Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет2/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.1.1. Бағыт. Экономика


2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика

Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2013 жылғы 139,9 млрд. теңгеден 2015 жылғы 128,7 млрд. теңгеге дейін немесе нақтылы есептегенде  8%-ға азайды. Нақты ауқымдық индексі (бұдан әрі – НАИ) 2015 жылы 84,5%-ды құрады (2013 жылы – 119,4%, 2014 жылы – 130,6%). 2015 жылы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде қарастырылады:



  • тау-кен өнеркәсібі – 1,9 млрд. теңге (НАИ – 15,6%);

  • өңдеу өнеркәсібі – 50,5 млрд.теңге (НАИ – 79,9%);

  • электрмен жабдықтау, газ, бу беру – 67,5 млрд. тенге (НАИ – 102%);

  • сумен жабдықтауда – 8,8 млрд. тенге (НАИ – 125,0%).


15,6%

79,9%

102,0%

125,0%

тау-кен

өңдеу

электрмен қамту

сумен қамту

Өнеркәсіп салалары бойынша НАИ,% %%ҒНАИраслям промышленности, %

Сурет 1. 2013-2015 жылдардағы өнеркәсіп өндірісі көлемінің өзгеру динамикасы (млрд. теңге)
Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің көлемі Маңғыстау облысы бойынша жалпы көлемінен салыстырмалы үлесі 2015 жылы 8,3%-ды құрады, бұл өңірдің аудандары арасындағы 4 орын (2013 жыл – 6,2% 5 орын, 2014 жылы – 6,5%, 4 орын).

Ауыл шаруашылығының үлесі 2013 жылғы 5,3%-дан 2015 жылы 3,4%-ға дейін, көлік пен қоймалаудың үлесі 2,4%-дан 1,8%-ға төмендеді. Сонымен қатар, көтерме және бөлшек сауданың үлесі 85,0%-дан 86,5%-ға дейін, құрылыстың үлесі 18,8%-дан 26,6%-ға дейін өсті.



Сурет 2. 2015 жылға Ақтау қаласы бойынша өнеркәсіп өнімі көлемінің құрылымы
Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылы 692,9 мың теңгені құрады (облыс бойынша орта есеппен – 5 721,1 мың теңге). 2013 жылмен салыстырғанда (759,7 мың теңге) көрсеткіш 8,8%-ға төмендеді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің өзге салалары бойынша көрсетілген – мәрмәр, әк тас, түйіршіктелген, қиыршық тастар табиғи құм және осы аядағы техникалық қызметтер сияқты кен өндіру өнеркәсібі 1,5%-ға шақ.

Өңдеу өнеркәсібі болып тамақ өндірісі, тоқыма бұйымдары, фармацевтикалық өндірістер, жеңіл, химиялық өнеркәсіптері, машина жасау және өзге де салалық өндірістер болып айқындалды.

2016 жылдың 10 айында өнеркәсіп өнімінің көлемі 142,2 млрд.теңге, НАИ – 95,0%-ды құрады (2015 жылдың 10 айында – 82,8%).

Ақтау қаласы республикалық бюджеттің және жалпы мемлекеттік салықтардың бюджеттік аударылуы көлемінің бірден-бір негізі болып табылады. Осылайша, 2015 жылы мемлекеттік бюджетке салық пен өзге де төлемдерден түскен қаражат (контингент) жалпы сомада 96,3 млрд. теңге (2013 жылдық деңгейден 5,4%-ға жоғары), оның ішінде республикалық бюджетке – 36,2 млрд. теңге (4,7%-ға төмендеу) және жергілікті бюджетке – 60,1 млрд. теңге (12,5%-ға өсім).


Мемлекеттік бюджетке түсім, млрд. теңге

Жергілікті бюджетке түсім, млрд. теңге




Сурет 3. 2013-2015 жылдарға қала бойынша салық пен жинақтардан түсімнің динамикасы
Қалалық бюджетке түскен салық пен салықтық емес түсімдердің көлемі 2013 жылы 11,0 млрд. теңгеден 2015 жылы 15,1 млрд. теңгеге дейін немесе 36,5%-ға өсті.

Қала бюджетін құрайтын негізгі салықтар - бұрынғысынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық, орта есеппен барлық салықтар мен жинақтардың түсімінен 88,0%-н құрайды. 2015 жылы осы салықтар түрінен 66,5 млрд. теңге түсті немесе 2013 жылдық деңгейден 19,8%-ға жоғары (2014 жылы – 48,3%-ға). Сонымен қатар, 2013 жылы аталған түсімдерден облыстық бюджетке – 26,7 млрд. теңге, 2014 жылы – 34,1 млрд. теңге, және 2015 жылы – 42,9 млрд. теңге аударылды.

01.11.2016 жылға мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да түсімдер есебінен 89,3 млрд.теңге (30,2%-ға өсім), оның ішінде республикалық бюджетке – 40,8 млрд.теңге (1,9 есеге өсім) және жергілікті бюджетке – 48,4 млрд.теңге (0,8%-ға өсім).
Өңіраралық макроэкономика бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қала аумағындағы «Ақтау Теңіз порты» АЭА қызметін жалғастыру үшін қолайлы бизнес-орталығы мен инвестициялық ахуалын құру;

- өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салалары қарқынды түрде даму үрдісі, мұнайгаз секторларына бағдарлы – машина жасау, металлургия, құрылыстық сала;

- Ақтау Теңіз порты болғандықтан «Солтүстік-Оңтүстік» пен ТРАСЕКА халықаралық көліктік коридорлардың облыс аумағы арқылы өтуі үшін жоғарғы транзиттік потенциал.;

- айтарлықтау туристік-рекреациялық потенциял;

- оралмандар мен Қазақстанның басқа да өңірлерінен келген тұрғындар есебінен халықтың көші-қондық жолмен қарқынды өсуі.


- өңірдің экономикасын моно мамандандыру (кен өндіру өнеркәсібінің басымдылығы);

- табиғи тұщы су көзінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамуына табиғи-климаттың шекеулігі және облыстық қауіпсіз азық-түлікпен қамту ;

- қала халқы санының аздығы (республиканың басқа да облыстық орталықтары арасында 12 орын);

- облыстық біліктілік еңбек ресурстарының аздығы, біліктілігі жоғарғы емес мигранттардың айтарлықтай келуі;

- облыстағы ішкі тұтыну рыногының шектеулі көлемі және логистиканың жеткілікті дамымауы;

- мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- мұнайгаз, құрылыс индустриясы, туристік салаларында кластер дамуының мүмкіндігі;

- өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік пен логистика дамуының есебінен өнеркәсіп өндірісі салаларының оңтайлануы;

- ауыл шаруашылығының дамуында инновациялық тәсілдемелерді нығайту – тамшылатып суару, жылыжайда өсімдік өсіру, өңірдің аумағындағы жем-шөп өндірісі.;

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағындағы эксопорттауға жоғарғы технологиялар өндірісін орналастыру, олар үшін қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылым құру ;

- шағын және орта бизнесті дамытуға инженерлік инфрақұрылымды құрумен бірге өндірістік аймақ қалыптастыру


- облыстағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;

«Солтүстік - Оңтүстік» және ТРАСЕКА халықаралық көлік дәліздерінің қазақстандық учаскелерінің баяу дамуының салдарынан транзиттік әлеует бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жоғалуы;

- Солтүстік Каспий жобасының 2-ші кезеңін іске асыруды ауыстыру салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі;

- азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты облыстағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.




Өңірлік макроэкономиканың негізгі проблемалары:

- өңір экономикасының моношикізаттық бағыты;

- ішкі нарықтың тарлығы;

- өңірдің республиканың негізгі экономомикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;

- ауыз су тапшылығы;

- меншікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мүмкіндіктерінің шектеулі болуына байланысты импортталатын азық-түлік өніміне арналған жоғары бағалар;

- халық табысының жоғары саралануы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет