберінде мүгедектердің қолжетімді ортаны сақтау үшін объектілерге түгендеу (паспорттандыру) жүргізу жұмыстары жасалуда. Бұл жоспар мүгедектердің өмірінің негізгі салаларында жұмыс пен жұмысқа орналасудың қолжетімділігін қамтамасыз ету, мәдени және спорттық өмірге қатысу, демалыс және бос уақытты өткізу, саяси және қоғамдық өмірге қатысу және мүгедектер туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі шараларды қарастырады.

Қаланың әкімінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 6ө бұйрығымен Приозерск қаласындағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына түгендеу (паспорттандыру) жүргізу жұмыс тобының құрамы жаңартылды. 2012-2015 жылдары 51 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына паспорт жасалды, оның ішінде 51 нысан бейімделуге жатады. 7 нысан бейімделген. Есептеу әдісіне сәйкес көрсеткіш 13,7% -ке жетті.

Кесте 7.


Анықтама үшін:

мемлекеттік басқару - 3 нысан (Мемлекеттік кірістер басқармасы, ІІБ, ДҚБЖ құтқару бөлімі),

басқа - 2 нысан («Сымбат» жиһаз салоны, «Арай» сауда үйі).


Кесте 8.
Бұрын бейімделетін 14 нысанда мүгедектердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін арнайы түймелер орнатылды.

Анықтама үшін:

Түймелер орнатылған:

- «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ;

- «Приозерск қаласының құрылыс бөлімі» ММ;

- «Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;

- «Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;

- «Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕ АҚ Қарағанды ​​облысы бойынша филиалы - Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Приозерск қалалық бөлімі;

- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінің Приозерск қалалық бөлімі;

- «Тұрғын үй-коммуналдық реформа басқармасы» КМК;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешенінің мемлекеттік инспекция комитетінің қалалық аумақтық инспекциясы;

- Қарағанды ​​облысының ІІД Приозерск қаласының ішкі істер бөлімінде;

- БЗЖҚ қалалық бөлімі;

- «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ;

- «Достық» балалар-жасөспірімдер орталығы» КММ;

- «Призерск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ;

- «Азаматтарға арналған Үкімет» МК» КЕ АҚ Қарағанды ​​облысы бойынша филиалы - «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Приозерск қалалық бөлімі

Жұмыстағы қиындықтар көптеген объектілер 1956-1967 жылдары салынған ғимараттарда орналасқандықтан туындады, бұл оларды қайта құруды қиындатады.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылдың 28 қарашадағы бірлескен № 274 бұйрығына сәйкес, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің 120 маманымен смета есептілігі құрастырылып, 2018 жылға арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру бойынша мемлекеттік және коммуналдық меншіктің басшылары үшін қажетті қаржыландыру көлемі есептеліп, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімділігін арттыру мақсатында нысандарды қайта құру бойынша іс-шаралар жоспарланған.
Еңбек нарығы

Приозерск қаласының аумақтарды дамыту Бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыз азаматтарға, 7 жасқа дейінгі бала күтімімен отырған, аз қамтылған отбасылардан шыққан, толық емес жұмыс уақытымен қамтылған азаматтарға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, кәсіптік оқу курстарына, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жолдау және т.б. нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге белсенді іздеу және іріктеу шаралары қолданылды.

Әлеуметтік саясатты жүргізудің негізгі бағыттарының бірі, халықтың осал тобын қорғайтын әлеуметтік саясат болып табылады.

Еңбек делдалдығы үшін өтініш берген тұлғалардың саны 2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында - 2 498 жұмыссыз азматты құрады, (2014 ж. – 375, 2015 ж. – 410, 2016 ж. – 1114, 2017 жылдың 9 айында – 599 адам өтініш білдірді).

Жұмысқа орналастырылды 2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында 1 790 адам; (2014ж. – 332 адам, 2015ж.- 356 адам, 2016 ж.- 824 адам, 2017 жылдың 9 айында 278 адам жұмысқа орналастырылды).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында – 1 222 жастар өтініш білдірді. (2014 ж.- 184 адам, 2015ж. – 176 адам, 2016 ж. – 552 адам, 2017 жылдың 9 айында – 310 адам).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында – 44 мүмкіндігі шектеулі азамат өтініш білдірді. (2014 ж.- 4 адам, 2015ж. – 4 адам, 2016ж. – 8 адам, 2017 жылдың 9 айында – 28 адам).

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың санынан, жұмысқа орналстырылғандардың үлесі 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 43 % өсті. (2014 жыл -88,5%, 2015 жыл — 86,8 %, 2016 жыл – 74%, 2017 жылдың 9 айында - 46 %).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында қоғамдық жұмысқа жолданды - 1 076 адам. (2014 ж. – 260 адам, 2015 ж. -276 адам, 2016 ж.-303 адам, 2017 жылдың 9 айында - 237 адам).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында 233 адам кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына жолдама берілді. (2014ж. – 54 адам, 2015жг. - 56 адам, 2016 ж. - 78 адам, 2017 жылдың 9 айында – 45 адам).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында 137 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды, оның ішінде 16 мен 29 жас аралығындағы жастар – 11 адам, (2014 ж. – 19 адам, 2015 ж. - 24 адам, 2016 ж. – 57адам, 2017 жылдың 9 айында – 37 адам).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында 99 адам жастар тәжірибесіне жолданды. (2014ж. – 22 адам, 2015 ж. - 22 адам, 2016 ж.- 28 адам, 2017 жылдың 9 айында – 27 адам).

2014 жыл мен 01.10.2017 жыл аралығында барлығы 725 жұмыс орындары құрылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 598 (2014 ж. - 148, тұрақты – 100, 2015ж.- 189, тұрақты – 189, 2016 ж. – 187, тұрақты – 108, 2017 жылдың 9 айында – 201, тұрақты - 201).

Қоғамдық жұмыстарға, жастар тәжірибесіне және әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған парметрлерін жекелеген талдаудың 2014-2016 жж. Және 2017 жылдың 9 айында қарастырылатын көрсеткіштер бойынша:




Сурет 8. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың санынан, жұмысқа орналастырылғандардың үлесі
Қазіргі күнге негізгі проблемалардың бірі жастарды және 50 жастан асқан зейнет жасына жақындаған әйелдер, мамандығы және еңбек дағдылары жоқ адамдарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Сурет 9. Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі
Сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі жұмыс күшіне кәсіптік – біліктілік бөлінісінде байқалады.

Еңбек нарығының аса тапшы жұмыскерлері болып табылады: дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, мамандар, инженерлік қызмет бағыттары; жұмысшылар, құрылыс – монтаждау, жөндеу – құрылыс жұмыстары, электромонтер, слесарь – сантехниктер, электр – газбен дәнекерлеушілер, және сұранысқа ие мамандығы негізінен ер адамдар, ал жұмыссыздар ретінде есепте негізінен көбіне әйел адамдар тұрады.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғаудың SWOT- сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) уақытша жұмысқа орналастыру;

2) уақытылы төлеу, атаулы әлеуметтік көмек отбасының жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға,, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс себетінің құнынан төмен;

3) "Өрлеу" пилоттық жобасында (отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының негізінде шартты ақшалай көмек алу) белсенді қатысу;

4) қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға, әлеуметтік-маңызды ауру тұлғаларға, бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға материалдық көмек көрсету;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, оларға теңестірілген тұлғаларға, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына, мереке күндері мүгедектерге материалдық көмек көрсету.



Әлсіз жақтары:

1)жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстың мерзімі 6 айға дейін ұзартылады, осыған байланысты қоғамдық жұмысқа қатысатын тұлғалардың саны қысқартылады;

2) 50 жастан асқан және зейнеткерлік жас алдындағы тұлғаларды жұмысқа орналастыру, оларда тиісті білім мен біліктілік болмауына байланысты;

3) кәсіптік оқудан өткен тұлғаларды жұмыс тәжірибесіне және алған мамандығы бойынша бос жұмыс орындарының болмауына байланысты жұмысқа орналастыру қиындық туғызады;

4) қалада және Республика аумағында өз туыстарының болуына байланысты зейнеткерлер мен қарттарға үйге күтім жасауға мүмкіндіктің жоқтығы.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. қызмет көрсетушілер тарапынан мүгедектер үшін кіріс тобын, қозғалыс бағыттарын және қызмет көрсету аймағын салу үшін қаражат бөлу;

2) жұмыссыздар қатарындағы біліксіз жастар мен 50 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ жоғары оқу орындарының түлектері жастар тәжірибесін өткеннен кейін жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар ҮЕҰ ашу.

Қауіптер

  1. қалада кәсіпорындар мен мекемелердің болмауына байланысты жұмыс орындарын құру индикаторын орындау қиын болуда.




Өзекті мәселелері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

- бос жұмыс орындарының бар екендігі жөніндегі ақпараттың болмауы және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасынсыз жұмысқа қабылдау;

- мүгедектерді бейімдеуге жататын мекемелерде және қызмет көрсететін ұйымдарда, кіру тобы және кіреберіс топтың жөндеу, қайта құру жұмыстарын жүргізуге қаражат жоқ.

Мәдениет

Қала аумағында Приозерск қалалық кітапханасы, балалар кітапханасы және екі офицерлер үйі жұмыс істейді.

Қаланың мәдени деңгейін қолдау және дамыту мақсатында 2014 жылы – 35, 2015 жылы – 35, 2016 жылы - 65, 2017 жылдың 9 айында 40 қоғамдық мәні бар мәдени ісшаралар өткізілді.

Кітапханалардағы пайдаланушылар саны: 2014 жылы – 3650 адам, 2015 жылы – 3712 адам, 2016 жылы - 3825 адам, 2017 жылдың 9 айында – 2793 адам.

Кітапханалардың жалпы кітап қоры: 2014 жылы - 55592 дана, 2015 жылы - 56942 дана, 2016 жылы – 57326 дана, 2017 жылдың 9 айында – 57996 дана.

Кесте 9.

Кітапханаларды жалпы қаржыландыру көлемі


Жылдар

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың

9 айы


Қаржыландыру көлемі, мың теңге

15406,0

14902,0

19087,0

13738,0

Кітапханаларды жалпы қаржыландыру: 2014 жылы 15406,3 мың теңге; 2015 жылы – 14902,0 мың теңге; 2016 жылы – 19098,0 мың теңге; 2017 жылдың 9 айында – 13738,0 мың теңгені құрады.

Приозерск қаласында мәдени демалыс мекемелері жоқ. Қала аумағында РФ ҚМ гарнизондық офицерлер үйі және ҚР Қарулы күштері Приозерск гарнизонының клубы жұмыс істейді. Қалалық деңгейде өткізілетін барлық мәдени көпшілік ісшаралар аталған мекемелерде, сонымен қатар «Достық» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткізіледі.

Қаладағы жалғыз мәдениет мекемесі – Приозерск қалалық кітапханасы кітапханалық құралдармен жарақтандырылған, телефон байланысымен, компьютерлермен және ақпараттық жүйелермен қамтамасыз етілген. Кітапханада оқырмандарға арналған интернет зал жұмыс жасайды. Жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу жүргізіледі, кітап қоры жаңартылып толықтырылып отырады. Оқырмандармен ақпараттық ағарту жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. Кітапхана оқырмандардың ақпараттық талабын қанағаттандырады.

Осыған байланысты Приозерск қаласының 13,2 мың тұрғындары «Мәдениет туралы» ҚР Заңына сәйкес берілуі қажет мәдени қызметтердiң ең аз көлемімен қамтамасыз етілмей отыр.

Қалалық мәдени демалыс мекемесінің жоқтығы қаланың мәдени саласында ұзақ жылдардан бері шешімін таба алмай келе жатқан түйіткіл мәселе болып табылады. Қазіргі кезде тұрғындарға сапалы мәдени қызмет көрсету, әлеуметтік белсенділікті және қаланың балалары мен жасөспірімдерінің шығармашылық әлеуетін арттыру, жастардың бос уақыты мен демалысын алуан түрлі формаларда ұйымдастыру және ұлттық мәдени орталықтардың толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында қалалық мәдениет үйін ашу қажет.



Мәдениетті дамытудың SWOT-талдауы




Оң әсері

Теріс әсері

ішкі орта

Күшті жақтары:

1) мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің жүйелілігі;

2) дәстүлі іс-шаралар (фестивальдар, байқаулар, халықтық мерекелер, оның ішінде ұлттық);

3) тарихи мұра;

4) экологиялық қолайлы жағдай (зиянды өнеркәсіптің болмауы шығармашылыққа ден қоюға итермелейді);

5) ҚР ҚМ әскери бөлімшелері қала түзуші кәсіпорындар болып табылады;

6) РФ ҚМ мәдени мекемелерімен серіктестік, мәдени дәстүрлі байланыс;

7) қоғамдық өнер ұжымдарының қатысуы;

8) Приозерск мәдени саласының Қарағанды облысындағы оң имиджі;

9) мәдениет мекемелерінің қанағаттанарлық материалдық техникалық базасы.



Әлсіз жақтары:

1) қаланың мәдениет саласын дамыту тұжырымдамасының болмауы;

2) қала брендінің болмауы;

3) мамандардың төмен жалақысы, үлкен кадр айналымы (кадрлардың жиі алмасуы);

4) дамымаған инфраструктура;

5) тұрғындар үшін мәдениет саласы қызметтерінің қолжетімсіздігі.



сыртқы орта

Мүмкіндіктер:

1) қаланың қоғамдық және саяси өміріне белсенді түрде ат салысу;

2) қызмет көрсету нарығын дамыту;

3) мәдениетті дамыту қорын ашу.




Қауіптер:

1) саланы реформалау кесірінен өнер мен мәдениеттің ішкі саясаттың немесе спорттың құрамдас бөлігі болып қалуы;

2) мәдениетті қаржыландырудың төмендеуі;

3) кадрлардың қартаюынан кадрлық потенциалдың әлсізденуі;

4) қаржыландырудың болмауына байланысты мәдениет мекемелерінің жабылуы;

5) арнайы құрал-жабдықтардың (лед-экран, кәсіби жылжымалы сахна) және қымбат дыбыс және жарық беру аппаратураларының жоқ болуына байланысты мәдени іс-шаралардың сапасының төмендеуі;

6) мәдениет мамандары үшін қызметтік тұрғын үйлердің жоқтығы.


Мәдениеттің өзекті мәселелері

- қалалық мәдени-демалыс мекемесінің жоқтығы.


Дене шынықтыру және спорт

Приозерск қаласының дене шынықтыру ұйымдастыру қызметі «2020 ж. дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы» және барлық жастағы адамдарды тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы, спорттық резервке дайындау, халықтың салауатты өмір салтын ұстануы.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт » Заңын орындау барысында Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 9 айда атқарылған жұмысы.

Приозерск қаласының бүгінгі күнге халқының жалпы саны 13 236 адамды құрайды. Спортты насихаттау жұмыстары арқасында дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны: 2015 жылы 28,0%, 2016 жылы 31,5%, 2017 жылы 4130, 31,6% адамға көбейді.




Кесте 10.


Көрсеткіштер

өлшем

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2020

жыл

Дене шынықтыру және спортпен айналасатын адамдар саны

(адам)

30,6

31,2

31,3

31,5

31,6

Дене шынықтыру және спортпен айналасатын 7-18 жас аралығындағы балалар саны

(адам)

18,5

18,6

18,7

18,8

18,9

Бұқаралық спорттық іс-шаралар саны көбеюде: 2015ж. -38 іс-шара, ақшалай соммасы 800 мың, 2016 ж. – 48 іс-шара ақшалай соммасы 1 млн.432 мың т; 2017 ж. 9 айында – 44 іс-шара ақшалай соммасы 1 млн.371 мың т. 5000 мың адаммнан аса қамтылды. Солардың арасында 1999-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнирге біздің боксшылар жоғары деңгейде өнер көрсетіп жалпы командалық есепте 1 орынды иеленді.





Сурет 10. Дене шынықтыру және спорт динамикасы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздердің 25 жылдығына» арналған 3 шілде күні қаланың орталық көшесінде халық арасында вело жарыс өткізілді. Қала мекемелерінің арасынан 400-ге жуық адам қатысты.

Қала әкімінің қатысуымен «Спорт күніне» орай салтанатты жиында 2016-2017ж. үздік спортшылары марапаталды.

Спортты дамытуға өз үлестерің қосқаны үшін қала әкімінің алғыс хатымен 5 адам мараппаталды.

2018-2020 жылдарға жаңарту жоспарлануда

- қала стадионы ( жобаны әзірлеу барысында ЖСҚ 100 м. тенге 2017 ж.ҚБ бекітілгеннен кейін жалпы соммасы 4 млн. 95 мың т.)

- №2 орта мектеп стадионына 36 млн.793 мың т.бөлінді.

Приозерск қаласының құрама командалары жылдың басынан төмендегі іс-шараларға қатысты:


  • 18 облыстық жарыстарға 1 млн.500 мың т. бөлінді;

  • 2015 ж. – 8 облыстық жарыстарға 1 млн 500 мың т. бөлінді;

  • 2016 ж. – 12 облыстық жарыстарға 1 млн. 800 мың т. бөлінді;

Приозерск қаласында 19 спорт түрі бар, соның арасында 10 олимпиадалық, 9 олимпиадалық емес. «Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық мектебінде 10 секция (волейбол, тоғыз құмалақ, футбол, бокс, қазақ күресі, таэквандо, дойбы, суда жүзу, ауыр атлетика және үстел теннисі) жұмыс жасайды, оған 488 бала қатысады.

Қайнар балалар аула клубында 4 секция (үстел теннисі, дойбы, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика) қатысатындар саны 32 бала.

Балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубында 4 секция (ауыр атлетика, футбол, волейбол, үстел теннисі) жұмыс жасайды, айналысатындар саны 120 адам.

Спорт саласында салаутты өмір салтын қалыптастыруда 29 маман жоғары білімді. 2015 ж. – 31 маман;

2016 ж. – 33( № 1- №2 мектептерде дене шынықтыру және спорт мұғалімдері жұмысқа қабылданды, 4 адамға көбейді).


Дене шынықтыру және спортты дамытудың SWOT-сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1)Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың санының көбеюі;

2)Бұқаралық спорттық іс-шаралардыңтұрақты күнтізбелік жоспарлау;

3)Республикалық және облыстық бұқаралық спорттық жобаларға қатысу;

4)Стадиондарды қайта құру барысында жасанды жасыл шөпті төсеніштермен жабдықтау;

5)Дара спорт түрлерін дамыту (таэквандо, бокс, жеңіл атлетика, қазақ күресі т.б.)



Әлсіз жақтары:

1)Бапкер мамандардың жетіспеушілігі;

2)Спорттық нысандардың жоғары деңгейде тозғандығы.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) қала халқының 30 спорттық нысандарды кең көлемінде пайдалануы;

2) жалпы қарапайым халыққа спорт мекемелерінде тегін қызмет көрсетіледі;

3) бапкер мамандардың дұрыс жұмыс істеуіне жағдай жасау;

4) бүгінгі күнде материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында (көп салалы корттар) жаңа нысандар салу.


Қауіптер

1)қыстық және ұлттық спорт түрлерінен бапкердің жетіспеушілігі;

2)қыстық спорт түрлерінің техникалық құрал-жабдықтардың жоқтығынан;

3)мамандырылған спорттық нысандардың жетіспеушілігі (тир, велотрек);

4)жастар және ересек адамдармен жұмыс жасайтын мамандардың жетіспеушілігі;

5)ойын спортын дамытуға тиісті нысандар, спорттық құрал-жабдықтар жоқтығыннан.





Дене шынықтыру және спорт тың өзекті мәселелері

  • «Родина» қалалық стадионын қайта құру;

  • Спортшылардың жарыстарға қатысуға қаржы жетіспеушілігі.

Тілдерді дамыту

«Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сі есептік кезеңнің жоспарына сәйкес тілдік орта құру мен тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік мекемелердің құжат айналымының мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау және қадағалау, қала тұрғындарының мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгерулеріне жағдай жасауға бағытталған шараларды жүзеге асырады.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 наурыздағы №10/69 «Приозерск қаласының Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған ісшаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы қабылданды.

Жоспармен көзделген барлық шаралар мемлекеттік тілдің әлеуметтік- коммуникативтік қызметін кеңейту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған.

Мемлекеттік мекемелерде құжат айналымын мемлекеттік тілге көшіруді кезең-кезеңмен жүргізу үрдісі қамтамасыз етілді. 2014-2016 жылдар аралығында шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі пайыздық үлесі: 2014 жылы – 99,4%; 2015 жылы – 95,5 %, 2016 жылы 96,4 %, 2017 жылдың 9 айында 96% құрады.

Мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылау мақсатында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіледі.

Тұрғындардың тіл мәдениеттерін арттыру мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізіледі: 2014 жылы - 14 (221,6 мың тг); 2015 жылы - 15 (245,0 мың тг); 2016 жылы - 15 (100,0 мың тг); 2017 жылдың 9 айында 7 (400,0 мың тг) іс-шара өткізілді.

Іс-шараларды өткізу барысында балабақшалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, жарнама агенттіктері, кітапханалар, оқушылар, ұлттық мәдени бірлестіктер және т.б. қамтылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді, үштілділікті, жалпы тіл саясатын қолдау және дамыту жұмыстары жүргізіледі. 2014-2016 жылдары облыстық «Орталық Қазақстан», өңірлік «Приозерский вестник» басылымдарында аталған тақырыпта 54 мақала жарияланды.

Кесте 11.

БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын қолдау


Атауы

2014

2015

2016

2017 ж. 9 айы

Жарияланымдар саны

12

24

18

26

Тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру мақсатында өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді.

Қалада тілдерді оқыту орталығы болмауына байланысты 2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге, азаматтық қызметшілерге және жеке тұлғаларға қазақ тілін оқыту курстары ұйымдастырылуда.

2014 жылы мемлекеттік тілді оқыту курстарында 40 тыңдаушы оқытылды (946,0 мың тг. бөлінді); 2015 жылы - 20 тыңдаушы (477,0 мың тг. бөлінді; 2016 жылы 30 тыңдаушы (800,0 мың тг.бөлінді); 2017 жылдың 9 айында 40 адам қамтылды (779,0 мың тг. бөлінді).

2016 жылы ағылшын тілін оқыту курсы ұйымдастырылып, 15 адам қамтылды (400,0 мың тг. бөлінді). 2017 жылдың 9 айында ағылшын тілін оқыту курсымен 25 адам қамтылды (400,0 мың тг. бөлінді).

Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының мемлекеттік тілді насихаттау бөлігін орындау мақсатында Приозерск қаласы аумағында баннер орналастырылды.

Приозерск қаласында мектепке дейінгі 6 ұйым бар. Қазақ тілді топтарда тәрбиеленетін бүлдіршіндер саны:

2014 жылы – 420 бала, оның ішінде өзге ұлт өкілдері – 14 бала;

2015 жылы - 620, оның ішінде өзге ұлт өкілдері – 24 бала;

2016 жылы 605, оның ішінде өзге ұлт өкілдері – 5 бала.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда қазақ тілді топтарда тәрбиеленетін бүлдіршіндер саны 32,2%-ға артса, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға азайды.

Приозерск қаласы бойынша жалпы мектептер саны – 2. Оның ішінде біреуі қазақ тілді мектеп бола, екіншісі аралас тілді мектеп. Қазақ тілді сыныптарда оқитын оқушылар саны:

2014 жылы – 1409, оның ішінде өзге ұлт өкілдері – 30;

2015 жылы – 1455, оның ішінде өзге ұлт өкілдері – 19;

2016 жылы – 1461,оның ішінде өзге ұлт өкілдері –31.

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда қазақ тілінде оқитын оқушылар саны 3,2 %-ға артса, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артты.

2014-2016 жылдар аралығында 299 адам Қазтест өтті. Оның 257-і диагностикалық, 42-і сертификаттық тестпен қамтылды.

2014 жылы 69 мемлекеттік қызметші диагностикалық тест тапсырды:



  • қарапайым деңгей (А1) - 3 (4,3%);

  • базалық деңгей (А2) - 29 (42%);

  • орта деңгей (В1) - 27 (39%);

  • ортадан жоғары (В2) - 10 (14,5%).

2015 жылы 56 адам диагностикалық тест, 10 адам сертификаттық тест тапсырды, оның 9-ы (90%) сертификат алды.

  • базалық деңгей – 11 (19,6%);

  • орта деңгей – 18 (32,1%);

  • ортадан жоғары – 25 (44,6%);

  • жоғары деңгей – 2 (3,6%).

2016 жылы 132 адам диагностикалық, 32 адам сертификаттық тест тапсырды, оның 21-і (65,6%) сертификат алды.

  • қарапайым деңгей – 4 (3%);

  • базалық деңгей – 59 (44,7%);

  • орта деңгей – 52 (39,4%);

  • ортадан жоғары – 17 (12,9 %).

2017 жылдың 9 айында 194 адам диагностикалық, 20 адам сертификаттық тестілеу тапсырды.

Ономастикалық кеңістікті реттеу бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілді. 2016 жылы 8 көшенің атауларын өзгерту бағытында жұмыс жүргізілді. 2017 жылы 11 көшенің атауларын өзгерту бағытында жұмыс жүргізілді.



Қала тұрғындарының түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында және ономастика мәселелерін жарықтандыру бойынша 2014-2016 жылдары 5 мақала, ал 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2 мақала басылып шықты.

Қала көшелеріндегі көрнекі ақпарат пен жарнаманы заң талаптарына сәйкес реттеу бағытындағы жұмыстар тұрақты жүргізіледі. Жалпы 2014-2016 жылдары рейдпен 494 нысан қамтылып, 26 көрнекі ақпарат мәтіндері түзетілді, 40-ы алынып тасталды. 2016 жылы рейдпен қамтылған көрнекі ақпарат саны - 118, 15-інде әр-түрлі деңгейдегі қателіктер анықталды. Рейд барысында 7-і жөнделіп, бөлімнен келісім құжатын алғаннан кейін ілінді. Қалған 8-і алынып тасталды. 2017 жылдың 9 айы бойынша 297 көрнекі ақпарат нысаны рейд жұмыстарымен қамтылып, 3-і түзетілді, 2-і алынып тасталды. Жеке кәсіпкерлер, шағын бизнес өкілдерінің құқықтық сауаттылықтарын ашу мақсатында семинарлар ұйымдастырылады. Мысалы, 2016 жылы жергілікті бизнес өкілдерімен өткізілген конференцияда көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеуді түсіндіру мақсатында баяндама жасалынды. 2017 жылы қалалық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып өткізілген семинарда ҚР «Қазақтан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының 21 бабын түсіндіру жұмысы жүргізілді.


Тілдерді дамытудың SWOT-сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері










Ішкі орта


Күшті жақтары:

  1. түрлі шаралар өткізу арқылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтары тілдерін насихаттау;

  2. жергілікті мемлекеттік мекемелерде іс жүргізуді қазақ тілінде жүргізудің жақсы жолға қойылуы;

  3. ересек тұрғындарға мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту мақсатында жергілікті бюджет қаржысын қолдана отырып оқыту курстарын ұйымдастыру.

Әлсіз жақтары:

  1. қала тұрғындары санының төмен болуына байланысты тілдерді оқыту орталықтарының ашылмауы;

  2. сауатты, мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. мемлекеттік тілді іс-шаралар өткізу жолымен танымал ету;

  2. тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы тұрғындарды көбірек қамту, баннерлер орнату;

  3. қала тұрғындары тарапынан мемлекеттік тілді және ана тілдерін оқуға деген қажеттілік;

4) мемлекеттік тілді меңгеріп жүрген өзге ұлт өкілдері балалары санының артуы, байқауларда қатысу белсенділіктерінің жоғарылығы;

5) мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің артуы.



Қауіптер

  1. қалада Қазтест стандарты бойынша оқу-әдістемелік кешенінің жеткіліксіздігі;

2) жұмыс берушілер тарапынан талаптың жоқтығынан, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санының азаюы;

3) жарнама агенттіктері тарапынан «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталмауы.




Тілдерді дамыту саласының өзекті мәселелері.

  • қоғамның барлық салаларында мемлекеттік тілдің жеткілікті деңгейде қолданылмауы және мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке жеткіліксіз деңгейде енгізу;

  • мемлекеттік тілді оқытудың жеткіліксіз дамыған инфрақұрылымы;

  • мемлекеттік тілді насихаттайтын мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі, соның ішінде құжаттардың мемлекеттік тілде сауатты толтырылуына жауапты мамандардың, аудармашы-мамандардың жетіспеушілігі;

  • ересек тұрғындарының мемлекеттік тілді оқуға деген ниеттерінің төмендігі;

  • мемлекеттік тілді меңгеру процесіне мониторинг жүргізу және көтермелеу жүйесінің болмауы, қоғамда мемлекеттік тілдің деңгейін арттыруға кедергі жасайтын факторлардың бірі болып отыр.

  • сыртқы көрнекі ақпарат және деректемелерді рәсімдеу барысында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы талаптарының сақталуына тиісті көңіл бөлмеушілік, сонымен қатар көрнекі ақпаратты рәсімдеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкіндігінің жоқтығы.



Ішкі саясат
Приозерск қаласында «Нұр Отан» саяси партиясының филиалы, 3 этномәдени бірлестік, 3 ҮЕҰ, 2 діни бірлестік: мұсылмандар мешіті мен «Александр-Невский храмының шіркеуі» православтық шіркеуі және 1 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді.

Қаладағы әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу үшін мүдделі құрылымдармен бірлесе отырып жергілікті жердегі қоғамдық саяси жағдайларды мониторингтау жүйесі жолға қойылған.

Қоғамдық-саяси және этникааралық жағдайларды зерделеу, тұрғындардың мемлекеттік саясатқа және мемлекеттік рәміздерге деген көзқарастарын, олардың мемлекеттік саясаттың басым бағыттары туралы хабардар болу дәрежесін анықтау үшін Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы қаламыздың тұрғындарын қамти отырып жыл сайын әлеуметтік зерттеулер өткізеді.

Одан бөлек, еліміздің даму жолындағы негізгі басымдықтар мен стратегиялық бағдарламалық құжаттарды түсіндіруге бағытталған ақпараттық-насихаттау бағытындағы іс-шаралар өткізіліп отырады. Бөлімде 15 адамнан тұратын 1 ақпараттық-насихаттау тобы құрылған. Топтың жұмысы ішкі саяси жағдайды тұрақтандыру және нығайту, үкіметтің оң имиджын қалыптастыру және қоғамдық-азаматтық өзара байланысты дамыту мақсатында Президенттің жыл сайынғы Жолдауын насихаттауға және түсіндіруге, бағытталған.

Мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарттарға сәйкес ауыстырылуы мен оларды насихаттау жолында тұрғындарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Қазақстанның әлеуметтік модернизациялануы: жалпы қоғамдық ортақ іске жиырма қадам» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік, ұлттық, кәсіби мерекелерді өткізу мен оларға дайындық барысындағы Концепция негізінде қалалық деңгейде көптеген іс-шаралар өткізіледі.

Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары мен қызметкерлері мемлекеттік органдардың негізгі салаларына бағытталған қағидаларын жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге белсенді араласады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2014 жылы 8 жоба, 2015 жылы 9 жоба, 2016 жылы 9 жоба, 2017 жылдың 9 айында 6 жоба жүзеге асырылды.


Кесте 12.
Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген іс-шараларды қаржыландыру


Қала, аудан

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың

9 айы


Приозерск

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысы аясында өткізілген іс-шараларды қаржыландыру, мың теңге


4200,0

4428,0

2407,0

8550,0

Мемлекеттің әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру үшін 2014 жылы – 4200,0 мың теңге, 2015 жылы - 4428,0 мың теңге,2016 жылы - 2407,0 мың теңге, 2017 жылдың 9 айында 8550,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Саланың негізгі түйіткілді мәселелері деп төмендегілерді атап айтуға болады: тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде әдістемелерді жүзеге асыру қажет; мемлекеттік рәміздерді заңдастыруды қадағалау саласында іс-тәжірибе қажет; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты құру және тарату саласында заңдылық тұрғысынан, әлеуметтік-экономика саласында, әдістемелік-ұйымдастыру бағытында көптеген түйіткілді мәселелер орын алуда.

Ақпараттық саясат.

Приозерск қаласында БАҚ қызметі «Приозерский Вестник» апталық ақпараттық-жарнамалық газетіне жүктелген. Газет мемлекеттік басылым болып табылмайды, қалада теле және радио арналар жоқ.

Мемлекеттік тапсырысты орындауда «Қазақстан-Қарағанды», «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда» секілді облыстық БАҚ телеарналары жұмылдырылған.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, ақпарат саласында заңдылықтардың сақталуын қадағалауды қамтамасыз ету және БАҚ өкілдерінің заңдылық тұрғысынан мәдениеттілігін арттыру, журналистер қоғамында этикалық нормаларды сақтау (БАҚ мониторинг жүргізу) қажет.

Ақпарат тарату аумағындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін: мемлекеттік электрондық БАҚтарға тақырыптық саралау жасау; мемлекеттік БАҚтарды жан-жақты модернизациялау; жаппай ақпарат тарату құралдарының үйлесімді дамуына ықпал ету керек.

Ақпарат тарату аумағын кеңейту үшін тұрғындарды 100% отандық телебағдарламамен қамтамасыз ету мақсатында сандық телерадио жүйесіне өткізу іс-шаралары жүргізілуде.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін 2014 жылы – 5719,0 мың теңге, 2015 жылы - 6500,0 мың теңге, 2016 жылы - 4161,0 мың теңге, 2017 жылы- 5938,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Бұл саладағы орын алып отырған негізгі түйіткілді мәселелер деп келесілерді атап айтуға болады: бәсекеге қабілетті отандық ақпарат құралының жетіспеуі; аймақтық медиа-ақпарат таратудағы бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру; БАҚ-қа мемлекеттік деңгейдегі ақпараттық тапсырыс беру үшін тарифтердің қаржылай төмен деңгейі; Интернет жүйесін пайдалануда қазақстандық сегмент деңгейінің төмен болуы.

Бұл тенденцияларды жастар арасындағы қазіргі уақытта күн тәртібінде тұрған мәселелер мен қоғамдық ортада ақпараттық жүйені дамыту мәселесін қоса отырып қарау керек. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму жолында белсене атсалысатын жастарға жағдай жасау. Қоғамда сондай-ақ кеңінен белең алып отырған негізгі мәселе жас мамандарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуін ұйымдастыру, жастар арасында нашақорлықтың кеңінен тарауы.

Жастардың белсенділігін арттыру үшін жастардың әлеуметтік және азаматтық бастамаларының деңгейін жоғарылату қажет.



Ішкі саясат саласының SWOT-сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) қоғамдық саяси ахуалды мониторингілеу жүйесі құрылған;

2) мемлекеттік қоғам институттарын нығайту;

3) мемлекет дамуының басты мүддесін, стратегиялық бағдарламалық құжаттарын түсіндіру бағытында ақпараттық-насихаттау шаралары;

4) мемлекеттік нышандарды құрметтеуге үндеу және насихаттау, тұрғындарды патриоттық тәрбиелеу;

5) қаладағы діни ахуал монитроингі;

6) жастар саясатын жүзеге асыру.


Әлсіз жақтары:

1) тұрғындар белсенділігінің аздығы;

2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруда қалалық деңгейдегі ҮЕҰ жоқтығы;

3) бәсекелестік танытатын БАҚ болмауы.



Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) кең ауқымда тұрғындарға қызмет ететін белсенді ҮЕҰ секторы;

2) жұмысты өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейінің жоғарлылығы.

Қауіптер

1) тұрғындардың төменгі деңгейде ақпараттануы.





Ішкі саясат саласының өзекті мәселелері

- қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде ҮЕҰ дамуының және рөлінің төмендігі;

- ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда жоғары деңгейдің жетіспеушілігі;

- мемлекеттік саясаттың басым бағыттары мен этникаралық және конфессияаралық келісімді насихаттауда қоғамның және барлық мақсатты топтардың ақпараттану деңгейінің төмендігі.
Жастар саясаты.

Қаламызда 14 жастан 29 жас аралығындағы жастар саны 2672 адам, (20,16%). Қалада бір жастар қоғамдық бірлестігі тіркелген. Жастар ісін әлеуметтендіру жолында, қаладағы жастар мәселелерін шешу,  мемлекет пен жастар арасындағы өзара әрекет етуді жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңес атқарады. Сондай-ақ, бұл жұмысты 2013 жылдың мамыр айында құрылған «Приозерск қаласының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» - коммуналдық  мемлекеттік мекемесі атқарады.

         «Приозерск қаласының  жастармен жұмыс жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аталуы 16 шілде 2015 жылы №30/8 қаулысы бойынша «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өзгертілді.

    Орталықпен 2014 жылы – 65, 2015 жылы – 75, 2016 жылы - 72 іс-шара, 2017 9 айында 65 ісшара ұйымдастырылды.

Қаржыландыруға 2014 жылы - 6 418,0 теңге, оның ішінде іс-шараларға 1 268,0 теңге бөлінді, 2015 жылы - 7 559,0 мың теңге, оның ішінде іс-шараларға  1 534,0 теңге бөлінді. 2016 жылы - 9356,0 мың теңге, оның ішінде іс-шараларға  1 657,0 теңге бөлінді.



Сурет 11. Жастар саясатын қаржыландыру
Жастарды дамытудағы өзекті мәселелердің бірі - жұмыспен қамту мәселесі.  2014 жылы жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздықпен - 176 жастар тіркелген, олардың 131-і жұмысқа   орналастырылды. 2015 жылы жұмыссыздықпен - 262 жастар тіркелген, олардың 213-і жұмысқа   орналастырылды. 2016 жылы жұмысқа орналастырылған жастар 183, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 125, жастар тәжірибесіне 28, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 30 адам. 2017 жылдың 9 айында 178 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде қоғамдық жұмыстарға 106, жастар тәжірибесіне 27, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 45 адам.

Орталықтын ұйымдастыруымен алғаш рет 2014 жылдын 1 тамызынын бастап, 20 сарбаздан құрылған «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары өз жұмысын бастаған болатын. Ал 2015 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтары 3 маусымнан бастап 30 сарбаздан құралған 3 жасақ 3 айға (маусым, шілде, тамыз) жұмысқа жұмылдырылды. Жасақ құрамына жастарды жұмылдыру үшін 1 ай бұрын қала көшелеріне хабарландыру ілініп, қаламыздағы 16 мен 25 жас аралығындағы 30 жас өз еріктерімен жұмыс істеуге ниет білдірді. Осы 3 ай бойы «Жасыл Ел еңбек» сарбаздары Балқаш көлінің жағалауы мен қала көшелерін қоқыстан тазартты. 

Оқушылар арасында дарынды жастарды анықтау мақсатында олимпиадалар, қоғамдық, жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылым бойынша ең жақсы ғылыми жұмыс, жастар арасында  жыл сайын өткізілетін (3 деңгейден тұратын: интеллектуалдық мүмкіндігін анықтау, дене шынықтыру және шығармашылық мүмкіндігін анықтау) «Мен отан қорғаушысымын» байқауы өткізіліп отырады. Ғылыми қызметтің дамуы үшін жаңа ақпараттық технологияларға еркін қолжетімділік, ғылыми жұмыстарды жарыққа шығару мақсатында әртүрлі семинарлар мен конференцияларға қатысуға жағдайлар жасалған.  

Белсенді, талантты жастарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет «Талап» қала әкімінің сыйлығына байқау ұйымдастырылып тұрады. Бұл іс-шараның аясында келесі номинациялар тағайындалады: «Жас спортшы», «Жас мемлекеттік қызметші», «Жастар көшбасшысы», «Жас педагог», «Жас өндірісші».

2017 жылы жас кәсіпкердерді қолдау мақсатында қала әкімінің грантына байқау өткізілді. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша үш жас кәсіпкерге жалпы сомасы 2750,0 мың теңге болатын грант берілді.  

Қоғамда жастар арасында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру өзекті мәселе болып отыр.

Осындай мәселелерді шешу үшін:  жастардың дамуы үшін жағдай жасау және еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолына үлес қосуға жұмылдыру; азаматтық белсенділіктің деңгейін жоғарылату, жастардың бойында қазақстандық патриотизм мен рухани және интелектуалды даму деңгейін көтеру;  жастар ұйымының бастамаларын ақпараттық қолдау; оларға қалалық бюджеттен қаржылай көмек беру; қалалық жастар бағдарламасын қаржыландыру деңгейін жоғарылату. 
Жастар саясаты саласының SWOT- сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1) мемлекеттік жастар саясатын қаржыландырудың жыл сайын өсуі;

2) қала басшылығының мемлекеттік жастар саясатына назар аударуы.


Әлсіз жақтары:

  1. жас мамандарды жұмысқа орналастырудағы проблемалар;

  2. жастардың бос уақыттағы демалысын қамтамасыз етудегі проблема;

  3. жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі проблема.

Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

1) «Қайнар» жастар клубының ашылуы.




Қауіптер

1) қаржыландырудың болмауы.



Жастар саясаты саласының өзекті мәселелері:

- жастар мәдени демалыс орталығын құру.
3-Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Аймақтағы қылмыстар туралы объективті деректерге қол жеткізу үшін, қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтініштерді тіркеу және тіркеудің толықтығын қамтамасыз ету үшін Приозерск қ ІІБ-де қатаң әрі мақсатты жұмыс жүргізілуде. 2015 жылдан бастап ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген, қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы арыздар мен өтініштерді қабылдау және тіркеу тәртібі ережелері, және сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізімі енгізілді. Қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды электрондық тіркеу жүйесінде прокуратура органдарына ақпараттарды «on-line» режимінде беру. Әр тіркелген арызға полициямен азаматтарға хабарлама-талоны беріледі. Прокуратура «Call-центр» арқылы азаматтар өздерінің өтініштері мен арыздарының шешімдерін бақылай алады.

Есептен және тергеуден жасырылған әр қылмыстар бойынша қызметтік тексерістер жүргізіліп, кінәлі қызметкерлер қатаң тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде ішкі істер органдарынан қызметінен босату, немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларына дейін қолданылады.

Қабылданған іс-шаралар арыздар мен хабарламаларды қабылдау мен тіркеу тәртібінің ашықтағын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жедел шешім қабылдауды қамтамамасыз етеді. Қылмыстарды толық есепке алу жағдайында, тергеушілер мен жедел қызметкерлердің жүктемелері артты.

2014 ж. жалпы қылмыстылықтың саны 34,1% , атап айтқанда 41 қылмысқа төмендеді. 2015 жылы 4,6%, 4 қылмыстық құқықбұзушылыққа өссе, 2016 жылы 3,3% , яғни 3 құқықбұзушылыққа 91 ден 94 қылмысқа өскен, 2017 жылдың 9 айында 29,3%, яғни 22 қылмысқа, 75 тен 97 –ге өскендігі байқалады.


Кесте 13.
Жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны


Жалпы тіркелгені

2014 жыл

+,-

%


2015 жыл

+,-

%


2016 жыл

+,-

%


2017 жылдың 9

айында


Қылмыстық құқықбұзушылықтар

87

-34,1%

91

+4,6 %

94

+3,3%

97

Қылмыстардың өсуінің бірден бір себебі, 2015 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген 03.07.2014 жылғы №226-V, жаңа қылмыстық кодекстің қабылдануы, ондағы Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінен ауысқан бірнеше баптардың қылмыстық кодексіне ауысуы болып табылады.

Қазіргі таңда, полиция қызметін бағалау өлшемдеріне жаңа тәсілдер әзірленді, бұл қылмыстың деңгейін төмендету және қылмыстарды ашу көрсеткіштері, полицияның қылмысты есептен жасыру сияқты ескірген амалдарды жояды.

Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде, болжағандай соңғы жылдары қылмыстың статистикалық өсу үрдісі байқалады. Аймақтағы нақты криминогендік жағдай бірдей әлеуметтік деңгейде қалып отыр. Оның алдын-ала (2006-2008ж.ж. және 2012 ж.) қабылданған құқықбұзушылықтарды алдын-алу және қылмыспен күресу өңірлік бағдарламалардың жүзеге асырылуы оң нәтиже көрсетті.

Алайда, 2017 жылдың 9 айында жалпы қылмыстылықтың өсу деңгейі байқалады, қоғамдық орындарда және көшеде жасалған қылмыстар саны өскен.
Қоғамдық орындардағы және көше қылмыстарының, бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстарының қылмыстық жағдайдын жақсарту мақсатында соңғы екі жылда бағытты жұмыстар жүргізілуде. «Учаске» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шаралар барысында аумақтағы барлық пәтер және жеке үйлер араланып, тұрғындармен түсіндірме жұмыстар жүргізілді, ІІБ есептегі тұлғалармен алдын-алу жұмыстары жүргізілуде.

Талдау барысында, соңғы 3 жылда қоғамдық орындардағы жасалған құқықбұзушылықтар күрт өсуімен немесе төмендеумен байқалып отыр: егер 2014 жылы - 35 (-20,4%), 2015 жылы - 40,0 (14,2%), 2016 жылы -25 (-37,5 %), және 2017 жылдың 9 айында 2016 жылдың 9 айымен салыстырғанда 20,0 % өсуі байқалады.



Кесте 14.
Қоғамдық орындардағы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар


2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айында




-20,40%

+14,2%

-37,50%

+20,0%



Көше қылмыстарының саны азаюы байқалады: 2014 ж -21 ( -8,7 %-ға), 2015 ж. – 29 ( 38,1 %) өссе, 2016 ж. - 13 (-55,2 % ) төмендеген. 2017 жылдың 9 айында 30,7 % өсуі байқалады.


Кесте 15.
Көшеде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар


2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айында

Бір деңгейде

-50,0%

-33,3%

Бір деңгейде

Соңғы 5 жылда тонаудың көшеде жасалған қылмысының деңгейінің төмендеуі байқалады:

2014 ж. - 3 (-25,0 %), 2015 ж. – 0 (-100,0%), 2016 ж. - 3 (100 %), және 2017 жылдың 9 айында - 3.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мәселелер туындауда:



  • жол қозғалысы ережесі бұзушылықтарын бейнетіркеу техникаларының болмауы;

  • қала аумағындағы бірқатар жол ұзақтықтарын күрделі жөндеуді талап етеді (Бульвар Советской Армии, Абая, Песчаная көшелері), қосымша көшелерде жол белгілері.

Халықтың және азаматтық қоғам институттарының нақты қолдауымен жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру маңызды. Жүргізушілердің көлік жүргізу тәртіптері әліде төмен денгейде қалып отыр. Автокөліктердің көбейуі, жылдамдығы жоғары заманауи автокөліктердің көше желісінің даму қарқынынан асып түседі. Алайда сонғы жылдары жол көлік оқиғасының төмендегені байқалады. 2014 жылы қала аумағында 6 жол көлік оқиға тіркелсе, оның ішінде қайтыс болған-1, жарақаттанғандар саны-3, 2015 жылы -3 қайтыс болған 0, жарақаттанған - 6, 2016 жылы - 2 (-33,3%), қайтыс болғандар - 0, жарақаттанған- 3, 2017 жылдың 9 айында - 2, қайтыс болғандар - 0, жарақаттанғандар - 5.

Кесте 16.
Тіркелген жол-көлік оқиғалары

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айында

Бір деңгейде

-50,0%

-33,3%

Бір деңгейде

6

3

2

2

Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында бірқатар негізгі мәселелер бар.

Қарағанды облысы Приозерск қаласының 2016 – 2017 жылғы даму бағдарламасын іске асыру барысында, мемлекет басшысының қоғамның тәртіпсіздікке деген принципін қамтамасыз ету мақсатында «мүлдем төзбеушілік» атты тапсырмасын орындау жұмыстары жалғасуда: ішімдікке қарсы заңнамаларды бұзу фактілерін алдын-алу және жою, қоғамдық орындарда темекі шегу, елді мекендердің аумағын ластау актілерін болдырмау, және есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысты құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау. Аталған шаралар елімізде шылым шегудің, есірткіге құмарлықтың және маскүнемдіктің жалпы төмендеуіне өз үлесін қосады.

Соңғы жылдары мүліктік қылмыстардың өсуі байқалып отыр. Мүліктік қылмыстардың саны 2014 жылы 36 қылмыс, 2015 ж – 48 (+33,3%), 2016 ж. - 48, 2017 жылдың 9 айында - 57 қылмыс тіркелген. Приозерск қ ІІБ мүліктік қылмыстардың алдын-алу және ашу бойынша барлық іс-шаралар жүргізілуде, 2015 -2017 ж.ж бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы ҚР ІІМ бағдарламасы аясында іс-шаралар қабылдануда.

Облыс аумағындағы құқықтық тәртіптің жағдайына, азаматтарды, сонымен қатар мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің қорғау жүйесі туралы бірқатар елеулі сыртқы және ішкі факторлардан қылмыстық тәуекелдерді жалғастыруда. Әлемдік қаржы дағдарысының жалғасуына байланысты экономика қиындықтары, тұрғылықты халықтың толық еңбекпен қамтылмағаны, әсіресе жастар қауымы тарапынан пайдакүнемдік, зорлық қылмыстарының өсуінің бірден бір себептері болып отыр.

Қарағанды облысы ІІД Приозерск қаласының ішкі істер бөлімімен төмендегі болжамды көрсеткіштерге қол жеткізу үшін азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету болып табылады.

2014 жылдан 2016 жылға дейін есірткі заттарын заңсыз айналымы және сатуды анықтау фактілері жоқ. Бұл бағытта бірқатар проблемалақ мәселелер бар: нашақорлықты алдын алу іс-шараларын толық пайдаланылмаған. Ұйымдастырылған есірткі топтарын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жеткіліксіз жүргізілуі бірден бір себебі ІІБ криминалды полиция тобының қызметкерлерін (11 ден 3 қызметкерге дейін ) күрт қысқартылуы, және де есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қызметкерінің болмауы. Алайда ІІБ КПТ қызметкерлерінің облыс ІІД ЕҚКБ қызмткерлерімен байланыса отыра 2017 жылдың 9 айында 3 есірткі қылмысы анықталды, оның 2 есірткі заттарын сату фактісі. Нәтижесінде 17,5 гр. Есірткі заты (гашиша) тәркіленді.
Қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің жағдайының SWOT- сараптамасы




Оң әсері

Теріс әсері

Ішкі орта

Күшті жақтары:

1)жол-көлік оқиғасының төмендеуі;

2)жергілікті полиция қызметінің құрылуы;

3)есірткі қылмыстарын анықтау.



Әлсіз жақтары:

1) қоғамдық орындарда бейнекамералардың жеткіліксіздігі;

2) арнайы техникалардың жетіспеушілігі.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. құқықтық тәртіпті және қылмыстылықпен күресті одан әры нығайту.




Қауіптер

1) қоғамдық орындар мен көше қылмыс деңгейінің өсуі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет