Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет5/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.1.2. Бағыт. Әлеуметтік сала


2.1.2.1. Білім беру

Қаланың білім беру аясында 73 мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдары, кіші орталықтарды қоса есептегенде, 29 жалпы беретін мектептер, оның ішінде 4 жеке-меншік мектеп («Қайнар», «Дарын», Некрасова ағылшын мектебі, мемлекетаралық ағылшын мектебінің филиалы), 2 кешкі мектептер, 2 жоғарғы оқу орындары, 15 колледж, 2 кәсіби мектеп, 3 мектептен тыс ұйымдар.

Қаланың білім беру жүйесінде жұмыс орташа мерзімді кезеңде 2010-2020 жылдардағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде асырылды.

Ақтау қаласының 2011-2015 жылдардағы Даму бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде білім беру жүйесінде белгілі жеткен жетістіктер: мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарының 2,2 есеге артуы арқылы, мектептен тыс дайындықтағы жалпы көлемінен 5-6 жастағы балдардың толықтай қамтылды, мектептердің 56%-н астамы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 28%-ы инклюзивтік білім беру үшін қолайлы жағдай құрды.

2015 жылы қаланың білім беру жүйесіне 9,4 млрд. теңге бөлінді немесе қаланың жалпы бюджетінен 44%-нан астамын құрайды.
Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру

«Балапан» Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде 2010-2020 жылдардағы мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және білім берумен қамту бойынша жұмыстар, Мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінде 2020 жылы 3-6 жастағы балдарды 100 пайыздық қамтуға бағытталды.

5-6 жастағы балдарды мектептен тыс дайындауды қол жетімді қылу, мектепке дейінгі ұйымдардың жүйесін ұлғайту бойынша шаралар қабылданды. 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі 2013 жылмен салыстырғанда 7 ұйымға өсті (1 кесте).
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берудің көрсеткіштер динамикасы


Атаулары

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Балабақшалар саны, бірлік

40

42

58

138,1

Балабақшадағы балалар саны, адам

11524

12037

13733

114,1

Шағын-орталықтар саны, бірлік

19

20

13

65

Шағын-орталықтардағы балалар саны, адам

690

740

510

68,9

3 жастан 6 жасқа дейінгі балдардың жалпы қамтылуы, %

74,3

80,3

89,5

х

1 жастан 6 жасқа дейінгі балдардың жалпы қамтылуы, %

57,3

57,6

61,8

х

Жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың жалпы санынан үлесі, %

30,5

41,9

43,5

х

Мектеп жасына дейінгі балдарды балабақшалармен қамту мақсатында 2010-2015 жылдарғы қадамдық жоспары жасақталды, аталған жоспар бойынша 2015 жылы әрқайсысы 1120 орындық 4 жаңа балабақша ашылды және қаланың 12 шағын аудандағы 280 орынды №32 бала-бақша ғимараты қайтарылды, барлығы - 1400. Нәтижесінде, 01.01.2016 жылға 3-тен 6 жасқа дейінгі алдардың мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтылуы 89,5%-ды құрады.

01.12.2016 жылға мектеп жасына дейінгі ұйымдарда 13320 бала оқытылып және тәрбие алып жатыр, оның ішінде 12702 бала 3-тен 6 жасқа дейінгілер. Қазіргі таңда, мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы кезегін анықтау үшін 3-тен 6 жасқа дейінгі 268 бала тұр, және 3-тен 6 жасқа дейінгі алдардың мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтылуы нақты қажеттіліктің 98%-ын құрады (13588 бала).

Бұдан басқа, мекемелерде орынға сұранысты қанағаттандыру қажеттілігі педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесін өзектілейді. Жалпы көлемнен жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 43,5%.


Жалпы орта білім

Қалада 2016 жылдың соңында 25 жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер, 2 кешкі және 4 мемлекеттік емес мектептер қызмет етеді (2 кесте).



2 кесте. 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектептер жүйесі динамикасы

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Мектептер саны, бірлік

31

31

31

100,0

оның ішінде, мемлекеттік

27

27

27

100,0

Оқушылар саны, адам

31 892

31 810

32 024

100,7

Жоғарғы және бірінші санаттағы педагогтардың жалпы санынан үлесі, %

50,8

55,6

55,6

х

Қаланың аумағында апаттық мектептер мен 3 рет ауысып оқыту мектептері жоқ, оқушылар орнының дефициті жоқ. 24 мектеп үлгілік ғимараттарда орналасқан, 1 мектеп (Өмірзақ селосындағы №27 ОМ) бейімделу ғимаратында орналасқан.

Қаланың барлық мектептерінде кең белдеулі интернетке қосылған және компьютерленген. 2015 жылы жалпы білім беретін мектептерінде компьютермен жабдықтау 15 оқушыға 1 компьютерден.

Мектептердің пәндік кабинеттерінде материалды-техникалық жарақтаудың жеткіліксіздігі орын алып отыр. 2015 жылы жаңа нұсқадағы кабинеттермен жарақтандырылған мектептер саны орташа 83,1%-ды құрады, 2013 жылға өсім 1,6%-ды құрады (3 кесте).


3 кесте. 2013-2015 жылдырдағы мектептердің пәндік кабинеттерімен жарақтандырылуы


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Қамтылу,%

Мультимелиялық кабинеттер

43

43

43

86,0

Физика кабинеті

25

25

25

82,5

Химия кабинеті

29

31

31

80,1

Биология кабинеті

29

29

29

84,0

Барлығы

126

128

128

83,1

2012-2014 жылдары мектептерде 10 жаңа нұсқадағы кабинеттер (химия) орнатылды, 2015 жылы бұл мақсатта қаражат бөлінбеді.

Қаланың мектептерінде 2 379 педагог қызметкерлері жұмыс жасайды, оның 2229 - әйелдер немесе жалпы санының 93,7%-ы, соның ішінде ауылдық жердегі – 67 адама (2,8%). Жоғарғы және бірінші санаттағы оқытушылар саны 2013 жылы 50,8%-дан 2015 жылы 55,6%-ға дейін өсті. Үш жылда 426 педагог «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ оқу бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудан өтті.

Электронды оқыту 14 мектепке кіргізілді немесе жалпы санынан 56%-ы. Қаланың жалпы мемлекеттік мектептерінде дербес веб-сайттары жұмыс жасайды.

Келесі сабақтар бойынша педагогикалық кадрлардың қажеттілігі бар: физика, математика, орыс тілінде оқыту бастауыш сыныптары.

2014-2015 оқу жылының Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша (бұдан әрі – ҰБТ) қала бойынша орташа балл 77,71 (2013-2014 оқу жылы – 76,74 балл). ҰБТ-не қала мектептері түлектерінің 75%-ы қатысып, шекті деңгейден 174 түлек немесе жалпы санының 18,2%-ы өтпей қалды. ҰБТ нәтижесі бойынша, 124 түлек 100 және одан жоғары балл, 17 түлек – өз білімдерін «Алтын белгі» Белгісімен дәлелдеп, 13 түлек өте жақсы бағасымен аттестат алды.

2015 жылы қала мектептерінің 6 оқушысы Мәскеу және Алматы қалаларындағы халықаралық олимпиадаларға жолданып, оның 4-уі жеңімпаз (2-3 орын) атанды (2014 жылы 12 оқушының 6-уы жеңімпаз болды).

Жазғы кезеңде 4 орта мектептің және «Тұлпар» клуб алаңының мектеп жанындағы лагерьлері жұмыс жасайды. 2015 жылы балаларды жазғы демалыспен қамту, сауықтыру және еңбекпен қамту 88,0%-ды құрады (2013 жылы – 74,3%, 2014 жылы – 84,5%).

Қаланың барлық мектептері ыстық тамақпен қамтылған, сонымен қатар, 1-ші сыныптағы 4255 оқушы тегін тамақтанады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 мамырдағы № 159 бұйрығына сәйкес, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық (сынамалық) режимде, №11 мамандандырылған физика-математикалық мектептерінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу бойынша жұмыстары жүріп жатыр.


Қосымша білім беру.

Қалада мектептен тыс оқытумен айналысатын 7363 оқушыға 3 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Қаланың қосымша білім беру ұйымдарының әрекеті көрсеткіші 4 кестеде бейнеленген.


4 кесте. 2013-2015 жылдардағы қосымша білім беру ұыймдарының әрекеті жөнінде көрсеткіштер динамикасы


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Қосымша білім беру ұйымдарының саны, бірлік

3

3

3

100

Үйірмелер саны, бірлік

198

169

149

75,3

Үйірмелермен шұғылданатындар саны, адам

8256

8312

7363

88,6



Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2016 жылдың 1 қаңтарына қалада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 130 балалар мен жетім-бала тіркелген, оның ішінде 83 бала өзіне бекітілген уйі бар. Бекітілген үйі жоқ балдар үшін тұрғын-үймен қамту мәселесін шешу мақсатында 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтаушы шот ашылған болатын.

Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, қала бойынша 738 баланы жалпы қамтитын 5 арнайы (түзету) мектебі мен 2 арнайы ұйым (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті, 1 оңалту орталығы) жұмыс істейді.

2015 жылы 7 мектепте (барлық мектеп санының 22,6%-ы) инклюзивтік білім беруге жағдай жасалды (2013 жылы – 17,9%, 2014 жылы – 12,9%).

Қалада отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2015 жылы интернат мекемелердің 7 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа және қамқоршылыққа берілді, 1 тәрбиеленуші асырып алынды, мамандандырылған балалар үйінің 5 баласы отбасыларға орналастырылды.
Салаларды дамыту SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:


- мектепке дейінгі мекемелердегі кезектің ақырындап қысқаруы, жаңа балабақша мен шағын-орталықтарды ашу, құрылысы жолымен МЖДҰ жүйесін кеңейту есебінен балдарды мектеп жасына дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтудың өсуі, оның ішінде жеке-меншік, бұрынғы ғимараттарлы қайта ұйымдастыру мен қайтарып алу арқылы;

- пилоттық апробация жан-басына шаққандағы орта білім беруді нормативті қаржыландыру жаңа форматтағы қаржыландыруға ауысуды жеңілдетеді;

- қаланың ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларды қолдау бойынша бастамасының жетістігі;

- қаланың мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту бойынша бастамасының жетістігі;

- интернатты мекемелердегі балалар санының азаюы және балалардың отбасында орнығуы;

- мүмкіндігі шектеулі балдарға арналған арнайы ұйымдардың (түзету) ашылуы;

- дайындықтан өткен мамандарды жұмыстандыру мәселесін шешетін корпоративтік білім беру қағидаларын ұстану.


- мектеп жасына жейінгі ұйымдарда, әсіресе бөбектік топтар бойынша кезектің сақталуы;

- білім беру ұйымдарында материалды-техникалық жеткіліксіз жарақтануы, оның ішінде жаңа нұсқадағы кабинеттермен, арнайы техникамен және жабдықтармен, заманауи компьютерлік техникаларымен;

- мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында педагогтардың профессионалдық деңгейінің төмендігі, методист-пәнді жүргізу дифициті, мектепке дейінгі-педагогтардың, аз кешенді мектептер үшін кадрлар мен инклюзитвтік білім беру бойынша мамандардың дифициті;

- шетел тілдері оқытушылар сапасыз құрамының жеке көрсеткіштері нашарлауы (орта жастағылардың өсуі, жоғарғы санаттағы оқытушылар үлесінің төмендеу);

- білім беру ұйымдарында мултимедиялық-лингафондық кабинеттерімен жеткіліксіз жарақтандырылуы;

- салалардың жеткіліксіз қаржыландыру білім бері ұйымдарының материалды-техникалы базасын айтарлықтай тозуға әкеліп соғуы;

- күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер үлесінің жылдық өсуі;

- инклюзивтік білім берудің жеткіліксіз дамуы;

- отбасылар және балалар амансыздығын анықтау біріңғай белгілерінің болмауы;

- жетім-балалар санынан түлектерді жұмыстандыру механизмінің орындалмауы.




МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:


- мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңа балабақшалар құрылысы, ғимараттарды жалға алудан қайтару;

- білім беру ұйымдарын жарақтандыру, оның ішінде білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа нұсқадағы кабинеттермен;

- Е-learning аясында сандық білім беру ресурстарын (СББР) қолдану мүмкіндігі;

- үш тұғырлы жүйе бойынша мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру.



- мемлекеттік қаржыландырудың мектепке дейінгі білім беру аясында жеткіліксіздігі және жеке сектордың әлсіз бастамасы балаларды оқытуға адекватты дайындау бойынша мүмкіндікті шектеуі;

- бюджеттік қаражаттың шектеулігі білім беру ұйымдарындағы материалды-техникалық базаның әлсіздігін көрсетеді;

- халықтың жақсы еңбекақы мен өмір сүру жағдайына жетуге және педагогикалық кадрлардың жүйелік жылыстауына әкелуі;

- ата-ана қамқорлығынан және жөнелтілген отбасылық орнын басатынынан айырылған балалардың өмір сүруі бойынша қайта даярлау кадрлар бағдарламасының жоқтығы.




Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

- мектепке дейінгі және орта білім беруде оқушылар орнының дифициті;

- білім беру ұйымдарының нашар материалды-техникалық базасы;

- білім беру жүйесіндегі ұйымдар мен мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге жеткіліксіз қаржыландыру;

- орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда;

- білім беру жүйесіндегі тексерулер санының көптігі, ол білім беру қызметінен басқаға алаңдатады;

- инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифтілер, шкафтар және т.б.);

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;

- қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;

- колледж түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары.


Жастар саясаты

Жастар саясатын іске асырудың басты мақсаты - жастардың әлеуетін жан-жақты дамыту болып табылады. Сонымен бірге, жастардың қуатын дамыту қарқыны қаланың әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына жағдай жасайды.

Қала бойынша 2016 жылдың басында жастар саны 45205 адамды құрады немесе облыс тұрғындарының жалпы санынан 7,2%-ы немесе 2013 жылдық деңгейден 1,6%-ға жоғары.

Қалада мемлекеттік жастар саясатын жүргізу қалалық ішкі саясат бөлімі және оның 2013 жылдан бері жұмыс жасап тұрған ведомстволық бағынысты бөлігі «Жастар орталығы» МКМ арқылы жүзеге асады (1 кесте).

Барлық ЖОО-ы мен кәсіби-техникалық оқыту орындарында жастар ісі бойынша 26 комитет жұмыс атқарады.
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы жастар саясаты бойынша жұмыстар көрсеткішінің динамикасы


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Қала бойынша жастардың саны, адам

44473

45207

45205

101,6

Қала халқының жалпы санындағы үлесі, %

24,3

24,4

24,3

х

Жастар саясаты бойынша өткізілген іс-шаралар саны

26

35

34

130,8

Іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат, млн. теңге

27,5

39,0

34,4

125,1

2014-2015 жылдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға 210,2 млн. теңге бөлінді.

Осыған қарамастан, өңірде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясында бірқатар өзекті мәселелер орын алады. Олардың арасындағы ең маңыздысы, бұл – жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі. 2015 жылдың қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1%-ды құрады (облыс бойынша – 4,2%). жұмысшылардың негізгі талабы - біліктілігі, білім деңгейі және жұмыс өтілі.


1 сурет. 2013-2015 жылдардағы қала бойынша жұмыссыздық деңгейі
Жұмыстандыру мәселесі бойынша өткізілген мақсатты жұмыстарға байланысты жұмыссыздық деңгейі 2013 жылмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа төмендеді.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, бірқатар қажетті шаралар өткізіліп тұрады. «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен ауылға» және «Жасыл ел» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асырылуда. Осы бағдарламалардың аясында 2013-2014 жылдарда 7015 жастар жұмыстанды, бұл жастар жұмыссыздығының жалпы көлемінен 20,4%-н құрайды. 2015 жылы бір жас маманға Өмірзақ селосынан тұрғын-үй сатып алуға 2,9 млн. теңге көлемінде несие берілді.


2 кесте. 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік бағдарынша жұмыстанған жастардың саны

Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

«Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Жастар практикасы» бағытындағы жұмыстанғандар, адам

44

63

58

92,1

Мемлекеттік бағдарлама бойынша бөлінген қаржы, мың теңге

19

42

41,7

в 2,2 раза

Әлеуметтік көмек көрсетілген ауылдық елді мекенге тұруға және жұмыс жасауға келген мамандар, адам

1

4

3

в 3 раза

Ауылдық елді мекенге тұруға және жұмыс жасауға келген мамандарға әлеуметтік көмек төленуі, мың теңге

121,2

518,5

388,9

в 3,2 раза

Жастарды тұрғын-үймен қамту облыс пен қаланың бірден-бір өзекті мәселесі болып табылады. Ақтау қаласында 2013-2015 жылдары жас отбасыларға 12,1 шаршы метр тұрғын-үй салынды.

Жастар саласындағы проблемаларды шешу және анықтау үшін, басқарма жастардың ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Облыс бойынша жастардың ҮЕҰ-ның саны 30 бірлікті құрайды, оның ішінде 21-ден астамы белсенді жұмыс істейді.

Облыстағы жастардың үкіметтік емес ұйымдары мемлекеттік тапсырыс жүйесі арқылы жастар арасындағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге белсенді тартылуда.

Өңіраралық ынтымақтастық аясында әр-түрлі іс-шаралар өткізілді. 2015 жылдың мамырында қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау аясында, қала әкімінің Кубогы үшін қалада кәсіби Панкратионнан жарыстар өткізілді. Аталған шараға Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 25 адам қатысты.

Сонымен қатар, 2015 жылдың қыркүйегінде «Теңіз тарландары» телевизиялық жобасының концепциясына сәйкес, Ақтау және Самсун (Түркия) қалаларының құрама командалары арасында жарыстар өтті. Осы шараларға 150-ге жуық адам қатысты.



Каталог: files -> uploads
uploads -> «Қазақстан Республикасындағы банктер жңне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы
uploads -> Альперович Моисей Самуилович. Революция и диктатура в Парагвае (1810-1840)
uploads -> М. Рудый 2011 его называли «парагвайским робеспьером» Хосе Гаспар Родригес де Франсиа
uploads -> Владимир урин
uploads -> Администрация Жерновецкого сельского поселения Троснянского района Орловской области сообщает : в соответствии со ст


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет