Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет6/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- патриоттық өзіндік сана-сезімді, азаматтық жауапкершілікті көтеруге бағытталған жастармен өзара іс-қимылдың тиімді моделі (әкімдік – облыстық жастар саясаты орталығы – ҮЕҰ) құрылды;

- әлеуметтік белсенді және азаматтық позиция мен салауатты өмір салтының қалыптасуы, кәсіпкерлік және инновациялық әлеуеттің дамуы, жас таланттарды қолдау;

- облыстағы жастардың ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру көлемі өсті;

- Облыстық ҮЕҰ жастарымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауға қаржыландыру көлемінің өсу тиянақтылығы;

- мемлекеттік органдардың жастардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылының маңызды институттары: барлық деңгейдегі әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер, (қалалық) жастар форумдары құрылды.


- бірлесіп орындаушы - мемлекеттік органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қатысуының төмен деңгейі;

- аудандарда және ауылдық жерде жастар инфрақұрылымының жеткілікті дамымауы;

- жастардың ҮЕҰ-ның әлеуметтік маңызды жобаларының орындалу сапасын бағалаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы.


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- өңірде жастар саясатын жүргізуді жақсарту үшін «Жастардың жол картасы – 2016» бағдарламасының жасақталуы;

- Жастарды жұмысқа орналастыруға ықпал ететін «Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға», «Жасыл ел» жобаларын одан әрі ілгерілету;

«Бизнестің жол картасы» аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау;

- «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» жобасының аясында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету



- жастар арасында нашақорлықтың, діни экстремизмнің таралу мүмкіндігі;

- жастардың іс-шаралары мен жобаларын толық қаржыландырмау.




Жастар саясатының негізгі проблемалары:

- жастар арасындағы жұмыссыздық;

- дипломы бар жастарды жұмыстандыру;

- 15-28 жастағы NEET үлесінің болмашы төмендеуі;

- жастардың тұрғын үймен қамту.

2.1.2.2. Денсаулық сақтау

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау инфрақұрылымының едәуір дамуы Ақтау қаласында байқалады. Қалаға облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының 69,4%-ы, стационарлық жәрдем көрсететін аурухана мекемелерінің 51,5%-ы кіреді. Бұдан өзге, қала халқына 20-дан астам жеке мемлекеттік медициналық ұйымдар қызмет етеді. Қаланың денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдардың қаржыландырылуы облыстық бюджеттен жүзеге асады.

2013-2015 жылдарда денсаулық сақтау саласында қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде халық денсаулығының медициналық-демографиялық және негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

2015 жылы бала туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2013 жылы 26,84 промиллені құраса, 2015 жылы 29,35 промиллені құрады (облыс бойынша – 31,38). Бұл 2013 жылдың деңгейінен 5,2%-ға төмен.

Табиғи өсімнің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда көрсеткіші 2013 жылы 20,91 промиллені құраса, 2015 жылы 23,73 промиллені құрады (облыс бойынша – 26,75).

2014-2015 жылдары 1000 тірі туылған адамға шаққандағы нәрестелер шетінеуі 2013 жылғы 9,36 промилледен 2015 жылы 7,90 промиллеге дейін немесе 15,6%-ға төмендегені байқалды (облыс бойынша – 9,20).

Аналар өлім-жітімінің 1000 адамға шаққандағы көрсеткіштері тұрақсыз күйінде қалуда. Мәселен, ол 2013 жылы – өлім оқиғасы болмаған (облыс бойынша – 11,2), 2014 жылы – 19,5 промилле (облыс бойынша – 21,2), 2015 жылы – болмаған. Аналар өлім-жітімінің жоғары болуының негізгі себептері бала көтеретiн жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі.

Өлім-жітімнің барлық жағдайлары облыстық Денсаулық сақтау басқармасының емдеу-бақылау комиссиясында қарастырылуда және емханалық-сауықтыру қызметін жақсарту жұмыстары бойынша ұйымдастырылған шаралар қабылдануда.

Біздің облыс 2015 жылы ерте жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы әйелдердің денсаулығын жақсартуға, нәрестелер мен балалар өлім-жітімін төмендетуге бағытталған ЮНИСЕФ жобасы бағдарламасын енгізу бойынша пилоттық өңір ретінде белгіленді.
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы өлім-жітімнің негізгі тармақтары бойынша динамикасы


Көрсеткіштер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Барлық өлгендер, адам.

1089

1091

1043

95,8

оның ішінде: қан айналымы ауруаларынан

237

176

173

73,0

жаңа өскіндерден

182

183

174

95,6

тыныс органдары ауруларынан

48

49

71

147,9

жазатайым жағдайдан

127

105

87

68,5

ас қорыту органдарының ауруларынан

109

71

103

94,5

Маңғыстау облысы бойынша өлім-жітімдегі үлесі,%

38,3

39,3

36,6

х

Есепті кезеңде қан айналымы жүйесінің ауруларының (бұдан әрі – ҚАЖА) 2013 жылғы 237 адамнан 2015 жылы 173 адамға дейін төмендеді. 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктен өлім-жітім көрсеткіші 93,6 промиллені құрады және 2013 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға төмендеген (2014 жылы – 98,9 промилле, 2013 жылы – 98,8 промилле).

ҚАЖА-ның негізгі көрсеткіштерін жақсартуға Ұлттық скрининг бағдарламасын енгізу, жоғары технологиялық диагностикалау тәсілдерін енгізу, кардиохирургиялық көмекті жетілдіру нәтижесінде қол жеткізілді. Нәтижесінде ҚАЖА-нан өлім-жітімді 2013 жылдық деңгейге 27%-ға төмендетуге қол жеткізілді

Қала бойынша қатерлі ісіктерден өлім-жітім 3 жылдың ішінде 1000 адамға шаққандағы 183 адам деңгейінде болып отыр. Өлім-жітім көрсеткіштерін қысқарту мақсатында БМСК ұйымдарында қосымша онкологиялық кабинеттер ашу, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Облыстық онкологиялық диспансердің төсек-орындық қуаты 2015 жылы 70-ке дейін өсіп, онкологиялық науқастарды мамандандырылған емдеумен қамту 2013 жылғы 92,2%-дан 2015 жылы 93,8%-ға дейін өсті.

Дегенмен, позитивті беталысқа қарамастан қатерлі ісіктерден өлім-жітімнің жоғары болуы қалада орын алып отыр (100 мың тұрғынға шаққанда 93,6 промилле). Негізгі себеп, қала емханаларында дәрігер-эндоскоптардың (онкология, маммология) жоқтығы.

2015 жылы АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 2013 жылдың деңгейінде қалды, яғни 0,02%. АИТВ инфекциясын диагностикамен қамту 11,2% құрады, 67769 адам тексерілді (2014 жылы - 84164 адам, 2013 жылы – 80831 адам).

Облыстағы дәрігер кадрлардың тапшылығы - басым мәселелердің бірі болып қала беруде. Мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Денсаулық сақтау басқармасының қала бойынша 1431 дәрігер, 5090 орта медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды. Бұл ретте, 10 мың тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілу 76,7 (облыс бойынша – 22,8), орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу – 272,9-ды (облыс бойынша – 81,2) құрады.

«350 дәрігерлік амбулатория фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана» бағдарламасы бойынша 2015 жылы Өмірзақ селосында 20 ауыстыру қатынасында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.


Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

- медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;

- медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;

- халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;

- елдің медициналық ЖОО студенттерді оқыту;

- медициналық ұйымдардың басшыларын «Алматы менеджмент университетінің» Денсаулық сақтау менеджменті факультетінде оқуы.



- дәрігерлік кадрлардың дефициті;

- БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі;

- бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

- туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы;

- әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.


МҮМКІНДІКТЕРІ:

- денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасы ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;

- аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;

- денсаулық сақтау объектілерін, ауысымына 500 келушіге арналған емханананы салуды бюджеттік және жеке қаржыландуры көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту.



ҚАТЕРЛЕРІ:

- жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;

- еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;

- көші-қон ағымдары салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі.




Денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары:

дәрігер кадрларының тапшылығы, оларды тұрғын-үймен қамтамасыз ету;

Маңғыстау облыстық ауруханасының базасындағы инсульт орталығын жарықтандырудың жеткіліксіз деңгейі;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

БМСК ұйымдары инфрақұрылымының жеткілісіздігі.
2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

Жұмыспен қамту және халықтың табысы

Жұмыспен қамтылғандар саны 2015 жылы 97,9 мың адамды құрады немесе экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 95,7%-ы (облыстық орташа есеппен – 94,9%). Қалада экономикалық тұрғыдан белсені халық 2013 жылы 106,4 мың адамнан 2015 жылы 102,4 мың адамға дейін азайған немесе 3,7%-ға (4 мың адамға).

Тұрғындардың жұмыспен қамтылғандар қимасында жалдамалы жұмысшылар басым, 2015 жылы олардың саны 94,7 мың адамды құрады немесе экономикалы белсенді халықтың 92,4%-ы (2013 жылы – 89,3%, 2014 жылы – 89,3%). Тұрғындардың жұмыс жасайтын құрамында өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың салыстырмалы үлесі айтарлықтай төмен, және қазіргі таңда экономикалық белсенді халықтың 6,6%-н құрайды (2013 жылы – 5,8%, 2014 жылы – 5,8% (1 кесте).
1 кесте. 2013-2015 жылдардағы қала бойынша еңбек рыногының негізгі индикаторлары



Еңбек рыногының негізгі индикаторлары


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Экономикалық тұрғыда белсенді халық, мың адам

106,4

109,2

102,4

96,2

Жұмыспен қамтылған халық, мың адам, оның ішінде:

101,2

103,8

97,9

96,7

жалдамалы қызметкерлер, мың адам

95,0

97,5

94,7

99,7

өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, мың адам

6,2

6,3

3,2

51,6

Жұмыссыз халық, мың адам

5,2

5,4

4,4

84,6

Жұмыссыздық деңгейі, %

4,9

4,9

4,3

х

Қаланың өз бетінше жұмыспен қамтылғандары көбіне сауда-саттық аясында қызмет етеді.

Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі өнеркәсіпте – 34,8%, дәлірек айтқанда кен өндіру өнеркәсібінің кіші секторында – 18,6% және өңдеу өнеркәсібінде – 8,5% шоғырланған. Экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санында құрылыста – 5,9%-ы, көлік және қоймалауда – 7,4%-ы, әлеуметтік салаларда: мәселен, бюджеттік сияқты (мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау, өнер) – 21,4%-ы жұмыспен қамтылған.

2013-2015 жылдардағы жұмыспен қамту органдарына тұрақты немесе уақытша жұмысқа өтініш білдірген 7395 тұлғалардың ішінен 1863 адамы жұмыспен қамтылды немесе 25,2% (2013 жылы – 16,8%, 2014 жылы – 19,7%).



Инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды жүеге асыру барысында «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013-2015 жылдық кезеңде жалпы сомада 85,4 млн. теңге тұратын 6 инвестициялық жоба іске асырылды және 48 жұмыс орны құрылды. (2 кесте).
2 кесте. 2013-2015 жылдардағы «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асуы


Көрсеткіштер


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Құрылған жұмыс орны

7832

8282

9380

113,2

жұмыспен қамтуға өтініш білдірген тұлғалар саны, адам

2105

2042

3248

в 1,5 раз

оның ішінде: ерлер

877

892

1632

1,8 раза

әйелдер

1228

1150

1616

1,4 раза

жұмыспен қамтуға өтініш білдірген тұлғалардың жұмыстанғандары

355



403

1105

2,7 раза

Әлеуметтік жұмыс орындарына жөнелтілгендер

0

15

82

5,4 раза

Жастар практикасына жөнелтілгендер

139

97

313

3,2 раза

Ақылы қоғамдық жұмыстарға жөнелтілгендер

655

447

624

1,4 раза

Оқытуға жөнелтілгендер

74

45

96

2,1 раза

Тіркелген жұмыссыздар деңгейі, %

0,4

0,5

0,9

х


2013-2015 жылдары Жұмыспен қамту жол картасы – 2020 іске асыру шеңберінде 1863 адам жұмыспен қамтылды немесе өтініш білдірген азаматтардың жалпы санынан 25,2%-ы (2013 жылы – 16,8%. 2014 жылы – 19,7%, 2015 жылы – 34,0%).

Жұмыспен қамтудың төменгі көрсеткіштеріне себеп, жұмыссыздардың орналасатын жұмысының төмен жалақысы мен лауазымының біліктілігі бойынша, білім деңгейі мен қызмет өтіліне жоғарғы талап. Сондықтан, жұмыссыздарға ақылы қоғамдық жұмыс түрінде уақытша қамту ұсынылады (3 кесте).
3 кесте. 2013-2015 жылдрдағы «Жұмыспен қамту – 2020» екінші бағытының іске асырылуы


Іс-шара атаулары


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға, %

Кәсіпкерліктің негізі оқуынан өткендер

10

5

8

80,0

Микрокредит алғандар

3

2

2

66,7

Кредит сомасы, млн.теңге

7,2

6,0

6,0

83,3

Құрылған жұмыс орны

8

8

4

50,0

2015 жылы жұмыспен қамту органдарына лайықты жұмыс іздеп, 3248 жұмыссыз жүгінді, бұл 2013 жылға қарағанда 54,3%-ға көп (2014 жылдан – 59%-ға көп).

Қала бойынша 2015 жылы жұмыссыз азаматтардың қимасы келесі көрсеткіштермен сипатталады (4 кесте).

4 кесте. Қала бойынша жұмыссыз азаматтар қимасы


Жасы бойынша:

Жынысы бойынша:

16-24 жас - 22,5% (221 адам);

25-28 жас – 17,0% (167 адам);

29-34 жас – 14,7% (145 адам);

35-44 жас – 13,2% (130 адам);

45 жас және жоғары – 32,6% (321 адам).


Ерлер – 50,3% (495 адам);

Әйелдер – 49,7% (489 адам)




Білім деңгейі бойынша:

Кәсіби-біліктілік құрамы бойынша:

жоғары – 26,5% (261 адам);

орташа кәсіби – 26,2% (258 адам)

орта білім – 47,3% (465 адам)


Жұмысшы біліктілігі бар – 48,5% (477 адам);

Қызметкер лауазымы – 29,8% (293 адам)

Бұрын жұмыс жасағандар – 21,7% (214 адам)


Жұмыстан шығу себебі:

Ұйымның таратылуы не штат немесе адам санының қысқаруы – 5,6% (55 адам);

Өз еркімен – 84,7% (833 адам)


Тіркелген жұмыссыздар саны 2013 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге артты және 984 адамды құрады (2014 жылы – 1,7 есе). Тіркелген жұмыссыздар санының өсуі жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатын жұмыссыз азаматтардың тіркелуіне байланысты.

Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдауда 2 кәсіпкер мал шаруашылығын дамыту үшін 3 млн. теңгеден кредиттік қаржы алды.

Бұрынғысынша, 2015 жылы 820 адамды құраған жастар жұмыссыздығының (15-тен 28 жас аралығы) жоғарғы деңгейі қалып отыр немесе барлық жұмыссыздардың 18,7%-ы. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында оқыту және қаланың жастарын жұмыспен қамту бойынша іш-шаралар өткізіліп тұрады.



4 кесте. Жұмыспен қамту – 2020 шеңберінде «Жастар практикасы» арқылы жұмыстанғандар


Кезең


2013 жыл


2014 жыл


2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Жастар практикасына жөнелтілген жастар саны

44

63

58

131,8

Оқытудан кейін жұмыстанғандар, адам

19

42

17

89,5

Бюджеттік қаражаттың бөлінуі, млн. теңге

5,2

7,1

7,4

142,3

Жастар жұмыссыздығының деңгейі,%

7,5

5,3

3,1

х

2015 жылы жұмысшылардағы үлкен талап, экономикалық қызметтің келесідей түрлері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар мәлімденді: мектеп жасына дейінгі мекемелер – 10,7%, көтерме және бөлшек сауда – 15,6%, өңдеу өнеркісібі – 37,0%, әлеуметтік өріс – 4,2%, банк қызметтері – 4,2%, құрылыс – 3,7 %, денсаулық сақтау – 9,3%, қонақ үй қызметтері – 1,5%, көлік пен байланыс – 1,8%.

2015 жылы жұмысшылардан 943 бос орын барлығы жөнінде мәлімет түсті, оның ішінде бос орындар: жұмыстық біліктілікті мамандықтары бойынша –46,6%, қызмет лауазымы бойынша – 28,4%, жұмыстық біліктілікті емес мамандықтары бойынша – 25,0%.

Нәтижесінде, жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыз азаматтардың саны 2015 жылы бір бос орынға есептегенде 3 адамнан келеді.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату бойынша кезекті жұмыспен 2015 жылы Ақтау қаласынан 2 отбасы Форт-Шевченко (Түпқараған ауданы) қаласына, 1 отбасы – Риддер каласына (Шығыс Қазақстан облысы) көшіп барды.

Жыл сайын, өзара ынтымақтастық туралы қала әкімшілігі мен қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін құрметтеу жұмысшыларымен Меморандумдар жасақталады, сондай-ақ «ЭКО Маңғыстау» ҮЕМ, «Ремиф» жергілікті агенттігі және «Ақтау жұмыс» ерікті әлеуметтік сайты мен облыстағы халықты әлеуметтік қолдау арасында ынтымақтастық туралы Меморандумдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет