Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11


Мәдениет бойынша SWOT-талдау



жүктеу 3.22 Mb.
бет8/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- мәдениет саласындағы қызметтерге қажеттіліктің өсуі;

- облыстың тарихи-мәдениетті сақтау және дамыту халықтың мәдени даму деңгейін көтеру



- жоғарғы шағын аудандар тұрғындарын кітапханамен, концерттік залдармен және басқа да мәдени мекемелермен аз қамтылуы;

- жұмысшылардың төмен еңбекақы есебінен кітапханаларда кадр тапшылығы және осы бағытта Түлектер қызметінің төменгі қызығушылығының сақталуы;

- мәдениет объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу қажеттілігі


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- тарихи-мәдени аумақтарды дамытуды есепке ала отырып, тұрғындарға қызмет көрсетудің қазіргі заманғы нысандарын енгізу;

- мәдениет объектілерінің желісін дамыту (жаңаларын салу, жұмыс істеп тұрғандарын жөндеу) жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатын тарту, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін қолдану.



- тарихи-мәдени мұра объектiлерiне табиғи-климаттық жағдайдың терiс әсер етуi;

- білікті кадрлардың мәдениет саласынан кетуі.




Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:

  • концерт және алаңдардың жеткіліксіздігі;

  • қала алаңы бойынша мәдени мекемелерінің тең емес бөлінуі;

  • қаланың солтүстік-батыс бағытына кеңеюіне байланысты жаңа жоғарғы шағын аудандарға мәдени мекемелер құрылысының кажеттілігі;

  • мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі.


2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

Қаладағы дене шынықтырумен және спортпен айналысатындар саны 2015 жылы 59,6 мың адамды немесе қала халқының жалпы санының 32,1%-ын құрады (2013 жыл – 29,3%, 2014 жыл – 29,4%).



1 сурет. 2013-2015 жылдардағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтар саны, мың адам.
Қалада шұғылданатындардың мейлінше көп үлесі, бұл – 7 және 18 жас аралығындағы балалар немесе дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың жалпы санының 54,7%-ы (59,6 мың адам).

2015 жылы 160 қалалық спорт іс-шаралары өткізілді, бұл 2013 жылға қарағанда 18,5%-дан көп (135 іс-шара). Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 14,9 млн. теңге бөлінді.

Қазіргі таңда, қалада балдар мен оқушылардың әр-түрлі спорттармен шұғылданатын 8 жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды,

1 кесте. 2013-2015 жылдардағы жасөспірімдер спорт мектептерінің даму көрсеткіштері



Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (бұдан әрі - БЖСМ), бірлік.

7

7

8

114,3

БЖСМ шұғылданатындар, адам

4357

4480

5000

111,6

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардағы жастар мен балалардың саны, адам

31295

32100

32636

101,7

Жалпы шұғылданушылардан, дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-ден 8 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы, %

57,9

58,9

54,7

х

Қалада жыл сайын спорт нысандар саны өсуде, мәселен, 2016 жылдың 1 қаңтарына спорт объектілерінің жалпы саны 201 бірлікті құрады немесе 2013 жылдық деңгейден 1,5%-ға жоғары.


2 кесте. 2013-2015 жылдардағы қала бойынша спорттық нысандар



Атаулары



2013 жыл



2014 жыл



2015 жыл

2015 жыл 2013 жылға,%

Қала бойынша барлығы

198

199

201

101,5

Спортттық кешендер

9

9

9

100,0

Стадиондар

2

2

2

100,0

Теннис корты

11

11

11

100,0

Жүзу бассейндері

6

6

6

100,0

Атыс тирі

2

2

2

100,0

Ату алаңы

1

1

1

100,0

Яхта-клубы

1

1

1

100,0

Спорттық залдар

97

98

99

102,0

Спорттық алаңдардың ашылуы

68

68

68

100,0

Хоккейлік корт

1

1

1

100,0

Атап кететін жәйт, Ақтау қаласында республикада бірінші рет мүгедек спортшылар айналысатын мүгедек спортшылар клубы ашылды. 20 жылдан астам олар әр-түрлі спорттық топтарда шұғылданып, Чемпионаттар мен халықаралық турнирлерде жүлделі орындарды алып келеді. Сондай-ақ, отырып ойнайтын, жағажай, отырып ойнайтын жағажай волейболдары бойынша көбасшысы болып табылады

Сонымен бірге, қалада дене шынықтыру мен спорт салаларының дамуын тежейтін мәселелер бар. Бұл, облыстық орталықта және ауылдық елді мекенде спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселесі болып саналады, сондай-ақ білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Тұрғындарды спортпен шұғылдануға және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғарғы білікті спортшыларды дайындау үшін жағдай жасауға тарту мақсатында, қаланың жалпы білім беретін мектептері аумағында 474,6 млн. теңгеге 4 спорт зал құрылысы жобасы жасақталды. Бұл, кешкі уақыттағы ересек тұрғындардың күндізгі уақыттағы спортқа тартуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бұл спорттық залдарда спортпен мүмкіндігі шектеулі тұлғалар айналысады. Өткізу қабілеті күніне 200-250 адам.

Қазіргі уақытта, мұндай залдар қалалық мәслихат депутаты Т. Найзабековтің жетекшілігімен 2 шағын ауданда жұмыс жасайды.

2016 жылдың аяғында №16 орта мектебінің аумағында 87,6 млн.теңгеге спорт алаңын ашу жоспарланып отыр.



Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы;

- жұмыс істеп тұрған спорт объектілерінде спорт топтары мен секциялардың саны артуда;




  • объектілердегі материалды-техникалық жарақтанудың жетіспеушілігі;

  • жаттықтырушы жұыстарының төменгі еңбекақысы;

спорт залдары мен спорт кешендері, жүзу бассейндері және спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу;

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

  • балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту

  • бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық класстағы спортшыларды дамыту жұмыстарын жандандыру

  • қолайсыз экономикалық жағдайға байланысты қаржыландырудың қысқаруы;

  • бюджеттік ұйым қызметшілерінің төменгі еңбекақысы себепті, спорттық салада персоналдың кетуі;

  • балдар, оқушылар және жастар арасында қылмыстың өсуі



Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі проблемалар:

- облыс орталғында және Өмірзақ селосында спорт инфрақұрылымының жеткіліксізлігі;

- еңбек ұжымдарында дене шынықтыру және спортпен 19-дан 29 жастағы ересек тұрғындар мен жастардың жеткіліксіз қамтылуы ;

- оқу-жаттығу үдірісі көрсеткіштерін төмендететін заманауи спорттық базалардың жоқтығы;

- спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;

- балалардың аулалық клубтары желісінің, оның ішінде дене шынықтыру бойынша жеткілікті дамымауы.


2.1.2.6. Туризм

Өңір айтарлықтай туристік әлеуетке ие: бірегей мәдениет (тарихи туризм), әдемі тұмса табиғаттың бар болуы (экологиялық туризм), Каспий теңізіндегі жағажайлық және круиздық туризм, спорттық туризм, экстремалдық туризм.

Мейлінше дамыған туристік дестинациялар – бұл, өңірі бойынша сиымдылығы 55 орыннан 30-сы немесе 54,5% Ақтау қаласында жұмыс жасайды.

Бұл орналасатын орындарда 1411 бөлме бар, бұл уақытта бір жолғы сиымдылық 1967 төсек орнын құрайды.

Сондай-ақ айта кететін жәйт, өңірде туристік сала әлсіз дамыған, негізгі себептер – инфрақұрылымның, туристік бағыттар маркетингі мен менеджментінің, өңірдегі қатысушы тұлғалар үдерісінің арасында серіктестіктің дамымауы болып саналады.

Туристік өнімдерді жылжыту үшін Туризм басқармасы веб-сайты ашылды, Каспий аймағында туризмді дамыту мәселесі бойынша халықаралық форумдар, халықаралық операторлары мен БАҚ өкілеттеріне ақпараттық тур өткізіледі

2015 жылы қаланың жоғары және орта кәсіптік білім беру орындарының белсенді студенттері үшін Ақтау жастар орталығы Маңғыстау облысының тарихи орындарына (Шерқала, Айрақты, Ақмыш, Сағынды) саяхат ұйымдастырды.

ҮЕҰ-мен бірлесе, аз қамтылған отбасылар мен балдарға және оқушыларға өңір бойынша экскурсия ұйымдары жүзеге асырылады.

Ақтау қаласындағы 2009 жылы ашылған Маңғыстау туризмдік колледжі халықаралық деңгейде туристік және мейрамханалық бизнеске кадрларды дайындауды жүзеге асыратын республикадағы жалғыз оқу орны болып табылады. Сондай-ақ, кадрларды дайындауға шетелдік сарапшыларды тартады.

Туризм бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- Кендірлі курортын дамытудың ұлттық деңгейде қолдануы;

- орналастыру орындары дамуының оң динмикасы;

- Маңғыстау туризм колледжімен ынтымақтастық;

- туризм басқармасының веб-сайты арқылы туристік өнімдерді жылжыту.



- дестинациялардың әлсіз менеджменті;

- жаңадан салынып жатқан бұрыннан бар туристік объектілер мен маршруттарға апаратын сыртқы инфрақұрылымның жоқтығы;

- сараланбаған туристік қызметтер;

- туристік қызметтердің төмен сапасы;

- туризм субъектелірінің әлсіз үйлестірілуі;

- жоғары баға саясаты.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

- облыстың бірегей табиғат жағдайлары (Каспий теңізі, Үстірт шоқысы) және мәдени-тарихи көрнекі жерлер;

- ҚР туристік кластерін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасына кірген Батыс Қазақстан туристік кластерінің орталығы ретінде даму;

- шетелдік инвесторларды тарту;

- балалар мен жасөпірімдер туризмін дамыту және ҚР-дағы қызметтер саласын дамыту бағдарламасының аясында гидтерді оқыту;

- ЭКСПО-2017 іс-шараларына қатысу.


- инвестициялық белсенділіктің төменгі деңгейі;

- өнеркәсіптік қалдықтардың себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы;

- бюджеттік шығыстардың қысқаруы;

әлемдік макроэкономикалық ахуалдың нашарлауы салдарынан ішкі және келу туризмі көлемінің қысқаруы.




Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:

- негізгі туристік өнімдерге арналған бағалардың жоғары деңгейі;

- негізгі туристік объектілерге, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділіктің төменгі деңгейі;

- туристік қызметтердің төмен сапасы;

- туристік орналастыру объектілерінің бір бөлігінің тозуы;

- туристік инфрақұрылым – паркингтермен, биоәжетханалармен жеткілікті жарақталмауы;

- салада жұмыспен қамтылған мамандардың кәсіптік даярлау деңгейінің жеткіліксіз деңгейі;

- жергілікті кәсіпкерлердің туристік өнімдерді дамыту және әртараптандыру бойынша бастамалары жеткілікті дамымаған;

- туризмді дамытуды талқылау және жоспарлау үшін әріптестік тәсіл әлсіз дамыған.
2.1.2.7. Үш тілді дамыту.

Қалада тілді дамыту әрекеті, қалада өмір сүретін барлық этностардың тілін сақтаудағы ұлттық бірлікті нығайту маңызды факторы сияқты мемлекеттік тілді қалыптастырумен қамтамасыз ету бағытына бағдарланды. Нәтижесінде, 2013-2015 жылдары қаланың мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі 2013 жылы 84%-дан 2015 жылы 87%-ға дейін артты.

Аталған жұмыс мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілді қолдану, тіл жан-жақтылығын сақтау және ағылшын және басқа да шет тілдерді меңгеруге ынталандыру бағытында жүргізілді.

Сонымен қатар, қаланың ерекшелігі - тұрғындардың бірігіп, нығаюы үшін тілдік саясаты маңызды рөл атқаратын оралмандардың ағымы болып табылады.

Қазақ тілін үйрену заманауи оқыту құралдарымен және оқу-әдістемелік кітаптармен жабдықталған тілдерді оқыту орталықтарында жүргізіледі.

2015 жылы Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасы мемлекеттік қызметкерлерді «КАЗТЕСТ» оқу бағдарламасы бойынша білімдерін бағалады. Оның нәтижесі бойынша, тесттен өткендердің 80 пайызы «орташа» және «орташадан жоғары» деген баға алды (1 кесте).


1 кесте. 2011-2015 жылдардағы жалпы орта білім беру мектептеріндегі оқушылар саны (мың адам)

Оқыту тілі

2011/2012 оқу жылы

2012/2013 оқу жылы

2013/2014 оқу жылы

2014/2015 оқу жылы

2015/2016 оқу жылы

қазақ

18,9

21,9

19,5

19,3

20,6

орыс

10,7

25,1

10,9

11,6

11,6

Бірақ, аталған көрсеткіштер бойынша оңтайлы өсімге қарамастан, ұлттық компанияларда, акционерлік қоғамдар мен жеке құрылымдарда мемлекеттік тілді қолдану деңгейінің жеткіліксізідігі және тілдерді меңгеру инфрақұрылымының дамымағаны байқалады. Бұдан басқа, өңірлік тілдерді оқыту орталығы жекешелендіруге жататын мекемелер қатарына енді.

Аймақта этникалық тортардың тілдерін үйрену мен дамытуға жағдайлар жасалған. Қаланың 20 ұлттық-мәдени орталықтарында 3 жексенбілік мектеп (дағыстан, армян, татар) қызмет етеді. Жексенбілік мектептерге 60 мыңнан астам тыңдаушылар барады.

Қазақстан халқы тілдерін дамыту мен үгіттеу мақсатында, жыл сайын Қазақстан

халқы тілдерінің облыстық фестивалі, «Славян жазба күндері», «Қазақстан - көпұлтты мемлекет» мен қазақ ұлты өкілдері арасында мемлекеттік тілді және ұлты қазақ жастары арасында орыс тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша республикалық конкурстардың іріктеу турлары өткізіліді.

Тілдерді дамыту бойынша негізгі бағыттардың бірі - тілдер туралы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етуді бақылау. ҚР-ң «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының нормаларын сақтауды тексеру мақсатында, сыртқы жарнаманың, визуалды ақпарат пен қаланың кәсіпкерлік нысандарының жазбаларының рәсімделуіне мониторинг жүргізілді. Атқарылған жұмыстар арқасында, ҚР заңнамасының бұзылу саны 2013 жылғы 163-тен 2015 жылғы 30-ға азайды немесе 81,6%-ға.


1 сурет. Визуалды жарнаманы мониторингілеу кезінде ҚР-ң «Тілдер туралы» Заң бұзушылықтарының саны.
Алайда, осы мониторинг бойынша оңтайлы өсімге қарамастан, ҰК-да, АҚ-да, жеке құрылымдарда мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Бұл мәселе мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі мен стандарттарының, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру мен мониторингілеу жүйесінің жоқтығына байланысты туындап отыр.
Үш тілді дамыту бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- қаланың мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі - 99%;

- мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қамсыздандыру жүйесі құрылды;

- мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу қамтамасыз етілді;

- қалада тұрып жатқан эникалық топтардың тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуы;

- мемлекеттік тілді меңгерген халық санының өсуі;

- қолданыстағы тіл саясатын облыс тұрғындарының қолдауының жоғары деңгейі.



- мемлекеттік тілді үйретудің біртұтас стандартының жоқтығы;

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілді қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- тіл аясының жеткіліксіз нормативті-құқықтық қамсыздануы;

- өңірлік тілдерді оқыту орталығының жекешелендіруге жататындығы;

- жеке кәсіпкерлер нысандарының визуалды ақпараттарын тексеру мүмкінсіздігі.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілдің рөлін жоғарылату;

- тіл көпжақтылығын сақтау арқылы әлеуметтік-коммуникативтік салаға мемлекеттік тілді енгізу;

- қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту.


- жоғары миграциялық қозғалыс, қалаға және еліміздің басқа өңірлерінен оралмандардың аса көп келуі, бұл бейімделудің көпжақты экономикалық және әлеуметтік саясатының жоқтығы кезінде тіл саясатының нәтижесін төмендетеді.


Үш тілді дамытудың негізгі проблемалары:

- мемлекеттік тілді үйретудің біртұтас стандартының жоқтығы;

- қоғамдық өмірдің барлық аясында мемлекеттік тілді қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- тіл аясының жеткіліксіз нормативті-құқықтық қамсыздануы;

- өңірлік тілдерді оқыту орталығының жекешелендіруге жататындығы;

- жеке кәсіпкерлер нысандарының визуалды ақпараттарын тексеру мүмкінсіздігі.



2.1.2.8. Ішкі саясат

Қалада, соның ішінде азаматтық қоғам институттарында, қала тұрғындарының әлеуметтік үміттенуінде, ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігінде жағымды қоғамдық-саяси жағдай құрылды. Бұны соңғы әлеуметтік зерттеу қорытындылары көрсетіп отыр.

2013-2015 жылдары өз мамандығына едәуір үлес қосқан қызметкерлерді ынталандыру мақсатында, «Меценат», «Бизнес форумдар» атты конкурстар өткізілді. Отбасы бейнесінің ғұрыптық құндылықтарын жоғарылату мақсаттында, жыл сайын «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіліп отыр. Сонымен қатар, жыл сайын мақсаты - әр түрлі қызмет аясында еңбек ететін үздік жас мамандарын анықтау болып табылатын «Жастар сыйлығы» атты конкурсы өтіп отырады.

Қаланың қоғамдық-саяси имиджін көтеру және көрсету мақсатында, жыл сайын мемлекеттік ақпараттық және әлеуметтік тапсырыстар, әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп отырады.


Саяси партиялармен өзара қарым-қатынас

Қазіргі таңда қалада саяси партиялардың 3 филиалдары қызмет етеді: оның ішінде «Нұр Отан» партиясыныкі - 1, КНПК - 1 және «Ауыл» партиясыныкі - 1.

2015 жылдың 17 мамырында «Нұр Отан» партиясының өңірлік семинары өтті. Аталған семинарда партияның Орталық аппаратының, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысы филиалдарының өкілдері ағымдағы жылдың төрт айында өткізілген жобалар мен шаралардың іске асырылуын талқылады.

Семинарда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасына әсерін тигізетін «Кедергісіз болашақ» жобасының нәтижелері жария етілді. Бұл жоба келесі бағыттар бойынша іске асырылды: мүгедектерді жұмысқа орналастыру, кедергісіз білім алуға жағдайлар жасау, әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысандарына қол жетімділігі.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын тиімді қолдану мақсатымен, әлеумет пен бизнес-қоғамдастықтардың назарын мүгедектер мәселелеріне аудару қажет.
ҮЕҰ-мен өзара қатынас

Қалада бүгінгі күні 28 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Үкіметтік емес сектор қызметінде әр түрлі бағытта белсенді азаматтық ұстанымы бар 1 мыңнан астам адам қызмет етеді.

Өңіраралық байланыс аясында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында, азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатысуымен аса қаржы шығынын талап етпейтін, 70-тен астам шара өткізілді.

Бұдан басқа, жылына екі рет жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың тартылуымен «Негізгі әлеуметтік-экономикалық параметрлер және қаладағы қоғамдық-саяси жағдайды талдау» тақырыбына әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижелері аймақтағы тұрақты жағдайды көрсетеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы қаланың үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік маңызды мәселелерге тартылады. Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша үкіметтік емес секторды қаржыландырудың оңтайлы деңгейі анықталады.



Каталог: files -> uploads
uploads -> «Қазақстан Республикасындағы банктер жңне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы №2444 Заңы
uploads -> Альперович Моисей Самуилович. Революция и диктатура в Парагвае (1810-1840)
uploads -> М. Рудый 2011 его называли «парагвайским робеспьером» Хосе Гаспар Родригес де Франсиа
uploads -> Владимир урин
uploads -> Администрация Жерновецкого сельского поселения Троснянского района Орловской области сообщает : в соответствии со ст


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет