Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет3/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2.1.2. Агроөнеркәсіптік кешен

Аудан экономикасының дамуындағы маңызды рөл агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі, онда едәуір экономикалық әлеует жинақталған. Оның дамуы азық-түліктік қауіпсіздіктің деңгейін және аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды шешуші дәрежеде белгілейді.

Ауданның ауыл шаруашылығы өзінің мамандануы бойынша дамыған егіншілік шаруашылығы мен мал шаруашылығына бағытталған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы 80,6%-ды құрайды.

Ауданның мал шаруашылығының айырықша ерекшелігі оның көпсалалық сипаты болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайға және аудандағы шаруашылық қызметке байланысты сүт және ет сиыр шаруашылығы, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа, жылқы, құс, марал шаруашылығы және омарташылық табысты дамып келеді.

2010 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта жалпы ауылшаруашылық өнімнің көлемі 12,1%-ға өсті: 2010 жылы 15523,0 млн. теңгеден 2012 жылы 17412,9 млн. теңгеге.

2 кесте
2010-2012 жылдардағы жалпы өнімнің нақты көлем индексінің



динамикасы


Көрсеткіштер/жылдар

2010

2011

2012

Жалпы өнімнің нақты көлем индексі

96,1

100,0

109,0

оның ішінде егіншілік шаруашылығының

48,9

98,9

96,7

мал шаруашылығының

115

100,3

112,6


Егіншілік шаруашылығы

2010 жылдың қорытындысы бойынша егіндік алқап 95515 га құрады. Егіндік алқаптың құрылымына кіреді: астықты 39965 га немесе егіндік алқаптың 41,8%, картоп - 1073 га немесе 1,1%, жемшөптік - 28912 га немесе 30,2%, көкөніс-бақшалық - 243 га немесе 0,25%, зәйтүн - 25322 га немесе 26,5%.

2011 жылы егіндік алқап 105037 га құрады. Дәнді дақыл алқабы 42218 га құрап, 2010 жылғы деңгейден 5,6%-ға артты, картоп - 1146 га, 6,8%-ға артты, көкөніс-бақшалық - 348 га, 43,2%-ға артты, жемшөптік дақыл - 33925 га, 17,3%-ға артты.

2012 жылы егіндік алқап 114773 га құрады, 2011 жылға 9,3%, 2010 жылғы деңгейге 20,1% өсіммен. Дәнді дақыл алқабы 43496 га құрады, 2011 жылғы деңгейден 3,0%-ға артты, картоп - 1245 га, 2011 жылғы деңгейден 8,6%-ға артты, көкөніс-бақшалық - 238 га, бұл 2011 жылғы деңгейден 31,6%-ға төмен, жемшөптік дақыл - 42731 га, 2011 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға артты.


3 кесте
2010-2012 жылдардағы егіншілік шаруашылығын

дамытудың негізгі көрсеткіштерінің өзгеріс

динамикасы


Көрсеткіштердің атауы

2010 ж.

Алдыңғы жылға%

2011 ж.

Алдыңғы жылға

%

2012 ж.

Алдыңғы жылға

%

Барлық егіндік алқап, га

95515

98,1

105037

109,9

114773

109,3

а) астықты

39965

89,7

42218

105,6

43496

103,0

б) зәйтүн

25322

92,2

27401

108,2

27062

98,7

в) картоп

1073

101,7

1146

106,8

1245

108,6

г) көкөніс-бақшалық

243

98,8

348

143,2

238

68,4

д) жемшөптік

28912

120,3

33925

117,3

42731

125,9

А/ш дақылдарының орташа өнімділігі, баға мен га



















а) дәнді дақылдар

7,2

45

7,4

102,8

6,5

87,8

б) күнбағыс дақылы

5,7

65,5

3,3

57,9

4,8

145,4

в) картоп

169,8

105,7

144,2

84,9

114,1

79,1

г) көкөністер

298,0

85,7

262,3

88,0

312,6

119,2

Өнімнің өндірісі, тонна



















а) дәнді дақылдар

27893,6

39,5

30893,0

110,7

27469,8

88,9

б) күнбағыс дақылы

14473,7

92,0

9060,4

62,6

11125,2

122,8

в) картоп

18231,3

113,9

16522,0

90,6

14206,6

86,0

г) көкөністер

7211,0

93,9

9107,2

126,3

7352,7

80,7


Егіншілік шаруашылығында жыртылған жер алқабын үлкейту бойынша шаралар жүргізілді. Ауылшаруашылық пайдалы жерлердің жалпы аумағы 507,5 мың га немесе жалпы жерлердің аумағының 66,8%-ын құрайды.

Ауылшаруашылық пайдалы жерлердің құрылымында жыртылған жердің салыстырмалы салмағы 131,8 мың га құрайды (ауылшаруашылық пайдалы жерлердің жалпы аумағының 25,9%-ы), көпжылдық егістер - 0,141 мың га (0,03%), жатып қалған жерлер - 7,7 мың га (1,5%), шабындықтар - 36,2 мың га (7,1%), жайылымдар - 331,5 мың га (65,3%).

Ауылшаруашылық агроқұрылуда бекітілген ауылшаруашылыққа тағайындалған жерлерде жыртылған және жатып қалған жерлерді анықтау бойынша талдауға сәйкес, 2010 жылмен салыстырғанда 2012 жылы аудан бойынша жыртылған жердің аумағы 19,5 мың га үлкейген.

Соңғы жылдары күнбағыс өсіру үшін субсидияның көбеюіне байланысты ауылшаруашылық дақылдардың егіндік алқаптарын оңтайландыру бойынша шаралар жүргізілмеді. Ауданның ауылшаруашылық дақылдарының егіндік алқаптарының құрылымында күнбағыстың меншікті салмағы 23,5%-ға өсті, бұл ғылыми-негіздемелі егіс айналымының бұзылуына әкеліп соқты. Сонымен қатар, минералды тыңатқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын заттар жеткіліксіз мөлшерде қолданылуда. Осы факторлардың барлығы жерлердің азуына және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі.

Мал шаруашылығында жеткілікті жемшөптік базаны құру мақсатында жемшөптік дақылдардың аумағы үлкейтілуде. Талданған кезеңде жемшөптік дақылдардың аумағы жалпы аудан бойынша 68%-ға көбейіп, 42,5 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру бойынша жұмыстар бастылп, жалғасын табуда. Егер 2010 жылы ауылшаруашылық дақылдарды өсірудегі ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 37,1 мың гектар аумаққа енгізілген болса, 2012 жылы аталмыш технология 53,0 мың гектарға қолданылды.

Ауданда 11,1 мың гектар суармалы жерлер бар. Оның 4,1 мың га пайдаланылады. Бүгінде ауданда 7,0 мың гектар суармалы жерлердің пайдаланылмау себебі: жерді пайдаланушыларда қаржылық қаражаттардың жоқтығы және суару жүйесінің ақаулығы, сондай-ақ, қажетті техниканың жоқтығына да байланысты.

Көктемдік-далалық және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 2012 жылы ауданның жер пайдаланушыларына 130,0 млн. теңге субсидия бөлініп, игерілген болатын.

2012 жылы астықтың орташа өнімділігі 6,5 цн/га құрады, бұл 2010 жылдан 9,7%-ға және 2011 жылдан 12,1%-ға аз, күнбағыстың орташа өнімділігі - 4,8 цн/га, бұл 2010 жылдан 15,8%-ға аз және 2011 жылдан 45,4%-ға көп, картоп – 114,1 цн/га, бұл 2010 жылдан 32,8%-ға және 2011 жылдан 20,8%-ға аз, көкөністер – 312 цн/га, бұл 2010 жылдан 4,9%-ға және 2011 жылдан 19,1%-ға көп.

Осыған қарамастан, 2012 жылы ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері астықтың жалпы 27,5 мың тонна, картоптың 14,2 мың тонна, көкөністердің 7,3 мың тонна, күнбағыс дақылының 11,1 мың тонна жалпы алымын алды.

Ауданда тұқым шаруашылығын дамтыу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұқым өсіру шаруашылығының саны ауданда 6-ға өсті, оның 2 шаруашылығы – іріктеліп алынған тұқымдарды өндіруші. Ауданда күнбағыс пен астықтың іріктеулі тұқымын өндіру бойынша екі іріктеу-тұқым өсіру шаруашылығы құрылған. Олар келешекте ауданның және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарын аталмыш дақылдарын іріктелген тұқымдарымен қамтамасыз ететін болады.

Облыс және аудан халқын ерте көкөністермен қамтамасыз ету үшін жалпы аумағы 0,9 га болатын 3 жылыжай салынып, жұмыс істеп тұр.

Жалпы қуаттылығы 2,6 мың тонна болатын 7 көкөніс қоймасы бар. Саланы кеңейту және агросервистік қызмет көрсетудің көлемін арттыру үшін 3 машина-технологиялық станция құрылды.

Егіншілік өнімнің жалпы көлемін көбейту мақсатында жыл сайын аймақ шаруашылықтары тұқым сапасын жақсарту бойынша шаралар өткізеді, тұқымның және көшет материалдарының сорттық және екпелік сапасына сараптама жасайды, аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы тексерулер, шегіртке зиянкестерінің тығыздылығын және колорад қоңызын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты негізде ауылшаруашылық алқаптарды минерализациялау және улы химикаттармен өңдеу жүргізіледі.
Мал шаруашылығы

4 кесте


2010-2012 жылдардағы мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің өзгеріс динамикасы


Көрсеткіштердің атауы

Жылдар

2011 ж. 2010 ж.

қарқын, %

2012 ж. 2011 ж. қарқын, %

2012 ж. 2010 ж. қарқын, %

2010 ж.

2011 ж.

2012 жыл

Ірі қара мал, бас

42764

42776

43311

100,0

101,2

101,3

оның ішінде сиыр

17410

17412

18221

100,0

104,6

104,6

шошқа

7916

7921

8088

100,0

102,1

102,2

қой мен ешкі

97301

95305

80006

97,9

83,9

82,2

жылқы

13413

14492

15938

108,0

110,0

118,8

құстар, мың бас

996

1244,8

1214,3

125,0

97,5

121,9

Таза салмақтағы мал және құс союға өткізілді, тн.

23440,1

23501,2

27577,3

100,2

117,3

117,6

Сауылға сүт, тн.

49473,1

49578,6

49721,0

100,2

100,3

100,5

Алынған жұмыртқа, мың дана

17177

15859

19655

92,3

123,9

114,4

Қырқылған жүн, тн.

205,9

206,4

208,8

100,2

101,1

101,4

2011 жылдың қорытындысы бойынша ірі қара мал басы, оның ішінде сиыр, шошқа 2010 жылғы деңгейде қалды, қой және ешкі басы 2,1%-ға немесе 1996 басқа азайды, жылқы басы 8,0%-ға немесе 1079 басқа, құстар 25%-ға немесе 248,8 мың басқа көбейді. Ет өндірісі 0,2%-ға өсті, сүт 0,2%-ға, жүн 0,2%-ға, жұмыртқа өндірісі 7,7%-ға өсті.

2012 жылдың динамикасы 2011 жылғы деңгейден ірі қара мал басының 1,2%-ға немесе 535 басқа, шошқаның 2,1% немесе 167 басқа, жылқының 10,0% немесе 1446 басқа көбейгенін белгілейді. Бірақ қой және ешкі басы бойынша 16,1%-ға немесе 15299 басқа азаю, құстардың 2,5% немесе 30,5 мың басқа азаюы байқалады. Ет өндірісі 17,3%-ға, сүт - 0,3%, жұмыртқа – 23,9%, жүн – 1,1%-ға өсті.

2012 жылды 2010 жылмен салыстырса, барлық көрсеткіштер бойынша көбею байқалады, оның ішінде ірі қара мал басы 1,3%-ға немесе 547 басқа, шошқа 2,2%-ға немесе 172 басқа, жылқы 18,8%-ға немесе 2525 басқа, құстар 21,9%-ға немесе 218,3 мың басқа. Қой және ешкі басы 17,8%-ға немесе 17295 басқа азайды. Ет өндірісі 17,6%-ға, сүт - 0,5%, жұмыртқа - 14,4%, жүн - 1,4%-ға өсті.

Сүт мал шаруашылығы Өскемен қаласының сүт белдеуіне кіретін ауданның 4 шаруашылығында көбірек дамыған: «Украинка» ШҚ, «Қайрат» ШҚ, «Багратион-2» ШҚ, «Борсақ» ШҚ.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа ауданның шаруашылықтарында омарташылықпен айналысады.

Мал шаруашылығының аталмыш салалары белгілі деңгейде сақталуда. Марал басы соңғы жылдары 600 бас шамада сақталып келеді. Панталық марал шаруашылығымен ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алған «Багратион-2» шаруа қожалығы айналысады.

Жұмыртқа өндірісімен «Өскемен құс фабрикасы» АҚ айналысады.

Аудан халқының мал шаруашылығы өнімдерінде қажеттіліктері толық қамтамасыз етілген.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларды, аслы тұқымды мал шаруашылықтарын құру, құнарсыз және құнарлы жемшөптің қажетті көлемін даярлау бойынша қабылданған шаралар септігін тигізді.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жанында 3 штаттық бірліктен тұратын ветеринария секторы құрылып, жұмыс істеп тұр. Ветеринария бойынша осындай мамандар ауылдық округтерде де жұмыс істейді, барлығы 18 штаттық бірлік. Ауданда эпизоотияға қарсы, диагностикалық, дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын «Ұлан мал дәрігері» КМК құрылды. КМК-да 6 адам және 18 лицензиат мал дәрігері жұмыс істейді.

Аудан инфекциялық және инвазионды аурулар бойынша аман болып табылады. Көрсетілген аурулармен күрес үшін жыл сайын республикалық бюджеттен қажетті қаржылық қаражаттар бөлініп отырады.

Ауылшаруашылық малдар мен құстардың аса қауіпті ауруларымен күрес, мал мен құс ауруларын диагностикалық зерттеулер бойынша жыл сайынғы шаралар жүргізіледі.

Мал шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға 2012 жылы республикалық бюджеттен 1375,6 млн. теңге субсидия бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда ауданда 26 мал бордақылау алаңы мен 8 сүт-тауарлы ферма құрылып, жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығының саны 36 бірлікті құрайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша SWOT-талдау жүргізілді:

Күшті жақтары:


  1. Өндіріс әлеуеті;

  2. Ауылшаруашылық өнімдерінің тұрақты өсімі;

  3. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құс етінің өндірісі;

  4. Облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөністер сияқты азық-түліктің негзігі түрлерімен толық қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары:

  1. Өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. Ауылшаруашылық техника мен құрал-жабдықтардың тозуы;

  3. Суармалы егіншіліктің төмен тиімділігі;

  4. Асыл тұқымды малдың төмен үлесі;

  5. Жемшөптік базаның жеткіліксіздігі;

  6. Ауылшаруашылық өндірісте заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. Ауылдық тұтынушы кооперативтері мен сервистік-даярлаушы орталықтардың жеткілікті дамымаған жүйесі;

  8. Ауылшуаруашылық тауар өндірушілердің көбінде негізгі және айналымдағы қаражатының жоқтығы;

  9. Мал басының жеке қоныстарда топталуы, бұл мал шаруашылығы шикізатының сапасын төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану;

  2. Бәсекеге жарамды өнім өндіру;

  3. Техникалық жабдықталудың деңгейін көтеру;

  4. Ауылшаруашылық өндірістің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамыту бойынша қарастырылған шараларды жүзеге асыру (СТФ, мал бордақылау алаңдары, жобалау-іздестіру ұйымдарының құрылысы және т.б.);

  6. Көктемдік-далалық және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ЖЖМ және басқа да тауарлы-материалды құндылықтардың бағасын субсидиялау.

  7. Жасанды ұрықтандыру жолымен асыл тұқымды мал шаруашылығының меншік салмағын арттыру;

  8. Лизингке берілетін ауылшаруашылық техника мен технологиялық құрал-жабдықтардың номенклатурасын кеңейту;

  9. Өндірістің заманауи төмен шығынды технологияларын енгізу;

  10. Ауылшаруашылық өнімдерін бірге өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және тауарлы-материалды құндылықтармен жеңілдік жағдайда несиелеу жолымен жабдықтау бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл халқының бірігуін ынталандыру.

  11. Кәсіпорындардың өзіндік қаражатының есебіне АӨК-дегі техникалық жабдықталу деңгейін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

  1. Инвестицияны тартудағы қиындықтар;

  2. Аса қауіпті мал ауруларының таралуы;

  3. Қуаңшылық және табиғи апаттар;

  4. Халықтың адам мен малға ортақ аурулармен сырқаттануы.



2.2.1.3. Туризм

2010 жылдан бері туризмді дамыту бойынша қызмет инфрақұрылымды құру және дамыту, ауданның туристік имиджін құру және көтеру, туризм саласына инвестиция тарту жолымен 2010-2012 жылдары ШҚО-дағы туристік саланы дамытудың аймақтық бағдарламасын, 2010-2012 жылдары ШҚО-дағы туризмді дамытудың аймақтық бағдарламасын орындауға бағытталған болатын.

Аудандағы туризмнің негізгі бағыттары:

жағажайлық туризм;

емдік-сауықтыру туризмі;

мәдени-танымдық туризм;

балықшылық, аңшылық;

туризмнің белсенді түрлері.

Туризм бүгінгі таңда экономиканың ең келешекті секторларының бірі болып табылады.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мәдениет бөлімімен бірге ауданның тарихи орындарына ауданаралық туристік маршрут әзірлеу жоспарлануда: «Ақбауыр», «Монастырь қорғаны» шоқылары, «Дубогалинское» көлі, «Шыбынды», «Сандықтас», Сібе көлдері.

Бұл территорияларда аймақтың негізгі табиғи, мәдени және тарихи назар аударарлық орындары топталған, оның ішінде:


  • Ақбауыр тарихи ескерткіші, ескерткішке кіре беріс жоқ;

  • Сібе көлдерінің ауданындағы көне жоңғар (ойрат-қалмақ) бекінісінің жұқанасы, жаяу туризм жүргізіледі;

  • «Қанайдағы қоныс» - орта қола дәуірінің ескерткіші;

  • Аблайкит будда ғибадатханасының жұқнасы, ғибадатханаға кіре беріс жоқ.

Ұлан ауданы келесі туристік нысандармен таныстырылады:

Сібе көлдерінде: - 5 демалыс базасы;

Төменгі Тайынтыда – «Көк тау» д/б;

Жоғарғы Тайынтыда – «Малахит», «Шыбындыкөл» д/б;

Бұқтырма жағалауында – 7 демалыс базасы.

Аталған туристік нысандар бойынша туристік фирмалар дамыған инфрақұрылымның жоқтығынан лайықты жарнамалық акциялар өткізбейді.

Ауданда 3 қонақ үй бар, оның тек біреуі ғана белгіленген талаптарға сай.

Қонақ үйлер мен демалыс базаларында білікті қызметкерлер тапшы.

Ұлан ауданы бойынша негізгі белгілі демалыс базалары «Малахит», «Аюлы», «Окуньки», «Көк Тау» сауықтыру кешені, «Сібе», «Янтарь», «Шыбындыкөл» болып табылады.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі бойынша ауданда мынадай шаралар өткізіледі:

«Туған соқпақтар» сапар-саяхаты;

Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт өкілдерінің қатысуымен «Біздің өңірдің табиғаты» дөңгелек үстелі;

«Алау оттың қасында» түнеумен жазғы туристік сапар;

«Туристік әндер» балалар туристік фестивалі, оған жыл сайын 670 бала қатысады;

төңіректе бағдар;

жыл сайын мектептік сапар Астана, Семей, Өскемен, Ақ бауыр, Аблайкит;

Жыл сайын ауданның барлық мектептерінің оқушылары мен мұғалімдерінің арасында жаяу туризм бойынша туристік слет өтеді.

Инфрақұрылымды ары қарай дамыту үшін қонақ үй, жанармай құятын станциялар, кемпингтер құрылысы жобалануда.


5 кесте

2010-2012 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің

даму динамикасы


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірліктері

2010

2011

2012

Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызмет көрсетулердің көлемі

мың тенге

50382,0

80050,0

103502,0

Келушілер туризмінің көлемі

адам


-

-

-

Ішкі туризмнің көлемі


адам

2547

4971

4348

Туристік ұйымдардың саны

саны

3

3

4

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Ауданның тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2. Ландшафтардың әр түрлілігі, табиғат, мәдениет және тарихтың бірегей ескерткіштері.

Әлсіз жақтары:

1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының жоқтығы;

2. Білікті басқарушы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің жоқтығы;

3. Ауданның туристік ресурстары туралы жеткіліксіз жарнама.



Мүмкіндіктер:

  1. Туризмнің бәсекелестік инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

  2. Халықты жұмыспен қамту;

  3. Келушілер және ішкі туризм бойынша туристер легін және бюджетке кірістер мен түсімдердің өсімін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

  1. Күзету шаралары қабылданбаған жағдайда бар нысандар мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

  2. Туризмді қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, меншік қаражаттар мен инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

  3. Туристік бизнестегі кәсіпқойлықтың төмен деңгейі.



2.2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінгі таңда аудандағы шағын кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықты жұмыспен қамтудың, тауарлар мен қызмет көрсетудің кең бейінділігін құрудың, бюджетке түсетін салық түсімдерінің маңызды үлесінің айтарлықтай пайызын қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері үдемелі динамикаға ие, бұл экономиканың аталмыш секторының дамуындағы оң тенденцияны дәлелдейді.

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілерінің саны ауданда 2361 бірлікті құрады, оның ішіндегі заңды тұлғалардың үлесі 115 бірлік (4,87%), жеке кәсіпкерлер – 718 бірлік (30,41%) және шаруа қожалықтары – 1528 бірлік (64,72%) (7 сур.).
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы

7 сур.
2012 жылы мемлекеттік бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық түсімдерінің барлығы 854,97 млн. теңге (8 сур.).


2010-2012 жылдардағы шағын бизнес субъектілерінен

түскен салық түсімдерінің өзгеріс динамикасы

ШКС-нен жергілікті бюджетке түскен салық түсімдерінің барлығы, млн. теңге

8 сур.
Әкімшілік тосқауылдарды азайту үшін үрдістердің 13 түрі бойынша рұқсат құжаттарды беру мерзімдерін азайту мүмкіндігі жөнінде шешімдер қабылданды, мысалы:

жерге орналастыру жұмыстарын өндіруге лицензиялар 30-дан 20 күнтізбелік күнге, шағын бизнес субъектілері үшін 10-нан 5 күнге дейін;

Рұқсат үрдістердің мына түрі жойылды:

алкогольдік өнімдерді сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек сауда арқылы өткізу бойынша нысандардың өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестілік шарттары;

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіздер;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын құрайды.

Әлсіз жақтары:

  1. Меншік айналымдық қаражаттың жеткіліксіздігі;

  2. Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік даярлығының әлсіздігі, білікті мамандардың тапшылығы;

  3. Салық салу кезінде оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу уақытына байланысты сараланған амалдардың жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудағы серпінді даму;

  2. Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыруда қолайлы жағдай жасау үшін «сервистік орталық» құру;

  3. Рұқсат құжаттарды (үрдістерді) алу кезінде әкімшілік шығындарды қысқарту.

Қауіп-қатерлер:

  1. Қаржылық-несиелік ресурстардың қолжетімділігінің жеткіліксіздігі, ол сұралған несие мөлшерін қамтамасыз ету үшін кепіл мөлшерінің жеткіліксіздігі немесе оның мүлде жоқтығы, банк сарапшыларының кепілді мүліктің бағалық құнын төмендетуі сияқты факторларға байланысты.

  2. Бизнестің біршама жоғары операциялық шығындары;

  3. Кепілді қамсыздандыру болмаған жағдайда нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің жоқтығы.

2.2.1.5. Сауда


Аудан бойынша бөлшек сауда өсім әлеуетіне ие, бұл бөлшек тауар айналымының өсімімен дәлелденеді. 2012 жылы бөлшек тауар айналымынің көлемі 3765,6 млн. теңгені құрады, ол 2011 жылғы нақты бағадан 10,7%-ға жоғары және 2010 жылдан 21,4%-ға жоғары.

2012 жылғы көтерме тауар айналымы 3020,4 млн. теңгені құрады, бұл 2010 жылдан 6 есе және 2011 жылдан 5 есе жоғары (9 сур.).


2010-2012 жылдардағы бөлшек және көтерме

тауар айналымының өзгеріс динамикасы

9 сур.

2012 жылы бөлшек сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының жүйесінің көрінісі: дүкендер – 169, дәріханалар – 19, қойма бөлмелері – 11, шатырлар мен дүңгіршектер – 28, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 57, ТҚКС – 6, ЖМС – 3, дәмханалар – 6, асханалар – 12.



2011 жылы ауданда дүкендер - 289, дәріханалар – 5, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 64, ТҚКС – 18, ЖМС – 2, дәмханалар – 20.

2010 жылы ауданда дүкендер – 701, дәріханалар – 5, шатырлар мен дүңгіршектер – 43, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 162, ТҚКС – 10, дәмханалар – 53.

Ұлан ауданында базарлар жоқ.

Сауда нысандары қызметінің тиімділігін арттыру, сауданың өркениетті формасын құру бойынша шаралар қабылдау мақсатында сәулеттік келбетті жақсарту, сауда құрал-жабдықтарын жаңарту және сауда нысандарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдық округтердің орталық мекендерінде тікелей ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне меншік өнімдерді халыққа төмен бағамен өткізу үшін ақысыз сауда орындарын беру бойынша қызмет көрсетіледі.

Ішкі сауданы дамытудағы оң тенденцияларға жағымсыз көріністер қатарласуда.

Ішкі саудада, ең алдымен, сауда базарларында көлеңкелі айналымның маңызды көлемі топталған, оған кіреді: саудалайтын кәсіпкерлерге күңгірт салық салу, тауар өткізушілерінде сапа сертификаттарының жоқтығы және өткізілетін тауарға жасанды сапа сертификаттарын кеңінен пайдалану.

Сонымен қатар, жалпы сауданы дамытудағы бағыттардың айқын көрінісінің жоқтығы сипаталады, ішкі сауда апатты түрде дамуда. Экономиканың негізгі салаларының бірі болғандықтан, сауда секторы өзгерту жүйесін, заңнамалық базаны жетілдіруді, үдемелі даму механизмдерін құруды қажет етеді.

Сауданы дамытудың проблемалық тұстары ретінде белгіленуге тиіс:

- сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

- сауда базарларындағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

- ішкі сауда инфрақұрылымының дамуының жеткіліксіз деңгейі.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:


  1. Сауда көлемінің өсімі мен халықты жұмыспен қамтудың оң динамикасы;

  2. Бөлшек сауда нарығында қалыптасқан қатысушылар.

Әлсіз жақтары:

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру (заңнамамен белгіленген тауарға сауда үстемесінің жоқтығы);

2. Айналымдық қаражаттың тапшылығы;

3. Кәсіби-техникалық білімнің әлсіз жүйесі, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша;

4. Тамақ саласындағы қайта өңдеу өндірісінің жетілмеуі.

Мүмкіндіктер:


  1. Кедендік одаққа кіруге байланысты сауда нарығының даму болашағы;

  2. Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйелерінің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру;

  3. Ішкі нарықты тұтынушы тауарлармен қанықтыру.

Қауіп-қатерлер:

1. Импорттық жеткізілімдерге тәуелділік, азық-түліктік және азық-түліктік тауарлар бойынша;

2. Өнімнің бәсекелістікке жарамдылығының төмендігіне байланысты өндірілетін тауарларға сұраныстың төмендеуі.
2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту

Шығыс Қазақстан облысы экономикасының басым салаларындағы бәсекелестікті дамыту үнемі іске асырылып тұрады, оның ішінде сауда нарығында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдай жасау жолымен.

Экономиканың нақты секторында аймақтың басты байлығы полиметалл кендері қорының айтарлықтай көлемі болып табылады. Олардың құрамында негізгі металлдармен қатар қосымша асыл, сирек және жерде сирек кездесетін металлдар бар.

Тұтынушы нарығын дамытудағы оң бағыттардың бірі – сауда кәсіпорындарының іріленуі мен мамандануына, сауданың дүкенді формаларына біртіндеп ауысуына байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда аймаққа да, облысқа да, жалпы сауданы дамытудағы бағыттардың айқын көрінісінің жоқтығы тән, ішкі сауда апатты түрде дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі өзгерту жүйесін, заңнамалық базаны жетілдіруді, үдемелі даму механизмдерін құруды қажет ететіні анық.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік саласында келесі сұрақтар проблемалық болып қала беруде:

салық салу кезінде оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу уақытына байланысты сараланған амалдардың жоқтығы;

кепілді қамсыздандыру болмаған жағдайда нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің жоқтығы, яғни жаңа іс бастауға ниетті азаматтар бизнесті ұйымдастыру мүмкіндігінен айырылған;

бизнестің біршама жоғары операциялық шығындары, кейде ресімді, бірақ ресімді шығындарды талап етеді;

бизнес қызметіне жүргізілетін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер санының көптігі;

екінші деңгейлі банктердегі несие бойынша сыйақының біркелкі жоғары мөлшерлемесі және оны қайтару механизмінің жетілмегендігі;

сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

делдалдық құрылымдар санының көптігі.

Аймақ бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша үрдістердің 13 түрі бойынша рұқсат құжаттарды беру мерзімдерін азайту мүмкіндігі жөнінде шешімдер қабылданды.

Одан басқа келесі шаралар қарастырылуда:

әлеуметтік маңызды тауарларға баға мониторингін және сауда үстемелерін тұрақты қамтамасыз ету;

тартылған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлермелерді субсидиялау;

бағаны қалыптастыру бойынша аудандық штабтың жұмыстарын жалғастыру.

Агроөнеркәсіптік секторды талдау нәтижесінде бәсекелестікті дамыту бойынша іс-шаралар ұсынылды:

ауылшаруашылық тауарлардың халыққа тікелей сатылым тәжірибесін жалғастыру, оның ішінде аудан және облыс орталығында базарлар мен «демалыс күндердің» жәрмеңкелері арқылы;

ауылшаруашылық тауар өндірушілерін базарлардағы сауда орындарымен қамтамасыз етуге көмектесу.

Әкімшілік тосқауалдырды жою және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Одан басқа, жергілікті атқарушы органдардың қызметі Дүниежүзілік экономикалық форум бәсекелестігінің ғаламдық индексінің «жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның жайғасымдарын жақсартуға септігін тигізетін іс-шараларды әзірлеу және өткізуге бағытталады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Сауда кәсіпорындарының іріленуі мен мамандануына, сауданың дүкенді формаларына біртіндеп ауысуына байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.

Әлсіз жақтары:

  1. Делдалдық құрылымдар санының кпөтігі, бұл бағаның айтарлықтай көтерілуіне әкеледі.

Мүмкіндіктер:

  1. Әкімшілік тосқауылдарды жою және бәсекелестік нарығын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  2. «Жергілікті бәселекелестіктің қарқындылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның жайғасымдарын жақсартуға септігін тигізетін іс-шараларды әзірлеу және өткізу.

Қауіп-қатерлер:

1. Сауданы дамытудың айқын көрінісінің жоқтығы.




        1. Аймақтың инновациялық дамуы

Аудан экономикасын ары қарай дамыту және аудан кәсіпорындары өндіретін өнімдердің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру мақсатында инновациялық жүйенің түйінді элементтерін қалыптастыру және дамыту бойынша белгілі жұмыс атқарылуда: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті.



Инновациялық қызметті дамыту аясында аймақтың қала құрушы кәсіпорындары өндірісті жаңартудың, металлургиядағы, машина құраудағы жаңа технологиялық үрдістерді игеру жобаларын енгізуде.

Ұлан ауданында мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелері жоқ.

2010 жылы инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі 2767,3 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға жұмсалған күрделі және ағымдағы шығындар кәсіпорындардың меншік қаражатының 32,8 млн. теңгесін құрады. Инновация саласында ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінің белсенділік деңгейі 2010 жылы 11,1%-ды құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 17,6%-ды құрады. Инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі 3816,5 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға жұмсалған күрделі және ағымдағы шығындар 1048,7 млн. теңгені құрады, оның ішінде кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 140,2 млн. теңге, республикалық бюджет – 878,5 млн. теңге, несиелер мен қарыздарды тарту – 3,0 млн. теңге.

2012 жылы инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі 7194,2 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға жұмсалған күрделі және ағымдағы шығындар 6735,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 5609,2 млн. теңге, республикалық бюджет – 364,3 млн. теңге, несиелер мен қарыздарды тарту – 762,3 млн. теңге. Инновация саласында ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінің белсенділік деңгейі 2012 жылы 31,8%-ды құрады.

Инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемінің артуы 2012 жылы 2010 жылға 2,6 есені және 2011 жылға 88,5%-ды құрады. Белсенділік деңгейі де 2010 жылғы деңгейден 6,5%-ға және 2011 жылғы деңгейден 14,2%-ға артты. Бұл көрсеткіштердің артуына инновациялық сипаттағы 3 жобаның жүзеге асырылуы септігін тигізді, олар аймақтық индустрияландыру Картасына кірген «Өскемен полиэтиленді құбырлар зауыты» ЖШС базасында жерасты шахта-құрылыстық жұмыстарына арналған полиэтиленді құбырларды шығару, республикалық индустрияландру Картасына кірген «Өскемен құс фабрикасы» АҚ базасында жылына 20000 тонна өнім шығаратын құрал-жабдықты жаңарту және аймақтық индустрияландыру Картасына кірген «Айтас МП» ЖШС «Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдерді өндіру бойынша зауыттың құрылысы».

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ жылына 20 000 тонна етке дейін кеңейту» жобасы бойынша ағымдағы өндірісті қалпына келтіру және жаңарту жолымен, сондай-ақ, жаңа құс қораларының құрылысымен өндірісті кеңейту жоспарланған.

Жобаның жалпы құны 3117,0 млн. теңге, оның ішінде қарыз қаражат 2791,7 млн. теңге және меншік қаражат 325,3 млн. теңге.

Қаржыландыру көзі «ҚазАгроҚаржы» АҚ және меншік қаражаттар.

Жобаның жүзеге асырылуы басталғалы бері ғимараттар жөнделіп, 74 құс қорасында құрал-жабдықтар ауыстырылды. 2011 жылы 3 жаңа құс қорасы салынды. Сондай-ақ, инкубаторға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар ауыстырылды.

Саланың әлемдік көшбасшылары Big-Dutchman (Германия) құстарды суару және тамақтандыруға арналған жабдықтары (ұдайы өсіп-өну, бройлерлік алаңдар) 700,0 млн. теңге сомаға, Pas Reform (Нидерланды) инкубациялық және шығарушы жабдықтары 217,0 млн. теңге сомаға орнатылды.

2012 жылы 150,0 млн. теңге игерілді, жұмыс орындарының нақты көбеюі 984 адамдық штатпен 217 адамды құрады. Жобаға сәйкес қосымша 207 жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі таңда жоба жүзеге асырылды, 2012 жылы ет өндірісінің көлемі 17 000 тоннаны құрады. 2013 жылға ет өндірісінің жоспарланған көлемі 19 000 тоннаны құрайды. Жоба бойынша жобалық қуатқа шығу 2014 жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отыр.

Полиэтиленді құбырлардың өндірісімен айналысатын зауыт «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС пайдалануға беру жобасы.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – бұл Өскемен мен ШҚО-да кәріз құбырларын, сумен жабдықтау, су тарату жүйелеріне арналған құбырларды, технологиялық құбырларды, газбен жабдықтау құбырларын, полиэтиленді құбырлар мен фитингтер өндіру.

Жобалық қуаттылығы – жылына әр түрлі диаметрдегі 1000 тонна құбыр.



«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өзінің жұмысында жаңа заманауи технологияларды, жоғары сападағы шикізаттарды қолданады.

Зауыттың өндірістік цехтары жоғары сапалы импорттық өндірістегі құрал-саймандармен жабдықталған.

«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өнімдері облыстағы сутартқыш, кәріз және газтартқыш жүйелердің барлық талаптарына жауап береді. Құбырлардың өндірісі кезінде ақырғы өнімнің сапасына баса назар аударылады. Кәсіпорында өлшеу және сынақ жүргізуге арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған зертхана бар. Өндіріс кезеңдерінің барлығында технологияны сақтаудың көпсатылы бақылау және дайын өнімнің шығу параметрлерін тестілеу жүргізіледі. Бұйымдар сапаның барлық қажетті сертификаттарына ие және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай, ол сертификаттау бойынша тәуелсіз және мемлекеттік органдардың жыл сайынғы инспекциялық бақылауымен дәлелденіп отыр.

2011 жылы диаметрі 250 мм-ден 500 мм дейін құбырлардың өндірісі бойынша үшінші бағыты жіберілді. Өндіріс көлемі дайын өнімнің 174 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 17%-ын құрайды. 2012 жылы дайын өнімнің 356 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 35,6%-ын құрайды. 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 327,60 тонна.

2012 жылы біздің тарапымыздан хат жіберіліп, барлық қала және аудандардың әкімдеріне бюджеттік инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС-мен қызмет істеу бойынша ұсыныс жасалды. Әкімдерден алынған негізгі жауап - қажеттілік болған жағдайда аталмыш зауыттың өнімін сатып аламыз.

Мұндай жұмыс ауданның кәсіпорындарымен жасалуда, ал бюджеттік жобаларға келетін болсақ, аталмыш құбырлар Донское және Привольное ауылдарындағы екі сутартқышта іске қосылды. Жобалардың құны 529,1 млн. теңгені құрады, диаметрі 160 мм, 140 мм, 110 мм, 63 мм және 20 мм болатын 19232 метрге жуық полиэтиленді құбырлар жұмсалатын болады.



«Еттен және үй құсы етінен жасалатын өнімдерді өндіру бойынша зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның өтінішкері – «Айтас МП» ЖШС. Жобаның бастаушысы - Чубик Людмила Ивановна.

Жобаның құны 1594 млн. теңге, қаржыландыру 34% меншік қаражат есебіне және 66% «Цеснабанк» АҚ екінші деңгейлі банк арқылы.

Жобалық қуаттылық бойынша шұжық өнімі мен ет деликатестері өндірісінің көлемі жылына 12 000 тоннаны құрайды. Өндірілетін өнім түрлері Халал, құс етінен, қызыл еттен.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2012-2013 жылдар. Құрылыс кезеңі 2012 жылдың тамыз айында басталды.

Жобалық қуаттылыққа шығу 2020 жылға жоспарлануда.

Ресейлік «Sipteks» компаниясының мұздатқыш жабдығы сатып алынды. Сондай-ақ, Германия және Польша елдерінің әлемдік көшбасшыларының жабдықтары алынды. Өндіріске қажетті барлық құрал-жабдықтардың бағасы 440 млн. теңгені құрады. Пайдалануға беру 2013 жылдың қазан айына жсопарланды. Жоба жүзеге асырылған жағдайда 175 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Шұжық өнімін өндіру көлемі тәулігіне 1 тоннаны құрайтын болады.

2013 жылы Алматы қаласында орналасқан «Spain Consulting» ЖШС Тайынты ауылында қуаттылығы 24МВт болатын жел паркінің құрылысы бойынша жобаны бастауды жоспарлап отыр. Компанияның серіктестері - Қазақстанның шетелдік жеке инвесторлары, оның ішінде Жаңғырмалы Көздерді Дамытуға (ЖЭС), ЖЭС құрылысына, ЖЭС сервистік қызмет көрсетуге мамандандырылған EPG компаниялар бар.

«Spain Consulting» ЖШС компаниясы Тайынтыдағы 24 МВт жел паркіне арналған 1300 га жердің жеке меншік иесі болып табылады, кейіннен жобаның 160 МВт дейін кеңейтілуі мүмкін. Жоба бойынша: күтілетін жел 6 және 8 м/сек аралығында 80 м биіктікте, электр қуатының болжамды өнімі 60707 МВт/с, меншік таза өнімі 2529 эквивалентті сағат. Инвестицияның жоспарлы сомасы 41299,6 мың евроны құрайды.

Жобаның экономикалық және заңды құрылымы (Тайынты желді-энергия станциясы):

1) 2010 жылдың қаңтарында ШҚО әкімдігімен және аймақтық басқармалармен, комитеттермен техникалық-экономикалық негіздеме келісілді;

2) AES аймақтық энергетикалық компанияларына энергия сатуға ниет шарты (бағасы 0,108 €/cent жобаның 20 жылдық өтелімділік мерзіміне);

3) Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің ТМРА хаты ТЭН-ге сәйкес тариф ТЭО 0.108€/cent (2010 жылдың мамыры);

4) 2011 жылдың ақпанында ТЭН және ЖСҚ Экология министрлігімен келісілді (ЕДБ, Жер комитеті, СЭҚ);

5) 2010 жылы құрылыстың жобалануы ШҚО әкімдігімен келісілді.

Жобаны қаржыландырудың нұсқалары:

1) Коммерциялық банктер: Неміс Банкі, Евразиялық Банк, Гонконг және Шанхай Банк корпорациясы, UNICREDIT;

2) Халықаралық қаржылық институт (ХҚИ):

ХҚК – Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзілік банк тобы)

ЕИБ – Европалық инвестициялық банк

ЕҚҚДБ – Европалық Қайта құру және Дамыту банкі

АДБ – Азиялық дамыту банкі

ИДБ – Исламдық дамыту банкі

Желді-энергия станциясының болжамды құрылысы:

1) 2013 жылы құрылысқа рұқсат алу жоспарланған,

2) құрылыстың басталуы 2014 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған.

Кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың тауар, жұмыс және қызмет көрсетулерді сатып алуы кезінде қазақстандық мазмұн сұрақтарындағы негізгі міндеттерді орындау үшін, мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды көбейту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар басталды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша ауданның 9 кәсіпорнына мониторинг жасалды. Олар тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді жалпы 7,6 млрд. теңге сомаға сатып алды, оның 5,6 млрд. теңгесі (немесе 73,7%-ы) – қазақстандық мазмұнда.

Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындарына өнімдерді өткізуге байланысты проблемаларды шешуде қолдау көрсету мақсатында аудан кәсіпорындары 2012 жылы Астана қаласында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұлттық компаниялары өткізген тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алудағы қазақстандық мазмұнды арттыру бойынша Форумдар мен көрмелерге қатысты.

2012 жылдың қорытындысы бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардағы тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу көлемі мынадай:

тауарлар 5,9 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде қазақстандық тауарлар 4,1 млрд. теңге, қазақстандық тауарлардың үлесі 69,5%-ды құрады;

қызмет көрсету және жұмыс 1,6 млрд. теңгеге алынды, оның ішінде қазақстандық жеткізуішлерден 1,6 млрд. теңге сомаға, қазақстандық жұмыс және қызмет көрсету үлесі 100%-ды құрады.

2012 жылы 9 кәсіпорын отандық өндірісті дәлелдейтін СТ-KZ сертификатын алды.

Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары инновациялық саладағы мемлекеттік қолдау шараларымен тұрақты негізде танысып отырады. Бұл ақпарат кең қолжетімділік үшін сайтта жарияланған.

Саланың даму ахуалының SWOT-талдауы.

Күшті жақтары:


  1. Ауданның қала құрушы кәсіпорындарының базасында инновациялық қызмет үшін әлеуетті мүмкіндіктер;

  2. Инновациялық өнімдерге сұраныстың өсуі;

  3. Аталған бағытты дамытуға мемлекеттік қолдау.

Әлсіз жақтары:

  1. Инновациялық қызметті дамыту үшін қажетті мамандардың тапшылығы;

  2. Аталған саланы дамыту үшін кәсіпорындардың қаржылық ресурстарының шектеулігі;

  3. Мамандандырылған ғылыми базаның жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. Шығарылатын өнімнің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру;

  2. Өткізу нарығын кеңейту.

Қауіп-қатерлер:

1. Саланың дамуын тежеп тұрған импорттық өнімдердің жоғары көлемі.



2.2.1.8. Негізгі капиталға инвестициялар

Аймақта орын алып жатқан үрдістердің нақты индикаторы негізгі капиталға инвестиция болып табылады. 2012 жылы инвестиция көлемі 4647,4 млн. теңгені құрап, 2010 жылғы деңгейден (1841,7 млн. теңге) 2,5 есеге артты.

2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда (3113,6 млн. теңге) негізгі капиталға инвестиция көлемі 49,2%-ға өсті (10 сур.).
2010-2012 жылдардағы негізгі капиталға инвестиция көлемінің

өзгеріс динамикасы



10 сур.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемінен 2012 жылы республикалық бюджеттің үлесі 41,5%-ды немесе 1928,2 млн. теңгені құрайды, жергілікті бюджеттің үлесі 10,3% немесе 480,8 млн. теңге, кәсіпорындар мен мекемелердің меншікті қаражаты 28,3% немесе 1318,3 млн. теңге, қарыз қаражат 19,8% немесе 920,0 млн. теңге.

Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық құрылымы келесі түрде:


  • ғимаратар мен құрылғылардың құрылысы мен күрделі жөндеуі – 3037,4 млн. теңге немесе 65,3%.

  • машиналар, құрал-жабдықтар, аспаптар, инвентарь – 1182,9 млн. теңге немесе 25,4%;

  • басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар – 427,1 млн. теңге немесе 9,2% (6 кесте).

6 кесте

2010-2012 жылдардағы қаржыландыру көздері бойынша

негізгі капиталға инвестиция көлемінің өзгеріс

динамикасы




Жылдар

2010

Алдыңғы жылға

%

2011

Алдыңғы жылға

%


2012



Алдыңғы жылға%

Аудан бойынша барлығы, млн. теңге

1841,7

122,8

3113,7

169,0

4647,4

149,2

Республикалық бюджет

128,6

134,5

672,5

522,9

1928,2

286,7

Жергілікті бюджет

77,2

24,0

402,5

521,4

480,8

119,4

Меншік қаражат

886,4

110,8

1076,4

121,4

1318,3

122,5

Қарыз қаражат

749,5

265,4

962,3

128,4

920,0

95,6

2012 жылы жалпыоблыстық көлемде Ұлан ауданына 1,7% келеді. Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 2012 жылы 141,9%-ды құрады, 2011 жылғы деңгейден (158,1%) 16,2 пайыздық тармаққа төмендеумен және 2010 жылғы деңгейден (116,2%) 25,7 пайыздық тармаққа артумен.



2.2.1.9. Қоршаған ортаның жағдайы


Ауданда ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындардың саны 2012 жылы 30 бірлікті құрап, 2011 жылғы деңгейде (30 кәсіпорын) қалып отыр, 2010 жылғы дейгейден (31 кәсіпорын) 1 бірлікке немесе 3,2%-ға төмендеді. Ластаушы заттарды шығару көздерінің саны 2012 жылы 385 бірлікті құрап, 2011 жылмен салыстырғанда (371 бірлік) 3,8%-ға немесе 14 бірлікке артты және 2010 жылмен салыстырғанда (364 бірлік) 5,7%-ға немесе 21 бірлікке артты.

Барлық стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттардың саны 2012 жылы 4,773 мың тоннаны құрап, 2011 жылмен (3,487 мың тонна) салыстырғанда 36,8%-ға артты, ал 2010 жылғы деңгейден (3,506 мың тонна) 36,1%-ға артты. Шығарылатын ластаушы заттардың санын ұстау пайызы бойынша олардың жалпы санына 2010 жылы 49,5%-ға дейін, 2012 жылы 50,6%-ға дейін оң динамика байқалады (2011 жылы - 49,8%).

Табиғатты қорғауға ағымдағы шығындардың өсімі байқалды, 2012 жылы 17,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен (15,9 млн. теңге) салыстырғанда 9,4%-ға және 2010 жылмен (13,5 млн. теңге) салыстырғанда 28,9%-ға артты.

Қоршаған ортаға әсер етудің Ұлан ауданындағы негізгі көзі Өскемен құс фабрикасы болып табылады. Кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағы шығарылудың шеткі көздерінен 1000 метрді құрайды.

Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институты жүргізген зерттеулерге сәйкес, Қасым Қайсенов кентінің орны амтосфераның ластануының жоғары шамасы бар аймақта орналасқан (5 аймақ), демек атмосферадағы ластаушы заттарды жан-жаққа тарату үшін мұндағы климаттық жағдайлар қолайсыз болып табылады.

Атмосфералық ауаға ауданның территориясында орналасқан «Айрос» ЖШС, «Шығыс Универсал» ЖШС тас ұсақтаушы зауыттары, «Шығыс-Асфальт» асфальбетонды зауыты әсер етеді.

Ластаушы заттардың шығарылуының атмосфераға әсерін төмендету мақсатында келесі шаралар қарастырылуда: саябақтық аймақтар құру, тұрғын территорияларды, көшелерді, санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру.

Жер үсті және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор бұрыңғы Белогор ТБК-ның қалдық қоймасы, бұрыңғы Огневка, Белогор кендері және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың тазартқыш жабдықтары тәрізді табиғи ластаулар (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіптік қалдықтарды жинақтаушылар) болып табылады

Халық санының көбеюімен, экономиканың дамуымен және өмір сүру деңгейінің артуымен бірге өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілімдерінің көлемі де ұлғая бастады. Ұлан ауданының барлық елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған орындар жоқ. Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен қалдықтар Өскемен қаласына шығарылады. Бұрыңғы аудан орталықтары Бозанбай және Таврия ауылдарында тіршіліктің қажетті санитарлық-экологиялық жағдайын жасау мәселесі асқынып тұр.

Осыған абйланысты қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысына Бозанбай, Айыртау, Таврия және Тарғын ауылдарында жер телімдері бөлінді.

Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтіруді болдырмау, сондай-ақ, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығаруды азайту, жетілдірілген технологияларға ауысу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Проблемалық мәселелер өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын техногендік қалдықтар, олардың қайта өңделуі мен жойылуының шешілмеуі, өндірістік-экологиялық мониторингтің автоматтандырылған өлшеуші жүйесін құру жолымен қоршаған ортаның жедел мониторингін ұйымдастыру болып табылады

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Заманауи техногендік ластаулармен байланысты экологиялық жағымсыз факторлардың әсері төмендеу тенденциясына ие. Аймақта экономикалық өсім тенденциясы қалыптасуда және осы жағдайда экологиялық проблемалардың шешімі тұрақты дамуға ауысудың басты талаптарының бірі болып табылады. Экологиялық білім мен халыққа ұғындыру жүйесі дамуда, азаматтарды қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі жетілдіріліп келеді.



Әлсіз жақтары:

    1. Атмосфералық ауаны бақылау және мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығы. Ал бар мемлекеттік мониторинг қоршаған ортадағы физикалық және химиялық ластаушылардың құрамы туралы жедел толық және объективті ақпаратты қамтамасыз етпейді.

    2. Балама энергия көздерін енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейді.

Мүмкіндіктер:

      1. Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеу және жоюды енгізу энергияны үнемдеу ресурстарының саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстар үнеміне, қалдық көлемдерінің азаюына әкеледі.

      2. Қоршаған орта сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оңтайлы басқарушылық шешшім қабылдау үшін оның жағдайының объективті көрінісін алуға мүмкіндік береді, бұл нәтижесінде халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруына әсер етеді.

      3. Азаматтарда табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қарым-қатынас қалыптастыру.

Қауіп-қатерлер:

        1. Табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруі;
          2. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы;

3. Энергия таратушылар бағасының тұрақсыздығына байланысты жанар-жағармай материалдары бағасының айтарлықтай өсуі.
2.2.2. Әлеуметтік сала

2.2.2.1. Білім

2010 жылдан 2012 жылға дейін білім саласында білімді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді, оның аясында ауылдарда білімді дамыту, білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары атқарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет