Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»



жүктеу 28.98 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі28.98 Kb.
түріБағдарламасы

«Балапан» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпарат
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасын дамыту Стратегиялық жоспарына сәйкес әзірленіп отыр.

«Балапан» бағдарламасының мақсаты:

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсетуде халықттың қажеттілігін қанағаттандыру.

Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін ауданда мына міндеттер шешіліп жатыр:

- ауданда және халықтың білім алу қажеттіліктерінде демографиялық жағдайды ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдарда вариативтік желісін көбейту;

- мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылық мәселесін шешу үшін қажетті қаржылық экономикалық жағдайлар құрылып жатыр;

- мектепке дейінгі ұйымдарды толық қамтамасыз ету жүзеге асырылып жатыр.

Шемонаиха ауданының мектепке дейінгі білім беру жүйесі үш балабақшамен, бес мектеп-балабақша кешенімен, жиырма топты шағын орталықтарымен ұсынылып отыр:

- Шемонаиха қаласында – Қазыналық Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорын түріндегі 2 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді: «Аленушка», және қазақ тілінде білім беретін, 554 баланы қамтумен «Ақбота» балабақшасы.

- Усть-Таловка кентінде – 1 «Дошкольник» жеке мекемесі – 330 бала.

- бес мектеп-балабақша кешендері: Камышинка, Сугатовка, Выдриха, Первомайка, Октябрь; 225 орынға, онда – 347 бала.

- жиырма топты мектепке дейінгі шағын орталықтар – 340 орын, онда 664 бала бар.

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқумен қамтамасыз ету жөнінде 3 жастан 5 жасқа дейінгі 167 баланы қамтумен шағын орталықта 7 топ ашылды. 31163,0 мың теңге сомада трансферттер игерілді.

2011 жылы 227 баланы қамтумен 8 топ ашылды. 28 млн 191 мың теңге сомада «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін трансферттер бөлініп, игерілді.

2012 жылы 2010-2011 жылы ашылған топтарды ағымдағы ұстауға «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін 40 млн 186 мың теңге бөлініп, игерілді.

2013 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша қаржыландыру 46 млн. 321,0 мың теңге құрайды.

2013 жылғы маусым айынан бастап Зевакино жалпы білім беретін орта мектебінде балабақшаның 2 тобы үшін қайта құру жасалды.

Жыл ағымында жеке кәсіпкер Д.З. Байжуманов Шемонаиха қаласында 40 орынға арналған Теміржолшылар кентінде бұрынғы балабақшаның үлгілі ғимаратын қайта қалпына келтіру жөнінде жұмыс жасады.

Осы мекемелердің топтарын жинақтастыру, оқу-материалдық базасының жағдайы нормативтік талаптарға сәйкес. Объектілерді қабылдау актісінің жоқ болуына байланысты мекемелер оқу тәрбиелеу үдерісі үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды қабылдай алмайды.

Шемонаиха қаласында 280 орынға арналған балабақша құрылысы басталды.



3 жастан 6 жасқа дейін мектепке дейінгі біліммен қамту «Балапан» бағдарламасы бойынша 100% құрайды.

Шемонаиха ауданы

білім беру бөлімінің басшысы Ш.ЖАбаева

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет