Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 4.47 Mb.
бет15/23
Дата23.11.2017
өлшемі4.47 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Жолдар және көлік


Автомобиль жолдары

Ақтөбе облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6553,4 км құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1893,8 км, облыстық маңызы бар жолдар – 1057,2 км және аудандық маңызы бар жолдар - 3602,4 км.

Жалпы қолданыстағы жалпы жол көлеміндегі қатты жабындысы бар авто жолдардың үлес салмағы 86,7% құрайды. Оның ішінде республикалық және асфальт-бетонды және қара жабынды 1699,5 км және 1175,6 км, ірі құмды-қиыршық тасты жабынды тиісінше 2046,6 км және 2108,9 км, сондай-ақ жергілікті мағынасы бар жолдардағы қара жолды - 942,2 км.



26-сурет – Ақтөбе облысындағы жолдар

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері


Ақтөбе облысының автомобиль жолдарының қалыңдығы 17,2/1000км2 құрайды, бұл көрші Маңғыстау облысынан (13,3) жоғары және көрші Атырау (18,6) мен Батыс Қазақстан облыстарынан (30,3), сондай-ақ орташа республикалық көрсеткіштен (1000км2-ге 35,4) төмен.

Ақтөбе облысы Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарымен Самара-Шымкент автомобиль жолы арқылы, Атырау облысымен Ақтөбе-Атырау-Астрахань автомобиль жолы арқылы, Қостанай облысымен Ақтөбе-Астана автомобиль жолы арқылы байланысқан.

Солтүстігінде Ақтөбе-Мартөк-РФ шекарасы, Ақтөбе-Орск, Қарабұтақ-Комсомол-Солтүстік-Үшқатты және солтүстік –батысында Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк автомобиль жолдары арқылы өңірдің Ресей Федерациясына шығысы бар.



30-сурет – Ақтөбе облысындағы жолдар

Мәлімет көзі: http://doraktobe.kz/


Ақтөбе облысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық инвестициялық мегажобаны жүзеге асыруға қатысады. Дәліздің жалпы ұзындығы - 8445 км, оның ішінде Қаақстан аумағы бойынша - 2787 км. Олардың ішінде көлік дәлізінің 621 км-ы Ақтөбе облысы бойынша салынған.


31-сурет – «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автомобиль дәлізі

Дерекккөз: http://kazlogistics.kz/ru/useful/maps/


Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астрахань)» автожолының 456 км қайта қалыпқа келтіру жоспарлануда, оның 319 км - Атөбе облысының аумағында. Аталған автожол Қазақстанды Батысында Әзірбайжанмен және Еуропамен, Солтүстігінде – Рессеймен, Оңтүстігінде Иран арқылы Парсы бұғанағы елдерімен, сондай-ақ Оңтүстік-шығыста және Оңтүстікте Өзбекстанмен әрі Түркіменстанмен байланыстырушы Баку-Астрахань-Атырау-Ақтөбе–Ақтау-Туркменстана шекарасы транзиттік дәлізінің бір бөлігі болып табылады. Осы жобаны жүзеге асыру кезінде құрылыс материалдарын өндіру қосымша даму алады, сондай-ақ жаңа дұмыс орындары құрылады.

2014 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 44,2 км-не күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жолаушылар қатынасының автокөліктерімен қамтылмаған ауылдық бекеттердің саны әлі де болса жоғары және 61% құрайды (55-ші кесте).

55-кесте – Жолдар және көлік бойынша көрсеткіштер




Көрсеткіш атауы

Өлш. бірл.

2012

2013

2014

1

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі

%

48,0

48,9

46

2

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау

км

12

91

7

3

Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі және орташа жөндеу жүргізу

км

36,9

30,8

37,2

4

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі

%

70

67

61

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
2014 жылы облыстағы автомобиль жолдарының көліктік инфрақұрылымын дамытуға 15 915 726,7 мың теңге бөлінді, оның ішінде қалыпқа келтіруге, орташа жөндеуге және республикалық маңызы бар автожолдарды қалыпты ұстауға 6 318 840,7 мың теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарының жергілікті желісінің көлік инфрақұрылымын, ауылдық елді мекен және Ақтөбе қ. көшелерін дамытуға 9 596 886,0 мың теңге бөлінді.

2014 жылы пайдаланушылардың кең тобы үшін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша ақпаратты бейнелеумен облыстар арасында жалғыз www.doraktobe.kz интернет-ресурсын әзірлеумен қоса облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын паспорттау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Автомобиль көлігі

Ақтөбе облысында 2009-2014 жж. аралығында көліктің негізгі көрсеткішінің өскендігі– жолушылар тасымалы мен жүк айналымының өсуі байқалады (56-шы кесте).



56-кесте – Көлік жұмысының көрсеткіштері




2012

2013

2014

Жолаушыларды тасымалдау, млн. жол.

218,6

238,4

251*

Жолаушылар айналымы, млн. жол.

11 518,1

13 145,3

13 759,7

Жүктерді тасымалдау, млн. тонна

58,1

62,2

63,6

Жүк айналымы, млн. ткм

4784,8

5265,1

5778,7

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Облыс аумағында, атап айтқанда, Ақтөбе қаласында өндірістік қуаты 12,4 мың ш.м/17,3 мың паллетоорын болатын «А» сыныпты 1 көлік-логистикалық орталық қызмет етеді. Кешен жалпы ауданы 12,7 мың м2 үш қойма терминалынан тұрады. Қабылданатын және өңделетін жүктер көлемі – жылына 222,0 мың тонна. Қызмет көрсетілетін жүктердің бағыттары: ҚХР, ТМД елдері, Еуропа және Қазақстан экспорты, импорты, транзиті. Индустриялық аймақта Ақтөбе-Мартөк-РФ шекарасы автомобиль жолына және Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізіне шығысы бар теміржол және автомобиль инфрақұрылымымен қоса көлік-логистикалық кешен ұйымдастыру үшін учаске бөлінген.

Қазіргі таңда жолаушыларды автомобиль көлігі бойынша тасымалдау 85 тұрақты бағдарда жүзеге асырылады, олардың:

50 – қалаішілік;

20 – облысішілік халааралық және қала маңы бағдарлары;

6 – ауданаралық;

3 – Астана, Қостанай, Орал қалаларымен байланысты қамтамасыз ететін облысаралық;

6 – халық қоныстанған облыс бекеттерін Ресей – Орск, Орынбор, Самара, Новотроицк, Қазан, Санкт-Петербург қалаларымен байланысын қамтамасыз ететін халықаралық бағдарлар.

Халық қоныстанған ауылдық елді мекендерді жолаушылар тасымалымен толық қамту үшін жұмыстар жүргізілуде. Облыста 100 адамнан көп 338 тұрғындар қоныстанған бекеттердің 206 тұрғындар бекеті автобус қатынасымен қамтылмаған, ол 61 % құрайды. Облыс орталығына дейін жолдағы орташа уақыт 57-ші кестеде көрсетілген.



57-кесте – Облыс орталығына дейін жолдағы орташа уақыт



Облыс орталығына дейін жолдағы орташа уақыт:

Уақыт (сағат)

1

Алға ауданы

1

2

Әйтеке би ауданы

4,5

3

Байғанин ауданы

5

4

Ырғыз ауданы

6

5

Қарғалы ауданы

3

6

Мартөк ауданы

2,5

7

Мұғалжар ауданы

2

8

Ойыл ауданы

5

9

Темір ауданы

4

10

Қобда ауданы

2

11

Хромтау ауданы

1,5

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысы Әкімдігінің деректері
Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы шеңберінде Ақтөбе облысының 3 аудан орталығында 3 автостанса құрылысын, 7 тұрғындар қоныстанған бекеттерде жолаушыларға қызмет көрсету бекеттерін салу және 51 такси тұрақтарын салу жоспарлануда.

Облыста 1 сапаржай (Ақтөбе қаласында) және 3 автостанса (Ақтөбе, Хромтау және Қандыағаш қалаларында) қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ облыстың сапаржайлары мен автостансаларын бірыңғай белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жергілікті бюджет есебінен қалаішілік бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындары субсидияланады.

Қалалық бағдарлардағы тариф 55 теңгені құрайды.

Теміржол көлігі

Ақтөбе облысындағы темір жол ұзындығы 1514,4 км, республикалық маңызы бар екі жолды темір жолдың ұзақтығы 531,7 км құрайды, 8 темір жол вокзалы қызмет етеді.

Темір жол арқылы Ақтөбе облысы:

- Сексеуіл станциясы бойынша Қызылорда облысына;

- Сағыз станциясы бойынша Атырау облысына;

- Әйтеке би станциясы бойынга Қостанай облысына;

- Жайсаң станциясы бойынша Батыс Қазақстан облысына;

- Никельтау станциясы бойынша РФ Оңтүстік Оралға шығады.

Ақтобе облысы - «Қазхром» ТҰК АҚ, Дөң ТБК, Ақтөбе ферроқорытпалар зауытына, қиыршық тас шығарушы зауыттарға және мұнай өндіруші кәсіпорындарға, олардың ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»АҚ сияқты негізгі кәсіпорындарға қызмет көрсетуші батыс өңірдегі көшбасшылардың бірі.

Жүк операциялар үшін жүктің түрі бойынша әр түрлі жүктерді тиеуді-түсіруді жүзеге асырушы 38 станса ашылған.

Жолдың бөліктеріне тиеу жүктердің көптеген атауларынан қалыптасады, оның ішінде хромды кен, мұнай, қара металл, металл сынықтары, химикаттар, құрылыс жүктері, өндірістік шикізат, бидай, саудалық тауарлар және т.б. қалыптасады.

Ақтөбелік жол бөлігінің шекарасында 6 қиылысу бекеті бар: Жайсаң станциясы , Орск – Жаңа қала, Әйтеке би, Сағыз, Сексеуіл, Тассай, олардың ішіндегі Орск – Жаңа қала мемлекетаралық қиылыс болып табылады және Оңтүстік-Орал темір жолына (Рессей Федерациясы РТЖ), ал Сексеуіл Қызылордалық, Сағыз Атыраулық, Жайсаң Оралдық, Әйтеке би Қостанайлық және Тассай Маңғыстаулық жол бөліктері болып табылады. 96 жекел бекет орналасқан, оның ішінде станса – 54, разъез - 36, бекеттер блогы - 6.



2014 жылға арналған жолаушыларды тасымалдау шығандарын жабу үлесі: облыстық бюджеттен қаржыландыруға бөлінген және игерілген – 260 000 мың теңге (соның ішінде Ақтөбе-Шалқар – 227 959 мың теңге, Жем-Шалқар – 32 041 мың теңге).

Әуе қатынасы

Ақтобе облысында 1 әуежай жұмыс істейді. ҚР ӘПЖН-2003 ж сәйкес. Ақтөбе әуежайы «Б» сыныбына жатады.

Әуе вокзалының жалпы ауданы - 9773,9 ш. м. Әуе вокзалының өткізу қабілеті: 400 жол./сағ., соның ішінде:

- халықаралық әуе авиажелілері – 200 жол./сағ.;

- ішкі әуе авиажелілері – 200 жол./сағ.;

ӘҚ типтері қызмет көрсететін тізбе:

- Ан-24, 26; Як-40; Ту-134; Ту-154 жедел нысандары бойынша.

-Б-727; 737, 747, 757, 767; А-319, 320, 321 сервистік қызмет көрсету бойынша.

Әуежай тұрақты рейстерге, оның ішінде халықаралық (Алматы, Астана, Ақтау, Мәскеу, Анталия) Эйр Астана, Скат, Бек Эйр, ТрансАвиа, РусЛайн әуекомпанияларына қызмет көрсетеді.

2014 ж. 321800 жолаушыға қызмет көрсетілген.

Әуе қатынасы арқылы облысқа келетін тұрғындардың үлесі -19%. 2014 жылы - 963 тонна жүк өңделген.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласысының әуежай қызметінде өткізу қабілетінің жаңа ұшып-қону жолына және қайта құрудан кейінгі әуе вокзалы мүмкіндігінің сәйкес келмеуі; сапасы мен физикалық тозығы жеткен жабдықтар мен перронды техниканың болуы; өндірістік активтерді жаңғырту мен автоматандыру бойынша ірі жобаларды қаржыландыруға арналған жеке қаражаттының жеткіліксіздігі тәрізді бірқатар проблемалар бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет