Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет5/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2.2.2. Денсаулық сақтау


2013 жыл басында ауданның денсаулық сақтау жүйесіне 3 аурухана мекемесі кірді. Амбулаторлық-емханалық көмекті аудан тұрғындарына 9 мекеме көрсетеді, оның ішінде 9 мекеме де мемлекеттік меншік формасында.

Аудан тұрғындарына дәрігерге дейінгі көмекті 4 ФАП, 19 медицина пункттері (ары қарай МП), медициналық пункт ретінде толық қызмет көрсетуі үшін орын бөлінуіне мұқтаж, науқастарды қабылдау бөлмесі жоқ 5 медицина қызметкерлері (ары қарай НҚБЖ) көмек көрсетуде.


2010 жылдан 2012 жылға дейін ауданда нәрестелердің туу көрсеткішінің 2010 жылғы 14,41-ден 2012 жылғы 13,9-ға дейін төмендегені айқындалды. 2012 жылы әр 1000 тұрғынға қайтыс болу көрсеткіші 9,53-ке дейін төмендеді. (2010 жылы – 11,15 болған). Осыған сәйкес тұрғындардың табиғи өсуінің коэффиценті азаюда. 2012 жылы 1000 тұрғынға «+4,37»-ге дейін, керісінше «+3,26» (2010 жылы).




ШҚО Ұлан ауданы бойынша туу және қайтыс болу

динамикасы

11сурет

Ауданның демографиялық жағдайының оң сипаты бар. Ауданда 2012 жыл қорытындысы бойынша туу - 13,9; қайтыс болу - 9,53 құрады. Бұл жағдай аудандағы әйелдер мен еркектердің өмір сүру жасының күтіліп отырған деңгейінде де көрініс табуда: 2012 жылы көрсеткіш өсті және 63,4 құрады, керісінше 2010 жылы 63,3 болған, бұл облыстық көрсеткіштен төмен болып отыр (67,5);



Ауданның экологиясы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, сондай-ақ, көшу-қону үрдісінің белсенділігі де аудан тұрғындарының денсаулығына әсер етуде.

Ауданда әйелдердің фертильді жастағы үлес салмағы 24,8% құрайды, әйелдер мен балалар денсаулығының деңгейі төмендеуі өзекті мәселе болуда. 2010-2012 жылдары аналардың қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ.

Ауданда нәресте өлімінің көрсеткіші 1,7-ге төмендеді, бұл 1000 тірі туғандарға 2010 жылмен салыстырғанда 29,46–дан 2012 жылы 16,9-ға азайды. Нәресте өлімінің негізгі себебі перинаталды кезеңіндегі жағдайда көрініс табады. Екінші орында нәресте өлімін туа біткен патологиялар тудыруда. Бұл алдын - ала жүргізілген диагностикалық тексерудің жетіспеуінің куәсі. (екіқабат әйелдердегі туа біткен патологияны анықтау скринингі), облыс пен ауданды бүтіндей алғанда экологиялық ахуалдың сәтсіздігі. Қазіргі таңда нәресте өлімінің азайғаны белгілі болды. (0-ден 5 жасқа дейінгі тірі туған 1000 балаға) 2010 жылғы 5,1-ден 2012 жылғы 3,3-ке дейін төмендеді.

Ауданда соңғы 3 жылда тұрғындар арасында науқастар деңгейі төмендеді. 2010 жылы 45312,7 болса, 2012 жылы 42247,9 дейін төмендеген, бұл көрсеткіш облыстағы көрсеткіштен төмен (65563,2).

Өткен жылдарда әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы мен қайтыс болған тұрғындар көрсеткішінің төмендегені бақыланды.

Аудан бойынша туберкулез ауруы.

Ауданда туберкулез ауруымен ауырғандар саны 33,6% азайды. 100 мың тұрғынға 2010 жылы 122,7 болса 2012 жылы 89,1 – ге дейін төмендеді, бұл облыстық көрсеткіштен төмен (109,8) (12 сурет).

Туберкулезден қайтыс болғандар саны 64,2% азайғаны анықталды. 100 мың тұрғынға 2010 жылы 14,0 – тен 2012 жылы 5,0-ға азайды, бұл облыстық көрсеткіштен төмен болып отыр (12,0).
Аудан бойынша 100 мың тұрғынға туберкулезбен

ауырғандар

Сырқаттылық

Өлім-жітім

12 сурет


ШҚО әкімінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 1263 қаулысына сәйкес жергілікті бюджеттен туберкулезбен ауыратындарға 2011 жылдан бері материалдық көмек бөлінуде.

2012 жылы 46 науқас тамақтану мен жол ақысына материалдық көмек берілді. Жалпы бөлінген қаржы 520,0 мың теңгені құрайды.

ДОТС стратегиясына сәйкес өкпе туберкулезының алғашқы белгілерінде анықтау тақырыбы бойынша 6 семинар өткізіліп, 98 медицина қызметкері оқыды, науқастармен 432 кеңес өткізіліп, тұрғындарды флюрографиялық тексеруді жоспарлау бойынша көмек көрсетілді. Тұрғындар арасында туберкулез ауруы бойынша санитарлық-ағарту оқулықтары, плакаттар, брошюралар таратылды.

Салауатты өмір салтын құру мақсатында салада профилактикалық бағыт күшейтілді, тұрғындардың жекелеген санаттарын профилактикалық тексерумен қамту жетілдірілуде. Азаматтардың, ең алдымен балалардың дене белсенділігін арттыру шаралары іске асырылуда.

Науқастарды уақтылы анықтау шараларын өткізу нәтижесінде ауданда жаңа пайда болған қатерлі аурулар көрсеткішінің 48,7% өскені белгілі болды. 2010 жылғы 100 мың тұрғынға 206,3-тен 2012 жылғы 255-ке дейін өсті, бұл облыстық көрсеткіштен төмен болып отыр (270,8).

Қатерлі аурулардан қайтыс болғандар көрсеткіші 2010 жылғы 146,9-дан 2011 жылғы 160,0-қа дейін және 2012 жылғы 129,0-ға дейін төмендеді, бұл облыстық көрсеткіштен төмен болып отыр (153,2) (13сурет).


Аудан бойынша қатерлі аурумен ауыратындар

(100 мың тұрғынға)


Сырқаттылық

Өлім-жітім

13 сурет
Диагностиканың жаңа әдісін енгізу арқылы амбулаторлық деңгейде ауруды алғашқы сатысында анықтауға бағытталған тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу жүзеге асырылуда. Тұрғындардың жалпы санының 44,2% скринингтік тексерумен қамтылды.

Тұрғындар арасындағы науқастардың ішінде әлеуметтік-маңызды аурулармен қатар қан айналу жүйесімен ауыратындар көбеюде. Ең жоғарғы үлес салмағы 32,0%. Осы құрылымда жалпы қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚАЖА) өлім көбеюде. 2012 жылы ҚАЖА көрсеткіші 338,5 құрайды, керісінше 2010 жылы 500,0 құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылы 100 мың тұрғынға облыс бойынша 583,9 болды.

Аудандағы кардиологиялық ауруларға диагностикалық-кеңес көмектерін көрсету жақсарды, кардиологиялық науқастарды емдеу үшін жеңілдікпен тегін дәрілік препараттар таратылуда.

Осыған байланысты қан айналу ауруларынан қайтыс болғандар саны 2010 жылғы 338,5 –тен 2012 жылғы 280,3 –ке дейін төмендеді.

Салауатты өмір салтын құру мақсатында салада профилактикалық бағыт күшейтілді, тұрғындардың жекелеген санаттарын профилактикалық тексерумен қамту жетілдірілуде. Азаматтардың, ең алдымен балалардың дене белсенділігін арттыру шаралары іске асырылуда.

Ауданда салауатты өмір салты (СӨС) кабинеті қызмет көрсетуде. Бұл облыстық СӨС орталығының филиалы 2010 жылдың ақпанынан бастап ашылған.

Соңғы 3 жылда ауданда ВИЧ инфекция 2010 жылғы 6 жағдайдан 2012 жылғы 1 жағдайға төмендеді.

2012 жылы мемлекеттік сауықтыру-профилактикалық мекемелерде аудан тұрғындарын аурухана төсектерімен қамту 10 мың тұрғынға 21,0 құраса 2010 жылы 24,0 болды. 2012 жылдың желтоқсанында төсек саны 19-ға қысқарды. 2013 жылдың басында 81 төсек тәуліктік стационарда болды.
ШҚО және аудандағы аурухана төсегімен қамтамасыз ету

(10 мың тұрғынға)

14 сурет

Амбулаторлық-емханалық мекемелерде күндізгі стационарға 41 төсек қойылып, стационарды алмастыру көмегі дамытылуда. ЕНСЗ бойынша ауруханаға жатып емделгендер көлемі 2012 жылғы жоспар бойынша 22524, бірақ, бұл көлем маман дәрігерлердің жыл ортасында жұмыстан шығып кетуі мен жетіспеуінің салдарынан орындалған жоқ. 2011 жылмен салыстырғанда жоспар 15% азайды.

Жедел – жәрдем көмегіне жүгінген тұрғындар көрсеткіші 1000 тұрғынға 2012 жылы 385,2 құраса, керісінше 2010 жылы 419,0 құрады.

Ауданның денсаулық сақтауға жұмсаған шығыны бір тұрғынға соңғы жылдары 2010 жылғы 10357-ден 2012 жылғы 16221 теңгеге дейін өсті, оның ішінде ГОБМП-ға да өсті. (15 Сурет)


Денсаулық сақтау және аудан бойынша ГОБМП-ға жұмсалған шығындар (ГОБМП млн.теңге)

15 сурет


2012 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге шыққан шығыны жалпы көлемнен 133100,4 мың теңгені құрады (2011 жылға 0,4% төмендеді, 2010 жылға 3,6% өсті), 2011 жылы – 133653,0 мың теңге (2010 жыл деңгейімен 4,0% өсті), 2010 жылы – 128442,0 мың теңге болды.

2012 жылы алғашқы медико-санитарлық көмек шығынының деңгейі жалпы көлемнің 22,7% құрды, 2010 жылға 9,6 пайызға, 2011 жылы 7 пайызға төмендеді.

Тұрғындардың медициналық қызмет көрсету сапасының деңгейімен қанағаттанғанын анықтау мақсатында, әрбір есеп беру кезеңінің соңында тұрғындар арасында сауалнама және әлеуметтік сұрақ жүргізіледі. 2011 жылы көрсетілген қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі - 80% құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш – 85,0% құрады.

Ауданда 48 елді мекен бар, оның ішінде елді мекендерді дәрілермен қамтамасыз ету үшін 9 ауылдық елді мекенде дәріханалар бар.

Ауданның денсаулық сақтау мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету басты мәселе болып тұр. 2012 жылы дәрігерлер саны – 42, орта буынды медицина қызметкерлері – 227 адам. Тұрғындарды барлық мамандық бойынша дәрігер мамандармен қамтамасыз ету10 мың тұрғынға 2010 жылы 13,1-ден 2012 жылы 10,9 – ға дейін төмендеп отыр (16 Сурет).
Аудан бойынша дәрігерлермен және орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету (мемлекеттік құрылым)

16 сурет

2012 жылы ауданға 6 дәрігер: Айыртау дәрігерлік амбулаториясына (ары қарай- ДА)-1, Тарғын ДА-1, Таврия ауруханасына терапевт-дәрігер, хирург-дәрігер, педиатр- дәрігер, статист-дәрігер келді. Барлық ниет білдірген дәрігерлерге 70 ТЕК (МРП) мөлшерінде көмек жәрдемақысы төленіп, тұрғын үй сатып алуғажеңілдікпен несие берілді.

Тегін медициналық көмек көрсету шығынының кепілдік көлемі 2010 жылға 396904,251 мың теңгеден 2012 жылғы 616677,803 мың теңгеге дейін өсті.

10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамту 10,9 құрайды, бұл 2,2% 2010 жылмен салыстырғанда төмен болуда (13,1).

Жас мамандардың келуіне қарамастан 2010 жылдан бері медициналық мамандарының, негізінен дәрігерлердің жетіспеушілігі етек алып 50% құрап отыр.

2012 жылдың өзінде 6 дәрігер жұмыстан шығып кетті, оның жартысынан көбі тұрғын үй мәселесі бойынша кетіп отыр.

Дәрігер мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалуда. 50-ден жоғары жастағылар – 29,5 % құрайды, 2010 жылы бұл көрсеткіш 27,0% болған, 30 жасқа дейінгілер – 10,2%, 2010 жылы- 13,0% болған. 25 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандардың саны артуда- 41,0 % құрайды, бұл жас мамандардың келуінің азаюының куәсі болып отыр.

Денсаулық сақтау саласында – 42 дәрігер жұмыс істейді. 2010 жыл (53 дәрігер) мен 2011 жыл (53 дәрігер) деңгейімен алғанда 20,7% немесе 11 дәрігерге азайғаны байқалуда, олардың ішінде жоғары санаттағысы – 2 (4,7%), 1-ші санаттағылар - 15 (35,7%), орта буын медицина қызметкерлері - 181, жоғары санаттағылары – 53 (29,2%), 1-ші санаттағылары – 32 (17,6%), 2-ші санаттағылар – 15 (8,2%). Дәрігерлердің жалпы санаты 37,8%, орта буын медицина қызметкерлерінің санаты - 57,3%.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау.

Күшті жақтары:


  1. Демографиялық көрсеткішті жақсарту, тууды көбейту, өлімді азайту, табиғи өсімді көбейту;

  2. Ана өлімі көрсеткішінің болмауы (2010 – 2012 ж.ж.);

  3. Медициналық көмектің кепілді көлемі аясында тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігі мен сапасын жақсарту.

Әлсіз жақтары:

  1. Аумақтағы экологиялық жағдай, эндемиялық аудан болғандықтан йод жетіспеушілік жағдайы мен темір жетіспеушіліктен қанның азаюы тұрғындардың денсаулығына әсер етуде;

  2. Нәресте өлімі көрсеткішінің жоғары болуы;

  3. Дәрігер мамандардың жетіспеуі;

  4. Медицина ұсынған қызмет санының жетіспеуі;

  5. Медицина мекемелеріне типтік үлгідегі ғимараттардың және медициналық құралдармен жабдықтаудың жетіспеуі.

Мүмкіндіктері:

1. Қызмет атқарып отырған медицина мамандарын өзі атқарып отырған қызметтеріне тікелей бекіту және жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тарту бойынша іс-шаралар жасап, іске асыру;

2. Ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты жұмсалатын шығын есебін жасау;

3. Заманауи медицина нысандарының құрылысын салу бойынша қаржыландыру мөлшерін көбейту.



Қауіп-қатерлер:

  1. Саланы қаржыландырудың жетіспеушілігінен медициналық құралдар мен медицина мекемелері ғимараттарының тозуына әкеліп соғады. Бұл жағдай аурудың алдын-палу үшін диагностика жасауға кедергі келтіріп, тұрғындарға көрсетілетін медицина қызметінің сапасын төмендетеді.

  2. Мамандардың жетіспеушілігінің артуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет