Бағдарламасы Астана, 2017 ж. Мазмұны



жүктеу 76.22 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі76.22 Kb.
түріБағдарламасы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Әлеуметтік ғылымдар факультеті

Дінтану кафедрасы
БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу ісі жөніндегі проректоры

______________ А. Молдажанова

«____» _________ 2017 ж.

5В020600 – «Дінтану» мамандығы бойынша

шығармашылық (ауызша) емтиханының сұхбаттасу
Бағдарламасы


Астана, 2017 ж.

Мазмұны


  1. Аузша емтихан бағдарламасының мазмұны...................................................3

  2. Талапкердің сұхбаттасу емтиханының бағалау принципі мен критериі.....3

  3. Балмен өлшенетін білімді бағалау критериі...................................................3

  4. Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі.........................................3

  5. Сұрақтар тізімі................................................................................................4-5

  6. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.........................................................................6



  1. Аузша емтихан бағдарламасының мазмұны

Дінтану мамандығына түсу үшін ауызша емтиханның сұхбаттасу бағдарламасы мектеп пен колледж бағдарламасының негізінде жасалынды. Кафедра отырысында талданып, бекітілді.

  1. Талапкердің сұхбаттасу емтиханының бағалау принципі мен критериі.

  1. Дінтану мамандығына қатысты шығармашылық емтихан екі бағанадан тұрады:

а) бірінші бағанада – талапкермен сұхбат

б) екінші бағанада – билет арқылы сұраққа жауап жазады.



  1. Бағалау критериі бойынша:

а) «Дінтану негіздері» пәні бойынша сұхбат түрінде өтетін бірінші бағанада талапкердің болашақ маман үшін маңыздылығын көрсету. Бағалау критериі бойынша сөз саптауы мен жазу сауаттылығын тексеруде ең жоғарғы балл 40 балдық жүйемен бағаланады.

б) Шығармашылық емтихан билетінде екі сұрақ қамтылған. Билет бойынша талапкер дін мен тарих, география, әдебиет салаларымен байланыстыра білу қажет. Бағаналық жүйе бойынша ең жоғарғы балл 40 балдық жүйемен бағаланады.

Қорыта келгенде екі сынақ бойынша талапкердің алатын жоғарғы балы 80 балдық көрсеткішті көрсетіп отыр. Қазақстан тарихы, қазақ тілі бойынша ҰБТ-дан талапкер жоғарғы 40 бал жинауы қажет. Жалпы алғанда -120 балды жинаған талапкер осы мамандықтың мемлекеттік грантына үміткер бола алады.

Емтиханда талапкердің мектеп пен колледж бағдарламасының негізінде жасалған ауызша емтиханның деңгейі қарастырылады. Мұнда талапкердің қабілеті мен бейімі танылады. Дінге қатысты түсінігі мен негізгі ұғымы мен категория негізінде сарапталады. Өзіндік көзқарасы негізгі қойылған сұрақ төңірегінде берген жауабымен ерекшеленеді. Бағалау:

«Өте жақсы» баға 35-40 бал болып табылады. Оған қойылған сұраққа қатысты ойын нақты, дәйекті жеткізе алған жағдайда бағаланады.

«Жақсы» баға 25-34 бал болып табылады. Оған - теориялық жағынан ойын нақты білдіріп, тәжирбиеде ұштастыра алмаса қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға 15-24 бал болып табылады. Оған қойылған сұраққа өз пікірін білдірмесе қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға 0-14 бал болып табылады. Оған логикалық ойлау жүйесі дұрыс емес болған жағдайда қойылады.



  1. Балмен өлшенетін білімді бағалау критериі

    Әріптік жүйе бойынша баға

    Балдардың сандық эквиваленті

    Пайыздық көрсеткіші

    Дәстүрлі жүйе бойынша баға

    А

    4,0

    35-40

    Өте жақсы

    В

    3,0

    25-34

    Жақсы

    С

    2,0

    15-24

    Қанағаттанарлық

    D

    1,0

    0-14

    Қанағаттанарлықсыз

  2. Емтихан бағдарламасына енгізілген пәндер тізімі

1. Дінтану

  1. Сұрақтар тізімі

  1. Суфизмнің Қазақстанға таралуы. Қожа Ахмет Ясауи

  2. Ежелгі Греция жеріндегі дін. Ежелгі грек құдайларын атаңыз

  3. Исламдағы «джихад» ұғымы 

  4. Индуизм діни ілімі. Индуизм құдайлары

  5. Иса Мәсіх өмірі және христиандықтың пайда болуы

  6. Қытай жеріндегі діндерді атаңыз

  7. Ислам діні: әділдік және бейбітшілік

  8. Конфуций: негізгі принциптері мен ілімі 

  9. Ислам дініндегі негізгі мейрамдар

  10. Конфуцийде құндылық қалай қарастырылған

  11. Шығыс мұсылман ғалымдарын атаңыз. Біреуіне тоқталыңыз 

  12. "Тірі жанға зиян келтірмеу" түсінігіне көзқарасыңыз

  13. Ислам діні: білім мен ғылым орны. Ортағасырлық мұсылман ғалымдарын атаңыз

  14. Көне түріктердің Тәңірлік діні 

  15. Ислам дініндегі бес парыздың маңызы

  16. Иудаизм дінінің ерекшелігі

  17. Русьтің христиандықты қабылдауы

  18. Буддизмдегі "Төрт ақиқат"

  19. Христиан дінінің негізгі бағыттары

  20. Будда сөздеріне өз түсініктеме беріңіз: "Бұл дүниеде ешқашан өшпенділік өшпенділікпен тоқталмайды, бірақ өшпенділік болмауына байланысты тоқтатылады"

  21. Құран - мұсылмандардың қасиетті кітабы. Жалпы сипаттама

  22. Христиан дініндегі діни қағидаларға мысал келтіріңіз

  23. Мұхаммедтің өмірі және ислам дінінің пайда болуы

  24. Жаңа Өсиетке өз түсінігіңізді беріңіз

  25. Протестанттық дін жөнінде не айталасыз

  26. Інжіл - әлемдік мәдениет ескерткіші ретінде

  27. Католик діні жайында не айталасыз

  28. Христиан дініндегі негізгі мейрамдар 

  29. Мартин Лютер және протестантизмнің пайда болуы

  30. Протестантизмнің православие және католик дінінен айырмашылығы

  31. Христиан дінінің Қазахстанда таралуы

  32. Дінтану пәні нені зерттейді

  33. Діни наным-сенім бостандығын қалай түсінесіз

  34. Дін дегеніміз не? Дінге анықтама беріңіз. Сіздің түсінігіңіздегі дін

  35. Қазіргі Қазақстандағы діндерді атаңыз

  36. Адамзат тарихы мен мәдениеті діннің бөлігі ретінде

  37. Қазіргі әлемдегі экстремизм және терроризм мәселесі. Мысал келтіріңіз

  38. Дін құрылымы. Жалпы сипаттамасы

  39. Қазіргі Қазақстандағы дінаралық сұхбат

  40. Діни дүниетанымға сипаттама беріңіз

  41. Дінаралық сұхбаттың маңызы. Қазақстан мысалында 

  42. Дін функциялары

  43. Толеранттылық ұғымына және конфессияаралық қатынасқа сипаттама беріңіз

  44. Политеистік және монотеистік дін. Мысалдар келтіріңіз

  45. Қазіргі Қазақстандағы Ислам. Жалпы сипаттамасы 

  46. Ежелгі адамдардың наным-сенімдері. Жалпы сипаттамасы

  47. Шаманизм. Бақсы рөлі 

  48. Фетишизмге анықтама беріңіз

  49. Абай шығырмаларындағы дін. Абайдың қара сөзінен бір мысал келтіріңіз

  50. Тотемизмге анықтама беріңіз

  51. Қазіргі Қазақстандағы православие діні

  52. Анимизмге анықтама беріңіз

  53. Ортағасырлық Қазақстан мәдениетіндегі исламнің ролі. Мұсылман ғалымдарын атаңыз 

  54. Магия дегеніміз не? Магияның түрлері

  55. Қазақстан жеріндегі ислам дінінің орны мен тарихы 

  56. Мифке анықтама беріңіз? Мифке мысал келтіріңіз 

  57. Буддизм діні: пайда болуы мен қалыптасуы  

  58. Ежелгі Египеттегі діни - наным. Ежелгі мысырлық құдайларды атаңыз

  59. Ислам дінінің негізгі бағыттары

  60. Ежелгі Месопотамия жеріндегі құдайлар



  1. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Основы религиоведения. Учебник для 9 класса общеобразовательных школ с русским языком обучения. Авт. Г. Есим, А.П.Абуов, К.К. Бегалинова, Е.М.Смагулов.-Алматы, 2014

  2. Религии мира. Энциклопедия.-Москва, 2007

  3. Василев Л.С. История религий Востока.8 изд.-М., 2006

5В020600 – Дінтану» мамандығы бойынша шығармашылық (ауызша) емтиханының сұхбаттасу бағдарламасын құрастырған:

Дінтану кафедрасының ф.ғ.к., доцент ________________ Б.Л. Таирова

Шығармашылық (ауызша) емтиханының сұхбаттасу бағдарламасы кафедра отырысында талқыланды,

«23» мамыр 2017 ж. № 10 хаттама
Дінтану кафедрасының

меңгерушісінің м.а. ________________ Д.Т. Кенжетаев

Әлеуметтік ғылымдар факультеттің ОӘК бекітті,

«26» мамыр 2017 ж. № 11 хаттама



ОӘК төрағасы ________________ З.Т. Абетова




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет