Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау



жүктеу 4.47 Mb.
бет10/23
Дата23.11.2017
өлшемі4.47 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау


Облыстың еңбек нарығындағы жағдай, жалдамалы тұрғындардың жоғары үлесі оң тенденциясымен және орташа республикалық мәнінен төмен жұмыссыздық деңгейімен сипатталады.

2012-2014 жж экономикалық белсенділіктің деңгейі 1,3 пайыздық пунктіге төмендеп 2014ж 71,1% құрады (2012ж. – 72,4%, 2013ж. 72,2%, 2014 ж. – 71,1%) (республика 81,6%). Қаралып отырған кезеңде жұмыспен қамту деңгейі 2012ж 95%, 2014ж 95,1%

Облыстағы өз бетінше қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2014 жылы 21,4% құрады (республика бойынша орташа 30,3%). Облыстағы экономикалық белсенді емес деңгейі 2013 жылы 27,8% құрады (республика бойынша орташа 28,3%).

2012-20014 жж. кезеңде жұмыссыздық деңгейі Ақтөбе облысында 5,0%-дан (21,4 мың адам) 4,9%-ға дейін (20,9 мың адам) қысқарды.

Облыстың аудандары бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары жұмыссыздық деңгейі Ырғыз (5,3%), Ойыл (5,2%) және Байғанин (5,1%) аудандарында белгіленді.

Жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі Байғанин, Алға, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында байқалады.



Облыс бойынша тұрғындардың экономикалық белсенділігінің жоғары деңгейі Мұғалжар, Ырғыз, Байғанин және Хромтау аудандарында байқалады.

34 кесте – Ақтөбе облысының аудандары қимасында еңбек нарығының индикаторлары, 2014 ж.

 

Жұмыссыздық деңгейі, %

Жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жаста), %

Экономикалық белсенді халық деңгейі, %

Ақтөбе облысы

4,9

3,1

71,1

Ақтөбе қ.ә.

5,0

3,8

69,5

Алға

4,6

3,9

68,0

Әйтеке би

4,6

2,7

72,7

Байғанин

5,1

4,2

74,9

Қарғалы

4,5

2,7

71,3

Қобда

4,5

1,5

72,4

Мартөк

4,5

0,8

65,2

Мұғалжар

4,6

3,9

79,8

Ойыл

5,2

1,9

73,3

Темір

5,0

1,2

74,2

Хромтау

4,2

1,8

74,8

Шалқар

5,0

1,1

70,3

Ырғыз

5,3

1,6

75,6

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Облыста 2012-2014 жж. кезеңде табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аз халық үлесі (2,4%-дан 1,8%-ға дейін), кедейшілік тереңдігі мен өткірлігі (сәйкесінше 0,3 және 0,1) төмендеуде.

Халықтың жан басына шаққанда орташа таза ақшалай табысы 2012-2014 жж. сәйкесінше 52847 және 62108 теңгені құрады. халықтың орташа жан басына шаққандағы таза ақшалай табысының арақатынасы орташа республикалық деңгейден шамалы асып түседі.

Бір жұмысшының орташа айлық таза жалақысы 2014 ж. 105 670 теңгені құрады, бұл 2012 ж. орташа айлық таза жалақыдан 15429 теңге көп.

2014 ж. облыста 15725 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша ұйымдарға жүгінген адамдар ішінде жұмысқа қабылданғандар үлесі 72,8% құрады.

Жыл сайын жұмысқа орналастырылған еңбекке қабілетті мүгедектер саны өсуде. 2012-2014 жж кезеңінде еңбекке қабілетті мүгедектер саны 5 есеге өсті.

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтері бойынша 2012-2014 жж аралығында тұрғын үй жәрдемін алушылар 498 жанұяға азайып 3637 жанұяны құрады. Арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұлғалар үлес салмағы төмендеп облыс бойынша 99,6%, МАӘК алушылар саны 322 адамды (2013ж 304 адам, 2012 ж 469 адам), құрады. Ай сайын мемлекеттік пособия алатын 18 жасқа дейінгі балалар саны 1,2 есеге азайды. Облыстың 3637 жанұяға тұрғын үй жәрдемі үшін 55,5 млн. теңге.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар арасында 19 аз қамтылған отбасылар бір жолғы тұрғын үй жәрдемі алушылар болып табылады. Оларға 405,4 мың теңге көлемінде тұрғын үй жәрдемі тағайындалды.

2015 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша құрамы 148 адам 30 жанұя арыз беріп «оралман» статусын алған.

Облыс бойынша мүгедектер және жалғыз басты қарттармен жұмыс жүргізілуде.

Облыста 01.01.2015ж жағдайы бойынша арнайы мемлекеттік пособия алатын 19656 мүгедектер тіркеуде тұр оның ішінде жастайынан мүгедектер 16 жасқа дейінгілер 2315 балалар.

2015 жылдың 1 қаңтарына 6219 мүгедектер мүгедектерді оңтайландырудың жеке бағдарламаларымен сәйкес 261,4 млн. теңгеге техникалық және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді.

Облыстың әлеуметтік қорғау органдарымен ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша шаралар қабылдануда. Осылайша 2014 жылы облыс аумағында орналасқан компаниялардан 1890 шетел мамандарын тартуға өтініштер түсті, оның ішінде 1610 шетел маманына еңбек қызметіне рұқсат берілді.

2014 жылғы қаңтар-желтоқсанында шетел қатысуымен 49 компаниямен 908 жұмыс орны құрылды. 114 қазақстандық мамандар (біліктілікті арттыру есебімен)оқытылды. шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар кәсіпорында қызмет ететін қазақстан тұрғындарының саны 20130 адамды құрайды.

Жергілікті атқарушы органдармен жұмыспен қамтуда көмектесу белсенді шаралар қабылдау есебінен жұмыссыздарды жұмыспен қамтуда көмектесу бойынша жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 ауқымында шаралар қабылдануда.

Облыста 2012 – 2014 жылдар аралығында Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына 1157 адам жұмысқа орналасты, 3267,1 млн.теңге бөлінді, ол 2012 жылдың сомасынан 5,8 есе жоғары.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» 382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді. Оның ішінен өз ісін ашу үшін – 180 адам, бизнестер нығайтуға – 202 адам. Қосымша ашылған жұмыс орындарына 466 адам жұмысқа орналасты.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша 2014 жылы оқытуға (қайта даярлау, біліктілігін жоғарылату) 418 адам бағытталды, ол 2012 жылға қарағанда 264 адамға төмен. Жастар жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында 1165 адам Жастар тәжірибесіне бағытталды, тәжірибе біткеннен кейін тұрақты жұмыс орындарына 1003 адам жұмысқа орналасты, ол 2012 жылға қарағанда 3,5 есе артық. Осы бағыт бойынша қаржыландыру 734,4 млн.теңге құрды.

Мәдениет

Ақтөбе облысы аумағында 486 мәдениет және өнер ұйымдары мен мекемелері жұмыс істейді. Мемлекетік меншіктегі мәдениет саласы ұйымдары – 474. Олардың 239-ы кітапхана, 203-і Мәдениет үйлері мен клубтық мекемелер, 19 мұражай (оның 3-і филиал), 2 мемориалды кешен, 1 аудандық, 1 облыстық Достық үйі, облыстық филармония, облыстық Планетарий, облыстық Халық шығармашылығы үйі, 2 кәсіби театр және т.б. Мәдениет пен өнер саласында қазіргі таңда 2880 штаттық бірлік бар. Соңғы үш жылда облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар мәдени іс-шаралардың көлемі 200 бірлікке ұлғайтылып, 2014 жылы 5200 бірлікті құрады. Келушілердің ең үлкен үлесі - мұражайларда, мұражайға келушілердің 1000 адамға шаққандағы орташа саны 2014 жылы 344,1 адамды құрады. (39-кесте).



39-кесте – Ақтөбе облысы бойынша мәдениет саласының көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны

бірл.

5000

5100

5200

Мәдениет мекемелерінің желісі, барлығы

бірл.

482

484

486

соның ішінде мемлекеттік

бірл.

470

472

474

1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны

адам

 

 

 

кітапханалардың келушілері

 

289,7

286,4

284,6

театрлардың келушілері

 

176

170,7

146,1

концерттік ұйымдардың келушілері

 

222,2

247,3

243,1

мұражайлардың келушілері

 

339

340,7

344,1

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы
Облыс аумағында 13 мемлекеттік мұрағат (облыстық мұрағат, оның екі филиалы және 10 аудандық мұрағат) жұмыс істейді . Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының толықтырылуына, олардың сақталуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға басты назар аударылуда. 2015 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік сақтауда 983,1 мың сақтау бірлігі (с.б.) есепте тұр.

Облыста «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру бойынша тарихи-мәдени зерттеулер жүргізілді. Зерттеу және практикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Табиғат ескерткіштерінің және тарихи-мәдени мұрасының жинағы басылды, монографиялар, ғылыми мақалалар шығарылды.



Бүгінгі таңда облыс бойынша мәдениет үйлері/клуб түріндегі мекемелер арасында күрделі инвестицияларда қажеттілікті 40-кестеден қараңыз. 

40-кесте – Ақтөбе облысының мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелерінің күрделі инвестицияларға қажеттілігі




Мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің жалпы саны, бірл.

Олардың ішінде жеке ғимараттары барлары

Жөндеуді қажетсінетін мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.

Апаттық күйдегі мәдениет үйлерінің/клубтық типтегі мекемелердің саны, бірл.

Ақтөбе облысы

203

161

49

4

соның ішінде:













Ақтөбе қ.

6

3

2




Алға

12

9

3




Әйтеке би

17

12

-




Байғанин

16

14

5




Ырғыз

14

13

5

2

Қарғалы

10

8

3




Қобда

26

17

2




Мартөк

22

17

8




Мұғалжар

20

18

7




Ойыл

18

17

6

1

Темір

14

12

1




Хромтау

16

11

2

1

Шалқар

12

10

5




Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқарамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет