Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8


Мекетепке дейінгі мекемелерді кеңейту және сақтау, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды



жүктеу 2.54 Mb.
бет4/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мекетепке дейінгі мекемелерді кеңейту және сақтау, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды.

2012 жылы ауданда 6 бала бақша және 31 кіші-орталық қызмет көрсетті. Мектепке дейінгі біліммен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санының 90,4% (1470 бала) құрады.


Мектепке дейінгі балалар мекемесінің жүйесі 2010 жылмен салыстырғанда 4 мекемеге артты, 2 жеке меншік бала бақша: Айыртау ауылында75 орынға, Мамай батыр ауылында 25 орынға және 2 кіші-орталық ашылды. 2012 жылы бала бақшаның өсуі 2010 және 2011 жылдармен салыстырғанда 50% құрады, кіші-орталықтың өсуі 6,9% құрады. Барлық бала бақша типтік ғимараттарға орналастырылған.

7 кесте

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің 2010-2012 жылдардағы даму динамикасы





Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өсу қарқыны, 2012 ж. % 2010 жылға.

Өсу қарқыны, 2012 ж. % 2011 жылға.

Мектепке дейінгі балалар мекемесі, бірлік.

4

4

6

50

50

Ондағы қамтылған балалар, адам.

275

333

496

80,3

48,9

Кіші-орталық саны, бірлік.

29

31

31

6,9

0

Ондағы қамтылған балалар, адам.

923

943

974

5,5

3,3

Балалардың алпы қамтылуы, %

80,4

75,3

90,4

10

15,1

2012 жылы мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі тәрбиеленушілер құрамы 1470 баланы құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 272 балаға немесе 22,7% жоғары. 2010 жылы 1198 баланы құрады.

2012 жылы мектепке дейінгі білім берумен қамтылған бала 90,4% құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 51 балаға немесе 10% жоғары. 2010 жылы 80,4% құрады.

Сонымен қатар ауданда мектепке дейінгі мекемеден орын алуға 230 өтініш тіркелді. Мектепке дейінгі мекемеге сұраныс көбінесе Қасым Қайсенов кентінде байқалуда.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамту 100% құрады.

8 кесте


2010-2012 жылдарға балаларды мектеп алды даярлаумен қамту динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2010

2011

2012

Мектеп алды даярлықпен қамтылған бала саны, адам.

528

446

445

Мектеп алды даярлықпен қамту, %

100

100

100

Білім нысандарының жалпы санынан инклюзивтік білімге жағдай жасалған жоқ.

Орта білімде 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындық, мектеп жасындағы балалардың білім берумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

2012 жылы ауданда 35 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп қызмет атқаруда, бұл 2010 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

2012 жылы мектептердің жалпы санынан 30 мектеп азжинақты, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1 мектепке азайды, және 5 мектеп толық жинақты (Асубұлақ ОМ, Мәрсеков ОМ, Бозанбай ОМ, Пушкин ОМ, Таврия ОМ).

Аудандағы 35 мектептің 13 мектебі қазақ тілінде оқытады, 4 орыс тілде және 18 аралас мектеп. Жалпы санымен алғанда 11 мектеп немесе 31,4 %-ы бейімделген ғимаратта орналасқан. 4 мектеп апатты деп танылды (Привольное ОМ, Украинка ОМ, І. Айтықов ауылындағы Қ. Қайсенов ОМ, Алғабас ауылындағы К. Аханов ОМ).

Аудан мектептерінің оқушылары жаңа шығарылған оқулықтармен және қайта шығарылған оқулықтармен, оқу нұсқаулықтарымен 100 % қамтамасыз етілген.

Бірнеше жылдар бойы демографиялық және көші-қондық теріс үрдістер 2010 жылмен салыстырғанда оқушылар құрамының 4,3% -ға қысқаруына әкеліп соқты.

9 кесте

2010-2012 жылдарға мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жүйелерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2012 ж. 2010 жылға.

2012 ж. 2011 жылға.

Жалпы білім беретін мектептер саны, бірлік.

35

35

35

0

0

Оқушылар құрамы, адам.

4411

4381

4224

95,7%

96,4%

Аудандағы барлық мектептер компьютерленген.

2012 жылы жалпы білім беретін мектептерде компьютермен қамтамасыз ету 5 адамға 1 компьютерді құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 3 адамға немесе 37,5 %-ға азайды. 2010 жылы 1 компьютерге 8 адамнан болған.

Ғаламтор желісіне барлық 35 мектеп қосылған. Кең жолақты ғаламторға 9 мектеп қосылған, бұл мектептердің жалпы санының 25,7% құрайды.

Жыл сайынғы бөлмелерді жаңа материалдық –техникалық модификациямен жабдықтау мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік туғызды.

2012 жылы мектептердің материалдық –техникалық базасын жақсарту, пәндік бөлмелермен және құрылғылармен жабдықтау 2010 жылмен салыстырғанда 13 бөлмеге немесе 9,2 % артты. Химия бөлмесін жабдықтау 4 немесе 11,4% өсті, биология бөлмелері 5 немесе 14,3 %, лингафондық – мультимедиялық бөлмелер 4 немесе 11,4 % өсті, физика бөлмелері 2010 жылғы деңгейде қалды.

Оқытушылардың сапалық құрамы төмендегідей көрініс табуда:

2012 жылы оқытушылар саны – 729 адам болды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 17 адамға немесе 2,3 % өсті. 2010 жылы 712 адам болған.

2012 жылы жоғарғы және бірінші санаттағы оқытушылар 320 адамды құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 5оқытушыға немесе 1,5 % азайып отыр. 2010 жылы бұл санаттағы оқытушылар саны 325 адам болған.

Оқытушылардың біліктілігі білімді модернизациялау саласында басты мәселе. Талдау кезеңінде ауданның 28 оқытушысы жаңа форматтағы қайта даярлау курсымен қамтылды. Оқу нәтижесінде олар екінші және үшінші жаңа деңгейдегі біліктілік берілгені туралы сертификат алды.

Мамандар жетіспеушілігін жою мақсатында Ұлан ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміжыл сайын жаңа оқу жылының басында білім басқармасына, ЖОО тапсырыс жасап, бос тұрған пән мұғалімдерінің орнына мамандар алуға жолдайды. 2012 жылғы ҰБТ нәтижесінің орташа ұпайы 72,3 ұпайды құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 8,3 ұпайға төмендеді. 2010 жылы орташа ұпай саны 80,6 құраған.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 19-бабына сәйкес оқыту бағдарламасын қосымша дамыту мектептен тыс мекемелерде іске асырылады. Мектептен тыс мекемелердің қызметі жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасауына, өзін-өзі кәсіби анықтауға, балалардың шығармашылық еңбегін дамытуға, олардың қабілеттілігін қалыптастыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуіне, азаматтық сана- сезімін қалыптастыруға, жалпы мәдениеттілігін, салауатты өмір салтын дамытуға, мазмұнды демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

2010-2012 жылдар бойы Ұлан ауданында қосымша білім беру мекемелерінің жүйесін «Балалар музыка мектебі» МКҚК ұсынуда.

2012 жылы мектептен тыс мекемеге 450 оқушы қатысты, (мектеп оқушыларының жалпы санының үлесі 10,6 % құрайды) бұл 2010 жылмен салыстырғанда 64 балаға немесе 14% өсті.

Білім мекемелері жоқ елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы балаларға жақын жердегі мектебі бар ауылдарға тасымалдау қамтамасыз етілген.

Әлеуметтік қорғау және материалдық жәрдем беру мақсатында ауданның 35 мектебіндегі өте мұқтаж оқушыларға «жалпы оқу фонды» құрылды. 2012 жылы осы фондқа 21192,0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 11803,0 мың теңгеге немесе 55,7 % артты. 2010 жылы 9389,0 мың теңге бөлінген.

Аудан мектептеріндегі аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды ыстық тағаммен, сүтпен және балмен қамтамасыз ету 2010 жылдан 2012 жылға дейін 100% құрайды.

2010-2012 жылдары ыстық тағаммен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен барлығы 98410,0 мың теңге бөлінді. 2012 жылы – 52399,0 мың теңге бөлінді, бұл 2010 жылға қарағанда 33047,0 мың теңгеге артық. 2010 жылы -19352,0 мың теңгені құрады.

2012 жылы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар саны 539 баланы құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 75 балаға азайды. 2010 жылы 614 бала болған. Аз қамтылған отбасынан шыққан барлық балалар ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.
10 таб.
2010 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықтағы аз қамтылған

отбасыларынан шыққан балаларды қамтамасыз ету

динамикасы


Атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Ыстық тағаммен, сүтпен және балмен қамтылған 1-4 сынып аралығындағы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың саны (адам)

254

240

210


Ыстық тағаммен, сүтпен және балмен қамтылған 5-11 сынып аралығындағы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың саны (адам)

360

359

329

2010-2012 жылдары білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2010-2012 жылдары 57557,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаражатқа төмендегі мектептерге мультимедиялық кабинеттер алынды:

Восточное ауылының «17 лет Октября» атындағы ОМ, Огневка кентінің С.Сейфуллин атындағы ОМ, Жоғары Тайынты ауылындағы Таенов ОМ, Жаңа Азовое ауылындағы Азовое ОМ. Бозанбай ауылындағы Бозанбай ОМ интерактивті оқу кабинеттері, Айыртау ауылындағы Ю. Гагарин атындағы ОМ, Бозанбай ауылындағы Бозанбай ОМ, Каменка ОМ, Жаңа Азовое ауылының Азовое ОМ, Тарғын ауылының І. Айттықов атындағы ОМ биология кабинеттері жабдықталды. Сондай-ақ Асубұлақ кентінің ОМ, Мамай батыр ауылының М. Ломоносов атындағы ОМ, Гагарин ауылындағы Гагарин ОМ, Митрофановка ауылындағы Н. Лут атындағы ОМ химия кабинеттері жабдықталды.

2010-2012 жылдар аралығында «Жол картасы» аясында барлығы 471251,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаржы 5 мектепті, 1 мектепке дейінгі мекемені күрделі жөндеуден өткізуге, 9 мектепті және 2 мектепке дейінгі мекемені ағымдағы жөндеуден өткізуге, 13 білім мекемелерінің жылу жүйелері мен канализациясын жөндеуге бөлінді. 1 мектеп ғимаратының фасады күрделі жөндеуден өткізіліп, 5 мектептің шатыры қалпына келтірілді.

SWOT- саланың дамуының жағдайын талдау



Басым жақтары:

1. Мектепке дейінгі мекемелердің балаларды қамтуының өсуі.

2. Мекемелердің жалпы біліммен қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары:

1. ҰБТ нәтижесі.

2. Демографиялық және көшу-қону үрдісінің әсерінен мектеп оқушылары құрамының қысқаруы.

3. Білім мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықтарының жетіспеуі, оның ішінде мектеп асханаларының технологиялық құрал-жабдықтарының жетіспеуі.

4. Ғимараттардың тозуы.

5. Білім нысандарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы.

6. Мамандардың төмендегідей мамандық бойынша жетіспеуі: математика, тарих, физика, музыка, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі балалар тәрбиешілері.

Мүмкіндіктері:

1. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен кіші орталықтар жүйесін көбейту.

2. Білім нысандарының құрылысын салуда мемлекеттік - жеке меншік серіктестікті дамыту.

3. Мектепке дейінгі оқытудың әр түрлі бағдарламасына қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы мектепке дейінгі жастағы балаларды сапалы қамту.

4. Электронды оқытуды енгізу.

Қауіп-қатерлер:

1.Педагог мамандардың қартаюы.

2.Жас мамандардың жетіспеуі.


Каталог: files -> programm
programm -> Жоба абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
programm -> С. С. Пономарева, заместитель директора по учебно-воспитательной работе Детской школы искусств (хореографической) города Вологды
programm -> Бағдарламасы шымкент, 2010ж. Қабылдау эмтиханының бағдарламасы 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықдар мамандығы «Мұнай және газ өндірістерінің машиналары мен аппараттары»
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 015 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 016 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»
programm -> Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет