Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет7/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

2.2.2.4. Мәдениет


Аймақтың мәдениет саласының қызметі соңғы жылдарда тұрақты дамуда. Мәдениет мекемелері ҚР мемлекеттік саясатын, «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруға, қазақстандық патриотизмді насихаттауға, салауатты өмір салтын және тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыруға бағытталған жоспарлы түрде бірқатар қызметтер атқаруда.

Мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелер мен айтулы даталарға арналған әр-түрлі формада (мерекелік концерттер, музыкалық кештер, халықтық мерекелер, жастарға арналған дискотекалар, әңгімелер, кітап көрмелері) мәдени шаралар өткізіледі.

«Ұлан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жүйесіне 31 бірлік, оның ішінде: 22 клуб мекемесі және 9 кітапхана.

Мәдениет саласына бөлінген қаражат көлемі 2012 жылы 114251,0 мың теңгені, 2011 жылға өсімімен 24,9%, 2013 жылы 199122,1 мың теңгені, 2012 жылға өсімімен 74,3%.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге талдау жасалған кезеңге – 149143,6 мың теңге бөлінді. 4 мәдениет нысаны жөндеуден өткізілді (Таврия, Бозанбай ауылдық мәдениет үйлері, Герасимовка ауылындағы Герасимовка ауылдық клубы және Украинка ауылдық кітапханасы).

2012 жылы облыстық бюджет қаражатынан қаржы бөлініп, Тарғын және Сағыр ауылдарында клуб құрылысы салынуда. Нысандар құрылысын бітіріп өткізу уақыты 2014 жылға жоспарланған. Сондай-ақ, Саратовка мен Асубұлақ кентінде клуб салуға жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

Талдау кезеңіндегі оқырмандар саны 2013 жылы – 8412 адам, 2012 жылы – 8416 адам, 2011 жылы – 8365 адам.

Кітапханаға келу саны 2013 жылы – 126712 адам, 20112 жылы– 127729 адам, 2011 жылы – 112683 адам.

2012 жылы «Электронды кітапхана каталогы» бағдарламасы алынып, кітап қорын электронды каталогқа енгізу жұмыстары басталды.

Кітап беру 2013 жылы – 248539 дананы, 2012 жылы – 239979 дана, 2011 жылы - 231240 мың дана болды.


12 кесте

2011-2013 жылдардағы кітапханалардың кітап қоры


Көрсеткіш атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Жалпы кітап қоры (данасы)

145982

140838

140813

оның ішінде қазақ тілінде (данасы)

34335

37021

43205

Кітап қорын жаңарту үлесі 2011 жылы - 3,0% құраса, 2012 жылы – 3,7%, 2013 жылы – 6,0%. 2011 жылға қарағанда 3,0% көбейді.

2013 жылы аудандық орталық кітапханасының 3 маманы А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқып келді.

Мәдениет саласының қызметіне сұраныстың өсуіне ынталандыру мақсатында жыл сайын мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылып өткізіледі. 2011 жылы 2069 мәдени-көпшілік шаралар, 2012 жылы – 2075, 2013 жылы - 2482 мәдени шаралар өткізілді. 2011 жылға қарағанда мәдени-көпшілік шаралар өсімі 2013 жылы 19,9% құрады.

Ауданда 38 тарихи-мәдени ескерткіштер тіркелген. Оның ішінде 3 республикалық және 35 жергілікті маңызы бар ескерткіштер.
13 кесте

Аудандағы ескерткіштер саны


Аудандар мен қалалар атауы

Ескерткіштер саны

Жалпы саны

археология

архитектура

монументал өнері

Ұлан ауданы

33

5

-

38

SWOT – саланың даму жағдайын талдау



Күшті жақтары:

            1. Мәдениет объектілерін келу көрсеткішінің деңгейін 1,2 есе ұлғайту;

            2. Халықты мәдениет мекемелерінің қызметтермен қамтамасыз ету;

            3. Мәдениет объектілерін салу, 2011 жылмен салыстырғанда 74,3% қаржының өсуі;

4. Мемлекеттік тілде кітап қоры үлесінің 2011 жылмен салыстырғанда 25,8% өсуі;

5. 2011 жылмен салыстырғанда мәдени-демалыс шаралармен тұрғындарды қамту үлесі 19,9% өсті.



Әлсіз жақтары:

1. Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігі (музыкалық аспаптардың заманауи құрал-жабдықтардың, сахна киімдерінің жетіспеуі);

2. Арнайы кәсіби білімі бар мамандардың жетіспеуі (шара ұйымдастырушылар, көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілері, режиссерлар, дыбыс операторлары, музыкалық жетекшілер, кітапханашылар);

3. Кітапханаларды орналастыратын арнайы ғимараттардың болмауы. Көптеген кітапханалар жалға алынған орындарда орналастырылған.



Мүмкіндіктері:

1. Мәдени-көпшілік іс-шараларды әлеуметтік жағдайы төмен топтардың өкілдері арасында тегін өткізу мәдениет қызметін неғұрлым қол жетімді етеді;

2. Әлеуметтік маңызы бар және мәдени-көпшілік шараларды, фестивальдерді ұйымдастырып өткізу;

3. Материалдық-техникалық базаны жақсарту, күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мәдениет мекемелерінің жүйесін кеңейту;

4. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы мәдени құндылықтарға тұрғындардың қолжетімділігін кеңейту, бірыңғай компьютерлік ақпараттық жүйеге және электронды толық мәтінді кітапханаға көшу, электронды музей қорларының деректерін енгізу.

Қауіп-қатерлер:

1. Мәдениет мекемелері қызметінің орташа бағасын 2 есе көбейтсе, тұрғындардың жекелеген топтарының қызмет деректеріне қол жеткізе алмауына әкеліп соқтырады;

2. Материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігі (музыкалық аспаптардың, заманауи құрал-жабдықтардың, сахналық киімдердің жетіспеуі) мәдениет мекемелерінің сапалы қызмет көрсетуіне кері әсерін тигізеді және халықтың дамыған мәдени сұранысына сәйкес келмейді;

3. Мәдениет қызметкерлерінің, әсіресе кітапхана қызметі мамандарының қартаюы. Мәдениет мекемелерінде жекелеген мамандар жоқ (немесе жетіспейді) (музыка мамандары, каталогизаторлар, бағдарламашылар).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет