Бағдарламасы «Астрономия»



жүктеу 256.46 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі256.46 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-38.90/02-2013


ПОӘК

Студентке арналған пәннің бағдарламасы

«Астрономия»

№ 1 басылым

11.09.2013 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В011000- «Физика» мамандығы үшін


«Астрономия»
ПӘННІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Алғы сөз


1. ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрастырушы:_____ Мешетова Ж.С., аға оқытушы, физика кафедрасы
2. ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Физика» кафедрасы отырысында


« 11 » 09 2013ж., №1 хаттама
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор С.С.Маусымбаев
2.2 Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының

отырысында


« 12 » 09 2013ж., № 1 хаттама
Төрайымы Қ.А.Батырова
3. БЕКІТІЛДІ

Университететің Оқу-әдістемелік Кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған



« » 2013ж., хаттама
ОӘК төрағасы Г.К. Искакова
АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛІП ОТЫР

Мазмұны

1.


Жалпы ережелер

2.


Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

3.


Пәнді оқып білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

4.


Курс форматы

5.


Курс саясаты

6.


Баға қоюдың саясаты

7.


Әдебиет тізімі


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат

Мешетова Жанагул Скендировна

Кафедра «Физика»

Байланыс туралы ақпарат – тел. 77-33-58, №3 оқу ғимараты, № 307 каб.

Сабақты жүргізу орыны – 3ші қабат аудиториялары

Пән бойынша кредит саны – 3


1.2 Астрономия пәні мазмұнының қысқаша сипаттамасы.

Астрономия пәні, қысқаша даму тарихы. Сфералық астрономия элементтері. Эклиптика және оның негізгі элементтері. Уақытты өлшеу. Жұлдыздық және күндік уақыт. Күнтізбенің пайда болу және даму тарихы. Күн жүйесінің құрылысы. Тәуліктік параллакс. Ай фазалары. Ай жердің табиғи серігі. Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жиілігі және периоды. Планеталардың қозғалыс заңдары.Кеплер заңдары.Космонавтика элементтері. Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары. Күн физикасы.Күннің негізгі сипаттамалары. Күн атмосферасы. Қос және санды жұлдыздар. Спектрлі қос жұлдыздар.Айнымалы жұлдыздар. Галактика. Құсжолы.Метагалактикалар.


1.3 Осы курстың мақсаты студенттердің астрономия туралы мағлұматтар алуы;
1.4 Осы пәннің негізгі мақсаты қарастыратын негізгі құбылыстар жайлы білімді,

олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, физикалық шамаларды, олардың

математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін, тәжірибелік әдістердің

негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеу туралы мағлұматтар беру.


1.5Курсты оқығаннан соң студент

игеруі қажет:

негізгі құбылыстарды, олардың өту ерекшеліктерін, негізгі ұғымдарды, шамаларды, олардың математикалық жазылуларын, өлшем бірліктерін; тәжірибелік әдістердің негіздерін және өлшеу нәтижелерін өңдеуді; астрономия заңдарын нақты астрономиялық есептерге қолдануды, құралдармен жұмыс істеуді;

ұға білуі қажет:

негізгі астрономиялық құбылыстарды, олардың табиғатта байқалуын және техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;

меңгеруі қажет:

астрономиялық приборлармен жұмыс істеуді, астрономияның нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;

Курсты оқығаннан соң студент мынаны істей білуі қажет:

- астрономиялық құбылыстың физикалық механизмін аша білуі, - статистикалық әдісті қолдана білуі;

- құралдармен және жүйелердің негізгі параметрлерін өлшеу әдістерімен

жұмыс істей білуі;

- процесс сипаттамаларын өлшей білуі, өлшеу нәтижесін бағалай білуі,

компьютерді қолдана білуі және өлшеу нәтижесінің статистикалық өңдеуінің нәтижесін ала білуі; молекулалық физика және термодинамика есептерін шығара білуі.

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 оптика

1.7 Курс постреквизиттері:

1.7.1 Атомдық физика, ядролық физика

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІНЕ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ

«Астрономия» 1 –кесте



р/с


Тақырып аттары

Сағаттар саны

Әдебиет

тер







Дәріс

Зерт.сабақ


Машық. саб.

ОБСӨЖ

СӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8




Дәріс№1.Астрономия тараулары.

Астрономия пәні, қысқаша даму тарихы. Астрономия тараулары. Астрономияның теориялық және танымдық мәні. Бақылаулар ролі. Ғалам құрылымының қысқаша түсініктемесі.



1




1













Дәріс№2.Сфералық астрономия негіздері.

Аспан сферасы- сфералы астрономияның негізі. Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәуләк бойынша айналуы. Әлем осінің горизонтқа қаатысты орналасуы.Аспан сферасында нүктелер мен сызықтар..

Машықтанусабағы№1 «Бұрыштық өлшеулер ».


1




1













Дәріс №3. Астрономиялық координат жүйелері.

Горизонталь координат жүйелері және оны анықтау. Экваторлық, координат жүйелері. Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі. Әр белдеудегі аспан сферасының айналуы .



1



















Дәріс №4. Күннің көрінерлік қозғалысы.

Жердің күннің айналасындағы қозғалысы және Күннің эклиптика бойынша көзге көрінер қозғалысы. Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптикалық координата жүйесі. Машықтану сабағы № 2 «Шырақтардың көріну шарттарына есептер шығару»



1




1

2










Дәріс № 5.Планеталар қозғалысы.

Планеталардың жылдық қозғалысы. Тропикалық жыл. Зодиак шоқжұлдыздары. Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер.

Өздік жұмыс № 1

«Астрология негіздері. Гороскоп».



1










10







Дәріс №6. Уақытты өлшеу мәселелері.

Уақытты өлшеу бірліктері. Жұлдыздық және күндік уақыт. Орташа күн тәулігі, шын күн тәулігі. Уақыт тендеуі. Жергілікті, дүниежүзілік, белдеулік, декретті уақыттар. Уақыттың атомдық стандарты.

Машықтану сабағы №3

«Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі»



1




1

2










Дәріс №7. Күнтізбенің даму тарихы.

Күнтізбенің пайда болу және даму тарихы. Жаңа және ескі күнтізбе. Жұлдызды каталогтар мен астрономиялық жылнамалар, жұлдызды аспан картасы. Универсальды құрал. Географиялық координаттарды және күннің талтүс сызығының бағытталуын анықтаудың жуықтау әдістері.



1



















Дәріс № 8.Әлемнің құрылымы туралы көзқарастың дамуы.

Астрономияның пайда болуы..Астрономияның ежелгі Грецияда дамуы. Планеталардың көрінерлік қозғалысы. Әлемнің Птолемей ұсынған геоцентрлік жүйесі. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Машықтану сабағы №4

«Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптикалық координата жүйесі.»



1




1

2










Дәріс № 9.Күн жүйесінің құрылысы.

Қазіргі көзқарас бойынша Күндік жүйенің құрылуы. Тәуліктік параллакс. Күн параллаксы. Астрономиялық бірлік. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдістемесі.Күн жүйесіндегі айдың өлшемін анықтау.

Өздік жұмыс № 2

«Жылдық параллакс, жарық абберациясы»



1










10







Дәріс № 10. Ай жердің табиғи серігі.

Айдың жұлдызға және Күнге қатысты көрінерлік қозғалысы., Ай фазалары. Сидерикалық және синодикалық айлар. Айдың айналуының синодтық периоды.

Машықтанусабағы№5

«Уақытты өлшеу мәселелері»



1



1













Дәріс №11. Ай мен Күн тұтылулары

Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жиілігі және периоды.Түйіндер сызығының қозғалысы.Айдахар жылы мен айы.



1







2










Дәріс № 12. Аспан механикасының негіздері.

Планеталық орбиталардың элементтері. Планеталардың қозғалыс заңдары. Кеплер заңдары. Ауытқу теориясының элементтері. Плутон мен Нептунның ашылуы. Нутация. Құйындармен тасқындар.Космонавтика элементтері. ЖЖС, ИНТ орбитасын есептеудің қарапайым тәсілдері.

Машықтану сабағы№ 6

«Ай фазалары. Сидерикалық және синодикалық айлар»



1




1













Дәріс № 13.Астофизика құралдары мен әдістері.

Оптикалық телескоптар және олардың негізгі сипаттамалары.телескоп түрлері. Жарық көзінің негізгі мінездемелері: өсуі, жарықтың сынуы және өтуі. Рефракторлар және рефлекторлар, олардың кемшіліктері. Айналық-линзалық телескоптар. Погсон формуласы. Абсолютті жұлдыздық шамалар.

Өздік жұмыс № 3

«Астрофотометрияның негіздері. Астрономиялық обсерваториялар»




1










10







Дәріс № 14.Радиоастрономияның құралдары мен әдістері.

Спектралды анализдің негіздері. Спектралды приборлар.Сәулелену заңдары. Допплер принципі.Электромагнитті тербелістердің әртүрлі диапозондары. Радиотелескоптар.Радиоастрономия ролі.Аспан денелерін зерттеудің атмосферадан тыс әдістері.Негізгі обсерваториялар мен үлкен телескоптар.

Машықтану сабағы №7

«Ай мен Күннің тұтылулары, олардың жиілігі және периоды.»



1




1

2










Дәріс № 15 Күн жүйесінің физикасы.

Күн жүйесі жайлы жалпы мағлұмат. Күн. Өлшемі, массасы, тығыздығы. Осьтік айналуы. Күннің негізгі сипаттамалары: температурасы, қысымы.Күннің магнит өрісі. Күн энергиясының көздері.



1



















Дәріс № 16 Күннің ішкі құрылымының моделі.

Фотосфера, грануляция, шырақтар, күн дақтары. Күн атмосферасы. Күннің спектрлік және химиялық құрамдары. Хромосфера, хромосфералық жарұылдар. Протуберанцтар. Күндегі белсенді түзілістер. Олардың магит өрісімен байланысы Күн активтілігінің циклділігі. Күн активтілігінің Жердегі геофизикалық және биологиялық процестерге әсері.

Машықтану сабағы №8

«Кеплер заңдарына есептер шығару»



1




1













Дәріс № 17 Жер және оның құрылымы.

Жер жайында жалпы түсінік. Жердің массасын анықтау.Жердің ішкі ұүрылымының сәулелену әдістері. Жер құрылымы жайында қазіргі көзқарас. Жер атмосферасының құрылымы мен қысымы, құрамы. Магнитосфера. Жердің радиациялық белдеуі.




1



















Дәріс № 18 Планеталар және олардың серіктері.

Күн жүйесіндегі планеталар, негізгі сипаттамалары. Күннен арақашықтығы, айналу периодтары, өлшемдері, массасы, тығыздығы, критикалық жылдамдықтары, температурасы, иілу осьтері. Планеталар және олардың серіктері. Планеталардың физикалық қасиеттері, негізгі сипаттамалары.

Өздік жұмыс № 4

«Күн жүйесіндегі планеталардың конфигурациясы және көріну шарттары»

Машықтану сабағы №9

«Планеталар конфигурациясына есептер шығару»



1




1

2

10






Дәріс № 19 Кіші планеталар, кометалар.

Кіші планеталар, олардың ашылу тарихтары.Астероидтің айналу периоды, массасы, өлшемдері.Кометалар. Сыртқы түрі. Кометалардың орбиталары. Кометалардың құрылымдары: ядро, басы және құйрығы.Ерекше қызықты кометалар.



1



















Дәріс № 20 Метеориттер, олардың классификациясы.

Метеорлы шоғырдың пайда болуы.Метеорлардың ағындары және олардың радианттары. Метеориттер, олардың классификациясы. Метеориттердің химиялық құрамы мен физикалық табиғаты. Метеориттер жастарын анықтау. Ерекше қызықты метеориттер. Зодиактық жарық.

Машықтану сабағы №10

«Оптикалық телескоптар және олардыңнегізгі сипаттамалары.телескоп түрлері.»



1




1

2










Дәріс № 21 Жүлдыздар физикасы.

Жұлдыздарға дейінгі арақашықтықты анықтаулдың тригонометриялық әдісі. Парсек. Жарық жылы. Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары мен температурасы, радиустары, жарықтылығы.

Өздік жұмыс № 5

«Құсжолы-Галактика»



1










10







Дәріс № 22 Жұлдыздардың спектрі және спектрлік классификациясы.

Жұлдыз атмосферасының химиялық анализі. Герцшпрунг-Рессель диаграммасы. Негізгі, жоғарғы гиганттар, аса алыптар, ергежейлілер, ақ ергежейлілер.

Машықтану сабағы №11

«Күннің негізгі сипаттамалары: температурасы, қысымы. Күн энергиясының көздері»



1




1

2










Дәріс № 23 Жұлдыздардың түрлері.

Қос және көп санды жұлдыздар. Спектрлі қос жұлдыздар.Айнымалы жұлдыздар.Үлпілдек және ұзақ периодты айнымалылар. Жаңа және өте жаңа жұлдыздар. Пульсарлар және нейтронды жұлдыздар.. «Қара құрдым».



1



















Дәріс № 24 Біздің Галактика.

Галактиканың құрылымынан қысқаша мағлұмат.: өлшемдері, формасы, галактикаға кіретін обьектілер. Жұлдыздардың галактикалық орналасуы. Жұлдызды статистиканың әдістері. Құсжолы.

Машықтану сабағы №12

«Жер атмосферасы. Магнитосфера. Жердің радиациялық белдеуі»



1




1













Дәріс № 25 Галактикада күннің орналасуы.

Галактиканың айналуы. Галактиканың массасы, ядросы. Күннің галактикалық орбитасы. Жергілікті жүйе. Жұлдыз аралық орта. Жарықтың тозаңды ортамен араласуы. Нейтронды сутектің таралуы. Галактиканың спиральды құрылымы.

Өздік жұмыс № 6

«Галактикалар құрылысы»



1










10







Дәріс № 26 Галактикадан тыс астрономияның негізі.

Хаббл бойынша галактикалардың классификациясы. Галактикаға дейінгі арақашықтықты анықтау.Галактикалардың физикалық қасиеттер: өлшемдері, массасы, жарықтылығы, айналуы. Галактиканың ядролары.

Машықтану сабағы №13

«Планеталардың физикалық қасиеттері, негізгі сипаттамалары.»



1




1

2










Дәріс № 27 Галактиканың спектрі.

Галактиканың спектріндегі қызыл ығысу. Хаббл заңы. Квазарлар. Өзара әсерлесуші галактикалар. Галактикалардың жинақталуы. .Метагалактика.



1



















Дәріс № 28 Космогония негіздері

Кұн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық гипотезалары. Жер мен планеталардың жасы.

Машықтану сабағы №14

«Жұлдыздардың спектрі»



1




1













Дәріс № 29 Космология негіздері.

Космология пәніндегі жұлдыздардың пайда болуы, жүлдыздар эволюциясы, жүлдыздардың жасы. Галактикалар эволюциясы жайындағы гипотезалар.



1







2,5










Дәріс № 30 Фотометриялық , гравитациялық және термодинамикалық парадокстар. Иерархиялық құрылым. Кеңейтілген Ғалам проблемасы.Критикалық тығыздық. Хаблл тұрақтысы. Жаңа Ғалам және қалдық сәулелену жайында түсінік. Жерден тыс Ғалам.

Өздік жұмыс №7

«Кеңейтілген Ғалам проблемасы. Хаббл тұрақтысы»

Машықтану сабағы №15

«Жұлдыздар эволюциясы».


1




1




7,5







Барлығы

30




15

22,5

67,5





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

«Астрономия» курсын оқыту өзара байланысты төрт форманы қажет етеді: дәріс, практикалық (семинар) сабақ, ОСӨЖ-оқытушының студентпен өздік жұмысы, және СӨЖ - студенттің өздік жұмысы.

Дәрістер конспектілері материалды игеруге негіз болып табылады. Дәрісте конспект жазуға әрбір студент міндетті. Конспектті оқулықтардан және оқу құралдарынаналынған материалмен толықтырып, жазып алған өте пайдалы. Конспектті лектор беретін кеңестер кезінде де толықтыруға болады. Практикалық (семинар) сабағына дайындалуда келесі қажет болады: практикалық сабақтың тақырыбына сәйкес оқу құралдардан және дәріс материалы бойынша ұсынылған теориялық материалдар бойынша есептер шығару. ОСӨЖ және СӨЖ күнделікті және міндетті дайындықты талап етеді, нақты тапсырма бойынша орындалады және күнделікті оқытушымен тексеріледі. Аудиториядан тыс өздік жұмыста студенттер әдебиетпен жұмыс істеп, үй тапсырмасын орындап, практикалық сабақтарға дайындалады.
4 КУРС ФОРМАТЫ

«Астрономия» – 3 кредит.

Курс бойынша 50 минуттық дәріс, 50 минуттық практикалық сабақ, және 50 минуттық ОСӨЖ аптасына 1 рет болады. Дәрістерге, практикалық сабаққа, ОСӨЖ-ге қатысуға студент міндетті. Себепсіз босатылған сабақтар қайталап оқытылмайды. Жазбаша үй тапсырмалары (ЖҮТ) көрсетілген уақытта өткізілмесе, қабылданбайды, сондықтан студент белгілі бір балын жоғалтады. Практикалық сабақтар студентті өздігінен жұмыс істеуге үйретеді, ойлау қабілетін арттырады, сондықтан сабаққа нұсқаудағы сұрақтарға толық жауап беріп және тәжірибе жүргізу үшін кейбір физикалық ұғымдар мен шамалардың, құбылыстар мент процестердің мәнін анықтамалық кітаптан тауып, физика есептерін шығарып келуі керек. Сол жағдайда ғана тәжірибелік жұмысқа толық қорытынды жасауға болады. Сабаққа дайын емес студент практикалық сабаққа жіберілмейді, қосымша сабақ жүргізілмейді.
5 курс саясаты

Студент пәнді оқып-білу үрдісінде белсенді және өздік қабілеттерін көрсету міндетті, қалып келу, себепсіз сабақтан қалу, дер уақытта жұмыстарды тапсырмау және оқу үрдісінде пассивті болуда баллдарды алу түрінде штрафтар салынады.


6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Пән бойынша емтихан бағасы модульдар бойынша, межелік бақылау бойынша және соңғы аттестация бойынша (60%) көрсеткіштер мен емтихан нәтижесінің (40%) қосынды балы түрінде қорытылады, қосындысы 100% құрайды.

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың таратылуы кестеде келтірілген

«Астрономия» пәні бойынша баллдарды бөлу



2 – кесте


Апталар



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

баллдар

Дәрістер














































Машықтану







35




40




30




20




20




20




20

СОӨЖ







10




10




10




10




10




10




10

СӨЖ







25




25




25




25




25




25







Межелікбақылау



















60






















75

Барлығы







70




75




125




55




55




55




105

Студенттердің білім бағалау шкаласы:




Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Проценттік мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

-«-
В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3.00

80-84

75-79


-«-

В-

2,67

-«-

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,00

65-69

-«-

С-

1,67

60-64

-«-

Д+

1,33

55-59

-«-

Д

1,00

50-54

-«-

Ғ

0,00

0-49

Қанағаттанарлықсыз


7 Әдебиеттер

7. 1. Негізгі

7. 1.1. Дагаев М.М и др. Астрономия.- М., Наука.-1983.-384 с.

7. 1.2. Мекебаев К.Р., Уразбаева К.Т., Мешетоав Ж.С. Астрономия, оқу құралы.-Семей . Тенгри, 2005

7. 1.3. Бекбасаров Н.М. Астрономияға кіріспе. Алматы «Рауан», 1996ж.

7. 1. 4.Волынский В.А. Астрономия.- М., Наука,1971.

7. 1.5. Дагаев М.М. Сборник задач по астрономии.- М., Просвещение.-1980.-128 с.

7. 1.6. Бакулин П.И., Конович Э.В., Мороз В.И.Курс общей астрономии.- М., Наука.-1983.-560 с.

7. 1.7. Воронцов- Вельяминов Б.А. Сборник задач и практических упражнений по астрономии.- М., Наука.- 1977.

7.2 Қосымша

7. 2.1. Шкловский М.И. Вселенная. Жизнь. Разум. - М., Наука.-1984.

7. 2.2.Баулин и др. Курс общей астрономии.- М., Наука.-1983.

7. 2. 3.Курышев В.И. Практикум по астрономии.- М., просвещение.-1986.- 144с.



7.2.4 . Климишин И.А. Астрономия наших дней. - М., Наука.-1980.- 456 с,



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет