Бағдарламасы 2017 жыл мазмұны № Бөлімнің атауы бет 1



жүктеу 2.1 Mb.
бет5/10
Дата26.08.2018
өлшемі2.1 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сонымен қатар 2015 жылы Приозерск қаласының жер учаскелердің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау бойынша қолданыстағы аймақтандыру сызбасына түзетулер жүргізіліп, 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 140 Қарағанды облысы мәслихатының шешімімен бекітілді. Аталған Сызбаға сәйкес қаланың аумағы 2; 1,8; 1,60; 0,63 коэффициенттерімен 4 бағалау аймағына бөлінді. Жаңа аймақтандыру сызбасы мемлекетпен жер учаскелерін жеке меншікке сатқан кезде қаланың бюджетіне түсетін түсімдердің көбеюіне ықпал етеді.

2017 жылы Приозерск қаласының шекарасы анықталып, Приозерск қаласының шекарасын ауыстыру (қалпына келтіру) жұмыс сызбасы жасалды.




Экология және жер ресурстарының SWOT-сараптамасы






Оң әсері

Теріс әсері

Іщкі орта

Күшті жақтары:

  1. қаланың және оның шекарасының ықшамдылығы;

  2. қаланың Балқаш көлінің жағасында орналасуы;

  3. қоршаған ортаны ластайтын ірі өндіріс кәсіпорындардың жоқтығы.

Әлсіз жақтары:

  1. жайылым алқаптарының және жыртылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жерлердің жоқтығы;

  2. қаланың барлық көлемі 54,4 шаршы шақырыммен шектелуі;

  3. ҚТҚ өңдейтін зауыттың жоқтығы;

  4. қолданыстағы заңнамағы сәйкес «ТҮҚҚБ» КМК балансындағы полигонды қалпына келтіруге қаражаттың жоқтығы.


Сыртқы орта

Мүмкіндіктер

  1. Ақтоғай ауданының жерін қосу жолымен қаланың аумағын кеңейту;

  2. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының жерін қосу жолымен қаланың аумағын кеңейту;

  3. ҚТҚ өңдеу зауытының құрылысын салу;

  4. суғару құбырларының құрылысын салу.

Қауіптер

  1. Балқаш көлінің су деңгейі көтірілген жағдайда жерлерді су басуы;

  2. ҚТҚ өңдейтін зауыттың құрылысын салуға қаржыландырудың жоқтығы.




Экология және жер ресурстары бойынша өзекті мәселелер

- қала аумағының шектеулігі.



6- Бағыт: Мемлекеттік қызмет көрсету

Приозерск қаласының жергілікті атқарушы органдары 2015 жылы мемлекеттік қызметтің 85 түрін көрсетті:

1) АХАТ қызметі – 9 қызмет;

2) Кәсіпкерлік және а/ш бөлімі – 18 қызмет;

3) Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 11 қызмет;

4) Білім бөлімі – 22 қызмет;

5) ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі – 2 қызмет;

6) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі– 17 қызмет;

7) Ветеринария бөлімі – 6 қызмет;

8) Дене шынықтыру және спорт бөлімі– 1 қызмет.

2014 жылы мемлекеттік қызметтің 60 түрі бойынша 5 447 қызмет көрсетілді (ХҚКО арқылы – 1 022, ММ арқылы – 4 425).

Жергілікті атқарушы органдар қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтің 88 түрін көрсетеді:

1) АХАТ қызметі – 9 қызмет;

2) Кәсіпкерлік және а/ш бөлімі – 18 қызмет;

3) Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 12 қызмет;

4) Білім бөлімі – 22 қызмет;

5) ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімі – 3 қызмет;

6) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі– 17 қызмет;

7) Ветеринария бөлімі – 6 қызмет;

8) Дене шынықтыру және спорт бөлімі– 1 қызмет.





Сурет 12. Мемлекеттік қызметтің көрсету динамикасы
2015 жылы 6 951 қызмет көрсетілген, оның ішінде 1 493 ХҚКО арқылы, 5 391 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы көрсетілген.

2016 жылы жалпы 9 319 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: 7 844 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы, 1 373 ХҚКО арқылы көрсетілген. Электронды түрде 102 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 14, «Е-лицензирование» МДБ арқылы - 85.

2017 жылдың 9 айында 5 399 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде: - 2 831 мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдар арқылы, 1 138 ХҚКО арқылы көрсетілген.

Электронды түрде 1 430 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде: «электронды үкімет» веб-порталы арқылы – 56, «Е-лицензирование» МДБ арқылы - 149, мемлекеттік қызмет көрсетуші берушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 1 225.



Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау.

Ішкі бақылау шаралары Приозерск қаласы әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 11 сәуірдегі №15б бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсетуге ішкі бақылау жүргізу жоспары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес жүргізілді.

2017 жылдың 9 айына ішкі бақылау шаралары Приозерск қаласы әкімінің 30.12.2016 ж. №72ө өкімімен бекітілген ішкі бақылау жүргізу жоспары мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес жүргізілді.

2016 жылғы ішкі бақылау жүргізу қорытындылары бойынша 33 бұзушылық анықталып, 6 тәртіптік шара қолданылды. Ішкі бақылау жүргізу нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы бойынша 5 факт анықталды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын көтеру бойынша 4 түсіндірме шаралар өткізілді. 15 адам мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Жоспарға сәйкес 2017 жылдың 9 айына 33 бақылау шаралары жүргізілді. 45 заңбұзушылықтар анықталды:

- мерзімін бұзу фактісі – 17;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 2;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту фактілері – 1 (ГУ «Отдел ЖКХ, ПТ, АД и ЖИ»);

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 1;

- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері – 24.

2017 жылдың 9 айына көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің SWOT- сараптамасы





Оң әсері

Теріс әсері

Іщкі орта

Күшті жақтары:

1) ХҚКО барлығы;

2)ақпараттық технологияларды пайдалану;

3)мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілік арттыру;

4)тұтынушыларды қабылдау орындарындағы ақпараттық тақталардағы ақпараттарды үнемі жаңарту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет