Бағдарламасы Ақтөбе, 2015 Мазмұны Өнеркәсіп 11 Агроөнеркәсіптік кешен 18



жүктеу 4.47 Mb.
бет9/23
Дата23.11.2017
өлшемі4.47 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Денсаулық сақтау

Бүгінгі күні облыста халыққа 521 медициналық ұйым халыққа медициналық көмек көрсетеді (32-кесте).


32-кесте – 2014 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау ұйымдарының желісі

Аудандар және қалалар

Ауруханалар және диспансерлер
(мемлекеттік, ведомстволық және жеке)

Амбулаторлық-емханалық ұйымдар
(мемлекеттік, ведомстволық және жеке)

бұдан басқа

Барлығы

басқа медициналық ұйымдар

Алға

1

32

 

33

Әйтеке би

2

27

 

29

Байганин

1

23

 

24

Қарғалы

1

18

 

19

Қобда

1

29

 

30

Мартөк

1

28

 

29

Мұғалжар

4

37

 

41

Ойылс

1

21

 

22

Темір

3

24

 

27

Хромтау

2

25

 

27

Шалқар

2

39

 

41

Ырғыз

1

19

 

20

Ақтөбе .қ қала маңы

0

20

 

20

Ақтөбе қ. өзі

33

117

9

159

Барлығы обл. бойынша

53

459

9

521

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Облыс аудандары мен Ақтөбе қ. қала маңы аймағында 12 ОАА, 1АА, 3 РТБ, 1 АА,, 90 ВА (Ақтөбе қ. тағы 6 ВА), 16 ФАП және 218 МП жұмыс істейді. 2013 жылы медициналық ұйымдарға 673,7 млн. тг. сомасына жаңа жоғары технологиялық жабдық орнатылды (соның ішінде бауырды фибросанирлейтін аппарат, инсульт орталығы үшін компьютерлік томографиялық бірлік, 40 бірлік санитарлық автокөлік және басқалар).

Ақтөбе облысы медициналық ұйымдарының желісі, Облыстық инфекциялық аурухананы, МЕПК және облыстық тері венерологиялық диспансерін, оларда облыстық көпбейінді ауруханасы бар бірлестіктер мен ол бойынша жұмыстар 2016-2017 жылдарға жоспарланып отырған облыстық наркологиялық диспансерін қоспағанда, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 114 қаулысына сәйкес келтірілді.

«100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы Ақтөбе қ. 300 төсек-орындық 1 Облыстық көпбейінді аурухана салынды, барлығы осы жоба бойынша 20,6 млрд. теңге сомасына 5 объекті енгізілді.

«350 дәрігерлік амбулаторий, фельдшер-акушерлік пунктер және емхана» жобасының шеңберінде 2,5 млрд. теңге жалпы сомаға 21 объект тұрғызылды, оның ішінде 50 келуге арналған 9 дәрігерлік амбулаторий салынды: Алға ауданының Үшқұдық а., Әйтеке би ауданының Қарабұтақ а., Байғанин ауданының Жарлы а., Мартөк ауданының Қаратоғай а., Мартөк ауданының Хлебодаровка а., Мұғалжар ауданының Сағашиелі а., Мартөк ауданының Шұбарқұдық а., Қобда ауданының Калиновка а. Және Шалқар ауданының Шілікті а.



Саланы ресурстық қамтамасыз етудің жақсаруы, басқару технологияларын жетілдіру және медициналық көмекті ұйымдастыру халықтың денсаулығы көрсеткіштерінде оң көрініс табады және оң медициналық-демографиялық үрдістерді бекітті (33-кесте).
33-кесте – Облыстың денсаулық сақтауының негізгі көреткіштері

Нысаналы индикаторлар/
тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Өлш. бірл.

Ақтөбе обл.

2012
жыл

2013
жыл

2014
жыл

ҚР бойынша орташа алғанда(2014)

Туылған кезде халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы

жас

70,29

71,1

72,0

71,25

Ана өлімі

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны

0

21,3

5,05

11,5

Жалпы өлім

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны

754,8

694,81

681,4

764,0

Нәресте өлімі (1 жасқа дейін)

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны

13,53

11,39

9,94

9,8

Балалар өлімі (1000 тірі туылғанға 0-ден 5-жасқа дейін)

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны

16,18

13,59

10,26

12,04

Қан айналым жүйесі ауруларымен сырқаттану

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы оқиға саны

1889,0

1840,7

1818,9

2430,2

Қан айналым жүйесі ауруларынан қайтыс болу

100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны

201,88

169,37

157,0

162,45

Онкологиялық аурулармен сырқаттану

100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны

174,1

182,8

163,6

197,7

Онкологиялық аурулардан қайтыс болу

100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны

101,51

102,57

75,68

92,69

Туберкулезбен сырқаттану

100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны

74,1

71,9

68,9

66,4

Туберкулезден қайтыс болу

100 мың халыққа шаққандағы оқиға саны

6,7

4,9

4,4

4,7

АИТВ таралуы (15-49 жас тобындағы инфекциялар) 0,2-0,6% шегінде

%

0,065

0,058

0,041

0,2-0,6

Мәлімет көзі: Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы
Облыста ана өлім-жітімін азайту жөніндегі облыстық штаб, нәресте өлім-жітімін азайту жөніндегі комитет жұмыс істейді. Облыста «Қауіпсіз жүктілік негіздері» және «Балалар сырқаттарын ықпалдастырылған жүргізу» бойынша ДССҰ халықаралық бағдарламасы енгізілген, ол ана және нәресте өлім-жітімінің деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Облыстық перинаталдық орталық пен Облыстық балалар клиникалық ауруханасы базасында үздіксіз оқыту орталықтары жұмыс істейді. Бүгінгі күні Халықаралық технологиялар негізіне акушер гинеколог дәрігерлердің 84%, педиатрлар мен медбикелердің 80%-ы оқытылды. Акушерлік және перинаталды көмекті өңірлендіру жүйесі жұмыс істейді, оған сәйкес жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсететін 3 деңгейлі перзентхана анықталды.

ҚЖА-дан ауыру мен өлім көрсеткіштерінің бірте-бірте төмендеуі, онкологиялық аурулардан ауыру мен өлім көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады

Облыс бойынша жалпы аталған көрсеткіштер бойынша оң ахуал болғанымен, кейбір аудандарда облыстық және орташа республикалық көрсеткіштерге қол жеткізбеу (асып кету) сәттері де бар.

˗ жалпы өлім-жітім, азаю үрдісіне қарамастан, Қарғалы, Мартөк және Хромтау аудандарында тым жоғары болып қала береді (1000 адамға шаққанда 9,48; 9,01 және 8,7).

˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Қарғалы, Байғанин, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбе қаласында нәресте өлім-жітімі жоғары көрсеткіште қалады (1000 тірі туылғандарға шаққанда 28,69; 10,95; 10,71 және 10,93).

˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Ойыл, Мартөк, Байғанин және Алға аудандарында БСК сыртқаттану көрсеткіші жоғары болып қала береді (100 мың адамға шаққанда 3450,2; 2858,0; 2696,1; 2695,0 және 2549,4).

˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Қобды, Хромтау, Қарғалы және Мартөк аудандарында онкологиялық аурулармен сырқаттанушылық жоғары көрсеткіште қала береді (100 мың адамға шаққанда 298,0; 266,6; 251,9; 241,3 және 232,5).

˗ төмендеу үрдісіне қарамастан, Мұғалжар, Әйтекеби, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласында туберкулезбен сырқаттанушылық жоғары көрсеткіште қала береді (100 мың адамға шаққанда 87,7; 76,6; 72,3 және 76,8).

- Мартөк ауданында онкологиялық аурулардан (100 мың халыққа шаққанда 109,8) және Ойыл ауданында туберкулезден (100 мың халыққа шаққанда 10,5) өлім-жітімтің жоғары көрсеткіштері тіркелген.

Соңғы 4 жылда туберкулезден негізгі эпидемиологиялық көреткіштердің азаю үрдісі бар. Халықтың туберкулезбен сырқаттанушылығы 2011 жылғы 76,4-тен 2014 жылы 100 мың адамға шаққанда 68,9-ға дейін төмендеді (23-сурет).

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші облыстық көрсеткіш 68,9 болған кезде Мұғалжарда –87,8 (2013г- 58,4), Әйтекеби – 76,8 (2013г -54,2) және Ырғыз -72,4(2013г -52,9) аудандары мен Ақтөбе қ. – 76,9 (2013г- 87,6) облыстық көрсеткіштен жоғары. Туберкулез эпидемиологиясының ауыр дәрежесін көрсететін маңызды индикаторлардың бірі балалардың сырқаттанушылығы болып табылады. Облыс бойынша балалар арасында сырқаттанушылық көреткішінің тұрақтану үрдісі байқалуда - 2013 жылғы 10-5-пен салыстырғанда 10,5 (ҚР бойынша - 10,2), 21 бала бойынша анықталды; көрсеткіш жоғары: Ырғыз – 41,9, Әйтеке би – 27,2, Мұғалжар – 17,1 аудандары мен Ақтөбе қ. – 13,1.

Эпидемиологиялқ жағдайдың ауырлық дәрежесін ескере отырып, бактерия бөлетін турберкулезбен сырқаттанғандарды оқшауламен, тәулік бойы күзетуді ұйымдастырумен туберкулезге қарсы ұйымдарда инфекциялық бақылау жүйесін құру туберкулез инфекциясы таралуының алдын алудағы басты талаптардың бірі болып табылады.



19-сурет – 100 мың адамға шаққанда турбелкулезбен сырқаттанушылық (өмірінде алғаш рет диагнозы анықталғандар), 2014 жыл

Мәлімет көзі: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті


Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуеті

2014 жылдың соңында облыста барлығы 3702 дәрігер мен 6942 АМҚ жұмыс істеді, бұл 10 мың адамға шаққанда 45,4 және 85,1 көрсеткішін құрады. Оның ішінде, мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2669 дәрігер және 5015 АМҚ жұмыс істейді, бұл 10 мың адамға шаққанда 32,7 және 61,5 көрсеткішін құрайды.

Облыста, штаттарды қоса атқарушылық пен жұмыс істейтін дәрігер-зейнеткерлер есебінен жасырын тапшылықты есепке алмағанда, дәрігер кадрлардың іс жүзіндегі тапшылығы 94 дәрігерді құрады.

Облыстың денсаулық сақтау саласына шығындар:

2012 жылы 29,065 млрд. теңгені, 2013 жылы – 29,209 млрд. теңгені және 2014 жылы – 30,873 млрд. теңгені құрады. Атап айтқанда ТМККК-не арналған шығындар 2012 жылы 22,57 млрд. теңгені, 2013 жылы – 23,94 млрд. теңгені және 2014 жылы – 27,87 млрд. теңгені құрады.

Облыста «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тиісті деңгейде жүзеге асырылуда. Өткен кезеңде мемлекеттік бағдарламаның барлық нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелеріне қол жетізкізілді және 2015 жылы төмендегілерді қоспағанда оларға қол жеткізу күтіліп отыр:

Ақтөбе облысының салауатты өмір салтын облыстық орталығының сауалнама деректеріне сәйкес халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану дәрежесі 87,7% деп жоспарланған кезде, іс жүзінде 2013 жылы 87,8% көрсеткішіне жетті.

Облыстың денсаулық сақтау саласының жиынтық бюджеті 2013 жылы 14,5%-ға өсті және 29,2 млрд. теңгені құрады.

Зиянды әдеттердің зияны туралы және темекі тартатындар, ішімдік ішетіндер мен есірткі қолданатындар санын төмендету бойынша, салауатты өмір салтын және дене шынықтыру, спортпен шұғылдануды насихаттау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Облыс шегінде телемедициналық консультациялар, компьютерлік диагностика және кардиохирургиялық көмектің қолжетімділігі өзінің оң нәтижелерін беруде. Сондай-ақ дәрігер мен медицналық ұйымды еркін таңдау, білікті және жоғары маманданған медициналық көмектің қолжетімділігі, квота бойынша республиканың жетекші клиникаларында емделу мен тексерілудің қолжетімділігі.

Кадрлардың жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды шешу үшін Оспанов атындағы БҚММА студенттерінің санын 2 есеге ұлғайту керек, сонымен қатар ЖПД дайындауға арналған грандтардың да санын ұлғайту қажет. Сонымен қатар гранд бойынша білім алған медициналық ЖОО түлектерін бөліуді, ең алдымен, АМСК объектілері бойынша, міндетті түрде 3 жыл жұмыс істеу бойынша бөлуді ұсынамыз.

Учаскелік дәрігерлердің нормативтік жүктемесін қайта қарауды ұсынамыз. ЖПД жүктемесін 1,0 мөлшерге, адамдар саның 2000-нан 1500-ге төмендету қажет. 1200 адамға қызмет көрсетілетін ірі ФАБ үшін үшінші СМР мөлшерлемесін қарастыру. 500 адамға қызмет көрсетілетін ірі МБ үшін екінші СМР мөлшерлемесін қарастыру.

ЖАО шешімдері негізінде (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы №114 Қаулысы) жұмыс істейтін тіркелген тұрғындар саны 2000 адам болатын кішігірім ВА үшін 6-8 кабинеттен тұратын типтік МБ құрылысын салу қажет.

Тіркелген тұрғындар саны 2000-4000 адам болатын кішігірім ВА үшін 12 кабинетен тұратын типтік ВА ғимаратының құрылысымен шектелу. Тек қана тіркелген тұрғындар саны 4000 адам болатын ірі ВА үшін 16 және одан да көп кабинеттен тұратын типтік ВА салу қажет

Облыста салынған, күрделі жөндеуден өткен медициналық объектілердің есебін ескере отырып, медициналық объектілердің құрылысына бірнеше медициналық объектілер мұқтаж. Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, облыста 18 ВА құрылысқа мұқтаж (с.і. 5 ғимарат ВА, 4 ірі МБ ғимараты және 9 кішігірім МБ ғимараттары), 5 ФАП (с.і. 1 ірі МБ ғимараты және 4 кішігірім МБ ғимараты) және МБ үшін шамамен 50 кішігірім типтік ғимараттар.

Sanigest консалтингтік компаниясы Қазақстанда жүргізген зерттеулер бойынша Атөбе облысында 2018-2023 жылдары 4 аудан аралық емхананың құрылысын салу; әрбірі 200 кереуеттен Хромтау, Қандыағаш және Шұбарқұдық қалалары мен 300 кереует Ақтөбе қасындағы АМСК үшін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет