Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет7/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

2.2.2.4. Мәдениет


Аймақтың мәдениет саласының қызметі соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Мәдениет мекемелері ҚР мемлекеттік саясатын, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, салауатты өмір салтын және тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған жоспарлы түрде бірқатар қызметтер атқаруда.

Мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелер мен айтулы даталарға арналған әр-түрлі формада (мерекелік концерттер, музыкалық кештер, халықтық мерекелер, жастарға арналған дискотекалар, әңгімелер, кітап көрмелері) мәдени шаралар өткізіледі.

«Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жүйесіне 31 бірлік, оның ішінде: 22 клуб мекемесі және 9 кітапхана.

Мәдениет саласына бөлінген қаражат көлемі 2012 жылы 114251,0 мың теңгені, 2011 жылға өсімімен 24,9%, 2010 жылға 27,7%. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге талдау жасалған кезеңге – 161,3 млн. тенге бөлінді. 4 мәдениет нысаны жөндеуден өткізілді (Таврия, Бозанбай ауылдық мәдениет үйлері, Герасимовка ауылындағы Герасимовка ауылдық клубы және Украинка ауылдық кітапханасы). 2012 жылы облыстық бюджет қаражатынан қаржы бөлініп, Тарғын және Сағыр ауылдарында клуб құрылысы салынуда. Нысандар құрылысын бітіріп өткізу уақыты 2013 жылдың 4 тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ, Саратовка мен Асубұлақ кентінде клуб салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Талдау кезеңіндегі оқырмандар саны 2012 жылы – 8,4 мың адам, 2011 жылы – 8,3 мың адам, 2010 жылы – 7,9 мың адам.

Кітапханаға келу саны 2012 жылы – 127,7 мың адам, 2011 жылы– 112,6 мың адам. 2012 жылы «Электронды кітапхана каталогы» бағдарламасы алынып, кітап қорын электронды каталогқа енгізу жұмыстары басталуда. Кітап берув 2012 жылы составила –236,9 мың дананы құрайды, 2011 жылы – 231,2 мың дана, 2010 жылы- 235,3 мың дана болды.

11 кесте


2010-2012 жылдардағы кітапханалардың кітап қоры


Көрсеткіш атауы

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жалпы кітап қоры (данасы)

144533

145982

140838

Оның ішінде қазақ тілінде (данасы)

2070

3432

4716

Кітап қорын жаңарту үлесі 2010 жылы - 1,9% құраса, 2011 жылы – 3,0%, 2012 жылы – 3,7%. 2010 жылы 1,8% көбейді. 2012 жылы электронды каталог жасау бойынша жұмыс басталды. 2012 жылы аудандық орталық кітапханасының 2 маманы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқып келді.

Ауданда 8 халықтық атағы бар шығармашылық ұжымдар бар. Олар: Аудандық мәдениет үйінің «Ұлан» драма театры, «Тамаша» күлкі театры «Бескөл» фольклорлық ансамблі, Таврия ауылдық мәдениет үйінің орыс әндері хоры, Айыртау ауылдық клубының «Надежда» вокалдық тобы, «Айыртау» халықтық театры, Донское ауылдық клубының «Перезвон» ансамблі Бозанбай ауылдық мәдениет үйінің «Жастар» би ұжымы және аудандық мәдениет үйінің «үлгілі» атағы бар «Щелкунчик» балалар театры.

Мәдениет саласының қызметіне сұраныстың өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. 2010 жылы 2059 мәдени-көпшілік шаралар өткізілсе, 2011 жылы 2069 мәдени шаралар, 2012 жылы 2075 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді. 2010 жылға қарағанда мәдени-көпшілік шаралар өсімі 2012 жылы 0,7% құрады.

Ауданда 38 тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оның ішінде 3 республикалық және 35 жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
12 кесте
Аудандағы ескерткіштер саны


Аудандар мен қалалар атауы

Ескерткіштер саны

Жалпы саны

археология

архитектура

Монументал өнері

Ұлан ауданы

33

5

-

38

SWOT – саланың даму жағдайын талдау

Күшті жақтары:

1. Кітап қоры үлесінің 2010 жылмен салыстырғанда 1,8% өсуі;

2. Мәдени-демалыс шаралармен тұрғындарды қамту үлесі 0,7% өсті.

Әлсіз жақтары:

1. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі (музыкалық аспаптардың заманауи құрал-жабдықтардың, сахна киімдерінің жетіспеуі);

2. Арнайы кәсіби білімі бар мамандардың жетіспеуі (шара ұйымдастырушылар, көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілері, режиссерлар, дыбыс операторлары, музыкалық жетекшілер, кітапханашылар);

3. Кітапханаларды орналастыратын арнайы ғимараттардың болмауы. Көптеген кітапханалар жалға алынған орындарда орналастырылған.



Мүмкіндіктері:

1. Мәдени-көпшілік іс-шараларды әлеуметтік жағдайы төмен топтардың өкілдері арасында тегін өткізу мәдениет қызметін неғұрлым қол жетімді етеді;

2. Әлеуметтік маңызы бар және мәдени-көпшілік шараларды, фестивальдерді ұйымдастырып өткізу;

3. Материалдық-техникалық базаны жақсарту, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мәдениет мекемелерінің жүйесін кеңейту;

4. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мәдени құндылықтарға тұрғындардың қолжетімділігін кеңейту, бірыңғай компьютерлік ақпараттық жүйеге және электронды толық мәтінді кітапханаға көшу, электронды музей қорларының деректерін енгізу.

Қауіп-қатерлер:

1. Мәдениет мекемелері қызметінің орташа бағасын 2 есе көбейтсе, тұрғындардың жекелеген топтарының қызмет деректеріне қол жеткізе алмауына әкеліп соқтырады. 2. Материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігі (музыкалық аспаптардың, заманауи құрал-жабдықтардың, сахналық киімдердің жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің сапалы қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді және халықтың дамыған мәдени сұранысына сәйкес келмейді.

3. Мәдениет қызметкерлерінің, әсіресе кітапхана қызметі мамандарының қартаюы. Мәдениет мекемелерінде жекелеген мамандар жоқ (немесе жетіспейді) (музыка мамандары, каталогизаторлар, бағдарламашылар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет