Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет6/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

2.2.2.3.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласының талдау жағдайы соңғы 3 жылда әлеуметтік қамсыздандыру саласының дамуы динамикасының оң динамика көрсетуде.

2010 жылғы бюджеттік қаржы 141892,0 мың теңге болса, 2012 жылы 198625,0 мың теңге бөлінді (40% немесе 56733,0 мың теңгеге өсті);

Аз қамтылғандар санының 16,8% төмендеуі (2012 жылы– 1381 адам, 2010 жылы- 1660 адам);

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бағытымен жұмысқа тарту бойынша барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен оқуға 311 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 106 адам, 48 адам өз ісін ашуға немесе кеңейтуге шағын несие алды, 2012 жылы оқуға 110 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 157 адам, жастар тәжірибесіне 54 түлек жолдама алып, өз ісін ашу немесе кеңейту үшін 47 адам шағын несие алуға жолдама алды.

Жұмыстың негізгі бағыты жұмыссыздарды және мақсатты топқа жатқызылған оралмандарды, бос жүрген азаматтарды жұмыспен қамтылуына ықпал жасау:

еңбек нарығындағы жағдай мен ұсынылатын қызмет кешені туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмыссыздардың біліктілігін көтеру, қайта оқыту және кәсіби мамандыққа оқыту;

уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру, жастар тәжірибесі бойынша орналастыру;

2прямоугольник 1013 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту мекемесіне тіркелгендер саны 153 адамды құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 7 адамға төмендеді.

2012 жыл көлемінде бөлімге жұмыспен қамту мәселесі бойынша 1279 адам жүгінді, бұл 2010 жылмен (1158) салыстырғанда 121 адамға көбейді.

2012 жылы 965 адам жұмысқа орналасса, 2010 жылы 1091 адам орналасқан.

2012 жылы жұмыспен қамту бөліміне жүгіну арқылы жұмысқа орналасқандар деңгейі - 91,6 % құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 2,6 % азайды.

Жыл көлеміндегі көрсеткіштердің өсімі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен уақытша жұмыс орнына орналастырумен байланысты болып отыр.

2012 жылы 581 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл 2010 жылға (747) қарағанда 166 жұмыс орнына азайған.

Төленетін қоғамдық жұмыстарға жалданғандар саны 2012 жылы 640 адамды қүрайды, бұл 2010 жылға қарағанда (650) 10 адамға азайған.

2012 жылы 17 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, бұл 2010 жылға қарағанда (15) 2 орынға артты.

Жастар тәжірибесіне 2012 жылы 20 адам жолдама алды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда (19) 1 адамға азайды.

Кәсіби оқуға жіберілгендердің ішінен 2012 жылы 55 адам кәсіби дайындықтан өтті, бұл 2010 жылға қарағанда 21 адамға азайды (76).

Көрсеткіштердің төмендеуі жұмыссыздар санының төмендеуімен байланысты болып отыр.

2010 жылы тіркеліп жұмысқа орналасқан оралмандар үлесі 26,3% құрады, бұл көрсеткіш2012 жылы 76,4 % құрады.

Экономика және әлеуметтік салалардың дерлік дамуымен байланысты кешенді шараларды жүзеге асырылуының нәтижесінде өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті.

2012 жылы ең төменгі күн көріс үлесі облыс бойынша 3,4% құраса ( 2010 жылы 6,2%), бұл көрсеткіштің аудандағы жағдайын статистика басқармасы есептемейді. Ең төменгі күн көріс көлемі 2010 жылдан (2010 жылдың 4 тоқсанына – 13516 теңге) 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін 4204 теңгеге көбейіп 17720 теңгені (2012 жылдың 4 тоқсаны) құрады.

Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 577 адамға азайды және 2013 жылғы 1 қаңтарға 333 көмек алушыны құрады.

Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы тұрғындардың жұмысқа қабілеттілерінің үлес салмағы (28,4%) 3,2% азайып 25,2% құрады.

Мекенжайлық әлеуметтік көмек мөлшері 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда (1210 теңге) 478 теңгеге артып 1688 теңгені құрады.

2012 жыл көлемінде 538 балалы отбасылары жәрдемақы алды. Отбасыларындағы балалар саны -1358, бұл 2010 жылға қарағанда (2084 бала) 726 балаға азайған.

Баспаналық көмекті 2012 жылы 944 отбасы алды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге кем, бұл тұрғындардың кірісінің өсуімен байланысты болып отыр.

2012 жылы баспаналық көмектің орташа мөлшері әр отбасына 933 теңгені құрады (2010 жылы -1077 теңге).

Коммуналдық қызмет төлемінің жартылай өтемақысы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына және соларға теңестірілгендерге 5000 және 2000 теңге мөлшерінде төленеді.

ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне және соларға теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, аз қамтылған азаматтарға және мүгедек балаларға материалдық көмек үнемі көрсетіледі.

Ауданда әлеуметтік көмектің үйде күту бөлімі бар, олар 245 жалғызбасты азаматтар мен 1-2 топ мүгедектеріне және 30 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

Бірыңғай мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жүргізу бұл жұмыс іздеп жүрген, жұмыссыз тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. МАӘК-ға жүгінгендер санының 2,9 есеге төмендеуі;

2. Кірісінің күн көру мөлшерінен төмен болған тұрғындар үлесінің 1,8% -дан 1,5 %-ға төмендеуі;

3. Жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсуі;

4. Әлеуметтік серіктестіктің дамуы: 2011-2013 жылдарға 3 жақты келісімі аудандық әкімдікпен, аудандық кәсіподақ бірлестігімен, ауданның жұмыс берушілер бірлестігімен әрекет етуде, кәсіпорындар саны көбейді, ұымдық келісім-шартқа қол қойған мемлекеттік ірі кәсіпорындар 100 %-ға дейін жетті.

Әлсіз жақтары:

1. Ауылдағы ұсынылған жұмыс күші мен сұраныстың үйлесімсіздігінің негізгі себебі бос тұрған жұмыс орнына жұмыссыздардың кәсіби мамандығының сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орын бар жердің жұмыссыз жүрген азаматтың тұрақты мекен жайымен сәйкес келмеуі болып отыр. Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының үйлеспеуі, ол көбінесе дәрігер, мұғалім, тамақ өнеркәсібінің технологы, слесарь тракторист, механизатор т.б. мамандар болуында;

2. МАӘК алушылар құрамындағы тұрғындардың еңбекке қабілеттілерінің болуы;

3. Мамандар сұранысын үнемдеуді анықтау механизмінің болмауы қазіргі уақытта бұл округ әкімдері арқылы алынған өндірістерге қажетті мамандар туралы ақпаратты жинау арқылы жасауға тура келді;

4. Мәселенің жүйелі және кешенді оң шешімін табуды қамтамасыз етпейтін жұмыспен қамту саласындағы әрекеттегі бағдарламалардың қысқа мерзімді сипаттамасы.

Мүмкіндіктері:

1. Тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлыққа және қайта даярлауға жолдама, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ, аз қамтылған азаматтардың кедейліктен шығару бойынша («Өрлеу» аймақтық бағдарламасын әзірлеу), Жұмыспен қамтудың «Жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша тарту сияқты жұмыспен қамтудың белсенді формаларын қолдану;

2. Халықтың нағыз табысының өсімі, жұмыссыз халықты жұмыс берушілердің қоятын талаптарына сай кәсіби даярлық пен қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

3. Халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін мемлекеттік белсенді бағдарламалар спектрін кеңейту;

4. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін басымдылық пен жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік ниетін дамытуға көмек көрсету;

Қауіп-қатерлер:


          1. Мемлекеттік МАӘК алушылардың жеткіліксіз белсенділігімен асыраушылық бағдары;

          2. Кәспорндардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктердің шектеулігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет