Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет7/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Халықты жұмыспен қамту SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- халықты жұмыспен қамту әрекетіне белсенді шараларды қолдану, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде, «Өрлеу» пилоттық жобасының үйлесімді шарттық негізінде әлеуметтік көмек, қала бойынша жаңа жұмыс орындары құрылатын жобалардың орындалуы;

- жастар практикасы ұйымдары жолымен жас түлектер үшін жағдай жасап беру;

- ақылы қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыстық орындар ұйымдары жолымен халықтың нысаналы тобына жағдай жасап беру;

- қоғамдық жұмыстардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігін арттыру;

- жұмыссыз азаматтардың біліктілігін арттыру және кәсіби даярлау мен қайта даярлау;

- ең танымал мамандықты анықтай келе, кәсіби-біліктілік қимасындағы ағымдағы талаптар мен банк жұмыс орындарын талдау.



- Қазақстанның Қарулы күштерінің әскерінен және барлық экономикалық салалар және экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

- жұмыссыз азаматтар (жылдан астам) санының өсуі;

- қоғамдық жұмыстарға жергілікті бюджет шығындарының өсуі;

- жабық жұмыссыздықтың өсуі, еңбекақы төлеу бойынша міндеттеме;

- жұмыссыздар санының өсуі;

- еңбек нарықтарында әлеуметтік шиеленістің жылдамдануы.




МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- еңбек нарығында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

- жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

- тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

- әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру;

- өз ісін ұйымдастыруы үшін микрокредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.



- экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

- халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;

- жалақы төлеу бойынша ықтимал кешіктірулер.



Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі проблемалар:

- жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;

- еңбек нарығының әр саласындағы азаматтардың бәсекелесу қабілетінің төменділігі және еңбекке жеткіліксіз уәждеме;

- низкая конкурентоспособность на рынке труда отдельных категорий граждан, недостаточная мотивация к труду;

- мұнайға арналған бағалардың әлемдің деңгейінің төмендеуіне, мұнай-севрис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;

- жастар және әйелдер жұмыссыздығының жоғары деңгейі.
2.1. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау

Қала бойынша орташа айлық жалақы 2013 жылы 191127 теңгеден 2015 жылы 235463 теңгеге дейін өсті және республиканың өңірлері арасынан ең жоғарғыларының бірден-бірі болып табылады (республикааралық деңгейді 1,5 есе жоғары).

Сол уақытта жалақы мөлшерінің деңгейі экономика секторларының қимасында ерекшеленеді.

Жоғарғы деңгей өнеркәсіпте айқындалды – 373 266, көлік пен қоймалауда – 330 435 теңге, кәсіби ғылым қызметінде – 297 443 теңге. Жалақының төменгі мөлшері келесі секторларда айқындалады: денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер, білім беру, ауыл шаруашылығы (орта есеппен – 83 647 теңге). Жалақының жоғарғы деңгейі мен төменгі деңгейінің арасы 5,3 есе.

Кедейліктің ең төменгі шегінен төмен өмір сүретін адамдар саны 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті және 1062 адамды құрады (2013 жылы – 527 адам, 2014 жылы – 906 адам). Өсу себебі – халықтың табысын төмендетуге және көптеген отбасылардың өмір сүру деңгейін төмендетуге теңге девальвациясы, баға деңгейінің тез өсуі, әкеліп соқты.


1 сурет. 2013-2015 жылдардағы кедейліктің ең төменгі шамасында өмір сүретін азаматтар саны

Кедейлік шегі көлемінің 2013 жылы 8672 теңгеден 2015 жылы 9272 теңгеге дейін өсуі есебінен (6,9%-ға), мемлекеттік атаулы көмекті төлеуге шығындар 40%-ға азайды (бұдан әрі – МАК).

2015 жылы аз қамтылған азаматтар саны мен МАК алушылар 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге өскені анықталды, 18 жасқа дейінгі балдар – 1,9 есеге, жұмыссыздар – 2,3 есеге, жұмыс жасайтындар – 3 есеге және бала күтіміндегі тұлғалар – 2, есеге (5 кесте).
5 кесте. 2013-2015 жылдардағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны




кезең

18 жасқа дейінгі балдар

жұмыссыздар

жұмыс жасайтындар

өзін-өзі қамтығандар

зейнеткерлер

мүгедектер

студенттер

адам күтімімен айналысатындар

өзгелер

2013 жыл

309

97

18

2

3

10

22

62

4

2014 жыл

515

206

37

1

5

13

20

104

5

2015 жыл

614

223

54




8

11

17

131

4

МАК пен мемлекеттік балалар жәрдемақысын алатындар (бұдан әрі – МБЖ) санының өсуі кедейлік шегінің мөлшері мен азық-түлік қоржынының өсуіне, жәрдемақы мөлшерінің 1 АЕК-тен 1,05 АЕК-ке дейін өсуіне және есептік көрсеткіштердің өсуіне байланысты болып отыр.



2015 жылы 572 отбасыға 35,2 млн. теңгеге тұрғын-үй көмегі көрсетілді, оның ішінде ТҮКШ жаңарту аясында 141 отбасыға – 26,4 млн. теңге.

2012 жылдан бастап, коммуналдық қызметті төлеу бойынша әлеуметтік көмек механизмі жақсарды, сондай-ақ электр плитасы бар үйлерде энергия тұтынуды жіберу бөлігінде. Сонымен бірге 2012 жылдан бастап, тұрғын-үйлерді күрделі жөндеу жүргізу бойынша ай сайынға жарналардың мөлшері туралы есептік негізінде, ТҮКШ жаңарту бағдарламасының қатысушыларын тұрғын-үй көмегімен қамту басталды. 2013 жылы халықтың аз қамтылған бөлігі үшін жылу есептемелерін орнату бөлігінде тұрғын-үй көмегі көрсетілді (6 кесте).
6 кесте. 2013-2015 жылдардағы тұрғын-үй көмегін алушылар көрсеткіштері



Кезең


Отбасылар саны, айына


Бөлінді, млн. теңге

Оның ішінде ТҮКШ жаңарту аясында



Зейнеткерлер, адам



Мүгедектер, адам



Жұмыс жасайтындар, адам

адам күтімімен айналысатындар, адам


Отбасы саны


Сомма, млн. теңге

2013 жыл

604

12,5

66

4,2

483

90

48

17

2014 жыл

602

27,9

69

13,0

441

76

72

13

2015 жыл

572

35,2

141

26,4

441

80

96

10


2.2. Әлеуметтік қолдау мен мүгедектерді оңалту

2013-2015 жылдардағы толықтай қала бойынша мүгедектер саны өсуі байқалуда. Мүгедектер саны 2013 жылы 5999 адамнан 2015 жылы 6536 адамға дейін өсті немесе 8,9%-ға (7 кесте).
7 кесте. 2013-2015 жылдардағы мүгедектер санының көрсеткіштері



кезең


1 топтағы мүгедектер саны, адам


2 топтағы мүгедектер саны, адам


3 топтағы мүгедектер саны, адам

16 жасқа дейінгі мүгедек балдардың саны, адам



барлығы

2013 жыл

635

3100

1495

769

5999

2014 жыл

681

3305

1531

837

6354

2015 жыл

587

3459

1601

889

6536


Мүгедектердің жеке көмекшісі қызметі, ымдау тілі мамандары, гигиеналық бұйымдары (жаялықтар, қабылдағыш қаптар, несеп қабылдағыш) сияқты қызметтермен қамтуда.

Протездік жобалау және ортопедиялық сақтау саласында, қаржыны қозғауға қызметтер көрсетіліп жатыр, және де курорттық емдеу, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарға қызмет көрсетіледі.



Тұрмысы төмен мүгедектерге мемлекеттік арнайы әлеуметтік көмек, тұрғын-үй көмегі көрсетіліп жатыр, ал үйде оқытылатын мүгедек балдарға 5 АЕК мөлшерінде ай сайынға әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бұдан басқа, барлық 6536 мүгедекке 2014 жылдан бастап, жылына 5 АЕК мөлшерде бес мерекелік төлем, 889 мүгедек балаларға 5 АЕК мөлшерінде 6 мерекелік төлем бекітілген. 2015 жылы аталған мақсатқа жалпы 323,1 млн.теңге бөлінген.

2013-2015 жылдардағы Ақтау қаласы бойынша орташа 1139 адам, кепілденген арнайы әлеуметтік қызметтер көлемінің тізіміне сәйкес, үйде қызмет көрсету жағдайы мен уақытша болу жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылды.

Үйде әлеуметтік көмек көрсету орталығында, 108 әлеуметтік қызметшілер немесе 11 әлеуметтік орталық 547 жалғыз басты зейнеткерге, мүгедекке және 149 мүмкіндігі шектеулі балдарға жеке қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетті.

Жеке көмекшілердің әлеуметтік қызметін көрсету медициналық айғақтары бар мүгедектердің картингі үшін және жаяу арбалар мен бөлмелермен, көрумен қамтамасыз ету медициналық айғақтары бар мүгедектер үшін арнайы «Инватакси» машинасы сатып алынды.

Бұдан өзге, жаяу арба картингі және тірек қозғалысы жүйесі ақауы бар мүгедектер үшін арнайы көтергіш құрылғысы бар «Әлеуметтік такси» жұмыс жасайды. 2013-2054 жылдары толығымен «Әлеуметтік такси» мен «Инватакси» қызметін орташа 861 мүгедек қолданды.

2013 - 2015 жылдар кезеңінде, өмірлік қиын жағдайдағы көрсетілген көмек - орташа 101 үйі жоқ азаматтарға уақытша тұру, Әлеуметтік бейімделу орталығынан (бұдан әрі – Орталық) тұрақ жайы жоқ тұлғаларға 40 төсек жай.

Жыл басынан бері, Әлеуметтік бейімдеу орталығы 109 үйсіз азаматтарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетті. Бейімдеу орталығы Интернат-үйіне 13 адам және психохрониктер үйне 20 адамды жөнелтті. 11 үйсіз адамға жасы бойынша зейнетақы және мүгедектігі бойынша көмек рәсімделді. Әлеуметтік патруль қызметіне 137 адам жүгінді.

2013 жылдан бастап, Орталық жанында қаңғыбастық өмір салтын ұстанатын жүргізуші тұлғаларға «Түнемелі үй» түнгі бөлімшелері жұмыс жасайды. Жыл ішінде қаңғыбастық өмір салтын ұстанатын тұлғалар 174 жүргізуші түнейтін жер қабылдады.
2.3. Қол жетімді ортаны құру

2012 жылы қала бойынша әлеуметтік маңызы бар түрлі салаларда аз мобильдік азаматтар үшін 32 басымды объект (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және өзгелер) қолжетімділік мақсатында тексерілді және құжатталды.

Осыған байланысты, 2014 жылы 10 әлеуметтік объектілерге пандустар, тұтқалар орнатылды. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 63 млн. теңге шығындалған болатын.

2015 жылдың аяғында қала бойынша құжатталған нысандар (мемлекеттік органдар, әлеуметтік сала және мәдениет нысандары) саны 19-ды құрады, оның 9 – пандустармен қамтылған.

2014 жылдан бастап, жергілікті телевизияларда мемлекеттік және орыс тілдерінде ымдау тілі аудармашысымен хабар таратуды бастады.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасының ұлғаюы;

- халықтың әлеуметтік қорғауы бойынша бағытталған шара, халықтың аз қамтылған топтарына әлеуметтік көмекті жылдамдату және қиыншылық жағдайларды еңсеру;

- халықты әлеуметтік қорғау бойынша қайырылымдық іс-шаралар өткізетін түрлі ұйымдар;

- аз қамтылған азаматтар санының немесе МАӘК алушылар санының төмендеуі және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушылар санының төмендеуі;

- халықты, оның ішінде нысаналы топтарды, сондай-ақ мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктердің кеңеюі;

- жол белгілері мен нұсқауларын орнату, мүгедектерге қызмет жасауға бағдарланған ұйымдар орналасқан орындарда дыбыс құралғыларымен жаяу жүргіншілер жолын ұйымдастыру;

- жаңалықтар телебағдарламалар трансляциясының сурдоаудармамен сүйемелдеудің қамтамасыз етілуі;

- «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орналастырылуы.



- күнкөріс және сәйкесінше кедейлік шегінің жылдық өсімі;

- халықтың табысының төмендеуі;

- кедейлік шегіндегі өмір сүретін халық санының өсуі;

- табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының облысқа көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнімсіз жұмыспен қамтудың сақталуы;

- әр саладағы еңбекақының жоғары емес деңгейі (облыс арасында төмен).





МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- халықты жұмыспен қамтудың белсенді нысандары қабылдануы;

- бос және уақытша жұмыс орындарына міндетті жұмыспен қамтуда шарттық негізде әлеуметтік көмек көрсету;

- халықтың аз қамтылған бөлігі жұмыс - жастағы экономикалық белсенділігін ынталандыру;

- БАҚ іс-шаралардың орындалу нәтижесінің және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерінің қамтылуы.




- халықтың өміп сүру деңгейінің төмендеуі;

- аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және масылдыққа бейімделуі




Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:

- ұлттық валютаның құнсыздануы мен амортизациялануына, баға деңгейінің өсуіне, жұмыстың төмендеуіне, сәйкесінше халықтың табысы төмендеуіне байланысты аз қамтылған отбасылардың көбеюі;

- отбасында 10 не одан да көп адамы бар көшіп келген оралман отбасылары себепті аз қамтылған азаматтар санының көбеюі;

- жұмыссыздар санының өсуі, толық емес аз қамтылған отбасылардың өсуі (бала күтіміне байланысты).
2.1.2.4. Мәдениет

Қаланың өмір сүру сапасын құрайтын маңыздылардың бірі қолжетімді мәдени орта болып табылады. Қала әкімдігімен басқарылатын Орталық қалалық кітапхана жұмыс жасайды, бұл кітапханалардың 1 филиалы қала шағын аудандарындары мен Өмірзақ селосында және Абай атындағы мәдени демалыс кешенінде (МДК орналасқан. Сондай-ақ, қала аумағында мәдени әлеует пен халықтың эстетикалық сұранымдарын және рухани қанағаттандыруын көтерумен айналысатын драма театр, қүыршақтар театры, облыстық филармония, креведтік мұражай, тарихи мәдени кешен, ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызметінің орталығы, облыстық әмбебеп кітапханасы жұмыс жасайды. Бұлар, облыстық Мәдениет басқармасының ведомствоасты мекемелі болып табылады.

2013-2015 жылдардағы кезеңде қалада 2731 концерттік және басқа іс-шаралар өткізілді.
1 кесте. 2013-2015 жылдарда қала бойынша концерттік және басқа іс-шаралар саны




Объектілер

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Іс-шаралар саны

Барғандар (адам)

Абай атындағы МДК

356

229 019

190

155 479

176

181 960

Н. Жантөрин атындағы облыстық драма театры

207

24 243

215

29 554

206

29 833

М. Өскенбаев атындағы облыстық филармония

232

45 000

234

46 700

240

52 000

Облыстық қуыршақ театрлары

223

25 405

225

26 400

227

28 248

2015 жылы өткізілген іс-шаралар санының төмендеуіне Абай атындағы МДК ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу әсер етті (2014 жылдың сәуірінен 2015 жылдың желтоқсанына дейін).

Абай атындағы МДК-і қаланың бірден-бір негізгі мекемесі болып табылады. Кәсіпорында «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» құрмет атағаның 3 иегері және «Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы үздігі» құрмет атағының 2 иегері жұмыс жасайды.

Абай атындағы МДК-а 38 шығармашылық ұжымдар бар, оның ішінде 6 ұжым «Ұлттық ұжым» атағына ие, 5 – «Үлгілі ұжым» атағын. 2015 жылы ұлттық аспаптар оркестрі құрылды, 25 адамдық.

Мәдени әлеует қаланың имиджін жоғарылату маңызды инструменті сияқты қолданылады. Халықаралық фестивальдарға табысты түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болатын шығармашылық ұжымдыр. 2013 жылы ұжымдар Халықаралық фестивальге г.Сан-Ремо (Италия) әндері мен музыкаларының орындалуын қабылдады, 2014 жылы – «Алтын микрофон» ХІІ Халықаралық вокалдық конкурсы (Қостанай қаласы), Алания қаласында IV Халықаралық фестиваль-конкурсы (Түркия) және ХІ Халықаралық «Езерски бисери» (Македония) фестивалі.

2015 жылы мұражайға келушілер 2013 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға көбейді (2014 жылмен салыстырғанда – 4,6%-ға), облыстық әмбебап кітапханасына 1,5 есеге (2013 жылмен салыстырғанда – 26,3%). 2014 жылдың мамырынан бастап Орталық қала кітапханасы ғимаратының жабылуына байланысты келушілер 2013 жылмен салыстырғанда 23,0%-ға төмендеді.


2 кесте. 2013-2015 жылдардағы қаладағы мұражай мен кітапханаларға келушілер саны


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

келушілер, адам

келушілер, адам

келушілер, адам

Облыстық өлкетану мұражайы

39781

41546

43475

Облыстық әмбебап кітапханасы

3444


4134

5220

Қалалық орталық кітапхана

12610

10961

8434

Бүкіл елге атаулы күн – Ұлыс Отан Соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын, Конституция қабылданғанының 20-жылдығын, Қазақ хандығы құрылғанының 550-жылдығын тойлау бойынша бірқатар шаралар өткізілді.

2015 жылы «Бір шаңырақ астында» жобасы аясында жыл сайынғы фестиваль өткізіліп, этно-мәдени ұйымдарының қатысуымен концерттер, көрмелер ұйымдастырылды. Осы жоба аясында №4 және №23 мектептерінде «Халықтар достастығы – басты байлық» атты фестиваль өткізіліп, онда оқу орындарының қызметкерлері мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет