Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет8/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

2.2.2.5. Тілдерді дамыту


Тіл саясаты саласында ауданның дамуы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік органдардың құжат айналымынадағы мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мақсатында бөлім ай сайын мониторинг жасап, талдап отырады. Егер 2010 жылы жалпы құжаттағы мемлекеттік тілдің үлесі 92,7 % болса, 2011 жылы – 93%, 2012 жылы 94,0 % болды.

Ересектердің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалуда. Ауданда 4 мемлекеттік тілді тегін оқыту курстары жұмыс істейді. 2012 оқу жылында 152 тыңдаушы дәріс алды, оның ішінде 51 мемлекеттік қызметші, мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы 7 тыңдаушы сертификат алды.

Білім беру саласында қазақ тілінің рөлі біртіндеп артып келеді. Ауданның 34 жалпы білім беретін мектептерінің 12-сі, немесе 35 % қазақ тілінде, 4 мектеп, немесе 11 % орыс тілінде оқытады.

Егер 2010 жылы 4366 оқушының 2941оқушысы немесе 67 % қазақ тілінде оқыса, 2012 жылы 4549 оқушының 3174-і немесе 69,7 % қазақ тілінде білім алуда.

Тіл күндері жүйелі өткізіліп тұрады, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қазақ, орыс үйірмелерімен қатар 16 ағылшын үйірмелері жұмыс істейді.

Қоғамдық өмірдің барлық салаларында ресми түрде мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі де қолданылады. Орыс тілінің жалпы мәдени қызметі сақталуда және дамытылуда. Ұлтаралық тіл ретінде қолданысын сақтау мақсатында «Жеті жұрттың тілін біл...» атты қазақ жастары арасында орыс тілі білгірлерінің аудандық байқауы жыл сайын өткізіледі.

Ауданда мемлекеттік тілді өзінің қызметтік міндеттерін орындауда пайдаланатын өзге ұлт өкілдерін қолдау комиссиясы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгергендерді материалдық және моральдық ынталандыру шаралары қолдануда. 2010-2012 жылдары комиссия шешімімен 13 өзге ұлт өкілдері марапатталды.

Тілдік ахуалды зерттеу мақсатында 2 әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Нәтижесі мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 97 %, ересек тұрғындардың үлесі 73 %, өзге ұлт өкілдерінің үлесі 57 %, орыс тілін меңгерген ересектердің үлесі 94 %-ды, ағылшын тілін меңгерген ересектердің үлесі 2,5 % –ды құрайтынын көрсетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір оң ілгерілеуге қол жетті. Мемлекеттік тіл саясатына қатысты аудандық «Ұлан таңы» газетінің арнайы рубрикасы басылатын беттеріне 2010 жылы 34 мақала жарық көрсе, 2012 жылы 38 мақала жарияланып, 7 %-ға өсті.

2010 жылы жарияланған 251 мақаланың 164-і мемлекеттік тілде, яғни жалпы көлемнің 65 % құраса, 2012 жылы жарияланған 1660 мақаланың 1121-і мемлекеттік тілде, яғни жалпы көлемнің 67,5 % құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21-бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында рейдтер жүргізіліп тұрады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Заң талаптарын бұзудың фактілері азаюда.

Егер 2010 жылы 13 рейд жүргізіліп, 3 факті анықталса, 2011 жылы 15 рейд барысында 5 факті, 2012 жылы 28 рейд жүргізіліп, 8 факті анықталды. Барлығы 378 нысан қамтылып, халыққа қызмет көрсету саласында анықталған барлық заң талаптарын бұзу фактілері жойылды. Есепті мерзімде аудан көлемінде 189 банердің мәтіні келісіліп, орнатылды.

Дегенмен, қол жеткен жетістіктерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді іске асырудың әлеуеті әлі де болса жеткіліксіз. Қызмет көрсету салаларының қызметкерлері арасында өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет деңгейде мемлекеттік тілді меңгергендер жеткіліксіз. Мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерге қажеттілік пен сұраныс бар.

Мемлекттік органдардың оңтайлы қызметтік-лингвистикалық кеңістік құру жөніндегі қызметі бірнеше үрдістерге байланысты болады. Біріншіден, еліміздің дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа тәсілдерді жасау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Ұлттың әрі қарай тұрақты дамуы үшін, ең алдымен ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсіну негізінде облыс тұрғындарын шоғырландыру қажет. Екіншіден, Қазақстанның қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру нәтижесінде Қазақстанның дүниежүзімен саяси-экономикалық жүйедегі рөлінің өзгеруі.

Қаржыландыру көлемі 2010 жылы – 1180,0 мың теңгені құраса, 2011 жылы 1350,0 мың теңге, 2012 жылы – 1459,0 мың теңге бөлінді.



Күшті жақтары:

1. Аудан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қажетті жағдай жасалған, тілдерді оқыту орталығы ашылып, мемлекеттік тілді оқытудың біртұтас жүйесі ұйымдастырылған;

2. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты;

3. Көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;



Әлсіз жақтары:

1. Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай стандарты жоқ.



Мүмкіндіктері:

1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

2. Көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.



Қауіп-қатерлер:

1. Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;

2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт


Аудан территориясында спорттың 20 түрі бойынша 65 команда жұмыс істейді. Онда 11030 адам спортпен айналысады, бұл аудан халқының жалпы санының 27,2%-ын құрайды. Ауданда спорттың 20 түрі таралған. Оның 9 түрі (қазақша күрес, тоғыз құмалақ, армрестлинг, гір спорты, көкпар, аударыспақ, бәйге, хоккей, футбол) бойынша спортшылар республикалық, облыстық құрамалардың құрамына кіреді.

2012 жылы Ұлан ауданы бойынша спорттық жабдықтардың саны 211 бірлікті құрады (оның ішінде жалпы берім берертін мектептердің спорт залдары), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 5 бірлікке көп.

Аудан бойынша 41 спорттық зал, 9 хоккей қорабы, 105 жазықтық жабдықтар, 4 спорттық кешен, 12 ату тирі, 35 футбол алаңы бар.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 2010 жалдан 2012 жылға дейінгі аралықта 3870 адамға көбейіп, 11030 адамды құрады. Халықтың қамтылуы жалпы санның 27,2%-ын құрады (13 кесте).

Ауданда шаңғы спорты бойынша 2711 шұғылданушы адам санымен 19 секция жұмыс істейді. Жыл сайын аудан бойынша шаңғы спорты бойынша 10 спорттық-көпшілік және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізіледі.

13 кесте
2010-2012 жылдардағы спортты дамытудың негізгі көрсеткіштерінің динамикасы



п/п

Көрсеткіш атауы

2010

2011

2012

1

Аудан халқының саны, адам

40337

40300

40482

2

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны, адам

7160

8500

11030

3

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қамтылуы, %

17,0%

21,1%

27,2%

4

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны, адам

1670

1750

2187

5

Спорттық нысандардың саны, бірлік

201

206

211

Кәсіби өсім мен ауданның спорттық командалары спортшыларының барлық деңгейдегі жарыстардағы жетістіктеріне қарай жоғары спорттық шеберліктегі кәсіби жаттықтырушыларды ұстау үшін штаттық бірліктер бөлумен спорттық мектептер ашу қажеттілігі бар, өтйкені спортшыларды дайындау деңгейі жыл сайын өсуде және кәсіби ыңғайды талап етеді.

2012 жылы ауданның құрама командалары барлық облыстық және бірқатар республикалық жарыстарға қатысты.

Спорт түрлерін дамытуға аудан, облыс әкімінің сыйлығына ұлттық спорттық ойындар мен балалар спорттық ойындарын, мемлекеттік қызмтекерлер арасында спартакиадалар өткізу септігін тигізеді.

2012 жылы Таврия ауылындағы 1000 орынды, Қасым Қайсенов кентіндедгі 500 орынды стадиондар аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен бірге, аудандағы көпшілік спортты дамыту мен шұғылданушылардың санын арттыру үшін спорттың барлық түрлері бойынша қолжетімді спорттық секциялар мен клубтар жеткіліксіз, сондай-ақ, әр ауылдық округке спорт бойынша әдіскер-инструкторлар қажет. Қысқы спорт түрлеріне арналған спорттық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі бар, дәлірек айтқанда хоккей әбзелдері мен шаңғы жиынтықтары.

Мекен-жайлар мен көпшілік демалыс орындарында қарапайым спорттық алаңдар мен жабдықтар жеткіліксіз. Инфрақұрылымның дамымағанына байланысты ауылдарда спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдер саны төменгі көрсеткіште.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қамтылуының артуы;

2. Спорттық нысандар санының артуы.

Әлсіз жақтары:

1. Материалды-техникалық базаның нашар жабдықталуы.



Мүмкіндіктер:

              1. Аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер құру (мини-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбамен хоккей үшін алаңдар құру).

Қауіп-қатерлер:

1. Көпшілік және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет