Бағдарламасы Қазақ даласы Ұлы дала, Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы



жүктеу 102.34 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі102.34 Kb.
түріБағдарламасы

Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы

Әлихан Бөкейхан атындағы

№76 «ЖББОМ» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды қаласы
Сауық бағдарламасы

Қазақ даласы – Ұлы дала, Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мақсаты: оқушылардың Алаш идеясы – «Мәңгілік Ел» құндылықтарын, дүниетанымын, туған өлкеге деген мақтаныш сезімдерін тереңдету, жеріне, еліне деген шексіз патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру негізінде, туған өлке туралы ой-толғанысын шығармашылықпен ұштастыруға баулу; өздерін болашақтың иегерлері екендігін сезіндіре отырып, жауапкершілікке, белсенділікке, сыйластыққа, рухани құндылықтардың негізін қалауға тәрбиелеу.

Бағдарлама 6 айналымнан тұрады:

І айналым: Ел тарихы

ІІ айналым: Қазақ тілі – ана тілім – өз тілім

ІІІ айналым: Ел тарихында болған адамдар

ІV айналым: Ел өміріне байланысты сұрақтар.

V айналым: Қанатты сөздер. Салт-дәстүрлер.

VІ айналым: Біз – еліміздің ертеңіміз

Ойынға қатысушыларға қойылатын талап:

1.Ойынға 4-сынып оқушылары қатысады. Ойын 6 айналымнан тұрады. Әр сыныптан 8 оқушы іріктеліп алынады;

2. Топ басшысы тағайындалады. Ойын шарты әр бөлім сайын түсіндіріліп отырылады. Әр оқушы сұрақтарға нақты, дұрыс жауап беру керек.

3. Әділ қазылар әр бөлімді қорытындылап, ұпай сандарын шығарып отырады.



Көрнекілік: Нақыл сөздер:

1.«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден ерек». Абай;

2. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса..., білім де сондай керек» А.Байтұрсынов. Қоңырау, слайдтар, көрнекті құралдар; күрсі, ер т.б.

Ойын барысы: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар, оқушылар! Биылғы жыл дүбірлі дауыл жыршысындай әртүрлі мерейтойлардың тоғысқан жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығы, дүбірлі дәуір жаршысы – Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы, Тәуелсіздігіміздің - 25 жылдығы, ассамблеяға 20 жыл толады. Сонымен қатар, дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурызда келіп жетті.

Күлімдеген шуақты көктемім, қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл да келіп жетті. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!! Ұлыс оң болсын!! Бәле-жала жерге енсін!! Ақ мол болсын, ел тоқ болсын!!! деп, осы Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында мектебіміздің 4 сынып оқушыларымен ұйымдастырылып отырған «Елім менің» патриоттық интеллектуалды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан, Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем, - деп жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев сөзімен бастамақпын. Ендеше, ойынға қатысатын оқушылар өздерін таныстырып, әр топ өздерінің ұрандарын айтады .

1 топтың ұраны: Астана:

Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз!

2-топтың ұраны: Есіл:

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

І айналым: Ел тарихы. Бұл асуда қарама-қарсы тұрған ойыншылар жекпе-жекке шығып, өздерінің кім жылдам екенін көрсетеді. Ойыншыларға ел тарихында орын алған адамдар туралы немесе кинофльмдерден бейне көрініс көрсетіліп, 4 сұрақ қойылады. Әр айналымның ұпай сандары ойын аяқталған соң бір-ақ айтылады. Дұрыс жауап бермеген топқа әр айналымның соңында Ән жұмбақ ойналып, 2 ұпай қосылып отырылады.

Астана тобына: 1. Астана суретін көрсету. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен бұл қалаға қандай атақ берілді деп ойлайсыңдар? «Бейбітшілік қаласы атағын берді».

2. «Жау жүрек мың бала» тарихи кинофильміндегі басты кейіпкерді сомдаған кім? Сартай – Асылхан Төлепов.

Есіл тобына

1. «Балалық шағымның аспаны» кинофильмі кім туралы?

2. Қазақтан шыққан ғұлама ғалым, 150 жылдық мерей тойы тойланатын Алаш көсемі, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, ұлы тұлға кім деп ойлайсыңдар?

Айналым соңында ұпай саны айтылады да, ұпай саны аз топқа ән жұмбақ ойналады (ән жұмбақты дұрыс шешсе 2 ұпай қосылады)



«Наурыз айы туғанда» әні

ІІ айналым: Қазақ тілі-ана тілім-өз тілім (екі бөлімнен тұрады). Оқушылар қазақ тіліндегі сөздердің дұрыс жазылу емлесін табу керек. Яғни, ойыншыларға сөз беріледі. Әр топ мүшелері берілген сөздерді жеке-жеке әріптерге бөліп айту керек. Дұрыс айтылған сөздер интерактивті тақтада көрсетіліп, тексеріледі.

  • 1)бөлім: Астана тобына: І топқа кемеңгер, құдірет, биязы, қанағат.

Есіл тобына ІІ топқа ғибрат, жаңбыр, төзім, дәулет.

  • 2 бөлім: Сөздегі ауыспалы мағыналы сөздердің дұрыс баламасын айту (интерактивті тақтадан сөздер көрсетіледі) топ болып шешеді.

  • 1 – төбесі көкке жету – қуану, шаттану;

  • 2 – қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман – бейбітшілік заманы;

  • 3 – төбе шашы тік тұрды – қорықты, шошынды ;

  • 1 – көзді ашып жұмғанша – тез, жылдам ;

  • 2 – мұрнын көкке шүйірді – менсінбеді;

  • 3 – қой аузынан шөп алмас – жуас, момын;

Осы жерде ұпай саны айтылады да,ұпай саны аз топқа Ән жұмбақ ойналады.

(ән жұмбақты дұрыс шешсе 2 ұпай қосылады). «Алға, қазақтың жігіттері» әні



ІІІ айналым: Ел тарихында болған адамдар. Бұл айналымда ел тарихында өзінің өшпес ізін қалдырған адамдар туралы 15 сұрақ беріледі. Оны топ басшысы 1,5 минуттың ішінде жылдам оқып, ойыншылар жауабын жылдам шешіп отырады. Шеше алмаған сұрақтар әрі қарай оқылады. Топ басшысы сұрақтың қаншасын оқыса, сонша ұпай беріледі. Әр топқа сұрақтар кезекпен қойылады.

І топқа

  1. Қазақтың үш биін ата. [Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би]

  2. Қазақстан Республикасының әнұранының авторлары кім? [Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімединов, Шәмші Қалдаяқов]

  3. Ұлы Абайдың шын аты [Ибраһим]

  4. Торғай даласында алғаш қоңырау соққан ұлы ұстаз кім? [Ы.Алтынсарин]

  5. Қазақ халқының ұлы ғалымы [Шоқан Уалиханов]

  6. Қазақстанның атақты сүретшісі [Әбілхан Костеев]

  7. Елтаңбаның авторлары кім? [Ш.Уалиханов, Ж. Мәлібеков]

  8. Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан кім? [Тоқтар Әубакіров]

  9. Қазақстанда неше облыс бар? [14]

  10. Ұзынсары деген не?[наурыздың ұзақ,сары күні]

  11. Қазақтың ұлттық аспабы?[домбыра]

  12. Мен қарттарды сүйемін деп жырлаған ақын кім? [М.Мақатаев]

  13. Ертеден келе жатқан ұлттық сазды аспапты ата.[қобыз]

  14. Ел қаһарманы,Ұлы Отан соғысының батыры [Б ауыржан Момышұлы]

  15. Апорт алмасының отаны [Алматы]

ІІ топқа

1. Еттен ішекке тығып жасалатын тағам [шұжық]

2. Шахтада жұмыс істейтін адамдарды кім дейді?

3. Ұлы Отан Соғысына қатысқан батыр қазақ қыздары. [Әлия, Мәншүк]

4. Қарлығаш би атанған ұлы тұлға [Төле би]

5. 46 сөзден тұратын Абайдың нақыл сөздері не деп аталады? [қара сөз]

6. Тудың авторы кім? [Шәкен Ниязбеков]

7. Маңғыстауда өндірілетін «қара алтын» ол не?[мұнай.]

8. Үш жүздің басын қосқан Абылай ханның шын аты [Әбілмансұр]

9. Наурыз көжеге нелер қосылады?7 саннан тұрады[бидай,тары,сүр ет,құрт,тұз,сүт,қамыр]

10. Әлемнің 3 дүркін чемпионы алған штангист жерлесіміз [Илья Ильин Қызылорда қ

11. Күнге тіке қарап ұша алатын құс [бүркіт]

12. Қазақстанның тұңғыш президенті [Нұрсұлтан Назарбаев]

13. Бейбітшілік құсы [көгершін]

14.Отан неден басталады? [отбасынан]

15. Наурыз қандай мейрам? [Наурыз – жаңа күн, жыл басы, жаңа жылдың бірінші күні]

Осы жерде ұпай саны айтылады да, ұпай саны аз топқа Ән жұмбақ ойналады (ән жұмбақты дұрыс шешсе 2 ұпай қосылады).

«Көк тудың желбірегені» әні

ІV айналым: Ел өміріне байланысты сұрақтар. Бұл айналым 2 бөлімнен тұрады.

1- бөлімі . Қазақстан картасы көрсетіледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

1топқа:

1. Картада Қазақстанның қай қаласы көрсетілген және ол туралы не білесіңдер? Астана

2. Картада көрсетілген әлемге әйгілі Байқоңыр – ғарыш аймағы қай жерде орналасқан? Қызылордада

1І топқа .

1. 80 жылдығын тойлаған шахтерлар қаласы? Ол туралы не білесіңдер?

2. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны бар қала? Ол туралы не білесіңдер?

2-бөлімі:

1-топқа: көрнекті құралдар өздері бізге келе жатыр. Осы үш заттың ішінен құранды ерді тауып беріңіздер.

[ұршық, ер, келі, қамшы] және осы заттарды атаңыздар

Құранды ер 18-20 бірнеше бөліктен жасалады екен. Ол терек, тал сияқты жұмсақ әрі мықты ағаштардан құралады .

2-топқа: [cандық, күрсі, шоқпар, киіз үй] Осы 3 заттың ішінен кітап қоятын затты табыңыз және осы заттарды атаңыздар.

Кітап қойғыш затты ертеде күрсі деп аталған екен.

V айналым: Шешендік сөздер мен қанатты сөздер. Салт-дәстүрлер.

2 бөлімнен тұрады. Қанатты сөздер жасырылады. Слайдта көрсетілген шешендік сөздердің авторларын табу керек.

І топқа: 1.Уа, халқым, сөз қадірін білесің:

Жаңбыр жаумаса – жер жетім,

Басшысы болмаса – ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім ... шешендік сөзді айтқан кім?



2 «.... – Мен Момыштың ұлымын.

-- Момыш кімнің баласы?

--Момыш –Имаштың баласы. Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санататын. Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген...». Бұл қанатты сөздерді кім айтты? Бауыржан Момышұлы.

Жеті атасын білген ұл

Жеті жұрттың қамын жер.

ІІ топқа: 1. .... Олар шалға жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Бір күні әкесі ағаш жонып отырған баласын көріп: «Шырағым, не ғып жатырсың?» - дейді. Сонда баласы: «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам құсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін» - дейді. Осы әңгімеден нені ұғынуға болады? Кімнің әңгімесі? «Атасы мен немересі» Спандияр Көбеев. Не түйіндеуге болады?

/Кім үлкенді тыңдаса,Кім үлкенді сыйласа,Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де./ С. Мәуленов.

2...Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын – анаң қымбат,

Мейірімді – апаң қымбат,

Кіндік кескен жерің қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат. Шешендік сөзді кім айтты?



2бөлім: Салт-дәстүрге байланысты көріністер көрсетіледі

  • Астана тобына 1Бесік жырының мәні неде? Тыныш ұйықтау, ананың балаға деген махаббаты, болашақ өміріне деген арман-үміттен туған. Қазақта туған жерді алтын бесікке теңеуден шыққан.

  • Есіл тобына 2. Тұсау кесудің мағынасы неде? Бала қаз тұрып, өмірден сүрінбей өту (шекпен-тоқ, мал-жанды болсын; көк шөппен – жүрген жері шөпті молшылықта өмір сүру; ала жіппен – біреудің ала жібін аттаамасын, жамандықтан, ұрлық-қарлықтан аман болсын деген ниетпен осы заттармен кескен екен)

Осы жерде ұпай саны айтылады да, ұпай саны аз топқа Ән жұмбақ ойналады.

(ән жұмбақты дұрыс шешсе 2 ұпай қосылады). «Атамекен» әні



VІ айналым: Біз – еліміздің ертеңіміз

Бұл айналым осы патриоттық ойынымыздың тобықтай түйіні болмақ. Соңғы айналымда ел өміріне байланысты қызықты 4 сұрақ қойылады, ал сіздер сенемін, не сенбеймін дей отырып, сұраққа толық жауап бересіздер. Әр топ мүшелеріне жеке қойылғанымен топ басшысы көмек беруге болады.

І топқа

1. «Астана –Бәйтерек» монументінің биіктігі 97 метр екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? /Сенемін. Өйткені, 97 саны – елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген жылын білдіреді/.

2. Біздің елімізде 120-дан астам ұлт өкілдерінің тұратынына сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенемін, өйткені, Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – Мәңгілік Ел мекені. Біздің елімізде 130 ұлттың өкілдері тұрады.

3.Алматы қаласында Республика алаңында ұшар басында Алтын адам бейнеленген монумент бар екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенемін, ол – Тәуелсіздік монументі 1996 жылы 16 желтоқсанда ашылды.

4.Әлемдегі ең ұзын жаяу көпір Қазақстанда екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенемін Атырауда Орал өзені арқылы өтеді екен. 551м. Бір мезетте 100 мың адамды көтереді.

ІІ топқа

1. Қазақстан жері 2 млн 724 мың шаршы км екеніне сенесің бе, сенбейсің бе? Сенемін, Қазақстан жері – ұлаң байтақ кең. Әлемде жер көлемі жағынан 9 орында.

2. Қазақстан алтын қоры бойынша 10 орында екеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенбеймін, өйткені біздің еліміздің жер байлығы өте зор. Алтын қоры жағынан 6 орындамыз.

3. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімімен бұл арман қалаға «Бейбітшілік қаласы» атағын бергеніне сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенемін. Бүкіл әлем көз тіккен, біздің елордамыз Астана күн санап өсуде.

4. «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Гимні ретінде 2006 жылы 11 қаңтарда орындалғанына сенесіз бе, сенбейсіз бе? Сенемін, өйткені «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Гимні ретінде тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімінде орындалған. Сонымен қатар, 2013 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш ел Президентінің күні деп аталғанын білеміз.

Міне, осымен «Елім менің» патриоттық интеллектуалды ойын-сауық бағдарламасы өз мәресіне жетті. Бұл кеште оқушылар өздерінің туған өлке туралы ой-толғанысын, шексіз патриоттық сүйіспеншілігін көрсете білді деп ойлаймын. Алаш зиялылырының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты болғанын атап айтқан абзал...» - деп көрсеткен болатын.



Ендеше, Бұлт сейілді... Аспан ашылды... Анық Әлихантану енді басталмақ... Қазақ даласы – Ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. Алаш идеясы «Мәңгілік Ел» құндылықтарының негізі... Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлағатты сөзімен аяқтай отырып, оқушыларға білімнің алтын қайнары кітап сыйлаймыз. «Әнұранмен » аяқтаймыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет