Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет3/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.2.1.2. Агроөнеркәсіптік кешен


Аудан экономикасының дамуындағы маңызды рөл агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі, онда едәуір экономикалық әлеует жинақталған. Оның дамуы азық-түліктік қауіпсіздіктің деңгейін және аудандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды шешуші дәрежеде белгілейді.

Ауданның ауыл шаруашылығы өзінің мамандануы бойынша дамыған егіншілік шаруашылығы мен мал шаруашылығына бағытталған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы 74,4%-ды құрайды.

Ауданның мал шаруашылығының айырықша ерекшелігі оның көпсалалық сипаты болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайға және аудандағы шаруашылық қызметке байланысты сүт және ет сиыр шаруашылығы, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа, жылқы, құс, марал шаруашылығы және омарташылық табысты дамып келеді.

2011 - 2013 жылдар аралықта жалпы ауылшаруашылық өнімнің көлемі 27,5%-ға өсті: 2011 жылы 15494,4 млн. теңгеден 2013 жылы 19758,1 млн. теңгеге.


2 кесте
2011-2013 жылдардағы жалпы өнімнің нақты көлем индексінің



динамикасы


Көрсеткіштер/жылдар

2011

2012

2013

Жалпы өнімнің нақты көлем индексі

100,0

109,0

109,3

оның ішінде егіншілік шаруашылығының

98,9

96,7

137,1

мал шаруашылығының

100,3

112,6

102,8


Егіншілік шаруашылығы

2013 жылдың қорытындысы бойынша егіндік алқап 117,2 мың га құрады. Егіндік алқаптың құрылымына кіреді: астықты 42,5 мың га немесе егіндік алқаптың 36,2%, картоп – 1,1 мың га немесе 0,9%, жемшөптік – 46,5 мың га немесе 39,7%, көкөніс-бақшалық – 0,2 мың га немесе 0,2%, зәйтүн – 26,8 мың га немесе 22,8%.

2011 жылы егіндік алқап 105,0 мың га құрады. Дәнді дақыл алқабы 42,2 мың га құрап, 2010 жылғы деңгейден 5,6%-ға артты, картоп – 1,1 мың га, 6,8%-ға артты, көкөніс-бақшалық – 0,3 мың га, 43,2%-ға артты, жемшөптік дақыл – 33,9 мың га, 17,3%-ға артты.

2012 жылы егіндік алқап 114,8 мың га құрады, 2011 жылға 9,3%. Дәнді дақыл алқабы 43,5 мың га құрады, 2011 жылғы деңгейден 3,0%-ға артты, картоп – 1,2 мың га, 2011 жылғы деңгейден 8,6%-ға артты, көкөніс-бақшалық – 0,2 мың га, бұл 2011 жылғы деңгейден 31,6%-ға төмен, жемшөптік дақыл – 42,7 мың га, 2011 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға артты.


3 кесте
2011-2013 жылдардағы егіншілік шаруашылығын

дамытудың негізгі көрсеткіштерінің өзгеріс динамикасы


Көрсеткіштердің атауы

2011 ж.

Алдыңғы жылға

%

2012 ж.

Алдыңғы жылға

%

2013 ж.

Алдыңғы жылға

%

Барлық егіндік алқап, га

105037

109,9

114773

109,3

117222,6

102,1

а) астықты

42218

105,6

43496

103,0

42481,6

97,7

б) зәйтүн

27401

108,2

27062

98,7

26841,6

99,2

в) картоп

1146

106,8

1245

108,6

1131,7

90,9

г) көкөніс-бақшалық

348

143,2

238

68,4

257,6

108,2

д) жемшөптік

33925

117,3

42731

125,9

46510,1

108,8

А/ш дақылдарының орташа өнімділігі, баға мен га



















а) дәнді дақылдар

7,4

102,8

6,5

87,8

8,5

130,7

б) күнбағыс дақылы

3,3

57,9

4,8

145,4

8,9

185,4

в) картоп

144,2

84,9

114,1

79,1

170,9

149,8

г) көкөністер

262,3

88,0

312,6

119,2

301,4

96,4

Өнімнің өндірісі, тонна



















а) дәнді дақылдар

30893,0

110,7

27469,8

88,9

36256

132,0

б) күнбағыс дақылы

9060,4

62,6

11125,2

122,8

26137

234,9

в) картоп

16522,0

90,6

14206,6

86,0

18154

127,8

г) көкөністер

9107,2

126,3

7352,7

80,7

7789

105,9


Егіншілік шаруашылығында жыртылған жер алқабын үлкейту бойынша шаралар жүргізілді. Ауылшаруашылық пайдалы жерлердің жалпы аумағы 510,7 мың га немесе жалпы жерлердің аумағының 53,0%-ын құрайды.

Ауылшаруашылық пайдалы жерлердің құрылымында жыртылған жердің салыстырмалы салмағы 141,0 мың га құрайды (ауылшаруашылық пайдалы жерлердің жалпы аумағының 27,7%-ы), көпжылдық егістер - 0,141 мың га (0,03%), жатып қалған жерлер - 7,7 мың га (1,5%), шабындықтар - 36,2 мың га (7,1%), жайылымдар - 331,5 мың га (65,3%).

Ауылшаруашылық агроқұрылуда бекітілген ауылшаруашылыққа тағайындалған жерлерде жыртылған және жатып қалған жерлерді анықтау бойынша талдауға сәйкес, 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы аудан бойынша жыртылған жердің аумағы 19,5 мың га үлкейген.

Соңғы жылдары күнбағыс өсіру үшін субсидияның көбеюіне байланысты ауылшаруашылық дақылдардың егіндік алқаптарын оңтайландыру бойынша шаралар жүргізілмеді. Ауданның ауылшаруашылық дақылдарының егіндік алқаптарының құрылымында күнбағыстың меншікті салмағы 23,5%-ға өсті, бұл ғылыми-негіздемелі егіс айналымының бұзылуына әкеліп соқты. Сонымен қатар, минералды тыңатқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын заттар жеткіліксіз мөлшерде қолданылуда. Осы факторлардың барлығы жерлердің азуына және өнімділіктің төмендеуіне әкеледі.

Мал шаруашылығында жеткілікті жемшөптік базаны құру мақсатында жемшөптік дақылдардың аумағы үлкейтілуде. Талданған кезеңде жемшөптік дақылдардың аумағы жалпы аудан бойынша 37,1%-ға көбейіп, 46,5 мың га құрады.

Салада егіншілікті әртараптандыру бойынша жұмыстар басталып, жалғасын табуда. Егер 2011 жылы ауылшаруашылық дақылдарды өсірудегі ылғал ресурстарын сақтау технологиясы 45,1 мың гектар аумаққа енгізілген болса, 2013 жылы аталмыш технология 53,2 мың гектарға қолданылды.

Ауданда 11,1 мың гектар суармалы жерлер бар. Оның 4,1 мың га пайдаланылады. Бүгінде ауданда 7,0 мың гектар суармалы жерлердің пайдаланылмау себебі: жерді пайдаланушыларда қаржылық қаражаттардың жоқтығы және суару жүйесінің ақаулығы, сондай-ақ, қажетті техниканың жоқтығына да байланысты.

Көктемдік-далалық және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 2013 жылы ауданның жер пайдаланушыларына 208,5 млн. теңге субсидия бөлініп, игерілген болатын.

2013 жылы астықтың орташа өнімділігі 8,5 цн/га құрады, бұл 2011 жылдан 14,8%-ға және 2012 жылдан 30,7%-ға көп, күнбағыстың орташа өнімділігі – 8,9 цн/га, бұл 2011 жылдан 2,7 есе және 2012 жылдан 85,4%-ға көп, картоп – 170,9 цн/га, бұл 2011 жылдан 18,5%-ға және 2012 жылдан 49,8%-ға көп, көкөністер – 301,4 цн/га, бұл 2011 жылдан 14,9%-ға көп және 2012 жылдан 3,6%-ға аз.

2013 жылы ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері астықтың жалпы 36,2 мың тонна, картоптың 18,1 мың тонна, көкөністердің 7,8 мың тонна, күнбағыс дақылының 26,1 мың тонна жалпы алымын алды.

Ауданда тұқым шаруашылығын дамтыу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Тұқым өсіру шаруашылығының саны ауданда 6-ға өсті, оның 2 шаруашылығы – іріктеліп алынған тұқымдарды өндіруші. Ауданда күнбағыс пен астықтың іріктеулі тұқымын өндіру бойынша екі іріктеу-тұқым өсіру шаруашылығы құрылған. Олар келешекте ауданның және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарын аталмыш дақылдарын іріктелген тұқымдарымен қамтамасыз ететін болады.

Облыс және аудан халқын ерте көкөністермен қамтамасыз ету үшін жалпы аумағы 0,9 га болатын 3 жылыжай салынып, жұмыс істеп тұр.

Жалпы қуаттылығы 2,6 мың тонна болатын 7 көкөніс қоймасы бар. Саланы кеңейту және агросервистік қызмет көрсетудің көлемін арттыру үшін 3 машина-технологиялық станция құрылды.

Егіншілік өнімнің жалпы көлемін көбейту мақсатында жыл сайын аймақ шаруашылықтары тұқым сапасын жақсарту бойынша шаралар өткізеді, тұқымның және көшет материалдарының сорттық және екпелік сапасына сараптама жасайды, аса қауіпті және зиянды ағзаларға қарсы тексерулер, шегіртке зиянкестерінің тығыздылығын және колорад қоңызын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тұрақты негізде ауылшаруашылық алқаптарды минерализациялау және улы химикаттармен өңдеу жүргізіледі.
Мал шаруашылығы

4 кесте


2011-2013 жылдардағы мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің

өзгеріс динамикасы


Көрсеткіштердің атауы

Жылдар

2012 ж. 2011 ж.

қарқын, %

2013 ж. 2012 ж. қарқын, %

2013 ж. 2011 ж. қарқын, %

2011 ж.

2012 жыл

2013 жыл

Ірі қара мал, бас

42776

43311

46519

101,2

107,4

108,7

оның ішінде сиыр

17412

18221

18695

104,6

102,6

107,4

шошқа

7921

8088

8085

102,1

99,9

102,1

қой мен ешкі

95305

80006

81537

83,9

101,9

85,5

жылқы

14492

15938

16278

110,0

102,1

112,3

құстар, мың бас

1244,8

1214,3

1321,5

97,5

108,8

106,1

Таза салмақтағы мал және құс союға өткізілді, тн.

23501,2

27577,3

28817,4

117,3

104,5

122,6

Сауылға сүт, тн.

49578,6

49721,0

50541,5

100,3

101,6

101,9

Алынған жұмыртқа, мың дана

15859

19655

19659,4

123,9

100,0

123,9

Қырқылған жүн, тн.

206,4

208,8

191,1

101,1

91,5

92,6

2012 жылы ірі қара мал басы артты, қой мен ешкінің басы 16,1% немесе 15299 басқа азайды, құстардың басы 2,5% немесе 30,5 мың басқа азаюы байқалады. Ет өндірісі 17,3%-ға, сүт - 0,3%, жұмыртқа – 23,9%, жүн – 1,1%-ға өсті.

2013 жылдың динамикасы 2012 жылға қарағанда ірі қара мал басының санын 7,4% немесе 3208 басқа өсуін байқалады, қой мен ешкінің басы 1,9% немесе 1531 басқа, жылқылардың басы 2,1% немесе 340 басқа, құстардың басы 8,8% немесе 107,2 мың басқа өсуін байқалады. Шошқанын саны 0,1% немесе 3 басқа азайды. Ет өндірісі 4,5%-ға, сүт – 1,6% өсті. Жүн – 8,5%-ға азайды.

2013 жылды 2011 жылмен салыстырса, ірі қара мал басы 8,7%-ға немесе 3743 басқа, шошқа 2,1%-ға немесе 164 басқа, жылқы 12,3%-ға немесе 1786 басқа, құстар 6,1%-ға немесе 76,7 мың басқа өсті. Қой және ешкі басы 14,5%-ға немесе 13768 басқа азайды. Ет өндірісі 22,6%-ға, сүт – 1,9%, жұмыртқа – 23,9% өсті, жүн - 7,4%-ға азайды.

Сүт мал шаруашылығы Өскемен қаласының сүт белдеуіне кіретін ауданның 4 шаруашылығында көбірек дамыған: «Украинка» ШҚ, «Қайрат» ШҚ, «Багратион-2» ШҚ, «Борсақ» ШҚ.

Мал шаруашылығының негізгі салаларынан басқа ауданның шаруашылықтарында омарташылықпен айналысады.

Мал шаруашылығының аталмыш салалары белгілі деңгейде сақталуда. Марал басы соңғы жылдары 874 бас шамада сақталып келеді. Панталық марал шаруашылығымен ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығы статусын алған «Багратион-2» шаруа қожалығы айналысады.

Жұмыртқа өндірісімен «Өскемен құс фабрикасы» АҚ айналысады.

Аудан халқының мал шаруашылығы өнімдерінде қажеттіліктері толық қамтамасыз етілген.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін арттыруға осы саланы қаржылай қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдары мен сүт-тауарлы фермаларды, аслы тұқымды мал шаруашылықтарын құру, құнарсыз және құнарлы жемшөптің қажетті көлемін даярлау бойынша қабылданған шаралар септігін тигізді.

Аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің жанында 3 штаттық бірліктен тұратын ветеринария секторы құрылып, жұмыс істеп тұр. Ауданда эпизоотияға қарсы, диагностикалық, дезинфекциялық жұмыстармен айналысатын «Ұлан мал дәрігері» КМК құрылды. КМК-да 71 адам, оның ішінде 64 мал дәрігерлер жұмыс істейді.

Аудан инфекциялық және инвазионды аурулар бойынша аман болып табылады. Ауылшаруашылық малдар мен құстардың аса қауіпті ауруларымен күрес, мал мен құс ауруларын диагностикалық зерттеулер бойынша жыл сайынғы шаралар жүргізіледі.

Мал шаруашылығы саласын қолдау және дамытуға 2013 жылы республикалық бюджеттен 1576,2 млн. теңге субсидия бөлінді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі таңда ауданда 28 мал бордақылау алаңы мен 8 сүт-тауарлы ферма құрылып, жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды мал шаруашылығының саны 37 бірлікті құрайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

  1. Өндіріс әлеуеті;

  2. Ауылшаруашылық өнімдерінің тұрақты өсімі;

  3. «Өскемен құс фабрикасы» АҚ құс етінің өндірісі;

  4. Облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөністер сияқты азық-түліктің негзігі түрлерімен толық қамтамасыз етілуі.

Әлсіз жақтары:

  1. Өндірістің ұсақ тауарлығы;

  2. Ауылшаруашылық техника мен құрал-жабдықтардың тозуы;

  3. Суармалы егіншіліктің төмен тиімділігі;

  4. Асыл тұқымды малдың төмен үлесі;

  5. Жемшөптік базаның жеткіліксіздігі;

  6. Ауылшаруашылық өндірісте заманауи инфрақұрылымның жетілмеуі;

  7. Ауылдық тұтынушы кооперативтері мен сервистік-даярлаушы орталықтардың жеткілікті дамымаған жүйесі;

  8. Ауылшуаруашылық тауар өндірушілердің көбінде негізгі және айналымдағы қаражатының жоқтығы;

  9. Мал басының жеке қоныстарда топталуы, бұл мал шаруашылығы шикізатының сапасын төмендетеді.

Мүмкіндіктер:

  1. Агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану;

  2. Бәсекеге жарамды өнім өндіру;

  3. Техникалық жабдықталудың деңгейін көтеру;

  4. Ауылшаруашылық өндірістің тиімділігін арттыру;

  5. АӨК дамыту бойынша қарастырылған шараларды жүзеге асыру (СТФ, мал бордақылау алаңдары, жобалау-іздестіру ұйымдарының құрылысы және т.б.);

  6. Көктемдік-далалық және жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті ЖЖМ және басқа да тауарлы-материалды құндылықтардың бағасын субсидиялау.

  7. Жасанды ұрықтандыру жолымен асыл тұқымды мал шаруашылығының меншік салмағын арттыру;

  8. Лизингке берілетін ауылшаруашылық техника мен технологиялық құрал-жабдықтардың номенклатурасын кеңейту;

  9. Өндірістің заманауи төмен шығынды технологияларын енгізу;

  10. Ауылшаруашылық өнімдерін бірге өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау және тауарлы-материалды құндылықтармен жеңілдік жағдайда несиелеу жолымен жабдықтау бойынша ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл халқының бірігуін ынталандыру.

  11. Кәсіпорындардың өзіндік қаражатының есебіне АӨК-дегі техникалық жабдықталу деңгейін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

  1. Инвестицияны тартудағы қиындықтар;

  2. Аса қауіпті мал ауруларының таралуы;

  3. Қуаңшылық және табиғи апаттар;

  4. Халықтың адам мен малға ортақ аурулармен сырқаттануы.



2.2.1.3. Туризм


Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының туристік потенциалы өте жоғары.

Оның аумағына Ертіс өзенінің сол жақ жағалауың орта ағысынан Братское шығанағынан Бұқтырма су қоймасы, одан Шулбі су электростансиясына дейін, Калгин тауларының тарамдары, көптеген бөлек жатқан гранитті алқаптар кіреді. Ресурстарға, табиғи обьектілерге көз салатын болсақ бұл аумақ туристік тұрғыдан тартымды болып келеді.

Туристік тұрғыдан тартымды табиғи ескерткіш:


  • Дұбағалы тауы және Дұбағалы көлі

  • Айыртау тауы (1003) және Айыр өзені

  • Көктау таулары (Сібір граниттік алқабы)

  • Сібір өзендері (Садыркөл, Төртқара, Шалқар, Қоржынкөл, Қаракөл)

  • Тайынты гранитті алқабы және Шыбынды көл және Төменгі Тайынты

  • Бұқтырма жағалауы ( Братское шығанағының сол жақ жағалауының төменгі ағысы) Шулбі су қоймасының сол жақ жағалауы

Бұнда мәдени- тарихи ескерткіштер көптеп шоғырланған:

  • «Аблаинскит» будда монастырының қиындылары (Аблайскит XVII- ғасырдың Тарихи-мәдени ескерткіші)

  • Акбауыр ежелгі астрономиялық комплекс(ғибадатқана)

  • Жоңғар қабірлері

  • Көптеген петроглифтер

  • Басқа да обьектілердің қатары.

Туризмнин басым түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: этнотуризм, белсіеділері ( жаяу жүру, атпен жүру), жағажай, балық - аң аулау, ауылдық.Туристік слеттер, фестивальдар, сонымен қатар халақаралық фестивальдар, бардандық әндер байқауларын және т.б. өткізуге болады.

Ұлан ауданының артықшылықтарының бірі Өскемен қаласына жақындығы, бұл бір күндік турлар өткізуге септігін тигізеді.

Ауданның бірінші талабы өркендеу, ең алдымен ішкі және көлекпен баратын, себебі олар ауданның бюджетіне қаржы келіп тусін қамтамассыз етеді сонымен қатар, туризмнін материалдық-техникалық тұрғысын жақсартады.

Қазіргі таңда Ұлан ауданында автокөлікпен шығу туризмі жоқтың қасы. Ауданан транзит арқылы өтетін аздаған туристер Ұлан ауданының экономикасына маңызды үлес қоса алмайды.Автокөлікпен шығу туризмі тек бір ғана жағдайда шет елдік азаматтарды тартқан кезде ғана тиымды болмақ, туристық базалар мен кемпенктар салынғанда, қоғамдық тамақтандру бір жүйеге келтірілгенде, жолдар жөнделіп және автокөлік жүруге арналғаң жолдар салынған уақытта тиімді болмақ.

Облыстағы халықтың социалдық денгейі жаксаруына байланысты ішкі туризмнің жоғарлауын болжауға болады. Ішкі туризмнің үлесіне туристік әрекеттің пайдасын жатқызуға болады. Туристердің ағымы ШҚО – ның қалаларынан болмақ, ен бірінші облыс орталығы Өскемен қаласынан. Туризмнің инфраструктурасын құрған жағдайда Астана, Алматы, Талды-Корған, Семей, Павлодар, жақын шетелден: Барнауыл, Новасибирск, Омск қалаларынан туристердің ағымы болмақ.

Аудан аумағында бір неше тарихи-мәдини мұралар орналасқан. Жалпы қызығушылықты тарихи архитектуралық ескерткіштер тұғызады.



  • Бұрынғы көпес үйі – Пролетарка ауылындағы XX ғасырдың басындағы архитектуралық ескерткіш;

  • «Аблаинскит» будда монастырының қиындылары;

  • Акбауыр ежелгі астрономиялық комплекс(ғибадатқана);

  • Көптеген петроглифтер;

Ақбауыр ежелгі астрономиялық комплексіне және будда монастырына Өскемен қаласының туристік фирмалары ғылыми танымдық экскурсиялар өткізеді.
5 кесте

2011-2013 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму динамикасы


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірліктері

2011

2012

2013

Туристік қызметтен көрсетілген туристік қызмет көрсетулердің көлемі

мың тенге

80050,0

103502,0

161771,0

Келушілер туризмінің көлемі

адам


-

-

-

Ішкі туризмнің көлемі


адам

4971

4348

11531

Туристік ұйымдардың саны

саны

3

4

11

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Ауданның тиімді экономикалық-географиялық жағдайы;

2. Ландшафтардың әр түрлілігі, табиғат, мәдениет және тарихтың бірегей ескерткіштері.

Әлсіз жақтары:

1. Туризмнің дамыған инфрақұрылымының жоқтығы;

2. Білікті басқарушы және қызмет көрсетуші қызметкерлердің жоқтығы;

3. Ауданның туристік ресурстары туралы жеткіліксіз жарнама.



Мүмкіндіктер:

  1. Туризмнің бәсекелестік инфрақұрылымын құру мүмкіндігі;

  2. Халықты жұмыспен қамту;

  3. Келушілер және ішкі туризм бойынша туристер легін және бюджетке кірістер мен түсімдердің өсімін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

  1. Күзету шаралары қабылданбаған жағдайда бар нысандар мен ресурстарды жоғалту мүмкіндігі;

  2. Туризмді қолдаудың шектеулі қаржылық мүмкіндіктері, меншік қаражаттар мен инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

  3. Туристік бизнестегі кәсіпқойлықтың төмен деңгейі.



2.2.1.4. Шағын және орта кәсіпкерлік


Бүгінгі таңда аудандағы шағын кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықты жұмыспен қамтудың, тауарлар мен қызмет көрсетудің кең бейінділігін құрудың, бюджетке түсетін салық түсімдерінің маңызды үлесінің айтарлықтай пайызын қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері үдемелі динамикаға ие, бұл экономиканың аталмыш секторының дамуындағы оң тенденцияны дәлелдейді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілерінің саны ауданда 2336 бірлікті құрады, оның ішіндегі заңды тұлғалардың үлесі 128 бірлік (5,5%), жеке кәсіпкерлер – 1121 бірлік (48,0%) және шаруа қожалықтары – 1087 бірлік (46,5%) (7 сур.).




Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымы

7 сур.
Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін заңнамалық негіздер;

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын құрайды.

Әлсіз жақтары:

  1. Меншік айналымдық қаражаттың жеткіліксіздігі;

  2. Кәсіпкерлердің теориялық және тәжірибелік даярлығының әлсіздігі, білікті мамандардың тапшылығы;

  3. Салық салу кезінде оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу уақытына байланысты сараланған амалдардың жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық-несиелік қолдаудағы серпінді даму;

  2. Кәсіпкерлік ортаның бастамаларын жүзеге асыруда қолайлы жағдай жасау үшін «сервистік орталық» құру;

  3. Рұқсат құжаттарды (үрдістерді) алу кезінде әкімшілік шығындарды қысқарту.

Қауіп-қатерлер:

  1. Қаржылық-несиелік ресурстардың қолжетімділігінің жеткіліксіздігі, ол сұралған несие мөлшерін қамтамасыз ету үшін кепіл мөлшерінің жеткіліксіздігі немесе оның мүлде жоқтығы, банк сарапшыларының кепілді мүліктің бағалық құнын төмендетуі сияқты факторларға байланысты.

  2. Бизнестің біршама жоғары операциялық шығындары;

  3. Кепілді қамсыздандыру болмаған жағдайда нақты секторда бизнес ашу мүмкіндігінің жоқтығы.



2.2.1.5. Сауда


Аудан бойынша бөлшек сауда өсім әлеуетіне ие, бұл бөлшек тауар айналымының өсімімен дәлелденеді. 2013 жылы бөлшек тауар айналымынің көлемі 4513,6 млн. теңгені құрады, ол 2012 жылғы (3765,6 млн. теңге) нақты бағадан 19,8%-ға жоғары және 2011 жылдан (3401,1 млн теңге) 32,7%-ға жоғары.

2013 жылғы көтерме тауар айналымы 58,2 млн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдан 98%-ға (3020,4 млн теңге) және 2011 жылдан 89,5%-ға (557,3 млн. теңге) кем (8 сур.).


2011-2013 жылдардағы бөлшек және көтерме тауар айналымының

өзгеріс динамикасы

8 сур.

2013 жылы бөлшек сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының жүйесінің көрінісі: дүкендер – 173, дәріханалар – 9, қойма бөлмелері – 11, дүңгіршектер – 14, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 60, ТҚКС – 6, ЖМС – 5, дәмханалар – 8, асханалар – 13, шаштараздар – 8 және 3 тігін цехтар.



2012 жылы: дүкендер – 169, дәріханалар – 19, қойма бөлмелері – 11, дүңгіршектер мен шатырлар – 28, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 57, ТҚКС – 6, ЖМС – 3, дәмханалар – 6, асханалар – 12.

2011 жылы ауданда дүкендер - 289, дәріханалар – 5, дүкендер мен сауда үйлеріндегі бөлімдер – 64, ТҚКС – 18, ЖМС – 2, дәмханалар – 20.

Ұлан ауданында базарлар жоқ.

Сауда нысандары қызметінің тиімділігін арттыру, сауданың өркениетті формасын құру бойынша шаралар қабылдау мақсатында сәулеттік келбетті жақсарту, сауда құрал-жабдықтарын жаңарту және сауда нысандарын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдық округтердің орталық мекендерінде тікелей ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне меншік өнімдерді халыққа төмен бағамен өткізу үшін ақысыз сауда орындарын беру бойынша қызмет көрсетіледі.

Ішкі сауданы дамытудағы оң тенденцияларға жағымсыз көріністер қатарласуда.

Сонымен қатар, жалпы сауданы дамытудағы бағыттардың айқын көрінісінің жоқтығы сипаталады, ішкі сауда апатты түрде дамуда. Экономиканың негізгі салаларының бірі болғандықтан, сауда секторы өзгерту жүйесін, заңнамалық базаны жетілдіруді, үдемелі даму механизмдерін құруды қажет етеді.

Сауданы дамытудың проблемалық тұстары ретінде белгіленуге тиіс:

- сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

- сауда базарларындағы көлеңкелі айналымның жоғары деңгейі;

- ішкі сауда инфрақұрылымының дамуының жеткіліксіз деңгейі.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Сауда көлемінің өсімі мен халықты жұмыспен қамтудың оң динамикасы;

  2. Бөлшек сауда нарығында қалыптасқан қатысушылар.

Әлсіз жақтары:

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру (заңнамамен белгіленген тауарға сауда үстемесінің жоқтығы);

2. Айналымдық қаражаттың тапшылығы;

3. Кәсіби-техникалық білімнің әлсіз жүйесі, оның ішінде сауда мамандықтары бойынша;

4. Тамақ саласындағы қайта өңдеу өндірісінің жетілмеуі.

Мүмкіндіктер:


  1. Кедендік одаққа кіруге байланысты сауда нарығының даму болашағы;

  2. Бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйелерінің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру;

  3. Ішкі нарықты тұтынушы тауарлармен қанықтыру.

Қауіп-қатерлер:

1. Импорттық жеткізілімдерге тәуелділік, азық-түліктік және азық-түліктік тауарлар бойынша;

2. Өнімнің бәсекелістікке жарамдылығының төмендігіне байланысты өндірілетін тауарларға сұраныстың төмендеуі.
2.2.1.6. Бәсекелестікті дамыту

Шығыс Қазақстан облысы экономикасының басым салаларындағы бәсекелестікті дамыту үнемі іске асырылып тұрады, оның ішінде сауда нарығында жаңа қатысушылардың пайда болуы үшін қажетті жағдай жасау жолымен.

Экономиканың нақты секторында аймақтың басты байлығы полиметалл кендері қорының айтарлықтай көлемі болып табылады. Олардың құрамында негізгі металлдармен қатар қосымша асыл, сирек және жерде сирек кездесетін металлдар бар.

Тұтынушы нарығын дамытудағы оң бағыттардың бірі – сауда кәсіпорындарының іріленуі мен мамандануына, сауданың дүкенді формаларына біртіндеп ауысуына байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда аймаққа да, облысқа да, жалпы сауданы дамытудағы бағыттардың айқын көрінісінің жоқтығы тән, ішкі сауда апатты түрде дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі өзгерту жүйесін, заңнамалық базаны жетілдіруді, үдемелі даму механизмдерін құруды қажет ететіні анық.

Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлік саласында келесі сұрақтар проблемалық болып қала беруде:

салық салу кезінде оның даму деңгейіне, қызмет түріне және қалыптасу уақытына байланысты сараланған амалдардың жоқтығы;

делдалдық құрылымдар санының көптігі.

Одан басқа келесі шаралар қарастырылуда:

әлеуметтік маңызды тауарларға баға мониторингін және сауда үстемелерін тұрақты қамтамасыз ету;

тартылған несиелер бойынша пайыздық мөлшерлермелерді субсидиялау;

бағаны қалыптастыру бойынша аудандық штабтың жұмыстарын жалғастыру.

Агроөнеркәсіптік секторды талдау нәтижесінде бәсекелестікті дамыту бойынша іс-шаралар ұсынылды:

ауылшаруашылық тауарлардың халыққа тікелей сатылым тәжірибесін жалғастыру, оның ішінде аудан және облыс орталығында базарлар мен «демалыс күндердің» жәрмеңкелері арқылы;

ауылшаруашылық тауар өндірушілерін базарлардағы сауда орындарымен қамтамасыз етуге көмектесу.

Әкімшілік тосқауалдырды жою және бәсекелестік нарықты дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Одан басқа, жергілікті атқарушы органдардың қызметі Дүниежүзілік экономикалық форум бәсекелестігінің ғаламдық индексінің «жергілікті бәсекелестіктің қарқындылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның жайғасымдарын жақсартуға септігін тигізетін іс-шараларды әзірлеу және өткізуге бағытталады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

  1. Сауда кәсіпорындарының іріленуі мен мамандануына, сауданың дүкенді формаларына біртіндеп ауысуына байланысты бөлшек сауда инфрақұрылымын жетілдіру.

Әлсіз жақтары:

  1. Делдалдық құрылымдар санының кпөтігі, бұл бағаның айтарлықтай көтерілуіне әкеледі.

Мүмкіндіктер:

  1. Әкімшілік тосқауылдарды жою және бәсекелестік нарығын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

  2. «Жергілікті бәселекелестіктің қарқындылығы» көрсеткіші бойынша Қазақстанның жайғасымдарын жақсартуға септігін тигізетін іс-шараларды әзірлеу және өткізу.

Қауіп-қатерлер:

1. Сауданы дамытудың айқын көрінісінің жоқтығы.




        1. Аймақтың инновациялық дамуы

Аудан экономикасын ары қарай дамыту және аудан кәсіпорындары өндіретін өнімдердің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру мақсатында инновациялық жүйенің түйінді элементтерін қалыптастыру және дамыту бойынша белгілі жұмыс атқарылуда: ғылыми әлеуетті, инновациялық инфрақұрылымды, қаржылық инфрақұрылымды, инновациялық кәсіпкерлікті.

Ұлан ауданында мамандандырылған ғылыми-зерттеу мекемелері жоқ.

2013 жылы инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі 7299,4 млн. теңгені құрады. Инновация саласында ауданның кәсіпорындары мен мекемелерінің белсенділік деңгейі 9,4%-ды құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 17,6%-ды құрады.

2012 жылы инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемі 7194,2 млн. теңгені құрады. Технологиялық инновацияларға жұмсалған күрделі және ағымдағы шығындар 6735,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде кәсіпорындардың меншікті қаражаты – 5609,2 млн. теңге, республикалық бюджет – 364,3 млн. теңге, несиелер мен қарыздарды тарту – 762,3 млн. теңге.

Инновациялық сипаттағы өнімдер мен қызмет көрсетулердің жалпы көлемінің артуы 2012 жылы 2011 жылға 82,9%-ды құрады. Белсенділік деңгейі де 2011 жылғы деңгейден 12,2%-ға және 2012 жылғы деңгейден 6,7% артты. Бұл көрсеткіштердің артуына инновациялық сипаттағы 3 жобаның жүзеге асырылуы септігін тигізді, олар аймақтық индустрияландыру Картасына кірген «Өскемен полиэтиленді құбырлар зауыты» ЖШС базасында жерасты шахта-құрылыстық жұмыстарына арналған полиэтиленді құбырларды шығару, республикалық индустрияландру Картасына кірген «Өскемен құс фабрикасы» АҚ базасында жылына 20000 тонна өнім шығаратын құрал-жабдықты жаңарту және аймақтық индустрияландыру Картасына кірген «Айтас МП» ЖШС «Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдерді өндіру бойынша зауыттың құрылысы».

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ жылына 20 000 тонна етке дейін кеңейту» жобасы бойынша ағымдағы өндірісті қалпына келтіру және жаңарту жолымен, сондай-ақ, жаңа құс қораларының құрылысымен өндірісті кеңейту жоспарланған.

Жобаның жалпы құны 3351,3 млн. теңге, оның ішінде қарыз қаражат 2957,4 млн. теңге және меншік қаражат 393,9 млн. теңге. Қаржыландыру көзі «ҚазАгроҚаржы» АҚ және меншік қаражаттар.

Жобаның жүзеге асырылуы басталғалы бері ғимараттар жөнделіп, 74 құс қорасында құрал-жабдықтар ауыстырылды. 2011 жылы 3 жаңа құс қорасы салынды. Сондай-ақ, инкубаторға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, құрал-жабдықтар ауыстырылды.

Саланың әлемдік көшбасшылары Big-Dutchman (Германия) құстарды суару және тамақтандыруға арналған жабдықтары (ұдайы өсіп-өну, бройлерлік алаңдар) 700,0 млн. теңге сомаға, Pas Reform (Нидерланды) инкубациялық және шығарушы жабдықтары 217,0 млн. теңге сомаға орнатылды. Жобаға сәйкес 207 жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі таңда жоба жүзеге асырылды, 2013 жылы ет өндірісінің көлемі 18356,6 тоннаны құрады. 2014 жылға ет өндірісінің жоспарланған көлемі 22307 тоннаны құрайды.

Полиэтиленді құбырлардың өндірісімен айналысатын зауыт «Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС пайдалануға беру жобасы.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыты – бұл Өскемен мен ШҚО-да кәріз құбырларын, сумен жабдықтау, су тарату жүйелеріне арналған құбырларды, технологиялық құбырларды, газбен жабдықтау құбырларын, полиэтиленді құбырлар мен фитингтер өндіру.

Жобалық қуаттылығы – жылына әр түрлі диаметрдегі 1000 тонна құбыр.



«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өзінің жұмысында жаңа заманауи технологияларды, жоғары сападағы шикізаттарды қолданады.

Зауыттың өндірістік цехтары жоғары сапалы импорттық өндірістегі құрал-саймандармен жабдықталған.

«Өскемен полиэтиленді құбыр зауыты» ЖШС өнімдері облыстағы сутартқыш, кәріз және газтартқыш жүйелердің барлық талаптарына жауап береді. Құбырлардың өндірісі кезінде ақырғы өнімнің сапасына баса назар аударылады. Кәсіпорында өлшеу және сынақ жүргізуге арналған барлық қажеттіліктермен жабдықталған зертхана бар. Өндіріс кезеңдерінің барлығында технологияны сақтаудың көпсатылы бақылау және дайын өнімнің шығу параметрлерін тестілеу жүргізіледі. Бұйымдар сапаның барлық қажетті сертификаттарына ие және мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай, ол сертификаттау бойынша тәуелсіз және мемлекеттік органдардың жыл сайынғы инспекциялық бақылауымен дәлелденіп отыр.

2011 жылы диаметрі 250 мм-ден 500 мм дейін құбырлардың өндірісі бойынша үшінші бағыты жіберілді. Өндіріс көлемі дайын өнімнің 174 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 17%-ын құрайды. 2012 жылы дайын өнімнің 356 тоннасын құрады, бұл жобалық қуаттылықтың 35,6%-ын құрайды. 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 327,63 тонна.



«Еттен және үй құсы етінен жасалатын өнімдерді өндіру бойынша зауыт құрылысы» жобасы. Жобаның өтінішкері – «Айтас МП» ЖШС. Жобаның бастаушысы - Чубик Людмила Ивановна.

Жобаның құны 1779,0 млн. теңге, қаржыландыру 34% меншік қаражат есебіне және 66% «Цеснабанк» АҚ екінші деңгейлі банк арқылы.

Жобалық қуаттылық бойынша шұжық өнімі мен ет деликатестері өндірісінің көлемі жылына 12 000 тоннаны құрайды. Өндірілетін өнім түрлері Халал, құс етінен, қызыл еттен.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі 2012-2013 жылдар. Құрылыс кезеңі 2012 жылдың тамыз айында басталды, 2013 жылдың қазан айында зауыт ашылды. Жобалық қуаттылыққа шығу 2020 жылға жоспарлануда.

Ресейлік «Sipteks» компаниясының мұздатқыш жабдығы сатып алынды. Сондай-ақ, Германия және Польша елдерінің әлемдік көшбасшыларының жабдықтары алынды. Өндіріске қажетті барлық құрал-жабдықтардың бағасы 440 млн. теңгені құрады.

2013 жылы Алматы қаласында орналасқан «Spain Consulting» ЖШС Тайынты ауылында қуаттылығы 24МВт болатын жел паркінің құрылысы бойынша жобаны бастауды жоспарлап отыр. Компанияның серіктестері - Қазақстанның шетелдік жеке инвесторлары, оның ішінде Жаңғырмалы Көздерді Дамытуға (ЖЭС), ЖЭС құрылысына, ЖЭС сервистік қызмет көрсетуге мамандандырылған EPG компаниялар бар.

«Spain Consulting» ЖШС компаниясы Тайынтыдағы 24 МВт жел паркіне арналған 1300 га жердің жеке меншік иесі болып табылады, кейіннен жобаның 160 МВт дейін кеңейтілуі мүмкін. Жоба бойынша: күтілетін жел 6 және 8 м/сек аралығында 80 м биіктікте, электр қуатының болжамды өнімі 60707 МВт/с, меншік таза өнімі 2529 эквивалентті сағат. Инвестицияның жоспарлы сомасы 41299,6 мың евроны құрайды.

Жобаның экономикалық және заңды құрылымы (Тайынты желді-энергия станциясы):

1) 2010 жылдың қаңтарында ШҚО әкімдігімен және аймақтық басқармалармен, комитеттермен техникалық-экономикалық негіздеме келісілді;

2) AES аймақтық энергетикалық компанияларына энергия сатуға ниет шарты (бағасы 0,108 €/cent жобаның 20 жылдық өтелімділік мерзіміне);

3) Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің ТМРА хаты ТЭН-ге сәйкес тариф ТЭО 0.108€/cent (2010 жылдың мамыры);

4) 2011 жылдың ақпанында ТЭН және ЖСҚ Экология министрлігімен келісілді (ЕДБ, Жер комитеті, СЭҚ);

5) 2010 жылы құрылыстың жобалануы ШҚО әкімдігімен келісілді.

Жобаны қаржыландырудың нұсқалары:

1) Коммерциялық банктер: Неміс Банкі, Евразиялық Банк, Гонконг және Шанхай Банк корпорациясы, UNICREDIT;

2) Халықаралық қаржылық институт (ХҚИ):



ХҚК – Халықаралық қаржы корпорациясы (Дүниежүзілік банк тобы)

ЕИБ – Европалық инвестициялық банк

ЕҚҚДБ – Европалық Қайта құру және Дамыту банкі

АДБ – Азиялық дамыту банкі

ИДБ – Исламдық дамыту банкі

Кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың тауар, жұмыс және қызмет көрсетулерді сатып алуы кезінде қазақстандық мазмұн сұрақтарындағы негізгі міндеттерді орындау үшін, мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық мазмұнды көбейту, ұлттық өндірушілермен байланысты нығайту және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстар басталды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ауданның 9 кәсіпорнына мониторинг жасалды. Олар тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді жалпы 6,9 млрд. теңге сомаға сатып алды, оның 5,0 млрд. теңгесі (немесе 73,0%-ы) – қазақстандық мазмұнда.

2013 жылдың қорытындысы бойынша жүйе құрушы кәсіпорындардағы тауар, жұмыс және қызмет көрсетуді сатып алу көлемі мынадай:

тауарлар 5,3 млрд. теңгеге сатып алынды, оның ішінде қазақстандық тауарлар 3,6 млрд. теңге, қазақстандық тауарлардың үлесі 67,9%-ды құрады;

қызмет көрсету және жұмыс 1,6 млрд. теңгеге алынды, оның ішінде қазақстандық жеткізуішлерден 1,4 млрд. теңге сомаға, қазақстандық жұмыс және қызмет көрсету үлесі 87%-ды құрады.

2012 жылы 9 кәсіпорын отандық өндірісті дәлелдейтін СТ-KZ сертификатын алды.

Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары инновациялық саладағы мемлекеттік қолдау шараларымен тұрақты негізде танысып отырады. Бұл ақпарат кең қолжетімділік үшін сайтта жарияланған.

Саланың даму ахуалының SWOT-талдауы.

Күшті жақтары:


  1. Ауданның қала құрушы кәсіпорындарының базасында инновациялық қызмет үшін әлеуетті мүмкіндіктер;

  2. Инновациялық өнімдерге сұраныстың өсуі;

  3. Аталған бағытты дамытуға мемлекеттік қолдау.

Әлсіз жақтары:

  1. Инновациялық қызметті дамыту үшін қажетті мамандардың тапшылығы;

  2. Аталған саланы дамыту үшін кәсіпорындардың қаржылық ресурстарының шектеулігі;

  3. Мамандандырылған ғылыми базаның жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

  1. Шығарылатын өнімнің бәсекелестікке жарамдылығын арттыру;

  2. Өткізу нарығын кеңейту.

Қауіп-қатерлер:

1. Саланың дамуын тежеп тұрған импорттық өнімдердің жоғары көлемі.



2.2.1.8. Негізгі капиталға инвестициялар

Аймақта орын алып жатқан үрдістердің нақты индикаторы негізгі капиталға инвестиция болып табылады. 2013 жылы инвестиция көлемі 4719,2 млн. теңгені құрап, 2012 жылғы деңгейден (4647,4 млн. теңге) 1,5%-ға және 2011 жылғы деңгейден (3113,6 млн. теңге) 51,5%-ға артты. (9 сур.).



2011-2013 жылдардағы негізгі капиталға инвестиция көлемінің

өзгеріс динамикасы



9 сур.

Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемінен 2013 жылы республикалық бюджеттің үлесі 28,7%-ды немесе 1354,7 млн. теңгені құрайды, жергілікті бюджеттің үлесі 26,3% немесе 1243,2 млн. теңге, кәсіпорындар мен мекемелердің меншікті қаражаты 38,6% немесе 1821,5 млн. теңге, қарыз қаражат 1,7% немесе 79,4 млн. теңге, банк несиелері 4,7% немесе 220,4 млн. теңге.



Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық құрылымы келесі түрде:

  • ғимаратар мен құрылғылардың құрылысы мен күрделі жөндеуі – 3358,7 млн. теңге немесе 71,2%.

  • машиналар, құрал-жабдықтар, аспаптар, инвентарь – 1128,3 млн. теңге немесе 23,9%;

  • басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар – 232,2 млн. теңге немесе 4,9% (6 кесте).

6 кесте

2011-2013 жылдардағы қаржыландыру көздері бойынша

негізгі капиталға инвестиция көлемінің өзгеріс динамикасы




Жылдар

2011

2012/

2011,

%


2012


2013/

2012,%


2013


2013/

2011, %

Аудан бойынша барлығы, млн. теңге

3113,7

149,2

4647,4

101,5

4719,2

151,5

Республикалық бюджет

672,5

286,7

1928,2

70,2

1354,7

201,4

Жергілікті бюджет

402,5

119,4

480,8

258,5

1243,2

308,8

Меншік қаражат

1076,4

122,5

1318,3

138,2

1821,5

169,2

Қарыз қаражат

962,3

95,6

920,0

8,6

79,4

8,2

Банк несиелері













220,4



2013 жылы жалпыоблыстық көлемде Ұлан ауданына 1,6% келеді. Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 2013 жылы 97,2%-ды құрады, 2011 жылғы деңгейден (158,1%) 60,9 пайыздық тармаққа және 2012 жылғы деңгейден (141,9%) 44,7 пайыздық тармаққа төмендеумен.



2.2.1.9. Қоршаған ортаның жағдайы


2013 жылы табиғатты қорғауға ағымдағы шығындар азайды, 2012 жылмен салыстырғанда (17,4 млн.теңге) 41,9% және 2011 жылмен (15,9 млн.теңге)- 36,5% төмендеді.

Ауданда ластаушы заттарды шығаратын кәсіпорындардың саны 2012 жылы 30 бірлікті құрап, 2011 жылғы деңгейде (30 кәсіпорын) қалып отыр.

Ластаушы заттарды шығару көздерінің саны 2012 жылы 385 бірлікті құрап, 2011 жылмен салыстырғанда (371 бірлік) 3,8%-ға немесе 14 бірлікке артты.

Барлық стационарлық көздерден шығатын ластаушы заттардың саны 2012 жылы 4,773 мың тоннаны құрап, 2011 жылмен (3,487 мың тонна) салыстырғанда 36,8%-ға артты. Шығарылатын ластаушы заттардың санын ұстау пайызы бойынша олардың жалпы санына 2012 жылы 50,6%-ға дейін оң динамика байқалады (2011 жылы - 49,8%).

Қоршаған ортаға әсер етудің Ұлан ауданындағы негізгі көзі Өскемен құс фабрикасы болып табылады. Кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс аймағы шығарылудың шеткі көздерінен 1000 метрді құрайды.

Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институты жүргізген зерттеулерге сәйкес, Қасым Қайсенов кентінің орны амтосфераның ластануының жоғары шамасы бар аймақта орналасқан (5 аймақ), демек атмосферадағы ластаушы заттарды жан-жаққа тарату үшін мұндағы климаттық жағдайлар қолайсыз болып табылады.

Атмосфералық ауаға ауданның территориясында орналасқан «Айрос» ЖШС, «Шығыс Универсал» ЖШС тас ұсақтаушы зауыттары, «Шығыс-Асфальт» асфальбетонды зауыты әсер етеді.

Ластаушы заттардың шығарылуының атмосфераға әсерін төмендету мақсатында келесі шаралар қарастырылуда: саябақтық аймақтар құру, тұрғын территорияларды, көшелерді, санитарлық-қорғау аймақтарын көгалдандыру.

Жер үсті және жер асты суларының жағдайына әсер ететін негізгі фактор бұрыңғы Белогор ТБК-ның қалдық қоймасы, бұрыңғы Огневка, Белогор кендері және шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулардың тазартқыш жабдықтары тәрізді табиғи ластаулар (тау жыныстарының үйінділері, қалдық қоймалары, өнеркәсіптік қалдықтарды жинақтаушылар) болып табылады.

Халық санының көбеюімен, экономиканың дамуымен және өмір сүру деңгейінің артуымен бірге өндіріс және тұтыну қалдықтары түзілімдерінің көлемі де ұлғая бастады. Ұлан ауданының барлық елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған орындар жоқ. Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентінен қалдықтар Өскемен қаласына шығарылады. Бұрыңғы аудан орталықтары Бозанбай және Таврия ауылдарында тіршіліктің қажетті санитарлық-экологиялық жағдайын жасау мәселесі асқынып тұр.

Осыған абйланысты қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құрылысына Бозанбай, Айыртау, Таврия және Тарғын ауылдарында жер телімдері бөлінді.

Қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына зиян келтіруді болдырмау, сондай-ақ, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығаруды азайту, жетілдірілген технологияларға ауысу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Проблемалық мәселелер өнеркәсіптік кәсіпорындардан шығатын техногендік қалдықтар, олардың қайта өңделуі мен жойылуының шешілмеуі, өндірістік-экологиялық мониторингтің автоматтандырылған өлшеуші жүйесін құру жолымен қоршаған ортаның жедел мониторингін ұйымдастыру болып табылады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау бойынша SWOT-талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. Заманауи техногендік ластаулармен байланысты экологиялық жағымсыз факторлардың әсері төмендеу тенденциясына ие. Аймақта экономикалық өсім тенденциясы қалыптасуда және осы жағдайда экологиялық проблемалардың шешімі тұрақты дамуға ауысудың басты талаптарының бірі болып табылады. Экологиялық білім мен халыққа ұғындыру жүйесі дамуда, азаматтарды қоршаған орта жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі жетілдіріліп келеді.



Әлсіз жақтары:

    1. Атмосфералық ауаны бақылау және мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесінің жоқтығы. Ал бар мемлекеттік мониторинг қоршаған ортадағы физикалық және химиялық ластаушылардың құрамы туралы жедел толық және объективті ақпаратты қамтамасыз етпейді.

    2. Балама энергия көздерін енгізу тиісті деңгейде жүргізілмейді.

Мүмкіндіктер:

      1. Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеу және жоюды енгізу энергияны үнемдеу ресурстарының саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл табиғи ресурстар үнеміне, қалдық көлемдерінің азаюына әкеледі.

      2. Қоршаған орта сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу оңтайлы басқарушылық шешшім қабылдау үшін оның жағдайының объективті көрінісін алуға мүмкіндік береді, бұл нәтижесінде халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруына әсер етеді.

      3. Азаматтарда табиғи ресурстарды пайдалануға саналы қарым-қатынас қалыптастыру.

Қауіп-қатерлер:

        1. Табиғи-климаттық жағдайлардың күрт өзгеруі;
          2. Жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауы;

3. Энергия таратушылар бағасының тұрақсыздығына байланысты жанар-жағармай материалдары бағасының айтарлықтай өсуі.
2.2.2. Әлеуметтік сала

2.2.2.1. Білім

Білім саласында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді, оның аясында ауылдарда білімді дамыту, білім сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету шаралары атқарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет