Бағдарламасы 6М050300 «Психология»



жүктеу 176.31 Kb.
Дата06.04.2019
өлшемі176.31 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Психология және педагогика» кафедрасы

Түсу емтиханының бағдарламасы
6М050300 – «Психология» мамандығы бойынша

Павлодар


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті





Бекітемін

С. Торайғыров атындағы ПМУ

ректоры

___________ А. А. Өрсариев



«___»_____________20__ж.



Түсу емтиханының бағдарламасы
6М050300 – «Психология» мамандығы бойынша
Бағдарлама 2012 жылдың «23» тамызындағы № 1080 ҚР ПП бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары оқу орнынан кейінгі білім стандарты және 2012 жылдың 19 қаңтарында бекіген № 109 ҚР ПП жоғары оқу орнынан кейінгі білім кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарына оқуға қабылдаудың Типтік ережесі негізінде әзірленді.
Құрастырушылар: п. ғ. к., профессор Кудышева А. А., магистр Нургалиева М. Е.

Психология және педагогика кафедрасы


Кафедра мәжілісінде ұсынылды _____________________________, хаттама №____ «___»__________20__г.
Кафедра меңгерушісі ________________ Бурдина Е. И. «____» ________20__ж.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды.

«_____»______________20__ж. Хаттама №____
ОӘБ бастығы ________________ Шахажанова Г. К. «____» ________20__ж.

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _______________ Бегімтаев Ә. І. «____» _________20__ж.

1 Емтихан өткізу мақсаты мен міндеттері
Неғұрлым дайындалған үміткерлерді анықтау үшін магистратураға түсушілердің білім деңгейін және оқуға деген мүддесін анықтау түсу емтиханының мақсаты болып табылады.

Түсу емтиханының міндеттері:



  • мамандық мәселелері бойынша үміткерлердің құзіреттіліктерін анықтау;

  • оқу мүддесін және болашақтағы кәсіби қызметтерін анықтау;

  • магистратурада оқу үдерісінде болашақ магистранттың ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке дайындығын анықтау.


2 Емтиханды өткізу нысаны мен ұйымдастырылуы
Түсу емтихандары ҚР БҒМ бекіткен мерзімде және түсу емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Мамандық бойынша түсу емтиханы кешенді емтихан болып саналады (КЕ) және құрама нысанда (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе) немесе компьютерлік тестілеу + ауызша (питч)) үш тілдің біреуінде (қазақ, орыс, ағылшын) үштілді білім беру тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жүргізіледі.

Емтиханның өтуінің барлық рәсімі бейнекамерада сақталады.

Емтиханның өтуінің болжамды уақыты:

- компьютерлік тестілеу – 45 минут (30 сұрақ. 1 сұраққа 1,5 минуттан уақыт белгіленеді);

- жазбаша емтихан – эссе (30 мин);

- питч – 2–3 мин. жұртшылық алдында сөйлеуге, 2 мин. сұрақ-жауапқа беріледі.

Компьютерлік тестілеуге магистратураға түсуші барлық үміткер қатысады, емтиханның екінші бөлімі модульдік білім бағдарламасында жоспарланған білім траекториясына байланысты жүргізіледі.

Оқытудың 2 траекториясы жоспарланған.






Оқу траекториясының атауы

Емтихан қабылдау нысаны

1

Зерттеу (ғылыми-педагогикалық) / эксперименталды (бейіндік)

Құрама (компьютерлік тестілеу + жазбаша (эссе))

2

Кәсіпкерлік (Start Up - магистратура)

Құрама (компьютерлік тестілеу + питч)


Емтиханды қабылдаудың құрама (компьютерлік тестілеу + жазбаша) нысанында емтиханның әрбір кезеңіне:

- компьютерлік тестілеу – 30 сұрақ мамандық бойынша, үміткерлердің кәсіби қызметке байланысты құзіреттіліктерін тексеру үшін;

- жазбаша бөлім – Эссе, ынталандыру, оқыту және ғылыми-зерттеу қызметін анықтау жатады.
Емтиханды қабылдаудың құрама (компьютерлік тестілеу + питч) нысанында:

Сұрақтарға жауап питчі (Презентациясы бар 3 минуттық баяндама және 2 минут комиссия сұрақтарына жауап беруге беріледі) таңдалған сала және олардың коммерциялық тартымдылығы стартап-жобаның идеяларын анықтау үшін жүргізіледі.



Қабылдау комиссиясының құрамы мен қызмет саласы. Мамандық бойынша түсу емтиханын университет ректорының бұйрығымен бекітілген қабылдау комиссиясы (ҚК) өткізеді. Құрамы төраға және кемінде үш мүшеден тұруы тиіс және оның екеуі ғылым докторы болуы тиіс. Комиссия жұмысына факультет деканы, университеттің арнайы кафедраларының ПОҚ, бизнес-қоғамдастық өкілдері, ППС специальных кафедр университета, представители бизнес-сообщества, бөгде ұйымдардың өкілдері және комиссия хатшысы қатысады.

Комиссия қызметінің аясына жатады:



  • үміткерлердің мамандығы мәселелері бойынша құзыретін анықтау;

  • оқу мүддесін және болашақтағы кәсіби қызметін анықтау;

  • магистратурада оқу үдерісінде болашақ магистранттың ғылыми, өндірістік және инновациялық қызметке дайындығын анықтау.

Түсу емтиханы алдын ала белгіленген компьютерлік залда және бейнежазбасы бар дәрісханада ҚК мүшелерінің кемінде жартысы болған кезде ғана өткізіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі:

- үміткер кестеге сәйкес, белгіленген уақытта белгіленген дәрісханаға емтиханға келеді;

- ҚК мүшелерінің рұқсатымен үміткер компьютерден жұмыс орнын/жауап парақшасын алады;

- жауап парағында үміткер өзінің тегін, аты, әкесінің аты немесе аты-жөні кодын, мамандығы және ол таңдаған оқыту траекториясын көрсетеді;

Эссе үшін:

- 30 минут ішінде үміткер эссе жазады (жауаптар қысқа нұсқа болуы, қажет болған жағдайда графиктер, формулалар, схемалар және т. б қамтитын болуы тиіс.);

- барлық сұрақтарға жауаптардың болжамды көлемі 3–4 беттен көп болмауы керек;

- барлық сұраққа жауап бергеннен кейін үміткер жауаптардың барлық парақтарында өз қолтаңбасын қояды және оларды қабылдау комиссиясының хатшысына тапсырады;

Питч үшін

- питч тестілеу аяқталғаннан кейін кестеге сәйкес С. Торайғыров ПМУ дәріс залдарында жүргізіледі. Питч тапсыру форматы: үміткер 3 минут ішінде баяндамасын жасайды, бұдан соң 2 минут комиссия сұрақтарына жауап береді. Үміткерлердің питчін әділ бағалау мақсатында баяндама және сұрақтарға жауап беру мезгілінде дәрісханаға бір ғана үміткер босатылады.
3 Білімді бағалау тәртібі
ҚК мүшелері үміткерлердің білімі мен әлеуетін әріптік-рейтингтік жүйе бойынша бағалайды.

КЕ тапсыру барысында анықталған білімін бағалау туралы шешім комиссия мүшелерінің жабық отырысында ашық дауыс беру арқылы осы отырысқа қатысушының көп дауысына қатысты қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда, ҚК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Барлық комиссия отырысы хаттамамен ресімделеді. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушыларының арасынан тағайындалған комиссия құрамынан белгіленген ҚК хатшысы толтырады. Хаттамаға білімді бағалау, ҚК мүшелерінің ерекше пікірлері енгізіледі.

КЕ нәтижелері КЭ емтихан күні университеттің ақпараттық стендтерінде жарияланады.

Үміткер бағасымен келіспеген жағдайда қолданыстағы ережелерге сәйкес апелляцияға бере алады.
4 Білімін бағалау критерийлері

Баға 100 балдық шкала бойынша анықталады. Емтихан бойынша қорытынды рейтинг балл бойынша кестеге сәйкес түсу сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға ауыстырылады емтихан ведомосына енгізіледі.




Қорытынды баға балмен (Қ)

Сандық эквивалент балмен (С)

Әріптік бағалау жүйесі (Ә)

Дәстүрлі жүйедегі баға (Д)

Емтихан, диф. сынақ

сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

есептелді

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

Жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

есептел-меді


5 Эссе және оны жазу әдістемесі
Тапсырма (сөздің максималды саны - 300):

Өзіңіздің магистратурада оқу кезінде болашақтағы ғылыми-зерттеу қызметіңіздің бағытын қалай елестетесіз?

Эссе құрылымы А қосымшасында көрсетілген.


Эссе жазу әдістемесі.

Эссе – шағын көлемді және еркін композициядағы прозалық шығарма. Эссе автордың нақты пән бойынша жеке пайымдауларын білдіреді және тақырып бойынша анықтаушы пайымдайындарын толық көрсетпеуі мүмкін. Көлеміне және функцияларына қарай бір жағынан, ғылыми мақалалар мен әдеби очерктерге, екінші жағынан − философиялық трактаттарға жақын болып келеді. Эссе стиліне бейнелілік, шешендік және қарама-қайшы қою, ашық және ауызекі сөйлеу интонациясы тән.

Жалпы алғанда эссе бірнеше бөліктен тұрады:

- сөйлеу, онда негізгі мәселе айқындалады (10 % мәтін көлемінен);

- негізгі бөлім, мұнда автор сұрақ бойынша өзінің түйінді көзқарасын білдіреді (80 % мәтін көлемінен);

- қорытынды, мұнда автор өз эссесінің тұжырымын көрсетеді (мәтіннің 10 % -на дейін).

Эссе жекеше түрде бірінші жақта жазылады. Қабылдау қолайлы болу үшін мәтіннің мағыналық бөлігі абзацтармен ажыратылады, жаңа ой басталғанда жаңа жолдан басталып жазылады.

Осы мәселе бойынша дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиетпен танысу керек немесе эссе жазу әдістемесі бойынша нұсқаулықтармен танысу керек.


6 Питч және оны жазу әдістемесі
Тапсырма:

Сіз таңдаған сала бойынша өзіңіздің стартап-жоба ұсыныстарыңызды көрсетіңіз.

Питч құрылымы Б қосымшасында берілген.


Питч жазу әдістемесі

Питч (Питчинг, pitch, pitching)қысқаша сөздік (кейде бейне) ұсыныстар презентациясы, мақсаты - әлеуетті сатып алушының назарын аударту және қаржылай демеу алу, немесе сценарий сату. Негізінде питч төрт-бес сөйлемнен тұруы тиіс (бес минуттан аз).

Питч ұзақтығы 3 минуттық баяндамадан тұруы тиіс және 2 минут ішінде коммерциялық уәжділікті жүзеге асыру мақсатында өндіріс, техникалық мүмкіндіктері тұрғысынан стартап-жоба бойынша комиссияның сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Осы мәселе бойынша дайындалу үшін мүмкіндігінше арнайы әдебиетпен танысу керек немесе питч жазу әдістемесі бойынша нұсқаулықтармен танысу керек.

7 6М050300 «Психология» мамандығы бойынша түсу емтихандарының бағдарламаға енгізілген пәндерінің тізбесі

- Психология;

- Жас ерекшелік және әлеуметтік психологиясы.
8 6М050300 Психология мамандығының түсу емтиханы пәндері бойынша сұрақтар тізімі

Тақырып 1 Психологияға кіріспе.

Психологияның нысаны, пәні. Психологияның мақсаты, міндеттері. Психологияның мәні, маңызы. Психологияның салалары, бағыттары. Дүниежүзілік психологиялық теориялар. Психология: әдіснамасы, әдістері, әдістемелер. Психология: заңдар, заңдылықтар, принциптер. Психология: категориялар, түсініктер, терминдер.



Тақырып 2 Психологиялық зерттеулердің әдістері

Әдіснама ғылыми таным әдістер туралы философиялық ілім ретінде. Эксперименталды-эмпирикалық деңгейдің әдістері. Теориялық деңгейдің әдістері. Психологияның негізгі әдістері туралы түсінік. Бақылау, лабораториялық және табиғи эксперимент, сауалнама және интервью, мәліметтерді алу және талдаудың басқа да әдістері. Психодиагностика, психологиялық тесттер және психологиялық зерттеудің нақты әдістері.



Тақырып 3 Адам психикасының пайда болу мен дамуы. Психиканың және сананың қоғамдық-тарихи табиғаты.

Объективті ақиқаттың бейнеленуі ретінде психика туралы жалпы түсінік. Сана туралы түсінік. Сана психиканың жоғарғы даму сатысы ретінде. Сананың әлеуметтік болмысы. Психикалық бейнелеу объективты дүниенің субъективты бейнесі ретінде. Психика көрінуінің түрлері, типтері және формалары. Психиканың негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Психиканың құрамы, құрылымы: психикалық құбылыстар; психикалық феномендер; психикалық эффекттер. Л.С.Выготскидың мәдени-тарихи теориясы. Жоғарғы психикалық функциялар. Сана көрінуінің түрлері, типтері, формалары.



Тақырып 4 Тұлға психологияның мәселелері.

Адам индивид, жеке-даралық, тұлға, субъект, универсум ретінде. Тұлға туралы түсінік. Тұлғаның әлеуметтік болмысы. Тұлға соцогенездің объектісі мен субъектісі ретінде. Тұлға көрінуінің түрлері, типтері, формалары. Тұлғаның негізгі қасиеттері, жалпы заңдылықтары. Тұлғаның құрамы, құрылымы: тұлғаның интенционалды сферасы, тұлғаның операционалды сферасы, тұлғаның модуляционды (психофизиологиялық) сферасы. Тұлғаның функциялары. Тұлға қалыптасуының механизмдері: - идентификация; оқшаулану.



Тақырып 5 Психикалық іс-әрекет.

Іс-әрекет туралы түсінік. Іс-әрекет – объекттің қасиеттерін бейнелеу, тану және субъекттің қажеттіліктерін қанағаттандыруын жүзеге асыратын субъект пен объект арасындағы өзара әрекет етудің ерекше типі. Іс-әрекет теориялары. Кеңес психологиясындағы іс-әрекет теориялары. Кеңес психологиясындағы іс-әрекеттік амал (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн). А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекеттің құрылымы.



Тақырып 6 Топты психологиялық талдауы.

Топ туралы түсінік. Жалпы сипаттама. Анықтамасы. Топ - әлеуметтік бірлестік, адамдардың қауымдастығы. Топ – адамдар бірлестігінің негізгі бірлігі. Топ – іс-әрекет сипаттамасы, жалпы қатыстылық, даму деңгейнің, композицияның, құрылымының негізгі көрсеткіштер бойынша әлеуметтік тұтастан ерекшеленетін, мөлшер бойынша шектелген адамдардың жиынтығы. Топ көрінуінің түрлері, типтері, формалары.



Тақырып 7 Ұжымның психологиялық сипаттамасы.

Ұжым туралы түсінік. Ұжым – топ дамуының жоғарғы сатысы ретінде. Ұжымның мәндік белгілері, ерекше қасиеттері. Ұжымға қойылатын талаптар.



Тақырып 8 Психикалық үрдістер. Сенсорлы үрдістер. Түйсік.

Түйсік туралы түсінік. Түйсік – заттардың жеке қасиеттерінің бейнеленуі (сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде). Түйсік классификациясы. Түйсіктің қасиеттері, заңдылықтары: заттылық, тікелейлік, сезімталдық, сезгіштік табалдырығы, сенсибилизация, синестезия, бейімделу, түйсік контрасты, түйсіктердің өзара әрекеттестігі, түйсіктердің компенсациясы.



Тақырып 15 Психикалық күйлер. Зейін.

Зейін анықтамасы. Зейін - ішкі және сыртқы әлем объектілеріне сананың тұрақтылығы. Зейін классификациясы: ырықсыз; ырықты; ырықтыдан кейінгі. Зейін қасиеттері, заңдылықтары: көлемі, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы, күші, тұрақтылық, зейіннің тұрақсыздығы. Зейіннің құрылымы мен көлемі. Зейіннің функциясы. Зейіннің сапасы мен деңгейлері.



Тақырып 16 Сезім мен эмоция.

Сезім мен түйсіктің айырмашылығы мен ұқсастығы. Сезім және эмоцияның туралы түсінік. Эмоция және сезім - адам шыңдығының ерекше белгілеу формасы, адам өзінің әлемге қатанасында анықталады, басқа адамдарға және өз өзіне сонымен қатар бар қажеттіліктерге қаңағаттану және қаңағаттанбау. Сезім және эмоцияның айырмашылығы мен ұқсастығы.



Тақырып 17 Ерік.

Еріктің анықтамасы. Ерік - мақсатқа жету жолында ішкі және сыртқы кедергілерді жеңудегі, мақсаттарды іздестіру және қоюымен байланысты психологиялық күй.



Тақырып 18 Психикалық қасиеттер. Темперамент.

Темперамент туралы түсінік. Темперамент - психологиялық іс-әрекеттің динамикалық мінездемесі. Темперамент теориясы: гуморалдық теория (Гиппократ, Гален); конституциялық теория (Кречмер, Шелдон); физиологиялық теория (И.П.Павлов, Теплов Б.М.). Темперамент түрлері. Темперамент және жүйке жүйе типтері. Темпераменттің психологиялық мінездемесі.



Тақырып 19 Мінез.

Темперамент және мінездің ұқсастығы мен айырмашылығы. Мінездің аңықтамасы. Мінез - өз-өзіне және басқа адамдарға, әлемге қатынасын білдіруде және адам әрекеті, мінез-құлықта байқалатың, тұлғаның психологиялық құрылымындағы маңызды және тұрақты, жеке-дара-типологиялық жиынтығы.



Тақырып 20 Қабілет.

Қабілеттің аңықтамасы. Қабілет - кез-келген әрекетті сәтті орындау барысын қамтамасыз ететің тұлға қасиетінің жеке-дара-типологиялық жиынтық. Нышан және қабілет. Нышан - жүйке жүйенің және адам ағзасының қызмет етуің, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің құрылымы. Қабілеттің классификациясы: жалпы, арнайы, күрделі, қарапайым.



Тақырып 21 Антикалық дәуіріндегі психология ғылымының дамуы.

Антикалық дәуіріндегі психология ғылымының жалпы мінездемесі. Антикалық дәуірінің алғашқы психологиялық теориялар. Эллинизмнің психологиялық концепциясы.



Тақырып 22 Қайта жаңғыру дәуірінің және орта ғасырдың психологиялық териясы.

Орта ғасыр дәуіріндегі психологияға жалпы мінездеме. IV-XIғ. европа психологиясының дамуы. Арабтық психология.



Тақырып 23 Жаңа уақыт психологиясының дамуы.

Жаңа уақыт психологиясының жалпы мінездемесі. Жаңа уақыттың алғашқы теориялары. Психологиядағы рационализм. Психологиядағы сенсуализм.



Тақырып 24 XVIIIғ. психологияның дамуы

XVIIIғ. психологиясының жалпы мінездемесі. Француз психологиясының дамуы. Неміс психологиясының дамуы. Ассоциативтік психологияның дамуы және пайда болуы.



Тақырып 25 XIXғ ассоциативті психологиясының дамуы

Ассоциативті психологиясының жалпы мінездемесі. Ассоциативті психологиясының классикалық теориясы. XIXғ. екінші жартысындағы ассоциативті психологиясының дамуы. Эксперименталды психологиясының қалыптасуы.



Тақырып 26 XIX-XXғ. психология ғылымының дамуы.

Жаңа психологиялық мектептердің дамуы және тұрақталуы. Құрылымдылық (структурализм). Вюрцбург мектебі. Функционализм. Француз психологиялық мектебі. Бейнелеу психологиясы.



Тақырып 27 Мектепке түсуге дейінгі баланың психикалық дамуы

Мектепке дейінгілердің психикалық дамуларының периодизациясы. Ерте және сәби шақта психикалық дамуына, баланың үлкендермен қарым-қатынастарының мәні. Рецепторлық, қозғалмалы және қолданбалы-заттық әрекет. Ойлаудың қалыптасуы. Мектепке дейіңгі кезеңде тіл және оның эволюциясы. Ерте балалық шақ - бала дамуында сензитивті кезең. Үш жас жағдарысы. Ана тілің тәжіриби меңгеру. Қоршаған шындыққа қарым-қатынасты қалыптастыру және адамдардың әлеуметтік тәжірибесін меңгеру нәтижесі ретінде ойлаудың дамуы. Әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру және мектепке дейінгі балалардың еңбекке қалыптастырудағы үлкендердің рөлдерін анықтау.



Тақырып 28 Бастауыш мектеп тұлғасының қалыптасуы және психологиялық дамуы

Мектепке келуімен бала дамуында психологиялық жағдайының объективті өзгерістер. Мектеп оқуына және тәрбиеге алты және жеті жастаға бала дайындығының негізгі көрсеткіштерінің мінездемесі. Бастауыш мектеп кезеңіндегі психикалық дамуының анықтамасы, жетекші әрекет ретінде оқу-әрекеті. Бастауыш сыныптың әр кезеңдерiнде оқу-әрекетімен ойынның қарым-қатынас динамикасы. Бастауыш мектеп оқушыларының еңбек әрекеттерінің психологиялық ерекшеліктері. Бастауыш мектеп тұлғасының қатыпасуы.



Тақырып 29 Жасөспірім тұлғасының қалыптасуымен психологиялық ерекшеліктерінің дамуы

Жасөспірім тұлғасының қалыптасуы және психикалық даму жетекші детерминанты ретінде әлеуметтік факторлар: ортанғы мектепке көшуімен байланысты оқу-әрекетінің өзгеруі, мұғаліммен оқушылардың қарам-қанастары, балалардың қоғамға пайлалы әрекеттерінің кеңейуі, отбасынба баланың жағдайының өзгеруі. Биологиялық факторлар - толық психикалық дамуына жеткіліксіз жағдай ретінде - барлық мүшелерінің жетілуі, жыныстық жетілуінің басы.



Тақырып 30 Ерте жастық шақ психологиясы

Жастық шақ тобымен және жастық шақ туралы түсінік. Жастық шақтың жетекші әркет түрі ретінде, оқу-кәсіби әрекеті. Жастық шақтағы оқу-әрекеті және мінез-құлық мотивтері, танымдық қызығушылықтары және кәсіби бірлігі.




Әдебиет тізімі

Негізгі әдебиет


  1. Намазбаева Ж.И. Психология. А.,2007.

  2. Жарыкбаев К.Б. Развитие психологической науки мысли в Казахстане (со второй половины ХІХ века до наших дней). А.,1968.

  3. Жарыкбаев К.Б. Психологическая наука в Казахстане (история и этапы развития в ХХв.) Монография.. А., 2002.

  4. Джакупов С. М. Психология познавательной деятельности. - Алма-Ата: Изд-во КазГУ,1992.-195с.

  5. Кулагина И.Ю., Колюцкий В.Н. Возрастная психология: Полный жизненный цикл развития человека. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений. – М.: ТЦ Сфера, 2008. – 464 с.

  6. Першина Л.А. Возрастная психология: учеб, пособие для вузов. – М., 2007.

  7. Солдатова Е.Л., Лаврова Г.Н. Психология развития и возрастная психология. Онтогенез и дизонтогенез / Серия «Высшее образование». – Ростов н/Д: Феникс, 2009. – 384 с. 1.Божович Л.И. Переходный период от младенчества к раннему возрасту// Хрестоматия по возрастной психологии.-М.: ИПП, 2006.-с. 190-195.

  8. Менчинская Н.А. Психическое развитие ребенка от рождения до 10 лет.-М.: МПА, 2006.

  9. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. М., 2009.

  10. Кузьмин Е.С. Основы социальной психологии. СПб. 2010. – 378 с.

  11. Кузьмин Е.С., Семенов В.Е. Методы социальной психологии СПб. 2009. – 211 с.

  12. Майерс Д. Социальная психология СПб. 2008 – 384 с.

  13. Шибутанн Т. Социальная психология М.Просвещение. – 2006. – 415 с.

10. Еникеев М.И. Общая и социальная психология. – М.: НОРМА – ИНФРА, 2011. 624с.

11. Маклаков О.А. Общая психология. – СПб.: Питер, 2012.

12. Психология. / Под ред. А.А. Крылова. – М., 2011.

13. Психология / Под ред. В.Н. Дружинина. – СПб.: Питер, 2011.

14. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психология: Учебн. для студ. Высш. Пед. учеб. зав. – М., 2008.

15. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб., 2010.



Қосымша:

  1. Агеев В.С. Менжгрупповове взаимодействие. – М.Академия. - 2008. – 371 с.

  2. Бодалев А.А. Психология общения. М.: ВЛАДОС. - 2008. – 479 с.

  3. Введение в практическую социальную психологию / под. ред. Ю.М.Жукова М., 2008. – 179 с.

  4. Морозов, А. В. Социальная психология:учебник для вузов и сред. спец. учеб. заведений.-[3-е изд., испр. и доп.].-М.:Академический проект.-2008.-335

  5. Выготский Л.С. Психология. – М., 2006.

  6. Джемс У. Психология. – М., 2006.


А қосымшасы

(Эссе құрылымы)


Тапсырма (сөздің максималды саны - 300):

Өзіңіздің магистратурада оқу кезінде болашақтағы ғылыми-зерттеу қызметіңіздің бағытын қалай елестетесіз?

1) аты-жөні/ аты-жөнінің коды

2) Базалық білімі (мамандығы)

3) Болжамды тақырып бойынша зерттеулер қызметінің бағыты

4) Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі

5) Мақсаттары мен міндеттері

6) Зерттелу дәрежесі

7) Болжамды диссертациялық жұмыстың жаңалығы

8) Теориялық және тәжірибелік маңыздылығы

Б қосымшасы

(Питч құрылымы)


Тапсырма:

Сіз таңдаған сала бойынша өзіңіздің стартап-жоба ұсыныстарыңызды көрсетіңіз.

Питч құрылымы:

Не туралы айту керек:

- Сіз кімсіз (компанияның атауы және логотипі);

- Сіздің жоба қандай мәселені шешеді;

- оның шешіміне сұраныс қандай;

- Нарық/бәсекелестер;

- Сіздің шешім: негізгі технологиясы (қысқаша);

- Сіздің шешім: бәсекелестер алдындағы артықшылық;

- Бизнес-модель: сіз қалай ақша табасыз;

- Маркетинг және сату: нарыққа қалай шығасыз;

- Түйінді көрсеткіштері: гипотезалар, болжамдар, табыс көрсеткіші;

- Команда: неге сіз ғана бұл бизнесті жүзеге асыра аласыз;

- Ағымдағы мәртебесі (не істелді), жоспар-кестесі (не және қашан жоспарлануда);



- Капитал жұмсау қажеттілігі (қанша ақша қажет және не үшін)/ инвесторға ұсыныс (сіз олар үшін не ұсына аласыз);

- Байланыстар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет