Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау



жүктеу 2.33 Mb.
бет6/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.2.2.3.Тұрғындарды әлеуметтік қорғау


Тұрғындарды әлеуметтік қорғау саласының талдау жағдайы соңғы 3 жылда әлеуметтік қамсыздандыру саласының дамуы динамикасының оң динамика көрсетуде.

2011 жылғы бюджеттік қаржы 159079,6 мың теңге болса, 2013 жылы 206181,0 мың теңге бөлінді (29,6% немесе 47101,4 мың теңгеге өсті);

Аз қамтылғандар санының 5,8% төмендеуі (2013 жылы – 1301 адам, 2011 жылы - 1381 адам);

Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бағытымен жұмысқа тарту бойынша барлығы 2011 жылдың 1 шілдесінен оқуға 311 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 106 адам, 48 адам өз ісін ашуға немесе кеңейтуге шағын несие алды, 2013 жылы оқуға 45 адам жіберілді, әлеуметтік жұмыс орындарына 103 адам, жастар тәжірибесіне 26 түлек жолдама алып, өз ісін ашу немесе кеңейту үшін 231 адам шағын несие алуға жолдама алды.

Жұмыстың негізгі бағыты жұмыссыздарды және мақсатты топқа жатқызылған оралмандарды, бос жүрген азаматтарды жұмыспен қамтылуына ықпал жасау:

еңбек нарығындағы жағдай мен ұсынылатын қызмет кешені туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

жұмысқа орналасуына ықпал жасау, жұмыссыздардың біліктілігін көтеру, қайта оқыту және кәсіби мамандыққа оқыту;

уақытша жұмыспен қамту: қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орнына орналастыру, жастар тәжірибесі бойынша орналастыру.

2прямоугольник 1014 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту мекемесіне тіркелгендер саны 150 адамды құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 5 адамға төмендеді.

2013 жыл көлемінде бөлімге жұмыспен қамту мәселесі бойынша 1094 адам жүгінді, бұл 2011 жылмен (995) салыстырғанда 99 адамға көбейді.

2013 жылы 847 адам жұмысқа орналасса, 2011 жылы 847 адам да орналасқан.

2013 жылы жұмыспен қамту бөліміне жүгіну арқылы жұмысқа орналасқандар деңгейі – 91,7% құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 6,6% көбейді (2011- 85,1%).

Жыл көлеміндегі көрсеткіштердің өсімі жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарды «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасымен уақытша жұмыс орнына орналастырумен байланысты болып отыр.

2013 жылы 606 жаңа жұмыс орны ашылды, бұл 2011 жылға (581) қарағанда 25 жұмыс орнына көбейген.

Төленетін қоғамдық жұмыстарға жалданғандар саны 2013 жылы 654 адамды қүрайды, бұл 2011 жылға қарағанда (745) 91 адамға азайған.

2013 жылы 24 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, бұл 2011 жылға қарағанда (18) 6 орынға артты.

Жастар тәжірибесіне 2013 жылы 18 адам жолдама алды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (19) 1 адамға азайды.

Кәсіби оқуға жіберілгендердің ішінен 2013 жылы 60 адам кәсіби дайындықтан өтті, бұл 2011 жылға қарағанда 17 адамға азайды (77).

Көрсеткіштердің төмендеуі жұмыссыздар санының төмендеуімен байланысты болып отыр. 2011 жылы тіркеліп жұмысқа орналасқан оралмандар үлесі 73,9% құрады, бұл көрсеткіш 2013 жылы 83,3% құрады.

Экономика және әлеуметтік салалардың дерлік дамуымен байланысты кешенді шараларды жүзеге асырылуының нәтижесінде өмір сүру деңгейі айтарлықтай өсті.

2013 жылы ең төменгі күн көріс үлесі облыс бойынша 3,4% құраса (2011 жылы - 6,2%), бұл көрсеткіштің аудандағы жағдайын статистика басқармасы есептемейді.

Ең төменгі күн көріс көлемі 2011 жылдан (2011 жылдың 4 тоқсанына – 16769 теңге) 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін 2604 теңгеге көбейіп 19373 теңгені (2013 жылдың 4 тоқсаны) құрады.

Мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 446 адамға азайды және 2014 жылғы 1 қаңтарға 276 көмек алушыны құрады.

Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы тұрғындардың жұмысқа қабілеттілерінің үлес салмағы (23,4%) 5,5% азайып 22,1% құрады.

Мекенжайлық әлеуметтік көмек мөлшері 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда (1798 теңге) 330 теңгеге артып 2128 теңгені құрады.

2013 жыл көлемінде 538 балалы отбасылары жәрдемақы алды. Отбасыларындағы балалар саны -1189, бұл 2011 жылға қарағанда (1608 бала) 419 балаға азайған.

Баспаналық көмекті 2013 жылы 832 отбасы алды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 0,7 есеге кем, бұл тұрғындардың кірісінің өсуімен байланысты болып отыр.

2013 жылы баспаналық көмектің орташа мөлшері әр отбасына 1176 теңгені құрады (2011 жылы -1024 теңге).

Коммуналдық қызмет төлемінің жартылай өтемақысы ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына және соларға теңестірілгендерге 5000 және 2000 теңге мөлшерінде төленеді.

ҰОС мүгедектері мен ардагерлеріне және соларға теңестірілгендерге, көп балалы аналарға, аз қамтылған азаматтарға және мүгедек балаларға материалдық көмек үнемі көрсетіледі.

Ауданда әлеуметтік көмектің үйде күту бөлімі бар, олар 245 жалғызбасты азаматтар мен 1-2 топ мүгедектеріне және 30 мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсетеді.

Бірыңғай мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жүргізу бұл жұмыс іздеп жүрген, жұмыссыз тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. МАӘК-ға жүгінгендер санының 2,9 есеге төмендеуі;

2. Кірісінің күн көру мөлшерінен төмен болған тұрғындар үлесінің 1,8% -дан 1,5 %-ға төмендеуі;

3. Жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсуі;

4. Әлеуметтік серіктестіктің дамуы: 2013-2015 жылдарға 3 жақты келісімі аудандық әкімдікпен, аудандық кәсіподақ бірлестігімен, ауданның жұмыс берушілер бірлестігімен әрекет етуде, кәсіпорындар саны көбейді, ұымдық келісім-шартқа қол қойған мемлекеттік ірі кәсіпорындар 100 %-ға дейін жетті.

Әлсіз жақтары:

1. Ауылдағы ұсынылған жұмыс күші мен сұраныстың үйлесімсіздігінің негізгі себебі бос тұрған жұмыс орнына жұмыссыздардың кәсіби мамандығының сәйкес келмеуі, сондай-ақ бос орын бар жердің жұмыссыз жүрген азаматтың тұрақты мекен жайымен сәйкес келмеуі болып отыр. Еңбек нарығындағы жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысының үйлеспеуі, ол көбінесе дәрігер, мұғалім, тамақ өнеркәсібінің технологы, слесарь тракторист, механизатор т.б. мамандар болуында;

2. МАӘК алушылар құрамындағы тұрғындардың еңбекке қабілеттілерінің болуы;

3. Мамандар сұранысын үнемдеуді анықтау механизмінің болмауы қазіргі уақытта бұл округ әкімдері арқылы алынған өндірістерге қажетті мамандар туралы ақпаратты жинау арқылы жасауға тура келді;

4. Мәселенің жүйелі және кешенді оң шешімін табуды қамтамасыз етпейтін жұмыспен қамту саласындағы әрекеттегі бағдарламалардың қысқа мерзімді сипаттамасы.

Мүмкіндіктері:

1. Тұрақты немесе уақытша жұмысқа орналастыру, кәсіби даярлыққа және қайта даярлауға жолдама, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ, аз қамтылған азаматтардың кедейліктен шығару бойынша («Өрлеу» аймақтық бағдарламасын әзірлеу), жұмыспен қамтудың «Жол картасы-2020» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша тарту сияқты жұмыспен қамтудың белсенді формаларын қолдану;

2. Халықтың нағыз табысының өсімі, жұмыссыз халықты жұмыс берушілердің қоятын талаптарына сай кәсіби даярлық пен қайта даярлау бағдарламаларын жетілдіру;

3. Халықты жұмыспен қамтуға көмектесетін мемлекеттік белсенді бағдарламалар спектрін кеңейту;

4. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін басымдылық пен жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік ниетін дамытуға көмек көрсету.

Қауіп-қатерлер:


          1. Мемлекеттік МАӘК алушылардың жеткіліксіз белсенділігімен асыраушылық бағдары;

          2. Кәспорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктердің шектеулігі.


Каталог: files -> programm
programm -> Жоба абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
programm -> С. С. Пономарева, заместитель директора по учебно-воспитательной работе Детской школы искусств (хореографической) города Вологды
programm -> Бағдарламасы шымкент, 2010ж. Қабылдау эмтиханының бағдарламасы 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықдар мамандығы «Мұнай және газ өндірістерінің машиналары мен аппараттары»
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 015 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 016 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»
programm -> Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет