Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет8/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

2.2.2.5. Тілдерді дамыту


Тіл саясаты саласында ауданның дамуы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Мемлекеттік органдардың құжат айналымынадағы мемлекеттік тілдің үлесін көтеру мақсатында бөлім ай сайын мониторинг жасап, талдап отырады. Егер 2011 жылы жалпы құжаттағы мемлекеттік тілдің үлесі 93,0% болса, 2012 жылы – 94,0%, 2013 жылы 94,8% болды.

Ересектердің мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалуда. Ауданда 4 мемлекеттік тілді тегін оқыту курстары жұмыс істейді. 2013 оқу жылында 182 тыңдаушы дәріс алды, оның ішінде 63 оралман.

Білім беру саласында қазақ тілінің рөлі біртіндеп артып келеді. Ауданның 34 жалпы білім беретін мектептерінің 12-сі немесе 35% қазақ тілінде, 4 мектеп немесе 11% орыс тілінде оқытады.

Егер 2011 жылы 4381 оқушының 2941 оқушысы немесе 67,0% қазақ тілінде оқыса, 2013 жылы 4170 оқушының 3174-і немесе 76,0% қазақ тілінде білімді алды.

Тіл күндері жүйелі өткізіліп тұрады, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қазақ, орыс үйірмелерімен қатар 16 ағылшын үйірмелері жұмыс істейді. «Тіл шебері», «Тілдарын» сайыстар өткізіледі.

Ауданда мемлекеттік тілді өзінің қызметтік міндеттерін орындауда пайдаланатын өзге ұлт өкілдерін қолдау комиссиясы жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгергендерді материалдық және моральдық ынталандыру шаралары қолдануда. 2011-2013 жылдары комиссия шешімімен 7 өзге ұлт өкілдері марапатталды.

Тілдік ахуалды зерттеу мақсатында 2 әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Нәтижесі мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 97,0%, ересек тұрғындардың үлесі 74,0%, өзге ұлт өкілдерінің үлесі 57,0%, орыс тілін меңгерген ересектердің үлесі 97,0%-ды, ағылшын тілін меңгерген ересектердің үлесі 2,5% –ды құрайтынын көрсетті.

Бұқаралық ақпарат құралдары салаларында мемлекеттік тілді дамытуда белгілі бір оң ілгерілеуге қол жетті. Мемлекеттік тіл саясатына қатысты аудандық «Ұлан таңы» газетінің арнайы рубрикасы басылатын беттеріне 2011 жылы 34 мақала жарық көрсе, 2013 жылы 50 мақала жарияланып, 68,0%-ға өсті.

2011 жылы жарияланған 538 мақаланың 358-і мемлекеттік тілде, яғни жалпы көлемнің 66,5% құраса, 2013 жылы жарияланған 1125 мақаланың 764-і мемлекеттік тілде, яғни жалпы көлемнің 67,9% құрайды.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының «Деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі» туралы 21-бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында рейдтер жүргізіліп тұрады. Түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде Заң талаптарын бұзудың фактілері азаюда. Егер 2011 жылы 15 рейд жүргізіліп, 5 факті анықталса, 2012 жылы 28 рейд барысында 8 факті, 2013 жылы 32 рейд жүргізіліп, 6 факті анықталды. Барлығы 402 нысан қамтылып, халыққа қызмет көрсету саласында анықталған барлық заң талаптарын бұзу фактілері жойылды. Есепті мерзімде аудан көлемінде 193 банердің мәтіні келісіліп, орнатылды.

Дегенмен, қол жеткен жетістіктерге қарамастан қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілді іске асырудың әлеуеті әлі де болса жеткіліксіз. Қызмет көрсету салаларының қызметкерлері арасында өз қызметін жүзеге асыру үшін қажет деңгейде мемлекеттік тілді меңгергендер жеткіліксіз. Мемлекеттік тілде оқытатын және тәрбиелейтін мектепке дейінгі балалар мекемелері мен мектептерге қажеттілік пен сұраныс бар.

Мемлекттік органдардың оңтайлы қызметтік-лингвистикалық кеңістік құру жөніндегі қызметі бірнеше үрдістерге байланысты болады.

Біріншіден, еліміздің дамуының жаңа кезеңінде тілдерді дамыту саласында жаңа тәсілдерді жасау мәселелері ерекше назар аударуды талап етеді. Ұлттың әрі қарай тұрақты дамуы үшін, ең алдымен ұлт алдында тұрған стратегиялық міндеттерді бірыңғай түсіну негізінде облыс тұрғындарын шоғырландыру қажет.

Екіншіден, Қазақстанның қоғамдық өмірдің барлық салаларында бәсекеге қабілеттілікті арттыру нәтижесінде Қазақстанның дүниежүзімен саяси-экономикалық жүйедегі рөлінің өзгеруі.

Қаржыландыру көлемі 2011 жылы – 1350,0 мың теңгені құраса, 2012 жылы 1459,0 мың теңге, 2013 жылы – 6028,0 мың теңге бөлінді.



Күшті жақтары:

1. Аудан азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қажетті жағдай жасалған, тілдерді оқыту орталығы ашылып, мемлекеттік тілді оқытудың біртұтас жүйесі ұйымдастырылған;

2. Мемлекеттік тілде іс жүргізу үдерісі белсенді түрде іске асты;

3. Көп тілділікті сақтау жағдайында мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде;

4. Ауданда тұратын ұлыстардын тілдерін үйрену үшін мемлекеттік қолдау арқылы тиімді жүйесін құру.

Әлсіз жақтары:


              1. Мемлекеттік тілді білетін мамандардын жоқтығы;

              2. Тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтылуы.

Мүмкіндіктері:

1. Қазақстан халқының рухани және ұлттық бірлігінің басты факторы ретінде мемлекеттік тілдің рөлін көтеру;

2. Көптілділік орта жағдайында әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке мемлекеттік тілді енгізу;

3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.



Қауіп-қатерлер:

1. Мемлекеттік тілді қолдану аясындағы құқықтық кемшіліктердің бар екендігі;

2. Қазақстандықтардың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

2.2.2.6. Дене шынықтыру және спорт


Ауданда 65 дене шынықтыру және спорт ұжымы жұмыс істейді және спортын 20 түрлеры бойынша. Соның ішінде 11360 адам спортпен шұғылданады, аудан тұрғындарының жалпы 28,3% пайызын құрайды. Ауданда спорттың 20 түрі дамыған. Соның ішінде 9 («самбо», «дзюдо», «қазақша күрес», «тоғыз құмалақ», «армрестлинг», «гиревой спорт», «көкпар», «аударыспақ», «бәйге») түрімен спортсмендер облыстық және республикалық жиын командаларының құрамына кіреді.

2014 жылы Ұлан ауданында спорттық құрылымдарының саны 219 көрсеткішті құрады (соның ішінде жалпы білім беру мектептеріндегі спорт залдар).

Ауданда 41 спорт зал, соның ішінде 35 спорт залы мектеп ғимараты ішіндегі орналасқан, 11 хоккейлік коробкасы, 105 плоскостық құрылымдар, 4 спорт кешендері, 12 ату тирлары, 35 футболдық алаңдар бар.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны ауданда 2013 жыл кезеңімен 2014 жылмен салыстырғанда 353 адамға артып, 11360 адамды құрайды. Спортпен орташа жалпы тұрғындардың 28,3% пайызы шұғылданады 2013 жылымен салыстырғанда 0,9% артып отыр (13 кесте).

Ауданда 2711 адам саны бар 19 шаңғы спорт секциясы жұмыс істейді. Жыл сайын ауданда шаңғы спорты бойынша 10 спорттық-массалық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

14 кесте
2011-2015 жылдарға арналған спортты дамыту негізгі көрсеткішінің динамикасы





Көрсеткіш атауы

2011

2012

2013


2014

2015

1

Аудан тұрғындарының саны, адам

40300

40482

40170

40078

40356

2

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын адамдар саны, адам

8500

11030

11007

11360

11512

3

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдануын қамту, %

21,1

27,2

27,4

28,3

29,0

4

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын жас өспірім және балалар саны, адам

1750

2187

2024

2024

2078

5

Спорт объектілерінің саны, өлшем бірлік

206

211

219

219

224

Аудан спортсмендерінің құрама командасының ұлттық ат спортынан облыстық, республикалық ойындардағы жетістіктеріне байланысты жоғары білікті спорт шеберлерін тарта отырып, штат бірліктері бар спорт мектептерін ашу қажеттілігі туындап отыр, себебі спортшылардың дайындық деңгейлері жыл өткен сайын артып отыр және барынша жоғары біліктілікті талап етеді.

2014 жылы ауданның спорттық құрама командалары ұйымдастырылған облыстық жарыстардың барлығына қатысты, соның ішінде: Шығыс Қазақстан облысының Әкімінің сыйлығына XVIII халықтық спорт ойындарында 3 орынды иеленді.

Спорт түрін дамыту дәстүрлі ойындарды өткізуге, аудан әкімінің сыйлығы халық спорты және балалар спорттық ойындарын сонымен қатар облыстық спартакиада, мемлекеттік қызметшілер арасында жағдай жасайды.

2013 жылы Бозанбай аулында 500 орындық стадионың құрылысы аяқталып пайдалануға берілді, Ново-Одеское, Борсақ, Жанузақ, Айыртау, Пролетарка, Донское ауылдарында шағым футбол аландары қолданыска берілді.

2014 жылы Привольное, Украйнка, Айттыкова, Жана-Канай, Алғабас ауылдарында 5 жана спортзалдар, футбол аландарымен, мектептер қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар, ауданда жалпы спортты дамытуда шұғылданушылар санын арттыруға қол жетімді спорттық секциялар және спорт клубтарының түрлерінің жоқтығы сонымен қатар нұсқаушы-спорт инструкторларының әр бір ауылдық округтерде жетіспеуі болып отыр.

Материалдық-техникалық базалардың қажеттілігінің жетіспеуі және сапалы спорттық құрал-жабдықтардың жоқтығы өз әсерін тигізуде.

Дене шынықтыру және спорт саласына баға беру SWOT-талдауында жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қамтылуының артуы;

2. Спорттық нысандар санының артуы.

Әлсіз жақтары:

1. Материалды-техникалық базаның нашар жабдықталуы.



Мүмкіндіктер:

                1. Аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндіктер құру (мини-футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис, шайбамен хоккей үшін алаңдар құру).

Қауіп-қатерлер:

                  1. Көпшілік және балалар-жасөспірімдер спортының нашар дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет