Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 4.47 Mb.
бет4/23
Дата23.11.2017
өлшемі4.47 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Шағын және орта бизнес, сауда


Облыс экономикасы дамуының басым бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бұдан әрі - ШОК) облыс бойынша 2014 жылы 63 843 бірлікті құрады, ол 2013 жылдың деңгейінен (57 972 бірлік) 10,1 %-ға және 2012 жылдың деңгейінен (52 019 бірлік) 22,7 %-ға жоғары.

Ұйымдастыру-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК субъектілерімен шығарылған өнімнің ең жоғары үлесі заңды тұлғаларға тиесілі (орташа есеппен 2012-2014 жылдары – 83,8 %). ШФҚ ШОК субъектілерімен шығарылған өнімнің жалпы көлемінің орта есеппен 6,5 %-ын, ЖП 9,7 %-ын шығарады.

2012 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 36 168 бірлікті, 2013 жылы 39 328 бірлікті құрады (2012 жылдың деңгейінен 8,7 %-ға жоғары). 2014 жылы белсенді ШОК субъектілерінің саны 2013 жылдың деңгейіне қатысты 4,8 %-ға артты және 41 237 бірлікті құрады. Бұл ретте, белсенді ШОК субъектілерінің саны 2014 жылы 2012 жылдың деңгейіне қатысты 5 096 бірлікке немесе 14,0 %-ға артты.

Жалпы тіркелген субъектілер санында белсенді ШОК субъектілерінің үлесі 2014 жылы 64,6 %-ды құрады, бұл 2013 жылдың деңгейінен 3,2 %-ға және 2012 жылдың деңгейінен 4,9 %-ға аз. Аталған серпін 2014 жылы тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санының артуымен байланысты.

Ұйымдастыру-құқықтық нысан бөлінісінде ШОК құрылымында белсенді субъектілердің ең жоғары үлесі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (орта есеппен 2012-2014 жылдары – 78,6 %). Белсенді ШОК субъектілерінің жалпы санынан ШФҚ орта есеппен 10,9 %-ды, заңды тұлғалар 10,5 %-ды құрайды.

ШОК саласында жұмыс істейтіндер саны 2012 жылы 103 300 адамды құрады. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 113 146 адам жұмыс істеген, ол 2012 жылдың деңгейінен 9,5 %-ға артық. 2014 жылы жұмыс істейтіндер саны 128 456 адамды құрады. Аталған көрсеткіш 2012 жылдың деңгейінен 24,3 %-ға немесе 25 156 адамға және 2013 жылдың деңгейінен 13,5 %-ға немесе 15 310 адамға жоғары.

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы 2013 жылы 396,7 млрд. теңгені құрады, ол 2012 жылдың деңгейінен 1,1 %-ға артық (2012 жылы - 392,4 млрд. теңге). 2014 жылдың нәтижелері бойынша ШОК субъектілерімен шығарылатын өнім көлемі 2013 жылдың деңгейіне қатысты 40,2 %-ға, 2012 жылдың көлеміне қатысты 41,8 %-ға артты және 556,3 млрд. теңгені құрады.

Оперативтік статистикалық деректер бойынша жалпы өңірлік өнімде (бұдан әрі - ЖӨӨ) ШОК үлесі 2014 жылдың нәтижелері бойынша 17 %-ды құрады. Бұл ретте 2012 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-де ШОК үлесі 2,9%-ға (14,1) және 2013 жылмен салыстырғанда ЖӨӨ-де ШОК 3,5%-ға артты. Басқа өңірлермен салыстырғанда 2014 жылы аталған көрсеткіш бойынша облыс республика бойынша 12-позицияға ие болды.


15-кесте – Өңірде ШОК негізгі даму көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны

бірлік

52 019

57 972

63843

Белсенді ШОК субъектілерінің саны

бірлік

36 168

39 328

41 237

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санында белсенді субъектілер үлесі

%

69,5

67,8

69,5

ШОК-та жұмыс істейтіндер саны

адам

103 300

113 146

128 456

ШОК субъектілерінің өнім шығарылымы

млн. теңге

392 403

396 741

556 354

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» (бұдан әрі – БЖК-2020) бағдарламасы іске асырылып жатыр.

БЖК-2020 іске асыру үшін Ақтөбе облысына 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 9,9 млрд. теңге бөлінген.

2012 – 2014 жылдары БЖК-2020 шеңберінде 294 жоба ескерілген, 41 кредит бойынша ішінара кепілдендіру ұсынылған, 17 грант бөлінген (16-кесте).



16-кесте – Құралдар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаржылық қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Субсидиялау

115

83

96

Кепілдендіру

13

7

21

Гранттар

-

12

5

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

40

5

5

2012-2014 жылдары БЖК-2020 бойынша шараларды іске асыру нәтижесінде 9,0 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және 3,1 мыңнан астам қосымша жұмыс орны ашылды.

2011 жылдан бастап БЖК-2020 шеңберінде «Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау» 4-бағыты іске асырылып жатыр (17-кесте).

17-кесте – Құрамдауыштар бөлінісінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде оқып шыққан қатысушылар саны


Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Бизнес кеңесші 1

763

908

909

Бизнес кеңесші 2

-

-

265

Топ-менеджментке оқыту

5

17

15

Іскерлік байланыстар

16

35

38

Жас кәсіпкер мектебі

-

-

60

Аға сеньорлар

-

3

3

«Бизнес кеңесші» құрамдауышы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шеңберінде 2012-2014 жылдары 2 845 кәсіпкер, «Топ-менеджментке оқыту» құрамдауышы шеңберінде 37 ШОК жетекшісі, «Іскерлік байланыстар» құрамдауышы шеңберінде 89 кәсіпкер (оның ішінде, 23 кәсіпкер шетелде тағылымнамадан өтті), «Жас кәсіпкер мектебі» жобасы бойынша 60 адам, «Аға сеньорлар» бағыты бойынша 6 адам оқып шықты.




Сауда

Сауда саласында соңғы жылдары шашыраңқы ұйымдасқан нарықтарды қысқарту, бөлшек сауда желілерін ірілендіру, ірі бөлшек сауда желілері арасындағы бәсекелестіктің өршуі, сондай-ақ, бөлшек сауда желісін жергілікті тауар өндірушілерінің өнімімен қамтамасыз ету секілді маңызды құрылымдық өзгерістер бақылануда.

Арнайы дүкендер, супер- және гипермаркеттер, сауда орталықтарының желісі дамып келеді, бұл тауарлар мен қызметтердің, оның ішінде қоғамдық тамақтану, тұрмыстық және қаржы қызметтерінің едәуір кең сұрыпталымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ, тауарлар мен қызметтер сапасына кепілдік беруге жол ашады.

Облыс бойынша сауда нүктелерінің желісі 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін 5 686 бірлік құраса, сауда алаңдарының саны 495 251 ш. м.құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен (430 252 ш.м.). салыстырғанда 15,1%-ға ұлғайды.

«Анвар», «Дина», «Олжа», «Дастархан», «Сапа-Маркет» сияқты супер және гипермаркеттер, әмбебап дүкендер және «МЕТРО Кэш энд Керри» көтерме сауда орталығы, сондай-ақ ағымдағы жылы наурыз айында енгізілген «CityShopingCenter» сауда кешенінің сауда желілері белсенді дамуда. Бұл желілер облыс халқының 60%-дан артығын қамтиды. Сауда желісінің көтерме дүкендері қалалар мен облыстың барлық сауда нүктелерінің 90%-ға жуығына қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта 2 сауда объектісінің құрылысы жүріп жатыр: 2015 жылдың 3-тоқсанында аяқтау жоспарланып отырған «Анвар» ауданы 8000 ш.м. (азық-түлік тауарлары) гипермаркеті және «Дина» г/м ауданы 16 мың ш.м.(құрылыс материалдары).

2016 жылы ауданы 10 000 ш.м. «Үздік шешім» ЖШС және ауданы 30 000 ш.м. «ҚТЖ» ҰК» АҚ көлік-логистикалық орталықтарын салу жоспарлануда. Сондай-ақ «НұрСити» шағын ауданында «Дина» (5,0 мың ш.м.) және «Батыс» шағын ауданында «Анвар» (1,0 мың ш.м.) супермаркеттері.

2015 жылдың басында облыста 7,1 мың сауда орны бар 45 сауда базары тіркелген, соның ішінде 7 коммуналдық шағын базар мен «Табыс» коммуналдық базарын қоса алғанда Ақтөбе қаласындағы 28 сауда базары.

Нарықтарды бөлу келесі ретпен қалыптасты: нарықтар типтері бойынша жабық (жалпы саннан 44,4%), тауарлық мамандануы бойынша – әмбебап (35,5%), сату түрлері бойынша – бөлшек (95,5%) нарықтар басым.

Базарларды заманауи форматқа көшіру мақсатында нарықтарды жаңарту жүгізілуде. Сонымен 2014 жылы бұрын ашық сөрелерден сауда жасалған 214 сауда орны бар, ауданы 2,8 мың ш.м. сауда алаңы бар 4 қабатты «Алтай» жабық базары қатарға қосылды. Орталық базар аумағында ауданы 5,5 мың ш.м., 600 сауда орны бар «Достық» жаңа ашық павильоны пайдалануға енгізілді. Сондай-ақ «Шығыс» және «Орталық» базарларын жаңарту жүргізілуде.

Облыстың бөлшек сауда айналымы 2014 жыл ішінде 389,7 млрд. теңгені құрады және 2013 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 6,7%-ға өсті.

Тұтыну нарығының соңғы 5 жылдағы бөлшек сауда айналымының динамикасы тұрақты өсу үрдісіне ие (2010ж. – 205,0 млрд.т.; 2011ж. – 244,1 млрд.т.; 2012ж. – 324,8млрд.т.; 2013ж. – 387,3 млрд.т.).

2015 жылдың соңғы 8 айында бөлшек сауда көлемі 266,2 млрд. теңге құрады немесе 2014 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда, 2,7% ұлғайды (Ақтөбе қ. - 253,8 млр.тг., өсім 2,5%). Сонымен бірге сауда кәсіпорындарының және секторларының өлшемділігі бойынша а.ж. 8 айында - 64,3% (171,2 млрд. теңге) шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, 16,1% - ірі, 5,5% - орта кәсіпорындар және 14,1% - нарықтардағы сауда алады.

Азық-түлік тауарлары бөлшек сауданың жалпы көлемінде 45%-ды құрайды, азық-түліктік емес тауарларға 55% тиесілі.



Көтерме сауда айналымы 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 607,8 млрд. теңгені құрады немесе 2013 ж. сәйкесінше кезеңіне 5,6% ұлғайды. Жылдар бойынша тауар айналымынгың көлемдері (2010ж.- 296,9 млрд. т., 2011ж.- 709,5млрд.т., 2012ж.- 558,5 млрд.т., 2013 ж. – 430,3 млрд. т.).

2015 жылдың 8 айы ішінде көтерме сауда көлемі 333,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың сәйкесінше деңгейіне 96,6% құрады.

Азық-түліктік нарыққа реттеуші әсерді және азық-түліктік қамтамасыз ету үшін облыста әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің тауарлық интервенциясын жүргізетін Тұрақтандырушы қоры құрылды. Осы қордың ресурстарын қалыптастыру үшін 2015 жылы «АзияАгроХолдинг» ЖШС компаниясы Ақтөбе қ. «Пригородное» ЖШС-мен 1000 тонна көлемінде картоп, 50 т. сәбіз, 120 т. орамжапырақ, 25 т. қызылша және Жамбыл облысының «Ниет» ШҚ-нан 240 т. пияз сатып алуға фьючерстік шарт жасаты. А.ж. 1 қарашасына дейін көкөніс салу аяқталады. Бүгінде облыстың Тұрақтандырушы қорының қоймасында 3 тамақ өнімінің түрі бар: 106 тонна – қант, 50 тоннадан күріш пен жарма.

Тұрақтандырушы қордың ресурсын толықтыру мақсатында маусымаралық кезеңде тұрақтандырушы қорға азық-түліктік тауарларды салу көлемін ұлғайту бойынша баға комиссиясы жүргізілді, соның ішінде: картоп - 300 тонна, өсімдік майы - 100 тонна, 1 сұрыпты ұн - 500 тоннаға дейін. Қазіргі уақытта әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізілуде және сатып алу бағалары анықталуда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет