Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11


Аумақтық әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына сараптама



жүктеу 3.22 Mb.
бет3/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.1. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына сараптама

2.1.1. Бағыт. Экономика.


2.1.1.2. Өнеркәсіп

Салалар дамуының негізгі бағыты – әртараптандыруы мен бақталастыққа қабілеттілігі, инновацияны дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру, халықтың табыстары мен еңбегінің өсіуі. 2015 жылы қаланың жалпы жалдамалы жұмысшыларының санынан 32,1% өнеркәсіпте болды және олардың облыс бойынша үлесі 18,1%.

2013-2015 жылдардағы кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 8,0%-ға төмендеп, 128,7 млрд.теңгені құрады.

Өнеркәсіптің құрылымында (1 кесте) негізгі орынды электрмен жабдықтау, газ, бу беру алады, оның үлесі – 52,5%, өңдеу өнеркәсібі алады 39,2%, сумен жабдықтау – 6,8%, кен өндіру өнеркәсібі – 1,5%.


1-кесте. 2013-2015 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері



Салалар

Өндіру көлемі,

млрд. теңге

НАИ, %

Үлес салмақ,%

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Барлығы

139,9

154,4

128,7

119,4

130,6

84,5

100

100

100

кен өндіру

10,1

12,8

1,9

134,3

83,3

15,6

7,2

8,3

1,5

өңдеу

63,8

72,1

50,5

118,4

124,5

79,9

45,6

46,7

39,2

электрмен жабдықтау

54,1

60,7

67,5

101,1

110,0

102,0

38,7

39,3

52,5

сумен жабдықтау

11,9

8,8

8,8

129,6

105,5

125,0

8,5

5,7

6,8


Кен өндіру өнеркәсібі:

Кен өндіру өнеркәсібінің құрылымында (кесте 2) жалпы көлемі 13,9 мың шаршы м. табиғи құм өндіруді жүзеге асырушы кәсіпорындар көрсетілді (жалпы облыстық көлемде 1,1%), ганит, құм тастар – 29,4 мың шаршы м. (52,5%), түйіршік, қиыршық тастар – 69,1 мың шаршы м. (0,6%).


2- кесте. 2013-2015 жылдарға арналған кен өнеркәсібінің көрсеткіштері

Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Ескерткіштерге арналған мәрмәр тастар, әрлеу немесе өзге құрылыс


мың.шаршы.м.

13,2

28,8

28,8

2,2 есе

Түйіршік, ұсақ, қиыршық тастар, бөлшектенген тастар


мың.шаршы.м.

246,8

102,9

69,1

72%-ға төмендеу

Ескерткіштерге арналған гранит, құмтас немесе өзге құрылыс

мың.шаршы.м.

23,3

32,0

29,4

1,3 есе

Табиғи құм

мың.шаршы.м.

100,3

53,7

13,9

86,1%-ға төмендеу


Өңдеу өнеркәсібінің дамуы.

Облыстық өңдеу өнеркәсібінің ауқымды көлемі осы салалар бойынша ірі және орта кәсіпорындары көп шоғырланған Ақтау қаласының үлесіне тиесілі (59,8%).



1 сурет. 2013-2015 жылдардағы өнеркәсіптің жалпы көлемінен өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлесі.
Қаланың өңдеу өнеркәсібінің негізін азық-түлік, мұнай өңдеу өндірісі, металл емес өзге минералды өнімдер және басқалар құрайды (3 кесте).
3 кесте. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында 2013-2015 жылдардағы негізгі салалардың өндіріс көлемі мен үлес салмағы




Салалар атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Өндіріс көлемі (млн. теңге)

НАИ (%)

Үлес салмағы

(%)


Өндіріс көлемі (млн. теңге)

НАИ (%)

Үлес салмағы

(%)


Өндіріс көлемі (млн. теңге)

НАИ (%)

Үлес салмағы

(%)


Тамақ өнімдері

5326,6

131,7

8,3

3174,8

102,0

4,4

3 267,5

101,8

6,5

Нан-тоқаш өнімдері

2437

121,8

3,8

1261,1

100,1

1,8

1 152,7

91,3

2,3

Тоқыма бұйымдары

45,2

63,6

0,1

63,6

09,0

0,1

55,4

97,2

0,1

Киімдер

200,5

151,6

0,3

199,1

87,2

0,3

154,4

в 2,7 раз

0,3

Химиялық өнеркәсібі

15270,7

116,6

23,9

21704,6

151,9

30,1

15 590,9

107,5

30,9

Машина жасау

15668,3

161,1

24,5

13562,0

115,2

18,8

6 832,8

53,2

13,5

Өзге де металл емес минералды өнімдер

6106,4

106,7

9,6

8412,7

78,3

11,7

11 272,7

100,1

22,3

Мұнай өңдеу өндірісі

6,4

-

0,01

9477,1

24,2 раза

13,1

5 383,9

52,0

10,6

Металлургия өндірісі

4263,8

92,2

9,6

3473,8

91,1

4,8

2 821,3

51,9

5,6

Металл құрылым құрылыс өндірісі

142,0

98,7

0,2

61,3

71,3

0,1

126,0

69,9

0,2

Фармацевтикалық өндірістер

4615,9

67,1

7,2

3916,3

96,5

4,0

2 416,3

111,7

4,8

Резеңке, пластассалық бұйымдар

5326,6

131,7

8,3

3174,8

102,0

4,4

3 267,5

101,8

6,5


Машина жасау

Машина жасау қала өнеркәсібінің тез өсіп келе жатқан салаларының бірі болып табылады: 2013-2015 жылдарда өндіріс көлемі 2,3 есеге азайды. Қалада мұнай-газ машинасын жасау дамыған, Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеруге байланысты кеме жасау дамып келеді.

Саланың бәсекелестік артықшылықтары жер қойнауын пайдаланушылардың жобаларына жақындық, біліктіліігі жоғары мамандардың болуы, кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің жеткілікті желісі бар болып табылады.

Саланың негігі кәсіпорындары: «Каспий маңы машина жасау кешені» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «GММОS Қазақстан» ЖШС. 2015 жылы бұрандалы сорғылар шығаратын зауыт пайдалануға берілді, жобаның бастамашысы – «КУДУ Индастриз Қазақстан» ЖШС (Индустриялық парк).

Өнім мен қызметтердің негізгі түрлері: бұрғылау соғрылары мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді қоса алғанда, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдығы, кемелер мен мұнай-газ жабдығын жөндеу.
Металлургия өнеркәсібі

2013-2015 жылдардағы кезеңде саланың өнім өндіру көлемінің және нақты көлем индексінің бәсеңдеуі байқалады. 2013 жылы Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күйшейді, бұл болат дайындамалар экспортының қысқаруына әсер етті. Ішкі нарықта ресейлік өндірушілердің тарапынан болған бәсекелестік арматура сатуды қысқартуға алып келді. 2014 жылы әлемдік рыногта металл бағалары төмендеді. Нәтижесінде, «АҚЗ» ЖШС Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының Оңалту жоспары бойынша міндеттерді орындамады1.

Саланың негізгі кәсіпорындары: «Ақтау құйма зауыты» ЖШС – «АҚЗ» ЖШС (негізгі қызмет түрі – болат дайындамалар өндіру мен жаймалау өндірісі); «АrcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ (үлкен диаметрлі болат спиралды-жікті құбырлар өндірісі).
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі (металл өңдеу саласы)

Саланың негізгі кәсіпорындарыв: «Caspian Offshore and Marine Construction» ЖШС (бұрынғы «Keppel Kazahstan» ЖШС). Саланың негізгі кәсіпорындары КТҚС-да теңіз мұнай операцияларын жүргізуге арналған металл конструкцияларды шығаруға бағдарланған.


Саланың негізгі кәсіпорындары: «CASPI BITUM» БК» ЖШС, (Ақтау қ.) «Қазақ газ, өңдеу зауыты» АҚ («ҚазГӨЗ» ЖШС) (Жаңаөзен қ.). Негізгі өнім түрлері: жол битумы, сұйытылған көмірсутегі газдары.

2013 жылы қазақстандық-қытайлық кәсіпорын – жол битумдарын өндіретін зауытының («CASPI BITUM» БК» ЖШС) пайдалануға берілгенінің нәтижесінде, 2013 жылдан 2015 жыл аралығында сала ішіндегі ішкі сала үлесі 0,01%-дан 10,6%-ға дейін өсті. 2014-2015 жылдары жалпы 222,6 мың тонна битумдық өнім шығарылды.


Химия өнеркәсібі

2013-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты ауқым индексі өсу беталысын көрсетеді (4-кесте).

Негізгі кәсіпорын – Қазақстан Республикасындағы азоттық минералды тыңайтқыштарды шығаратын ірі кәсіпорын «ҚазАзот» ЖШС (ҚР-дағы азоттық минералды тыңайтқыштар шығарудың жалпы көлемінің 93%-дан астамы). Негізгі өнім түрлері: аммиак селитрасы, сұйық аммиак, азот қышқылы және басқалар.
4 кесте. 2013-2015 жылдардағы шығарылған өнімдердің көрсеткіштері



Өндіріс атаулары

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014

жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Аммиак өндірісі

мың тонна

110,1

159,4

169,9

154,3

Азоттық минералды тыңайтқыштар өндірісі

мың тонна

171,2

264,3

290,8

169,8

Көміртегі диоксиді өндірісі

тонна

108,0

157,0

164,0

151,8


Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру

«Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі» саласы бойынша 2013-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты көлем индексі өсу беталысын көрсетеді.

Негізгі өнім түрлері: цемент, әк, бетон, темір-бетон бұйымдары, тротуар тақтасы. Шығарушы - «Өндірістік кәсіпорындар басқармасы» ЖШС, «Строй – Деталь» ЖШС.

2014-2015 жылдары Индустрияландыру картасының аясында іске қосылған: үй құрылысы комбинатын («ДИС» ЖШС), индустриялық құрылыс комбинатын ( «КИС-Актау» ЖШС), инновациялық құрылыс материалдарын шығару зауытын («Каспий Тас Жолы» ЖШС), төмен қысымды полиэтиленнен жасалған тұрбаларды шығару зауытын («Каспио Пласт» ЖШС) және бұрандалы сорғыларды шығару зауытын («Куду Индастриз Казахстан» ЖШС) жобалық қуатқа шығару жұмыстары жүргізілуде.


Жеңіл өнеркәсіп

Сала өнімінің нақты ауқым индексі 2013 жылғы 105,2%-дан 2015 жылы 111,4%-ға дейін төмендеді (2014 жылы – 104,2%).

Саланың негізгі кәсіпорны: «Жамал-ай» АҚ, «УПП КОС» ЖШС.

Негізгі өнім түрлері: күштік құрылымдарға арналған арнайы қорғау аяқ киімі, арнайы қорғау киімі, тоқыма бұйымдар, мұнай-газ саласына арналған арнайы киім, халық тұтынатын тауарлар (5 кесте).


5 кесте. 2013-2015 жылдардағы жеңіл өнеркәсіптің көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млн.

теңге


802,3

949

765,5

95,4

Төсек-орын тыстарын өндіру көлемі

мың дана

23,4

25,8

18,2

77,8

Жұмыс киім өндіріс көлемі

мың дана.

59,5

63,3

61,8

103,8

Былғары және осы сияқты өндірістердің (аяқ киім) көлемі

мың жұп

802,3

949

765,5

95,4


Фармацевтика өнеркәсібі

2013-2015 жылдардағы өнім өндіру көлемі және нақты ауқым индексі орнықсыз динамиканы көрсетеді.

Өңірдің фармацевтика өнеркәсібі халық үшін рецепттер бойынша және облыс ауруханалары үшін облыстық ауруханааралық дәріхананың дәрілік заттарын өндіруден тұрады.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында өндірістік қуаттылығы жылына 20 млн. дана инфузиялық дәрілік формалар болатын «Сұйық дәрілік формаларды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару бойынша фармацевтикалық кешен» инвестициялық жобасы іске асырылуда. Құрылатын жұмыс орындарының саны – 300 адам. Аяқтау мерзімі – 2017 жыл.


Электрмен жабдықтау, газ, бу беру өнеркәсібі

2015 жылы электр энергиясын өндіру 5 217,9 млн. кВт сағ. құрады , бұл 2014 жылға қарағанда 2,2%-ға жоғары және жылу энергиясы 5 421,6 мың Гкал мөлшерде (2014 жылдық деңгейге 139,4%).

Қаланың өнеркәсіптік құрылымында электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуе салқындатқыш өндірісінің үлесі 52,4%-ды құрайды. «МАЭК-Казатомпром» ЖШС – бірден-бір электр өндіруші және облыстың 90%-нан астамы қолданатын кәсіпорын. 1999 жылы сәуір айындағы тәжірибелі-өнеркәсіптік реактор жылдам БН-350 нейтрондарынан шағарылғаннан кейін «МАЭК-Казатомпром» ЖШС пайдалануға берілуден толықтай табиғи газда жұмыс жасайды (6 кесте).


Каталог: files -> uploads
uploads -> «Қазақстан Республикасындағы банктер жңне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы
uploads -> Альперович Моисей Самуилович. Революция и диктатура в Парагвае (1810-1840)
uploads -> М. Рудый 2011 его называли «парагвайским робеспьером» Хосе Гаспар Родригес де Франсиа
uploads -> Владимир урин
uploads -> Администрация Жерновецкого сельского поселения Троснянского района Орловской области сообщает : в соответствии со ст


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет