Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет5/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.2.2.2. Денсаулық сақтау


2011-2013 жылдар аралығында ауданның демографиялық жағдайы келесідей:

    1. Туу деңгейінің өсімі 14,6 (2011 ж.) - 15,4 (2013 ж.) 1000 адамға шаққанда;

    2. Өлім деңгейінің төмендеуы 2013 ж. – 9,8 (2011 ж. – 11,0) 1000 адамға шаққанда;

    3. Халықтың табиғи өсімнің төмендеуы 2013 ж. «+4,4», 2011 ж. «+4,8» 1000 адамға шаққанда.



2011-2013 жылдардағы Ұлан ауданы бойынша туу және қайтыс болу динамикасы

10 сурет
Ауданның демографиялық жағдайының оң сипаты бар. Ауданда 2013 жыл қорытындысы бойынша туу – 15,4.

Бұл жағдай аудандағы әйелдер мен еркектердің өмір сүру жасының күтіліп отырған деңгейінде де көрініс табуда: 2013 жылы көрсеткіш өсті және 65,2 құрады, керісінше 2011 жылы 63,5 болған.

Ауданның экологиясы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде, сондай-ақ, көшу-қону үрдісінің белсенділігі де аудан тұрғындарының денсаулығына әсер етуде.

Ауданда әйелдердің фертильді жастағы үлес салмағы 22,0% құрайды, әйелдер мен балалар денсаулығының деңгейі төмендеуі өзекті мәселе болуда. 2011-2013 жылдары аналардың қайтыс болу жағдайы тіркелген жоқ.

Ауданда нәресте өлімінің көрсеткіші тұрақты емес, 2011 жылмен салыстырғанда 19,5 (2011 ж) 15,6 (2013 ж) 1000 тірі тұған балаларға шаққанда төмендеді.

Нәресте өлімінің негізгі себебі - перинаталды кезеңіндегі жағдайда көрініс табады. Екінші орында нәресте өлімін туа біткен патологиялар тудыруда. Бұл алдын - ала жүргізілген диагностикалық тексерудің жетіспеуінің куәсі (екіқабат әйелдердегі туа біткен патологияны анықтау скринингі), облыс пен ауданды бүтіндей алғанда экологиялық ахуалдың сәтсіздігі.

5 жасқа дейін балалардың өлімі да жоғары: 2011 жылы – 6,0, 2013 жылы – 14,5 дейін өсті.

Ауданда 2007 жылы 28 желтоқсанда № 1325 Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген ана және балалардын өлімін төмендету бойынша Бағдарламасы іске асыруда. Бағдарламаның асырылуы материалдық-техникалық жабдықты жақсартуға, оның ішінде балалардын 30,2%, жүктілікті жүргізу үшін жаңа технологияларды енгізуге, перинаталдық көмекті аймақтандыруға бағытталды.

Ауданда соңғы 3 жылда тұрғындар арасында науқастар деңгейі төмендеді. 2011 жылы 85296,2 болса, 2013 жылы 79732,1 дейін төмендеген.

Өткен жылдарда әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы мен қайтыс болған тұрғындар көрсеткішінің төмендегені байқалынды.

Ауданда туберкулез ауруымен ауырғандар саны 100 мың тұрғынға 2011 жылы 109,1 болса, 2013 жылы 77,8 – ге дейін төмендеді (11 сурет). Туберкулезден қайтыс болғандар саны 100 мың тұрғынға 2011 жылы 15,6 – тен, 2013 жылы 7,7 азайды.

Аудан бойынша 100 мың тұрғындарға туберкулезбен

ауру-сырқаулық және өлім-жітім

11 сурет
Ауданда қатерлі ісік ауруларымен аурушаңдық көрсеткішінің артуы байқалады, 100 мың тұрғынға 2011 жылы 246,8 болса, 2013 жылы 277,9 дейін артты. Аурушаңдықтың артуын ауруды анықтаудың жақсаруымен, қатерлі ісікті ерте анықтау бойынша скринингілік бағдарламаны енгізумен түсіндіруге болады.

Қатерлі аурулардан қайтыс болғандар көрсеткіші 2011 жылы 134,7-ден 2013 жылы 145,0-ке дейін артты.
2011-2013 жылдар аралығында аудан бойынша қатерлі аурумен ауру-сырқаулық және өлім-жітім (100 мың тұрғындарға)

12 сурет
Диагностиканың жаңа әдісін енгізу арқылы амбулаторлық деңгейде ауруды алғашқы сатысында анықтауға бағытталған тұрғындарды профилактикалық тексеруден өткізу жүзеге асырылуда.

Тұрғындар арасындағы науқастардың ішінде әлеуметтік-маңызды аурулармен қатар қан айналу жүйесімен ауыратындар көбеюде. Ең жоғарғы үлес салмағы 32,0%. Осы құрылымда жалпы қан айналу жүйесі ауруларымен (ҚАЖА) өлім көбеюде. 2012 жылы ҚАЖА көрсеткіші 338,5 құрайды, керісінше 2010 жылы 500,0 құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 100 мың тұрғынға 310,5 құрады, 2011 жылға қарағанда (355,0).

Аудандағы кардиологиялық ауруларға диагностикалық-кеңес көмектерін көрсету жақсарды, кардиологиялық науқастарды емдеу үшін 50% жеңілдікпен дәрілік препараттар таратылуда.

Осыған байланысты, қан айналу ауруларынан қайтыс болғандардың саны 2011 жылы 355,0 –тен 2013 жылы 310,5 –ке дейін төмендеді.

Салауатты өмір салтын құру мақсатында салада профилактикалық бағыт күшейтілді, тұрғындардың жекелеген санаттарын профилактикалық тексерумен қамту жетілдірілуде. Азаматтардың, ең алдымен балалардың дене белсенділігін арттыру шаралары іске асырылуда.

Ауданда салауатты өмір салты (СӨС) кабинеті қызмет көрсетуде. Бұл облыстық СӨС орталығының филиалы 2010 жылдың ақпан айынан бастап ашылған.

2013 жыл басында ауданның денсаулық сақтау жүйесіне 3 аурухана мекемесі кірді. Амбулаторлық-емханалық көмекті аудан тұрғындарына 9 мекеме көрсетеді, оның ішінде 9 мекеме де мемлекеттік меншік формасында.

Аудан тұрғындарына дәрігерге дейінгі көмекті 4 ФАП, 22 медицина пункттері (ары қарай - МП), медициналық пункт ретінде толық қызмет көрсетуі үшін орын бөлінуіне мұқтаж, науқастарды қабылдау бөлмесі жоқ 5 медицина қызметкерлері (ары қарай - НҚБЖ) көмек көрсетуде.

2011 жылы мемлекеттік сауықтыру-профилактикалық мекемелерде аудан тұрғындарын аурухана төсектерімен қамту 10 мың тұрғынға 25,9 құраса, 2013 жылы 18,9 болды.


Аудан бойынша аурухана төсегімен қамтамасыз ету (10 мың тұрғынға)

13 сурет
Амбулаторлық-емханалық мекемелерде күндізгі стационарға 44 төсек қойылып, стационарды алмастыру көмегі дамытылуда.

Жедел – жәрдем көмегіне жүгінген тұрғындар көрсеткіші 1000 тұрғынға 2013 жылы 457,2 құраса, керісінше 2011 жылы 427,8 құрады.

Ауданда денсаулық сақтау саласының шығыны артқан, 2011 жылы 448641,788 мың теңге болса, 2013 жылы 491803,067 мың теңгеге өсті.

Ауданның денсаулық сақтауға жұмсаған шығыны бір тұрғынға соңғы жылдары 12795 теңгеге дейін өсті, оның ішінде ГОБМП-ға да өсті.


Денсаулық сақтау және аудан бойынша ГОБМП-ға жұмсалған шығындар (ГОБМП млн. теңге)

14 сурет
Ауданда 48 елді мекен бар, оның ішінде елді мекендерді дәрілермен қамтамасыз ету үшін 9 ауылдық елді мекенде дәріханалар бар.

Ауданның денсаулық сақтау мекемелерін білікті мамандармен қамтамасыз ету басты мәселе болып тұр. 1.01.2012 жылы дәрігерлер саны – 40, орта буынды медицина қызметкерлері – 179 адам. Тұрғындарды барлық мамандық бойынша дәрігер мамандармен қамтамасыз ету10 мың тұрғынға 2011 жылы 11,9-ден 2013 жылы 10,6 – ға дейін төмендеп отыр.

10 мың тұрғынға дәрігерлермен қамту 83,9% құрайды. 2013 жылдың аяғына дәрігерлердің жетіспеушілігі 8 адамды құрайды, оның ішінде ауылдық дәрігерлер де 8 адам.

Дәрігер мамандардың «қартаю» тенденциясы байқалуда. 50-ден жоғары жастағылар – 22,5 % құрайды, 30 жасқа дейінгілер – 23,5%. 25 жылдан жоғары еңбек өтілі бар мамандардың саны артуда - 41,0 % құрайды, бұл жас мамандардың келуінің азаюының куәсі болып отыр.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау.



Күшті жақтары:

  1. Демографиялық көрсеткішті жақсарту, тууды көбейту, өлімді азайту, табиғи өсімді көбейту;

  2. Ана өлімі көрсеткішінің болмауы (2011 – 2013 ж.ж.);

  3. Медициналық көмектің кепілді көлемі аясында тұрғындардың медициналық көмекке қолжетімділігі мен сапасын жақсарту.

Әлсіз жақтары:

  1. Аумақтағы экологиялық жағдай, эндемиялық аудан болғандықтан йод жетіспеушілік жағдайы мен темір жетіспеушіліктен қанның азаюы тұрғындардың денсаулығына әсер етуде;

  2. Нәресте өлімі көрсеткішінің жоғары болуы;

  3. Дәрігер мамандардың жетіспеуі;

  4. Медицина ұсынған қызмет санының жетіспеуі;

  5. Медицина мекемелеріне типтік үлгідегі ғимараттардың және медициналық құралдармен жабдықтаудың жетіспеуі.

Мүмкіндіктері:

1. Қызмет атқарып отырған медицина мамандарын өзі атқарып отырған қызметтеріне тікелей бекіту және жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тарту бойынша іс-шаралар жасап, іске асыру;

2. Ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға байланысты жұмсалатын шығын есебін жасау;

3. Заманауи медицина нысандарының құрылысын салу бойынша қаржыландыру мөлшерін көбейту.



Қауіп-қатерлер:

  1. Саланы қаржыландырудың жетіспеушілігінен медициналық құралдар мен медицина мекемелері ғимараттарының тозуына әкеліп соғады. Бұл жағдай аурудың алдын-палу үшін диагностика жасауға кедергі келтіріп, тұрғындарға көрсетілетін медицина қызметінің сапасын төмендетеді.

  2. Мамандардың жетіспеушілігінің артуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет