Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2014 жыл 8



жүктеу 2.33 Mb.
бет9/16
Дата07.03.2018
өлшемі2.33 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

2.2.2.7. Ішкі саясат


Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы ішкі саясатының негізгі басымдылықтары қоғамдық-саяси тұрақтылықты және аудандағы халықтың бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ, азаматтық институттарды қолдау мен дамытуға, ақпараттық кеңестіктің бәсекелестікке жарамдылығын арттыруға және жастардың дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру болып табылады.

Ұлан ауданында есептік кезеңде тұрақты қоғамдық-саяси жағдай сақталды. Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру барысын баяндау және басқа да бағдарламалық құжаттар бойынша белсенді ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстар жүргізілді.

Ауданда республикалық саяси «Нұр Отан» партиясының филиалы жұмыс істейді. Белсенді позицияны партияның аудандық филиалы алады.

Этнос аралық ынтымақ мен Қазақстанның ұлттық бірлігінің Доктринасын жүзеге асырудың қазақстандық үлгісін насихаттау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

Ауданда қалыпты этнос аралық ынтымақ сақталған және мемлекетпен мемлекеттік саясатты дамыту Стратегиясын насихаттауға бағытталған мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси шараларды өткізу жолымен нығайтылуда. Ауданда 40482 адам тұрады, оның 28138 – қазақтар, 11113 – орыстар, 36 - өзбектер, 297 – украиндықтар, 322 –немістер, 150 – татарлар және 426 – басқа ұлттар. Ауданның барлық ұлттары бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүреді және жұмыс істейді.

Барлық ұлттар бейбітшілікте және татулықта тұрады және жұмыс істейді. Әр ұлттардың мәдениетін насихаттау мақсатында түрлі мерекелік шаралар өткізіледі. Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің Украинка ауылында негізінде украиндықтар ғана тұрады. Ауданда 2005 жылдан бастап «Червона Калина» украиндық ән ансамблі құрылған. Ансамблінің ұжымы мәдениет және дәстүрлерді насихаттауына қатысады. Олар «Червона Калина» хорын құрады. Астана қаласында өткен республикалық сайыста ұжым 3 орынды алды.

Ауданда Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) халықтың ерекше қызығушылықтарын жүзеге асыруда және әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үлкен рөл атқарады.

Ауданда «Ұлан жастары» қоғамдық бірлестігі, өзін-өзі басқару Кеңесі және аудан ардагерлері мен ақсақалдарының Кеңесі жұмыс істейді. Олар ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. 2011-2013 жылдар аралығында Үкіметтік емес ұйымдардың қолдауына қаражат бөлінген жоқ.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономика, білім, спорт, мәдениет саласындағы оң нәтижелер аудандық және облыстық БАҚ арқылы насихатталды.

Жыл сайын «Қазақстан-Өскемен» аймақтық телеарна арқылы ақпараттық саясатқа аудандық бюджеттен 500-ден 700 мың теңгеге дейін бөлінеді.

Мемлекеттік тапсырыстар аудандағы жалғыз қоғамдық-саяси басылым «Ұлан таңы» газетінде жарияланады. Газет екі тілде, мемлекеттік және орыс тілінде шығарылады.

Мемлекеттің жүргізетін саясатымен халықты кең қамту мақсатында 2011 жылдан бастап «Ұлан таңы» газетінің басылымы аптасына 2 рет мерзімділікпен 2 мыңнан 3,5 мыңға дейін көбейтілді. Газеттің көлемі 4 беттен 16 бетке дейін көбейді.

Газет арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемі 2011 жылы - 12,0 млн. теңгені, 2012 жылы - 12,0 млн. теңгені, 2013 жылы - 12,0 млн. теңгені құрады.

Тау бедеріне байланысты ауданның кейбір елді мекендерінде қазақстандық телехабардың болмау мәселесін шешу мақсатында халықпен қазақстандық сандық телехабарға көшу туралы түсіндіру жұмыстар жүргізіледі.

Спутниктік антенналарды орнату 2011 жылы бастау алған. 2011 жылы 2620,0 мың теңге сомаға 80 спутниктік антенна орнатылды. 2012 жылы Манат және Төменгі Тайынты ауылдарында 54 спутниктік антенна орнатылды.

3 жыл ішінде облыстық, аудандық және ауылдық ақпараттық-насихаттық топтардың жүйелі жұмысы ұйымдастырылды. Ауданда түсіндіру жұмыстарын барлық деңгейдегі 22 ақпараттық-насихаттық топ жүргізді, олардың құрамында 268 адам жұмыс істейді. Насихаттық топтардың мүшелері халық саны 12 мың адамды қамтитын 635 кездесу мен дөңгелек үстел өткізді.

Өткізілген шаралардың арқасында халықтың бағдарламалық құжаттар және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары туралы ақпараттану деңгейі ақпараттық-насихаттық шаралардың нәтижесі бойынша 60%-дан астамды құрайды.

Ауданда 100-ден астам көрнекті агитация құралдары орнатылған. Оларды әзірлеуге 2011 жылы - 700,0 мың теңге, 2012 жылы – 700,0 мың теңге, 2013 жылы – 700,0 мың теңге бөлінді.

Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылығының кепілі – одан әрі мемлекеттіліктің бекінісі, халықтың бірлігі. Ішкі саясат бөлімінің бөлінген қаражаты 2011 жылы – 33725,0 мың теңге, 2012 жылы – 29190,0 мың теңге, 2013 жылы – 30041,0 мың теңге.

Ішкі саясаттың өзекті мәселесі конфессиоаралық қарым-қатынасты реттеу арқылы азаматтық бейбітшілік пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау болып табылады.

Ауданы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес өзінің қызметін саяси тұрақтылықты сақтауға және конфессиоаралық келісімді құруға бағыттайды. Рухани құндылықты дамытатын, ынтымақтастық пен ауызбірлікке шақыратын діни мерекелерге аса назар аударылады. Жалпы олардың билік органдарымен қарым-қатынасы сындарлы негізде құрылады. Діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңес, діни сұрақтар бойынша ақпараттық-насихаттық топтар жұмыс істейді.

Аудан территориясында 15 діни бірлестік бар, оның 9-ы ислам дінін, 4- православие, 2- протестантизмді таныстырады. Барлық мешіттер мен шіркеулердің имамдар мен дін қызметшілері қызмет етуде.

2012 жылы ауданның үгіт-насихат тобы мыңнан астам адамды қамтитын 56 кездесу өткізді. Облыстық үгіт тобы бірнеше рет ауданға келді. І. Айттықов, Саратовка, Таврия ауылдарында, Қасым Қайсенов кентінде кездесулер өткізілді.

2013 жылы Гагарин атындағы мектебінде «Діннің татулығы – елдің татулығы» тақырыбына дөңгелек үстел өтті. Осындай дөңгелек үстелдің өткзілуі үлкен маңызы бар. Қараша айында діни семинар-тренинг өтті. Діңтану тақырыпқа оқу өткізілді. Мектептерде жоғары сынып оқушыларға оқу жылдың басынан бастап кесте бойынша діни деректі фильмдер көрсетіледі.

Аудандық «Ұлан таңы» газетінде азаматтардың діни сенімінің еркінділігі мен құқығы, діни ағымдардың мағынасы мен маңыздылығы, конфессиоаралық келісімді нығайту, лаңкестік және экстремизмнің алдын алу шаралары тақырыбында материалдар жарияланады. Діни әдебиет пен дәни мазмұндағы материалдарды тарататын кәсіпорындық субъектілерді анықтау бойынша аудандық топ құрылып, үнемі рейдтер өткізіліп тұрады.

Ауданның имамымен Құрбан айтта қайырымдылық акциясы өткізіледі.

Жастар саясаты саласындағы жетекші басымдылық елдің болашағын дамытуды қамтамасыз ете алатын интеллектуалды және рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Ауданда «Ұлан ауданының «Ұлан жастары» ұйымы» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы филиалының «Жас Отан» жастар қанаты жұмыс істейді. «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» қатарына оқушы жастарды қабылдау бойынша белсенді жұмыстар ақтарылады.

2012 жылы елбасының мерекесіне орай 2 дәрігерге 500,0 мың теңгеден қаражат берілді.

Соңғы 2 жылда облыстық бюджеттен қаражат есебіне ауданда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы жүзеге асырылды, оның аясында 2012 жылы 228 жас қатысты (оның ішінде 108 мектеп оқушысы). Жастардың көмегімен жыл сайын ауданда орналасқан демалыс базаларында «Таза жағалау» акциясы өткізіледі.

Жастар саясаты саласындағы аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыруды қаржыландыру көлемі 2011 жылы 2969,0 мың теңгені құрады, 2012 жылы – 2649,0 мың теңге, 2013 жылы – 5435,0 мың теңге.

Ауданда 500-ден астам адамды қамтитын «Ұлан жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, 450-ден астам адамды қамтитын «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты белсенді жұмыс істейді.

Облыстың аудан мен қалаларда «Жастар орталығы» КММ жұмыс істейді. Ауданның «Жастар орталығы» КММ 2013 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін жұмыс істейді. Орталықта директор, 6 методист және бухгалтер жұмыс істейді.

13 ауылдық және 3 кент округтарда 16 жастар инспекторы жұмыс істейді. Олар іс-шараларды өткізуге және жастарға көмек көрсетуге көмектеседі.

2013 жылы «Жастар орталығы» КММ жүз шақты шара өткізілді, жастардың қамтылуы 18000 адамды құрады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жас мамандар тұрғын үй және көтерме ақы алу үшін мүмкіндікті алды.

2013 жылы «Жастар орталығы» КММ отаншылдықты тәрбиелеу үшін бір неше шара өткізді («Бір шаңырақ астында», «Астананың күні», КВН, дөңгелек үстелдер «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» және т.б.), жанұяны нығайту («Жанұяның күні», «Мама, папа және мен» т.б.), «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша тренингтер, семинарлар және спорттық сайыстар өткізілді.

Бірінші рет ауданда Таврическое ауылында футболдын командасы құрылды. Бұл команда жастармен бірлесіп апта сайын жаттығып үйренеді.

Спорттын ұлттық түрлерін насихаттау мақсатында жарыстар өткізіледі.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі, азаматтық қоғамның институттарының қызметі жүзеге асырылады.

2. Ауданда екі тілде «Ұлан таңы» газеті басылып шығады;


    1. АНТ жұмыстары белсенді жүргізіледі.

Әлсіз жақтары:

                  1. БАҚ саласындағы нашар техникалық жабдықталу, негізгі болып табылатын мемлекеттік тапсырыстардың төмен көлемі;

                  2. Үкіметтік емес ұйымдардың ауылдық округтер мен кенттердегі жұмысының төмен деңгейі. Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға қаражаттың жоқтығы.

Мүмкіндіктер:

1. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының халық арасында, оның ішінде жастар арасында күшейтілуі;

2. Ауылдық аймақтарда жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға әдістемелік көмек көрсету.

Қауіп-қатерлер:

1. Қоғамдық-саяси жағдайдың экономикалық дағдарысқа байланысты нашарлау мүмкіндігі. Әлеуметтік шиеленіс ошағының пайда болуы.


2.2.2.8. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Соңғы 3 жылғы статистикалық мәліметтердің талдауы аудан территориясында қылмыс санының 14,4%-ға өскенін көрсетеді, 2011 жылы 361-ден 2013 жылы 413 дейін. Бөтеннің мүлкін ұрлау саны 221-ден 267 дейін, оның ішінде мал ұрлау 72-ден 95 дейін, пәтерден ұрлау 49-дан 61 дейін, алаяқтық 7-ден 14 дейін, тонау 4-тен 11 дейін, қарақшылық 1-ден 2 дейін және қылмыстық жазаланатын бұзақылықтар 25-тен 32 дейін көбейді.

Қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың өсімі 11-ден 32 дейін, көшелер мен алаңдарда жасалған қылмыстар - 7-ден 23 дейін, бұрын қылмыс жасағандардың қайта қылмыс жасауы - 7-ден 23 дейін, кәмелет жасқа толмағандардың қылмыс жасауы - 16-дан 22 дейін және мас күйде жасалған қылмыстар - 14-тен 21 дейін.

2011-2013 жылдарда тіркелген қылмыстар санының өзгеріс

динамикасы

15 сурет
Алайда, оған қарамастан 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда аса ауыр қылмыстар санының 60%-ға (5-тен 2 дейін), кісі өлтіру 60%-ға (5-тен 2 дейін), қасақана дене жарақаттарын келтіру 62,5%-ға (8-ден 3 дейін), зорлау 25%-ға (12-ден 9 дейін), бопсалау 92,8%-ға (14-тен 1 дейін), автокөлікті айдап әкету 63,6%-ға (11-ден 4 дейін) төмендеуі байқалады.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың меншік салмағы 2011 жылы 3%-дан 2013 жылы 8,3%-ға дейін өсті.

Қылмыстық деңгейі 10 мың халыққа шаққанда 2013 жылы 104,7 қарсы 2011 жылы 90,5 құрады.

2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда қылмысты ашу деңгейі 8,2 пайыздық тармаққа төмендеді. 2011 жылмен салыстырғанда 2013 жылы қылмысты ашу 8,2%-ға көтерілді. Егер 2013 жылы тіркелген қылмыстардың жалпы санымен қылмысты ашу 75,8%-ды құраса, 2012 жылы 67,6%-ды, 2011 жылы - 59,4%-ды құрады.

Ауыр қылмыстарды ашу 2011 жылы 91,3%-ды, 2012 жылы - 86,2%, 2013 жылы – 76,9%-ды құрады. 2013 жылдан 2011 жылға төмендеу 14,4%-ды құрады. 2011 жылы аса ауыр қылмыстарды ашу 88,9%-ды құрады, 2012 жылы - 100,0%, 2013 жылы - 66,7%. 2013 жылдан 2011 жылға төмендеу 22,2%-ды құрады.

Аса ауыр қылмыстардың саны 5-тен 2 дейін төмендеді, оның ішінде кісі өлтіру 5-тен 2 дейін, денеге қасақана жарақат келтіру 8-ден 3 дейін, зорлау 25% (12-ден 9 дейін), бопсалау 92,8% (14-тен 1 дейін), автокөлікті айдап әкету 63,6% (11-ден 4 дейін).

Тіркелген жол-көлік оқиғаларының динамикасы да өсу тенденциясына ие. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 2011 жылмен салыстырғанда ЖКО саны 13,8%-ға немесе 4 жағдайға көбейді. 2011 жылмен салыстырғанда 10,8%-ға немесе 4 жағдайға көбейді.


16 сурет


Автотранспорттық көліктер парктерінің жыл сайын көбеюіне қарамастан көлік түрлерінің қарқынды қозғалысына жолдардың сәйкесіздігі және жүргізушілерді даярлау сапасы мен тәртіп деңгейінің төмендігі орын алуда.

Аудандағы апаттылықты төмендетуге қол жеткізу үшін жалпы жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін, жол қозғалысын бақылау мен реттеудің заманауи техникалық құралдарын пайдалануды, апаттар жиі болатын орындарға жасалған талдауларға сәйкес іске қосылған жасақтардың тығыздылығын арттыру қажет.

2012 жылы 30,831 грамм есірткі және психотроптық заттар алынды, оның ішінде героин 1 грамм. 2011 жылы 234,621 грамм алынды, оның ішінде героин 2,044 грамм.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді:



Күшті жақтары:

1. Құқық бұзушылыққа себеп болатын азаматтардың құқығы мен еркіндігін, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалған;

2. Құқық бұзушылықтың алдын алудың нақты субъектілері мен олардың әрекеттестігін қамтамасыз ету анықталған;

3. Азаматтар мен қоғамдық тәртіпті күзету мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысатын мекемелердің өзара әрекетінің формалары келісілген.



Әлсіз жақтары:

1. Отбасылық-тұрмыстық саладағы, ІІБ есепте тұрған тұлғалар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралардың жеткіліксіздігі;

2. Тұрмыстық ішімдік ішу, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу проблемаларының шешілмеуі;

3. Әлеуметтік бейімделу мен ауыр өмірлік жағдайдағы тұлғалардың сауықтыру деңгейінің төмендігі;

4. ІІБ-нің қызметтік автокөліктермен, байланыс құралдары, полиция учаскелік пунктеріне арналған ғимараттармен қамтылу нормаларына дейін толымсыздығы;

5. Полицияның учаскелік инспекторларының қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде қызметтік баспанамен қамтамасыз етілмеуі;

6. Медициналық куәландыру жүргізу үшін медициналық мекемелердің жеткіліксіздігі. Аудан территориясындағы жұмыс істеп тұрған 18 медициналық мекемеде тек екі медицина қызметкерінің (Таврия ауылындағы аудандық орталық аурухана, Бозанбай ауылындағы ауылдық аурухана) медициналық куәландыру өткізуге тиісті сертификаттары бар. Қалға ауылдық округтерде медициналық куәландыру жоқ;

7. Ұлан ауданы ІІБ штатында патрульді полицияның жоқтығы, ол 2010 жылы қысқартылған.



Мүмкіндіктер:

1. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстар санының өсуін ескерту бойынша заманауи шаралар қабылдау;

2. Азаматтардың құқығы мен еркіндігін, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасау;

3. Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру, алдын алу субъектілерінің қызметін үлестіруді арттыру;

4. Мүліктік қылмыстардың ашылуын арттыру.

Қауіп-қатерлер:

1. Аудан территориясы облыс орталығымен шекараласып жатыр, бұл криминогендік ахуал жағдайына теріс әсерін тигізеді;

2. Ауданның географиялық орны, үлкен ұзындығы, инфрақұрылымның толық емес деңгейде дамуы, күз-қыс және көктем кезеңдеріндегі ауа—райының қатаң жағдайы қылмыстық пен құқық бұзушылықтың толық қарқынды алдын алу және күрес бойынша белгілі қиындықтар туындатады;

3. Аудан территориясында Қытай Халық Республикасынан шыққан оралмандардың көп саны тұратын Шығыс кентінің орналасуы аталған тұлғалар санатының жеткіліксіз бейімделуіне, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелерді шешу проблемаларына байланысты белгілі қауіп тудырады;

4. Мүліктік қылмыстардың алдын алуды ұйымдастырудың жеткіліксіздігі мен азаматтардың өзінің мүлкін сақтаудағы жауапкершілігінің төмендігі аталған қылмыс түрінің өсуіне жағдай жасайды.
2.2.2.9. Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту

Ұлан ауданы территориясының алуан түрлі табиғи, тау-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи апаттарға айтарлықтай ұшырағыштығын ладын ала белгілейді – жер сілкіну, су тасқыны, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өртттері, температураның күрт төмендеуі, қарлы борандар, эпидемиялар мен эпизоотиялар.

Аудан территориясында ауқымды төтенше жағдайлар орын алған жоқ. Ауданға жыл сайын су апатына байланысты төтенше жағдайлар зиян келтіруде (су тасқыны, сел). Ауданда су тасқынының пайда болу қаупі бар 13047 адамға жуық тұратын 10 елді мекенде 14 гидроқұрылғы орналасқан. Гидротехникалық құрылғылар саны 2013 жылы 2011 жылғы деңгейде қалды.

2013 жылы төтенше ахуалға қарастырылған аудан әкімнің резерві 2223,0 мың теңгені құрады.

2012 жылғы су тасқыны маусымындағы төтенше жағдайлар салдарын жою тәжірибесі аудан әкімі резервіндегі жеткіліксіз белгілерді, зардап шегушілер мен көшірілетін халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз материалды-техникалық қорды, қауіп-қатерлі орындарда инженерлік және жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізудің төмен деңгейін, МО мен ТЖ аумақтық құрылым жабдықтарымен және қажетті құралдармен нашар қамтамасыз етілуін көрсетті.

Су тасқыны келтіретін залалды азайту мақсатында 2012 жылы Қасым Қайсенов кенті мен Айыртау елді мекендерінде су бұрғыш арналар салынды, Төменгі Тайынты су қоймасында 8 арматура бекітпесі ауыстырылды. Унгурда, Сағыр, Чубук және Төлеген өзендеріндегі қызыл су салдарын жою үшін аудан әкімі резервінен 1214,8 мың теңге бөлінді. Унгурда, Сағыр, Чубук және Төлеген өзендеріндегі жағалауды бекіту жұмыстарына 35,0 млн. теңге сомаға жобалық-сметалық құжаттама жасалды.

Ауданның орманды алқаптарында 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өрттердің саны 11%-ға азайды, 2011 жылмен салыстырғанда 28,5%-ға. Тұрғын секторлардағы өрттердің деңгейі жоғары болып қалуда, онда жыл сайын жалпы өрттің 75%-ы және өрт кезінде кісі өлімінің 90%-ы орын алады. Ауданда өрт сөндірудің 3 тірек пункті жұмыс істейді. Олар ҚР ТЖМ өртке қарсы бөлімдері жоқ елді мекендерде орналасқан.

Елді мекендерді тиісті қорғаныспен қамтамасыз ету және орман-дала өрттерін сөндіру жұмыстарын жүргізу үшін қосымша өрт сөндірудің тірек пунктерін құру және 2013 жылы 3 ауылдық пунктті (Саратовка, Привольное, Огневка) өртке қарсы техникамен жабдықтау қажет.

ҚР 2.03-30-2006 ҚНмЕ сәйкес Ұлан ауданы бойынша Манат, Асубұлақ, Белогор және Огневка елді мекендері 7 баллды сейсмикалық аймақта (сейсмикалық қауіп-қатер жоғары аймақ) орналасқан. Ауданның елді мекендерін сейсмикалық микроаудандастыру картасының жоқтығы сейсмикалық қауіп-қатерді бағалауға және инженерлік қорғаныс пен апаттық жер сілкінісінің салдары қаупін төмендету бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейді

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы кешенді болып табылады, бар проблемалардың жүйелі шешімін, жер сілкінуден келетін мүмкін материалды залалды болжауды, сондай-ақ, құрылыстарды күшейту жолымен шығындарды айтарлықтай азайтуды талап етеді. Тексеру және сейсмокүшейтуге инженерлік қорғаныс бойынша шараларды өткізу аудан бюджетінде жоқ қаражат салуды қажет етеді.

Алдын ала даярлық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ескерту халықты, аудан экономикасын, материалды және мәдение құндылықтарды табиғат апаттары мен зілзаладан туындайтын қауіп-қатерден тиімді қорғаудың міндетті талабы болып табылады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдарымен, ауандық қызметтермен, МО мен ТЖ нысандық және аумақтық құрылымдарымен командалық-штабтық оқулар мен жаттығулар өткізіледі. Төтенше жағдайлар қаупі және пайда болуы кезінде елеу мен әрекеттестік жоспарлары әзірленді;

2. МО және ТЖ мәселелері бойынша ауданның басқару құрамы облыстық және республикалық оқу курстарында даярлықтан өтуде. Орман-дала өрттерін сөндіру және шалғайдағы елді мекендерді қорғау үшін аудан әкімдігі өрт сөндірудің 3 тірек пунктінің жұмысын ұйымдастырды, 2012 жылы 2 мотопомп, 43 аспалы сөмкелі өртсөндіргіш сатып алынды.

Әлсіз жақтары:

1. Халықты құлақтандыру жүйесі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупі мен пайда болуы кезінде жедел ақпаратты халыққа толық көлемде жеткізе алмайды;

2. Алуан түрлі табиғи, тау-геологиялық жағдайлардың күшімен, аудан территориясында өзендер мен су қоймаларының көптігінен елді мекендер мен инженерлік құрылғыларға тікелей қауіп төндіретін су тасқыны мен сел пайда болатын қауіпті учаскелер бар. Бұл кідіріссіз қорғаныс пен жағалауды бекіту жұмыстарын талап етеді.

Мүмкіндіктер:

Мақсатқа жетудегі табысқа көп жағдайда төтенше жағдайлар қаупі мен пайда болуы кезінде жедел елеуге басқару органдарының даярлық деңгейі, МО және ТЖ күші мен құралдары әсер етеді. МО және ТЖ саласындағы білімді халық арасында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, түрлі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету ережелері көрсетілген көрнекі оқу құралдарын тарату бойынша кең ауқымды жұмыстар ТЖ-дан келетін зиянды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Өрт сөндірудің тірек пунктерін дамыту және олардың санын көбейту табиғи өрттер келтіретін залалды азайтады, сондай-ақ, аудан орталығынан алыс орналасқан елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің материалды-техникалық қорын нығайту төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықтың тіршілігін кепілді қамтамасыз етеді.



Қауіп-қатерлер:

Аудан территориясында 7 баллға дейін күшті жер сілкінулердің шынайы қаупі бар, бұл адам шығынына, сондай-ақ, тұрғые үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың қирауына, аудан экономикасының айтарлықтай залалына әкеліп соғуы мүмкін. Ауданда негізінен өткен ғасырдың 60-70 жылдарында салынған 14 гидротехникалық құрылыс пен меншіктің түрлі формасындағы тоғандар бар, олар техногендік апаттың пайда болуына қауіп тудырады. Халықты жекелей қорғау үшін заманауи құралдардың жеткіліксіздігі территорияның химиялық ластануы жағдайында оның өмірі мен денсаулғына қауіп төндіреді. Заманауи қосалқы қорғалған басқару пунктерінің жоқтығы ерекше кезеңде МО және ТЖ күштері мен құралдарының сенімді әрекеттесуін қамтамасыз ете алмайды.


2.2.3 Инфрақұрылымдық кешен. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық.

Аймақтың инфрақұрылымдық кешені электрмен, сумен қамтамасыз ету, су тарту, жол саласы, көлік, телекоммуникация, пошта байланысы және абаттандырумен сипатталады.

Инфрақұрылымдық кешеннің дамуы экономиканың қажеттіліктері мен аталған қызмет түрлерін халыққа көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталады.
2.2.3.1. Электрмен жабдықтау.

Ұлан ауданында 48 елді мекен бар, электр энергиясымен қамтылу 100%-ды құрайды. Электрмен жабдықтау нысандары «ШҚ АЭК» АҚ теңгерімінде, Меновное және Таврия ауылдарында орналасқан Сол жағалау және Таврия аймақтық электр жүйелері қызмет көрсетеді. Бозанбай ауылы мен Асубұлақ кентінде ШҚ АЭК-сының желілік учаскелері орналасқан.

Ауданда 1,5 шақырым иесіз электрлік желілер мен 1 трансформаторлы станция бар.

Аудан орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі жеке тұрғын үй құрылысының өсіміне байланысты инженерлік инфрақұрылымды дамыту қажет. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылыстарына 500 астам жер телімі бөлінген. Бірақ жеке тұрғын үй құрылысына рұқсат беру қажетті инфрақұрылымның жоқтығына байланысты тоқтатылды.

Аталған проблеманы шешу үшін жергілікті бюджет есебінен 26102,0 мың теңге сомаға электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы жүргізілді. Жергілікті бюджет есебіне 4999,0 мың теңге сомаға Қасым Қайсенов кентіндегі (ЖТҮҚ ауданы) электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірленуде.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. 110 кВ және одан да төмен кернеумен электр берудің желілер жүйесінің дамыған схемасы;

2. Жаңартылатын энергияның маңызды әлеуетінің болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Электрлі аймақтық желілердің тозушлығының жоғары деңгейі (~ 65-70%).



Мүмкіндіктер:

1. Энергияның жаңартылатын көздерін енгізу.



Қауіп-қатерлер:

1. Айтарлықтай тозуға байланысты аудан тұтынушыларын энергиямен қамтамасыз ету сапасының төмендеуі.


2.2.3.2. Сумен жабдықтау.

Ұлан ауданындағы 48 елді мекеннің 16 орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыс істейді немесе халықтың 53,0% қамтылған. Жергілікті көздерден сумен жабдықтау халықтың 47,0% қамтылуымен 30 елді мекенде іске асырылады.

Ауылдық сумен жабдықтау жүйесінде орталықтандырылған сумен халықтың 53,0% қамтылған, халықтың 47,0% жер асты және жер үсті көздерінен алынатын суды пайдаланады.

2011 жылдан бері аудан халқының орталықтандарылған су таратуымен 10,6 пайыздық тармаққа өсті және 2014 жылдың 1 қаңтарында 53,0%, 2011 жылға қарсы 46,5% құрады.


15 кесте
2011-2013 жылдары аудан халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы және желілердің ұзындықтары туралы

ақпарат


Сумен қамтамасыз етілу, %

Су тарату желілері ұзындығының барлығы, шақырым

Оның ішінде ауыстыруды қажет етеді

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Барлығы, шақырым

Жалпы ұзындыққа, %

46,5

50,6

53,0

161,7

110

68,1

Аудандағы сумен жабдықтау және кәріз жүйелері коммуналдық кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың теңгерімінде. Ауданда барлығы 161,7 шақырым сумен жабдықтау желісі бар, оның тозу деңгейі орташа 70%, пайдалану мерзімі нормадан жоғары, күрделі жөндеуді талап етеді, соның салдарынан желілерде көп көлемде қайтарымсыз су шығындары орын алады және халықтың суды тұтынудың меншік нормасы жоғарылады.

Ауданның тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын дамыту проблемалары көп жылдар бойы шешусіз қалып отыр және оны қалпына келтіру, ішінара жөндеу мен жаңарту бойынша шаралар қабылдауды талап етеді.

Ауданда «Ақбұлақ» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру үшін мақсатталған жұмыстар жүргізілуде. Ұлан ауданының сумен жабдықтау жүйесін дамыту жобаларын жүзеге асырудың негізгі бағыттары халықты санитарлы нормаларға сай сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету, ауылдарда өрт сөндіру мәселелерін шешу, тұтынушыларға су беру кезінде эдектр энергиясына үнем, ауылда қолайлы санитарлы жағдай құру болып табылады.

2011 жылдан 2012 жылға дейін әрекеттегі «Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында республикалық және жергілікті бюджеттен 453,689 млн. теңге игерілді.

3 жыл ішінде ауыз сумен жабдықтайтын 2 нысанның (Ұлан және Ново-Азовое ауылдарында) жұмыстары жүргізілді, 19 шақырымдық құбыр салынды және қалпына келтірілді. 2 нысанда (Донское және Привольное ауылдарында) ұзындығы 24,5 шақырым су тарату желілерін ішінара жөндеу аяқталды.

16 кесте
2011-2013 жылдары «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында бюджеттің

игерілген қаражат көлемінің өзгеру динамикасы



Бюджет түрі


2011-2013,

мың теңге

Оның ішінде жылдар бойынша

2011

мың теңге

2012

мың теңге

2013

мың теңге

Барлығы, мың теңге:

834586,397

324712,85

177562,773

332310,774

РБ

804627,135

324712,85

170000,0

309914,285

ЖБ

29959,262

0

7562,773

22396,489

2011-2013 ж.ж. бері енгізілген нысандар




0

0

2

Сумен жабдықтау көздері жер асты сулары болғандықтан жер асты суларының пайда болу орны мен қорлары барланып, бекітілуі тиіс. 2011-2013 жылдардағы кезеңде ауданның 25 елді мекеніненбүгінгі таңда 7 елді мекенде қорлар бекітілген. 18 елді мекенде жер асты сулары қорларын бекіту бойынша жұмыстар жүргізу керек. 2013 жылы 3 елді мекенде су қорларын зерттеу жүргізіледі.

Геологиялық-барлау жұмыстары Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен минималды түрде қаржыландырылады, барланған қорлар бойынша нәтижелер екі жылдан кейін беріледі.

Аталған жағдай жобаларды жүзеге асырудың тежеуші факторы болуы мүмкін. 15 су тартқышты пайдалану және қызмет көрсетумен 2 коммуналдық кәсіпорын, 1 жеке кәсіпкер айналысады. Олар қажетті пайдалану құралдарымен және мамандармен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты салынған және пайдалануға берілген ауыз сумен жабдықтау нысандарын ары қарай пайдалануға байланысты проблемалар туындайды.

Ауданның елді мекендеріндегі халық үшін сумен жабдықтау қызметінің тарифтері 2013 жылы 18,10 теңгеден 70,92 теңге/м3 дейін бекітілген.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Ауыз судың жоғары қажеттілігі;

2. Әрекеттегі сумен жабдықтау жүйесінің болуы;

3. Халықтың сапалы ауыз суға қолжетімділік көрсеткішінің 80%-ға дейін жетуі;

4. Әрекет тегі пайдалану қызметінің болуы.

Әлсіз жақтары:

1. Жер асты тұщы сулары қорының жеткіліксіз деңгейі;

2. Сумен жабдықтау нысандары мен елілерінің тозуы және соның салдарынан апаттар, шығындар, ауыз су сапасының төмен деңгейі;

3. Негізгі өндіріс қорларының көнеру процесі оның жаңаруына қарағанда жылдам жүруде;

4. Сумен жабдықтау жаңа жүйесінің құрылысына және қолданыстағы жүйені ішінара жөндеуге мемлекеттік және жеке инвестицияның жеткіліксіздігі;

5. Инфекциялық аурулардың пайда болу қаупі;

6. Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау және су тарату бойынша кәспорындардың жеткіліксіз дамуы.

Қауіп-қатерлер:

1. Скважиналарды пайдалану тәртібін бұзу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, иесіз гидрогеологиялық скважиналардың санының көптігі, жер асты суларының техногендік ластануы;

2. Тозу себебімен құрылғылардың істен шығу мүмкіндігі, қоршаған ортаға теріс әсер ету қаупі;

3. Ұзақ мерзімді пайдалану нәтижесінде қалыптасқан сумен жабдықтау нысандарының қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

4. Апаттықтың өсуі, тәуліктік судың болмауы.

Мүмкіндіктері:

1. Жер асты тұщы суларының жаңа пайда болу орындарын игеру;

2. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

3. Сумен жабдықтау жүйесінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазарту және суды даярлауға шығындарды көбейту;

4. Заманауи тиімді технологияларды енгізу мүмкіндігі;

5. Материалды-техникалық базаны жабдықтау жолымен пайдалану қызметін жетілдіру.


2.2.3.3 Жылумен қамтамасыз ету.

Ауданда 48 елді мекен бар, оның ішінде 4 кент және 44 ауылдар. Орталықтандырылған жылумен аудан орталығы – Қасым Қайсенов кенті қамтамасыз етілген. Қасым Қайсенов кентіне жылу энергиясын жеткізуші «Айтас-груп» ЖШС болып табылады.

Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 5,8 шақырым, оның таратушы жүйелері – 3,4 шақырым (құбырлардың диаметрі – 325 мм дейін).

Ұлан ауданы әкімдігінің «Молодежный» КМК Қасым Қайсенов кентінің инженерлік желісін теңгерімде ұстаушы болып табылады.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің ШҚО бойынша басқармасының 2007 жылғы 11 наурыздағы №39-ОД бұйрығына сәйкес кәсіпорын ШҚО табиғи монополиялар субъектілері Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне қосылды.

2011 жылғы 26 қарашадағы №638-ОД бұйрықпен Қасым Қайсенов кентінің жылумен қамтамасыз ету қызметінің жаңа тарифтері бекітілді.

17 кесте
Қасым Қайсенов кентін жылумен қамтамасыз ету қызметі

бойынша тариф


п/п

Коммуналдық қызметтердің атауы

Өлшем бірлігі

2011 жылдың 26 қараша айынан

1

Жылумен қамтамасыз ету

ГКал

2125,00

Жылу энергиясы бойынша бекітіліген нормативті шығындар 16,09%-ды құрайды, нақты шығындар 11,5%-ды құрады.

Ұлан ауданында «Айтас-груп» ЖШС қазандығынан басқа тағы 27 қазандық бар, оның ішінде: 11 – қатты отында, 16 – электроқазан. Оның: 1 - «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі» КМҚК теңгерімінде, 3 – аудандық ауруханалардың теңгерімінде, 2- мәдениет бөлімінің теңгерімінде, 21 – аудандық білім бөлімінің теңгерімінде.

Соңғы жылдарда жылу көздері мен жылу жүйелерін қалпына келтіру бойынша атқарылған жұмыс көлемі олардың жаңартылуындағы қажеттіліктерге сәйкес келмейді.

2011 жылы Донское және Каменка ауылдарындағы мектептерде сұйық отынды қазандықтар электроқазандықтарға ауыстырылды, ол үшін аудандық бюджеттен 11000,0 мың теңге бөлінді.

2012 жылы Тарығ ауылының мектебінде қатты отынды қазандық электроқазандыққа ауыстырылды, ол үшін аудандық бюджеттен 5000,0 мың теңге бөлінді.

Жылумен қамтамасыз ету саласы халықтың есептеуші құралдармен аса төмен деңгейде қамтылғанымен және жалпыүйлік жылу энергиясын есептеуші құралдардың жоқтығымен сипатталады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Ауданның жылу көздерінің жылу энергиясы өндіру өсімі.



Әлсіз жақтары:

1. Қасым Қайсенов кентіндегі жылумен қамтамасыз етудің сапасыз қызметі;


2. Жылумен қамтамасыз ету желісінің 65%-ы (жалпы ұзындығының) ауыстыруды талап етеді;

3. Жылу энергиясын есептеуші жалпыүйлік құралдардың жоқтығы;

4. Халықтың есептеуіш құралдармен қамтамасыз етілуінің аса төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

1. Жылумен қамтамасыз етудің дәстүрлі емес көздерін дамыту болашағы.



Қауіп-қатерлер:

1. ӨҚФ қазандығының орнатылған және қолдағы қуаттылығының мүмкін төмендеуі, негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейіне байланысты апатты жөндеуден өткізуде жылу көздері агрегаттарының тұрып қалуы;

2. Бәсекелестік ортаның дамымауы.

Жүргізілген SWOT-талдаудың негізінде аймақтың жылумен қамтамасыз ету саласындағы дамуды тежеп тұрған келесідей негізгі проблемалар анықталды:

1. Жылу көздерінің, торапты және ішкі тоқсандық жылу жүйелерінің қазандық құрылғыларының тозуы.

Жоғарыда айтылғандай, аталмыш проблема қазандық құрылғыларының тозуына, жылу көздерінің энергетикалық құрылғылар жаңартуға инвестицияның төмен деңгейіне байланысты.

2. Жылу энергиясы шығының жоғары деңгейі.

Бұл байланысты аса өзекті мәселе жылу жүйесі үшін алдын ала жекеленген құбырларды пайдалану болып табылады. Құбырларды жүргізудің бұл технологиясы жылумен қамтамасыз етуші мекемелерге жүйелік су шығынын жылына белгіленген нормадан 50%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді, құбырлардың жөндеусіз қолданысының мерзімін 30 жылға дейін ұзартады, себебі құбырларды тот баспайды.


2.2.3.4 Су құбырларын жүйесі

Аудандағы 48 елді мекеннің (ары қарай – ЕМ) 2-де ғана (Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылы) орталықтандырылған су бұру жүйесі жұмыс істейді. Барлығы ауданда 2 кәріз сорғы станциясы, 1 тазартқыш құрылыс бар. Кәріз жүйесінің жалпы ұзындығы 17,8 шақырымды құрайды, жүйенің тозуы 80%-ға жетеді, бұл жиі апаттық жағдайларға әкеледі.

Алмасай, Привольное, Саратовка, Айыртау, Донское ауылдарында, Асубұлақ және Огневка кенттерінде кәріз жүйесі мен құрылғылар жұмыс істемейді, оларды қалпына келтіру қажет. Мұнда кәріз жүйесін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу және жергілікті тазартқыш құрылғылар орнату керек.

Аса ауыр жағдай ауылдық елді мекендерде қалыптасқан. Ауылдық елді мекендердің тазартқыш құрылығлары қираған.

Елді мекендердің халқы үшін кәріз қызметінің тарифтері 2013 жылы 22,74 теңгеден 120,10 теңге/ м3 дейін бекітілген.

Сапалырақ тазартқыш құрылғыларды пайдалануға беру және олардың істен шығуына жол бермеу мәселесін шешу мақсатында кәріз жүйелерін қалпына келтіру қажет.

Аудан халқын су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейі 2012 жылы 16,1% -ды құрады.
18 кесте
2011-2013 жылдары аудан халқын су бұру қызметімен

қамтамасыз ету деңгейі


Атауы




2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Халықты су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейі


%

12,8

15,4

17,8

Кәріз жүйесінің жөндеу жұмыстары

ш

-

2,4

0

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Аудан халқының су бұру қызметімен қамтамасыз етілуі 2011 жылмен салыстырғанда 5%-ға артты.



Әлсіз жақтары:

1. Кәріз жүйелерінің 80%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеуді талап етеді.



Мүмкіндіктер:

1. Су бұру нысандарының, тазартқыш құрылығылардың және кәріз жүйелерінің құрылысы мен қалпына келтіру бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру халықты су бұру қызметімен қамтамасыз ету деңгейін арттырады.



Қауіп-қатерлер:

1. Мемлекеттік бюджеттен су бұру нысандарының, тазартқыш құрылығылардың және кәріз жүйелерінің құрылысы мен қалпына келтіру бойынша жобаларды жеткіліксіз қаржыландыру нысандарды пайдалануға беру мерзімін үеді және аудан халқының санитарлық-экологиялық саулығына теріс әсер етеді.


2.2.3.5 Жолдар


Ауданда жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жүйесі бар, ол 723 шақырымды құрайды, оның ішінде:

1) республикалық маңыздағы – 168 ш (23,2%);

2) облыстық маңыздағы - 162 ш (22,4%);

3) аудандық маңыздағы - 393 ш (54,4%).

Аудандық маңыздағы қара ұсақтас жабындысы бар автомобиль жолдары жалпы ұзындықтың 49,6%-ын құрады (195 ш), қиыршық тасты - 48,1% (189 ш), қара жол - 0,5% (9 ш).

Автожолдық саланы қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі жолдардың нашарлауына әкеліп соқты, ол осы күнге дейін толығымен еңсерілмеді.



Жол саласын шектеулі қаржыландыру кезеңінде 2000 жылға дейін жөндеуаралық мерзім бойынша тиісті 2-3 орташа (5 жыл) және күрделі жөндеу (15-16 жыл) жұмыстары жіберіліп алынды, бұл автожолдардың көп бөлігінде жол жабындысының бүлінуіне әкеліп соқты. 2011 жылғы тексерудің мәліметтері бойынша, жүру бөлігінің негізгі элементінің ақаулары бар жолдардың ұзындығы 80%-дан астамды құрады. Арқаулық жүктемелер мен ауыр салмақты автокөлік түрерінің өсімімен жабындардың бүліну қарқыны жылдамдап келеді.
19 кесте

2011-2013 жылдардағы жөндеу жұмыстарының өзгеріс динамикасы


Жылдар

Жөнделген, шақырым

Техникалық-эксплуатациялық жағдай, шақырым

Жергілікті маңыздағы автожолдар

Жұмыс түрлері бойынша

құрылыс, қайта қалпына келтіру

Күрделі жөндеу

Орташа жөндеу

жалпы ұзындық

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

2011

Жергілікті маңыздағы автожолдар










393

2

197

194

2012

Жергілікті маңыздағы автожолдар




2




393

4

197

192

2013

Жергілікті маңыздағы автожолдар







1,6

393

5,6

197

190,4

Күрделі және маңызды проблема - автожолдық көпірлер мен су өткізетін құбырлардың көлік-тұтынымдық жағдайы. 2011 жылға дейін облыстық және аудандық маңызды автожолдардағы көпірлерді, жол өтпелерін, су өткізетін құбарларды аспаптық тексеру бойынша жұмыстар жүргізілген жоқ.



2011 жылдан 2013 жылға дейін ұзындығы 139 шақырым аудандық маңызды 14 автомобиль жолының төлқұжаттауы жүргізілді, оның нәтижесі бойынша көпірлер мен су өткізетін құбарлардың техникалық жағдайы қауіп тудырады, 85%-дан астамы қанағаттанарлықсыз жағдайда және жөндеуді талап етеді.
20 кесте

2011 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңде автожол саласының

негізгі көрсеткіштерінің өзгеріс динамикасы


Салалық бағытты қаржыландыру, мың теңге

2011

2012

2013

БАРЛЫҒЫ

БАРЛЫҒЫ

53122,0

230715,0

79663,777

363500,777

Қаржыландыру көздері бойынша













Республикалық бюджет




167059,0

12966,071

180025,071

Аудандық бюджет

53122,0

63656,0

432,848

117210,848

Областық бюджет













Жұмыс түрлері бойынша













Құрылыс, қайта қалпына келтіру













Күрделі жөндеу




167059,0




167059,0

Орташа жөндеу







14954,843

14954,843

Күтіп ұстау

53122,0

63656,0

64708,934

181486,934

Ауданның автожолдық саласына бюджеттік инвестициялардың сомалық көлемі 2011 жылдан 2013 жылға дейін кезеңде 363,5 млн. теңгені құрады.

Жолдарды күтіп ұстауға жеткіліксіз қаражат бөлінеді, қаражат жолдардың мерзімнен ерте бүлінуін тежейтін негізгі фактор болып табылады. Қаражаттардың шектеулігінің нәтижесінде автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен алдын алу үшін жөндеу жұмыстары толық көлемде атқарылмайды, бұл жол киімінің, жер төсемінің және жасанды құрылғылардың қызметінің мерзімін қысқартады.

Тәжірибелік бақылаулар көрсеткендей, жыл сайын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының орташа 40 шақырымына дейін бүлінеді. Қайта қалпына келтіру мен жөндеуді талап ететін жолдардың ұзындығы бүгінгі таңда 194 астам шақырымды құрайтынын ескерсе, қолдағы қаржыландыру деңгейін сақтай отыра барлық жол жүйесін қалпына келтіру үшін 30 жыл қажет болады.

Капитал жұмсалымының шектеулігі арнайы жол-құрылыс және жол-эксплуатациялық техниканың жеткіліксіздігіне де әсер етуде. Ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындауға арналған негізгі машиналар мен механизмдердің тапшылығы автожолдардың маңыздылығына байланыссыз сезіледі.

Жергілікті маңызды жолдарды қыста күтіп ұстаумен айналысатын мекемелердің қар тазалаушы техникамен қамтамасыз етілуі нормативтік қажеттіліктің 46,1%-ын ғана құрайды.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. Аудан үшін автожолдар жалғыз көлік байланысы болып табылады;

2. Өткізу мүмкіндігінің резервтері.

Әлсіз жақтары:

1. Негізгі құралдардың айтарлықтай тозуы (инфрақұрылым мен жылжымалы құрамы);

2. Инновациялар мен үрдістерді автоматтандыруды енгізудің төмен деңгейі.

Мүмкіндіктер:

1. Автомобиль жолдарының көлік-эксплуатациялық көрсеткіштерін, көпірлерді жақсарту және олардың тұтынушылық қабілеттерін арттыру;


2. Автомобиль жолдары жүйесін сақтау және дамыту;

3. Қайта қалпына келтіру мен күрделі жөндеуден кейін автомобиль жолдарының учаскелеріндегі жөндеу аралық мерзімдерді сақтау.



Қауіп-қатерлер:

1. Ішкі және сыртқы конъюнктураның нашарлау мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық тәуекел;

2. Бюджеттік қаржыландыруды қысқарту;

3. Баға тәуекелі;

4. Заңнамалық тәуекел;

5. Техногендік және экологиялық қатерлер;

6. Кадрлық тәуекел;

7. Темір жол көлігіндегі жабдықтардың аса тозуы мен істен шығуының нәтижесіндегі апаттар мен техногендік зілзала қатері.

Қолдағы жол-эксплуатациялық техниканың аса тозғандығы байқалады.

2.2.3.6 Телекоммуникация және байланыс


Ұлан ауданында телекоммуникация және байланыс бойынша қызмет көрсететін 1 кәсіпорын жұмыс істейді – Телекоммуникацияның қала іргесіндегі аудандық торабы.

Байланыс қызметін көрсету саласында 62 адам еңбек етеді.

2011-2013 жылдары әуе байланыс желілерін жою мен Пролетарка және Каменка ауылдарында спутниктік байланыс желісін пайдалануға берумен көлік жүйесін жаңарту жүргізілді. Меншік қаражат есебіне «Қазақтелеком» АҚ жаңарту жұмыстарын жүргізді және 23 ауылда сандық АТС-н пайдалануға берді. Телефон орнату кезегін жою мен әуе байланыс желісін оңтайландыру мақсатында 2011-2013 жылдар аралығында 12 ауылға СДМА-450 стандартындағы желісіз радиоға қосылудың заманауи технлогиясы енгізілді.

2011-2013 жылдар кезеңінде 8 ауылда Интернет желісіне кең жолақты қосылу жүргізілді.

2012 жылы телефондардың жалпы саны 8573 бірлікті құрады, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар. Интернетті пайдаланушылар саны 100 үй шаруашылығына шаққанда 2012 жылы 13%-ды құраған. Бүгінгі таңда Ұлан ауданында 21 таксофон бар.

Бүгінгі таңда аймақта халық саны 50 адамнан аз ауылдық елді мекендер телефондандырылған.

Аудан территориясында Beeline, K-Cell, Activ, Tele-2, Dos сияқты ұялы байланыс операторлары қызмет көрсетеді.

Күшті жақтары:

1. Телекоммуникациялық қызмет көрсетудің дамыған жүйесі;

2. АТС жаңа сандық технологиялармен ауыстыру арқылы жаңарту;

3. Көлік желісін кең жолақты қосылуды енгізу үшін жаңарту;

4. Интернет желісін жаппай енгізу.

Әлсіз жақтары:

1. Белгіленген байланыс нарығында нағыз бәсекелестіктің жоқтығы;

2. Интернет желісіне кең жолақты қосылудың жеткіліксіз дамуы;

3. Ұялы байланыстың жоғары тарифтері.



Мүмкіндіктер:

1. Халық пен мекемелерді қолжетімді және сапалы байланыс қызметімен қамтамасыз ету;

2. Азаматтар мен мекемелердің күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен пайдалануға көшуі;

3. Ауылдық елді мекендердің халқын әмбебап байланыс қызметімен қамтамасыз ету.



2.2.3.7 Көлік

Ауданда автомобиль және темір жол көліктері дамытылады.

Ұлан ауданында халық саны 100-ден астам 46 елді мекеннің жолаушы тасымалымен қамтамасыз етілгендері:

- автомобиль жолдарының бойында орналасқан 7 елді мекенге ауданаралық және облысаралық тұрақты маршруттар қызмет көрсетеді – Привольное, Таврия, Восточное, Донское, Борсақ, Сартымбет, Жоғарғы Тайынты ауылдары;

- 27 елді мекенде жолаушы тасымалы тікелей облыс орталығымен жүзеге асырылады – Қасым Қайсенов және Асубұлақ кенттері, Жантас, Тарғын, Айттықов, Бестерек, Сағыр, Мамай батыр, Желдіөзек, Тройницкое, Каменка, Пролетарка, Саратовка, Отрадное, Ново-Одесское, Ұлан, Жанұзақ, Ново-Азовое, Айыртау, Жаңа Қанай, Герасимовка, Гагарино, Азовое, Украинка, Бозанбай, Баяш Өтепов ауылдары.
Ұлан ауданы бойынша жолаушы тасымалы бойынша тұрақты маршруттармен 34 елді мекен қамтылған, бұл ауданның елді мекендерінің жалпы санының 70,8%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта, ауданда жолаушыларды тасымалдау бойынша ауданаралық маршруттар, жолаушы тасымалымен айналысатын автокөліктік кәсіпорындар жоқ. Ауданның елді мекендерін облыс орталығымен байланыстыратын қалааралық маршруттар бойынша Өскемен қаласының кәсіпорындары қызмет көрсетеді. 2011 жылдан бері аудан ішіндегі маршруттар бойынша қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу сұрақтары аудандық әкімдікке берілді. 2013 жылы аудан ішіндегі автомобиль тасымалының маршруттары бойынша қызмет көрсету құқығына конкурс жарияланды.

Ауданның 4 елді мекенінде «Қасым Қайсенов және Асубұлақ кенттері, Бозанбай және Таврия ауылы) автостанция бар, олар «Өскемен автобекеті» ЖШС теңгерімінде. Қазіргі уақытта Таврия ауылындағы және Қасым Қайсенов, Асубұлақ кенттеріндегі автостанциялар ғана жұмыс істеп тұр. Басқа елді мекендердегі автостанциялардың ғимараттары ішінара қираған.

Аудан бойынша республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының бойында 12 жаңар-жағармай станциясы, 1 ТҚКС және 16 тамақтану нысаны бар.

Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан елді мекендерде аялдамалық павильондар бар. Аялдамлардың жағдайы, олардың орны ҚР көлік және коммуникация Министрінің 2004 жылғы 10 наурыздағы бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдау Ережелерінің талаптарына сай. Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 7, 26 баптарына, автомобиль көлігімен жолаушылар және жүк тасымалдау Ережелерінің 36-38, 297-318 тармақтарына сәйкес елді мекендерде таксилерге арналған тұрақтар белгіленген, онда жолаушыларды отырғызу және түсіру жүзеге асырылады.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:
1. Аудан халқы үшін көліктің барлық түрлерінің қолжетімді қызметін ішкі маршруттарды жаңарту жолымен қамтамасыз ету.

Әлсіз жақтары:

1. Шалғайдағы елді мекендердің заңсыз тасымалдаушылардың қызметіне байланысты тұрақты байланыспен қамтылмауы. Ауданда пайдасыздығы мен шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мәселесінің шешілмеуі себебінен аудан ішіндегі жолаушы тасымалы жоқ.



Мүмкіндіктер:

1. Мақсатқа жетудегі табыстылық көп жағдайда реттелгендік деңгейі мен басқа да мүдделі жақтармен әрекеттесушілікке байланысты болады. Жекелей айтқанда, ұқсат құжатсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген заңсыз тасымалдаушыларға қатысты проблемаларды шешу үшін жолауш көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Ұлан ауданы ішкі істер бөлімінің жол полициясы бөлімі, ШҚО бойынша аймақаралық көлік бақылау инспекциясының филиалы арасында тығыз қызметтестік қажет.



Қауіп-қатерлер:

1. Баға қатері. Көлік саласын дамытудағы критикалық фактор энергия тасымалдаушылардың бағасы болып қала беруде, бұл жұмыстың өзіндік құнына әсер етеді.


2.2.3.8 Абаттандыру

Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, рұқсат берілмеген қоқыс төгу орындарын жою, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2012 жылы облыс және аудан бюджетінен тірек елдімекендерді дамыту үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстарға қаражат бөлінді:


  1. Таврическое ауылындағы (Тоқтаров және Песчаная көшелері) көше жарығын жөндеу – 17908,0 мың теңге;

  2. Айыртау ауылындағы Жанабеков көшесінің көше жарығын жөндеу – 1548,0 мың теңге;

  3. Айыртау ауылындағы Абай көшесінің көше жарығын жөндеу – 2155,0 мың теңге.

Облыс және аудан бюджеттен елдімекендерді абаттандыру үшін бөлінді:

  1. Таврическое ауылындағы спорт стадионды қайта құру – 46075,0 мың теңге;

  2. Бозанбай ауылының көше жарығын жөндеу – 8144,0 мың теңге;

  3. Бозанбай ауылында қиратылған ғимараттарды қалпына келтіру – 2000,0 мың теңге.

2012 жылы аудан бюджетінен көше жарықты жөндеу үшін 13925,0 мың теңге, абаттандыруға және көгалдандыруға – 7371,0 мың теңге және санитарлық тазартуға – 4300,0 мың теңге бөлінді.

Асубұлақ кентінде 2500,0 мың теңгеге қиратылған ғимараттарды қалпына келтіру және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру жұмыстар жүргізілді.

Қасым Қайсенов кентінде 30000,0 мың теңгеге кіре беріс, З. Ахметов көшесі, мектептын маңайы абаттандырылды.

Жаяужол, гүлдер салынды, декоративтік көше шамдар орнатылды және ағаштар отырғызылды.

2013 жылы аудан бюджетінен Қасым Қайсенов кентінін алаңын абаттандыруға және елдімекендерді көгалдандыру үшін 22000,0 мың теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:



  • Қасым Қайсенов кентінде аулалардың ағымдағы жөндеу;

  • Асубұлақ кентінде Касенов көшесінің көше жарығын жөндеу;

  • Тарғын ауылындағы көше жарығын жөндеу;

  • Отрадное ауылындағы Центральная көшесінің көше жарығын жөндеу;

  • Каменка ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу;

  • Сағыр ауылындағы көше жарығын жөндеу;

  • Айыртау ауылындағы Оразгалиев көшесінің көше жарығын жөндеу;

  • Герасимовка ауылындағы көше жарығын жөндеу;

  • Пролетарское ауылындағы Центральная көшесінің көше жарығын жөндеу.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен келесі жұмыстар жүргізілді:

  1. Бозанбай ауылындағы спорт стадионды абаттандыру;

  2. Бозанбай ауылында қиратылған ғимараттарды қалпына келтіру;

  3. Бозанбай ауылды абаттандыру;

  4. Бозанбай ауылының көше жарығын жөндеу;

  5. Таврическое ауылындағы көше жарығын жөндеу.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

  1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Әлсіз жақтары:

  1. Аумақтарды көріктендіру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Мүмкіндіктер:

  1. Аумақтарды көріктендіру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы.

Қауіп-қатерлер:

  1. Аудан елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі, тұрғын қорының, көріктендіру элементтерінің тез тозуы, жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі, елді мекендердің келісімсіз келбеті.



2.2.3.9. Құрылыс


Құрылыс басқа салалардан ерекшеленетін және ұйымдардың және басқармалардың ерекше формаларының құрылыс өндірісінің қажеттілігін мәжбүрлейтін ерекшеліктерге ие.

Бұл – құрылыс процессінің қатысушыларының көптүрлілігі, капиталдың қатысты баяу айналуы және тәуекелдің жоғары деңгейі.

Құрылыс саласын әрі қарай дамыту, сондай-ақ қауіпсіздікті және құрылыс өнімінің сапасын арттыру қазіргі жағдайларда негізгі экономикалық және саяси міндеттері болып табылады. Құрылыс кешені жалпы экономикаға зор әсер етеді, бұл әлеуметтік саладағы жағдайға маңызды емес.

Аудан бойынша 2011 жылы тұрғын үйді қолданысқа беру 4505 шаршы метр енгізілді, бұл 2010 жылға қарағанда12,7% немесе 508 шаршы метрға көп. 2012 жылы 5083 шаршы метр енгізілді, 2011 жылмен салыстырғанда 12,8% немесе 578 шаршы метрға артты. 2013 жылы 16544 шаршы метр қолданысқа енгізілді, 2012 жылмен салыстырғанда 225,5% немесе 11461 шаршы метрға артты.

2012 жылы 1 шілдеде ҚР Үкіметімен «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламаның асырылуы кезектегі адамдар үшін, барлық тұрғындарға арналған.

Қазіргі уақытта, аудан бойынша тұрғын үй алуға 475 адам кезекте тұр. 500 жер учаскесі жеке құрылысқа бөлінді. Алайда, қазіргі уақытта жеке құрылысқа уақытша рұқсат берілмейді. Себебі, Қасым Қайсенов кентіндегі ІV кезең құрылысына ЖСҚ әзірлеуде.

2013 жылы желтоқсан айында Қасым Қайсенов кентінде 80-пәтерлік тұрғын үй қолданысқа енгізілді. Жалпы құрылысының құны 494316,0 мың теңгені құрады. Сонымен бірге, 2013 жылы 95-пәтерлік үйдің құрылысы басталды. Жалпы құны 577633,0 мың теңгені құрады.


  1. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012 жылы 2946,6 млн теңгені құрап, 2011 жылғы деңгейден (2148,7 млн. теңге) 37,1%.

  2. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2012 жылы 132,2%-ды құрады, 2011 жылғы деңгейден (139,8%) 5,4 пайыздық тармаққа төмендеді.

  3. Құрылыс жұмыстарының облыстық көлемінде Ұлан ауданының үлесі 2012 жылы 2,5%-ды құрады.

  4. 2013 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 3075,5 млн.теңгені құрады. 2011 жылмен және 2012 жылмен салыстырғанда 43,1% және 4,4% артты.

      1. Саланың даму ахуалының SWOT-талдауы.

      2. Күшті жақтары:

1.Жеке тұрғын үй құрылысы үшін бос жер телімдерінің болуы;

  1. Тұрғын үйлер құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту.

Әлсіз жақтары:

  1. Жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

  2. Қаржыландырудың жеткіліксіздігінен, жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысының әлсіз дамуы;

  3. Құрылыс индустриясының тиімді қалыптаспаған нарығы;

  4. Халықтың экономикалық белсенді тобының негізгі бөлігінің, соның ішінде жас отбасыларының қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етілмегендігі.

Мүмкіндіктер:

  1. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  2. Тұрғын үй құрылысына жеке инвесторларды тарту және мемлекеттік – жеке меншік әріптестікті ынталандыру.;

  3. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу мәселесін шешу;

  4. Бірінші кезекте экономды (үнемді) кластағы тұрғын үй құрылысын ауқымды жүргізу мақсатында, аумақтарды кешенді игеру және салынған аумақтарды дамыту;

  5. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Қазақстандық ипотекалық компаниясы сияқты қаржы институттарын дамыту;

  6. Құрылыс индустриясын жаңа заманауи технологияларды енгізу арқылы, энергиялық тиімділік және экологиялық талаптарға сай келетін құрылыс материалдарын, құрылымдарды және бұйымдарды өндіруді арттыру, тұрғын үй құрылысында қазақстандық үлесті арттыру жолымен дамыту.

      1. Қауіп-қатерлер:

1. Тұрғын үй құрылысының, соның ішінде жеке тұрғын үй құрылысының төмендеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет