Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет1/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Ұлан ауданының сессиясының

2014 жылы 25 желтоқсандағы №226

шешімімен бекітілді


2011-2015 жылдарға арналған

Шығыс Қазақстан облысы

Ұлан ауданының аумақтарды дамыту

БАҒДАРЛАМАСЫ


Қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл



8

2. Ағымдағы жағдайдың талдауы 8

2.1. Табиғи әлеует 9

2.2. Аумақтын әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау 10

2.2.1. Экономикалық даму 10

2.2.1.1. Өнеркәсіп 10

2.2.1.2. Агроөнеркәсіптік кешен 17

2.2.1.3. Туризм 22

2.2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік 24

2.2.1.5. Сауда 25

2.2.1.9. Қоршаған ортаның жағдайы 32

Мектепке дейінгі мекемелерді кеңейту және сақтау, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды. 34

2012 жылы бала бақшалардың және кіші-орталықтардың саны 2011 жылға қарағанда 2 бірлікке артты. Мектепке дейінгі біліммен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санының 96,4% құрады, 2011 жылдан 21,1% артты. 35

2013 жылы бала бақшалардың саны 6 бірлікті құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке артты. 2 жеке меншік бала бақша Айыртау ауылында 75 орынға, Мамай батыр ауылында 25 орынға ашылды. Кіші-орталықтардың саны 49 бірлікті құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 4 бірлікке немесе 8,9%, 2012 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке немесе 4,2% артты. 35

Мектепке дейінгі біліммен қамту 99,8% құрады, 2011 жылдан 24,5%, 2012 жылдан 3,4% артты. 35

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің 2011-2013 жылдардағы 35

даму динамикасы 35

2.2.2.2. Денсаулық сақтау 40

2.2.2.3.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау 45

2.2.2.4. Мәдениет 48

2.2.2.5. Тілдерді дамыту 50

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт 52

2.2.2.7. Ішкі саясат 53

2.2.3.5 Жолдар 67

2.2.3.6 Телекоммуникация және байланыс 70

2.2.3.9. Құрылыс 73

2.2.4. Аймақты жайландыру 75

2.2.4.1. Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету 76

2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі 78

2.2.5.2. Аудан бюджеті 84

2.3. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қолданыстағы саясатының мемлекеттік реттелуін талдау. 86

2.4. Мәселелердің, қатерлердің, бәсекелестік артықшылықтың кешенді сипаттамасы мен мүмкіншіліктері 86



88

3. Аумақ дамуының көрінісі 88





1. Паспорт


Атауы

2011-2015 жылдарға арналған Ұлан ауданының аумақтарын дамыту Бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасы ПРезидентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы, 2014 жылғы №78 «Жергілікті атқарушы органдарға арналған көрсеткіштердің базалық тізбесі мен стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша тиімділікті бағалау әдістемесін бекіту туралы» ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұйрығы.

Ауданның негізгі сипаттамасы

Ұлан ауданы 1928 жылы құрылған, Шығыс-Қазақстан облысының орталық бөлігінде, облыс орталығы Өскемен қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Әкімшілік орталығы – Қасым Қайсенов кенті. Ауданның жалпы халық саны 2014 жылдың 1 қаңтарында 40,170 мың адамды құрады. Аудан бойынша барлығы 48 елді мекен, 16 ауылдық округ бар. Ұлан ауданы табиғи-климаттық қатынаста бірегей аймақ болып табылады. Онда далалық, шөлді және таулы-тайгалы ландшафттар іргелесіп жатыр. Аудан территориясы су ресурстарына бай, мұнда 18 үлкен және кіші өзендер ағып өтеді. Басты су күре жолы - Ертіс өзені. Ірі көлдер – Сібе, Дубагалинское. Аудан климаты қатаң континенттік, тәуліктік, маусымдық және жылдық орташа ауа температурасының үлкен ауытқу шегімен. Аудан экономикасы ауылшаруашылық бағыттылықта. Аудан аумағы 9,63 мың шаршы шақырымды құрайды.

Әзірлеуші

Ұлан ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдермен бірлесіп

Стратегиялық бағыттар

Өнеркәсіпке, агроөнеркәсіптік кешенге, инвестицияға, шағын және орта кәсіпкерлікке, сауда және қоршаған ортаға жоғары өндірмелі иннновациялық технологияларды енгізу негізінде аймақ экономикасын жедел дамыту;

әлеуметтік сала мен адамдық әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;

экономиканың жедел индустрияландыруы мен сапалы тұрғын үй-коммуналдық және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жағдай жасайтын инфрақұрылымдық кешенді жетілдіру;

аумақтық ұйымдастыру;

мемлекеттік жергілікті және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту.


Мақсаттар


Аймақтың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнеркәсіптің тұрақты және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;

аймақ экономикасына инвестиция түсімдерін ынталандыру;

қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту;

әлеуметтік сала мен адамдық әлеуетті дамыту, халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру, сапалы әлеуметтік қызмет көрсетудің барлық түрімен қамтамасыз ету;

сапалы білім алу үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету, құқық қорғау және балалардың заңды мүддесін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;

халықтың денсаулығын нығайту және сақтау;

отандық мәдениетті сақтау және насихаттау;

бұқаралық спортты дамыту;

халықтың әлеуметтік осал бөлігіне мекен-жайлық қолдау көрсету;

мемлекеттік тілді дамыту;

ұлт бірлігін қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді нығайту;

мұрағаттық қорды сақтау үшін жағдай жасау;

көшелер мен қоғамдық орындардағы берік құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту;

электр энергиясын үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;

аймақ халқын ауыз сумен қажетті мөлшерде және кепілді сапада тұрақты қамтамасыз ету, аймақтың елді мекендерінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету қызметімен үздіксіз және сапалы қамтамасыз ету;

автожолдық сала инфрақұрылымының даму деңгейін арттыру;

халықты сапалы және қолжетімді байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

елді мекендердің аумағын тиімді дамыту және құрылыс салу, баспананың қолжетімділігін қамтамасыз ету.


Міндеттер

Азық-түліктік тауарлардың ішкі нарығында отандық азық-түліктің салыстырмалы салмағын арттыру;

АӨК экспорттық потенциалын жүзеге асыру; өнеркәсіптің басым секторларын дамыту;

инвестицияларды жұмылдыру үшін қолайлы жағдай жасау;

халықтың денсаулығын ары қарай нығайту;

медициналық жәрдемнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

халықтың аз қамтылған еңбекке жарамды бөлігінің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың өмір қауіпсіздігінің, денсаулығының, құқығы мен еркіндігінің қажетті деңгейін қолдау;

тұтынушылардың энергиямен тұрақты жабдықталуын қамтамасыз ету;

елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйесін тұрақты дамыту;

көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру және жетілдіру;

тұрғын үй құрылысын дамыту.


Жүзеге асыру кезеңдері

I кезең (аралық) – 2011 – 2013 жылдар, бірінші кезектегі іс-шараларды жүзеге асыру.

II кезең (қорытынды) – 2014-2015 жылдар, қойылған міндеттерді шешу үшін болжамды іс-шараларды жүзеге асыру.

Мақсатты индикаторлар

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 105,0%-ға дейін;

Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлем индексі 103,0%-ға дейін;

Ауыл шаруашылық өнім өндірісінің нақты көлем индексі 105,0%-ға дейін;

Туристік қызмет көрсетулердің жыл сайынғы өсімі 10%-дан кем емес, 3,44%-ға дейін;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

106,3%-ға дейін;

Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 102,0%-ға дейін;

3 – 6 жас балалардың мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылуы 100,0%-ға дейін;

Табиғи-математикалық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын табысты (үздік/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 56,3%-ға дейін;

Ғұмырдың болжалды ұзақтығы 70,09 жасқа дейін;

Жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 10,5 бірлікке төмендеуі;

Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға дейін;

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы (мұқтаж тұлғалардың жалпы санында) 89,5%-ға дейін;

Мәдениет мекемелердін келушілердің орташа саны 1000 адамға шаққанда (кітапхана, театр, мұражай) 208 адамға дейін;

Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 81%-ға дейін;

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың қамтылуы 29%-ға дейін;

Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің қарым-қатынасын жағымды бағалайтын халық үлесінің 61,0%-ға дейін артуы;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімділігінің болжамды деңгейі 55,0%-ға дейін;

Төтенше жағдайлардың салдарынан болатын кісі және материалды шығындардың 1,2%-ға дейін төмендеуі;

Байланыс және коммуникация саласындағы қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 76%-ға дейін;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 105,5%-ға дейін;

Тұрғын ғимараттарды пайдалануға енгізу, шаршы метрде жалпы аумағы 9,5 ш. м. дейін;



Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 57,6%;

Жолаушы айналымының көлемі 14,235 мың жолаушыға дейін;

Тұтынушылардың коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейінің 62,0%-ға ұлғаюы;

Орталықтандырылған сумен жабдықталуға халықтың қолжетімділік деңгейінің 60,0%-ға артуы;

Жылумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейінің 10,5%-ға дейін артуы;

Сумен жабдықтау қызметімен қамсыздандыру деңгейінің 17,5%-ға дейін артуы;

Жоғары әлеуетті дамуы бар ауылдық елді мекендер санының 5 бірлікке дейін артуы;

Халықтың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануының деңгейі 70%-ға дейін.



Қаржыландыру көлемі мен көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық, облыстық және аудандық бюджет, иемденіп отырған субъектілердің меншік қаражаты мен қарыз қаражат.

Қаржыландыру көлемінің барлығы – 43164,4 млн. теңге, соның ішінде:

2011ж. – 3678,9 млн. теңге;

2012ж. – 7547,8 млн. теңге;

2013ж. – 5435,0 млн. теңге;

2014ж. – 9934,9 млн. теңге;

2015ж. – 16567,8 млн. теңге.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет