Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет4/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6 кесте. 2013-2015 жылдардағы өнімдердің шығарылу көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Өндіріс өнімінің көлемі, барлығы

млн.

теңге

54 085,8

60 716,5

64 504,6

119,3

оның ішінде:

- электр энергиясын бөлу мен тарату өндірісі



млн. теңге

45 298,8

52 384,3

54 046,5

119,3

- газ тәрізді отынды бөлу мен тарату

млн. теңге

3 004,8

1 654,0

11 057,3

3,7 есе

- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуе салқындатқыш жүйесі

млн. теңге

5 782,2

6 678,2

2 400,8

41,5

Бағалау бойынша, қазіргі таңда кәсіпорын өңірдің электр энергиясына қажеттілігін толықтай қамтамасыз етеді. Алайда, өңірдің динамикалық дамуына байланысты электр энергиясын пайдалану күн санап өсуде және 2017-2018 жылдарға Маңғыстау облысында электр қуатына дефицит болу қаупі бар.

Осыларды ескере, қазіргі таңда «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС алаңында қуаттылығы 250 МВт бу-газ орнату құрылысы жөнінде мәселелер талқыланып жатыр.

Бүгінгі күні аталған инвестициялық жобаның ТЭН жасақталды. Құрылыс құны – 64219,6 млн.теңге.

Қала аумағында электр энергияларын жеткізумен, таратумен қамтамасыз ететін («АУЭС» МКК), жылу энергиясын, шаруашылық пен ауыз су жеткізетін және пайдаланушыларға дейін су тарту қызметімен қамтамасыз ететін («КЖСА» МКК, «Ақтау тұрғын үй» МКК) мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар жұмыс жасайды.

Өнеркәсіпте қызмет ететін қызметшілердің еңбекақысын жоспарлау барысында 37%-ға өсті. Тұтастай алғанда, осы салалардағы жұмысшылардың орташа айлық мөлшері басқа салалардағы жұмысшылардың жалпы орташа айлық мөлшерінен жоғары және де 2015 жылы 373266 теңгені құрады.


Сумен жабдықтау, су өндірісі, кәріз жүйесі, қалдықтарды бөлу мен жинаудағы бақылау

2015 жылы табиғи су өндірісі 1094,8 млн.куб.м. құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 3,5%-ға төмен (1134,5 млн.куб.м.). (7 кесте)


7 кесте. 2013-2015 жылдардағы өнімдердің шығарылу көрсеткіштері


Көрсеткіштер


Өлш. бірл.

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Өнімдерді шығару көлемі, барлығы

млн.

теңге

11 946,3

8 875,4

8 771,7

73,4

Оның ішінде:

-суды бөлу мен өңдеу, жинау



млн. теңге

6 582,8

5 624,9

3 569,7

54,2

-кәріз жүйесі

млн. теңге

484,5

488,2

523,5

108,0

-қалдықтарды кәдеге жарату, өңдеу, жинау

млн. теңге

4 545

2 469,4

2 350,3

51,7

-облыстық қалдықтарды кетірудің өзге қызметтері және қалпына келтіру

млн.

теңге

334

292,9

2 328,3

697,1


Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ИИДМБ, Өнімділік-2020, Экспорттаушы2020 бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау шараларының іске асуы;

- өнеркәсіпті дамыту институттары: «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ны, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның бар болуы;

- жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды сапалы даярлау үшін ТжКБ ұйымдары желісінің бар болуы.


- көмірсутегі шикізаты мен металлға арналған бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

- өңдеу өнеркісібінің шикізаттық тәуелділігі;

- облыс пен қаланың ішкі саудасын қолданудың шектеулі көлемі;

- өңдей өнеркәсібі салаларының өнімдерін көптеп экспортталуы;

- сыртқы саудаға өнімдерді жеткізу логистикасының жеткіліксіз дамуы;

- қалада ауыл шаруашылығының жеткіліксіз ресурстарынан азық-түлік қауіпсіздігінің қатерлігі және тағамдық өнеркәсіптің әлсіз дамуы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- геоэкономикалық жағдай, өндіру және мұнай химиясын дамыту үшін көмірсутегі шикізатының бай қорларының болуы;

- металлургияны, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы;

- отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА өнеркәсіптің дамуына әрекет етуі.



- әлемдік экономикаға кірігу байланысты өңірлік экономиканың бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі;

- облыстың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

- дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі.



Өнеркәсіп бойынша негізгі проблемалар:

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына; Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы (КТҚС) Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін бастауға байланысты; «Өнімділік – 2020» бағдарламасының аясында лизингтің қаржыландырумен байланысты проблемалар;

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі: Қашаған кен орнын игерудің 2-кезеңін іске асыру мерзімдерінің шегерілуіне байланысты компаниялардың төмен жүктелуі.

Металлургия өнеркәсібі: ұлттық мұнай-газ тасымалдаушы компаниялардың, сондай-ақ жылу транзиттік ұйымдардың тарапынан сұраныстың болмауына байланысты, «Аrcelor Mittal Tubular Products Aktau» АҚ-ның қуаттылықтары тек 25%-ға жүктелген; «АҚЗ» ЖШС-нің айналым қаражатының жоқтығы.

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «Caspi Bitum» БК» ЖШС – Ресейлік рубльдің құнсыздануына байланысты ресейлік битумның тарапынан бәсекелестік; «ҚазГӨЗ» ЖШС-дегін жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды).

Химия өнеркәсібі: ҚР ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің тарапынан тиеліп қойған аммиак селитрасына уақытылы ақы төлемеуі; энергия ресурстарына, табиғи газға және темір жол тасымалдарына арналған тарифтердің өсуі; амииак селитрасы импортының жыл сайынғы өсуі; амииак селитрасын Өзбекстан аумағынан өткізу кезінде, ол қолданатын бөгеу шаралары Тәжікстан мен Қырғызстандағы өткізу рыногын шектейді; салада білікті кадарлардың жетіспеушілігі.

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының, оның ішінде арзан ирандық цементтің жеткізілуі.

Жеңіл өнеркәсіп: шикізатты импорттауға жоғары тәуелділік, салықтардың жоғары деңгейі, жосықсыз бәсеклестік.

Фармацевтика өнеркәсібі: зауытты жинақтауды аяқтау үшін қытайлық мамандар мен жұмысшыларға жаңа визалар ресімдеу қажеттілігіне байланысты, «ФармЧакур» ЖШС-нің фармацевтикалық кешенін пайдалануға беру уақыты 2017 жылға ығысты.

Жергілікті құрылым: кейбір отандық тауарларды жеткізушілерде тауардың қазақстандық шығу тегін растайтын сертификаттар жоқ; қазақстандық кәсіпорындардың көпшілігінің өндірістің әлемдік стандартатрына сай болмауы, ірі жобалардың қажеттіліктері үшін қажет етілетін өндірістердің жоқтығы.
2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен

Облыстың барлық аумақтарындағы сияқты қаланың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға тұщы су көздерінің және жайлаулардың болмауының әсері, табиғи жайылымдар шығымдылығының ауа райы жағдайларына тікелей тәуелділігі, жерасты су көздерінің жоғары минералдануы аграрлық сектордың кешенін дамытуын шектейді.

Ақтау қаласының ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 2015 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 6,4%-ға төмендеді және 405,1 млн. теңгені құрады (2013 жылы – 380,7 млн. теңге), 2014 жылы – 302,0 млн. теңге). Жалпы өнімнің НАИ 100,0%-ды құрады (2014 жылы – 99,1%).

2015 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жалпы облыстық масштабтағы үлесі 3,4%-ды құрады (1 кесте).


1-кесте. 2013-2015 жылдардағы ауыл шаруашылығы

жалпы өнімінің динамикасы



Атаулары

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

380,7

302,0

405,1

106,4



Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің НАИ

76,2

99,1

100,0

х


Жалпы облыстық ауқымдағы үлесі, %

5,3

3,6

3,4

х

2016 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 127,3 млн.теңгені құрады, НАИ – 60,0%.

Ақтау қаласының жалпы ауданы 29,85 мың гектарды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 1,49 мың гектарды (жалпы көлемнен 5,0%). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қолданудың негізгі бағыты – бағбаншылықты, сонымен қатар шаруа қожалығын жаңғырту (2 кесте).
2 кесте. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің санаттары


Жер санаттары

Өлш.бірл.

Жер пайдаланушылардың саны

көлемі

Бағбаншылық пен саяжайлар құрылысын

жүргізуге арналған азаматтар жерлері



га

1545

103

Шаруа қожалығын жүргізуге арналған азаматтардың жерлері


га

50

1330

Мемлекеттік емес ауыл шаруашылығы заңды тұлғаларының жерлері

га

4

59

Барлығы




1599

1492

Шаруа қожалығы негізінен көкөніс және бақша дақылдарын өсіруге бағдарланған. Суландыру жүйесі тапшы. Бірақ, соңғы жылдары 651 гектар шаруа қожалығы ылғал сақтау сақтау технологиясына өтуде (тамшылап суару) немесе 2012 жылдық деңгейден 2,3 есеге жоғары.

Бұл, ауа райының табиғи жайсыздығы себепті егін шаруашылығы өнімдерінің көлемі азайғанына байланысты. Бұдан өзге, жайылымдық жерлердің тапшылығы мал басы санының азаюына акеліп соқты.

Мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы құрылымында 71,7%-ын мал шаруашылығы алады. Мал шаруашылығы секторы негізінен қой мен ешкі, жылқы, түйе мен шошқаларды дамытуға негізделген.

2015 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылуы 290,4 млн. теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға (248,4 млн. теңге), 2013 жылмен 13,7%-ға (336,5 млн. теңге) төмендеді.

2015 жылы барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі 0,2%-ға (552,6 тонна) және жүн қырқымы 1,3 есеге (2,1 тонна) өсті. Сонымен қатар, 2013 жылмен салыстырғанда сауып алынған сиыр сүті 26,4%-ға (51,7 тонна) және тауық жұмыртқалары 1,5 есеге көп алынды (16,6 мың дана) (3 кесте).
3 кесте. 2013-2015 жылдардағы барлық шаруашылықтың санаттарында

тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі




Көрсеткіштер атауы


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Барлық шаруашылықтың санаттарында тірі салмақтағы барлық мал және құс түрлерін союды жүзеге асыру көлемі, тонна

551,4

572,0

552,6

100,2

Сүт өндірісі, тонна

40,9

33,3

51,7

126,4

Алынған тауық жұмыртқалары, мың дана

10,9

2,5

16,6

152,3

Жүн қырқымы, тонна

1,6

4,3

2,1

131,2

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2014 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны (бұдан әрі ІҚМ) – 30,0% (105 бас), ешкі – 46,8% (174 бас), жылқы – 36,0% (89 бас), түйе – 37,5% (75 бас) азайғаны байқалды. Сонымен қатар, қойлар санының 10,5% (1227 бас) және құстардың 3,9% (242 бас) өсімі анықталды.

Мал шаруашылығының тұрақсыз дамуы қаланың меншіктік жемшөп базаларының жоқтығы және оны сатып алуға бағаның қол жетімсіздігі, сонымен қатар ІҚМ қорада ұстау жағдайлары негізгі себеп болып табылады.

бас саны

1 сурет. 2013-2015 жылдардағы мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері, бас саны

Ет өнімдерінде қаланың қажеттілігі Қазақстанның басқа облыстарынан (Қостанай, Ақтөбе) әкелінген ет өнімдері арқылы жүзеге асады (көбіне сиыр еті). Статистикалық мәліметтерге сәйкес қалада 4 мал соятын пункт тіркелген, оның ішінде 3 пункт жұмыс жасайды: «Нұр», «Елнар» және «Берекет».
Өсімдік шаруашылығы

Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады. Қазіргі таңда, қаланың ауыл шаруашылығы пайдаланатын жердің жалпы көлемі 37,3 гектарды құрайды, оның ішінде ашық топырақтағы көкөністерге арналған егіндік алқабы 23,2 га және бақша дақылдарына арналған – 14,1 га.

Егістік алқап құрылымында көлемнің негізгі бөлігіне бұрынғысынша азық-түлік бақшасы, қызанақтар, қиярлар ие. Соңғы жылдары суармалы учаскелерінде: орамжапырақ, баклажан, бұрыш, жуа, жасыл, қызылша сияқты өнімдерді қала базарларының барлық соңғы жылдардың жоғарғы сұранысына сәйкес егіп, өсіретін болды. Сонымен бірге, өсімдік шаруашылығы толықтай орнықты, яғни құбыр желісі мен жер асты арқылы суармалы судың жеткілікті мөлшері бар аумақтарда (4 кесте).
4 кесте. 2013-2015 жылдардағы өсімдік шаруашылығы бойынша көрсеткіштер


Көрсеткіштер атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Жалпы көкөніс-бақша дақылдарын жинау, тонн

175,9

410,5

381,3

92,9

Өнімділік, ц/га:













  • көкөністер

58,8

49,4

45,1

91,3

  • бақша дақылдары

72,3

40,2

46,0

114,4

2015 жылы егін шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 103,3 млн. теңгені құрады және 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге (41,3 млн. теңге), 2013 жылмен 3,1 есеге (33,2 млн. теңге) өсті.

Қала аумағындағы 6 гектар көлемінде фермерлік нысанда 3 жылыжай қызмет етеді. Бұлар, қияр, қызанақ, жасыл өсіреді.

2016 жылдың басында статистикалық органдардың мәліметінше 110 шаруа (фермерлік) қожалығы тіркелген, оның ішінде қызмет етушілер – 69. Бұлардың арасынан көкөніс бақшаларын өсіретін белсенді қызмет ететін шаруа қожалықтары - «Алтын топырақ» алаңы - 20 га, «Ринго» - 1,7 га, «Азамат» - 10 га және «Айсберг» - 7 га.

2016 жылдың қаңтар-қазанында егін шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 93,2 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 4,6%-ға жоғары.
Балық шаруашылығы

Балық шаруашылығы нашар дамыған. Жыл сайын балық аулайтын бригадалармен балық аулауға бөлінген квота игерілмейді. Нақты ауланған балық рұқсат етілген көлемнен 60%-ға жуығын құрайды. Негізгі себеп балық пен оны қалпына келтіретін ұзақ мерзімді сақтау жағдайындағы балық аулау бригадаларының болмауы болып табылады.

Балықты өндіру алдын ала өңдеу мен салқындатусыз жүзеге асады. Қазіргі таңда қала аумағында балық өнімдерін сататын 16 сауда орталықтары жұмыс жасап тұр, оның ішінде 8 мамандандырылған дүкендер. Барлық өнімдер ішкі тұтынуға қолданылады.

Балықтардың кәсіпшілік түрлері – балықтардың майшабақ, тікенді және ұсақ түрлері. Жыл мерзіміне қарай Каспий теңізінің оңтүстігінен солтүстігіне және кері көшіп жүретін өрістегіш және жартылай өрістегіш балықтардың маусымдылығына және экономикалық тиімсіздігіне байланысты, теңізде балық аулау дамымаған.

2013 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың және лимитті игеру көлемінің 445 тоннадан 786 тоннаға дейін немесе 2013 жылдың деңгейінен 76,6%-ға өсімі анықталды (5 кесте).
5 кесте. 2013-2015 жылдардағы балық аулау көрсеткіштері



Көрсеткіштер атауы


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Балықтың барлық түрлері, тонна

445

595

786

176,6

Балық шаруашылығының дамуы – өңірдің экономикасында стратегиялық экспорттық тармақ ретінде АӨК бағытының келешегі болуы тиіс.


Өнімді қайта өңдеу. Облыста өндірілетін өнімді қайта өңдеу болмашы көлемде жүзеге асырылуда. Негізгі көлем үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, өнім негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.

Қалада нан-тоқаш өнімдерін меншікті кіші наубайханалар өндіреді. Ақтау қаласында «Ақ-нан Манғыстау» ЖШС, «Maga-Bred» ЖШС, «Ақсай-Нан Ақтау» ЖШС, «Молторг Актау» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Ақтау Сүт» ЖШС, «Сулар» ЖШС және басқа осы сияқты ірі азық-түлік кәсіпорындары жұмыс жасайды (6 кесте).


6 кесте. 2013-2015 жылдардағы шығарылғын азық-түлік өнімдерінің көрсеткіштері


Көрсеткіштер атауы


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Азық-түлік өнімдерінің көлемі, млн. теңге

4326,6

3174,8

3 267,5

75,5

Алдыңғы жылға НАИ,%

131,7

102,0

101,8

х

Өнімдерді шығару, тонна

Шұжық өнімдері

16

9

9

56,2

Өңделген сұйық сүт пен қаймақ

1819

803

574

31,5

Ірімшік пен сүзбе

432

216

193

44,7

Нан-тоқаш өнімдері

6877

6516

7478

108,7

Торт пен кондитерлік өнімдер

1228

775

365

29,7

Минералды және газдалған сусындар, мың литр

9339,7

8498,0

5566,0

59,6

2015 жылы азық-түлік өнімдері 3 267,5 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өсті (3174,8 млн. теңге), ал 2013 жылмен салыстырғанда 24,5%-ға төмен (4326,6 млн. теңге). 2013 жылмен салыстырғанда шұжық өнімдерін шығару 43,8%-ға, ірімшік пен сүзбе – 55,3%-ға, торт – 70,3%-ға, минералды су – 40,4%-ға төмендегені анықталды.


АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

  • «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетуге бюджеттен жыл сайын қажетті қаражаттардың бөлінуі;

- жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс және салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;

- шағын және орта бизнесті дамытуды, жаңа техникалар мен технологияны енгізуді демейтін жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тауарлық кредиттеу және лизингтеу АӨК қаржылық институтының болуы.




- өндірістің ұсақ тауарлығы;

- мал шаруашылығының жем-шөп базаларының әлсіздігі;

- өңірдің төменгі жағдайдағы сумен қатылуы;

- білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

- АӨК қайта өңдеу аясын дамытуға меншікті шикізаттардың жоқтығы ;

- саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама осы секторды дамыту және одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайды туғызуы мүмкін;

- көкөніс пен өзге де дақылдарын ұдайы өндіретін заманауи технологияларды қолдану арқылы облыстық қала айналасына азық-түлік шоғырын құру;

- сүт зауытын дамыту мүмкіндігі.


- саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

- ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің жоқтығы;

- шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;

- шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;

- ауыл шаруашылығы өнімі импортының өсуі.



АӨК саласы бойынша негізгі проблемалар:

- өңірде дәстүрлі отарлы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бермейтін, жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

- өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасының жоқтығы;

- түйе шаруашылығын дамытудың арнайы мемлекеттік бағдарламасының жоқтығы;

- балық шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қаржылай қолдаудың тартымсыз шарттары;

- ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығы;

- айналымдағы қаражатты толтыру үшін қаржының жетіспеушілігі;

- материалды-техникалық базаның әлсіздігі;

- білікті кадрлардың жетіспеушілігі.
2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

Кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту (бұдан әрі – ШОК), кәсіпкерлерді қолдау сияқты мемлекеттік саясатын жүзеге асыру қаланың экономикалық дамуын жоғарылату болып табылады (1 кесте).


1-кесте. 2013-2015 жылдардағы өңірдегі ШОК дамуының негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіштер атауы


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік

31819

33988

34686

109,0

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі, %

52,2

73,6

73,0

х

ШОК-те жұмыспен қамтылғандардың сагы

62 245

65 207

72 426

116,3

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

420 856

530 436

544 027

102,5

Ақтау қаласы бойынша тіркелген ШОК субъектілерінің саны 2015 жылы 34,7 мың бірлікті құрады, бұл – 2013 жылдың деңгейінен 9%-ға жоғары (2014 жылы – 6,8%-ға).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан қимасындағы ШОК субьектілерімен шығарылған өнімдердің негізгі үлесі заңды тұлғаларға тиесілі, жыл сайын орташа 95% дейін. Шаруа (фермерлік) қожалығы (бұдан әрі – ФШҚ) орташа есеппен ШОК субъектілерімен шығарылғын өнімдердің 0,6% өнімін шығарады және ЖК – 4,4%

2015 жылы ШОК белсенді субъектілердің саны 25,3 мың бірлікті құрады және олардың жалпы тіркелгендер санынан үлесі 73,0% (2013 жылы – 52,2%, 2014 жылы – 73,6%).

ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 2013 жылғы 62,2 мың адамнан 2015 жылы 72,4 мың адамға дейін немесе 16,3%-ға өсіп, ШОК субъектілерінің өнім шығаруы тиісінше 420,8 млрд. теңгеден 544,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (1,3 есеге өсім).

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысан қимасындағы ШОК аясындағы қызмет ететін адамдардың негізгі үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (77,2%). ЖК орташа есеппен 66%-н құрайды, шаруа (фермерлік) қожалығы – 2,5%.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы шеңберінде (бұдан әрі – БЖК-2020» жыл сайын қала әкімі мен «Даму «КДҚ» АҚ арасында ағымдағы жылға мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспары жасақталады және ынтымақтастығы туралы Келісім-шартқа қол қойылады.

Нәтижесінде, БЖК-2020 бойынша мемлекеттік бағдарламасын қолдай шараларының себебінен 2015 жылы 966 жұмыс орны құрылды

«БЖК-2020» бағдарламасының қала бойынша төртінші бағыты жүргізіліп жатыр: «кәсіпкерлік әлеуетті жылдамдату» (2 кесте).

2 кесте. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде оқытудан өткен қатысушылардың саны, компоненттік қимада:



Қолдау құралдары


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Бизнес-кеңесші

247

538

325

1,3 раза

Топ-менеджментке оқыту

7

14

-

-

Іскерлік байланыстар

9

17

29

3,2 раза

Аға сеньорлар

-

1

2

-

Жас кәсіпкерлер мектебі

-

61

-

-

2015 жылы кәсіпкерлік әлеуетпен 3925 адамға Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) кеңес берді, 325 кәсіпкер «Бизнес-кеңесші» оқуынан өтіп, сертификат алды, «Іскерлік байланыстар» оқуы бойынша – 29 адам, «Топ-менеджмент» - 11 сертификат, тренингтер өткізілді, мемлекеттік қызметкерлерге арналған біліктілікті арттыру Институтында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мемлекеттік бағдарламасын түсіріндірмелер өткізілді және басқалар.

2015 жылдың желтоқсан айында үшінші Ақтау бизнес-форумы өтіп, қаланың 11 кәсіпкері «Ғимаратты ең үздік безендіру», «Үздік әлеуметтік серіктес», «Қызмет көрсету аясындағы үздік кәсіпорын», «Кәсіпкерлікке қолдау көрсететін үкіметтік емес ұйымдар», «Әлеуметтік саладағы үздік бизнес-жоба» номинациялар бойынша қатысты.

Жеңімпаздар: «VIVA», «Жанұя» мейрамханалары және «Арлан» ЖШС-і (ғимаратты ең үздік безендіру), «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» және «Атаба Актау» ЖШС-і (үздік әлеуметтік серіктес), «Avto clean and service» ЖШС-і (қызмет көрсету аясында), Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы (кәсіпкерлікті қолдау бойынша) және «Бақыт Ақтау» жеке-меншік бала-бақшасы (әлеуметтік саладағы үздік бизнес-жоба).



Сауда

2015 жылы бөлшек саудасының көлемі 113,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2013 жылғы деңгейден 1,4 есеге жоғары (83,1 млрд. теңге) және 2014 жылдан 4,7-ға жоғары (108,8 млрд. теңге). Маңғыстау облысының жалпы бөлшек тауар айналымы қимасында Ақтау қаласының үлесі 80%-дан астам.

2015 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы сомасынан сатушы ұйымдар 77,5%-ын құрайды, қалғандары – базарлар (2013 жылы – 68,3%, 2014 жылы – 74,4%) (1 кесте).
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы бөлшек тауар айналымының көрсеткіштері



Көрсеткіштер


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Бөлшек тауар айналымының көлемі, млрд. теңге

83,1

108,8

113,9

1,4 есе

Алдыңғы жылға НАИ,%

128,5

122,2

99,2

х

Оның ішінде: сатушы ұйымдарының бөлшек тауар айналымы

56,8

81,0

88,3

1,5 есе

Базарлар мен жеке кәсіпкерлердің бөлшек тауар айналымы

26,3

27,8

25,6

97,3

2015 жылы көтерме және бөлшек саудалары аясында қызметшілер саны 2013 жылмен салыстырғанда 6,0%-ға өсті және 3655 адамды құрады, 2014 жылмен салыстырғанда – 26,1%-ға кеміді.

2016 жылдың қаңтар-қазанында бөлшек сауда көлемі 103,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-қазанынан 0,9%-ға төмен (87,1 млрд.теңге).

Өңірде әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үрдісі басталды. 2016 жылдың басында қалада ауданы 248,1 мың шаршы метр болатын 5663 сауда орны бар 16 базар тіркелген.

Динамиканың оң әсеріне қарамастан процесс үдерісі әлсіз. Негізгі себеп – заманауи сауда-саттық желілерінің төмен дәрежедегі үлесі, электронды сауда-саттықтың дамымауы, меншікті ауыл шаруашылығы өндірісінің жоқтығы және 85%-нан астамын құрайтын тасымалданатын азық-түлік өнімдері үлесінің көптігі.

Қала тұрғындарын тиімді бағада азық-түлік тауарларымен тұрақты қамтамасыз ету мемлекет саясатының бірден-бір маңызды бағыты болып табылады. Осыған байланысты, Ақтау қаласында азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету Іс-шаралар жоспары қалыптастырылды.

Жоба шеңберінде қаланың 13 супермаркетінде және 1 базарында тағам өнімдерінің бағасына күн сайын мониторингі жүргізілді. Қаланың 20 сауда-саттық кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызды тағамдарға өнім шығару бағасынан 15-20% жоғары болуға жол бермеуі жөнінде Меморандумдарға қол қойылды.

Ішкі нарықты толықтыру мақсатында, жеміс-көкөніс өнімдері мен жергілікті тауар өндіруші жәрмеңкелерін жүргізу үшін арнайы тағайындалған орындарда уақытша сауда ұйымдары бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді

Өңірде қазіргі замандағы форматтағы (А классты) көкөніс қоймасының жоқтығы, маусымдық азық-түлік тауарларының жыл сайынғы тапшылығына алып келеді, бұл – өз кезегінде бөлшек сауда бағаларының негізсіз өсуіне ықпал етеді. Осыған байланысты, өңірде инвесторларды тартумен қалада 4000 және 5000 тонналық көкөніс қоймаларын салу жоспарланған.

Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, кеден қоймасының статусы бар «Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС-нің жобасы іске асырылуда. Қоймалардың жалпы ауданы 10,0 мың шаршы метр құрайды, және құрғақ қоймалар мен мұздатқыш камералардан тұрады.

«Азерсун» өндіріс және логистика орталығы темір-жол тармағымен және азық-түліктерді магистарль арқылы қабылдау үшін автомобиль жолымен қамтылған.


Шағын және орта бизнесті, сауданы дамытуды SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сандық тұрғыда артуы;

- шағын кәсіпкерлікті дамытатын нарықтық инфрақұрылымның болуы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, МКҰ, кәсіпкерлер ассоциациялары, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары;

- Ақтау қаласында Кәсіпкерлер қызмет көрсету орталықтарының ашылуы;

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының іске асырылуы;

- кәсіпкерлерді қолдау арналған бюджет шығыстарының жыл сайынғы ұлғаюы.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- банк кредиттері сыйақыларының жоғары пайыздық ставкалары;

салық салу саласында облыста жеңілдіктердің жоқтығы;

- кадрлар біліктілігінің дефициті;

- шағын және орташа бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандырылуының төмен деңгейі;

- қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;

- электронды сауданың әлсіз дамуы;

- қосымша азық-түлік қорын сату үшін көкөністердің жетіспеушілігі;

- азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.


МҮМКІНДІКТЕР:

- ірі және орта кәсіпорындармен франчайзинг және аутсорсинг қағидаттарымен өзара пайдалы кооперативтік байланыстарды жолға қоюы;

- шағын кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымын дамыту үшін әлеуеттің болуы;

- нарықтағы сұраныс пен ұсыныстар, бәсекелестер, шикізат берушілер, дайын өнімді сату мүмкіндіктері және тендерлерге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін қалыптастыру.

- шағын кәсіпорындарды тиімді жұмыс жасауымен қамтитын, базарлар инфрақұрылымдарын дамыту.


ҚАТЕРЛЕР:

- бірқатар шағын және орташа кәсіпорындардың банкрот болуына байланысты жұмыссыздықтың артуы, криминогенді жағдайдың жоғарылауы;

- әлемдік нарықтағы мұнайға арналған бағаның құлдырауы себебінен мердігерлік жұмыстарды орындау көлемінің төмендеуі;

- ішкі нарықтың импортқа тәуелділігінің артуы;

- теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына арналған бағалардың өсуі;

- мұнай өнімдеріне арналған бөлшек бағаның ұлғаюы.




Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі проблемалар:

- рұқсат беру рәсімдері мен одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту қажеттілігі;

- сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;

- кәсіпкерлер мен жалдамалы қызметкерлердің төмен біліктілігі;

- ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі;

- ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын өңір халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;

- қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы;

- электронды сауда-саттықт дамуының әлсіздігі;

- қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;

- азық-түлік тауарларын басқа өңірлерден және елдерден 85%-ға дейін импорттауға тәуелділік.


2.1.1.5. Өңіраралық ынтымақтастық

Маңғыстау облысында ел өңірлерімен арадағы республикаішілік кооперация тамақ, химия, жеңіл өнеркәсіптерінде, машина жасауда, резеңке және пластмасса бұйымдар өндірісінде, металлургияда, мұнай-газ кешенінде жолға қойылған (1-кесте).


1-кесте. Республикаішілік өнеркәсіптік кооперация

Өңірге жеткізу

Өнім

Өнім

Өнім

Ұн

Тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары

«Корпорация «Цесна» АҚ – Астана қаласы; «Ардагер» ЖШС – Семей қаласы

Сары май

«Маслодел» фирмасы – Алматы қаласы

Қағаз бума

Алматы қаласы

Тот баспайтын қамыттар

«Маңғыстау шыны-пластик құбырлар зауыты» ЖШС

«KSPSteel» ЖШС – Павлодар қаласы

Резеңке сақиналар

«Восход» зауыты – Қарағанды қаласы

Пластикалық және резеңке бұйымдар

«Проминвесткомплект» ЖШС – Алматы қаласы

Табиғи газ

«ҚазАзот» ЖШС

Атырау облысы

Буып-түю ыдыстары 

Ақмола, Алматы облыстары

Мұнай-газ машинасын жасауға арналған құрағыш өнімдер

«ГММОС» ЖШС

Алматы, Атырау облыстары,

Алматы, Ақтөбе қалалары



Цемент

Құрылыс индустриясының кәсіпорындары

ВШҚОО

Сыйымдылық жабдығы, пештер, машиналар

Мұнай-газ өндіруші және мұнай-сервистік компаниялар

«Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ – БҚО

Өңірден жеткізу

Өнім

Өнім

Өнім

Аммиак селитрасы

Аммиак селитрасы

Тыңайтқыштар



Аммиак селитрасы

Тыңайтқыштар

Тыңайтқыштар

Арнайы киім

Арнайы киім

Арнайы киім

Шыны-талшықты құбырлар

Шыны-талшықты құбырлар

Шыны-талшықты құбырлар

Болат құбырлар

Болат құбырлар

Болат құбырлар

Өңіраралық кооперацияның рыногтық әлеуеті өңірде монополист кәсіпорындардың (азоттық тыңайтқыштар), не тауашалық өнімдер (диаметрі үлкен құбырлар) өндіретін кәсіпорындардың бар болуымен байланысты. Тиісінше, өңірге облыста шығаруға пайдасыз өнім әкелінеді (ұн, сары май, көкөністер, машина жасауға арналған құрағыш өнімдер).

Батыс макроөңірінің аясында мұнай-газ секторы кәсіпорындарының арасында сервистік қызметтер көрсету және мұнай-химия өнімін жеткізу бөлігінде өңіраралық ынтымақтастық әлеуеті бар.

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында, өңірде ақпараттық-таныстырылымдық жұмыс (көрмелер, бизнес-конференциялар, семинарлар, кездесулер) тұрақты негізде жүргізіліп тұрады.

Сонымен қатар, ынтымақтастықты тиімді дамытудың мынадай түрлері бар, бұлар:

- өңірде ұлттық мұнай-газ кластерін, мұнай қызметі кластерін және кәсіпшілік мұнай химиясын құру аясында мұнай-газ секторлары кәсіпорындарымен қоғамдасу;

- өңірге ауыл-шаруашылығы өнімдерін жиі-жиі жеткізуге Қазақстанның басқа да өңірлерімен қоғамдасу;

- «Ақтау Теңіз порты» АЭА аумағында, ҚР басқа өңірлері мен ЕАЭК елдеріне бағытталған тауарларды өндіру процессингтік орталығын құру.


Өңіраралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

- 2012-2014 жылдардағы облыстағы өнеркәсіп өнімдері көлемінің үлесінің өсуі (1,3 есеге) іргелес салалардың дамуына, кадрларға, технологияларға сұранысты ынталандырады;

- МИИДБ (Индустрияландыру картасы, Өндірімділік Бағдарламасы – 2020, Экспорттаушы – 2020» шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары;

- өнеркәсіпті дамыту институттарының барлығы: «Каспий» ӘКК» ҰҚ» АҚ, «Ақтау Теңіз порты» АҚ ;

- жұмыстық мамандар бойынша кадрларды сапалы дайындауға ТжКО ұйымдары желісінің барлығы;

- МИИДБ шеңберінде мұнай-газ өнеркәсібін кластеризациялау үшін іргелес салалардың өсуі (металлургия, машина жасау, мұнай-химия).



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- өңірдің экономикасы әлемдік көмірсутек шикізаттары мен металлдарына әлемдік баға жағдаяттарына жоғары тәуелділігі;

- өңірдің өнеркәсіптік құрамында кен өнеркәсібінің үлкен үлесі (93%) (экономиканың әлсіздігі, инвестицияның төменгі бағытталуы - басқа секторлар мен ҮҚО дамытуға, жұмыспен қамтуға аз әсер етуі) ;

- теңіздік мұнай-газ орындарының игерілуі мерзімінен, машина мен жабдықтаудан өзге дайын металлдық бұйымдары өндірісі бойынша кәсіпорындардың тәуелділігі.




МҮМКІНДІКТЕР:

- мұнай-химиясын дамыту, өндіру үшін көмірсутек шикізаттарының бай қорлары, геоэкономикалық жағдайы;

- металлургия, құрылыс материалдары өндірісін дамыту үшін бай минералды-шикізат базаларының барлығы;

- отандық тауарлар өндірісіне сыртқы экономикалық қолдау (кедендік жеңілдіктер);

- экономика дамуының кластерлік үлгісі (соның ішінде, МИИБД аясында 2015-2019 жылдары мұнай мен газды қайта өңдеу және шикізаттар, мұнай-газ машиналарын жасау мен Маңғыстау облысын қоса есептегенде үш облыстың аумағында сервисі бойынша кластер құру жоспарлануда.


ҚАТЕРЛЕР:

- әлемдік экономикаға интеграцияландыруға байланысты, өңірлік экономиканың бәсекелесу қабілетінің төмендеуі;

- облыстың мұнай-газ ресурстарының таусылуы;

- өңдеу өнеркәсіптері салаларының ретін дамыту үшін шикізат базаларының жетіспеушілігі.





Өңіраралық ынтымақтастықтың негізгі проблемалары:

- ҚР Батыс макроөңірінің аясында, Өңірдің ел ішінде және БЭК елдерімен өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі жол картасы әзірленбеген;

- Қазақстанның басқа өңірлерінде өндірілуі мүмкін, салынып жатқан құрағыш өнімдер өндірісінің қажеттілігін талдау жүйелі негізгі қойылмаған;

- өңірдегі тауарлар, құрағыш өнімдер және шикізат өндірісі туралы ақпараттық база әзірленбеген.


2.1.1.6. Инновациялар мен инвестициялар

Инвестициялар

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2013 жылғы 82,9 млрд. теңгеден 2015 жылы 128,9 млрд. теңгеге дейін немесе 55,5%-ға өсті (2014 жылы – 93,8 млрд. теңге). 2015 жылы НАИ 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 127,1%-ды құрады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі облыстық инвестицияның жалпы көлемінен 28,4% құрайды. Адам басына шаққандағы инвестицияның көлемі қала бойынша 2015 жылы 693,8 мың теңгені құрады (облыс бойынша – 725,1 мың теңге).



1 сурет. 2013-2015 жылдары кезеңіне негізгі капиталға салынған инвестиция динамикасы

Негізгі капиталға салынған инвестицияның өсуі 2013 жылмен салыстырғанда қаржыландырудың келесі бағыттары бойынша: бюджеттік қаржылары есебінен 2,5 есе (14,7 млрд. теңге), меншікті қаржылары есебінен 2 есеге (88,9 млрд. теңге). Сонымен бірге, қарыздық қаражаттар көлемі – 54,5% төмендеп, 12,1 млрд. теңгені құрады.

2 сурет. 2013-2015 жылдар кезеңіне негізгі капиталға салынған инвестицияның қаржыландыру көздері бойынша динамикасы
Шетелдік негізгі капиталға салынған инвестицияның 2014 жылы жоқтығы айқындалды, бірақ 2013 жылы қаланың экономикасына – 7,1 млрд. теңге салынды.

2015 жылы негізгі капиталға инвестиция салудың техникалық құрылымы бойынша ғимараттар мен құрылыстардың күрделі жөндеу және құрылыс жұмыстарына бағытталған – 59,3 млрд. теңге (жалпы көлемінен 46,0%), машина және түгендеу құралдарын сатып алу – 55,4 млрд. теңге (43,0%) және өзгелер – 14,2 млрд. теңге (11,0%).

2015 жылы негізгі капиталға салынған айтарлықтай инвестиция 35,4 млрд. теңге өнеркәсіпке бағытталған немесе жалпы көлемінен 27,5%), оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 2,6 млрд.теңге (2013 жылы –21,0 млрд. теңге, 2014 жылы – 2,5 млрд. теңге).

2016 жылдың қаңтар-қазанында негізгі капиталға инвестиция көлемі 77,3 млрд.теңгені құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-қазанынан 28,8%-ға төмен (101,5 млрд.теңге).

Инвестиция тарту мәселесінде негізгі рөлді Республика бойынша Астана қаласының АЭА екінші кезекте жоғары дамып келе жатқан «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық алаңы ойнайды. «Ақтау Теңіз порты» аумағы құрылғаннан бастап 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция жұмылдырылды, 222,9 млрд. теңге өнім шығарылды, бюджетке 19 млрд. теңгеден астам мөлшерде салық төленді. 1000-нан астам тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Инновациялар

Өңірлік инновациялық саясатты дамыту мамандандандырылған технологиялық ресурстарға негізделген өңірлік бәсекеге қабілеттіліктің өсуін ынталандыруға бағытталған.

2015 жылы қаланың 767 кәсіпорындарынан 1249,2 млн. теңгеге инновациялық өнімдер өндіріліп, өткізілді. Бұл 2013 жылдық деңгейден 10,5%-ға, 2014 жылдық деңгейінен 19,1%-ға төмен. Инновация аясындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 2013 жылғы 3,1%-нан 2015 жылы 4,3%-ға дейін өсті (2014 жылы – 3,8%) (1 кесте).

1 кесте. 2013-2015 жылдардағы ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі бойынша негізгі көрсеткіштері.



Көрсеткіштер


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Кәсіпорындар саны, барлығы (бірлік)

611

685

767

125,5

Оның ішінде: инновациясы бар

19

26

33

173,7

Инновациялар саласындағы белсенділік деңгейі,%

3,1

3,8

4,3

х

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны

555

549

549

100


Инновациялық өнімдер өндірілді, млн. теңге

1395,4

1545,1

1249,2

89,5

Өңірдің өңдеу секторындағы инновациялық жүйесін дамытудың жалғыз арнасы тікелей шетелдік инвестициялар қатысатын жобалар болып табылады (Индустрияландыру картасы). 2010-2013 жылдар кезеңінде Индустриализация картасы аясында 15 жоба өткізілді, негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы сомасы 73,9 млрд. теңгені құрады. 2790 тұрақты жаңа жұмыс орындары құрылды.

2014 жылы тағы 4 жоба жүргізілді («ДИС» ЖШС, «КИС-Ақтау» ЖШС», «Каспий Тас Жол» ЖШС, «Каспио-Пласт» ЖШС, сметалық құны 2,1 млрд. теңге және құрылатын тұрақты жаңа жұмыс орындары - 167.

Жол битумдарын өндіретін зауттың іске қосылуы («Caspi Bitum» БК) өңірде тиісті технологиялық инновациялар енгізілген мұнай-химияны құруға ықпал етті. «ҚазАзот» зауытын жаңғырту аммиак селитрасын грануляциялаудың бірегей технологиясын енгізуге ықпал етті. Бұл технология «ҚазАзот» ЖШС-де ғана пайдаланылады және оның аналогы жоқ.

2016 жылы сметалық құны 49,5 млрд. теңге және 487 жаңа жұмыс орындарын құрайтын 6 жобаның іске асырылуы қарастырылуда. Аталған жобалар Индустрияландыру картасына қосылған. Бұл, Ақтау халықаралық теңіз портын солтүстік бағытында кеңейту («Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы»), электрщитті жабдықтар өндіру және күшті трансформаторларды жөндеу зауыты («Ақтау трансформаторлық зауыты»), азық-түлік өнімдерін өндіруге арналған қоймаларды құру («Азерсун өндіріс және логистика орталығы» ЖШС), Премиум класындағы тұрба кесу зауытының құрылысы («Қазақстан Пайп Тредерс» ЖШС), керамзит тастарын өндіру зауыты («Ақтау керамзит» ЖШС) және үй құрылысы комбинаты («ДСК-Ақтау»).

Мұнай-газ секторының басым рөлі өңірдің инновациялық инфрақұрылымының дамуын алдын ала белгілеп берді. Облыстың ғылыми-зерттеу институттарының («ҚазҒЗЖИмұнайгаз», «Мұнай-газ ҒЗЖИ» АҚ, Ксапий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті) барлық әзірлемелері дәл осы салада іске асырылуда. Сонымен бірге, мұнда әлемдік және отандық жетекші компаниялардың озық инновациялық технологиялар енгізілуде. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлер саны 2014 жылы 549 адамды құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті (513 адам).

Қаланың шикізат емес сектор кәсіпорындарының ешқайсысында конструкторлық бюро немесе ҚазҒЗЖИ болмаған еді. Сондықтан, университеттер, өнеркәсіп секторлары мен мемлекеттік органдар арасында нашар байланыс орын алған.


Инвестициялар мен инновациялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- Қазақстанның барлық теңіз операцияларына сервистік қызмет көрсету үшін базалық инфрақұрылымы құрылды, бұл

– инвестициялық салымдар үшін тартымды болып табылады;

«Ақтау теңіз порты» АЭА-ын қарқынды дамыту халықаралық маңызы бар транзиттік, көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру үшін инвестициялар тарту факторы болып табылады


- дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төменігі;

- облыс ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

- агроөнеркәсіптік жобалардың төмен өтелімділігі және су ресурстарының жетіспеушілігі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- трансұлттық компаниялардың инвестицияларын теңіз операцияларына тарту; инфрақұрылымдық жобаларға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту


- «Қошқар ата» қалдықтар қоймасының экологиялық жағдайының Ақтау қалалық инфрақұрылмын және инвестициялық жобаларды солтүстік бағытта дамытуға әсері;

- Каспий бассейнінің қазақстандық бөлігін зерттеу және игеру жөніндегі ғылыми экологиялық орталықтың жоқтығы;

- Каспий теңізіне мұнай төгілу жағдайларына арналған халықаралық келісімнің жоқтығы, теңіз және теңізбен байланысты инвестициялық жобаларды дамытуда тежеуші фактор болып табылады;

- өмір сурудің жоғары деңгейінің және баға саясатының экспортқа бағдарланған жобаларға әсері





Инвестициялар мен инновациялар саласындағы негізгі проблемалар:

- мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

- теңіз мұнай жобаларының технологтялық қиындығы және үлкен экологиялық тәуекелдер инвестициялар тартуды тежеуші фактор болып табылады;

- дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

- облыс пен қала ШОБ-нің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы;

- АӨК-тің әлсіз экономикалық жағдайы АӨК инфрақұрылымын және тұтастай алғанда өңірдің агробизнесін дамытуға инвестициялар тартуға негізгі кедергі болып табылады.


2.1.1.7. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту.

Қаланың әкімшілік-аумақтық бөлінуі 2,6 мың халқы бар немесе қаланың жалпы халық санына шаққанда 1,4% құрайтын Өмірзақ ауылымен, Рауан, Приморский, Приозерный-1,2,3 тұрғын-үй массивтерімен айқындалады.

Қазіргі нормативтерге сәйкес, ауылдық елді мекендер білім беру және денсаулық сақтау нысандарымен қамтылған. Өмірзақ ауылында жалпы білім беру мекемелерінің желісі бір №27 орта білім мектебімен (571 оқушы) және 25 орынды 1 шағын-орталығымен айқындалады. Мектеп жасындағы балалардың оқумен қамтылу деңгейі 100 пайызды құрайды.

Ауыл халқына медициналық көмекті 2015 жылы салынып біткен, 20 қаралуға арналған фельдшерлік-амбулаториялық емхана көрсетеді. Өмірзақ ауылында қалалық Орталық кітапхананың филиалы, пошта, полицияның тірек пункты қызмет көрсетеді.

Өмірзақ ауылы, тұрғын-үй массивтерінің территориясымен бірге электрмен, орталықтандырылған газбен, телефон желісімен толық қамтылған.

«Приморский» тұрғын-үй массивін инженерлік қамту бойынша жұмыстары жалғасып жатыр: 2013 жылы - 314,3 млн.теңгеге газбен жабдықтау жұмыстары, 2014 жылы - 525,3 млн.теңгеге электр желілері салынды, 2015 жылы - 388,9 млн.теңгеге сумен жабдықтау және су бұру желілерінің құрылысы жүргізілді.

«Жол картасы-2020» және «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында 2013-2015 жылдары 115,2 млн.теңгеге Өмірзақ ауылының тұрғын-массивтерінің аумағын жайландыру үшін 12 инвестициялық жоба іске асырылды (2013 жылы – 41,1 млн.теңгеге 1 жоба, 2014 жылы - 60,4 млн.теңгеге 9 жоба, 2015 жылы – 13,7 млн.теңгеге 2 жоба).

Қала мен Өмірзақ аулы арасындағы автокөлік жолының ара-қашықтығы - 13 шақырым, бұл жол қанағаттанарлық жағдайда. Сонымен қатар, «Рауан» тұрғын-массивінде 12 шақырым құрайтын автокөлік жолы болмай отыр. Жаңа автокөлік жолының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу бойынша жұмыстары жасалып жатыр.

Маман тапшылығы мәселесін шешу мақсатында және «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2013-2015 жылдары ауылдық мектептің 8 жас білім беру мамандарына 1028,7 млн.теңгеге (2013 жылы – 121,2 мың.теңге 1 маманға, 2014 жылы – 518,6 мың.теңге 4 маманға, 2015 жылы – 388,9 мың.теңгеге 3 маманға) көтерме жәрдемақысы төленді. 2015 жылы білім беру саласының – Өмірзақ ауылының №27 мектебінің бір маманына 2973 мың теңгеге бюджеттік несие берілді.

2016 жылдың 10 айында №27 мектебінің екі маманына жалпы сомасы 297,8 мың теңгеге көтерме жәрдемақы төленді.


Ауылдық аумақтар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ауылдық елді мекендердің 100 пайыз газбен және электрмен жабдықталуы;

- ауылдағы миграцияның оңтайлы сальдосы, жалпы санындағы ауыл тұрғыны үлесінің өсуі.



- ауыз-су тапшылығы әсерінен ауыл-шаруашылығын дамытудағы қиындықтар;

- Өмізақ ауылында өнеркәсіптік өндірістің жеткіліксіз дамуы.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- мемлекетік және салалық мемлекеттік бағдарламалапр аясында облыстық елді мекендері әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жақсартып, одан әрі дамыту;

- ауылда экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту;

- несиелер мен гранттер бөлу арқылы ауылдық мекендегі әлеуметтік ұйымдарды жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.


- өңірлерді дамыту бойынша бағдарламалардың тиімсіз орындалуы;

- қала мен ауыл халқының өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтардың күшеюі.






Ауылдық аумақтар бойынша негізгі проблемалар:

- білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелеріндегі мамандар тапшылығы;

- ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықталуының төмен деңгейі;

- ауыл-ішілік автокөлік жолдарының төмен жағдайы, жаңа автокөлік жолдарын салу қажеттілігі;

- ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарын материалды-техникалық жабдықтау және оларды дамыту қажетілігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет