Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8


Мектепке дейінгі мекемелерді кеңейту және сақтау, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды



жүктеу 2.33 Mb.
бет4/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мектепке дейінгі мекемелерді кеңейту және сақтау, 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қабылданды.


2011 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 4 бала бақша және 45 кіші-орталық қызмет көрсетті. Мектепке дейінгі біліммен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санының 75,3% құрады.

2012 жылы бала бақшалардың және кіші-орталықтардың саны 2011 жылға қарағанда 2 бірлікке артты. Мектепке дейінгі біліммен қамту мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санының 96,4% құрады, 2011 жылдан 21,1% артты.

2013 жылы бала бақшалардың саны 6 бірлікті құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке артты. 2 жеке меншік бала бақша Айыртау ауылында 75 орынға, Мамай батыр ауылында 25 орынға ашылды. Кіші-орталықтардың саны 49 бірлікті құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 4 бірлікке немесе 8,9%, 2012 жылмен салыстырғанда 2 бірлікке немесе 4,2% артты.


2013 жылы мектепке дейінгі білім берумен қамтылған балалардың саны 1600 баланы құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 249 балаға немесе 18,4%, 2012 жылмен салыстырғанда 80 балаға немесе 5,3% жоғары.

Мектепке дейінгі біліммен қамту 99,8% құрады, 2011 жылдан 24,5%, 2012 жылдан 3,4% артты.


7 кесте

Мектепке дейінгі мекемелер жүйесінің 2011-2013 жылдардағы

даму динамикасы





Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өсу қарқыны, 2013 ж./ 2011 ж.,%

Өсу қарқыны, 2013 ж./ 2012 ж.,%

Мектепке дейінгі балалар мекемесі, бірлік

4

6

6

50

50

Ондағы қамтылған балалар, адам

408

496

510

8,9

2,8

Кіші-орталық саны, бірлік

45

47

49

8,9

4,3

Ондағы қамтылған балалар, адам

943

1024

1090

15,5

6,4

Балалардың алпы қамтылуы, %

75,3

96,4

99,8

32,5

3,5

Сонымен қатар, ауданда мектепке дейінгі мекемеден орын алуға 230 өтініш тіркелді. Мектепке дейінгі мекемеге сұраныс көбінесе Қасым Қайсенов кентінде байқалуда.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамту 100% құрады. 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы мектеп алды даярлаумен қамтылған балалардың саны 15,1% немесе 90 балаға, 2012 жылмен салыстырғанда 15,9% немесе 94 балаға артты.
8 кесте

2011-2013 жылдарға балаларды мектеп алды даярлаумен

қамту динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2011

2012

2013

Өсу қарқыны, 2012 ж./ 2011 ж.,%

Өсу қарқыны, 2013 ж./ 2012 ж.,%

Өсу қарқыны, 2013 ж./ 2011 ж.,%

Мектеп алды даярлықпен қамтылған бала саны, адам.

594

590

684

99,3

115,9

115,1

Мектеп алды даярлықпен қамту, %

99

99

100









Білім нысандарының жалпы санынан инклюзивтік білімге жағдай жасалған жоқ.

Орта білімде 12 жылдық жалпы білім беруге көшуге дайындық, мектеп жасындағы балалардың білім берумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

2013 жылы ауданда 34 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп қызмет атқаруда, бұл 2011 және 2012 жылдармен салыстырғанда 1 мектепке азайды.

Мектептердің жалпы санынаң 9 толық кешенді және 25 мектеп аз кешенді.

Аудандағы 34 мектептің 12 мектеп қазақ тілінде оқытады, 3 орыс тілде және 19 аралас мектеп.

Аудан мектептерінің оқушылары жаңа шығарылған оқулықтармен және қайта шығарылған оқулықтармен, оқу нұсқаулықтарымен 100% қамтамасыз етілген.

Бірнеше жылдар бойы демографиялық және көші-қондық теріс үрдістер 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы оқушылар құрамының 1,2%-ға қысқаруына әкеліп соқты.

9 кесте
2011-2013 жылдарға мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері жүйелерінің өзгеру динамикасы


Көрсеткіштер атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2013 ж./ 2011 ж.,%

2013 ж./ 2012 ж.,%

Жалпы білім беретін мектептер саны, бірлік.

35

35

34

97,1

97,1

Оқушылар құрамы, адам.

4381

4224

4170

95,2

98,7

Аудандағы барлық мектептер компьютерленген.

2013 жылы жалпы білім беретін мектептерде компьютермен қамтамасыз ету 5 адамға 1 компьютерді құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 3 адамға немесе 37,5%-ға азайды. 2011 жылы - 1 компьютерге 8 адамнан болған.

Ғаламтор желісіне барлық 34 мектеп қосылған. Кең жолақты ғаламторға 10 мектеп қосылған, бұл мектептердің жалпы санының 29,4% құрайды.

2013 жылы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға 25684,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 16388,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен – 9296,0 мың теңге.

2013 жылы мектептердің материалдық –техникалық базасы пәндік бөлмелермен және құрылғылармен химия бөлмесін жабдықтау – 27,3%, биология бөлмелері – 24,2%, лингафондық – мультимедиялық – 61,8%, физика – 51,5% құрды.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда химия бөлмелері 6,7% артты, физика, биология және лингафондық – мультимедиялық бөлмелері 1,4%, 2,3% және 1,8% азайды.

2012 жылмен салыстырғанда химия бөлмелері 6,7% артты, биология және лингафондық – мультимедиялық бөлмелері 2,3% және 1,0% азайды. Физика бөлмелері 2012 жылдың деңгейімен қалды.

10 таб.
2011 - 2013 жылдарға мектептердің материалдық –техникалық базасы пәндік бөлмелермен және құрылғылармен жабдықтау динамикасы


Жылдар

мультимедиялық бөлмелері

физика бөлмелері

химия бөлмелері

биология бөлмелері

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

2011 ж.

20

60,0

18

52,9

2

5,9

9

26,5

2012 ж.

21

62,8

17

51,5

7

20,6

9

26,5

2013 ж.

20

61,8

17

51,5

9

27,3

8

24,2

Оқытушылардың сапалық құрамы төмендегідей көрініс табуда:

2013 жылы оқытушылар саны – 739 адам болды, соның ішінде 59 мұғалім жоғарғы санатымен, 261 мұғалім бірінші санатымен, 232 мұғалім екінші санатымен, 187 мұғалім санатсыз. 2011 жылмен салыстырғанда 25 адамға немесе 2,3% азайды.

2013 жылы жоғарғы және бірінші санаттағы оқытушылар 320 адамды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 5оқытушыға көп. 2011 жылы бұл санаттағы оқытушылар саны 315 адам болған.

Оқытушылардың біліктілігі білімді модернизациялау саласында басты мәселе. Талдау кезеңінде ауданның 28 оқытушысы жаңа форматтағы қайта даярлау курсымен қамтылды. Оқу нәтижесінде олар екінші және үшінші жаңа деңгейдегі біліктілік берілгені туралы сертификат алды.

Мамандар жетіспеушілігін жою мақсатында Ұлан ауданының білім бөлімі жыл сайын жаңа оқу жылының басында білім басқармасына, ЖОО тапсырыс жасап, бос тұрған пән мұғалімдерінің орнына мамандар алуға жолдайды.

Жыл сайын жас мамандарды тарту үшін бос орындардың жәрмеңкесі өткізіледі.

2013 жылғы ҰБТ нәтижесінің орташа ұпайы 75,6 ұпайды құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,3 ұпайға жоғары. 2011 жылы орташа ұпай саны 72,3 ұпайды құраған.

Жыл сайын 30-40 мұғалім білімді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру курстарға жіберіледі.

Мектептен тыс мекемелердің қызметі жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасауына, өзін-өзі кәсіби анықтауға, балалардың шығармашылық еңбегін дамытуға, олардың қабілеттілігін қалыптастыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуіне, азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға, жалпы мәдениеттілігін, салауатты өмір салтын дамытуға, мазмұнды демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

2013 жылы ауданда 12 іс-шаралар өткізілді, соның ішінде олимпиадалар, конкурстар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, жарыссөздер, онда 3014 оқушылар қатысты.

Сонымен қатар, жеңімпаздардың және жүлдегердердін саны 43 оқүшыны құрады. Елемесова Б. – Халықаралық деңгейінің жүлдегері, Тұрсынбек К. – республикалық жүлдегері, Рахимов Е., Окасова Г. - облыстық жүлдегерлер.

Тегін ыстық тамақпен аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар барлық 34 мектептерде 100% қамтылды. Облыс әкімінің ынтасымен тегін ыстық тағамның мөлшеріне бал және сүт (қышқыл-сүт өнімдері) қосылды. Бал және сүтпен (қышқыл-сүт өнімдерімен) аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар және 1-4 сыныптардың оқушылары қамтылады.

2012-2013 жылы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар саны 539 баланы құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 60 балаға азайды. Аз қамтылған отбасынан шыққан барлық балалар ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

11 кесте
2011 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықтағы аз қамтылған

отбасыларынан шыққан балаларды қамтамасыз ету динамикасы


Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2012 ж./2011 ж.,%

2013 ж./2012 ж.,%

2013 ж./2011 ж.,%

Ыстық тағаммен, сүтпен және балмен қамтылған 1-4 сынып аралығындағы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың саны (адам)

240

210

193

87,5

91,9


80,4



Ыстық тағаммен, сүтпен және балмен қамтылған 5-11 сынып аралығындағы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалардың саны (адам)

359

329

346

91,6

105,1


96,4


Әлеуметтік қорғау және материалдық жәрдем беру мақсатында ауданның 34 мектебіндегі өте мұқтаж оқушыларға «Жалпы оқу фонды» құрылды. 2013 жылы осы фондқа 32414,0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 20611,0 мың теңгеге немесе 36,4% артты. 2011 жылы 11803,0 мың теңге бөлінген.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 19-бабына сәйкес оқыту бағдарламасын қосымша дамыту мектептен тыс мекемелерде іске асырылады. Мектептен тыс мекемелердің қызметі жеке тұлғаны дамытуға жағдай жасауына, өзін-өзі кәсіби анықтауға, балалардың шығармашылық еңбегін дамытуға, олардың қабілеттілігін қалыптастыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуіне, азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға, жалпы мәдениеттілігін, салауатты өмір салтын дамытуға, мазмұнды демалысын ұйымдастыруға бағытталған.

2011-2013 жылдар бойы Ұлан ауданында қосымша білім беру мекемелерінің жүйесін «Балалар музыка мектебі» МКҚК ұсынуда.

2013 жылы мектептен тыс мекемеге 450 оқушы қатысты, (мектеп оқушыларының жалпы санының үлесі 10,6% құрайды), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 64 балаға немесе 14% өсті.

Жазғы демалыспен қамтылған балалардың саны 3240 баланы немесе 83% құрайды. Оның ішінде 1-10 сыныптардың оқушылары – 3196 бала. Италияға -1 оқушы, Анапаға – 2 оқушы, ауданның «Болашақ» лагеріне 360 бала барды.

2013 жылы ауданда ата-аналардың бағусыз қалған балалардың саны 77 баланы құрады, соның ішінде 64 бала қамқоршылық пен қорғаншылықта, 13 бала – патронаттық тәрбиеде.

2012 жылдан бастап ауданда облыс ақциялар өткізіледі: «Мейірім», «Әлемге терезе», «Жетімдіксіз территория».

2011 жылы 27 қыркүйектегі № 32/388-ІV облыс мәслихатының шешімімен жетім балаларды және ата-аналардың қамқорсыз қалған балаларды қолдау үшін Кешенді жоспар бекітілді.

Ұлан ауданы бойынша 43 жетім балаларға және ата-аналардың қамқорсыз қалған балаларға ЖССБ шот ашылып, ақшалай қаражат аударылды. Патронаттық мекемелер – 82, қазметкерлер – 1432 адам. 2014 жылдың 1 қаңтарына 3875,0 мың теңге балалардың шоттарына аударылды.

Жыл сайын ауданда «Қамқоршының күні» өткізіледі. 2013 жылы 19 жетім балаға, оның ішінде 6 кәмелетке толмаған, ата-аналардың бағусыз қалған балаларға «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының аясында жалдама тұрғын үй берілді.

12 мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларға жағдайлар жасалынды. Ауданда 93 мүмкіндігі шектеулі балалар бар. 2011 жылы үйде оқитын балаларға жабдықты алу үшін 2838,0 мың теңге бөлінді. 2013 жылы 8053,4 мың теңге бөлінді. Үйде оқитын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны – 24 бала.

Білім мекемелері жоқ елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы балаларға жақын жердегі мектебі бар ауылдарға тасымалдау қамтамасыз етілген.

Ауданда мектептердін автобустармен 523 балаға (100%) 11 мектепке тасымалдау қамтамасыз етілді. Тасымалдауды қамтамасыз ету үшін ауданда 11 автобус бар. Алайда, 1 тозған көлікті ауыстыру қажет.

2011-2013 жылдары бойынша білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 57557,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаражатқа 4 -мультимедиялық кабинеттер, 1- интерактивтік оқытуының кабинет, 3- биология кабинеттер, 3 – химия кабинеттер алынды.

2011-2013 жылдар аралығында Жол картасы аясында барлығы 471251,0 мың теңге бөлінді. Аталған қаржы 5 мектепті, 1 мектепке дейінгі мекемені күрделі жөндеуден өткізуге, 9 мектепті және 2 мектепке дейінгі мекемені ағымдағы жөндеуден өткізуге, 13 білім мекемелерінің жылу жүйелері мен канализациясын жөндеуге бөлінді. 1 мектеп ғимаратының фасады күрделі жөндеуден өткізіліп, 5 мектептің шатыры қалпына келтірілді.

2013 жылы ауданда Украинка, Привольное, Айтыково және Жаңа-Қанай ауылдарында 4 мектептердін құрылысы басталды, оларға 440000,0 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, Төменгі Таинты демалыс базасын балалар лагеріне қайта құру басталды, оған 10160,0 мың теңге бөлінді. Мектептердін құрылысы және лагердін қайта құруын аяқталуы 2014 жылы жоспарланған.

SWOT- саланың дамуының жағдайын талдау



Басым жақтары:

1. Бала бақшалардын және кіші орталықтардын санының өсуі.

2. Мекемелердің жалпы біліммен қамтамасыз етілуі.

3. 100% тегін ыстық тамақпен қамтылуы.



Әлсіз жақтары:

1.Демографиялық және көшу-қону үрдісінің әсерінен мектеп оқушылары құрамының қысқаруы.

2.Қосымша біліммен төмен қамтылуы.

3. Қосымша білім беретін мекемелерінің ғимаратының жоқтығы.

4. Білім нысандарын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейінің төмен болуы.

Мүмкіндіктері:

1.Электрондық оқытуны енгізу.

2.Жаңа мектептерді салып, апаттық мектептерді жою.

3. Жаңа бала бақшаларды ашу жолымен мектепке дейінгі мекемелеріне кезектілікті жою.

4. Балалар лагерін ашу.

Қауіп-қатерлер:

1.Педагог мамандардың қартаюы.

2.Жас мамандардың жетіспеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет