Бағдарламасы ақтау, 016 жыл мазмұны бағыт. Экономика 11



жүктеу 3.22 Mb.
бет9/16
Дата09.09.2017
өлшемі3.22 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

1 сурет. 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға қажетті бөлінген қаражат көлемі (мың теңге).
2014 жылдан бастап алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудың салалық принципі қолданылды. 2014 және 2015 жылдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруға 5 мемлекеттік емес ұйымдар қатысты.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқасында өмір сүрудің әр түрлі аспектілері бойынша азаматтарды қолдау Орталықтары өз жұмысын бастады. 2013-2015 жылдары мемлекеттік емес ұйымдары әр түрлі бағыт бойынша 8 жобаны іске асырды.

Ерекше мұқтажды балаларға көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынасты жаұсарту мақсатында, жыл сайын «Рада Актау» Қоғамдық ұйымы мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделуі үшін түрлі шаралар өткізеді.

2015 жыл ішінде қоғамдық ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарына арналып «Қоғамдық тыңдау» тренингі, «Беделді қоғамдық компаниялар және әлеуметтік медиадағы қызметі» атты семинары өткізілді. Жас суретшілерді қолдау және олардың жұмысын жақсарту мақсатында, «Ақтау қалалық суретшілер одағы» жас суретшілердің дүниетанымын жоғарылату үшін суретшілер фестивалі мен семинарларын өткізді.

Қазақстан Ақтау телеарнасында Нұр-Отан партиясының қолдауымен жыл сайын мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың қатысуымен әңгімелесу алаңы өткізіледі.

Сонымен бірге, 2015 жылы «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық қорының Ақтау қалалық филиалы Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған әскери-патриоттық клубтардың, аула клубтарының слеттарын ұйымдастырды. «Елтану KZ» қоғамдық қоры Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған шаралар өткізді.


Этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынастар.

Қала әкімдігінде Қоғамдық одақ қызмет етеді. Оның басты мәселесі - қоғамдағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, Қазақстан халқы ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін біртұтас жолын жасақтау мақсатында, азаматтық қоғам институттарының, саяси, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да қоғамдардың консолидациясы.

Ассамблея қаланың 20 этно-мәдени бірлестіктерінің қызметін бақылайды.

2015 жылы облыс әкімі – А. Айдарбаевтың қатысуымен қазақстан халқы ассамблеясы жылының басталуына арналып, бірқатар шаралар өткізілді. Сонымен қатар, «Менің қазақстаным» атты облыстық фестивалі өткізілді.

2014-2015 жылдары қалада «Бір шаңырақ астында» атты үлкен әлеуметтік жоба іске асырылды. Бұл жоба аясында, украин халық жазушысы Т.Шевченконың 200-жылдығын тойлауға арналған шаралар өткізіліп, Ресей Федерациясының, Әзірбайжан, Түркменстан, ҚХР елдері аймақтарының әкімшіліктерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатылды.

Ассамблеяның 20-жылдығына ұлттық-мәдени ұйымдармен бірлесіп, қайырымдылық шаралары өткізілді. Қайырымдылық шараның басты мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз топтарына: қарттарға, мүгедектерге, балалар мен аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету.

Этникааралық қарым-қатынастың жайлығы мен төзімділігін сақтау мақсатында, жыл сайын әр түрлі бейнелік және әлеуметтік маңызды шаралар өткізіліп отырады.

Халықтың дін аясындағы білімін нығайту үшін ақпараттық-үгіттеу тобы (АҮТ) құрылды. Ақпараттық-үгіттеу тобының мүшелері қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындарында, мектептер мен жоғары оқу орындарында түсініктеме жұмыстарын жүргізді.


Ақпараттық саясат

Жыл сайын ақпарат кеңістігіндегі жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас Кеңесінің қызметі, Ақпараттық топ жұмысы (пресс-конференциялар, брифингтер, пресс-турлар, онлайн-конференциялар, ыстық линиялар және тағы басқалар).

2013-2015 жылдары аз қамтылған отбасыларға «Отау-ТВ» сандық телевидениесі орнатылды. Оның ішінде, қала бойынша - 190 отбасыға және Өмірзақ ауылында 59 отбасыға орнатылды. Аталған мақсаттарға жергілікті бюджеттен 6,3 млн.теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, қала әкімдігінде жүйелі негізде маңызды мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін мемлекеттік органдар басшыларының брифингтері өтеді. Мемлекеттік органдар басшыларының өз салалары бойынша апта сайынғы брифингтердің кестесі жасақталып іске асырылып жатыр.



1 Сурет. Ақтау қаласы бойынша тіркелген БАҚ саны
Қалада бұқаралық ақпарат құралдары аясында 9 мемлекеттік БАҚ-ын (облыстық газеттер - «Маңғыстау», «Огни Мангистау» және аудандық (қалалық) - «Жаңаөзен», «Қарақия», «Ақкеттікарайы», «Рауан», «Жаңаөмір», «Мұнайлы», «Шерқала» жорналы) біріктіретін «Маңғыстау Медиа» ЖШС-і қызмет етеді.

«Қазақстан Ақтау» облыстық телеарнасы тәулігіне 14 сағат жұмыс істейді. «Жолбаян», «Вест» радиолары Ақтау қаласы аумағында қызмет етеді.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ақпараттық тапсырыспен қамтылуы халықтың барлық санаттарына қоғамдық-саяси жағдай туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарда 2014-2015 жылдары мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға 41,7 млн.теңге қаражат бөлінді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

2015 жылдың басында Ақтау қаласында мемлекеттік рәміздерді үгіттеу және қолдану бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

2015 жылы Мемлектетік рәміздер күніне орай барлық мемлекеттік орагндар мен білім беру мекемелерінде «Патриоттық оқулар» сабағы жүргізілді.

Азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайту және мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын жоғарылату мақсатында жыл сайын 4 маусымда - Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздер күні теңіз жағалауында «Менің Қазақстаным» атты ауқымды патриоттық жастар акциясы өткізіледі.


Гендерлік саясат

2011 жылдан бастап қалада гендерлік саясат аясында алдыңғы қатарлы үкіметтік емес ұйым - «Әйел көшбасшылығы мектебі» қоғамдық қауымдастығы қызмет етеді.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында аталған ұйым «Әйел көшбасшылығы мектебінің қызметін үйлестіруге бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбындағы жобаны және гендерлік теңдік Стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-үгіттеу жұмыстарын іске асыруда.

Қала әкімінің қолдауымен ағымдағы жылда «Көктем аруы-2015» атты конкурсы өткізілді. Қаланың гендерлік саясаты аясында қала әкімі жанынан құрылған әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі Комиссиясы белсенді үйлестіру жұмысын жүргізіп отыр. Сонымен қатар, әйелдер Комиссиясы және Кеңесі («Әжелер кеңесі») тұрақты түрде жұмыс істейді.

Сонымен бірге, 2015 жылы Ақтау қаласында гендерлік саясат кеші өткізілді. Кешке өңір өмірі мен дамуына белсенді қатысатын өңір әйелдері шақырылды. Атап айтқанда, қолөнер шеберлері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйым басшылары, депутаттар, медицина қызметкерлері және тағы басқалар.

Ақтау қаласының әкімдігі жыл сайын Отбасы күніне орай отбасылық бірлікті нығайтуға арналған әр түрлі шаралар өткізеді.


Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды іске асыруға тартылатын үкіметтік емес ұйымдардың сандық өсіміне жағдайлар жасалған;

- қалада үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыруға қаржы көлемінің өсімі қамтамасыз етілді;

- қаланың үкіметтік емес ұйымдарының өңірлік ресурстық орталықтары белсенді жұмыс істейді;

- ауылдық жерлерде істегі үкіметтік емес ұйымдарының саны өсті;

- Қоғамдық кеңес аясында саяси партиялармен тиімді қарым-қатынас құрылды;

- мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыруға қаржы көлемінің өсімі қамтамасыз етілді;

- мемлекеттік органдардың алдыңғы қатарлы облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасы реттелді.


- қалалық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

- ақпараттық-үгіттеу жұмыстарды өткізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жоғарғы деңгейі;

- әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды орындау сапасын бағалаудың біртұтас критерийлерінің жоқтығы;

- заманауи талаптарға сәйкес келетін білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

- журналистік кадрлардың құқықтық біліктілігінің төмендігі.



МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- істегі тұрақты сөйлесу алаңдарының тиімді қызметі арқылы мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігін одан әрі нығайту;

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыруды ұлғайту;

- Маңғыстау облысының Қазақстан Республикасы халқы ассамблеясының сессия қызметінің тиімділігін көтеру;

- әлеуметтік шиеленісудің потенциалды ошақтарын уақытылы анықтау және оларды жою бойынша тиісті шаралар қолдану;

- мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыруға мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарын тарту;

- жергілікті журналист кадрларының біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту шараларын өткізу.



- қаладағы саяси ішілік жағдайда нығайтуға бағытталған көрсеткіштерге қол жеткізбеу;

- қала тұрғындары арасында әлеуметтік үміттенуі деңгейінің төмендігі;

- өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарында шығуы;

- халықаралық ұйымдар қаржысы есебінен журналистердің құқықтық сауаттылығын көтеру.




Саладағы негізгі проблемалар:

- қалалық, ауылдық әкімдіктердің үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынасының төмен деңгейі;

- ақпараттық-үгіттеу жұмысын өткізу кезіндегі жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жеткіліксіз деңгейі;

- әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды іске асырудың тиімділігін бағалау мен мониторингінің механизмінің айқындалмауы;

- заманауи талаптарға сәйкес келетін білікті мамандар санының жеткіліксіздігі;

- журналист кадрларының төмен құқықтық біліктілігі;

- азаматтық белсенділік пен жауапкершілік деңгейіне әсерін тигізетін үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара қарым-қатынасының мәселесі.
2.1.3. Бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

2.1.3.1. Қоғамдық қауіпсіздік

Ішкі істер органдар қызметінің негізгі көрсетікіші - қаладағы қылмыстық жағдайдың статистикасы.

2015 жылы тіркелген қылмыстарың жалпы санының 2013 жыл деңгейіне қарағанда 20,7%-ға (облыс бойынша – 13,1%-ға) немесе 632 оқиғаға өсімі байқалып, 3684 қылмысты құрады. 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыстылық деңгейі 2013 жылғы 198,3 жағдайдан 2015 жылғы 198,3 жағдайға немесе 19,6%-ға (облыс бойынша - 1%-ға) өсті.


1 сурет. 2013-2015 жылдардағы тіркелген қылмыс көрсеткіштерінің динамикасы

2 сурет. 2013-2015 жылдардағы қаладағы қылмыс түрлері бойынша саны
2015 жыл ішінде мынадай жедел-алдын алу шаралары өткізілді: «Құқық тәртібі», «Қару», «Мас жүргізуші - қылмыскер», «Автобус», «Қауіпсіз жол» және тағы басқалар. Аталған шаралардың өткізілуі жалпы алғанда қылмыстылық жағдайға оң әсерін тигізді.

2015 жылда өткізілген шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың 15,8%-ға (2013 жылғы 986-дан 2015 жылғы 830-ға) және көше қылмыстарының 32,5%-ға (569-дан 384-ға) төмендеуі байқалды.

Қоғамдық орындар мен елді мекендердің көшелерінде оперативті жағдайды тұрақтандыру бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар кешені іске асырылып жатыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау және жол қауіпсізідігін қамтамасыз етуді сақтау бойынша қызметкерлер саны ұлғайып, автокүзет саны өсіп, күзет маршруттары толық қайта қаралды. Қала аумағында 28 - жаяу, 66 автокөлік, 8- ат, және 4 стационарлы күзет маршруттары күзет орындары жасақталды.

Соңғы жылдары ішкі істер органдарының жабдықталу деңгейі жақсарып, негізгі бағыттар бойынша тиісті нормаларға дейін жеткізілді.

2016 жылдың 1 қаңтарына қалада 147 қылмыстың (2013 жылы - 77) ашылуына көмегін тигізген 114 видеобақылау камералары қызмет етеді. Сонымен қатар, олардың көмегімен 18795 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды.


Жол қауіпсіздігі

2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары 68,1%-ға (2014 жылғы 69-дан 2015 жылғы 116-ға) өсті. 2014 жылмен салыстырғанда жарақат алғандардың 1,9 есеге өсімі (2014 жылы - 63 адам, 2015 жылы – 122 адам) анықталды. Алайда, 2015 жылы жол көлік оқиғаларында 10 адам (2014 жылы - 12) өмірін қиды.


2 кесте. 2013-2015 жылдардағы 10 мың бірлік автокөлікке шаққандағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі, %




2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Маңғыстау облысы

30,3

23,5

23,2

Ақтау қаласы

17,5

8,4

13,6

Жол-көлік оқиғалары көрсеткіштерінің төмендеуіне қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, бірқатар желел алдын-алу және рейдтік шараларды өткізу арқылы қол жеткізілді.

Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жолдардың аса қауіпті учаскелерінде автоматты анықтау, құқық бұзушылықты мұрағаттау режиміне қосылған 3 интеллектуалды қиылыс орнатылды.

Көшелер мен қоғамдық орындарда жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, 2014 жылы мынадай жедел алдын-алу шаралары өткізілді: «Назар аударыңыз! Балалар!», «Қауіпсіз аула», «Мас жүргізуші - қылмыскер», «Автобус», «Қауіпсіз жол» және басқалар.

Жол қауіпсіздігін үгіттеу бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесу жұмыстары жандандырылды.

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау:


МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- ішкі істер, соның ішінде әкімшілік полиция бөлімшелерінің материалды-техникалық жабдықталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсізідігі құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсімі;

- қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды алдын-алынуы, сонымен қатар ОБО жұмысы аясында қылмыстардың ізі бойынша анықталуы және көшелер мен қоғамдық орындарда видеобақылау жүйесін енгізілуі;

- азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту арқылы ұсақ құқық бұзушылықтар санының азаюы.


- тұрмыстық қылмыстарды алдын-алудың төмен деңгейі (өлім оқиғалары мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру оқиғаларының үштен бірі тұрмыста, әдетте ішімдікті қолдану кезінде жасалады);

- өту жолының кеңдігін талап ететін, кедергілік қоршауларды, жол белгіленуін талап ететін жергілікті жолдар жағдайының төмендігі;

- жүргізушілердің дайындық жүйесін жақсартуды талап ететін жол қозғалысы қатысушыларының төмен көліктік тәртібі.


МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- «мектеп» полиция инспекторлары институттарын одан әрі дамыту;

- тұрғындар мен азаматтық қоғам институттарына тірек етіп, құқық бұзушылықтарды алдын-алу жүйесін құру;

- көлік инфрақұрылымын дамыту, облыс автожолдарында апаттарды азайту үшін автомобиль жолдарын салу және жөндеу.



- экономикадағы қиыншылықтар, халық бөлігінің толықсыз жұмысбастылығы қарақшылытар, ұрлау және басқа да зорлыққа ие, әсіресе жастар арасында қылмыстар санының өсіміне әкеліп соқтырады;

- бостандықтан айыру орындарынан шыққан тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу мен реабилитациялаудың толық жүйесінің жоқтығынан рецидивтің болу мүмкіндігі;

- миграциялық ағым мен соған байланысты қылмыс санының өсуіне әкеліп соқтыратын облыспен шекаралас мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай.



Қоғамдык қауіпсіздік бойынша негізгі мәселелері:

- ішкі істер органдарының материалды-техникалық жабдықталуының жеткіліксіздігі;

- кәмелекетке толмағандар арасында қылмыстылықты алдын-алу бойынша жұмыстың толықсыздығы;

- муниципалды полицияның немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп беруге міндеттілігінің жоқтығы;

- жол қозғалысы қатысушыларының, ең бастысы көлік құралдары жүргізушілерінің төмен көліктік тәртібі.


2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын-алу

Қала аумағында қауіпті өнім өндіретін, және онда апаттардың, газ-ауа қосындысы салдарынан жарылыстар болу мүмкіндігі бар кәсіпорындар қызмет етеді. Оларға ЗПД, ПТВС ЦУВС, «МАЭК-Қазатомпром» - хлоп, «Қазазот» ЖШС-гі - күкірт қышқылы, аммиак және басқалар.

Техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде (бұдан әрі - ТЖ) заманауи жою құралдарының қолданылуы, аталған кәсіпорындардың әсері бірнеше есе өседі.

Қосымша жоюшы факторларға әсіресе мұнай және газ кәсібінде болатын күшті жарылыстар мен өрттерді жатқызуға болады.


1 кесте. 2013-2015 жылдардағы төтенше жағдайлар динамикасы



кезең

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шеккендер,

адам

оның ішінде қаза тапқаны,

адам

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

2013 жыл

34

8

85

12

32

8

2014 жыл

24

9

46

8

16

4

2015 жыл

125

44

42

11

30

6

2015 жылы қалада төтенше жағдайлар саны 2013 жылмен салыстырғанда 5,5 есеге, 2014 жылмен салыстырғанда – 4,9 есеге көбейді. Сонымен бірге, 2013 жылмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,3%-ға, қаза тапқандар саны 25%-ға көбейді.

Халықты инженерлік, радиациондық, химиялық және медициналық қорғау бойынша шаралар қазіргі нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарға сәйкес жоспарланып, орындалып отыр.

2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы өрттердің 35,6%-ға азаю (118 өрт) тенденциясы байқалып отыр. Өрттердің негізгі себебі - электр құралдарын монтаждау және техникалық қолдану ережелерінің бұзылуы. Өрттердің едәуір бөлігі тұрғын-үй секторы мен көлік құралдарында тіркелген.





1 сурет. 2013-2015 жылдардағы суда болған оқиғалардың динамикасы

2015 жылы суда болған 13 оқиға тіркеліп, 3 адам қаза тауып, 1 адам құтқарылды.

2015 жыл ішінде Ақтау қаласының коммуналды қызметтерінің қатысуымен, мынадай 3 республикалық топтық-штабтық оқулар өткізілді: «Көктем-2015», «Қыс-2015», «Қорғау-2015», және «Тұрғындарды көшіруді ұйымдастыру» атты топтық-штабтық оқу.

Төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында, бірқатар шаралар өткізілді: 2016 жылы 24,9 млн.теңгеге қала аумағында қала және қала аумағындағы тұрғын-үй массивтері тұрғындарына бұқаралық хабарлаудың локалды жүйесі орнатылды және 85,5 млн.теңгеге қала әкімдігінің қорғау басқармасының күрделі жөндеу жұмыстары басталды.



Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

- төтенше жағдайлар санының, зиян шеккендер мен қаза тапқандар санының азаюы;

- апаттарды жою мен оларды алдын-алу бойынша тиімді жүйенің болуы;

- төтенше жағдайлар органдарының материалды-техникалық базасын жақсарту бойынша жұмыстардың жүргізілуі.


- облыстың елді-мекендерінде өртке қарсы қызметтер бөлімшелерінің жоқтығы;

- құтқару қызметтерінің жабдықтармен және техникамен аз қамтылуы.




МҮМКІНДІКТЕРІ:

ҚАТЕРЛЕРІ:

- Азаматтық қорғаныс ішкі жүйесінің жетілдірілуі;

- тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау бойынша алдын-алу шараларын қабылдау.





- аумақтың техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қауіптілігі;

- жер сілкінісі қаупі;

- Каспий теңізі акваториясындағы табиғи көмір-сутегілерді игеру салдарынан төтенше жағдайдың пайда болуы.



Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру бойынша негізгі проблемалар:

- азаматтық қорғаныстың шараларын ұйымдастыру және орындау бойынша басқару органдарының әлсіз материалды-техникалық жабдықталуы және әлсіз дайындығы;

- қорғаныс жаблықтарының негізгі қоры 1990 жылға дейін жинақталып, 25-30 жылдан аса қолданылып жатыр. Негізгі құралдар, жабдықтар мен механизмдер үнемі тозады, гидроизоляция бұзылып, агрессияшыл сипаттағы қабатты сулардың астында қалуына әкеліп соқтырады.

2.1.4. Бағыт. Инфрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет