Бағдарламасы амангелді ауданының Амантоғай ауылдық округінің 2018 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы



жүктеу 98.36 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі98.36 Kb.
түріБағдарламасы


АМАНТОҒАЙ АУЫЛДЫК ОКРУГІНІҢ

2018 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН

ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

БАҒДАРЛАМАСЫ



Амангелді ауданының Амантоғай ауылдық округінің 2018 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы.

Ауылдық округ бойынша жалпы мәлімет

Амантоғай ауылдық округінің әкімі –Жұманияз Рахымбекұлы Илиясов осы қызметте 2000 жылдың қантар айынан бастап қызмет атқарады .

Амантоғай ауылдық округінде жалпы жер көлемі – 129618 га, соның ішінде: егістік – 27265 га., шабындық 4462 га., жайылымдық 82113 га., басқада жерлер 5459 га., Қарамағында төрт елді мекені бар, олар : Амантоғай ауылы, Жалдама ауылы, Карақұдық, Шақпақ. Округ бойынша жалпы халық саны 1431 адам, соның ішінде: Амантоғай – 902 адам, тұрақты түрде жұмыс істейтіндері – 233 адам, Жалдама – 395 адам, тұрақты түрде жұмыс істейтіндері – 168 адам, Қарақұдық – 57 адам, тұрақты түрде жұмыс істейтіндері – 16 адам, Шақпақ – 77 адам, тұрақты жұмыс істейтіндері 20 адам. Зейнеткерлер саны округ бойынша– 155 адам. Округ бойынша 1 сарбаз-интернационалист, 15 тылда еңбек еткендер, 26 «Алтын алќа», 36 «күміс алқа» иегерлері бар.

Ауылдық округтің жері қоныр қызыл топырақты. Аумағы арқылы 3 өзен ағып өтеді. Аудан орталығына 45 шақырым, облыс орталығына 362 шақырым.



Ауылдық округте 20 жеке кәсіпкер жұмыс істейді.Ауылдық округте 3 кітапхана, 2 жалпы білім беретін орта мектеп , 1 селолық амбулатория және 1 медпункт, 12 дүкен, 1 клуб бар.

Жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер
Ауылдық округтің экономикасының негізі – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпкерлік 2018 жылдың 1 қантарға текті округ бойынша - 65 шаруа ќожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 3 ауылшаруашылық өндірістік кооператив,14 халыққа қызмет көрсететін шағын кәсіпкерлік субьектілері .

Осы шаруа қожалықтарының ішінде Амантоғай ауылдық округінде 5 шаруа қожалығы егін салады, олар : «Ильяс» ш/қ. 2017 жылы 2080 га,, «Ақжол» ш/қ. 400 га ., «Алишер» ш/қ. 1361 га., «Хамза» ш/қ. 240 га., «Олжа» ш/қ. 2440 га., барлығы 6521 га., бидай дақылын екті, «Жанна»ш/қ. 5,9 га., жерге бақша салды. «Шерхан», «Рахымбек», «Ернұр», «Ақбота Ж» шаруа қожалықтары басқа округ жерлерінде егін егеді, қалған 48 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады. Алдағы жылдары егістік көлемі ұлғаяды деп күтілуде ,оған себеп округтің егістік жерлері сұранысқа ие болып, «Олжа» ш/қ -3140 га , «Хамза» ш/қ-917 га, «Айбол-С»- 381 га, «Дихан» ш/қ-1796 га, «Дария» ш/қ -1127 га, «Әлішер» ш/қ -295 га, « Тома-нұр» ш/қ - 3500 га, барлығы – 11156 га егістік жер берілді. Енді осы ш/қ басшылары өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, егістік жерлерді айналымға қосады деген үміттеміз.Округ бойынша 970 га жер шегірткеге қарсы уланды. Округ шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларға қатысып,атап айтар болсақ 2017 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша өз қаржыларына «Рахымбек» ш.қ.- 1 «Вектор», «Ильяс»ш.қ.- 1 «Вектор» комбайн өз қаржыларына сатып алды.Осы жаңадан алынған техникаларға мемлекет тарапынан 16000,0 мың теңге субсидия берілді. Мал басын асылдандыру мақсатында биылғы жылы өз қаржыларына «Мәди» ш/қ - 3 бас,«Ақбота-Ж» ш/қ - 1 бас, «Әлішер»ш/қ - 4 бас, «Сәулет-1» ш/қ - 4 бас, «Рахат-1» ш/қ -3 бас, «Аружан» ш/қ - 1 бас, «Бектұр» ш/қ - 6 бас, «Шакыман- АГРО»ш/қ - 3 бас, «Едрес ата» ш/қ - 1 бас асыл тұқымды бұқалар әкелді. Өткен жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Шакыман-АГРО» ш/қ 10725,0 мың теңге несие алып,3 бас асыл тұқымды бұқа, 65 сиыр алды. «Едрес ата» ш/к 3300,0 мың теңге несие алып 1 бас асыл тұқымды бұқа және 30 сиыр сатып алды.15 шаруа қожалық иелері отбасылық бордақылау алаңын ашу үшін құжаттар тапсырып 39150,0 мың теңге несие алып, ірі қара мал сатып алып,бизнес-жоспарларына сәйкес жұмыс істеуде.Округ көлемінде үлкен өндірістік орындар жоқтығына байланысты, алдағы мақсат округте 2018 жылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Себебі, жалпы халықты жұмыспен қамтудың бірден бір көзі осы шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету боп табылады. Өзіміздің ішкі мүмкіндігімізді пайдалана отырып және мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған нақты көмектерді тиімді пайдалану. Яғни, бұл дегеніміз Казагрофинанс, аграрлыќ несие корпорациясы және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан берілетін несиелерге қол жеткізу мүмкіндігін қарастыру. Біздің мақсатымыз округтегі жұмысқа қабілетті азаматтарды жұмысқа деген ынтасын оята отырып мал шаруашылығын, егін шаруашылығын және бақша егуге жұмылдыру. Осымен қатар қосалқы шаруашылықты да дамыту күн тәртібінен түспеу керек деп білеміз. 2017 жылы нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына округ бойынша 49 адам қатысты.Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына 5 адам жіберілді, 23 адам бос вакансияларға жұмысқа тұрғызылды, 1 адам кәсіптік оқытудан және 9 адам қайта даярлаудан өтті,1адам 1,0 мың теңге несие мал шаруашылығын дамытуға алды, ақылы қоғамдық жұмысқа 10 адам тартылды. Аз қамтылған 1 отбасы 3 адам «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. Бір жолғы қайырымдылық көмек 132 мың теңгеге жасалды. 64 отбасы балаларға 18 жасқа дейін төленетін мемлекеттік жәрдем ақы алады

Мал шаруашылығы

Округте, 2018 жылдың 1 қантарына текті: ірі қара малы 3372 бас, соның ішінде сиыр 1902 бас, қой 5223 бас, соның ішінде аналық 3707 бас, ешкі 2912 бас, соның ішінде аналығы 2146 бас, жылқы 1937 бас, соның ішінде аналығы 1030 бас, құс – 4076 бас .

Жалпы, округте кейінгі жылдары мал басының өсу денгейі байқалады. Осы мал басы, соның ішінде ірі ќара малдың – 69 % ,қой – 77%,ешкі – 68 жылқы – 87 % шаруа қожалықтардың еншісінде. 2017-2018 жылғы мал қыстату кезеңіне 21460 тонна шөп дайындалды.

Инвестициялық жобалар

Округте 2018 жылы «Хамза» шаруа қожалығы ауыл шаруашылық техникасын сатып алу жоспарында бар, Жалдама ауылында бір жеке тұрғын үй салынады.


Білім беру
Амантоғай ауылдық округіне қарасты 2 орта мектеп жұмыс жасайды. Амантоғай орта мектебінде 198 оқушы білім алуда, шағын орталықта 49 бала, ұзартылған күн тәртібіндегі балабақшада 25 бала тәрбиеленуде.Жалдама орта мектебінде 83 оқушы білім алуда, ұзартылған күн тәртібіндегі балабақшада 20 бала тәрбиеленуде. Амантоғай орта мектебінде 16 компьютер, мультимедиа кабинеттері бар. Жалдама орта мектебінде 17 компьютер, мульти медиа кабинеттері бар. Амантоғай орта мектебінде 43 мұғалім жұмыс істейді, осының ішінде жоғары білімдісі 30, арнаулы орта білімдісі 13. Мектепте кадрлар жетіспеушілігі жоқ. Жалдама орта мектебінде 29 мұғалім жұмыс істейді,осының ішінде жоғары білімдісі 29,арнаулы орта білімдісі 10. Бүгінге текті мектеп ағымдағы жөндеуден толығымен демеушілердің көмегімен өтті. Кадрлар жетіспеушілігі жоқ.
Мәдениет саласы бойынша
Округте мәдениет саласы бойынша 1 мәдениет үйі, 3 кітапхана тұрақты жұмыс жасайды. Мәдениет үйінде штаттық кестеде 1 адам қаралған, мемлекеттік мерекелер және мәдени іс-шаралар тұрақты түрде жоғары денгейде өтеді. Амантоғай ауылы модульдік кітапханасында кітап қоры 6364 дана, компьютер, жаңа кеңсе жиһаздары берілді. Жалдама ауылы кітапханасында 9315 кітап қоры бар. Шақпақ кітапханасында 3462 кітап қоры бар. Амантоғай ауылында орналасқан Даңқ ескерткішін жылда ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары ұйымдастырылады.

Деңе шынықтыру және спорт
Осы салада екі орта мектептін спорт залы жыл бойына жұмыс істейді. Амантоғай орта мектебінің базасында қазақша күрес секциясы жұмыс істейді. Аудандық спорт мектебінің штаттық кестесінең берілген бапкер Кенжегозин З жұмыс істейді. Облыстық көлемде жүлделі орындарды тұрақты түрде алып келеді.

Денсаулық сақтау

Округте 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория 1 медпункт жұмыс істейді. 2017 жылы дүниеге 19 сәби келсе, 2018 жылдың 1 тоқсанында 4 сәби дүниеге келді. Жедел жәрдем көлігі бар. Дәрігерлік амбулаторияда 1 жоғары білімді дәрігер, 4 медициналық қызметкер, 1 санитарлық жұмыскер, 1 көлік жүргізушісі жұмыс істейді. Ауылымызда денсаулық сақтау жұмысы тұрақты жағдайда.



Тұрғын үй қоры

Округте 252 тұрғын үй бар (оның ішінде 46 екі басты үй, 206 жеке үй) халық тұрғын үймен толық қамтылған. Биылғы жылы 2 тұрғын үй салынуға жоспарлануда.



Су мәселесі

Ауыз су Амантоғай ауылында қоғамдық негізде су жүйесі арқылы беріледі, Жалдама ауылына жер асты су құбырынан тасымалданып беріледі.Шақпақ елді мекені ауыз суды ашық су көзінен алады.Қарақұдықта шегенді құдық бар.Амантоғай және Жалдама ауылдарына су жүйесін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.Бюджеттен 480793,013 мың теңге бөлініп, биылғы жылы 329414,848 мың тенгесі игерілді. 2018 жылы 151379.065,мың тенге игеріліп,халық игілігіне пайдалануға беріледі.



Халыққа қызмет көрсету

Қоғамдық тұтыну қызметін көрсету бағытында 12 дүкен, 2 шайхана, 1 қоғамдық монша,1 газ құю бекеті тұрақты жұмыс істеуде. Телефон байланысы түбегейлі шешілген, округ тұрғындарына 236 телефон нүктесі орнатылған, жоғары жылдамдықты талшықты байланыс қосылған,кеңжолақты ғаламтор желісі жұмыс істейді.Интернет 101 үйге қосылған,ID теледидарын 40 үй пайдаланып отыр. «ОТАU» ТV 275 үйде орнатылған Мобильдік байланыс «Aktiv» және «Beeline» бар. Электр қуаты тұрақты берілуде. Амантоғай, Жалдама ауылдарының көшелеріне жарықтандыру мақсатында 64 прожектор орнатылған.



Ветеринария

Округте эпизотиялық қолайлы жағдай туғызу үшін бір қатар жұмыстар атқарылуда. Әкім аппаратында ветеринария саласының бас маманы Ж.Иманбеков қызмет атқаруда және жеке кабинет, компьютер, кеңсе жиһазымен жабдықталған. Барлық малға ветеринариялық паспорт беріліп,сырға салынды. 2017 жылы жоспарлы ветеринарлық іс-шаралар аясында 3350 бас ірі қара малдан қан алынды, бруцеллез ауруына шалдыққан мал басы анықталған жоқ. Сібір жарасына – 3350 бас, қарасанєа – 2500 басқа қарсы вакцина егілді, туберкулезді анықтау мақсатында 2100 бас ірі қара мал тексерілді. Қанғыған иттерді жою ұйымдастырылды. 5800 бас қойдан қан алынды және сібір жарасына қарсы егілді. 1000 бас жылқы сібір жарасына қарсы егілді. 140 итке эхиноккозға қарсы таблетка берілді. Округте эпизотиялық қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі түрде жұмыс жасау көзделуде. Ветеринария саласының дамуы басты міндет.


Округдың әлеуметтік –экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолында атқарылатын іс-шаралар

Округтің әлеуметтік–экономикалық дамуы, халықтың мәдени–тұрмыстық жағдайларының нығайтуы және басқа да қол жетімді жетістіктерге жетуі Елбасының жыл сайынғы Жолдауындағы тапсырмалары арқылы жүзеге асырылып отырылады.Сонымен қатар алдағы уақытта округ бойынша санитарлық тазалық, аббатандыру жұмыстарын өрістету:



  • салық және де басқа төлемдердің уақытылы жиналуына, бюджетте белгіленген шығыстардың уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

  • мал басын асылдандыру, көбейту жұмыстарына қолдау көрсету;

  • қолда бар ауыл шаруашылық малдарына ветеринариялық бақылау жұмыстарын уақытылы жүргізу;

  • қоғамдық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүзеге асыру;

  • мәдениет саласына қолдау көрсету;

  • дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын арттыру мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады;

  • ауылдық округ бойынша бос жатқан жерлерді толығымен игеру;

  • ауылдық округ тұрғындарын республиқалық деңгейінде өтіп жатқан бағдарламаларға толығымен ат салысуға қамтамасыз ету;

  • ауылдық округке қолайлы инвестициялық жобаларды тарту;


Б Е К І Т Е М І Н

Амантоғай ауылдық округінің әкімі

_________________ Ж. Илиясов

«___» ___________ 2018 жыл

Амантоғай ауылдық округі бойынша 2018 жылы

атқарылатын іс-шаралар жоспары



Атқарылатын іс-шаралар атауы

Ашылатын жұмыс орны, адам.

Орындалу мерзімі


Жауаптылар

Аяқталу түйіні

1

Амантоғай ауылында Тәуелсіздік көшесін жарықтандыру





2018 жыл

Амантоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөлімдеріне мәлімет ұсыну

2

Амантоғай ауылына жанадан су құбырын тарту.

9

2018 жыл

Амантоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөліміне мәлімет ұсыну

3

Жалдама ауылына жанадан су құбырын тарту.

3

2018 жыл

Амантоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөліміне мәлімет ұсыну

4

Ағымды жөндеу жұмыстар жүргізу: мектептер, медициналық пунктер, әкімшілік, кітапханалар, мәдениет үйі




2018жыл

Амантоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық құрылыс бөліміне мәлімет ұсыну

5

Амантоғай ауылдық округ аумағында орналасқан көрнекілік ақпарат құралдарын жаңарту




2018 жыл

Амантоғай ауылдық округінің аппараты

Аудандық ішкі саясат бөліміне мәлімет ұсыну


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет