Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8


Ағымдағы жағдайдың талдауы



жүктеу 2.33 Mb.
бет2/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Ағымдағы жағдайдың талдауы


2011-2015 жылдарға Ұлан ауданы территориясының даму Бағдарламасы (ары қарай – даму Бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 607 «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын орындау мақсатында әзірленді.

Даму Бағдарламасы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, аймақты дамыту, өсім нүктелерін құру үшін жағдай жасау бойынша жүргізілетін саясаттың логикалық жалғасы болып табылады. Құжат аймақтың тұрақты және үйлесімді дамуының есебіне экономиканың өсімін қамтамасыз етуге бағдарланған. Жобада 2015 жылға дейін Даму Стратегиясы мен Бәселекелестікті арттыру Стратегиясының, экономиканың салаларын дамыту бойынша бағдарламалық құжаттардың негізгі тәсілдемелері интегралданған.

Даму Бағдарламасының аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалының қазіргі жағдайына талдау жасалып, күшті және әлсіз тұстары, даму қаупі мен мүмкіндіктері анықталды.

Бар артықшылықтарды, сондай-ақ, мүмкіндіктер мен қауіптерді есепке алғанда, даму Бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру тұрақты әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымдық дамуда халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға бағытталған. Стратегиялық мақсат ішкі және сыртқы факторларды максималды пайдалану есебіне ауданның тіршілігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдай жасау үшін барлық салалалардың экономикасын дамытуды, инженерлік инфрақұрылымның тиімділігін, әлеуметтік саланы дамыту мен ауданның әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету болып табылады.



2.1. Табиғи әлеует


Ұлан ауданы Шығыс Қазақстан облысының орталық бөлігінде облыс орталығынан 10 шақырым жерде орналасқан, 1928 жылы құрылған. 1997 жылы ауданның аумағына Таврия қосылды. Аудан аумағы – 9,6 мың шаршы шақырым ( облыс аумағының 3,4% -ы)

Ұлан ауданы облыстың төрт ауданымен шекараласады:



  • солтүстікте – Глубокое ауданымен;

  • шығыста – Зырян ауданымен;

  • оңтүстікте – Көкпекті ауданымен;

  • батыста – Жарма ауданымен.

Әкімшілік орталығы – Қасым Қайсенов кенті.

Ауданда 16 әкімшілік-аумақтық бірлік бар, оның ішінде 16 ауылдық және кенттік округ, 48 елді мекен.

Халық саны 2014 жылдың 1 қаңтарында 40,170 мың адамды құрады (облыс халқының 7,0%). Этникалық құрам 2014 жылдың 1 қаңтарына: қазақтар – 69,5%, орыстар – 27,4%, басқа ұлттар – 3,0%.

Ұлан ауданы табиғи-климаттық қатынаста бірегей аймақ болып табылады. Онда далалық, шөлді және таулы-тайгалы ландшафттар іргелесіп жатыр.

Аудан аумағы су ресурстарына бай, мұнда 18 үлкен және кіші өзендер ағып өтеді. Басты су күре жолы - Ертіс өзені. Ірі көлдер – Сібе, Дубагалинское.

Аудан климаты қатаң континенттік, тәуліктік, маусымдық және жылдық орташа ауа температурасының үлкен ауытқу шегімен.

Ауданда минералды-шикізатты ресурстардың қоры бар және оның ең басты байлығы – құрамында мырыш, қорғасын, мыс, сирек және асыл металлдары бар полиметаллды кендер, тас көмір кен орындары бар, сондай-ақ, алтын, сирек кездесетін және сирек жерді металлдардың қорлары, цемент, шыны қалдықтарының өндірісіне арналған шикізаттар, тақтатас және цеолит кендері бар. Пайдалы қазбалардың бай кен орындары аудан экономикаының өсуіне жағдай жасайды. 2010-2012 жылдарда ауылшаруашылық айналымына қосымша 57 мың га тыңайған жерлер қосылды, сондай-ақ, суармалы жерлердің аумағы 11,5 мың га дейін ұлғайтылды.

Ауданда автомобиль жолдарының жалпы аумағы 723 шақырымды құрайды.

Қатты жабуы бар автомобиль жолдарының үлесі олардың жалпы ұзындығының 50,8%-ын құрайды.

Аудан территориясында екі республикалық автомобиль жолы өтеді: Өскемен-Алматы және Өскемен-Астана.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектордың да, әлеуметтік сала мен инфрақұрылымдық кешеннің де дамуының оң динамикасымен сипатталады.

Энергетика, жеңіл және тамақ, химиялық және ағаш өңдеу өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі серпінді дамуда.

Аймақ аттрактивті туристік әлеуетінің күшімен тартымды және келешекті болып табылады. Аудан көлемінде бірнеше маңызды демалатын орындар белгіленген: Сібе көлі, Дубагалинское көлі, Төменгі және Жоғарғы Тайынты.

Жекеленген елді мекендерде инфрақұрылымдық әлеует әркелкілігінің салыстырмалы жоғары деңгейі байқалады.




2.2. Аумақтын әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау

2.2.1. Экономикалық даму

2.2.1.1. Өнеркәсіп


2013 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өнімнің көлемі 12394,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылдағы деңгейден 10%-ға және 2012 жылдағы деңгейден 0,1%-ға артып отыр. Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде Ұлан ауданының үлесі 1,24%-ды құрады.

Өнеркәсіптік өнім көлемінің артуына қарамастан нақты көлем индексінің төмендеуі байқалады. 2013 жылы НКИ 99,7%-ды құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 13,1%-ға төмендеген (112,8%), алайда, 2012 жылмен салыстырғанда 6,2%-ға (93,5%) өсті (1 сур.).


2011-2013 жылдардағы өнеркәсіптегі нақты көлем индексі мен

тауар өнімдерін өндіру көлемінің өзгеру динамикасы

1 сурет
Өнеркәсіптің құрылымы 0,3% салыстырмалы салмақпен тау-кен қазушы саланы, 89,0% - өңдеуші саланы, 9,9% - электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау саласын, 0,7% - сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау саласын қамтиды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен қазушы өнеркәсіптің көлемі 44,3 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден 97,7%-ға (1913,5 млн. теңге) және 2012 жылғы деңгейден 93,9%-ға (731,6 млн. теңге) төмендеді.

Ұлан ауданының тау-кен қазушы саласын 2 кәсіпорын таныстырады: бес жылдан астам уақыт 4-фракциялы габбро-диабаз өндіру және қайта өңдеумен, нақтырақ айтқанда, Қараөзек учаскесінде құрылыс шағылдарын өндірумен айналысып келе жатқан «Айрос» ЖШС, құрылыс материалдарын өндірумен, кен және кен емес қазындыларды, техногендік түзілімдерді өндіру және қайта өңдеумен, минералды шикізаттарды қайта өңдеумен айналысатын «Белогорстрой» ТКК» ЖШС (2 сур.).


2011-2012 жылдардағы тау-кен қазушы өнеркәсібіндегі

нақты көлем индексі мен тауар өнімдерін өндіру көлемінің өзгеру

динамикасы

2 сур.
Тау-кен қазушы және өнеркәсіп пен кен шығаратын орындардың нақты көлем индексі 2011 жылмен (101,3%) салыстырғанда 93,1%-ға, 2012 жылдағы деңгейдің 30,3%-на (38,5%) төмендеп, 2013 жылы 8,2%-ды құрады. Төмендеу «Белогорстрой» ТКК» ЖШС қызметінің тоқтатылуына байланысты болып отыр. құрылыс материалдарын өндірумен, кен және кен емес қазындыларды, техногендік түзілімдерді өндіру және қайта өңдеумен, минералды шикізаттарды қайта өңдеумен айналысқан аталмыш кәсіпорынның қызметі 2012 жылдың маусым айында кәсіпорын басшысына қатысты қылмыстық істің қозғалуына байланысты тоқтатылды.

Бүгінгі таңда аудан аумағында орналасқан пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және өндіруге келісім-шарттары бар келесі өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істеуде.

Олар габбро өндіруші «Айрос» ЖШС, кірпіш балшығын өндіруші «Өскемен Керамика» ЖШС, құрылыс тасын (гранит) барлаушы және өндіруші «Қарабас» ЖШС, габбро-диабаз өндіруші «Шығыс-Универсал» ЖШС, құм-қиыршық тас өндіруші «Гордорстрой» ЖШС, кварц және дала шпатын барлаушы «Нугрим» ЖШС, құрылыс тасын барлаушы «Шығыс-Асфальт» ЖШС, құрылыс тасын барлаушы «ВК Дортранс» ЖШС.

Аймақтың минералды-шикізат кешенінің келешекті ресурсты базасын дамыту пайдаланылатын қорларды көбейту мақсатында ауқымды іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Тау-кен қазушы өнеркәсіп өнімінің барлық маңызды түрлерінің 2011-2013 жылдардағы өзгеріс динамикасы төменде көрсетілген.
1 кесте

2011-2013 жылдардағы тау-кен қазушы өнеркәсіп

өнімдерінің барлық маңызды түрлерінің өндіріс динамикасы


п/п


Өнімнің атауы


Өлшем бірлігі










2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

5

6

7

1

Мыс концентраттары

мың тонна

15,5

5,9

0

2

Тас түйіршіктері, қиындылары мен ұнтақтары, жұмыр тас, қиыршық тас, шағыл немесе жарма тас.

мың текше метр

9,2

6,4

0

2013 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші саланың тауарлы өнімінің көлемі 11028,2 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден 31,0%-ға (8419,1 млн. теңге) және 2012 жылғы деңгейден 3,3%-ға (10675,7 млн. теңге) артты.

2013 жылдың қорытындысы бойынша нақты көлем индексі 105,8%-ды құрап, 2011 жылғы деңгейден (122,1%) 16,3 пайыздық тармаққа және 2012 жылғы деңгейден (108,7%) 2,9 пайыздық тармаққа төмендеді. Ауданның өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2013 жылы 89,0%-ды құрады (3 сур.).
2011-2013 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіптегі

тауарлы өнім өндірісінің динамикасы


3сур.
2013 жылы өңдеуші өнеркәсіптің еңбек өнімділігі 1 жұмыс істеуші адамға шаққанда 27,3 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден (1 жұмысшыға шаққанда 6,2 млн. теңге) 29,3%-ға артты, 2012 жылғы деңгейден 2,8%-ға төмендеді.

Аймақтың өңдеуші өнеркәсібі 88,9% салыстырмалы салмақпен азық-түлік өндірісін, 0,2% - жеңіл өнеркәсіпті, 8,1% - басқа салаларды қамтиды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі саласының тауарлы өнімдерінің көлемі 10595,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден (3258,5 млн. теңге) 44,4%-ға және 2012 жылғы деңгейден (3710,9 млн. теңге) 53,9%-ға артты. Нақты көлем индексі 2013 жылы 114,5%-ды құрады.

Азық-түлік өндірісі бойынша өңдеуші өнеркәсіптік ішкі саланың негізгі кәсіпорындары:

ет өнімдерінің өндірісі – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ;

өсімдік майының өндірісі – «Изумруд» ЖШС, «Багратион ВВГ» ЖШС;

сүт өнімдерінің өндірісі – «Шығыс-Сүт» ЖШС, «Багратион-Ұлан» ЖШС;

ұн тарту өнеркәсібіндегі өнімдер өндірісі – «Багратион ВВГ» ЖШС, «№3 Нан зауыты» ЖШС.

Өңдеуші өнеркәсіптегі азық-түлік өнімдерінің өндіріс көлемінің артуына 2011 жылы республикалық индустрияландыру Картасына кірген «Өскемен құс фабрикасы» АҚ жылына 20 000 тонна етке дейін кеңейту» жобасының жүзеге асырылуы әсер етті.

Жоба бойынша ағымдағы өндірісті қайта қалпына келтіру және жаңарту жолымен, сондай-ақ жаңа құс қораларын салу арқылы өндірісті кеңейту жоспарланған.

Жобаның жалпы құны 3351,3 млн. теңгені құрады, оның ішінде қарыз қаражат 2957,4 млн. теңге және меншік қаражат 393,9 млн. теңге. Қаржыландыру көзі «ҚазАгроҚаржы» АҚ және меншік қаражат.

Жобаны жүзеге асыру бастау алғалы бері ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 74 құс қорадағы жабдықтар ауыстырылды. Барлығы 3 жаңа құс қора, 1 инкубатор салынды.

Саланың әлемдік көшбасшылары Big-Dutchman (Германия) құстарды суару және тамақтандыруға арналған жабдықтары (ұдайы өсіп-өну, бройлерлік алаңдар) 700,0 млн. теңге сомаға, Pas Reform (Нидерланды) инкубациялық және шығарушы жабдықтары 217,0 млн. теңге сомаға орнатылды.

Жұмыс орындарының нақты көбеюі 984 адамдық штатпен 217 адамды құрады. Жобаға сәйкес қосымша 207 жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі таңда жоба жүзеге асырылды, 2012 жылы ет өндірісінің көлемі 17 000 тоннаны құрады. 2013 жылы - 18357 тоннаны құрады. 2014 жылы жоспарланған ет өндірісінің көлемі 22434 тоннаны құрайды немесе өсуі 22,2%.

Жалпы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібіндегі негізі мәселе өндіріс үрдісін механикаландыру мен автоматтандырудың төмен деңгейі болып табылады. Бұл бәсекеге жарамды өнім шығарып, халықаралық стандарттарға ауысуға мүмкіндік бермейді.
2011-2013 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіптегі азық-түлік

өнімдері өндірісінің нақты көлем индексінің өзгеріс динамикасы

4 сур.
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі 2013 жылы 325,7 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда (70,6 млн. теңге) 4,6 есеге және 2012 жылмен салыстырғанда (151,7 млн. теңге) 2,1 есеге артты.

2010 жылы аймақтық индустрияландыру Картасына кірген полиэтиленді құбырлардың өндірісімен айналысатын зауыт «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС пайдалануға берілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – бұл Өскемен мен ШҚО-да кәріз құбырларын, сумен жабдықтау, су тарату жүйелеріне арналған құбырларды, технологиялық құбырларды, газбен жабдықтау құбырларын, полиэтиленді құбырлар мен фитингтер өндіру.

Жобалық қуаттылығы – жылына әр түрлі диаметрдегі 1000 тонна құбыр.



«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өзінің жұмысында жаңа заманауи технологияларды, жоғары сападағы шикізаттарды қолданады.

Зауыттың өндірістік цехтары жоғары сапалы импорттық өндірістегі құрал-саймандармен жабдықталған.

«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өнімдері облыстағы сутартқыш, кәріз және газтартқыш жүйелердің барлық талаптарына жауап береді. Құбырлардың өндірісі кезінде ақырғы өнімнің сапасына баса назар аударылады. Кәсіпорында өлшеу және сынақ жүргізуге арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған зертхана бар. Өндіріс кезеңдерінің барлығында технологияны сақтаудың көпсатылы бақылау және дайын өнімнің шығу параметрлерін тестілеу жүргізіледі. Бұйымдар сапаның барлық қажетті сертификаттарына ие және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай, ол сертификаттау бойынша тәуелсіз және мемлекеттік органдардың жыл сайынғы инспекциялық бақылауымен дәлелденіп отыр.

2011 жылы диаметрі 250 мм-ден 500 мм дейін құбырлардың өндірісі бойынша үшінші бағыты жіберілді. Өндіріс көлемі дайын өнімнің 174 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 17%-ын құрайды. 2012 жылы дайын өнімнің 356 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 35,6%-ын құрайды.

2012 жылы біздің тарапымыздан хат жіберіліп, барлық қала және аудандардың әкімдеріне бюджеттік инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС-мен қызмет істеу бойынша ұсыныс жасалды. Әкімдерден алынған негізгі жауап - қажеттілік болған жағдайда аталмыш зауыттың өнімін сатып аламыз.

Мұндай жұмыс ауданның кәсіпорындарымен жасалуда, ал бюджеттік жобаларға келетін болсақ, аталмыш құбырлар Донское және Привольное ауылдарындағы екі сутартқышта іске қосылды. Жобалардың құны 529,1 млн. теңгені құрады, диаметрі 160 мм, 140 мм, 110 мм, 63 мм және 20 мм болатын 19232 метрге жуық полиэтиленді құбырлар жұмсалатын болады.

Металлургиялық өнеркәсіптің көлемі 2010 жылы 759,5 млн. теңгеге жетті, бұл 2011 жылдан 6 есеге көп, бірақ 2012-2013 жылдарда аталмыш ішкі сала бойынша көлемдер жоқ.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялау саласының тауарлы өнімдерінің көлемі 2013 жылғы қорытындысы бойынша 1230,9 млн. теңгені құрап, 2012 жылғы деңгейден (913,2 млн. теңге) 34,8%-ға артты, 2011 жылға қарай (878,0 млн. теңге) өсім қарқыны 140,2%-ды құрады. Нақты көлем индексі 2013 жылы – 113,0%.
2011-2013 жылдардағы электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны кондициялаудағы тауарлы өнімнің өсім қарқынының өзгеріс динамикасы

5сур.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау саласындағы өндіріс көлемі 2013 жылдың қорытындысы бойынша 91,1 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден (59,4 млн. теңге) 53,3%-ға артты, өсім қарқыны өткен жылға 144,8%-ды құрады (2012 жылы – 62,9 млн. теңге). Сала «ШҚ АЭК» АҚ, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ және «Молодежный» КМК-мен таныстырылады. Аймақтағы тіршілікті қамтамасыз етуші нысандар болып табылатындықтан, саланың кәсіпорындары жылу және электр энергиясын өндіру және жеткізу, сумен жабдықтау және су тарату қызметін атқарады. Қалыптасқан өсім қарқыны тарифтер мен атқарылған қызметтердің нақты көлемі өсімінің нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр.


2011-2013 жылдардағы сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылаудағы тауарлы өнімнің өсім қарқынының өзгеріс динамикасы

6 сур.


Саланың жалпы проблемасы болып табылады:

  • жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі;

  • электр энергиясының үдемелі тапшылығы;

  • электр энергиясына біршама жоғары тарифтер;

  • электр энергиясының балама көздерін пайдаланудың жоқтығы (күн, жел).

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:

Күшті жақтар:

  1. Меншік материалды-шикізат базасы;

  2. Өнімнің ірі нарық-импортшыларына жақындық (Ресей, Қытай);

  3. Өндірістік әлеует.

Әлсіз жақтары:

  1. Білікті мамандардың тапшылығы;

  2. Технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңаруы;

  3. Кәсіпорындардағы айналымдық қаражаттар мен өндірістерді жаңарту мен техникалық құралдандыруға арналған жинақтардың жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен шикізаттардың экспорты мен импортын жеңілдететін Кедендік одаққа кіруге байланысты нарықтың кеңеюі;

  2. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта құру мен жаңартудан басқа сапаны арттыру мен шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуге мақсатталған қосымша шаралар іске асырылатын болады;

  3. Аймақтың үй шаруашылығын іштей тұтынуға бағдарланған шағын бизнестің өсімі.

Қауіп-қатерлер:

  1. Басқа аймақтардағы кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік, бизнестің біршама жоғары операциялық ұсталған шығындары;

  2. Шикізат ресурстары бағасының төмендеуі;

  3. Ауданның бір ірі кәсіпорынға тәуелділігі.




Каталог: files -> programm
programm -> Жоба абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
programm -> С. С. Пономарева, заместитель директора по учебно-воспитательной работе Детской школы искусств (хореографической) города Вологды
programm -> Бағдарламасы шымкент, 2010ж. Қабылдау эмтиханының бағдарламасы 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықдар мамандығы «Мұнай және газ өндірістерінің машиналары мен аппараттары»
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 015 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 016 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»
programm -> Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет