Бағдарламасы Бағдарлама мақсаты: жұмыспен қамту деңгейін көтеру, әл-ауқатты арттыруға ықпал ету, жұмыссыздықты қысқарту



жүктеу 61.36 Kb.
Дата07.09.2018
өлшемі61.36 Kb.
түріБағдарламасы

МАЛ САУЫҚТЫРУ

"Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бойынша шағын несиелеу бағдарламасы

 

Бағдарлама мақсаты: жұмыспен қамту деңгейін көтеру, әл-ауқатты арттыруға ықпал ету, жұмыссыздықты қысқарту.

 

Бағдарламаның бағытталуы: даму әлеуеті орта және жоғары  ауылдарды, олардың әкімшілік бағынуына қарамастан, қалалық елдімекендерде, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағыну аумақтардағы поселкілерде кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатында несиелеу, өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы, сонымен қатар  ауылшаруашылық өнімді дайындау және сату пункттерімен қосқанд жеке қосалқы шаруашылық негізінде шағын тауарлық өндірістерді ұйымдастыру арқылы.

Мақсатты топ:  жұмыссыз, жартылай жұмыспен қамтылғандар, аз қамтылғандар, өз өзін жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ, оралмандар мен көшіп келгендер және қатысуы бағдарламамен басымды деп бекітілген басқа да Қазақстан Республикасының азаматтары.

Бағдарламаға басымдықтық қатысуына келесілердің құқығы бар:


  1. орта мектеп 9,  11 сыныптарының түлектері, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі 3 жылдың ішіндегі жастарды қоса алғанда, 29 жасқа дейінгі жастар;

  2. 18-29 жас арасындағы балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар, ата-анасының қорғауынсыз қалған балалар;

  3. денсаулығының жағдайы бойынша еңбекпен айналысуға шектеуі жоқ мүгедектер;

  4. ауылды жерлерде тұратын әйелдер;

  5. зейнеткерлік жасқа толмаған 50 жастан асқан азаматтар;

  6. жалпы бекітілген жасқа дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер;

  7. бұрын ауыр жұмыстарда, зиянды (өте) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайда жұмыс жасаған және мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғалар;

  8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштер қатарынан шыққан азаматтар;

  9. бостандықтан айыру және (немесе) еріксіз емдеу орындарынан босатылған азаматтар;

  10. жұмыс беруші - заңды тұлғаның жабылуына, жұмыс беруші - жеке тұлғаның жұмысы тоқталуына немесе жұмыскерлер штатының қысқаруына байланысты бос қалған азаматтар.

Мақсатты бағытталу:

Әкімшілік бағынуына қарамастан дамуының орта және жоғары әлеуеті бар ауылдарда, шағын қалаларда, қалалық әкімшілік бағынуындағы аймақтардағы поселкелерде кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру мақсатындағы өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту арқылы, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімді дайындау және сату пункттерімен кешенде алғанда жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде шағын тауарлы өндірістерді ұйымдастыру жолымен несиелеу.

Кәсіпкерлік бастаманы мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру үшін басымды елдімекендер - тірек ауылдық елдімекендер болып табылады.

500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі шағын несиелер өз ісін ұйымдастыруға беріледі.

500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейінгі шағын несиелер үшін басымды бағыттар - құс, ұсақ мүйізді малды сатып алу, халықтық қол өнерін дамыту, орны тез толатын қызметтерді көрсету болып табылады.

Бір қарыз алушыға максималды қарыз/несиелік жүйе сомасы: 


  1. 3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін - өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге;

  2. 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін - ҚР Үкіметі бекіткен аймақтарға келген және оралмандар мен көшіп келгендерді қабылдау аймақтық квотаға енгізілген оралмандармен көшіп келгендер;

  3. 6 000 000 (алты миллион) теңгеге дейін - жеке қосалқы шаруашылық негізінде шағын тауарлы өндірісті ұйымдастыру (6 млн. теңгеге дейін шағын несиелерді бері пилоттық тәртіпте 2016 жылы енгіізіледі);

  4. 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін - шағын несиелерді (500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары) мерзімнен бұрын қайтарған бағларламаға қатысушыларға, олардың өз ісін кеңейтуге шағын несие алу үшін екінші рет шағымданғанда;

  5. айналымдық капиталды толықтыруға қарыз/ несиелік жүйе сомасының 15% жоғары емес (өсімдік шаруашылық пен мал бордақылау ауылшаруашылық бағыттарын қоспағанда).

Қаржылық құрал: қарыз, жаңартылмайтын несиелік жүйе.

Сыйақы үстемесі:

  1. 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - жылына 4,8%, тиімді сыйақы үстемесі - жылына 5% аспайды;

  2. 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары: жылдық 6%, жылдық тиімді сыйақы үстемесі - 6,7% аспайды.

Максималды жылдық тиімді сыйақы үстемесі Аймақтық комиссиямен келісіледі.

Несиелеу мерзімі:

  1. 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - 36 (отыз алты) айдан аспайды;

  2. 500 (бес жүз мың) теңгеден жоғары:

2.1) сүтті және етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, өсіру мен одан төл алу және өнім алу мақсатындағы жылқы шаруашылығы ауылшаруашылық бағыттарына - 54 (елу төрт) айдан аспайды;

2.2) мал бордақылау ауылшаруашылық бағытына - 48 (қырық сегіз) айдан аспайды;

2.3) асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді сатып алуға - 24 (жиырма сегіз) айдан аспайды;

2.4) өсімдік шаруашылық ауылшаруашылық бағытына - 36 (отыз алты) айдан аспайды;

2.5) басқа бағыттарға - 54 (елу төрт) айдан аспайды.

Негізгі қарызды өтеу мерзімділігі:

- ай сайын/ тоқсан сайын/ жартыжылдықта бір рет/ жылына бір рет, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық мерзімнен бұрын қайтару мүмкіндігімен;

- мал бордақылау ауылшаруашылық бағыты үшін - жарты жылда 1 (бір) реттен көп емес, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық мерзімнен бұрын қайтару мүмкіндігімен.

Сыйақыны өтеу мерзімділігі:

- ай сайын/ тоқсан сайын/ жартыжылдықта бір рет, несиелеу мерзімі бойынша нақты пайдаланған мерзім үшін есептелген сыйақыны қайтару мүмкіндігімен;

- мал бордақылау ауылшаруашылық бағыты үшін - жарты жылда 1 (бір) реттен көп емес, несиелеу мерзімі бойынша жартылай/толық мерзімнен бұрын қайтару мүмкіндігімен.

Негізгі қарызды өтеудің жеңілдетілген мерзімі:


  1. 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - 6 (алты) айдан аспайды;

  2. 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары:

- несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігінен аспайды;

- мал бордақылау ауылшаруашылық бағыты үшін - 6 (алты) айдан аспайды;

- өсімдік шаруашылық ауалшаруашылық бағыты үшін - 12 (он екі) айдан аспайды. 

Сыйақыны өтеудің жеңілдетілген мерзімі:


  1. 500 000 (бес жүз мың) теңгеге дейін (қоса алғанда) - 3 (үш) айдан аспайды;

  2. 500 000 (бес жүз мың) теңгеден жоғары:

- 6 (алты) айдан аспайды;

- өсімдік шаруашылық ауылшаруашылық бағыты үшін - 12 (он екі) айдан аспайды.

Өтеу әдісі: аннуитеттік (тепе-тең төлемдермен өтеу)/ диффенцияланған (негізгі борышты тепе-тең үлестермен өтеу)/ жылжымалы кесте бойынша.

Қамтамасыз ету: Қоғамның кепілдік саясаты бойынша.

Қарызды беру тәртібі: ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №221 бұйрығымен бекітілген "Кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және жұмыспен қамтудың белсенді шараларға қатысатын азаматтарға қаржыландыру ережелеріне" сәйкес.

Әлеуетті қарыз алушыға қойылатын талаптар:



  1. cалық және басқа да міндетті бюджеттік төлемдері бойынша кешіктірілген борышкерлігінің болмауы;

  2. cоңғы есеп мерзімінде екінші деңгейлі банк (ЕДБ) және басқа да қаржы институттарының алдында кешіктірілген борышкерлігінің болмауы;

  3. несиелеуге мүмкін несиелік тарихы (егер тарихы болса);

  4. қарыздың мақсатты жұмсалуын тексеруге қажетті және жеткілікті құжаттарды Қоғамға тапсыру;

  5. іске қосылған бизнесті кеңейтетін, бұрын кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткен, үш жылдан аспайтын мерзім бұрын кәсіпкерлік негіздерін оқыту курстарын өтуді дәлелдейтін құжжаттары бар азаматтардан басқаларының оқудан өту;

  6. бағдарламаға қатысушы қарызды толық өтеуге дейін қарыз берілген қызметпен айналысуы міндетті.

Қарыз алушыға, жоба мен оның мақсатты бағытталуына қосымша талаптар қойылады.

Жоба бойынша шектеулер: алынған шағын несие тұтыну мақсатында қолдануға, алдыңғы қарыздарын өтеуге, тұрғын үй сатып алуға, сауда-саттық саласындағы қызметке жұмсауға рұқсат етілмейді.

 
Каталог: upload -> pages files
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет